Бұрғылау тізбегінің құрамы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Географиялық және экономикалық жағдайлар . . .
1. 2 Кен орнының қысқаша зерттеу тарихы . . .
1. 3 Стратиграфия . . .
1. 4 Тектоникасы . . .
1. 5 Мұнай-газдылығы және оның перспективасы . . .
1. 6 Сулылығы . . .
1. 7 Ұңғыманы қазу кезінде кездесуі мүмкін қиындық-
тар аймақтары . . .
1. 8 Перспективалы қабаттарды ашу және сынау . . .
1. 8. 1 Қабаттарды сынаудың тәсілдері мен аймақтары . . .
1. 8. 2 Өнімді қабатты ашу әдісі . . .
1. 8. 3 Керн алу аралықтары . . .
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2. 1 Бұрғылау тәсілін таңдау және дәлелдеу . . .
2. 2 Ұңғыма құрылмасын жобалау және дәлелдеу . . .
2. 2. 1 Шегендеу құбырлар және қашау диаметрін таңдау . . .
2. 3 Бұрғылау тізбегінің құрылымын жобалау, бұрғы
құбырлар тізбегін беріктікке есептеу . . .
2. 3. 1 АБҚ диаметрі мен ұзындықтарын анықтау . . .
2. 3. 2 Пайдалану тізбегінің орнын бұрғылау үшін бұрғылау тізбегін таңдау және есептеу . . .
2. 4 Ұңғыманы жуу . . .
2. 4. 1 Жуу сұйығының түрін таңдау және оның
көрсеткіштерін әр тереңдік аралықтары үшін тағайындау . . .
2. 4. 2 Жуу сұйықтары үшін газдың, судың, химиялық реагенттердің, ауырлатқыштың және басқа материалдар шығындарын анықтау . . .
2. 4. 3 Жуу сұйығын дайындау, химиялық өңдеу үшін және ұңғыма сағасына саңылаусыздыққа орнатылатын жабдықтарды таңдау . . .
2. 4. 4 Ұңғыманы жуудың гидравикалық есебі . . .
2. 5 Бұрғылау қондырғысын таңдау . . .
2. 6 Бұрғылау тәртібінің параметрін жобалау . . .
2. 6. 1 Қашаулардың түрі, өлшемі және моделін, олардың жұмыс істеу көрсеткіштерін жобалау . . .
2. 6. 2 Бұрғылау тәсілдеріне байланысты, әр тереңдік аралықтар
үшін жуу сұйығының шығынын жобалау . . .
2. 6. 3 Қашауға өстік салмақ пен және оның айналу жиілігін жобалау . . .
2. 6. 4 Бұрғылау тәртібінің параметрлерін бақылау . . .
2. 7 Ұңғыманы бекіту . . .
2. 7. 1 Шегендеуші құбырлар тізбектерін жобалау және оларды беріктікке есептеу . . .
2. 7. 2 Аралық және пайдалану құбырлар тізбегінің төменгі құрамалары . . .
2. 7. 3 Шегендеуші құбырлар тізбегін түсіруге дайындық жұмыстары және оларды түсіру . . .
2. 7. 4 Цементтеу тәсілін таңдау және тізбектерді цементтеуге есептеу . . .
2. 8 Ұңғыманы игеру . . .
3 АРНАЙЫ БӨЛІМ
3. 1 Орталық - шығыс Прорва алаңындағы ұңғымалар құрылмаларына талдау.
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
4. 1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау . . .
4. 2 Өндірістік санитария . . .
4. 2. 1 Шу . . .
4. 2. 2. Электр қауіпсіздігі . . .
4. 2. 3 Өрт профилактикасы . . .
4. 2. 4 Өртке қарсы жүргізетін шаралар . . .
5 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМІ
5. 1 Ұңғыма құрылысының уақытын анықтау . . .
5. 2 Ұңғыма құрылысына смета жасау . . .
5. 3 Жобалық ұңғыманы қазудың салыстырмалы тиімділігі, техникалық-эконмикалық көрсеткіштер . . .
ҚОРЫТЫНЫДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
АҢДАТПА
Өзекті сөздер: ұңғыма, геологиялық көрініс, ұңғыма құрылымы, бұрғылау сұйығы, жуу сұйығының шығыны, бұрғылау экологиясы, көрсеткіштері.
Осы жоба Толқын кен орнындағы тереңдігі 4020 м барлау ұңғымасы желісін қамтиды.
Кеңістіктің геологиялық беинесі берілген бұрғылаудың техникалық және технологиялық тиісті есептері жүргізілді, ұңғыма құрылысындағы қоршаған ортаны және еңбекті қорғау қаралады.
Жобаланған ұңғыманы бұрғылау және бекіту үшін смета жасалды.
АННОТАЦИЯ
Ключевые слова: скважина, бурение, долото, геологический профиль, конструкция скважины, буровой раствор, тампонажные смеси, экология в бурений, техника-экономические показатели бурения.
Настоящий проект предусматривает проводку разведочной скважины 4020 м на месторождений Толкын.
Даны геологическое описание площади, произведены необходимые расчеты по технике и технологий бурения, рассмотрены вопросы охрана труда и окружающей среды при строительстве скважины.
Составлена сметы на бурение и крепление проектируемой скважины.
КІРІСПЕ
Мұнай өнеркәсібі Республикамыздың өнеркәсібінде елеулі үлес салмағы бар Республика өнеркәсібінің аса маңызды саласы. Сол себептен Республикамызда мұнай және газ өнеркәсібінің өсуіне көп көңіл бөлініп жатыр. Мұнай мен газды өндіру үшін, мұнай мен газды өндіретін аудандарда мұнай және газ ұңғымаларын көптеп бұрғылау қажет. Бұл мақсатта сол аудандарда әр түрлі бағыттағы бұрғылау жұмыстары басқармалары жұмыс істейді. Бұрынғы кеңестер одағында 70 жылда ұңғыманың орташа тереңдігі 4 есе өсті. 1974 жылы бұрынғы КСРО-да 450 мұнай, 260 млд/м 3 газ өндіріп мұнай өндіру жөнінен әлемде бірінші, ал газ өндірісінен екінші орынға шықты.
Бұл нәтижеге біздің Республикамыздың да қосқан үлесі едәуір. Егер таяудағы өткен жылдарда 5000-6000 м тереңдіктегі ұңғылар біздің мұнайлы аудандарда көптеп бұрғыланды. Қазір Қазақстанның мұнай кәсіпорындарының көпшілігі шетел мұнай кәсіпорындарымен бірлесіп жұмыс істеуде. Егемендік алған жолы Республикамызда басқа салалардағыдай бұл салаларда да көптеген қиыншылықтар кездесуде.
Мұнай мен газ еліміздің экономикасын көтерітен әлеуметтік жағдайын жақсартатын өндіріс салалы. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.
Еліміздің әлеуметтік экономикалық жоспарында жаңа мұнай мен газ кен орнының пайда болуы жеделдетуде олардың қатарына Толқын кен орны жатады.
Толқын кен орны Қазақстан Республика Маңғыстау облысының Бейнеу ауданының құрамына кіреді. Бұл кен орнында өнімді қабат 4020 м тереңдікте кездеседі. Менің осы дипломдық жобаны орындау және жобалау мақсатым, ұңғыма құрылмасын бастан аяқ жобалау.
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Геологиялық және экономикалық жағдайлары
Толқын кен орны Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының Бейнеу ауданының құрамына кіреді.
Өндіріс орнынан бейнеу станциясына дейін 95 км, ал Опорный станциясына дейін 55 км, сарықамыс ауылына дейін 45 км.
Жұмыс ауданы жайпақ дала дөңдер мен тайыз жарлар кездеседі. Жұмыс ауданының рельеф биіктігі +150+155 аралығында.
Қарастырылған жұмыс ауданы шөлейт және шөлейт далаға қарасты. Ауа райы континентальды. Жазы ыстық, құрғақ жоғары орташа айлық күн радиациясы 17, 3 ккал/см 3 ал шілде айында байқалған Ауа-райының болжамы қарастырылған ауданда тұрақты. Шілде айындағы ауаның ең жоғарғы орташа айлық температура көрсеткіші 25-26 0 С жеткен. Ал осы айда ең жоғарғы температура 40-45 0 С дейін жеткен.
Қыс мерізмі айтарлықтай суық, қар аз түседі. Алғашқы үсік қарашы айында болады. Қараша айында ауа температурасы -25-30 0 С дейін төмендейді. Бейнеу аудандарының қыс мезгіліндегі орташа айлық орташа температурасы -3, 2-6, 8 0 С құраиды. Қыс мезгілінде бірде жылып бірде суып тұрады. Желтоқсан айындағы минимальды күн радиациясы 2, 6 ккал/см 3 құрайды.
Жауын шашын аз түседі. Көп жылдық бақылау пунктерінің көрсеткіштерінің көрсетуінен жылдық жауын-шашын мөлшері теңізден алшақтаған сайын солтүстіктен оңтүстікке қарай азаяды да 140-200 мм -құрайды. Жауын шашын әр мезгілде әр қалай түседі. Жаз мезгілінде 57-77%, күз мезглінде 23-45%, ал қыс кезеңінде 20-26%. Жаз мезгілінде ылғалдың аздылығынан ауада «құрғақ-жауын» көрінісі байқалады. Атмосфералық ылғал ауада бұға айналып кетеді. Бірақ кейбір жылдары ауаның ылғалдылығынан жауын шашын мөлшері 1, 5-2 есе өскені байқалады.
Салыстармалы жауан шашын мөлшерінің аздығынан ауа ылғалдылығы 30-60%. Ең жоғарғы көрсеткіш қаңтар айында 68-75%. Жаз мезгілінде шілде тамыз айларында 33-63% құраған.
Жұмыс-ауданы желді, үлкен ауа ағынының әсерінен жиі күшті жел соғып тұрады. Жел бағыты шығыс және оңтүстік шығыс бағытта. Жел жылдамдығы жыл бойы өзгеріп тұрады. Қыс мезгілінде жел жылдамдығы 5-7 м/с жетеді және жылдамдығы 25 м/сек болатын боранды желдер соғады.
Өсімдіктер аз кездеседі, осы шөлейт ауданға бейімді сексеуіл, түйе тікенегі.
Қарастырылған географиялық аймаққа бесімді жануарлар қоян, тышқандар.
Хабарласатын жолдар нашар дамыған маңындағы елді мекендермен қатынас тас жол арқылы жүргізіледі. Жаз мезгілінде және күздің екі айында. Бұл жолдармен барлық көліктер емін еркін жүре алады, ал қыс мезгілінде және көктем айларында қардың боран үйіліп қалуына, әрі оның еруіне байланысты көлік қатынасы қиындайды. Көптеген қиыршық тасты жолдар ауданды әр бағытта кесіп өтеді.
Гидрографиялық байланыс және таза, су көздері толығымен кездеспейді. Техникалық су және ауыз суы автоцистеналармен тасымалданады. Егер техникалық, су жеткіліксіз болатындай жағдай түса, онда 190 м тереңдіктен гидрогеологиялық ұңғыма қазу жоспарланады.
Ауыз суды көлікпен Опорный станциясынан жеткізіліп отырады.
Бұрғылау ерітіндісін бұрғылау орнында материалды техникалық қамтамасыздандыру базасынан әкелетін материалдардан дайындаған жөн.
Электр қуатын ДВС қондырғы қамтамасыз етеді, басқармамен байланыс радиостанция көмегімен орындалады.
- Кен орнының қысқаша тексерілу тарихы
Толқын кен орнының ашылуы аса көрнекті жаңалық болды. Оның себебі оқымыстылар мен мамандардың 3500 метр тереңдікте және одан да терең жатқан жыныстарда мұнай бар деген болжауларынан бастады 1991 жылы осы кен орнынан 3500 метр тереңдікте мұнай газды фонтан алынды.
Ашылған кен орынды пайдалануға даярлау кезінде болатын бүкіл өндірістік техникалық шараларды басқару үшін «Толықнмұнай» бірлестігі құрылды. Бірлетікмердің ұжымдары «Толықнмұнай» бірлестігінің барлық өндірістік-техникалық қызметтерін жұмысшылармен және инженер-техникалық мамндармен қамтамасыз етуіне көмектеседі.
Толқын кен орнында жұмыс жүргізіп жатқан бұрғылау жұмыстары басқармасының инженер-техникалық мамандарымен жұмысшылар бұрғылау жұмыс жоспарларын табысты орындады. Сонымен қатар кен орының өндірісте пайдалану мәселені де бірге шешілді. Кен орының ауданында бұрғылау жұмыстары басқармасының техникалық базасы орналасқан. Сонымен қатар сол жерде инженер техникалық және диспечерлік қызметтердің орталығы орналасқан.
Кен орында зерттеу жұмыстары кезінде төменгі бор, триас шөгінділерінде мұнай бар екендігі анықталды.
- Стратиграфия
Триас жүйесі Т
Триас жүйесінің шөгінділері екі бөлімен тұрады жоғарғы және ортаңғы.
Ортаңғы триас Т 1
Ортаңғы триас шөгінділері сұр, ашық-сұр, қара-сұр түсті вулланогенді-карбонатты жынстарынан тұрады.
Құмтастар-ұсақ орташа түйіршекті салмақты, жарықшақты слюдалы, полимитті цемент сазды, регенерационды кей жерде карбонатты конформационды, карбонаттық материалдың құрамдық мөлшері кей кезде 30 % жетеді. Жарықшақтарда қышқылданған битум бар. Алевролиттер ұсақ және орташа түйіршекті, жұқа қабатты, сазды слюдалы, полимиккті, әк тасты қабатшалары бар.
Аргилиттер-жұқа дисперсті микроқабатты ке жерлерде алевролитті, құрамында органикалық заттар аралас карбонаттар кездеседі, пирит және кварц дәндері тағы кездеседі.
Әктастар көп жағдайда микро және ұсақ түйіршекті, ұсақ кристалды, салмақты криминдті, пилитоморфты, сазды, доломитті. Ұасақ кристалды әр тектілігіне қарамаста, әк тастар кесектерде кездеседі.
Әктастар-органогенді-детритті, остраходты түрден орташа және микрокристалды әртектілікке ауысады, осы доломиттің кей бөліктері кремидтері, осал битумды. Туфты құмтастар, туфты аргилеттер, түффиттер, түфтар осал қабатшалары кездеседі. Әктастар пилитомофты ұсақ түйіршекті, осал доломитті.
Доломиттер ақшыл қоныр, кеуекті, кристалды, және балдырлы әк тасты қабатшалары кездеседі. Тағы түф және түфты құмтастар байқалады.
Доломиттер кесекті-ақшық қоныр құрамында органогенді балдырлы дитрит қоспалары кіреді. Кесектер политоморфты доломиттер мен қаланған. Кей бөліктерінде горизонтальды қабат тастары кездеседі.
Түфтар сұр және көгілдір сұр, кристалды, және ватроластикалық түрден шаң тозаң әр тектілікке, ауысып отырады. Туфтар әр деңгейді карбонатталған, кейде тең емес доломиттелген, гидрослюдталған.
Ортаңғы триас жыныстары жарықшақты болып келеді. Жарықшақтарда кальцит, кварц кейде қышқылды битум болады. Шөгінді кеуекті жарықшақты және коллекторлы түріне жатады.
Ортаңғы триас жүйесінің қалыңдығы 480-630 метрге жетеді.
Жоғарғы триас Т 2
Жоғарғы триас шөгіндісінің едеуір бөлігі аргилиттерден, алевролиттерден, құмтастардан тұрады. Кейде осы ортектілік құрамында, яғни нақты түрде тілменің төменгі бөлігінде гравелиттер қабатшалары кездеседі. Тілменің жоғарғы бөлігінде линзалы көмір қабатшалары кездеседі. Гравилиттер құрамында кесек жұмыр тастар кездеседі.
Көп жағдайда жыныстар сұр-қара, сұр түсті болып келеді. Вулканогенді шөгінділер және құмтастар және алевролиттердің кей түрлері сұр-жасыл, жасыл түсті.
Алевролиттер жұқа- ұсақ түйіршекті, тығыз жұмыр кей бөлшектері қабаттасқан, полимикті, цемент сазды гидрослюдалы.
Құмтастар ұсақ орташа дөректі түйіршекті салмақты, жарықшақты, полимикті. Кесекті материал құрамына кварц, дала сипаты, силлициттер, титан минералдары, қабыршақ слюдалар сазды тақтататстар кварциттер кіреді. Цемент қабыршақты, гидрослюдалы сазды.
Туфты гравилиттер кесекті эфузивтерден туфогенді материалдармен цементтелген кварцтардан тұрады.
Кей жерде жұмыр тасты кантомератқа ауысып отырады.
Жоғарғы триас шөгіндісінің қалыңдығы 420-490 метр аралығында.
Юра жүйесі J
Юра жүйесінің шөгіндісі толық үш бөліктен тұрады, төменгі, жоғарғы және ортаңғы.
Төменгі бөлім J 1
Юра шөгіндісі негізінде құмтасты-ұсақ жұмыр тасты базалып қабаты жатыр. Қимада құмтастар, алевролиттер, саздар, аргелиттер кезектісп кездесіп отырады. Құмтасты алевролитті және сазды жыныстар қабаттарының қалыңдығы кей жерде 10-20 м жетеді. Яғни құмтас және саз, қабаттарының құрамында микротпарлар кездеседі.
Құмтастар сұр, ақшыл-сұр, ұсақ орташа жиі үлкен түйіршекті, жақсы талданған, қатты, қиыршық тас аралық, құмтастар полимикті кварцты, кварц дала сипаты, алевролдит сазды, сазды-хлоритті және сазды карбонатты цементі мен осал және орташа цементтелген цемент қабыршақ және жапсар көрсетілген.
Алевролиттер құрамы жағынан құмтастарға ұқсас келеді.
Саздар сұр, қара-сұр, тығыз аргилиттекті құмтасты, кей жерде алевролитті, сұр алевролит және ұсақ түйіршекті құмтастар қатпарлары кездеседі. Саз материал құрамы гидрослюдалы каолинитті. Кей саздар осал карбонатты, көмір затының секпелі бар.
Аргелиттер жұқа тізілген, қабыршақ текстуралы. Үлкен кесектерінде жылтыр беттері көрінеді. Төменгі Юра қабатының қалыңдығы 130-140 метр аралығында.
Ортаңғы юра J 2
Ортаңғы юра бөлімнің құрамында дален, Байос, Бат ярустары ерекшеленеді.
Дален ярусы J 2 dаI
Қабатты әртүрлі түйіршекті құмтастар құрамында саз линзарлары және ұсақ түйіршекті кантоломерат қатпаларды кездеседі.
Құмстар сұр, сары-сұр, ұсақ орташа және үлкен түйіршекті, кей жерде сазды зат қоспасы бар, осал және орташа қаттылықты, Баритты, сазды-хлоритті, сазды цементімен цементтелген. Тілменің жоғарғы бөлігінде құмтастар сынық заттармен өосылып ұсақ түйіршекті күйде кездеседі.
Саздар сұр, қара-сұр, аргилиттекті, әр деңгейлі құмтасты және алевролитті, осал карбонатты, карбонатты емес тығыз, құрамы жағынан саздар хлорит және каолинитті қоспасы бар гидрослюдалы.
Конглометтар жарты бұрышты, бұрышты кремни сынықтарынан тұрад. Құрамына кварц және ұсатылған құмтас жыныстарда кіреді.
Дален шөгіндісі әсіресе сазды әртектілі құрамында өсімдік органикасы жайылған және бөлек көмір қатпарлары кеөзедесі.
Кездесетін алевролиттер қабаттары сұр, қара-сұр, түсті, тығыз, қатты, құмтасты сазды. Кесектерде кварц слюда, дала сипатты.
Қабат қалыңдығы 260-300 метрге жетеді.
Байос ярусы J 2 b J
Құмтастар, алевролиттер, саздар ауысып кездеседі. Кей жерде мергел, көмір қатпаларлары кездеседі. Жыныстардың ауысып кездесуінен олар жұқа қабатты. Байс ярусының төменгі бөлігі сазды, линзалы қатпарлардан құмтасты алевролиттер жыныстар жайылымы осалдау үлкен алевролитті жыныстарынан құралған. Саздар бұл жерде, қалыңдығы 5-10 метр болатын қатпарлар түрінде кездеседі. Жыныстар құрамында органика және көмір қатпарлары кездеседі.
Құмтастар сұр, сары-сұр, ұсақ және орташа түйіршекті, сазды-алевролитті, ылғи алевролитке ауысып отырады. Құмтас құрамы полимикті кварц дала сипатынан, слюда және серицит жыныстарынан құралған. Түйіршектер бұрыштары жұмыр. Ауыр фрацияда титан магнетит көбірек.
Алевролиттер-сұр, орташа және ұсақ түйіршекті, полимикті, құрамы және жыныс құраушы минералдар пайызына қарай алевролит құмстарға жақын. Жыныс құраушы минералдар кварц, дала сипаты жыныс сынықтары цемент серицит хлоритті қабыршақ.
Саздар қара-сұр, құрамында әр мөлшерде құмтастар мен алевролиттер кездеседі. Өсімдік органикаға бай. Саздарда сепициттердің бөлінуі мен хлоритизация көрінісі байқалады. Құмстар цементі жапсар және қабыршақ типті.
Байос шөгіндісінде құмтастардың орташа түйіршекті және ұсақ түйірлердің көп бөлігі кеуектілік қасиетіне ие.
Байос жүйесінің қалыңдығы 370 м жетеді.
Бат ярусы J 2 b J
Бат ярус шөгіндісінде құмтастар, саздар алевролиттер жиі араласып кезектесіп отырады.
Құмтастар сұр, қара-сұр, сары-сұр, ұсақ түйіршекті, кейде жерде орташа түйіршекті, алевролит-сазды алевролиттерге ауысып отырады. Түйіршіктер пішіні жартылай бұрышты, жартылай қажалған. Полимикті кварцты, дала сипатты, кварцитті, эффузивті кварцтар жиі регинирленген, дала сипатынан құралып түзілген цемент сазды, жапсар түрлі карбонатты.
Құмтастар көп жағдайда кеуектілік қасиеті байқалады. Алевролиттер құмтастар құрамына ұқсас келеді. Олар құмтасты, жиі сазды болып келеді. Кей кесектерінде хлоритизация көрінісі байқалады. Микро түйіршекті сидериттің бөлінуі байқалады. Цемент сазды, кальцитті. Үлкен түйіршекті алевролиттер осал кеуктілік қаситіне ие. Саздар қара-сұр, сұр, тығыз, қара қоңыр, жасыл-қара, каолинит-хлорит-гидрослюдалы аралас құрамды. Құрамында жиі вулканогенді әйнектер кездесіп отырады.
Бас жыныстарында көптеген көмір тақтатастар, шірілген өсімдік детритті, флораның үлкен қабат осылар болғандықтан көмір жыынстар көрінісі туады.
Бат шөгіндісінің қалыңдығы 270 метрді құрайды.
Жоғарғы Юра J 3
Жоғарғы юра тілмесінде келловей, оксфорд және кимеридж ярустары ерекшелінеді.
Келловей ярусы J 3 сI
Келловей ярусының шөгіндісі алевролит құмтастар қатпарлары бар саз қабат қалыңдығынан тұрады.
Саздар жасыл-сұр, қара-сұр, тығыз алевролитті осал құмтасты. Монтмориллонитті-гидрослюдалы палыгорскитті құрамды. Саздар көпшілігі аз карбонатты және карбонатты емес әртектілікпен көрсетілген. Бірақ тілменің жоғарғы бөлігі құрамында карбонат өсіп осы жерде мергель қатпарлары кездеседі.
Құмстар-сұр, жасыл-сұр, қара-сұр, жиі ұсақ түйіршекті, құм тасты алевролитті, түйіршек пішіні бұрышты қажалған, бұрышты құмтастар мен алевролиттердің жыныс құраушы минерлард кварцтан және дала сипатынан тұрады. Петрографиялық құрамында едәуір орынды кварц сынықтары, кремни жыныстары, слюдалы тақтатастар мен эфузивтер алады. Құмтастар мен алевролиттердің цементтелу деңгейі әртүрлі цемент сазды, сазды, карбонатты, карбонатты базальтты және қабыршақ түрлі. Сондықтан тығыздығы мен кеуектілігі кең өрісте өзгеріп отырады. Қосымша қарастырылған келловей шөгіндісінде құрлық және теңіз флорасының көптеген қалдықтары кездеседі.
Алевролиттер жасыл-сұр, сұр, ұсақ және әр түйіршекті құмтасты, полимикті, сазды және карбонатты цементі мен цементтелген.
Литологиялық ерекшелігімен келловей ярусының тілмесі үшін үш бөлімге бөлінеді.
Төменгі-сазды, құмтасты-алевролитті жыныстар қалыңдығы 1 метрге дейінгі жұқа қатпарлар түрінде.
Ортаңғы бөлігінде сазғы қарағадн құмтастармен алевролиттер едәуір жоғары.
Жоғарыда аз көп кездеседі. Бұл саздың қабатында мергель қатпарлары кездеседі.
Келловей ярусының қалаңдығы 195 метрге дейін.
Оксфорд ярусы J 3 ох
Оксфорд ярусы, әсіресе төменгі бөлігінде сазды қабаты басым, сазды карбонатты шөгіндісі ретінде берілген.
Саздар-сұр, қара-сұр, жасыл-қоңыр-сұр мергелді, алевролитті, аз құмтасты, тығыз. Құрамында палигорскит қоспасы бар гидрослюдалю монтмориллонитті. Кей жерде перит, сидерит кездеседі. Карбонат кальций басым болғандықтан саздар біртен мергелге ауысып отырады.
Мергелдер көбінесе пелитоморфты-микротүйіршекті құрылымды болып келеді. Олар көбінесе алевролит затының қоспасы бар сазды кальцитты, жарықшақты.
Мергельден бұрын көбінесе таза және сазды әк тасты қатпарларды кездеседі. Олар пелитоморфты және ұсақ түйіршекті құрылымды. Мергель сияқты оларда да теригенді зат құрамы ұқсас келеді. Әк тастар жарықшақты. Жарықшақтар кристалды кальцитпен толы.
Кей жерде оксфорт ярусының тілмесінде алевролиттер мен құмтас қабатшалары кездесіп отырады.
Құмтастар ұсақ-түйіршекті, ақшыл-сұр, сұр және қара-сұр түсті. Полимикті, салмақты құмтастар кварцтан, дала шпатынан, жиі микроклиннен және ортаклаздан және де эффузивті бөлшектерден, кварциттен және сазды-кремнии жыныстарынан хлориттен және пириттен құралған цемент сазды карбонатты және таза кальцит.
Алевролиттер ұсақ және әр түйіршекті ақшыл сұр және қара сұр түсті, жұқа қабатты полимикті. Алевролит құрамында мускозит қоспасы бар кварц дала сипаттары, биотиттер, хлориттер кездеседі.
Оксфорт шөгіндісінің қалыңдығы 215 метр.
Кимеридж-титан ярусы J 3 кm+tt
Бұл ярус шөгіндісінде, органогенді бөлшекті афанитовты және ұсақ кристалды, доломитті және қатты кристалданған, доломит, мергель, саз, алевролит және құмтас қатпарлары бар әк тастар басым кездеседі.
Әк тастар негізінен органогенді әртекті жиі ұсақ кеуекті 35-55% кристалданған инетерлі брахиолод және тағы басқа қалдықтар құрайды. Қоспа ретінде бұрышты және дұрыс емес пішінді кварц түйіршектері фосфориттер және жайылған пириптерден тұрады. Тілменің жоғарғы бөлігінде доломиттердің ұяшықтары болғандықтан әк тастар структурасы шұбар секпілген ие болады.
Осымен қоса әктестарда алевролит затының кішкене қоспасы кездеседі.
Доломиттер жиі әкті пеликті органогенді бөлшекті структуралы. Доломиттерде аутигенді халцедонның ұяшықтары аутигенді пириттің және фосфаттың үлкен түйіршіктері кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz