Жұмыстар нәтижесі авторы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
І. Геологиялық бөлім
1. 1. Алаңның физикалық, географиялық, экономикалық жағ- . . .
дайлары
1. 2. Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттелу тарихы . . .
1. 3. Литологиялық, стратиграфиялық қима . . .
1. 4. Тектоника . . .
1. 5. Мұнайгаздылығы . . .
1. 5. 1. Тұзүсті кешенінде мұнай мен газ қорларының заңдылықты
түрде таралуы . . .
1. 6. Жер асты суларының сипаттамасы . . .
1. 7. Мұнай және газ қорларын есептеу . . .
1. 8. Жобалау, іздестіру жұмыстарының әдістері мен көлемі
1. 8. 1. Іздестіру жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері
1. 8. 2. Іздестіру ұңғымаларын орналастыру жүйесі
II. Техникалық бөлім
2. 1. Ұңғыма бұрғылаудың геологиялық жағдайлары . . .
2. 2. Жуу сұйықтығының қатарының сипаттамасы . . .
2. 3. Ұңғымалардың үлгілі құрылмасын негіздеу . . .
2. 3. 1. Қолдану тізбегін есептеу . . .
2. 3. 2. Пайдаланылатын құбырды цементтеуді есептеу . . .
2. 4. Ұңғыма сағасын жабдықтау
2. 5. Геологиялық, геофизикалық зерттеулер жинағы . . .
2. 5. 1. Шламды және жыныс үлгісін іріктеу . . .
2. 5. 2. Геологиялық, геохимиялық зерттеулер . . .
2. 5. 3. Өнімді қабаттарды сынау және бақылау . . .
2. 5. 4. Пайдалану тізбегі түсірілгенен кейін, ұңғыны өнімдікке байқау
III. Экономикалық бөлім
Мұнай мен газға геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру
3. 1. Еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру . . .
3. 2. Материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру . . .
3. 3. Ұңғыма құрылысын қажет мерзімде негіздеу
3. 4. Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерді есептеу. .
ІV. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
4. 1. Еңбек қорғау . . .
4. 1. 2. Пайдалы қазбалар, мұнайгаздың физикалық, химиялық қасиет- тері.
4. 1. 3. Таңдаған қоймалар мен қоршаған ортаны қорғау . . .
4. 2. Қоршаған ортаны қорғау . . .
4. 2. 1. Табиғи қоймалар мен қоршаған ортаны қорғау . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Дипломдық жобаның тіркемелері
1. Алаңның шолу картасы.
2. Литологиялық, стратиграфиялық қимасы. Масштабы 1:10 000
3. Каспий маңы ойпатының шығыс бортының тектоникалық схема-
сы. Масштабы 1:
4. “D”, “Q” шағылу горизонттары бойынша құрылымдық картала- ры. Масштабтары 1:50 000
5. I-I және II-II сызықтары бойынша геологиялық-геофизикалық қи-
малар. Масштабы: көлденең 1:25 000
тігінен 1:10 000
6. Геологиялық-техникалық тапсырма. Масштаб 1:5000
7. Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіш.
АНДАТПА
Дипломдық жобада Атырау облысында орналасқан Солтүстік Ду- лат алаңы бойынша жиналған геологиялық, геофизикалық материалдар, осы алаңның мұнай және газ іздеу жұмыстарының геологиялық, техни-калық және экономикалық бөлімдерін жазуға негіз болып отыр.
Жобаланған алаңның өнімді қабаттары пермь-триас түзілімдерімен байланысты.
Жобалық тереңдігі 2106 м, 3005 м және 2302 м болатын 3 іздеу ұң- ғыларын тұрғызу болжанады ( біреуі тәуелсіз, екеуі тәуелді ) . Жобалық бет- кей D, Q категориясы бойынша есеп телген болжамдық алынатын қоры 33415200 тн
АННОТАЦИЯ
В дипломном проекте обосновывается геолого-технико-экономическая целесообразность постановки поисковых работ на нефть, на основе геолого-геофизических материалов, собранных на площади Северный Дулат располо- женной в Западном Казахстане Атырауской нефтегазоносной области на про- ектируемой площади продуктивны отложения пермь-триаса.
Проектируется заложение трех поисковых скважин (одна независимая и две зависимые) с проектной глубиной 2106 м, 3005 м, 2302 м. По проект- ным D, Q горизонтам извлекаемые запасы нефти составляет 33415200 т.
.
КІРІСПЕ
Каспий маңы ойпаңы-Қазақстандағы ең көне мұнай өндіру аудандарының біріне жатады. Көмірсутектердің ыңғайлы географиялық орнығуы және өндірістік нысаналарға жақын орналасуы, олардың болжам қорлары Каспий маңы ойпаңын мұнай және газ і здеу жұмыстарында бірінші реттік нысана деп қарастырады.
Соңғы 12-15 жылдағы Каспий маңы ойпаңындағы зерттеулер негізі- нен тұз асты кешендеріне арналса да, тұз үсті кешен жыныстарының аймақтық мұнай газдылығы ертеден белгілі болатын.
Тұзасты шөгінділерінің құрылымын зерттеуде және өндіруде өте көп шығын кететіні көзделген болатын, соған байланысты көптеген зерттеушілер тұзүсті шөгінділерінің геологиялық құрылымын талдап зерттеп, бірінші орынға қазіргі кезде тұзасты кешендеріне қарағанда юра-бор және пермь-триас қойылған болатын.
Осы дипломдық жоба Каспий маңы ойпаңының орталық бөлігіндегі тұзүсті кешендерінің геологиялық құрылымын зерттеуге байланысты жазылған.
Әкімшіліктік орналасуы бойынша зерттеу алаңы (80%) Атырау облы сындағы Қызылқоға ауданы мен Ақтөбе облысының Ойыл және Байғанин аудандарында орналасқан.
Осыған орай жұмыстың геологиялық тапсырмасының мақсаты Тамды көл, Бұрмасай, Кірмірші, Бесшоқы, Қосмұрын, Иба, Ербөлек, Дулат күмбез аралық депрессиясы және тұзды күмбездердің геологиялық құрылымын зерттеу болды.
Іздеу зерттеулерінің нәтижесінде алаңның геологиялық құрылымы,
тұзүсті шөгінділердің мұнай және газ тұтқыштары ашылған.
Алаңның болашағы түзілімдердің тұзүсті кешенімен, негізінен перм-триас түзілімдеріне байланысты.
Диплом жобасын құрастыруға диплом алдындағы өндірістік тәжірибе және геологиялық фондтан жиналған мәліметтер негіз болды.
1. Геологиялық бөлім
1. 1 Алаңның физикалық, географиялық, экономикалық жағдай- лары.
Берілген алаң Каспий маңы ойпаңының шығыс бөлігінде орналасқан.
Әкімшіліктік қатынастан алғанда берілген алаң Атырау облысындағы Қызыл қоға ауданы мен Ақтөбедегі Ойыл және Байғанин аудандарында орналасқан
( 1. 1-сурет ) .
Облыстың орталығы Атырау қаласына 300 км, Сағыз темір жолына 30 км, Миялы, Ойыл, Байғанин аудандарына 85-90 км қашықтықта орналасқан. Алаңның оңтүстігінде Атырау-Мақат автокөлігі мен темір жолы өтеді. Берілген алаңның солтүстік-батысына қарай Сағыздан Миялыға дейін үшкір тасты жабынмен жабылған грейдер өтеді. Өзге жолдары грунтты. Қар және жауын жауғанда грунтты жолдарда өту қиын болады. Жергілікті жер өзен аң- ғарлары, құрғақ сайлар және жайылмалар, кең тараған сорлы қазан ойпаттарымен қиыстырылып, оңтүстік-батысына қарай иілген әлсіз төбелер жазықтығын құрайды.
Абсолюттік белгісі Сағыз өзені арнасының бойымен алғанда минимал- ды 20 м жуық, ал шығыста максималды 240, 3 м. Негізгі бедерінің биіктігі
50-150 м, ал бөлек төбелерінің биіктігі 30-дан 100 м-ге дейін. Төбелерінің баурайы жайпақ (3-тен 5 0 С-қа дейін) боп келеді. Өзен арналары және шайылмалары үзіктелген жағалармен сипатталады.
Ауданның су жүйесін Сағыз, Ойыл өзендері қамтамасыз етеді. Жазда ұсақ өзендер құрғап, бөлек-бөлек құмдақтар боп сақталады. Құмдақтардағы судың минерализациясы ащыдан қатты минерализацияланған суға дейін болады. Сағыз, Ойыл өзендерінің түбі құмтасты боп келіп, ені 20-60 м, тереңдігі 0, 5-тен 20 км-ге жетеді. Бүкіл аумақ жарты шөлді өсімдіктермен көмкерілген.
Ойыл және Сағыз өзендерінің жайылмалары кей жерлерде батпақтал ған. Сағыз өзені бойының біршама ауданын өсімдігі аз құмтасты массивтер алып жатыр. Негізінен қатты тұздалған құмтасты және су саздылар грунтты
құрайды. Сусазды грунттар ылғал кезінде қатты дымқылданып,
автокөлік тердің өтуіне кедергі келтіреді.
Климаты маусымдық және тәуліктік температураларының орасан
ауытқуларымен келетін күрт континентальды боп есептеледі. Қысы біршама суық. Ауа температурасы күндіз -10 0 , -13 0 , түнде-27 0 -қа дейін, аяздарда-35 0 38 0 -қа жетеді. Қалыңдығы 20-25 см қарлы жабын желтоқсаннан наурыз айының басына дейін тұрады. Қар ерігеннен кейін грунттар тез кеуіп кетеді. Жазы құрғақ, ыстық. Ауа температурасы +40 0 , ал түнде +10 0 -а дейін.
Жауын-шашын сирек жауады. Күзі салқын, күңгірт райлы боп келеді.
1. 2 Алаңның геологиялық-геофизикалық зерттеліну тарихы.
Жұмыс алаңы геологиялық-геофизикалық әдістермен әркелкі зерттелген. Каспий маңы ойпаңының оңтүстік шығыс баурайына қарай түсірілімдердің талдануы мен қалыңдығы көбейеді.
Осыған байланысты тұз күмбезді құрылымдар аумағындағы дөңес
бөліктер мен көмкерілген белдемдер бөлек-бөлек талданған.
Алаңның аумағындағы геологиялық-геофизикалық зерттеліну мәліметтері 1. 1-кестеде келтірілген.
Тұзүсті кешендері құрылымдық-іздеу бұрғылаумен қатар геологиялық түсіріліммен зерттелсе, ал тұзасты шөгінділері тек қана геофизикалық нұсқалардың берілгендері бойынша зерттелген. Өңделген алаң аумағынан жүргізілген геологиялық түсірілімдер мен құрылымдық - іздеу бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде кунгур, триас, бор, юра шөгінді қималары зерттелген. Тұзкүмбезді құрылымның құрылысы, тұзүсті шөгінділерінің мұнайгаз болашағы ашылып, кунгурдың галогенді шөгінділерінің морфологиясы анықталды.
Аэромагниттік 1:5 масштабты түсірілімдердің нәтижесінде Т а
картасы құрылып, қимадағы жыныстардың магниттік қасиеті, жеке жарылымды тектоникасы мен іргетасының заттық құрамы көрсетілген. Геомагниттік өрістің геологиялық талдануы жүргізіліп, мұнай және газ іздеу жұмыстарына хаттама берілген.
1960-1964 ж қаралып отырған алаңда 1:200 000 масштабты
планометрлік гравиметриялық түсірілімдер Орал және Ақтөбелік геофизикалық экспедицияларымен жүргізілді. Түсірілімдер жүйе бойынша тығыздығы 1 нүктеде 4 км 2 бар деп есептеледі. қиылысты картаны құруға мүмкіндік берді. 60 жылдары осы қиылысты түсірілімнің материалдары бойынша 1:200 000 масштабты кондициялы гравиметриялық карта баспаға шыққан еді. Гравиметриялық жұмыстарының нәтижесінде қазірде белгілі тұз күмбездерінің көп бөлігі ашылған болатын. Материалды интерпретациялау негізінде сол тұз күмбезді құрылымдарының арасын- дағы байланыс бар екеніне көз жеткізілді.
1967-1972 ж Іле геофизикалық экспедициясы осы жұмыстардың нәтижелері бойынша 1:500 000 масштабты тұз құрылымының схемасын құрды.
Қаралып отырған алаңда 1964 жылдан 1984 жылға дейін 1:50 000 масштабты детальды гравиметриялық түсірілімдер жүргізілген болатын. Жұмыстар негізінен Орал, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Гурьев геофизикалық экспедициялармен орындалған. Детальды гравиметриялық түсірілімдердің жалпы ауданы 60 000 км 2 жуық. Қадағалаулар 1 м-де 0, 5 км жүйе бойынша алаңның солтүстік бөлігіндегі меридиональды бағытта профильдер бойынша жүргізіледі. Қалыпсыздық (0, 12-0, 18 МГЛ ) дәлдігін анықтауда түсірілім материалдары бойынша 1:50 000 масштабты гравиметриялық карта құрылды.
Гравибарлау жұмыстармен тұзүсті және тұзды құрылымдық кешендерінің тектоникалық құрылымы зерттелініп, болжам құрылымдарын ашуға мүмкіндік берілді. Электробарлау жұмыстарының кешендік интерпретация материалдарының нәтижесінен “Байшаған” құрылымының шығыс қанаты мен “Ербөлек” құрылымының орталық бөлігінде “шоғыр түрі” аномалиясы ашылды.
Гравитациялық өрісті талдап зерттеу алаң бойынша терең көмкерілген тұзды күмбездерді, сызбанұсқада тұзды күмбездердің ерекшеліктерін реттеу, олардың күрт төмендеуін бағалауға мүмкіндік береді. Ең нақты да дәлдік локальды қалыпсыздықтарды табуда өріс трансформациясы кең тараған. Ол әдіс тұздардың баурайын анықтау, күмбезаралық белдемдегі тұзүсті шөгінділерінің қалыңдығы туралы сандық бағалауға мүмкіншілік береді.
Қазіргі кезде сейсмобарлау тұзүсті және тұзасты шөгінділерді зерттеуде ең негізгі және тиімді геофизикалық нұсқа болып есептеледі. Сейсмобарлау жұмыстары 2375 м қашықтыққа қойылып, жарылыс құралы орталық
жүйесінде орналасқан 24 х нұсқасымен жүргізіледі. Серпімді толқындар көзі болып, СВ-5-150 және СВ-10-100 төрт дірілдеткіш типі, ал тіркеуші құрал
ретін де Прогресс-32 сейсмостанциясы қолданылды. Алғашқы іздеу жұмыстары ГП-8/92-94 жобасымен, кейін 1992 жылдың бірінші жартысында, яғни бұл берілген жоба бойынша дала жұмыстары орындалғаннан кейін сейсмо- партия бұл алаңда ГП-8-92-94 жобасымен жұмыс істейді. Жобаланған 1100 п. км көлемінен ГП-8/92-94 жобасы бойынша 230 п. км өңделіп, ал қалған жұмыстар 1992 жылдың екінші кварталында аяқталған. Жұмыстың аяқталуы
Қазақстан Республикасының жер қорғау комитетінің шешімі бойынша ГП-8/ 92-94 жобасымен жұмыс жасаған далалық партиясын Зайсан ойпаңына сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу үшін жібереді. Осыған байланысты ГП 8/90-92 және ГП8/92-94 жобаларының жұмыстарынан бір есеп беру құрылады.
Есеп беру жүйесі бойынша 1850 п. км сейсмоқималар өңделген, сонымен қатар ГП-8/90-92 жобасы бойынша 1620 п. км, ал ГП-8/92-94 жобасымен 230 п. км сейсмоқималар алынды.
Сейсмобарлау жұмыстарын жүргізуден басқа жобалау жұмыстары сейсмобарлау және гравибарлау мәліметтерінің кешенді интерпретациялық зерттеулерінің зерттеу алаңындағы, сонымен қатар Каспий маңы ойпаңының орталық бөлігіндегі галогенді түзілімдер жабынының геологиялық құрылысын зерттеуді қарастырады.
Каспий маңы ойпаңының шығыс ернеуінде жүргізіліп келген сейсмобарлау жұмыстарын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде (1931-1969ж) тек тұзкүмбездері құрылымның дөңбеккүмбездерінің маңында ғана жүргізіліп отырды. Ол кезде тұзүсті кешенінің төменгі бөлігі мен тұзасты түзілімдер зерттелмей қалып отырды. МОВ сейсмобарлау жұмыстарының геологиялық тиімділігін төмендететін нәрселер: геологиялық құрылысының терең және күрделі болып келуі, еңісті шекараларының тік бұрышты болуы, тұзкүмбез- дерінің күрделілігі, дөңбеккүмбездердегі жарылымдардың болуы себеп болады. 1965 - 1969 жж МОВ-МРНП арқасында сейсмобарлаудың тиімдлігі жоғарылай түсті.
Сейсмобарлаудың бұл түрлерін қолдану Ақтөбелік Аралмаңының күрделі тектоникалық құрылысын, оның терең геологиялық қимасын қолдануда 1964 ж МОВ, КМПВ, XXII аймақтық профильдері жасалды. 1965 ж Шұбаркұдық күмбездерінің қанаттарында МОВ сейсмобарлау жұмыстары жүргізілді.
Сесмобарлаудың алғашқы нысанасы күмбездердің шығыс бөлігі ұсынылды. 1966ж күмбездің оңтүстік-шығыс қанатында қосымша МРНП жұмыстары жүргізіліп, ол құрылымдарды біршама толық зерттеуге мүмкіндік берді және ол терең бұрғылау жұмыстарына ұсынылды.
МОВ-МРНП іздеу жұмыстарымен қатар 1957 ж КМПВ, МОВ, МРНП аймақтық жұмыстары жүргізілді. Жұмыс нәтижесінде тұзасты түзілімдері
және кристалды іргетастың жоғарғы бөлігі құрылысының болмауына әкеп
соқты. Мәліметтер бойынша горизонттар мен іргетастың жоғарғы бөлігінің әртүрлі болуы, т. б. Әдетте КМПВ сейсмобарлау жұмыстары ПСЛ-І-КМПВ немесе ГШИСК-I-48 КМПВ сияқты екі сейсмостанцияларда жасалатын.
ұзындығы 12 км және 9 км. Сесмоқабылдағыштар қадамы 100 м, жарылыс интервалы 6-12 км және 9 -18 км болды. Кейбір бөлек профильдерде годогроф ұзындығы 144 км-ге дейін жетті. КМПВ, МОВ, МОП жұмыс нәтижелерінің әртүрлі жылдары жасалған мәліметтерінің жиналуы оларды ортақ бір әдіспен интерпретациялауға мүмкіндік берді (ЖалыбинФ. Н., 1969 ж, Комаров В. П., Чистяков ВТ., 1976 ж, Юров Ю. Г., Деменьтев Н. Г. және т. б., 1976 ж, 1978 ж, 1980 ж Сапожников Р. Б., Быкайда- ров Б. А. ) . Осы жұмыстар нәтижесінде іргетас бедерінің схемалары, оның құрылысы туралы мәлімет беретін шағылу нұсқалары тұрғызылды. Осы мәліметтер бойынша іргетас дифференцияланған бедері мен тектоникалық бұзы- лыстардың кеңінен таралуымен ерекшеленеді. Іргетас орналасуының тереңдігі 7-25 км аралығында өзгеріп отырады.
Екінші кезең ( 1970-1980 жж ) сейсмобарлау жұмыстарының сапалы жаңа кезеңін сипаттайды. Мұнда «Поиск» деп аталатын магнит жазуы бар және далалық мәліметтерді аналогты қондырғыларда қайта жөндейтін машиналық әдістері қолданды (ПСЗ-2, ПСЗ-4) . 1973-1974 ж бастап сейсмобарлаудың жаңа әдістері ( МОГТ; ВСП және т. б. ) қолданыла бастады. Бұл әдістер - жарылмайтын қоздырғыш көздері. Дала мәліметтеріне сандық есептеу маши- наларында талдау жасалды. Күрделі зерттеулердің нәтижесінде - қайта профильдер түсіру, қоздырғыш көздерін біріктіру т. б. ауданның тереңдік құрылысын толық зерттеуге мүмкіндік берді. Көптеген тұзасты кешенінің локальды көмпимелері анықталды.
Үшінші кезең 1980ж басталған сейсмобарлау жұмыстарына жаңа әдістемелік және аппаратты игерулердің интенсивті түрде енгізілуімен сипатта- лады. «Прогресс» және «ССЦ-3» сейсмостанцияларының қолданылуы МОГТ мәліметтерін ЭВМ-да талдау жасауға мүмкіндік берді. 1985 ж бастап Каспий маңы ойпатының шығыс және онтүстік шығыс ернеуінде таралған карбонатты түзілімдердің таралу шекарасын анықтау мақсатында сейсмобарлау жұмыстарының біріккен тереңдік әдістерін қолдана бастады. Тұзасты мұнай және газ кенорындарын іздеудің тиімді шешімі аймақтың тереңдік құрылысын жан-жақты зерттелгендігін талап етеді. Сондықтан бұрыннан жиналған Каспий маңы ойпатының шығыс және оңтүстік шығыс ернеуі бойының геофизи- калық мәліметтерінен басқа да әдістер бойынша интерпретациялар жүргізіліп отырды ( Гущин Е. С, 1984 ж, Огай Б. А, 1988 ж, Жуйков С. А 1985 ж, Боранаев В. А, 1981 ж, Волож ЮА. 1986 ж, Курмашев Е. К. 1984 ж) .
1987 ж бастап Каспий маңы ойпатының ернеу маңы белдемінің терең сулы жағдайындағы Темір карбонатты массивіне Тұрлан геофизикалык экспедициясы МОГТ іздеу, сейсмобарлау жұмыстарын жүргізіп келеді. Ұсынылған геологиялық есеп беру 1990-1992 ж өткізілген сейсмобарлау жұмыстарының нәтижесі болып табылады.
Сейсмологиялық жағынан жұмыс алаңы сейсмобарлау жұмыстарын жүргізуде өте қолайлы болып келеді. Шөгінді қабаттың қимасына бірқатар шағылу және сыну қасиеттері бар геологиялық шекаралар кездеседі.
I-палеоген табаны.
III-неоком табаны.
V-юра түзілімдерінің табаны.
PT, PT " , PT'-пермь-триас түзілімдер қабатындағы горизонттар.
У1-кунгур түзілімдерінің жабыны.
П 1 -артин түзілімдерінің жабыны.
Алаң бойынша ең тұрақты және сенімді болып III шағылу горизонты келеді. У шағылу горизонтын іздеуде көп қиындықтар туғызады, себебі біртекті де жақсы шағылу бетінің болмауы, сонымен бірге литологиялық репер мен жұқа қабаттылықтың жоқ болуына байланысты пермь-триас шағылу горизонттарын табу қиынға соғады.
Зерттеу алаңында 14 құрылымдық-іздеу ұңғымалары С-1, С-2, С-3, С-4, С-5, С-6, С-7, С-8, С-9, С-10, С-11, С-12, С-13, С-14, С-15 бұрғыланған бо- латын. Бұл ұңғымалардың электрлік және сейсмокаротаждың берілгендері, сонымен қатар керн материалдары бойынша шағылу горизонтын стратификациялап, шөгінділердің литологиясы мен қималардың жоғарғы бөліктерінің жылдамдық мәліметтерін алуға мүмкіндік береді. Жұмыс алаңында бұрғы- ланған СП-41/78-79 құрылымдық-іздеу ұңғымаларының сейсмокаротаж бе- рілгендері бойынша жылдамдық мәліметтерін Піртау-II, Орысқазған, Қопа ( Г-1) терең ұңғымалардың сейсмокаротажынан көруге болады.
Каспий маңы ойпаңындағы шөгінді қабаттың қимасынан КМПВ жұ- мыстарымен шекара жылдамдығы 2000-2800 м/с (палеоген табаны),
3800- 4000 м/с (триастағы горизонттар), 4500-4700 м/с (кунгур шөгінділерінің жа- быны) болатын сыну шекаралары байқалған.
Жұмыс алаңы бойынша беттік сейсмологиялық жағдайлардың қалыңдығы 60 км жететін альб-сеноман түзілімдерінің кең таралуымен күрделенген.
Беттік сейсмологиялық жағдайлар ерекшелігі-ұңғымалардың сейсмокаротаж берілгендері бойынша және зерттеу алаңында жүргізілген бірінші
орындау нұсқасының (МПВ) сейсмикалық бақылауларының арқасында зерттелді.
Зерттеу алаңы аймағындағы қиманың жоғарғы бөлігінің (ЗМС) қабаттық жылдамдығы 500 м/с-тен 1000 м/с-қа дейін сипатталады. Негізінен (ЗМС) қалыңдығы 5-тен 30 м дейін өзгереді. Бұл қабаттан төменгі түзілімдерінің қабаттық жылдамдығы 1750-2200 м/с сипатталады. 1976 ж зерттеуге алынған алаңның оңтүстігінде МОВ және КМПВ зерттеулері жүргізілді
( Хабибуллин Э. Г ) . Тұзүсті кешен шөгінділері зерттелініп, ІІІ, I, D, Y ' және П шағылу горизонттары 1:50 000 масштабпен карта құрылған.
1979-83 жылдары Каспий маңы ойпаңының оңтүстік шығыс бөлігінде сейсмогеологиялық аудандастыру жүргізген МОГТ жүйесінің аймақтық профильдері өңделген ( Арзюгов В. Н, Воронов Г. В ) .
1978-80 жылдары МОГТ іздеу жұмысымен бірге құрылымдық кешені тұзкүмбезді құрылымдардың геологиялық құрылысын зерттеген. Олар: Байшаған, Ербөлек, Иба, Дулат. Байшаған құрылымының батыс қанаты, Ербөлек қанатының батыс және оңтүстік бөлігі, Иба құрылымдарында, Дулаттың оңтүстік қанатына терең-іздеу бұрғылау жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілді. Нәтижесінде 1:50 000 масштабты ІІІ (бордың шөгінді табаны бойынша) шағылу горизонты бойынша карта құрылды. Y шағылу горизонты (шөгінді табаны және Y1 (кунгур шөгінді жабыны) бойынша 1:100 000 масштабты схе- малық құрылымдық картасы түсірілді.
1985 жылы “Нефтегеофизика” НПО №53/83-85 ГЭПР МОГТ аймақтық сейсмикалық зерттеулер жүргізген Каспий маңы ойпаңының ішкі ауданы
бойынша тұрғызылған К-3 профилінің мақсаты тұзасты кешендерінің горизонт бойынша аймақтық қимасы көрсету. Бұл жерде сандық тіркелу қолданылды. Жұмыс нәтижесінде кунгурға дейінгі мұнай газды кешенінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алынды. Қазіргі кезде ИГФЭ, АГФЭ, ГГФЭ, ТГФЭ сейсмикалық зерттеулері бітірілді деп есептеледі.
1987-88 жылдары АГФ зерттеу алаңының оңтүстік шығысында ВСМ тәжірибе нұсқаулы жұмыстарын жүргізді. “Прогресс-3-СВ-5-150 вибро кешенінің жұмыс қабілеттілігі тексеріліп, келесі жұмыстарға бағыттама берілді.
1985-1987 ж Гурьев геофизикалық экспедициясы ВСМ жұмыстарын Орал өзенінің сол жағалық аймағында жүргізді.
1985 жылы Алматы ГФЭ Каспий маңы ойпаңының оңтүстік шығыс
және шығыс баурайында ВСМ ОГТ іздеу және талдау жұмыстарын жүргізді. ВСМ-ның негізгі мақсаты тұзасты кешендерінің шөгінділерін зерттеу болғанымен тұзүсті кешендерінің мәселесін шешеді.
Қазіргі Каспий маңы ойпаңының шығыс жартысының біршама аумағы 1:50 000 масштабты гравиметриялық түсіріліммен көмкерілген. 1989 жылы Каспий маңы ойпаңының шығыс бөлігі үшін 1:200 000 масштабпен тұз жабыны бойынша құрылған құрылымдық картасы, сейсмобарлау және гравибарлау материалдарының кешендік интерпретацияларының тематикалық жұмыстары бітірілді.
... жалғасы1. 1-кесте Геофизикалық-геологиялық зерттелінуі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz