Оңтүстік Матин мұнайы


Оңтүстік Матин мұнайы
МАЗМҰНЫ
КіРіСПЕ2
1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛіМ3
1. 1 Алаңның (ауданның) физикалық, географиялық, экономикалық жағдайлар3
1. 2 Ауданның геологиялық, геофизикалық зерттелуі4
1. 3 Литологиялық стратиграфиялық қима5
1. 4 Тектоника10
1. 5 Мұнай-газдылы алабтар (Арнайы бөлім) 12
Шығыс Европадағы алабтар12
1. 6 Мұнай-газ белгілері мен олардың барлығы және кен орындардың ашудың болашағы16
1. 7 Гидрогеологиялық сипаттама. 18
1. 8 Мұнай және газ қорын есептеу22
1. 9 Жобалау, іздестіру жұмыстарының әдістері мен көлемі23
1. 9. 1 Іздеу жұмыстарының мақсаты мен міндеті23
1. 9. 2 Іздестіру ұңғыларын орналастыру жұйесі24
2 ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ25
2. 1 Ұңғы бұрғылаудың геологиялық жағдайлары25
2. 2 Жуу сұйықтығының сипаттамасы26
2. 3 Ұңғы құрылымын негіздеу26
2. 3. 1 Ұңғы құрылымын жобалау28
2. 3. 2 Пайдалану құбыр тізбегін беріктікке есептеу32
2. 3. 3 Пайдалану құбыр тізбегін цементтеуге есептеу36
2. 4 Ұңғы сағасын жабдықтау38
2. 5 Геологиялық, геофизикалық зерттеулер жинағы38
2. 5. 1 Шламды және үлгітасты алу38
2. 5. 2 Геофизикалық, геохимиялық зерттеулер39
2. 5. 3 Өнімді, қабаттарды сынау және байқау39
2. 5. 4 Лабораториялық зерттеулер41
3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ43
3. 1 Өндірістің ұйымдастырылуы43
3. 2 Материалды-техникалық жабдықтау44
3. 3 Ұңғы құрылысын қажет мерзімде негіздеу45
3. 4 Техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің негіздерін есептеу46
4. Еңбекті және Қоршаған ортаны қорғау52
4. 1 Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау кезіндегі еңбекті қорғау52
4. 2 Бұрғылау қондырғыларын қолданудағы негізгі қауіпсіздік ережелері52
4. 3 Қоршаған ортаны қорғау59
ҚОРЫТЫНДЫ61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР62
КіРіСПЕ
Оңтүстік Матин алаңында перм триас түзілімдерінде мұнай мен газ кеніштерінің барлығын анықтауға осы диплом жобасы арналған.
Осы диплом жобасында іздеу жұмыстарын жүргізудің негіздеу, олардың міндеттерін бұрғылаудың әдістемелігін және көлемін, ұңғымаларды сынамалау жұмыстарын және геофизикалық зерттеу жұмыстары қарастырылған.
Жобаланған ауданының мұнай-газ кеніштерін барлығы анықталған жағдайда Каспий маңының оңтүстік шығыс ауданының мұнайгаз қорларының көбейуіне мүмкіншілік береді.
Диплом жобасын құрастырғанда алаңдағы мұнайгаздылығы анықтау үшін алаңының геологиялық құрылымын, мұнай-газды жағдайын мәлімдеп, іздеу жұмыстарының әдістерін және жүргізу бағыттамаларын дәлелдеу, ұңғыларды орналастыру тәртіптерін және олардың тереңдіктерін анықтау, қоын есептеу сұрақтары қарастырылған.
Оңтүстік Матин алаңында жүргізілген сейсмобарлау жұмыстарының МОГТ мәліметтерінен Матин тұзкүмбезінде қабақ (карниз) қиындықтары байқалады.
Диплом жобасын құрастыруға дипломаттық диплом құрастыру аладындағы және өндірістік тәжірибесінде сонымен қатар жоба құрастыруға қажетті материалдар қолданылған.
Диплом жобасы, диплом жобасын құрастыру әдістемелігіне және стандартқа сай құрастырылған.
1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛіМ
1. 1 Алаңның (ауданның) физикалық, географиялық, экономикалық жағдайлар
Оңтүстік Матин алаңы әкімшілік бағыныштылығы бойынша Қазақстан Республикасының Атырау облысының Қызылқоға ауданында орналасқан.
Жақын елді мекен Мақат әкімшілік ауданының орталығы қала типті Мақат ауылы болып табылады. Алаң Мақат ауылынан оңтүстік батысқа қарай 30 км қашықтықта, облыс орталығы Атырау қаласынан 150км қашықтықта орналасқан.
Орография жағынан жұмыс алаңының территориясы Каспий маңы ойпатының оңтүстік бөлігіне тән болып келеді. Жазықтық аумақта тартылып қалған тұзды сор көлдері көктемде жауынды және еріген қар суларымен толып отырады. Кейбір терең сорлар жаз мезгілінде тартылмай көлік жүрісіне бөгет болады. Сор сулары ащы тұзды, органикалық жағынан техникалық мақсаттарда пайдалануға болады. Ас суы жұмыс алаңында тапшы. Сондықтан ауыз суын жақын орналасқан ауылды мекендерден тасымалданады. Бұрғылау жұмыстарына қажетті суларды Сағыз өзенінен тасымалдайды.
Ауа райы өте ерекше континенталды, жаз айларында құрғақ +40 0 С+45 0 С, қыс айлары салқын, орташа -10 0 -150 0 С кейбір кезде -30 0 -40 0 С аяз болады. Жалпы жыл бойынша орташа температура +5 0 С. жыл бойынша орташа жауын шашынмен қар суларының мөлшері 200мм аспайды.
Аудан көлеміндегі жануарлар дүниесімен өсімдіктер әлемі кедей, сондықтан тіршілік жәндіктері-тышқандар, сарышұнақтар, қояндар, қосаяқтар, қасқырлар; құстар-бүркіт, қыран түрлері жиі кездеседі. жер бедерінің беткі қабаты әдетте тұрақсыз саздақтардан және ұсақ құмтас, саздар түзілімдерінен тұрады.
Ауданның негізгі қатынас жолдары-жақын елді мекендермен байланыстыратын жазда ыңғайлы қара топырақ жолдары, тас жолдар және үлкен темір жолдар.
Жергілікті халықтардың көп мөлшері негізінен қазақпен орыс ұлттары мекен етеді.
1. 2 Ауданның геологиялық, геофизикалық зерттелуі
Жолдыбай-Ақмешіт зонасын алғашқы зерттеулер 1913-1915 жылдары жекеменшік кәсіп орындарымен жүргізілді. Алғашқыда 125 шурф, 6 тайыз және 1 терең ұңғылары бұрғыланады. Олар юра шөгінділерін ашты.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 1:42000 масштабы құрылымдық карталар құрастырылды. Бөлек дизюнтивті бұзылыстар табылды. Жолдыбай алаңы шекарасында лықсымалар бар екендігі айқындалды. 1932-1933 жылдары “Энбанефть” трестімен вариометриялық түсірулер жүргізлді, соның арқасында Жолдыбай және Ақмешіт алаңдарының гравитациялық минимумдары айқындалды. Кейінгі геохогиялық, геофизикалық жұмыстар нәтижесінде көрсетілген алаңдар тілмесінде өнімді қабат горизонттарының бар екндігі дәлелденді. Матин тұзкүмбезінің көтерілімі “эмбанефтефизика” 4/81 трестінің МОГТ зерттеулерінен ашылды. Ақмешіт, Молдабек және Солтүстік Жартөбе алаңдарының П 1 горизонтының изохрон картасы, VІ шағылыс горизонтының құрылымдық сұлбасы және ІІІ, V горизонттарының құрылымдық карталары құрастырылды.
Матин, Жолдыбай, Солтүстік және Оңтүстік Жамансор, Үшоба, Оңтүстік Молдабек және т. б күмбездерінің геологиялық құрылымы кейінгі зерттеуде іздеу және терең бұрғылау жұмыстарына дайындау мақсатында 1982 жылы 4/82 жоғарыда көрсетілген құрылымдарда сейсмобарлау жұмыстары жүргізілді. ІІІ, V, VІ шағылыс горизонттарының бөлшекті құрылымдық карталары. П 1 горизонтының изохрон картасы тиянақты түрде құрастырылды. Матин тұз күмбез көтерілімінің бір шама тілмелері өңделіп тілменің нақты геологиялық құрылымы анықталды. Матин тұз күмбезінің беткі бедері текпішекті радиалды жоғарыдан төменге қарай ысырылып құлайды. Бұл үш беткейлерге бөлінеді: оңтүстік, батыс, солтүстік-шығыс.
Сейсмобарлау нәтижелерін нақты геологиялық пайдалану нәтижесінде Матин тұз үстіндегі құрылымды терең іздеу бұрғылауға беру ұсынылды. 1985жылы осы айтылған құрылымға береілген төлқұжатқа сүйіне отырып КАЗНИПИ нефть институты осы көрсетілген алаңға іздеу бұрғылау жұмыстарының жобасын қарастырды, яғни осыған байланысты 01. 09 1987 жылға қарасты алаңда 7 терең ұңғылары бұрғыланып, бір ұңғы бұрғылануда, ал бір ұңғы монтаждауда болды. Іздеу бұрғылау нәтижесінде 1, 2 номері ұңғылар тілмесінде төменгі бор және ортаңғы юра шөгінділерінде мұнайгаздылы қабаттар ашылды. Көрсетілген ұңғыларды сынауда неоком шөгінділерінен газ және ортаңғы юрадан мұнай фонтоанының қиылысы алынды.
1984 жылы Матан алаңында қосымша МОГТ зерттеу жұмыстары жүргізілді. Соның арасында қосымша қабат құрылысы жәйлі мәліміттер алынды. Оның ішкі контуры анықталды.
1. 3 Литологиялық стратиграфиялық қима
Жобалау аумақта Аэрогеологиялық және терең бұрғылау экспедициялары Ербөлек, Байшаған, Иба, Дулат алаңдарында құрылымдық карталау ұңғыларын бұрғылау қорытындылары бойынша күнгірден төрттік жасты түзілімдеріне дейін нақты зерттелген.
Осы жұмыстардың мәліметтері бойынша стратиграфиялық қима және анықталған қалыңдықтар хатталып отыр.
Палезой тобы-PZ
Перм жүйесі -P
Күнгір ярусы -P1k
Осы ярустың түзілімдері литологиялық нысандары бойынша екі қабатшаға бөлінеді: астынғы-галитті және жоғарғы әктасты-гипс ангидритті.
Галитті қабатша ақ, кристаллды, тығыз тұздардан құралған.
Ангидриттері жасыл-сұр, ашық-сұр, дақ ақшыл түсті, мықты, жұқа ұсақ кристаллды.
Әктастар қара-сұр, кейбір жерлерде қара түсті ұсақ кристаллды гипс қабықшақатары аралас.
Кунтур түзілімдерінің анықталған ең мол қалыңдығы 2480м (№1 ұңғы)
Мезозой тобы-(MZ)
Жұмыс алаңының мезазой тобының түзілімдері триас, юра және бор жүйелерінен құралған.
Пермотриас-(РТ)
Матин алаңындағы триас жасты литологиялық түзілімдері құмдардан, алевролиттерден, терригенді саздардан тұрады. Жыныстардың түсі ашық сұрдан жасыл сұрға дейін, ал құмтаспен алевролиттер қарақоңыр және қызыл түсті саздар болып келеді.
Триас түзілімінің ең мол қалыңдығы 200м. Қабат (карниз) астындағы пермотриас түзілімінің қалыңдығы 700м.
Триас жүйесі-(Т)
Бөлшектенбеген триас түзілімдері литологиялық саздар, құмтастар, құмдар және сазтастармен шөгінген.
Триас түзілімдерінің табаны кремний, кварц, құмтас түйіршіктерімен құралған бурыл-қоңыр түсті конгломератты жұқа базальтты беткейімен сипатталады.
Саздары қызғылт-қара-қоңыр, бурыл ашық түсті, тығыз, құайтты, слюдалы, қолға алғанда майлы, құмайттастардың жұмырлы тастарының кірікпелері бар.
Құмтастары жасыл-сұр, қоңыр түсті, саздылы, нығыздалған, құрамы ұсақ-орташа түйірі кварц дала шпаттары.
Сазтастары бурыл қоңыр түсті. Сазды нығыздалған кальцит желісі бар, слюдалы, әктасты.
Триас жүйесінің ең мол түзілімінің қалыңдығы 250-300м.
Құмтастапы жасыл-сұр, мықты ұсақ түйіршекті.
Құмдары сұр, жасыл-сұр, ұсақ және орташа түйіршекті, тығыздалған, малтатастар.
Төменгі юра түзілімінің орташа анықталған қалыңдығы 50м-ден 100м-ге дейін
Ортаңғы бөлімі-(J 2 )
Литологиялық құмдар, құмтастар, саздардың кезектелген түзілімдері болып сипатталады.
Саздары сұр, слюдалы, әлтассыз, көмірленген өсімдік қалдықтарының кірікпелері мол.
Құмтастары сұр, мықты, ұсақ түйіршекті.
Құмдары сұр, борпылдақ, ұсақ-орташа түйіршекті, сулы.
Анықталған ең мол қалыңдығы 345м.
Жоғарғы бөлімі-(J 3 )
Литологиялық саздармен, құмдармен сипатталады.
Саздар мергелді, сұр-қара жасыл тұщы, өте тығыз, бақалша түйіртпектері бар карбонаталған.
құмдары жасыл сұр, сұр түсті, әктассыз, ұсақ орташа түйіршекті.
Жоғарғы юра түзілімінің орташа анықталған қалыңдығы 45м.
Бор жүйесі - (К)
Бор жүйесінің екі бөлімнен тұрады:төменгі және жоғарғы.
Төменгі бөлімі - (К 1 )
Төменгі түзілімдері өте қалың құмтасты ретінде шөгінген.
Осы қабатта Беоком, апт және альб ярустарының түзілімдері анықталған. Бұл жыныстар жоғарғы және ортаңғыюра жасты түзілімдер беткейлерінің үстінде траногрессивті орналасқан. Төменгі бор түзілімдері бұрғылануы бойынша орташа және мықты жыныстар категориясына қатысты.
Неоком ярусы - (К 1пс )
Литологиялық саздармен, құмтастармен, құмдармен және құмайтастармен сипатталады.
Саздары сұр-жасыл түсті, қызыл кірпіш түсті, ашық ала түсті, өте мықты, аз слюдалы, әктассыз, құмдармен құмтастар қабатшалары бар.
Құмдары сұр жасыл, ұсақ түйішекті, слюдалы, саздылы нығыздалған.
Құмтастары жасыл-сұр түсті, ұсақ түйіршекті, полимекті карбонаттарымен дәнекерленген.
Құмтастары жасыл-сұр, түйіршектері әртүрлі бірдей емес.
Неоком ярусының ең мол анықталған қалыңдығы 127м (№7 ұңғыдан)
Апт ярусы -(К 1 а)
Литологиялық құм-құмтасты, құмайттасты қабатшалары бар бір келкілі саз қабаты болып құралған.
Апт ярусының астында барлық жерде дерлік жайылымда, қалыңдығы және құрамы өзгерісті, негізінде құмдардан құралған базальтты беткей орналасқан.
Саздары қара сұр, тым тығыз, қолға ұстағанда майлы, нашар құмтасты, нашар әктасты ашық-сұр құмайтты тасты құдардың шашырандылары бар, бақалшақ түйіртпектерінің кірікпелерінде пириттің ұялары бар.
Құмайттастары мықты, қара-бурыл, біркелкі.
Құмтастары жасыл-сұр, ұсақ түйіршекті, құмайттасты саздылы-карбонаты дәнекерленген.
Апт ярусының ең мол анықталған түзілімдерінің қалыңдығы 105м (№7 ұңғыдан) .
Альб ярусы-(К 1 аl)
Жобалану жұмыс алаңында альб жасты түзілімдер барлық жерлерде таралымды деуге болады.
Олар литологиялық саздармен, құмтастармен және құмдармен сипатталады.
Саздары қара-сұр, тығыз құмтасты, слюдалы, әктассыз, сұр, борпылдақ, ұсақ түйіршекті. Құмды қабатшалары бар, ұсақ көмірленген өсімдік қалдықтарының кірікпелері бар.
Құмтастары сұр, мықты, ұсақ түйіршекті, кварцдала шпаты, карбонат, пирит кірікпелері бар.
Құмдары ұсақ түйірлі, нығыздалған, мықты, ашық-сұр түсті.
Альб түзілімінің анықталған ең мол қалыңдығы 430-450м (№7 ұңғыдан) .
Жоғарғы бор-(К 2 )
Жоғарғы бор қимасы сеноман, туран ярустарының түзілімдерімен сипатталады.
Сеноман ярусы- (К 2 s)
Сеноман түзілімдері альб шөгінділерінен көп айырмашылығы жоқ. Олар құмдармен, құмтастармен және саздармен сипатталған.
Саздары сұр, қара-сұр, тығыз құмтасты, слюдалы, темірленген қабатшалары бар, әктассыз.
Құмдары ашық-сұр, жасыл-сұр түсті, түйіршекті, тығыздалған, мықты, кейбір жерде глауконитті.
Құмтастары сұр түсті, жасыл-сұр, ұсақ түйіршекті, полимиктілі, кейбір жерлері темірленген, сазды-әктасты дәнекерленген.
Сеноман ярусының анықталған ең мол түзілімдерінің қалыңдығы 70м.
Турон ярусы-(К 2 1)
Турон түзілімдері аз бұрышты үйлесімсіздікпен сеноман түзілімдерінің үстінде орналасқан.
Литологиялық саздармен, мергелдермен, борлармен, құмдармен және құмтастармен сипатталған.
Мергелдері жасыл-сұр, тығыз, кейбір жерлері құмтасты, нашар темірленген кристаллды гиптердің ұялары бар қабатшалары бар.
Саздары ашық-жасыл сұр түсті, тығыз, мергел түрлі, слюдалы.
Борлара ашық-сұр, ақ, борпылдақ.
Құмдары ашық-сұр түсті, ұсақ түйіршекті, нығздалғын.
Құмтастары сұр, саздылы, әктассыз, ұсақ қабатшалы, сұр сазды.
Турон ярусының жалпы қалыңдығы 200м.
Төрттік жүйесі (Q)
Жобалау жұмыс аумағында өте кең орта төрттік және осы дәуірдегі түзілімдері жайылымды тараған. Төрттік жүйесінің құғақшылық түзілімдері ауданның көпшілік учаскелерінде таралымды. Олар әр жасты орта юралық жоғары палеогендік жыныстарының үстінде үзілісті жабынды ретінде орналасқан.
Төрттік қимасы қиыршықтар мен құмдақтар, құмдалар құмайттастар болып сипатталынады.
Төрттік түзілімдерінің қалыңдықтары алғашқы метрлерден 25м-ге дейін өзгерісті.
1. 4 Тектоника
Қарастырылып отырған аудан Каспий маңы ойпаңының оңтүстігінде орналасқан. Каспий маңы әлемдегі өте ірі және терең ойпаттың бірі болып есептеледі. Және Орыс ежелгі тақтасының ең төменгі бөлігі. Жалпы құрылысы жағынан қарастырғанда бұл ойпаң шөгінді тысы өте қалың тақталы құрылым, сонымен қатар ойпатта тұзды тектоникасы кең дамыған және тұз астындағы палеозойлық жыныстардың орналасу тереңдігі мол болып сипатталады.
Каспий маңы ойпаңының тектоникасы туралы, соның ішінде тұз асты кешеңінің ірге тасының құрылысы және басқа құрылымдық қабаттары туралы көп жариялымдар мен ғылыми зерттеу және өндірістік мекемелерінің есептері арналған. Сондықтан осы жобада олар қарастырылған.
Қазақстан көлемінде Каспий маңы ойпаңының геологиялық өрбуінің ерекшелігіне байланысты 8-ірі облыстарға бөлінеді: Өзенаралық, Солтүстік, Бурай маңы, Бекеттік, Жарқамыстық, Отыраулық, Астрахандық, Жетіаралық және оңтүстік Каспий маңы.
Көтерілімдермен иілімді облыстар көлемінде олардың ұсақ ойыстармен компимелері бар. Олар екінші қатар құрылымдар ретіне жатады.
Егерде Каспий маңы ойпаңының көлеміндегі юра-палеогендік құрылымдық қабатының тектоникалық аудандау сұлбасын қарастырсақ, тек қана Атырау облысында 7 ірі көтерілімді және 6 ірі иілімдер орналасқан. (КазНИГРИ Жумангалиев Т. Н, Ақшолақов У. А) . Олар өз ара құрылымдық екінші қатарлы 33 компимелермен 24 иілімдерге бөлінген.
Тектоникалық жағынан жобалау алаңы Матин құрылымы Ушоба, Жартөбе, Жолдыбай күмбездерін байланыстыратын, тұзды мойнақ аймағында түзілген күмбез аралық антиклинді көтерілімді құрайды.
Оңтүстік батыс бөлігінде құрылым тұзды мойнағымен Жолдыбай күмбезімен байланысады, ал оңтүстік және солтүстік бөлігінде Ақмешіт және Ушоба күмбезіне қарай тұзды сіремі созылып жатыр. Кейіннен тұз шөгіндісі корреляциясын жоғалтып күмбез аралық мульдаға батып кетеді. Бұл тұздың күрт батуымен байланысты. Күмбез аралық аймақ пермотриас шөгінділерімен толып қалған, бұл шөгінділер өз кезегінде тұзды мойнақтармен бөлініп бөлек мульдаларды түзеді.
Матин көтерілімі батыс бөлігінде пермотриас мульдасына күрт батады, бұл оңтүсеік-батыс бөлінде солтүстік Жолдыбай тұзды құрылымымен шектеледі, ал шығысқа қарай Жолдыбай және Матин құрылымымен байланыстыратын тұзды мойнағымен шектеледі.
Матин көтерілімінің шығыс бөлігінде жартөбе күмбезінде тұзды сілемі байланыстырады, және 482225-047901 тілмелері ауданында пермотриас шөгінділері осы мойнақты мульданы түзеді.
Матин күмбезінің тұзды денесі солтүстік батысқа қарай созылып жатыр, күмбез дөңесі сатылы қиындалған, ол сол бағытта созылып оңтүстік шығысқа қарай жарықшақты бөлінген.
Тұз бетінің ең жоғарғы көтерілген обсолюттік деңгейі-105Ом құрайды, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бағытта тереңдеп батып отырады. Матин құрылымының тектоникалық аумақты құрылысы жәйлі мәліметтер және көршілес кешендер, құрылымдар мен тектоникалық байланысының сипаттамасы берілген.
Жоғарыда көрсетілгендеу, 4185 партия жұмыстарында тұздың қасиетін тиянақты зерттеуден басқа тұз қабығының геологиялық құрылысы зерттелді. (көрсетілген қабақ шекарасында) .
Матин күмбезінен оңтүстікке созылған тұз сілемінің шығыс беткейіне жататын көрсетілген қабақтың жаңа мәліметтерін ескере бір қатар құрылымдар салынды.
Қабақ асты беті сумеридианды созылымының жартылау дөңесін құрайды. Шығыс көтеріңкі бетінде алынған минимальды абсолюттік тереңдік көрсеткіші 3900м құрайды, ал максималды көрсеткіші 4500м қабақ (карниз) бір шама көп қималар торы мен зерттеліп, тиянақты терең іздеу бұрғылау жұмыстарында дайындалды.
Осы аймақта тұзды қабаттының бар екендігі сейсмобарлау нәтижелерінен алынды. Тұтқыш құрылымы созылымы тән қабақ меридиональды созылым тәрізді. Сипатталған мұнай шоғыры жарылған тұз қабатымен шектесіп қоймай батыс бөлігінде негізгі тұз денесінің тік беткейіне келіп тіреледі.
Шоғыр қабағының сыртқы жиегі белгілі бір деңгейде тұзды сілемімен шектеліп отырады. МОГТ сейсмобарлау нәтижелернен VІ, шағылыс, төменгі тұзды қабақ бетінен, қабатының конфигурациясы бойынша тұтқыш пішіні асимметриялы жартылау күмбезді. Тұтқыш дөңестің ең жоғарғы обсолюттік деңгейі-3900м, ал ең төменгі изогипсті контурленетін деңгейі-4300м, яғни тұтқыш амплитудасы 400м құрайды деп алуға болады.
Келтірілген ең төменгі изогипсті контурлер деңгейі бойынша құрылым 2, 3*6км, алып жатқан толық ауданы-7, 25км 2 құрайды.
Тұтқыштың көмір сутек флюидтерімен толу деңгейін себеппен 2/3 мұнай қатынасын алуға болады. Контур сулардың бар екенді туралы тек болжауға болады.
1. 5 Мұнай-газдылы алабтар (Арнайы бөлім)
Шығыс Европадағы алабтар
1 Орыс платформалық докембрий алдындағы қатпарлы, тіректі шығысындағы және солтүстік-шығысындағы облыстардағы палезойлық мұнай-газ жинақтары.
2 Днепр-Донецкті ішкі тақшалардағы ойпаттарын біріктіріп жатқан мұнайлы-газды облыстардығы палеозой және мезозойлық мұнай-газ жинақтары.
3 Орыс платформасының оңтүстік облыстарындағы герцин жасты қатпарлы тіректі мезозойлы және палеоген-неогендік мұнай-газды жинақтар.
4 Каспий маңындағы ойпаттық палеозой мезозой біршама палеоген-неогендік мұнайлы-газды жинақтар.
5 Оралтау алдындағы ойыстағы мұнай-газ облыстарындағы палеозойлық мұнай-газ жинақтары.
6 Кавказтау алдындағы ойпаттардағы мұнай-газ облыстарының палеоген-неоген және мезозойлық мұнай-газ жинақтары.
7 Сыртқы Кавказдағы оңтүстік-шығысқа төмендеген Кавказ тауының тау аралығындағы ойпаттардағы мұнай-газ облыстарының палеоген-неоген және мезозойлық мұнай-газ жинақтары.
8 Карпаттау алдындағы тау алдынғы ойпаттардағы мұнай-газ облыстарының палеоген-неоген және мезозойлық мұнай-газ жинақтары.
Батыс Европадағы алабтар
1 Солтүстік Германия және Голландиядағы ойпаттардағы мұнайлы-газды облыстарын басқосып жатқан мезозойлық мұнай-газ жинақтары.
2 Париж, Аквития және басқа Батыс Европадағы эпигерциндік тақшаларын қосып жатқан мезозойлық мұнайлы-газды жинақтар.
3 Пиреней алдындағы, Альп алдындағы, Карпат алдындағы ойпаттарды қамтып жатқан палеоген-неоген және біршама мезозойлық мұнай-газ жинақтары.
4 Альп тауындағы қатпарлы белдеміндегі ішкі геосинклинальды (тау ортасындағы) ойпаттары (Веналық, Паннондық, Трансильвандық, Андриаттық т. б. ) қосып жатқан палеоген-неоген мұнай-газ жинақтары.
Солтүстік Америкадағы алабтар
1 Кембрий алдындағы қатпарлы тіректі тақшалы облыстардағы палеозойлық мұнай-газ жинақтары (АҚШ) .
2 Кембрий алдындағы қатпарлы тіректі тақшалы облыстық палеозой және мезозойлық мұнай-газ жинақтары (АҚШ, Канада) .
3 Герциндік қатпарлы тіректі тақшалы облыстардағы мезозой және палеоген-неоген мұнай-газ жинақтары (АҚШ) .
4 Жасы белгісіз қатпарлы тіректі тақшалы облыстардағы мезозой және палеоген-неогендік мұнай-газ жинақтары (АҚШ-ғы, Мексика маңындағы ойпат және Мексикада) .
5 Аппалач маңындағы тау алдындағы ойпаттарды қосып жатқан облыстардағы палеозой және кейбір жерлерінде орналасқан мезозойлық мұнай-газ жинақтары (АҚШ) .
6 Шыңды таулардағы тау ортасындағы ойпаттарды біріктіріп жатқан мұнай-газдылы облыстардағы палеозойлық және кейбір жерлерде мезозойлық мұнайлы-газды жинақтар.
7 Калифорниядағы тау орталығындағы ойпаттардың мұнай-газ облыстарындағы палеоген-неоген және мезозойлық мұнай-газ жинақтары.
Оңтүстік Америкадағы алабтар
1 Кембрий алдындағы қатпарлы тіректі тақшалар облыстарындағы мұнай-газ жинақтары (Бразилия) .
2 Анды алдындағы және Оринак тау алдындағы ойпаттардың мұнай-газдылы облыстарындағы палеоген-неоген мұнай-газды жинақтар.
3 Анд қатпарлы құрылыстар жүйесінің ішкі геосинклинальды (тау орталығындағы) ойпаттардың мұнай-газды облыстардың палеоген-неогендік мұнай-газдылы жинақтар.
Африкадағы алабтар
1 Атлас қатпарлы құрылыстар жүйесінің ішкі геосинклинальды ойпаттардың палеоген-неоген және кейбір жерлердегі мезозойлық мұнай-газдылы жинақтар (Марокко, Тунис, Алжир) .
2 Солтүстік Африкадағы ішкі тақшалы ойпаттардың мұнай-газдылы облыстарының палеозойлық және мезозойлық мұнай-газдылы жинақтары.
Жақын Шығыс елдерінің көлеміндегі алабтар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz