Альфа теңіз кен орнының мұнай және газдың сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 107 бет
Таңдаулыға:   

АНДАТПА

Альфа теңіз кен орны бойынша бұл дипломдық жоба 5 бөлімнен тұрады:

геологиялық, техника-технологиялық, экономикалық, еңбек және қоршаған табиғи ортаны қорғау.

Геологиялық бөлімінде Альфа теңіз кен орны туралы жалпы мағлұматтар кіреді, олар: оның стратиграфиясы, тектоникасы, мұнайгаздылығы, сулылығы, өнімді қабаттарының қасиеттері және қабат қалыңдығының сипаттамасы.

Техника-технологилық бөлім кен орнының игеру тарихы мен қазіргі жағдайдағы газ бен сұйықтарды өндірудің қозғалысы және арнайы бір фонтанды ұңғыға есептеу жолдары көрсетілген.

Экономикалық бөлімінде мұнай-газ өндіру басқармасының ұйымдастыру құрылымы, қызметкерлер жалақысы қарастырылып, жобаның экономикалық тиімділігі есептелген.

Еңбек қорғау бөлімінде өндірістік қауіпті және зиянды факторлары талданып, фонтанды ұңғыны пайдалануда еңбек қауіпсіздігі мен қорғаныс және санитарлы-гигиеналық шаралары қарастырылған.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау бөлімі атмосфераны, литосфераны, гидросфераны ластану көзі ретінде қарастырып технологилық үрдістеріне талдау жүргізілген.

АННОТАЦИЯ

Данный дипломный проект по местораждению Альфа теңіз состаит из 5 разделов: геологическая, технико-технологическая, экономическая, охрана труда и окружающей природной среды.

Геологическую часть входят общие сведения о местораждении Альфа теңіз его стратиграфия, тектоника, нефтегазоносность, водоносность, характеристика толщин и коллекторских своиств продуктивных пластов.

Технико-технологическая часть рассматривает историю разработки месторождения и текущего состояния добычи газа и жидкости, методы расчета специально одной фонтанной скважины.

Экономическая часть показывает организационную структуру НГДУ и заработную плату рабочих, расчет экономической эффективности проекта.

В разделе охрана труда рассмотрены анализы факторов опасных и вредных веществ промышленности, мероприятия по обеспечению и охране безопасности труда при эксплуатации фонтанных скважин и санитарно-гигиенические мероприятия.

В разделе охраны окружающей природной среды проведен анализ технологических процессов, рассмотрев как источников загрезнения атмосферу, литосферу, гидросферу.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ3

1. 1 Кен орын туралы жалпы мағлұмат3

1. 2 Кен орынның игерілуі мен геологиялық зерттелу тарихы4

1. 3 Литологиялық-стратиграфиялық сипаттама6

1. 4 Тектоника11

1. 5 Мұнайгаздылығы12

1. 6 Сулылығы23

2 ТЕХНИКАЛЫҚ - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ26

2. 1 Альфа теңіз кен орнын игерудің қысқаша тарихы мен қазіргі жағдайы. 26

2. 1. 6 Ұңғыны пайдалану көрсеткіштері31

2. 1. 7 Альфа теңіз кен орынын игеру барысынан туындайтын тұжырымдар. 32

2. 2 Фонтанды ұңғыларды жөндеу. 33

2. 3 Фонтанды ұңғыларды пайдалану. 35

2. 4 Фонтанды ұңғыларды игеру. 35

2. 4. 1 Фонтанды үңғының жер асты және жер үсті қондырғылары. 37

2. 4. 2 Жер асты және жер үсті қондырғыларын тоттанып-тозуымен күресу. Күресу тиімділігі. 42

2. 4. 3 Фонтанды ұңғыларда парафин түзілуімен күресу. Күрес тиімділігі43

2. 5 Фонтанды ұңғыларды зерттеу44

2. 6 Кен орнындағы зерттеу жұмыстарының жағдайы45

2. 7 Фонтанды ұңғыларды зерттеу әдістері мен технологиялары. Зерттеу кезінде қолданылатын қондырғылар мен саймандар45

2. 8 Фонтанды ұңғыларды зерттеу мәліметтерін өңдеу. Өнделген мәліметтерді пайдалану. 47

2. 9 №2243 Типтік ұңғысына фонтанды көтергішті таңдау48

2. 9. 1 Жаңажол кен орнының №2243 ұңғысын (фонтанды) есептеу48

2. 9. 2 Фонтанды ұңғы пайдаланудың нақты жолын жобамен салыстыру60

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ85

3. 1 "Октябрьск мұнай" мұнай-газ өндіру басқармасының ұйымдастыру құрылымы85

3. 2 "Октябрьск мұнай" мұнай-газ өндіру басқармасындағы еңбек ақы және еңбекті ұйымдастырудың жағдай-күйі87

3. 2. 1 Мұнай газ өндіру басқармасының қызметкерлерінің жол ақысының жағдайы88

3. 3 Техника-экономикалық көрсеткіштердің талдауы91

3. 4 Күрделі қаржыны есептеу93

3. 5 Жылдық өндіруге кеткен шығындар:94

3. 5. 1 Энергияға кететін шығын95

3. 5. 2 Жер асты жөндеуге кеткен шығын95

3. 5. 3 Амортизациялық төлемдер95

3. 5. 4 Еңбек ақы қоры шығындары95

3. 5. 5 Еңбек ақы қоры төлемдері96

3. 6 Мұнайдың өзіндік құнын есептеу96

3. 7 Экономикалық тиімділік96

4. Еңбек қорғау99

4. 1 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау99

4. 2 Қорғаныс шаралары100

4. 2. 1 Қауіпсіздіктің жалпы шаралары100

4. 2. 2 Қауіпсіздік техникасы102

4. 2. 3 Санитарлық-гигиеналық шаралар104

4. 2. 4 Өртке қарсы шаралар104

5 Қоршаған табиғи ортаны қорғау105

5. 1 Атмосфераны, литосфераны, гидросфераны ластану көзі ретінде қарастыратын технологиялық процестерді талдау105

5. 1. 1 Атмосфераның ластану себептері107

5. 1. 2 Гидросфераның ластану себептері107

5. 1. 3 Литосфераның ластану себептері108

5. 2 Ұйымдастыру шаралары108

5. 3 Инженерлік қорғау және табиғатты қорғау шаралары109

5. 3. 1 Атмосфераны қорғау109

5. 3. 2 Гидросфераны қорғау111

5. 3. 3 Литосфераны қорғау112

ҚОРЫТЫНДЫ114

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ116

КІРІСПЕ

Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындардың бірі болып табылып, әсіресе энергетикалық саласының дамуына ерекше зор үлесін қосады. Жалпы, мұнай өнеркәсібі ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, ауылшаруашылығының және транспорттың дамуын жеделдетеді.

Қазақстан Республикасы - мұнайгаз және газдыконденсат кен орындарына бай мемлекеттердің бірі. Ал, басым көпшілігі Республиканың батыс бөлігінде орналасқан, соның бірі Альфа теңіз ол кен орны болып табылады.

Осы “дипломдық жобаның” негізі болып отырған Альфа теңіз кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістері қолданылып игеріледі.

Альфа теңіз кен орны 1984 жылдан бастап өндірістік игерілуге берілді.

Қазіргі уақытта мұнай, газ карбонаттар қабаттың, яғни КТ-1 және КТ-11-нің 8 бөлігінен игерілуде. Оларды шартты түрде “А”, ”Б”, ”солтүстік В”, “оңтүстік В”, “Г-111”, “Д В ”, “Д Н ”, “Д- 111” индекстерімен белгіленген.

Осы “дипломдық жоба” жұмысында Альфа теңіз кен орнының КТ-1 қабаттың солтүстік күмбезіндегі “В” бөлігін, яғни “солтүстік В” бөлігін игерудің технологиялық режимдеріне, кен орнының фонтанды қондырғылармен игерілуіне талдау жасап, осы фонтанды игеруге керекті фонтанды көтергішті талдадым.

Жазылған дипломдық жұмысым осындай кен орнының негізгі мәселелеріне талдау жасауға арналған.

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1 Кен орын туралы жалпы мағлұмат

Альфа теңіз кен орны Орал үстірті аймағындағы Мұғаджар тауымен Ембі өзені арасында орналасқан. Әкімшілік басқаруы жағынан Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мұғаджар ауданына қарайды.

Жергілікті жер рельефі дөңес қыраттардан, сайлардан құралған және плюс 125-тен плюс 270 метрге дейінгі абсолюттік биіктігімен ерекшеленеді. Ең кіші минималды белгісі Ембі өзеніне қарай, яғни кен орынның оңтүстік-батыс бөлігіне қарай еңіс келеді және сол Ембі өзені Альфа теңіз кен орнынан оңтүстік-батысқа қарай 2-14 шақырымға созылып жатыр. Өзен суы минералданған, сондықтан техникалық қажеттіліктерге қолданылып жатыр. Ал, тұрмыстық қажеттіліктерге құдық сулары пайдаланылады. Құдық және Ембі өзенінің суларының деңгейі 2 метр және одан да жоғары болып келеді.

Аудан климаты құрғақ, кенеттен өзгермелі. Сондықтан қатар ылғалдылығы өте төмен. Қыс мезгілінде температура минус 40 0 С-қа дейін жетеді. Ең суық айларына қаңтар, ақпан айлары жатады. Алғашқы қар қарашаның ортасына таман түсіп, наурыз айының аяғына дейін жатады. Орта жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері көп емес, ол жылына 120-140 мм шамасында. Ең ыстық айларына шілде, тамыз айлары жатады.

Аудан аз қоныстанған. Ең жақын елді мекендеріне кен орынның солтүстік-шығыс бағытында орналасқан 15 шақырымдық Альфа теңіз совхозының орталығы және солтүстік-батыс бағытында орналасқан 35 шақырымдық Кенқияқ мұнай-газ өндіру басқармасының поселогы жатады және кен орынның солтүстік-батысында Шұбарыш поселогы орналасқан.

Атырау-Орск мұнай құбыры 100 шақырым жерден өтеді. Жақын темір жол станциясы Москва-Орта Азия магистралының бойында орналасқан, яғни кен орыннан 100 шақырымдық жердегі Ембі станциясы.

“CNPC Ақтөбемұнайгаз” акционерлік қоғамының базалық орталығы Альфа теңіз кен орнының солтүстік бағытынан 130 шақырымдық жерде орналасқан Қандыағаш (Октябрск) қаласы. Қазіргі кезде Альфа теңіз кен орны мен Қандыағаш (Октябрск) қаласының аралығында тас жол салынған және пайдалану ұңғыларын бұрғылау үшін және Альфа теңіз вахталы поселогына электр желісі тартылған. Бұрғылаушылармен рация арқылы байланысады және Ақтөбе қаласы мен Шұбарыш поселогы арасында почта, телеграф және телефондық байланыс та бар.

Ақтөбе аудандық орталықтан Альфа теңіз кен орнына дейін шамамен 240 шақырым. Ақтөбе қаласында Альфа теңіз және Кенқияқ кен орындарының мұнай-газын игеру, өндіру жұмыстарын жүргізетін АО “Ақтөбемұнай” орналасқан. Ақтөбенің шығыс жағында, 95 шақырым жерде Хромтау қаласы бар. Ол жерде хром кен орны орналасқан.

1. 2 Кен орынның игерілуі мен геологиялық зерттелу тарихы

Ауданның геологиялық құрылымы туралы алғашқы мәліметтер Е. К. Ковалевский және А. П. Гаригросс еңбектерінде көрсетіледі. Олар 1840 жылы Темір, Атжақсы, Ембі өзендерінің ауданын зерттеу барысында жазған еді. Осыдан кейін зерттеулер маршруты одан әрі жалғасты. Территорияны барынша бөлшектеп және жобалау бойынша зерттеу 1944-і жылдан басталды. Сонымен 1944-1946 жылдар аралығында Каспий-Арал партияларын М40 парағында масштабқа түсіруді Г. И. Водорезов басқарған геологиялық топ жүргізді.

Жұмыс қорытындысына геологиялық карта және территорияның тектоникасы мен стратиграфиялық сұрағына жауап ретінде параққа түсіндірмелі жазба берді. Бұл жұмыстар әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ.

1949-ы жылы В. И. Сомодуров және И. В. Иванов 1:2 масштабында 40-ХХХІV парағын геологиялық түсіруді жүргізді. Осы көлемде Альфа теңізде енгізіліп, қамтылған еді. Авторлар ауданның геологиялық құрылымы туралы барынша толық мәлімет берген 1952-і жылы аудан гравиметриялық түсірумен алдыңғы масштабқа қамтылды.

1952-1954 жылдар аралығында ауданды 1:5 масштабында карталық бұрғылауды А. С. Зингер түсірді.

1960-ы жылы Альфа теңіз ауданында Ақтөбенің геофизикалық экспедициясы толқынның шағылу әдісімен сейсмикалық зерттеулер жүргізді. Осы жұмыстардың нәтижесімен П1 горизонты бойынша Альфа теңіз көтерілімі анықталды. 1961-і жылы Ақтөбенің геофизикалық экспедициясы тереңірек бұрғылауды ескере отырып, құрылымды дайындау мақсатында толқынның шағылу әдісімен детальды сейсмикалық зерттеулер жүргізді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесімен К (кунгур ярусының жабыны) және П1 (тұзасты жабының түзілімі) горизонттарының құрылымдық карталары жасалды.

1961-ы жылы Альфа теңіздің тұзасты құрылымында жобаланған 3200 метр тереңдіктегі №1 терең барлау ұңғысы бұрғылана басталды.

1976-ы жылдан бастап іздестіру жұмыстарын “Ақтөбемұнайбарлау” экспедициясы, ал, 1978-і жылдан бастап “Қазақмұнайгазгеология” бірлестігінің “Кенқияқмұнайбарлау” экспедициясы жүргізді.

Алғашқы өндірістік мұнай ағыны 1978-і жылы наурыз айында №4 ұңғыда байқалды.

1981-і жылдан бастап Альфа теңіздегі барлау ұңғыларын бұрғылау жұмыстарын 1981-і жылы құрылған құрамы айтылып өткен экспедициялардан жинақталған “” бірлестігі жүргізуде.

1981-і жылдан бастап СССР мұнай өндірісінің министрлігінің бекітуімен “Ақтөбемұнай” бірлстігіне кен орында барлау ұңғыларын бұрғылау және оны игеру тапсырылды.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының “Ақтөбемұнайгаз” акционерлік қоғамының “Октбярскмұнайгаз” мұнай-газ өндіру басқармасының цехтарымен игеру жұмыстары атқарылуда.

1. 3 Литологиялық-стратиграфиялық сипаттама

Альфа теңіз кен орнындағы барлау жұмыстары арқылы төменгі таскөмір және жоғарғы бор жасындағы жыныс жиынтығы анықталған. Стратиграфиялық бөлшектеуде, керннің сипаттамасы, өндірістік-геофизикалық зерттеу диаграммасы, палеонтологиялық анықтамалар қолданылды.

КТ-І өнімділік қабатынан мұнай-газ қоры анықталғаннан кейінгі уақыттың ішінде игерудің технологиялық схемасы жасалғаннан кейін қарастырылып отырған кен орында 149 өндіру ұңғылары бұрғыланды. Сол ұңғылар бойынша талданған материалдар кеніштің геологиялық құрылымын, таралу шекарасын анықтауға мүмкіндік берді және өнімділік қабаттар параметрлерінің есептелулері келтірілді. Бірақ бұдан кейін флюидтердің анықталған қорына байланысты ешқандай өзгерулер болмады.

Қарастырылып отырған кен орынның анықталған қимасы жыныстардың төрттік, төменгі бор, юра, триас, перм және таскөмір т. с. с. жастарымен сипатталады. Қазақстандағы Каспий маңы ойпатының аймағындағы табылған тұзасты шөгінділеріндегі соңғы түзілімдерде мұнай-газ кеніштерінің үлкен бөлігінің бар екені анықталды. Ол кеніштер касимовтік, жоғарғы москвалық ярустарында және КТ-ІІ қабатының төменгі москвалық (каширлік, верейлік), башкирлік, серпуховтық (протвиндік, стешевтік және тарустық горизонттары) және визе (вешевтік горизонт) ярустары интервалдарында жатыр.

Төменде кен орынды құрастыратын бөлімдердің және жүйелердің анықтамалары келтірілген.

Pz - тобы

С - таскөмір жүйесі

С 1 - төменгі бөлім

Альфа теңіз кен орны көлемінде анықталған барынша ерте шөгінді жыныс болып орта визе жасындағы терригенді шөгінділер табылады. Осы жыныстар №1-С ұңғының 4190-4200 метр аралығында кездесті.

Терригенді шөгінділер қимасының жоғарғы бөлігі карбонатты қабатпен ауысады. Олардың жасы жоғарғы визе және серпуховтық жастарымен белгіленіп, құрамы қара-сұр аргиллит аралас әктастар мен доломиттерден тұрады. Төменгі карбон жыныс қабатының максималды анықталғаны қалыңдығы 308 метр.

С 2 - ортаңғы бөлім

Ортаңғы карбон жыныстары башкирский және москвалық ярус құрамында аршылды.

С - башкирлік ярус

Бұл жастағы жыныстар №1-С ұңғысының 3892-3668 метр аралығында толық және 23 ұңғымен жиі-жиі қамтылды. Олардың толық қалыңдығы 224 метрге жетеді.

Құрамында сұр және ақшыл-сұр әктастар органогенді-түйірлі, аргиллит аралас массивті доломиттерден тұрады.

С 2m1 - москвалық ярус

Мұның құрамы екі ярусқа бөлінеді. Төменгі москвалық ярусының №1-С ұңғысында 3668-3560 метр және №23 ұңғысында 3807-3647 метр аралықтарында верейлік және каширлік горизонттары кездескен. Жыныс қалыңдығы 106 метрден 156 метрге дейін жетеді. Бұл қабаттар карбонаттар және аргиллит аралас шөгінділерден тұрады. Жоғарғы визе-төменгі москвалық ярусының карбонатты жыныс комплекстерінің қалыңдығы №1-С ұңғысында 530 метрге жетіп, төменгі карбонатты қабатын құрайды да өз алдына КТ-ІІ индексімен белгіленеді.

С 2т2 - жоғарғы москвалық ярусы

Бұл ярус мячковтық және подольдық горизонттарымен сипатталады. Подольдық горизонтының төменгі бөлігі көбіне көп терригенді қалыңдықты қабаттар, яғни аргиллиттер, қиыршық топырақ, гравелиттер және 266-366 метрлі қалыңдықта жиі кездесетін әктастардан тұрады. Подольдық карбонатты түзілімдердің қалыңдықтары 144-220 метр аралында өзгеріп тұрады. Мячковтық горизонт ұңғылардың барлығында анықталған және органогенді, органогенді-үгілгіш, ұсақ түйіршікті әктас және доломиттерден құралған. Оның қалыңдығы 115 метрден 164 метрге дейінгі аралықты өзгермелі болып келеді.

С 3 - жоғарғы бөлім

Жоғарғы карбонатты қабаттың ортаңғы карбонатты қабатымен шекарасы геологиялық каротаж сызбасындағы өзгеруінен көрінеді. Жоғарғы карбонның көптеген микрофауналарымен флоралардың табылуына байланысты касимовтік және гжельдік ярустарына бөлінген.

С 3K - Касимовтық ярус

Жыныс жасы ұңғылардағы фораминиферлердің кешенінен, яғни 5 (2832-2824), (2824-2819), 1 (2900-2896), 6 (2909-2906), (2899-2897), (2894-2888), (2884-2879), 19 (3013-3001) және 5-і ұңғыдағы, яғни 5 (2832-2824), (2819-2816) конодонттар кешенінен анықталды.

Литологиялық қатынаста ол ауданның көптеген бөлігінде әктастар және доломиттерден құралған. Касимов ярусының қалыңдығы 50 метрден 97 метрге дейінгі аралықтарда өзгеріп тұрады.

С 3g - Гжельдік ярус

Бұл ярус екі бөлімнен тұрады. Төменгі қалыңдығы 53 метрден 136 метрге дейін өзгереді.

Жыныс ішінде сульфатты және карбонатты қабаттар бар. Оның басқа қабаттарға қарағанда айтарлықтай айырмашылығы құрамының 65-85%-і фауналар мен су өсімдіктерінің қалдығынан тұратын әктастар болып табылады.

Қарастырылып отырған гжель ярусы бөлігінің жасы №12-і ұңғыда аралығы 2964, 2-2890 метр және 2336, 3-2930 метр болатын фораминифердің анықталуымен дәлелденген.

Жоғарғы КТ-І карбонатты қабатында негізінен газоконденсатты қор сақталған. Карбонатты қабаттың жалпылама қалыңдығы 427-573 метрлер аралығында. Қиманың карбонат үсті бөлігі жиі кездеседі, яғни гравелит, сазбалшық, алевролит қабаттарынан құралған терригенді гжельдік ярусының қабатынан түзілген. Оның қалыңдығы 24-109 метрге дейін жетеді.

P - Пермь жүйесі

Пермь шөгінділері төменгі және жоғарғы бөлімдерден берілген.

P 1 - Төменгі бөлім

Төменгі пермь бөлімі асселдік, сакмардық, артиндік және кунгурлік ярус шөгінділерінен тұрады.

P la+s - Ассельдік-сакмарлық ярус

Ассельдік-сакмарлық терригенді қабат қалыңдығы гжель терригенді карбон қабатымен бірге Альфа теңіз кен орнында регионалды флюидті, кедергілі қабат туғызады. Бұл қабыршықта қабат қалыңдығы белгілі дәрежеде құрылымды саз балшықтың болуымен және кең ауқымды яғни, 16-598 метр аралығында өзгеріп, солтүстіктен оңтүстікке қарай тенденциялы өзгеріп отырады.

Литологиялық байланыста бұл аргиллиттер, қыйыршық топырақтар, алевролиттер, жиі-жиі гравелит және саз балшықты әктастардан тұрады.

Ассельдік ярусының қалыңдығының жасы 1-і ұңғының 2647-2645 және 2498-2495 метрлер аралықтарында және 10-ы ұңғыда 2468-2458 метрлер аралықтарында алынған фораминифер фауналармен қуатталып (93-і ұңғы) 9 метрден (8-і ұңғыда) 359 метрге дейін өзгеріп отырады.

Сакмарлық ярусында қалыңдыққа байланысты сақталмаған, яғни 5-і ұңғыда кездескен.

P 1K - Кунгурлік ярусы

Кунгурлік ярусынан гидрохимиялық шөгінділері жоғарғы карбонат үсті терригенді қабатымен бірге кунгур қималарының мұнай мен газға қаныққан бөліктерінде өте зор флюидті, кедергілі қабат тудырады.

Кунгурлік ярустың шөгіндісінің төменгі бөлігі сульфатты терригенді-галогенді аргиллит араласқан қабаттарымен кездескен. Оның қалыңдығы 10-60 метр аралығында өзгереді. Жоғарырақта галогенді аргиллит аралас, жиі қиыршық топырақ пен алевролит және ангидрит қабатшалары орналасқан. Галогенді қабатының максималды қалыңдығы (12-і ұңғы) 996 метрден, минималды қалыңдығы (3-і ұңғы) 7 метр аралығында.

Кен орынның кунгурлік ярусының жоғарғы бөлігінде терригенді-сульфатты қабаттар жатыр.

Оның негізгі бөлігі 4 метрден 48 метр қалыңдықта кездескен ангидриттерден жинақталған.

Р 2 - жоғарғы бөлімі

Жоғарғы пермь шөгінділері шұбар түсті, қоңыр түсті, құрамында жеке ангидрит (3-0, 5 метрлі және 10-15 метрлі) қабатшалары кездесетін терригенді қабаттардан тұрады.

Жоғарғы пермь бөлігінің қалыңдығы солтүстік төбешіктерімен ұштасқан жерде 633 метрге дейін өзгереді.

MZ - мезозой тобы

Т - триас жүйесі

Триас шөгіндісі Т 1 төменгі құрамынан бөлініп және литологиялық шұбар боялған сазбалшық, қиыршық топырақ қабаттарынан көрінеді. Шөгінділердің қалыңдықтары 65-371 метр аралығында өзгереді.

J - Юра жүйесі

Юралық шөгінділер төменгі, ортаңғы және жоғарғы болып құрамдарына байланысты бөлінген. Олардың жалпы қалыңдықтары (13-і ұңғыда) 60 метр мен (3-і ұңғыда) 246 метр аралығында өзгеріп отырады.

Құрамы: қоңыр сазбалшық, қара-сұр түсті, құм қиыршық топырақтардан, тығыз алевролит және қоңыр қиыршық топырақ полимикті, әртүрлі түйіршікті қабаттардан құрамдалған.

К - Бор жүйесі

Бұл жоғарғы бор, яғни негізгі шөгінді жынысы болып конгломерат аралас қоңыр жасылды саздар есептеледі.

Жоғарғы бөлім қалыңдығы 28-132 метр аралығында өзгереді. Қалыңдықтың минималды көрсеткіші 52-і ұңғыда, ал, максималды көрсеткіші 88-і ұңғыда байқалады.

Q - Антропогенді жүйесі

Бұл жүйенің шөгінділерінің қалыңдықтары онша емес, небары 2 метр немесе 3 метрлік 4 қатарлы қабат бөледі. Солардың құрамдары саздың суглинкалары мен құмайт, құмдақтардан түзілген.

1. 4 Тектоника

Тектоникалық қатынаста Альфа теңіз ол кен орны Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде орналасқан. Яғни, Орал алды геосинклинальды аймағынан Ащысай және солтүстік көпекті сызықтарынан көрінеді.

Геологиялық дамуының бір сипаттық қасиетті ауданның интенсивті түсуі және қалың шөгінділердің қабатшаларда 7 шақырымнан 10 шақырымға дейінгі аралықтарында болуына байланысты. Бұл қабаттың негізгі бөлігін кунгур ярусының галогенді табан шөгінділері және кембрий іргетасына дейінгі жыныстардың жоғарғы бетінде жатқан тұз асты жиынтығын құрайды.

Тұз асты шөгінділерінің жоғарғы беті Ащысай бұзындыларына жақын маңда 2 немесе 2, 5 шақырымнан Беттеу күмбезінің меридианына қарай 5, 5 немесе 6 шақырымға дейінгі, яғни батыс бағытына қарай моноклинальды қалыңдай береді.

Аталмыш моноклинал көлемінде екі жақтан алынған тізбек қатарлары бөлінген. Соңғысы төменгі горизонттарда мықты байқалып, соған сәйкес ойпаттың ортаңғы бөлігіне қарай қалыңдай бастайды.

Шығыстан батысқа қарай Альфа теңіз, Кенқияқ, Қожасай, Шұбарыш қатарларының жүйесі бөлінеді және олардың көлемінде 3 немесе 3, 5 шақырымдық тереңдіктерде (П 1 ) тұз асты горизонтының қисығы түзілген.

Альфа теңіз қатарының бір ерекшілігі қуатты карбонат массивтерінің дамуы болып табылады. Олар үлкен брохиантиклиналь тәріздес дөңбектерден құралған.

Сейсмикалық мәліметтерден бұрғылау жұмыстарының нәтижелерімен салыстырғанда әр түрлі локалды дөңестерінің морфологиясындағы өлшемдері, шөгінділердің тереңдік қатынастарында әр түрлі өзгешеліктер байқалады.

Құрылым картасында жоғарғы карбон шөгінділерінің табаны бойынша екі локалды дөңес анық көрсетіліп, 50-і ұңғы ауданына 2, 5 шақырымдық изогипс енгізуімен контурланған.

Жабық изогипс бойынша дөңес өлшемі 95 шақырым құрап, онша үлкен емес седловина арқылы оңтүстік локалды дөңесімен қосылады, яғни 19-ы ұңғы ауданына 2, 55 шақырымдық изогипспен контурленген. [1, 2 Парақтар]

Құрылым картасында жоғарғы желелі қиманың қисығы бойынша гжельдік ярусының сульфатты карбонатты қабатының карбонат үсті қалыңдықта терригенді қабатпен ауысуы жылдам тығыз шекараны реттейді.

Альфа теңіз дөңестері ұзындық ось бойынша 28 шақырым болып, қабаттың карбонатты массивінің ішінде субмеридианды құрылымдар құрайтын брахиантиклиналды қырлардан тұрады.

Ол екі локалды дөңестен тұрады. 50-і ұңғы ауданына солтүстік локалды дөңесі 2, 3 шақырымдық изогипспен контурленген. 25 шақырымдық тұйық изогипс бойынша дөңестің ауданы 10, 55 шақырым болады. Оңтүстік көтерілімнің дөңесі 50 метр төменде жатыр және 2, 3 шақырымдық изогипспен 19-ы ұңғы аймағында контурланған. 2, 3 шақырымдық изогипсті көтерілімнің өлшемдері 9, 54 шақырым болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Альфа кенорны бойынша ұңғыманның түп аймағына әсер ету әдістерін талдау ( ҚСЖ )
Еріген газ режимі
Рационалдық қабат қысымы
Ағымдағы игеру жағдайын талдау
Қабат қысымын сақтау жүйелерін жетілдіру
Барлау ұңғымаларын ашу мен қысқа уақытта пайдалану
Бұрғылау қондырғысының коммуналдық жүйелері
Қазақстан Республикасының ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу
Радиобелсенді заттар қоршаған ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті
Мұнай және газ қоры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz