Тұз асты түзілімдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Есеп беріліп отырған жұмыс Орал-Волга өзенаралық бөлігінің батыс зонасындағы Басқынчак-Азгир төңерегінде ОГТ әдісімен сейсмикалық зерттеулер өткізудегі геологиялық тапсырмаға сәйкес, ПГО «Қазгеофизика» Атырау геофизикалық экспедициясымен келісім-шарт бойынша, «Запприкаспий-геофизика» тресінің күшімен орындалды. Тапсырма Атырау геофизикалық экспедициясының геологиялық барлау жұмыстарының объектілерінің жоспары негізінде оған қоса, хаттамада көрсетілгендей ЭПГ тресінің жұмыс жоспарымен келісіліп берілген.

Геологиялық тапсырмаларда зерттеулердің екі негізгі этапы көрсетілген. Бірінші этапта, 1989 жылы, Бұлақ-Кемер алаңында МОГТ профилінде желілерді детализациялау жұмысы объектіні терең бұрғылауға әзірлеу мақсаты жоспарланды. Екінші этапта, 1990 жылы, аз зерттелген, үлкен көлемдегі Басқынчак-Азгир зоналарында МОГТ профилінде іздеу желілерін жасау белгіленді. Территорияны рекогносцировкалау, тұз астындағы және тұз үстіндегі қабаттар кешенінде түзілімдер объектілерін табу мақсатында, болашақтағы мұнай және газ тұтқыштарын іздестірудегі перспективті көз қарасы.

Алайда, 1990 жылға «Заприкаспий» тресінің жұмыс көлемі мен ассигнованияның бірден артуы салдарынан, Атырау облысынан тыс өңірдегі геологиялық тапсырма өзгертілген. Одан зерттеудің екінші этапы, 1990 жылы Басқынчак-Азгир зонасы көлемінде жүргізілген іздеу жұмыстары (қосымша 1) алынып тасталынды. Сондықтан, осы беріліп отырған есеп тек қана 1989 жылғы Бұлақ-Кемер алаңындағы детализациялық түсірімдердің жұмыс нәтижелері бойынша жасалған.

Жұмыс ауданы қазіргі заманның геофизикалық әдістері мен бұрғылаулары бойынша аз зерттелген ауданға жатады. Сонымен қатар, 1983-1985 жылдары Волгоград НВНИИГГ геофизикалық экспедициясы жасаған сирек кездесетін рекогносцировалық кескіндер, тұзүсті түзілімдер комплексінде бірнеше перспективалық, көмірсутегілер тұтқыштарын іздеу объектілерін ашты. Олардың ішінде тұзды карниздер, тектониялық бұзылулар мен тұзды жарларға кіріп жатқан қабат аралық мұнай және газ тұтқыштары, күмбез аралық антиклиналилер бар. Осы объектілердің қазіргі заманғы бұрғылауға жататындығын және дамыған қайта өңдеу мен өндіру Астрахан газконденсатты комплексіне жақындығын ескеретін болсақ, бұл объектілер өте үлкен қызығушылық туғызады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, «Заприкаспийгеофизика» тресінің алдына табылған тұз үсті объектілерін детализациялау мен оны іздестірудегі бұрғылауларға әзірлеу міндеттері қойылды. Жекелеп алғанда, осы жасалған есепте бор және юрск жасындағы түзілімдер кешені бойынша брахиоантиклиналь болып келетін Бұлақ-Кемердің күмбез аралық құрылымын бұрғылауға әзірлеу міндеті шешілді.

1989 жылы жүргізілген далалық жұмыстар көп кезекті кескіндеу (МОГТ) әдісі бойынша біротрядты партияның күшімен жасалынды. Орындалған далалық жұмыстардың көлемі - МОГТ кескінінде 220 км 24 рет қайталанады. Алынған материалдарды өңдеу мен интерпретациялау 1989-1990 жылдары ГПМО тресінің ЗПГ іске асырылды. Жұмыс қорытындысында Бұлақ-Кемер құрылымыныың антиклинальды көлемінде іздеу құбырларының тереңдегі қабатқа салынатыны туралы паспорты дайындалды.

Зерттелу алаңы әкімшілік бөлінулері бойынша Қазақстан Республикасының Атырау облысының Тенгиз ауданында орналасқан (1. 1 сурет) .

Жұмыс алаңы географиялық қатынас бойынша Каспий маңындағы ойыста, Орал-Волга өзен аралығының батыс бөлігінде жатыр. Зерттеулердің географиялық координаттары: 47 0 52 ' c. к., 47 0 21 ' ш. б. 48 0 00 ' с. к. 47 0 15 ' ш. б. 48 0 06 ' c. к., 47 0 28 ' ш. б. ; 47 0 58 ' c. к., 47 0 35 ' ш. б.

Жұмысты жүргізудің календарлық мерзімі: далалық жұмыстардың басталуы - қыркүйек 1989 жыл, камеральдық жұмыстардың басталуы - қыркүйек 1989 жыл, камеральдық жұмыстың соңы - маусым 1990 жыл.

  1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1. Географо-экономикалық жағдай (ауданның физико-географиялық және экономикалық сипаттамасы)

Территория Орал-Волга өзендері аралығында орналасқан және әкімшілік бөлінулері бойынша Қазақстан Республикасының Атырау облысының Тенгиз ауданына жатады (1. 1 сурет) . Жұмыс алаңы жал-жал болып үйілген қозғалмалы құм-дөңдер (Рын-пески) мен тұзды саз жерлерге ұласатын, шөлайтты ойпат жазықтығында орналасқан. Локальды көтерілімдердің абсолютті белгісі плюс 20 м, төменгі жерлері - минус 10 м. Кеприктердің күндізгі үстіне шығу аудандарында, гипс пен ангидриттер қабатталған, карст воронкалары 10 м тереңдікте таралған. Тұзды саз (солончак) жүйесі дамыған. Өсімдіктері шөл мен шөлайтты зоналарға тән.

Табиғаты бірден континентальды. Температураның экстремальды түсіп-көтерілуі: плюс 45 0 С, минус 30 0 С. Атмосфералық ылғалдың түсу көлемі жылына 300 мм. Жазда шаңды құйындар жиі болып тұрады.

Жұмысты жүргізу жағдайы П. (60%) және Ш. (40%) қиындық категорияларына сәйкес келді.

Топографо-геодезиялық жұмыстары қиындық категориясының П. жағдайында орындалды.

Жобаланған алаңнан периметрі бойынша 15-20 шақырымда келесі ауылдық пункттер орналасқан: Сүйіндік, Жалғызапақ, Балқұдық, Азгир. Орталық ауданы Ганюшкино, оларды грунтты жолдар қосып жатыр. Ресей Федерациясының батыс шекарасында 50 шақырымында Верблюжья темір жол станциясы бар.

Территория алаңында сумен қамтамасыз ететін ешқандайда құрылыстар жоқ. Тұщы (ауыз) сумен көптеген құдықтар қамтамасыз етеді. Техникалық сумен қамтамасыз ету көзі гидрогеологиялық құбырлар болып табылады.

Басқа да кез-келген жер асты сулары сияқты, Каспий аймағындағы жер асты сулары да бірінші кезекте физика-географиялық (жер бедері, климат, жер бетіндегі сулар) және геологиялық сияқты әртүрлі табиғи факторлар әсерінен құрылып пайда болады. Сонымен әр түрлі аудандарда ең бастысы болып факторлар бірінен кейін бірі, өзара бір-бірімен күрделі түрде сәйкестеледі. Олардың гидрогеологиялық процестерге бағытталу әсерін анықтау үшін жалпылама байланыстардан жекелеген факторларды бөліп алып және оларды өз бетінше қарастыруға тура келеді.

Физико-географиялық факторлардың гидрогеологиялық рөлі әрқалай күрделі. Жер бедері геоқұрылымды және топырақ-ландшафты факторлармен қосылғанда гидрогеологияда климаттық және гидрологиялық түрбөлшектердің өзгеруіне әсер етеді. Климаттың кейбір түрбөлшектері (атмосфералық жауын-шашын, ылғалдану факторлары) жер асты суларын толтыру жағдайымен, ал басқалары (булану немесе булануы) олардың жоғалуымен анықталады. Жылу факторлары оларды күшейтеді немесе әлсіретеді. Жер бетіндегі сулардың жер асты суларына әсері алаңға байланысты, жердің биіктіктегі орны, климаттық зоналар мен ландшафттық жағдай кешенімен анықталады.

Көпжылдық, жылдық және науқандық кескінде аймақ бойынша және оған жақын орналасқан аудандардағы негізігі физика-географиялық көрсеткіштердің өзгеру сипаты, кеңістіктегі орны, олардың жер асты суларының тарауы мен олардың пайда болуы жеткілікті түрде қарастырылғанын атап көрсетеміз.

Аймақтың климатының құрғақшылығы оның жер беті суларына тапшылығымен байланысты. Өзен жүйелері оның Орал өзенінің салаларында тұрақты ағымы бар солтүстік бөлігінде ғана дамыған, басқалары кішігірім өзендер және көптеген уақытша су ағымдары олардың дельталарында жоғалып отырады. Аймақтың ең ірі су қоймасы Каспий теңізі, дүниежүзі бойынша континенттер ішіндегі көлдерден көлемі жағынан бірінші орын алады. Басқа дельта маңындағы көлдер мен соңғы көл тәріздес уақытша су ағымы кішігірім, жаз айларында тез кеуіп қалады.

  1. Геолого-геофизикалық зерттелуі

Жұмыс алаңы төңірегінде геолого-геофизикалық зерттеулер қорытындысы 1. 2 кестеде көрсетілген.

Алынған жаңа геофизикалық материалдар мен бұрғылау материалдары дислоцировалық Басқынчак зонасының геологиялық құрылымы туралы мәліметтерді толықтырады. Шындығында, 1988 жылы іздестіру бұрғылауға Басқынчак маңында триасалық қиықформасы әзірленген. Жобалы 5200 м тереңдікте тирассалық қабаттарды ашу мақсатында 1-Басқынчак маңында терең параметриялық құбыр қойылды. Құбырда көлденең толқын мен кескіннің ашылған бөлігіндегі литологияның жылдамдығы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік берген, ГИС (5000 м тереңдікке дейін) және ВСП (3900 м тереңдікке дейін) бақылаулары жасалынды. Терригенді триассалық қабаттардың 3906-3908 м тереңдігінен мұнай белгілері бар керн шығарылды. Осыған байланысты зерттелу ауданына деген қызығушылық біршама артты. Алайда, триассалық қабаттар бойынша 2004 м жүргеннен кейін, төселген қалық қабатқа жетпей, 5000 м ұңғымадағы бұрғылау тоқтатылды. ВСП мәліметтері 1. 3 суретте келтірілген.

1989 жылы «Заприкаспийгеофизика» тресті бір партияның күшімен дислоцировандық Басқынчакско-Азгир зонасы маңында сейсмобарлау жұмыстарын қайта бастайды. Бұл жерлерде іздестірулермен қатар Бұлақ-Кемер күмбез аралық антиклинальды құрылымна тиянақты зерттеулер жүргізіледі, сондай-ақ Бұлақ-Кемерге ұқсас ертеректе тұз асты түзілімдерінің қиындау құрылысы белгіленген, көршілес Батыс-Азгир мульды төңерегінде де жұмыстар жүргізілді.

Жұмыс территориясы геологиялық жағынан алып қарағанда Сарпин мегасының шығысындағы Басқынчак дислоцировалық зонасы маңында орналасқан.

Қабаттардың негізгі құрылымын түзілімдер қабатына тоқталамыз.

Бірінші кезекте тұздар, бұлар Каспий маңында тұзды қырқалар (штоктар) түрінде болады, қиылыстарында ірі тұзды күмбез-массивтерін түзеді және күрделі жүйені құрайды. Олардың бетіндегі гипсометрия бірден өзгереді. Кейбір жағдайларда олар шөгінділер қабатын жауып жатқан қабықты бұзып күндізгі беткі қабатына шығады (Басқынчак көлінің шығысына қарай Вак-Тау тұзды қатар) .

Зерттеліп отырған территориядағы тұзды массивтер (Успенский мен Болхунскийден, Западныйдың батысында және Шығыс Азгирлердің шығысында) әртүрлі көлемдер мен конфигурацияларға ие. Күмбез аралық кеңістікті атқаратын, тұз үсті түзілімдері кешенінің морфологиялық астасу ерекшеліктерін анықтайды. Және де осы күмбездер мен қырқалар келбетін де. Ең қызықтысы сенімді мұнай мен газ тұтқыштарын жасай отырып шөгінді қабатсының мульдынан, күмбездер мен жарлар экран құрады. Өз бетінше іздестіру қызығушылығы және тұзды карниздер, кейбір жағдайларда Орал-Волга өзендері аралығының оңтүстігінде (Новобогатин күмбезі, Доссор және басқа да күмбездер) мұнай кен орындары өнеркәсіппен байланысты. Сонымен қатар, мезакайназойлық үстіңгі тұзды қабат кешені мен тұзды денелердің өзара қатынасы. Күмбез аралық кеңістікті атқарушы және күмбездердің алдын жабушы, көп түрлі формалар мен құрылымдық, құрылымдық емес тұтқыштар типтерін жасайды.

Тұз үсті кешені негізінен, терригенді жыныстарымен, карбонаттар қабаттарымен өте күрделі. Оның қалыңдығы, тұзды массивтерде, өте кең көлемде ауытқиды (бірнеше ондаған метрден бірнеше километрге дейін) .

Тұз үсті кешенінің құрылымы туралы жұмыс алаңына жақын орналасқан жерлерге қарап айтуға болады. 1-Верблюжья құбыры, күмбез-штоктарымен аттас бұрғыланған бөлігі. Құбыр 1782 м белгіде тұз қабатын ашып, 1818 м белгісіне дейін жетті. Қуаттылығы 84 м қалқатас төменгі триасаның Т 1 (?) ветлуж сериясының 50 метрлік терригенді қапшығымен алдын-ала жабылды.

Ветлужский терригенінің шайылған беткі қабатында қуаттылығы 222 м ортаюрск (J2) жыныстары байос-ааленский және жоғарғыбайосский ярустары, төменгі бөлігінде (байосс+аален) литологиялық түрінде болатын балшық пен құмайтастар аздаған қабаттары құмдақ болып келеді. J2 в, а түзілімдері нысаналы және каротажды диаграммада ПС (граф. қосымша 2) ең тереңгі минимумуна дейін сенімді түрде сәйкестендіріледі. Жоғарғыбайосский шөгінділері J2 В2 құмды-саз жыныстары қалыңдығы түрінде саз фациялар мәнінде болады

Жоғарғы юрск таужыныстары келловей мен оксфорд ярустары көлемінде жоғарғы байосстың шайылып кеткен бетінде жатады. Құмды-саз таужыныстары азадаған құмды, литологиялы түрінде болады. Жоғарғы юраның қалыңдығы құбыр бойынша 51 м құрайды.

Бор жасындағы түзілімдер пайда болған юрскіде трансгрессивті түрінде және төменгі, жоғарғы бөлімдерінде көрсетілген. Төменгі бөлім құмды-саз таужыныстары қабатымен қатталған. Ал жоғарғы бөлімі негізінен, қалыңдығы 518 м құрайтын карбонатты қабаттан тұрады.

Жоғарғы бордың шайылған бетінде палеоген көнелік түзілімдер стратиграфиялық сәйкессіз түрінде болады. Олар негізінен, құбыр бойынша қалыңдығы 183 м құрайтын әртүрлі саз түрінде болап келеді.

Жұмыс территориясында неогенді түзілімдер өте кең тараған және жоғарғы плиоцен мен орта плиоценнің континентальды мүшеленбеген түзілімдер түрінде болады. Олар күмбез аралық дегрессияларда толығымен көрсетілген. Литологиялы дегеніміз бұл құм қабаттарымен және барлық бұрынғы түзілімдерінде жатқан калевролиттер, субгоризонтальды біртекті құмды қабат. Олардың қалыңдығы құбырда 541 м, ал жұмыс ауданында, 400-800 м ауытқиды, ал кейбір «жас» мульдтарда екі-үш километрге жетеді. Күмбездердің дөңбеккүмбез бөлігінде олар төртінші уақытта шайылған.

Мезозой және палеозой, палеогеннің шайылған бетінде трансгрессивті түрінде жатқан төртінші түзілімдер қимасымен аяқталады. Литологиялы түрінде саз, құм, Бакулік құмтастармен, хазарлық, хвалын мен қазіргі заманғы түзілімдер. Олардың қалыңдығы 1-Верблюжья құбырындада 136 м алаң бойынша 2 м 216 м дейін өзгеріп отырады (1-Басқынчак маңы құбыры) .

1. 2 Кесте. Ауданның геологиялық және жалпы геофизикалық зерттелуі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іздестіру жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері
Жұбантам алаңына барлау жұмыстарын жүргізу нәтижелері және өнімді беткейдің мұнай газ шоғырларын анықтау жұмыстары
Алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұ-най іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайту
Тұрлан геофизикалық экспедициясы
Башқұрт жікқабатының қалыңдығы 204 метр
Оңтүстік Матин мұнайы
Ақтөбе – Астрахан күмбезі
Ұңғыма саны
Жұмыстар нәтижесі авторы
Солтүстік Бозашы кен орнының игеру жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz