Пайдалану тізбегі мен газға геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру


Мазмұны
Кіріспе11
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ13
1. 1 Алаңның физикалық, георграфиялық, экономикалық жағдайлары13
1. 5 Мұнайгаздылығы51
1. 6 Жер асты суларының сипаттамасы57
1. 7 Газ қорларын есептеу61
1. 8 Жобалау, іздестіру жұмыстарының әдістері мен көлемі. 63
1. 8. 1 Іздестіру жұмыстарының мақсаты мен міндеттері. 63
1. 8. 2 Іздестіру ұңғыларын орналастыру жүйесі. 64
1. 9 Каспиймаңы ойпатының тұзасты қимасында рифтердің таралуы мен құрылысы (арнайы тарау) . 65
II ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ70
2. 1 Ұңғы бұрғылаудың геологиялық жағдайлары70
2. 2 Жуу сұйықтығының қатарының сипаттамасы72
2. 3 Ұңғылардың типтік контструкциясын дәлелдеу72
2. 3. 1Ұңғыма конструкциясын жобалау72
2. 3. 2 Эксплуатациялық бағандарды есептеу76
2. 3. 3 Эксплутациялық бағанды цементтеуді есептеу78
2. 4 Ұңғыма сағасының жабдықтау82
2. 5 Геологиялық-геофизикалық зерттеулердің жинағы82
2. 5. 1 Шламды және жыныс үлгісін іріктеу82
2. 5. 2 Геологиялық, геохимиялық зерттеулер83
2. 5. 3 Өнімді қабаттарды сынау мен бақылау86
2. 5. 4 Пайдалану тізбегі мен газға геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру88
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ90
3. 1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру90
3. 4 Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерді есептеу93
4 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ99
4. 1 Еңбекті қорғаудың артықшылығы99
4. 2 Өндірісте қолданылатын заттардың зиянды қасиеттері100
4. 3 Ұңғы сағасының жарылу және өрт қауіптілігі бойынша сипаттамасы100
4. 4 Газды және газды-конденсатты ұңғыларды пайлдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету101
4. 4. 1 Ұңғыларды меңгеру101
4. 4. 2 Ұңғыларды пайдалану103
4. 5 Өндірістік тазалық106
4. 6 Қоршаған ортаны қорғау107
4. 7 Әуе ортасын бақылау108
ҚОРЫТЫНДЫ110
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ112
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Мұнай және газ институты
“Мұнай және газ геологиясы” кафедрасы
ҚОРҒАУҒА РҰҚСАТ
Кафедра меңгерушісі
геол. минер. ғылыми
док. профессор
Г. Ж. Жолтаев
“” 2004ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ
Тақырыбы: “Перемет алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылы болашағы мен мұнай-газ кеніштерін іздестіру жұмыстарының жобасы”
Кеңесшілер: Жетекші геол. мин. ғылым
Геология бөлімі бойынша докторы, академик
Аманниязов К. Н. Аманниязов К. Н.
2004ж 2004ж
Техникалық бөлімі бойынша Студент: Нокерова А. Қ.
А. А. Исмаилов Мамандығы:180340
2004ж Тобы: ГНГ-99-1қ
Экономикалық бөлімі бойынша
С. Ж Хамимульдинов
2004ж
Еңбекті қорғау бөлімі бойынша
Ж. Т Тяжин
2004ж
Стандарттау
В. В. Шпынов
Пікір жазушы
2004ж
Алматы 2004
Қ. И. СӘтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
“Мұнай және газ геологиясы” кафедрасы
Мамандық: “1803 Мұнай және газ геологиясы”
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
(ғылыми . . . дәрежесі)
(қолы, аты-жөні)
(күні, айы, жылы)
СТУДЕНТТІҢ ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАСЫНА БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМА
1. Жоба тақырыбы
Институттың бұйрығымен бекітілген N
(күні, айы, жылы)
2. Студенттің жобаны аяқтаған мезгілі
3. Жобаны орындауға алынған мәліметтер
4. Есептеу-түсініктеме жазбасының құрамы (игеру сұрақтарының тізімі)
5. Графикалық сызбалар тізімі
6. Жобаның тараулары бойынша кеңесшілер
Тапсырма
қабылданды
Техникалық
Бөлім
Тапсырма берілген күні
Жетекші
(қолы)
Тапсырманы орындауға алынды
(қолы)
Күнтізбе жоспары
Диплом жобасының
саптық аттары
Географиялық-
экономикалық
жағдайлары
Геологиялық-
Геофизикалық зерттеу
Тарихы
Гидрогеологиялық
сипаттамасы
Іздестіру жобалау
жұмыстарының әдістерімен көлемі
Еңбекті және қоршаған
ортаны қорғау
Студент-дипломшы
қолы
Жобаның жетекшісі
қолы
АҢДАТПА
Дипломдық жобада Батыс-Қазақстанда орналасқан Перемет алаңында жиналған геологилық-геофизикалық мәліметтер негізінде газ іздеу жұмыстарының геолого-технико-экономикалық тиімділігі бекітіледі.
Жобалайтын алаңда жоғары перм калинов свитасы және карбоның визей-башкир ярусы түзілімдері өнімді болып табылады. Жобалау тереңдігі 4950 м, бес іздеу ұңғыларын тұрғызу болжанады (екеуі тәуелсіз, үшеуі тәуелді) . Жобалау беткейлері : жоғары перм (калинов свитасы) және таскөмір түзілімдері (визей-башкир ярусы) газдың С3 категориясы бойынша есептелген қоры 6 м3 құрайды.
АННОТАЦИЯ
В дипломном проекте обосновывается геолого-технико-экономическая целесообразность постановки поисковых работ на газ, на основе геолого-геофизических материалов, собранных по площади Переметная, расположенной вЗападно-Казахстанской области. На проектируемой площади продуктивны отложения калиновской свиты верхней перми и визейско-башкирского яруса карбона.
Проектируется заложение пяти поисковых скважин (две независимые и три зависимые) с проектной глубиной 4950 м. Проектные горизонты: верхняя пермь (калиновская свита) и каменноугольные отложения (визейско-башкирский ярус) .
Подсчитанные запасы газа категории С3 составляют 6 м3.
Графикалық тізімі
1. Аудан жұмысының шолу картасы.
2. Жобаланған литологиялық-стратиграфиялық қимасы.
Масштаб1:10 000
3. Каспий маңы ойпатының солтүстік - солтүстік бүйір (борт) белдемінің тектоникалық схемасы. Масштаб 1:500 000
4. “РК” шолу горизонты бойынша құрылымдық картасы.
Масштаб 1:50 000
5. I-I және II-II сызықтары бойынша геологиялық-геофизикалық профильдері.
Масштабы: көлденең 1:50 000
тігінен 1:20 000
6. Геологиялық-техникалық тапсырма. Масштаб 1:10 000
7. Негізгі техникалық, экономикалық көрсеткіштер.
Кіріспе
Қазақстан мұнай мен газдың қоры бойынша бай мемлекеттердің қатарына жатады. Оның территорясында ірі Каспий маңы мұнай газды провинциясы орналасқан. Соңғы жылдарда тұз асты палеозой түзілімдерінің қимасында Қарашығанақ, Тенгіз тағы басқа сияқты Қазақстанды алдыңғы мемлекеттердің қатарына қосатын мұнай мен газдың ірі кенорындары ашылған.
Каспий маңы ойпатының ашылған мұнай мен газдың кәсіпорындары тас көмір мен төменгі пермнің тұзасты карбонатты түзілімі, сол сияқты жоғарғы перм мен триастың тұзүсті түзілімдері дамыған оның бүкіл периметрі бойынша орналасады. Кенорнының таралуында нақты зыңдылық анықталады: ойпаттың солтүстік және солтүстік-шығыс бөліктерінде газды конденсатты (тұзастында) және газдылар (перм түзілімдерінде) басымырақ.
Деркул белдемінің шектерінде Перемет алаңын жобалау “Оралмұнайгазгеология” іздеу-барлау жұмыстарының жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Каспий маңы ойпатының жеке құрылымдық элементерінің мұнайгаздылық ерекшеліктерін ескере отырып жиналған геология-геофизтикалық материалдар оның шектерінде келесідегі мұнай газ жиналудың негізгі белдемдерін бөлуге мүмкіндік береді: Дарын-Деркул, Тепловск, Қарашығанақ -Қобыланды және тағы басқа.
Перемет жобаланған алаңы іргетастың Деркул құрылымдық көтерілімінде орналасқан және сипаты бойынша Ойпаңның солтүстік бүйір белдемінде орналасқан Тепловск және Қарашығанақ кенорындарына жақын келеді.
Геологиялық құрылысының күрделілігі бойынша алаң үшін литологиялық өзгергіштік сияқты орнын басу сол сияқты тектоникалық бұзылыс пен коллекторлық өнімді, қабаттардың ұстамсыздығы тән. Перемет алаңындағы іздеу жұмыстарына дипломдық жобаны құру үшін геологиялық - геофизикалық және кәсіптік материал “Оңт Қазнедра” территориялық геологиялық басқармасында өткен диплом алдындағы практикада алынған. Осы дипломдық жобамен 4300 ден 4950 м дейінгі тереңдіктегі 5 іздеу ұңғымасын бұрғылау қарастырылады. Алаңның болашағы жоғарғы пермнің калинов свтиасының түзілімдерімен және тас көмір мен төменгі пермнің визей-башкир ярустарының карбонатты түзілмдерімен байланысады. Зерттеліп отырған алаңның мұнай газдылығының болашағы анықталады, өнімді горизонттың таужыныстарының коллекторлық қасиеттері мен қиманың литология-стратиграфиясы зерттелінеді.
Дипломдық жобада бұрғылау жұмысатрының мөлшері, әдісі, тапсырмалары және іздеп бұрғылауды орнатудың дәлелі келтіріледі.
Осы алаңда газдың, кейде конденсаттың ашылған шоғырлары бұдан кейін болатын мұнай газ іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайтуға және осы аймақ бойынша газ қорларының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дипломдық жоба “Дипломдық жобаны құру үшін әдістемелік нұсқаулардың” талаптарына сәйкес құрылады.
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Алаңның физикалық, георграфиялық, экономикалық жағдайлары
Перемет алаңы әлуметтік қатынаста Қазақстан Респбуликасының Орал облысы Зеленов ауданында орналасқан.
Орографиялық қатынаста алаң өздігінен өзендік аңғарлар мен сайлардың жеке жоғарлауына жарылған жон-жоталы жазықтықты көрсететін жалпы қыраттың Оңтүстік сілемдерімен кездеседі. Жұмыс ауданы шектерінде жалпы қыраттың абсалюттік белгілері оңтүстікте +40м-ден, солтүстікте +170м-ге дейін өзгереді, тек кейде ғана жалпы көтерілімнен жоғары жеке төбелер кездеседі.
Сөйтіп, жұмыс ауданында Деркул өзенінің бастауынан солтүстікке қарай 251 м биіктікті, Ичка, 200м биіктікті Каменный мари тауы көтеріледі. Алаң шектерінде бедердің қатысты жоғарлауы 40-50м-ге жоғарламайды. Жұмыс алаңының оңтүстік шегі бойынша ағатын ірі өзен Деркул өзені болып табылады. Өзен аңғарлары терең ойылған аллювиальді түзілімдермен толған. Өзеннің қоректенуінің негізгі көздері - атмосфералық жауын-шашын мен грунт сулары бойынша шығады. Жаз кезінде құйылулар мен басқа өзендер құрғайды және өзендер мен тоғандардағы су тек тектоникалық мақсатқа ғана жарамды, оларға дейінгі арақашықтық 20 км-ге жетпейді, тасымалдау автотранспортпен (40%) қарастырылады. Жұмыстың тәжірбиесінен талап етілетін техникалық судың қалған 60%-ті 200м-ге дейін бұрғыланған сулы ұңғымалар есебінде жүзеге асыру жоспарланады.
Сумен қамтамасыз ету көздеріне келу тік жағалаулардың әсерінен қиын, ал лайсаң кезінде мүлде мүмкін емес. Ауыз сумен қамтамасыз ету-толық автокөлікпенпен. Орташа таситын арақашықтық 20 км. Техникалық сумен қамтамасыз ету жерасты суларының есебінен қамтамасыз етіледі. 65-тен 110м дейінгі тереңдіктерде сулы горизонттар неогеннің, бордың, юраның, триастың линза түріндегі құмдарына ұштасады. Судың дебиті бұрғылаудың қажет гидрогеолгиялық ұңғыма бұрғыланады.
Ауданның климат күрт континентальды, қысы суық, жазы ыстық және құрғақшылық 3-5 күн бойынша жалғасады. Жұмыс ауданында жел көбінесе оңтүстік бағытта және қыс айларында жазға қарағанда жел өте күшті, ақпанда 5, 9 м/с, ал тамыз және қыркүйек айларында 3, 6 м/с-ке жетеді. Көктем жаз кездері үшін желдер бағытын солтүстікке қарай өзгертеді. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 300мм жоғары және жылы кезде жауын-шашынның жылдық мөлшерінен сәуір мен қазан айлары бойынша 60-75%-ке түседі, аз мөлшері мамыр мен шілде айларында жылдық мөлшерден 35-75%-ке түседі. Қар жамылғысының орташа биіктігі 2м, қыстың соңына қарай 0, 25м-ге дейін тығыздалады; тұрақты қар жамылғысы 125-130 күн тұрады; топырақтың қату тереңдігі 1, 8м-ге дейін, қыстың аяғына қарай 1-ден 7, 5м-ге дейін. Жұмыс ауданында жыл бойында орташа жылдық температурасы 7 ай бақыланады, ал қалғаны кері температуралы. Ауа температурасының орташа жылдық ауытқуы қаңтарда минус 14, 20, ал шілде +22, 50-тан +29, 60-ке дейін, суықтарда температураның экстремалды мәні -40-440-ке дейін, ыстықта +44 +450-ке дейін, жылу беру мерзімінің ұзақтығы 176 күн, 15 қазаннан 15 сәуір аралығында. Бұл жерде негізінен далалық жануарлар бар. Олардың ішінде кеміргіштер де бар. Тоғандар мен өзен жағаларында құстар көп кездеседі.
Тұрғылықты халықтар - қазақ, орыс, украин. Аудан дәнді дақылдарды өсіретін ауылшаруашылық типіне жатады.
Облыс орталығы - Орал қаласы жұмыс обьектісінен 20км-де орналасқан. Жұмыс обьектісіне жақын және жұмыс обьектілерінен 5-20 км арақашықтықта орналасқан алаңдарда елді мекендер орналасқан: Семиглав Мар, Краснень, Чесноков и Камен (Шипово темір жол станциясы) . Жұмыс ауданының оңтүстігіне қарай Орынбор - Европалық бөлікті газ құбыры, Орал облысын кесіп өтетін Маңғышлақ - Күйбішев мұнай құбыры өтеді. Аудан орталығы қатты, жамылғылы жол бойынша облыстық автобустық қатынаспен байланысты, жұмыс алаңының шектеріндегі жолдар грунтты, көктем - күз мезгілдеріндегі лайсаңнан орташа ара қашықтықта экспедиция Деркул өзені арқылы өту қиын болғандықтан Шынжыр табанды транспортты қолдануымен қызмет етеді.
Бұл жерде материалды-техникалық қамтамасыз ету үшін жүк тасу экспедицияның базасында болады. Зерттеліп отырған алаңның жанынан темір жол өтеді.
Геологиялық-геофизикалық зерттелу тарихы.
Жұмыс ауданы кіретін Каспий маңының солтүстік территориясы кеңінен кешендік аймақтық және және іздеу геологиялық-геофизикалық зерттеулермен толық зерттелінген. Аймақтың жоспарлық геологиялық зерттеулері 1950 жылы карталық бұрғыланған кешендегі геологиялық түсірімдерінен басталған және осылардың нәтижелері бойынша плеоцен-төрттік түзілімдердің жабынан салынған 1:2 масштабтағы солтүстік бүйірдің геологиялық картасы жасалған.
Палеозой түзілімдері бойынша аймақтың геологиялық құрылысын зерттеу геолгиялық-геофизикалық зерттеулерді мкқсатқа сай жүргізуге мүмкіндік береді. Волгоград-Жадов кертпешінің жолағындағы Токарев аймақтың лықсымалар Чечкин, Камен, Марков және тағы басқа күмбездерінің құрылысын толық зерттеу жұмыс ауданы бойынша құрылымдық-геологиялық түсіріммен жүргізілген. 1952 жылы жұмыстармен 1951жылы зерттелген жұмыстар аяқталып, Токарев аймақтық лықсыманың жағдайы нақтыланды және оның тұзды күмбездерінің дамуымен сипатталатын Каспий маңы ойпатының оңтүстік және көтеріңкі платформалылығын бөлінетіні белгіленді.
70 жылдардың басында төменгі перм бүйірлік кертпешінің зерттелуі басталды. Жұмыс ауданымен көршілес алаңдарда Токарев, Цыганов, Дарин және тағы басқа сакмар-артин карбонатты кешені бойынша газды конденсатты кенорны ашылды. Негізінен Орал НРЭ -де жүргізілген бұрғылау нәтижелері бойынша солтүстік бүйірлік белдемнің геологиялық құрылысы таскөмір түзіліміне дейін түсіндірілген. Тұзасты карбонатты түзілімдері сыртқы бүйірлік белдемнің айтарлықтай қалыңдықты иеленеді, ал оңтүстік бағытта олардың қалыңдығы жұмыс ауданның алаңы орналасқан белдемде бүйірлік кертпештер қатарын түзе отырып, қысқаратыны белгіленген территорияның аэромагнитті, жұмыс алаңын қысқандағы зерттелуі 1951-1957 жылдары (ВНИИ Геофизика), 1958-1960жылдары (трест “Спец геофизика”) , 1963-1964жылдары (“Қазгеофизтрест”) 1:2 масштабтағы түсірімге дейін жүргізіледі.
Жұмыс алаңындағы 1:5 ірі масшатабтағы аэромагниттік түсіріммен 1980 жылдағы “Қазгеофизика”, ал ПГО қазақ аэрогеология - геофизикалық экспедициясының жұмыстары қамтылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде тереңдік жаралымдармен инверсиялы құрылымдары, іргетастың берік және мықты жекежондары бөлінген. Жұмыс алаңы электробарлау жұмыстармен 1952 жылы Нижневолж РГТ- дағы түсіріммен қамтылды. Жұмыс алаңы МТЗ- ЗСБ аймақтық профилдік түсіріммен электробарлау жұмыстарының кешендік программасымен 1978-1980 жылдарда Орал геофизикалық экспедициясымен қиылысады. Жүргізілген жұмыстармен зерттелген МТЗ әдісімен шөгінді жабынның қимасы мен Мохоровичича шекарасына дейінгі іргетастың қалыңдығы зерттелген. Қазіргі уақытқа дейін Орал облысының ауданында солтүстік бүйірлік белдемнің барлық алаңдары 1:2 алаңы тікелей 1:2 масштабтағы гравиметрлік алаңдық түсірімдермен және 1964-1965 жылдарда КГТ Оңтүстік-Қазақстан түсірімдермен қамтылады. Каспий маңы ойпатын жиектеу бойынша гравиметрлік зерттеулермен іргетастың тектоникалық құрылысының жағдайын ажырататын гравиметрлік саты белгіленген, сол сияқты тұзды күмбездерге сәйкес келетін ауырлық күштерінің минимумдары нақтыланды. Аймақтық және геологиялық барлау жұмыстарын шешу бойынша сейсмобарлау зерттеу әдістері болып табылады. Олар 70 жылдардың басында ОТНӘ әдісін тиімді қолдануда кеңіңнен дамыды және жұмыс алаңы бойынша алаңдық іздеу сеймикалық зерттеулермен алынған нәтижелерді нақтылау үшін, осы материалдарды ЭВМ-де өңдейді, құрылымның көрінуіне мүмкіндік туғазатын материалдар 1-1 кестеде көрсетілген.
С/п 84-85/75 іздеу сейсмикалық зерттеулері ОТНӘ бойынша 12-реттік жалпылауды қолданумен 187, 4 пог. км. көлемде жүргізілді. СП №84/83 зерттеу жұмысы, ОТНӘ бойынша 12 және 24 реттік жалпылауды қолданумен іздеу сипатында 190, 5 пог. км. көлемде жүргізілді. ОТНӘ бойынша 12 және 24 реттік жалпылауды қолданумен с/п №63-64/77-де 158, 2 пог. км. көлемде жүргізілген Деркул алаңында 1:5 жұмыстарының жалғасы болып табылады. Айтылған сейсмобарлау жұмыстарын қажетті ретте жүргізуде олар КМПВ-ні қолданумен орындалады. Бақыланған горизонттардың нақтылығы ВСП-нің зерттеулеріне, көршілес алаңдардағы бұрғылау жұмысатрымен, жұмыс аймағы бойынша динамикалық және амплитудалық белгілердің көрінуімен бақыланды.
Жалпы жұмыс алаңы 1, 5-3, 0 км арқылы профилдер торы бойынша 861км көлемде ОТНӘ сейсмобарлауымен КМПВ-да 0, 79, 9 км шығындар сол сияқты қамтылған. Оған аймақтық іздеу және толық барлау жұмысатары да кіреді.
Жұмыс алаңныдағы аймақтық сейсмикалық зертеулер 1972 жылы жүргізілді. Іле геофизикалық экспедициясы КМПВ аймақтық зерттеуді жүргізді. Оның нәтижелері бойынша ойпаң орталығына қарай іргетасы және тұзасты карбонаттарының моноклиналды-сатылы батырылуын көрсететін 1:5 масштабтағы Мохоровичич бетінің құрылымдық карталары қарастырылды, сол сияқты Березов көтерілімінің іргетасы бар екендігі ашылды. Орал ГЭ №63-64 (86-87) 78-80-де ОТНӘ-ның аймақтық жұмыстарының нәтижелері ЗСБ және МТЗ электробарлау кешенінде және нақтылығы жоғары гравиметриямен олардың құрылысы туралы бұрынғы мәліметтерді нақтылайтын тұздың табаны бойынша құрылымдық картамен іргетас бетінде сұлбалық құрылымдық картасымен көрсетілген.
ОТНӘ-нің 12 1985жылы аймақтық профилдік түсірімдерімен Солтүстік Каспий маңын аймақты аймағының тұзасты түзілімдерінің құрылысы зерттелді, “Д” және “П3” бейнелеуші горизонттар бойынша тірі Орал көтерілімі, сол сияқты бөліктерінде жоғарғы палеозой түзілімдерінің дамуы болжанатын өте ұсақ құрылымдардың қатары ашылды. Жоғарыда айтылған аймақтық жұмыстардың мәліметтері бойынша одан арғы геологиялық-іздеу жұмыстарын жасау үшін, көбінесе Придорож, Новень, Харчев, Тургаников және Забродин тұзды күмбездері дамыған аудандарда Зеренов алаңында орындалған Деркул белдемінің Оңтүстік шығысында участоктер орналасқан.
Осы күмбездердің даму аудандарында болашақта жаңа дербес мұнайгазды ауданның болашағын дамыту мақсатында құрылым шектерінде іздеу ұңғымаларын бұрғылау үрдісінде толық геофизикалық зерттеулер қарастырылып отыр. Дарын-Деркул құрылымдық белдемінің ішкі бөлігінің зерттелу күйін жалпылап және талдай отырып, келесідей қорытындылар жасауға болады.
Аймақтың территориясы сейсмобарлау, гравибарлау, электробарлау және аэромагниттік түсірімнен басқа геофизикалық әдістердің аймақтық және іздеу барлау сипаттарымен зерттелген. Сесмикалық, гравиметрлік және электробарлау зерттеулері геологиялық - іздеу тапсырмаларын дұрыс шешеді. Магниттік барлау жұмыстары негізінен іргетас бойынша аймақтық тереңдігі құрылысын зерттейді. Толық сейсмикалық зерттеулер жоғары сапалы бақылаулармен орындалған.
Тереңде бұрғылау жұмыстары жұмыс ауданына көршілес жатқан алаңдарда үлкен көлемде өнімді таскөмір және төменгі перм түзілімдерін ашу үшін жүргізіледі. Өйткені жұмыс ауданының қимасы таскөмір түзіліміне дейін жақсы көрсетілген.
Аймақ бойынша жаңа мәліметтерді алу үшін бұрынғы геофизикалық зерттеулердің оперативті интерпретациясының материалдары керектігі белгіленеді.
ВСП зерттеулермен және жұмыс ауданы қимасының жылдамдық моделін зерттеу қанағаттандырарлықсыз. Өйткені мұндай жұмыстарды орындау өте қажетті болып табылады.
Каспий маңы ойпатының солтүстік өңірлеріне белдемдеріндегі геологиялық зерттеулердің негіздері, жұмыс алаңының орналасу шекараларымен өткен жүз жылдықтың екінші жартысымен қатысты және бағыттық бақылаулардың қорытындылармен көрсетеді.
Жүйелік геологиялық зерттеулер революциядан кейінгі кезеңдермен қатысты болды, жаңа өнеркәсіп шикізат базаларын құру үшін темір құрылыстармен байланысты болды.
Бұл кезеңдерде зерттеулер стратиграфияны, гидрогеологияны және басқа да жұмыстарды оқып үйренумен байланысты болды (Камен, 1926 жылы Рязанов, 1927 жылы, Кром 1928 жылы және тағы басқа) .
Осы жұмыстардың қорытындысында геологиялық карта жасаулар бойынша неоген-төрттік жамылғыларымен түсірілген масштабы 1:200 000 геологиялық картасы құрастырылған болатын (Бутковский 1967 жылы) .
1950 жылы Каспий маңы ойпатының солтүстік өңірлерінің шекарасында мұнай және газ іздеу жұмыстарын ұлғайтумен байланысты, параметрлік ұңғымалар және интенсивті бұрғылауда терең іздестірулер жүргізілді.
Көбірек көтерілген белдемдердің шоғырларындағы тереңдетіп іздестіру бұрғылауларының негізгі көлемі және төменгі перм жастарының өңірлік кемелерін туп-тура бойлай орналасуы.
Бұл жұмыстардың қорытындыларында жоғарғы палеозойдың тұзасты және тұзүсті шөгінділерінің физикалық қасиеттері және мұнайгаздылығы, тектоникасы, литологиясы, стратирграфиясы зерттелді.
Бұдан басқада негізгі шағылысу горизонттарының стратификациясы зерттелді.
Бұдан басқада негізгі шағылысу горизонттарының стратификациясы, толық кешендік өндірістік-геофизикалық зерттеулер орындалулары, сейсмокаратаж жүргізулері анықталды. Зерттелген алаңның солтүстігін бойлай жиектелген төменгі пермнің өңірлік кемерлерінде Батыс-Теплов, Теплов, Шығыс-Гремячин, Гремячин, Ульянов, Цыганов және Токарев газоконденсатты кен орындары анықталған болатын, верейлік карбонатты кешендермен ұштастырылған.
Орал облысында 1978 жылы терең бұрғылап іздестірулерде ішкі белдемдері жылдам орын ауыстырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz