Башқұрт жікқабатының қалыңдығы 204 метр



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 1
1 Технико-технологиялық бөлім 3
1.1 Кен орының жалпы мәліметтері 3
1.2 Кен орнының геологиялық құрылыма игеру тарихы 4
1.2.1 Стратиграфия 8
Құрылымның қанаттарына ұштастырылған түзілімдер 13
1.2.2. Тектоника 14
1.3 Мұнайгаздылық 18
4.2 Жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау 22
4.2.1 Атмосфераны ластандыратын көз ретіндегі кәсіпорынның сипаттамасы
22
4.2.2 Бар жабдықтан атмосфераға бөлінетін зиянды заттар шығарындылардың
параметрлері 23
4.2.3 Игеру объектілерінің атмосфералық ауаның бар ластануына қосқан
үлесін бағалау 25
4.2.2 Топырақтар мен грунттардың қазіргі күйі 26
4.2.5 Сулардың қазіргі күйі 27
4.2.6 Жер ресурстарын қорғау 30
2. ТЕХНИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ 32
1.4 Тәжиберілік өнеркәсіптік пайдалану жобасының негізгі жағдайлары 32
1.4.1. Қабаттардың есептемелік моделдерін, олардың геологиялық физикалық
сипаттамалар негіздеу игеру режимин таңдау 32
1.5 Игерудің есептеу нұсқаларын және олардың бастапқы сипаттамаларын
негіздеу 38
1.6 Игерудің күнделікті жағдайының талдауы және мұнайды шығару әдістерін
қолданудың тиімділігі 39
1.6.1 Ұңғымалар қор жұмысының сипаттамасы, пайдалану тәсілін таңдау
фонтандық пайдалану жабдығын баяндау 43
1.7 Ұңғымаларды пайдалану тәсілін таңдау 44
1.7.1 Фонтандық пайдалану кезіндегі жабдық. 46
1.7.2 Теңіз кен орнын пайдалану кезіндегі кедергілер 52
1.8 Фонтандық көтергіштің диаметрін таңдап алу және фонтандаудың тиімді
режимін таңдау 58
1.8.1 Фонтандық көтергіш диаметрінің есебі 58
1.8.2 Фонтадаудың минималды түптік қысымының есебі 60

Кіріспе

Теңіз кен орны 1979 жылы ашылған. Зерттеу нәтижесінде 1981 жылы Теңіз
Т -1 ұңғымасынан алғашқы мұнай фонтаны атқылады. Бұл Қоры 1,25 млрд. Тонна
көмірсутекті шикізаты бар кен орнының игерілуіне жол ашты. Қазіргі уақытта
БК Тенгизшевройл кен орнының операторы қорды қайта санауда, оның соңғы
саны биыл шығатын игеру жобасында жазылады.
БК Тенгизшевройл Қазақстан Республикасы мен Шеврон корпорациясы
арасында сәуір айының 6 күні 1993 жылы меморандумға қол қойылған кезде
құрылды. Қазіргі кезде Шеврон-Тексако-дан басқа біріккен кәсіпорынның
мүшелері болып ҚР атынан ҰМҚ Қазмұнайгаз, Эксон-Мобил, ЛукАрко
компаниялары табылады.
Теңіз коллекторы әлеуегі ең ірі мұнайды коллекторлар қатарына жатады
(қоры бойынша әлемдегі 6-шы кен орны). Бұл кен орынды игеру мен өндіру
үрдістерінде бірқатар қиындылықтардың себебі болып табылады.
Күкіртсутегінің артық мөлшері, жоғары қабат қысымы, бұрғылаудың күрделігі,
құбыраралық қысымның болуы мұнай өндіруді қымбаттатады және қиындатады.
Тәжірибе көрсеткендей, ұңғымалардың жобалық тереңдігі төмен болған
сайын, фонтандаудың тиімді режимі мен фонтандық жабдықты таңдау қиынға
түседі. Менің еспетемелуе ұңғыманың берілген тереңдігі 4100 метр. Мұндай
тереңдікте фонтадық көтергіштің стандартты (диаметр – 90 мм таңдауға
диаметрін-90мм).
Бірақ есептеулерді үлкен тереңдіктерге жүргізгенде диаметрдің мәні
160-180 мм-ге өзгереді. Дәл осындай жағдай фонтандаудың минималды түптік
қысымына есептеме жүргізгенде де көрініс табады. Фонтандау үшін түптік
қысымды мәні 24,7 МПа болатын қанығу қысымынан түсірмей ұстап тұру қажет.

1 Технико-технологиялық бөлім

1.1 Кен орының жалпы мәліметтері

Теңіз кен орны Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде
орналасқан. Әкімшілігі бойынша Атырау облысы Эмбі ауданының Қаратон
өңіріне жатады (сур-1). Атырау облысының шөл жазық бөлігінде және Каспий
теңізінің айдынына жақын (15-30 ка) орналасқан БК ТШД 400 км2 аумақты
алып жатыр.
БК ТШО іс-әрекетінен біршама әсер алатын ең жақын елді-мекендер
Қаратон (кен орнынана 35 км солтүстікке қарай) және Сарықамыс (25 км
өңтүстік-батысқа қарай ауылдары орналасқан.
Теңіз кен орны алып (бассейн) жиегінің әр-түрлі тереңдіктерінде
анықталған үлкен карбонатты құрылыстар тобының бірі болып табылады.
Ауданның климаты шұғыл континенттік, маусымдық және тәуліктік
температурасы көп ауытқиды, жауан-шашын мөлшері жылына 150 мм, жазы ыстық
әрі қуаңшыл.
Қысы (желтоқсан-қаңтар) бірқалыпты суық, қары аз, көбінесе қолайсыз
ауа-райымен ерекшелінеді. Ең суық ай-қаңтар қар ең көп жауған күндері қар
жамылғысының биіктігі 5 см аспайды. Жауын-шашының максималды мөлшері (12 см
дейін) желтоқсан айына келеді. Айына 4 ретке дейін тұманды күндер болады.
Көктемде (наурыз-сәүір) күндізгі және түнгі температуралары көп
ауытқиды және ыстық жазға тез өтеді (ауаның температурасы күндіз +5+12С0,
түнде -2-60С). Айына 10 ретке дейін тұманды күндер болады.
Жазы (мамыр-қыркүйек) құрғақ әрі ыстық, ауа-райы ашық болып келеді.
Ауаның температурасы күндіз +25+300С (ең жоғарғысы 450С дейін), түнде
+11+150С. Ең ыстық ай-шілде. Жауын-шашынның ең көп мөлшері мамыр айында (56
мм дейін), ал ең аз мөлшері шілде айында (8 мм дейін) жауады. Жауын-
шашынның көп бөлігі маусым айында өткінші жаңбыр ретінде жауады. Мезгіл-
мезгіл қуаңшылық болады, қайталану ықтималдығы 20-25%.
Күздің (қазақ-қараша) бірінші жартысы жылы, алабұлтты. Жауын-шашын
сіркіреме жаңбыр ретінде, кейде қараралас жауады. Ауаның температурасы
күндіз +10+160С. Айына 3 ретке дейін тұманды күндер болады. Жыл бойы көбіне
солтүстік-шығыс және шығыс желдері тұрады. Көктем мен жазда солтүстік-батыс
желдері жиі тұрады. Ол өз кезегінде Сарықамыс ауылындағы ауаны ластайды.
Желдің жылдамдығы 4 мс-тан 10 мс-қа дейін. Қыста жылдамдығы 15 мс
жететін қатты солтүстік-шығыс желдері болады.
Атмосфералық жауын-шашын жылдың әр мезгілдерінде әр-түрлі. Ең көп
бөлегі қыс пен көктемге келсе, маусым айынан қазан айына дейін жауын-
шашын мүлдем жаумайды. Жауын-шашынның максималды мөлшері желтоқсан-қаңтар
айларына келеді.
Кен орынға асфальтталған республикалық мағынасы бар Құлсары-Сарықамыс
тас жолы қабысады. Бұл жол қауіпсіздік шараларына сәйкес кен орын аймағынан
шеттетілген. Бұл күндері жолдың Құлсары-Қаратон бөлігінде қайта жөндеулер
жүргізілуде. Кәсіпшілікте басты трассадан басқа грунттық және асфальт
төселген жолдар да баршылық.
Жергілікті халық негізінен мал шаруашылығымен, балықаулау
шаруашылығымен және мұнайгаз кешеніндегі, жұмыстармен айналысады.
Ауданда тұщы су мүлдем кездеспейді.

1.2 Кен орнының геологиялық құрылыма игеру тарихы

Теңіз кен орнының ашулуы №1 ұңғымадан мұнай фонтанының ағыны
атқылаудан басталды. Ұңғыма 115 м3тәу берді. Ол қатпардың құрылымының төбе
тұсында орналасқан. Ал құрылымның өзі 1973-1975 жылдары сейсмобарлау
жұмыстары жүрігізілген кезде анықталған еді. Теңіз кен орнының геологиялық
моделі стратиграфиялық корреляция мен коллектор литофациясын зерттеуге және
коллекторда жүретін диагенез үрдісін байқуға негізделген. Ьүгінгі күндері
Теңіз коллеторы Кариб алабының айдынында орналасқан қазіргі Кайос пен
Багамы аралдарының құрылымына ұқсайтын көміртекті платформа (құрылыс) деп
саналады. Алғашында Теңіз кең көміртекті қайранның эрозиялық жұрнағы деп
саналатын.
1950 км сейсмикалық кескіндерді құрайтын сейсмикалық көрсеткіштер
қағаз бетіндегі сейсможазбалардан қайта қаралып, Ландмарк атты жұмыс
станциясына түсірілді. Ол кен орынды бірінші рет картаға түсіруге
көмектесті 80 ұңғыма оқпануарының жоғарғы бөлікшелері жаңа жылдам атуды
қолданылған сейсмикалық көрсеткіштерге негізделіп жобаланған. Олардың
нәтижелері күрделі жөндеуден өтуге тиісті 6 ұңғымадан 1994 жылдың басында
жазылды. Ұңғыма оқпандарының жоғарғы бөлікшелері сейсмикалық кескіндерге
бекітілген. Осылайша коллектордың 4 қабаты (горизонты) үшін траверс
сызықтарын құруға мүмкіндік туды. Қабаттар: башқұрт ярусының жабыны (1-
объект), жанартау шөгінділерінің жабыны (2-объект), девон кезеңінің
көміртекті тау жэыныстарының жабыны (3-объект), девонның терригенді тау
жыныстарының жабыны (3-негізгі объект). Алынған мәліметтерге сүйене отырып,
өзіне бар сейсмикалық көрсеткіштер мен ұңғымалық бақылау жайлы мағлұматты
жинақтаған тереңдік карталары жасалды.
Сейсмикалық көрсеткіштер Теңіз кен орнының алаңында әр түрлі игеру
фазаларында 70-ші және 80-ші жылдары жазылды. 1982 жылы 24 рет сейсмикалық
түсіру өткізілді: тікбұрыш торы 3х1,5 км, кескіндердің жалпы ұзындығы 640
км құрады. Бұл жұмыстар 1985 жылы осы тәріздес жұмыстармен толықтырылды.
1993-1994 жж. Күрделі жөндеу бағдарламасына жарылғыш заттарды
қолданатын бірқатар жаңа зерттеулер енгізілді. Жаңа атқылау нүктелері Т-4,
Т-7, Т-8, Т-21, Т-104, Т-111 ұңғымаларының түп аймағында 100 метр аралық
сайын жазылды.
Сейсмикалық пайылдау Теңізде бірнеше стадиядан өтті. Оның негізгі
бағыттары:
- Негізгі жарылымдарды пайымдау;
- Коллектордағы горизонттарды, барлық ұңғымаларға байланысқан кішкене
жарылымдардың пайда болуын қадағалау;
- Картада жарылымдарды байланыстыру;
- Картада полигондағы лықсымаларды бейнелеу.
Қорды бағалау мақсатында Теңіз кен орны аймағында 4 үзілссіз
горизонттар: башқұрт жікқабатының жабыны, жанартау шөгінділерінің жабыны,
девонның көміртекті тау жыныстарының жабыны және девонның терригенді тау
жыныстарының жабыны пайымдалды. Сейсмикалық көрсеткіштер бойынша башқұрт
жікқабатының жабыны ең үздік шағылыстырғыш болып табылады. Сейсмикалық
шағылыстырғыштар пакеті өзіне платформада шалламен 2-4 сек екіжақты
уақытпен өту кезінде бақыланатын қатты байқалатын секвенцияны (шыңның шың
арқылы өтуі) қосады. Шағылыстырғыштың осындай сипаттамасы қалыңдығы 100
метр башқұрт күнгур тұзды шөгінді арқылы сигналдың жоғарғы жылдамдықпен
өтуіне және шөгінді арқылы сигналдың жоғарғы жылдамдықпен өтуіне және үлкен
жылдамдықпен өтетін башқұрт жікқабатының көміртекті шөгінділерді жабатын
артын тақтатастары арқылы согнладың төмен жылдамдықтармен өтуіне
байланысты. Қанаттарында горизонтты күрделі өтеді. Құрылымның беткейінде
орналасқан ұңғымаларда ұңғыма ішіндегі бақылау горизонттардың траверсасын
байқау үшін көп ақпарат береді. Башқұрт горизонтын бақылаған кезде
жылжымалармен немесе платформаның шетіндегі келіспеушіліктермен байланысты
жыныстың тік орынбасуы болу керектілігі анықталды. Ұңғыма ішіндегі
бақылаудың көрсеткіштері платформадан қанаттарға қарай қысқа қашықтыққа
жылжыған жүздеген метр араластырулардың болу көрсетті. Мұндай құбылыстарды
көлденең жылжуларсыз сейсмика бойынша байқау мүмкін емес. Жылжулар
төмендегі ұңғымалар арасында байқалды: Т-109 және Т-100, Т-104 және Т-20, Т-
1101 және Т-42, Т-9 және Т-41.
Осы және басқа да жылжуларды көрсету үшін, платформаның шетімен
жарылымдар белгіленді. Бұл жарылымдар башқұрт жікқабатында өте бастайды, ал
девонда мүлдем жойылады. Бұл жарылымдардың тереңдігін және құрылымның
қанаттарындағы ұңғымаларға байланыстыруды көрсетіп, лықсыма амплитудасын
белгілеу қиын болды.
Девонның жабынында қандай-да бір аса сейсмикалық құбылыстар
байқалмайды. Бұл горизонт кен орында Z ұңғымалармен ашылды. Девонның
көміртекті платформасы астындағы девонның терригенді қабатында өсіп,
құрылымы бойынша соған ұқсас екені анықталды. Жоғарыда жазылған платформа
жарылымдарының көпшілігі бұл горизонтқа түсер алдында өшеді, бірақ
беткейлік жарылымдардың көбісі девонның көміртекті түзілімдер жабыныны
бөлшектейді.
Бұрғыланған ұңғымалардың едәуір бөлігіне қарамастан, анықталған
шоғырлардың зерттелу дәрежесі жоғары емес. Сондықтан БК Тенгизшевройл
балансына кіретін 3418 млн.т. бастапқы баланстың қордың 1648 млн.т., яғни
48% қордың С2 категориясына жатады. Бұл категория бойынша шоғырдың қоры
бағаланады, оның пішіні мен өлшемі, жату шарттары, қабаттардың коллекторлық
қасиеттері мен қалыңдығы, мұнай мен газдың қасиеттері шоғырдың зерттелген
бөлшектерінің көрсеткіштерін ескеріп, геологиялық және геофизикалық
зерттеулер нәтижелері бойынша анықталды. Яғни жеткілікті түрде снімді
болмаған соң, ІІ игеру объектісіне қосылған бұл шоғарлар тиянақты
зерттелмеген. Өйткені С2 категориясының қорына ІІ объектте бұл категорияның
барлық қорларының 94,6% жатады.
І объектінің зерттелу дәрежесі ІІ объектіден жоғары. С2 категория
қорының үлесіне 9,5% келеді, бірқ өнімді тіліктің бұл бөлігіне де көптеген
шешілмеген сұрақтар жатады.
Қазіргі күні кен орында кллекторды терең зерттеу жұмыстары
жүргізіледі. Кен орынды барлау алдындағы алғашқы бағыты мұнай шоғыры бар
табиғи резервуар құрылысын нақтылау болып табылады, яғни өнімді тілікте
мұнай қорының реттеуін бағалауға және оларды өндірудің қолайлы жүйесін
орнықтыруға көмектесетін сенімді геостатикалық модель жасау.

1.2.1 Стратиграфия

Теңізде түзілімдер төрттіктен жоғары девон жасына дейін ашылған. Жалпы
шөгінді тілікте үш ірі литолого-стратиграфиялық кешендер ерекшеленеді: тұз
асты (жоғарғы девон-артиндер), тұзды (кунгур) және тұз үсті (жоғарғы пермь-
төрттіктер).
Тұз асты түзілімдер негізінен әр түрлі орационалды көміртекті
жыныстардан тұрады. Корреляция және керн материалын талдау көрсеткіштері
бойынша жікқабаттарға егжей-тегжейлі стратиграфиялық бөлу жүргізілді.
Ашылған көміртекті түзілімдердің қалыңдығы 100-ден 300 метр аралығында. Т-
22, Т-24 ұңғымаларында қалыңдық 1000 метрге дейін жетеді.
Артин түзілімдері негізінен әктас түйіртпектері қосылған терригендік
жыныстардан құрылған. Оның төбе тұсындағы қалыңдығы 20 метрден 100 метр
аралығында. Қанаттарында қалыңдық 700-1000 метрге артады.
Кунгур жасының тұзды түзілімдерді қалың сульфат-галоген жыныстарынан
тұрады және үшмүшелі құрылысы бар: қабатты төсейтін ангидриттен, тасты
тұздан және қабатты жабатын-ангидриттен тұрады. Кунгур түзілімдерінің
қалыңдығы 500-ден, 1700 метрге өзгереді.
Тұз үсті кешені негізінен Каспий маңы ойығының өңтүстік шығысына тән
терригендік жыныстардан құралған.
Теңіз коллекторы үш негізгі блокқа бөлінген: 3-ші объект (девон
түзілімдерді); 2-ші объект – тулалық түзілімдер, Тула (ерте-орта визе
және турне); және 1-ші объект (башқұрт түзілімдерді, серпухов жікқабаты
жоғарғы визе).
Палеозой тобы - Pz
Девон жүйесі D
Теңіз платформасының Девон түзілімдері 3-ші объект ретінде қаралады.
Теңіз көміртекті платформасы өзінің өсуіне шамамен орта девонда терригендік
түзілімдермен істелген жергілікті палео – бедерлік биіктіктерде бастады.
Девон кезеңінің аяғында көміртекті платформаның жалпы қалыңдығы 2300 метрге
жетті. Девон коллекторының шамамен 500 метрі 5450 метрді құрайтын мұнайлы
бағының болжанған СМК деңгейінен жоғары орналасқан.
Теңізде девон түзілімдеріне тек екі ұңғыма жетеді. Т-10 ұңғымасы
девонда төселген төменде жатқан қабаттың 100 метр тереңдігіне жетті, сөйтіп
өтімділіктің жалпы тереңдігі орта девонда шамамен 5372 метрді құрады.
Кеңестік палеонтологиялық мектеп формацияны девондық деп белгілейді.
Қазіргі уақытта БК Тенгизшевройл қарамағында бұл аралықтың ұзындығы 5 см
болатын керннің екі бөлшегі ғана бар. Мұқият зерттеуден кейін бұл кесектер
құрамында пелоидтар және шағын фораминиферлер, криноидеялар және балдырлар
болатын пакстоун мен грейнстоуннан тұратын белгілі болды. Барлық белгілер Т-
10 ұңғымасы кешкі девонның көміртекті құрылысына кіретінін көрсетеді.
девонды ашқан екінші ұңғыма – Т-17, девон қабатшаларын ортаңғы девон
орналасқан 5095 метр тереңдікте кірді.
Т-16 ұңғымасының 5009 метр тереңдігінде девон түзілімдерінің жапсарлы
белдемі байқалады. Т-16 ұңғымасы барлық жерінде таралған қабатты жабатын
карбоннан қатты ерекшеленетін 250 метрлік кристалдық әктас будасына кірді.
Бұл қима окс горизонты деп белгіленеді.
Т-35 ұңғымасында девонның жабыны қанаттарында байқалады. Т-35
ұңғымасында көміртекті жыныстық төселетін қабатшасы жоқ. Девон
түзілімдерінің жабыны қанаттарында бұрғыланған немесе жоғарыда жазылған
ұңғымаларға қарағанда платформаның өзінде бұрғыланған ұңғымаларда аса терең
болмау керек.

Таскөмір жүйесі – С
Төменгі бөлім – С1
Турне және Визе жікқабаттары – С1t, C1
ІІ объект төменде жатқанға қарағанда жақсы зерттелген объект болып
саналады. Оған платформада ерте және ортаңғы Визе мен Турненің шамамен 550-
600 метрі жатады. Т-30 ұңғымасының тілімтастарын талдағанда бұл аралықты
жанартаулық туф деп пайымдауға мүмкіндік береді. Жанартаулық туфтың
қабатшасы 14 ұңғымамен ашылды. Ол платформаның шеттерінде және платформаның
солтүстік пен шығыс жақтарында созылып жатқан құрылымдық көтерілімінде
жойылды.
ІІ объектті сынау платформалық Т-22 ұңғыманың бетінен кернді
тоқтаусыз шығару кезінде 420 метр аралықта жүргізіледі. Керн материалы
криноидтер сынықтары, микритизирілген фораминиферлер және бауырлар
шашыраған қоңыр пакстоуннан тұрады.
Каротаж диаграммалары және керн материалы ІІ объекттің ашылған
аралығында коллектордың кеуектілігі нашар екенін сипаттайды.
Тенгизшевройл ІІ объектідегі коллектор мүмкіндігін толық және жанжақты
бағалау мақсатында кернге аса тереңдетілген талдау жүргізуде. Жарықшақтық
ІІ объектіде қалыпты құбылыс. Кейбір жарықшақтар ашық, кейбірі жартылай
толтырылған, көбісі кальцитпен толық емделген. Біз Т-39 ұңғамасымен ашылған
горизонттардан карсттүзілулердің нәтижесі деп пайымдалатын кеуектіліктің
аномалды жоғары мәндерін де бақылай аламыз.
ІІ объектінің құрылымын қанаттарындағы шөгінді жыныстарда болуы І
объекттің байланыстырылған сазды қабаттары мен пайымдалған девон жабыны
арасында орналасқан және аралық деп қаралады. Олардың қалыңдығы 204-тен 607
метрге дейін өзгереді.

Визе, серпухов, башқұрт жікқабаттары -
І объект – бұл артин сазтастарының табанынан Визе түбінде жатқан
жанартаулық туф қабатшасына дейінгі аралық. Ол үшін басты будалардан:
башқұрт, серпухов және окс страьтграфиялық түзілімдерден тұрады.
Визе жікқабаты -
Жоғарғы Визе (окс горизонты) ІІ объекттің жабынында орналасқан
жанартаулық туф қабатшасында үйлесімсіз жатыр. Формацияның жабыны барлық
жерінде кеуектілігі нашар қабат табанында орналасқан. Бұл тереңдіктің осы
деңгейіне жеткен Т-22 мен Т-31 ұңғымаларынан көрінеді. Окс жікқабаты
қалыңдығы бойынша солтүстіктегі 170 метрден орталық платформадағы 210
метрге дейін өзгеріп, оңтүстікке қарай 250 метрге дейін өседі.
І объект керн материалына өтебай. Окс аралығынан Т-8, Т-22, Т-24
ұңғымаларымен алынған керн материалының құрамына таяз су немесе мүлдем таяз
сулы (тасу-қайту) зоналар шарттарында түзілген пакстоун мен грейнстоун
жатады. Керн материалы, сондай-ақ, криноидеяларға, брахиоподтарға және
өзіне фораминиферлер бағынатын балдырлар фрагменттеріне бай.
Карст беттерінің болу-болмауы Т-8 және Т-24 ұңғымаларымен окс
жікқабатының жабыны жанында байқалады. Қуыстығы, тесіктері, іздері және
жарықшақтары бар кеуектілік окс жікқабатының барлық жерінде жақсы байқалады
және оның жабынында жақсы білінеді. Жарықшақтардың көпшілігі жартылай ашық.
Бұл коллектордың моделдеу кезінде үлкен қайтарым алу мақсатында окс
жікқабаты эрозиялық стратиграфиялық параллельді келіспеушіліктермен алты
қабатқа (01-06) бөлінеді.
Окс горизонтының орташа қалыңдығы 297 метр.
Серпухов жікқабаты -
Серпухов жікқабаты негізгі үйлесімсіздікті білдіретін патерит
тақтастарымен бекітіледі. Бұл үйлесімсіздік бірнеше миллион жылдар бойы
түзілді.
Тақтатастардың қатталуы ГК каротажды диаграммаларының көпшілігінде
тоқу шақырады. Ікқабат литологиясы бойынша төселетін окс түзілімдеріне
ұқсас, ол сол шөгіндену стилінің жалғасы сияқты. Платформаның ішкі қимасы
бойынша серпухов аралығы, жұқа үйлесімсіздіктермен жыныстың нашар
кеуектілігімен байланысқан, шөгінденудің төрт отыз метрлік циклінен тұрады.
Серпухов аралығы микриттік матрица ішіндегі мол балдырлы материалды
алып жүретін фораминиферлер пакстоундармен және таяз сулы криноидтермен,
брахиопоидтермен жабылады. Жекелеген маржандар мұнда бағынышты күйде
болады, бірақ олар да ашылған серпухов аралығын сипаттайды. Кеуектілік
аталған аралықтың көп бөлігінде таралған. Ол жарықшақтың, ізді, қуыстылықты-
тесікті түрінде және түйіраралық кеуектілік түрінде берілген.
Серпухов жікқабаты, шөгінденудің төрт циклына сәйкес келетін, төрт
зонаға (31-34) бөлінген. Өндірудегі каротаж көрсеткіштері Т-113 ұңғамасымен
ашылған 31 және 34 кеуекті зоналары ұңғыма оқпанына флюидтің 80 % келуін
қаматамасыз ететінін көрсетті.
Серпухов жікқабатының орташа қалыңдығы 197 метр.

Башқұрт жікқабаты -
Башқұрт аралығы, Теңіз коллекторының жабынында орналасқан, шамамен
100 метр грейнстоунның балдырлы 100 лит тақтатастар кешенінен тұрады. Ол
пермдық және артиндық сазтастармен жабылады. Башқұрт жікқабатының
карбонаттары тереңдігі 1-2 метр таяз сулы алапта жатқан кішкентай
жұмырланған балдырлы түйірлерден, жергілікті ооидтердің бай колониясынан,
беттік ооидтер және онкоидтерден құралған.
Башқұрт аралығындағы кеуектілік серпухов немесе окс түзілімдеріне
қарағанда біркелкі емес.
Шөгіндену циклдарымен жоғары қарай борланудың жақсы байқалуы кернмен
анықталады, бірақ бұл циклдер өте жұқа (максималды қалыңдығы 5 метр). Ол өз
кезегінде шөгінденудің таяз сулы шарттарымен түсіндіріледі.
Башқұрт аралығындағы деңгейлік бөлгілері бар корреляция бастапқыда
тақтатастар қабатшаларының бар екенін көрсететін. ГК шыңдарының
корреляциясына негізделді. Белгілердің төртеуі (Б1-Б4) башқұрт аралығына
орналастырылды. Бұл қабатшаларда, кейбір ұңғымаларды өткенде, жергілікті
шайылудың нәтижесі деп болжанатын, қабаттың өзгерілетін қалыңдығы болады.
Башқұрт жікқабатының қалыңдығы 204 метр.

Перм жүйесі – Р
Перм жүйесінің қимасы Теңіз ауданында жоғарғы артин жікқабатшасы және
кунгур жікқабатынан тұрады.
Жоғарғы жікқабатшасы. Жоғарғы артин түзілімдері Т-1, Т-2, Т-11, Т-15,
Т-33, Т-38, Т-39, Т-41, Т-42, Т-43 және басқа ұңғымалардың кенімен
сипатталды және ашылды. Жоғарғы артин жікқабатшасының базалық қабатшалары
орта және төменгі таскөмір жаралымдарының шайылған бетінде жатыр. Ең толық
түрде қима Т-11 ұңғымасында берілген. Қиманың төменгі бөлігі қара-сұр,
микротүйірлі, сазды (мол детриті бар) әктастардан және микрофауна
кешенінен: остракодтардан, гониатит құрттарынан, фораминиферлерден
құралған. Жоғары қара түсті, қатты сазданған, микротүйірлі, сирек
кездесетін гониатиттің детриті бар әктастар орналасқан. Жоғарғы артин
жікқабатшасының қимасы қабат строматолиттер сұлбалары (реликты) бар
строматолитті құрылымның сазды әктастарымен аяқталады. Базалық қабатшасының
биологиялық құрамы аудан бойынша өзгереді. Т-33 ұңғымасында қара-сұр, тіпті
қара түсті сияқты, жұқа дисперсті, бір қалыпсыз жарықшақты
саздастарбелгіленеді. Т-38 ұңғымасында қара-сұр, тіпті қара түс сияқты,
доломитті, битуминозды заттардың көп мөлшері бар мергердер кездесті.
Қалыңдығы 10-нан 150 метр аралығында ауытқиды.

Құрылымның қанаттарына ұштастырылған түзілімдер

І объект платформасының 14 қабаты платформаның бортынан және ары
қарай Теңіз құрылымының беткейлерінен бақыланды, өйткені моделдеу
корреляцияның толық көлемде жүргізілуін қажет етеді. Оңай корреляцияланатын
циклдік кеуекті трендтер орталық ауданда платформаның шығыс бортындағы бір
жасты құрылымдық көтерілімнің үстінде жоғалады. Бұл трендтер өшіп,
көтерілім жабынының үстінде мүлдем жоқ болады. Құрылым қанаттарындағы
қабаттардың ұштастырылуы, І объектте үш басты будаларға әсерін тигізген, үш
негізгі астынан үстге қарай бақыланатын циклдерге негізделеді.
Кернді талдауға сүйене отырып, қанаттардағы аудандар нашар, бірақ
өзгерілетін коллекторлық қасиеттерге ие деп күтілуде. Керн бойынша
корреляциялау және кеуектіктің каротажды диаграммалары нашар байқалады,
өйткені оған талдаулардың толық көлемде өткізілмеуі, жыныстардың жұқа
қатталуы және литофацияларда әртүрлі шөгінді материалдың алуан түрлілігі
(араластырылған сазды, кремниленген және доломитизирленген шөгінді
материал) себеп.

1.2.2. Тектоника

Шөгінді жыныстардың ашылған қатқабаты Теңіз кенорында төрттіктен
жоғарғы девонға дейін түзілімдерден тұрады.
Шөгінді қимада үш ірі литолого-стратиграфиялық кешен (жоғарғы
девондық – артиндық түзілімдерді қосатын – тұз асты, тұзды – кунгурлік, тұз
үсті – жоғарғы пермдіктен төрттікке дейін) ерекшеленеді.
Максималды ашылған тереңдік 6455 м құрайды, Т-53 ұңғымасы. Девон
түзілімдері 01.01.93ж. зерттелу күйіне сүйенсек, Волгоград НИПИ зерттеулері
бойынша төрт ұңғымаларымен: Т-10, Т-17, Т-22, Т-41 (қалыңдығы сәйкесәнше
38,5,84,87 м) ашылған. БК Тенгизшевройл жүргізген зерттеулер бойынша,
девон түзілімдері тек екі ұңғымада Т-10 және Т-17 ашылған.
Палеонтологиялық зерттеулер Т-22 ұңғымасында девон түзілімдерінің бар
екенін растамайды, Т-41 ұңғымасы бойынша ешқандай түсініктеме жұмыста
келтірілмейді, бірақ ЬК ТШО материалдарына сәйкес мұнда тек тула
түзілімдері ашылған.
Төменгі таскөмір түзілімдері ашық алаңқайлы горизонт үсті қалыңдығы
607 м (Т-22 ұңғымасы) болатын көлемде ашылған, мұнда және әрі қарай
қалыңдығы 297 м дейін (Т-22 ұңғымасы) болатын окс горизонт үстінің
максималды ашылған қалыңдығы және жалпы қалыңдығы 137м дейін (Т-16
ұңғымасы) болатын серпухов жікқабатының максималды ашылған қалыңдығы
келтіріледі; ортаңғы таскөмір түзілімдері қалыңдығы 204 м дейін (Т-
40ұңғымасы) болатын башқұрт жікқабаты көлемінде; төменгі перм түзілімдері
қалыңдығы 1876 м дейін болатын артин және кунгур жікқабаттары көлемінде;
жоғарғы перм түзілімдері 942 м дейінгі қалыңдықпен; қалыңдығы 500м дейін
болатын триас түзілімдері; қалыңдығы 1798 м болатын юра түзілімдері;
қалыңды,ы 2675 м дейін болатын бор түзілімдері; қалыңдығы 240 м дейін
болатын палеоген түзілімдері және неоген мен төрттік жүйелердің
түзілімдері.
Орнатылған мұнай шоғырымен байланысқан тұз асты түзілімдері
литологиясы бойынша органогеннен жаралған көміртекті жыныстардан құрылған.
Таскөмір жаралымдарының шайылған бетінде жататын артин түзілімдері
негізінен қайта шөккен әктастар сынықтарымен қосылған терригенді
жыныстардан тұрады.
Кунгур жасындағы тұзды түзілімдер қалыңдығы 500-ден 1700 м дейін
өзгеретін сульфат-галоген жыныстарының қуатты қалыңдығынан құрылған.
Тұз үсті кешенінің түзілімдері теңіз маңындағы дөңестік шығыс
бөлігіне ұштасқан Теңіз көтерілімінің терригенді жыныстарынан тұрады.
Солтүстіктен ол ықтырма тәрізді Патшалық көтеріліммен қосылады, ал оңтүстік
пен шығыстан Култук террасасымен шектелген.
Бұл зонаның біріктіретін элемент ретінде девон және таскөмір
жасындағы түзілімдерді қосатын қуатты тұз асты көміртекті платформа болып
табылады. Бұл платформаның аумағында, жоғары амплитуда карбонатты
қасиеттермен байланысқан, бірқатар құрылымдар анықталған. Соның ішіндегі ең
ірі әрі зерттелген болып, бұрғылау көрсеткіштері бойынша, теңіз табылады.
Көміртегі түзілімдерінің жабынындағы (шағылыстандыратын горизонт П1).
Теңіз көтерілімі өлшемдері 33 х 27 км болатын тұйықталған изогипсамен 5900
м амплитудасы 1600 с асатын изометриялық пішінің ірі катпарын құрайды.
Қазіргі заманғы түсініктер Теңіз тұз асты массивының құрылысына үш
фактор әсер етеді деп ұйғарады: тектоникалық, седименттік және эрозиялық,
нәтижесінже кунгур-артин түзілімдері ортаңғы таскөмірден зевонға дейінгі әр
жастағы көміртекті жаралымдарды жабады, сол себептен құрылымдық карта (1-
лист) өзіне бүкіл тұз асты карбонатты кешенді қосатын гидродинамикалық
біріккен табиғи резервуардың бетін шағылыстырады.
Құрылымның жатық кең күмбезді бөлігі бар және эрозиялық од (врез)
зоналарының қанаттарында құламалы батады.
Өзіне тула және девон түзілімдерін қосатын екінші объекттің беті,
негізінен тула горизонтының жабынын шағылыстырады, сондықтан қанаттарында
аса жатық еңістенуі бар, ал оюдың, көміртекті түзілімдері девонға дейін
шайылған, ең батырылған бөліктерінде бірінші объектінің бетін толық
қайталайды.
Осы түсініктер бойынша құрылымның платформалық бөлігінде және оның
боттарында айырылымда бұзылыстар жүргізілмедә, ал БК ТШО мамандарының
түсініктері бойынша Теңіз құрылымының платформасында, әсіресе оның борттық
бөліктері дизъюнктивті бұзылыстарымен едәуір қиындатылған.
Мұнай шоғыры бар Теңіз табиғи резервуары БК ТШО- да қимасы 1
бойынша өзіне башқұрт, серпухов, окс түзілімдерін қосатын 1-қабатқа, тула
және карбонның аса ежелгі түзілімдері кіретін 2-қабатқа, өзіне девон және
өз кезегінде төменгі-терригенді және жоғарғы-карбонатты деп бөлінетін
бөліктерді қосатын 3- қабатқа бөлінген.
Қазіргі уақытта 3- қабаттың карбонатты бөлігі ашылған.
Ауданы юойынша құрылым, көтерілімнің салыстырмалы тегіс орталық
бөлігі деп түсінілетін, платформаға және қанаттарға құрылымның беткейлері
бөлінеді.
Ұңғылармен массивті орталық бөлігінде ашылған қималар Россия,
казахстан және БК ТШО мамандарымен бірдей корреляцияланады, ал борттық
және борт тұсындағы бөліктерде әр түрлі, ол карбонатты құрылыстың
қалыптасуына және сәйкесінше, оның морфологиясына деген әр түрлі
көзқарастарға байланысты.
БК ТШО түсініктері бойынша, жарылымдар карбонатты құрылысты
платформаныңсолтүстік, батыс, шығыс борттары бойымен бөлшектейді. Платформа
болса майда айрылымды бұзылыстар сериясымен қиындатылған.
Теңіз кен орнының өнімді түзілімдерін құрайтын, тау жыныстары
органогенді, органогенді кесекті, органогенді- детритті, жентекті және
оолиті, жарықшақты қиманың едәуір бөлігінде сілтіден айрылған, сазы аз (5%)
кем әктастардан құрылған.
Кеуектер мен каверналарды біріктіретін және әр түрлі коллекторлық
қасиеттерге ие бөлікшелердің байланысын қамтамассыз ететін жарықшақтармен
сілтіні айырғанда жарықшақтық пен қуыстардың қарқынды дамуы әсерінен,
өнімді қатқабатты біріккен гидродинамикалық байланысқан резервуар қарау
керек.
Өнімді қатқабат тау жыныстарының қуысты кеңістігі кеуектермен,
каферналармен және жарықшақтармен берілгендіктен, қуысты кеңістіктің әр
түрлерінің ара қатынасына және олардың коллектордың сыйымдылықты және
фильтрационды әлеуетіне қосқан үлесіне байланысты коллекторларды әр түрлі
күрделі типтерге жатқызу ұйғарылды. Жарықшақтардың, кеуектердің және
каверналардың тау жыныстарында әр түрлі байланыстарында, мұнай үшін
сыйымдылық пен фильтрациялық орта параметрлерінің өзгеруі бойынша, олар
коллекторлардың үш тобына біріккен: жарықшақты кеуекті-кавернуі және
жарықтақты – кавернуі- кеуекті. Коллектолардың осылай типизациялау 1983ж
өткізілді және барлық кейінгі зерттеулерде бейнеленді.

1.3 Мұнайгаздылық

Кен орынның құрылымында ортаңғы және төменгі карбон түзілімдері
қалыңдығы бойынша, ұңғылармен ашылған қимадан толық жоғалғанға шейін, қаты
өзгереді.
Т-10 ұңғымасы дәлелденген өнеркәсіптік мұнайгаздылықтың төменгі
шекарасын көрсетті (5410-құрамында су болмайтын мұнай алудың ең төменгі
белгісі)
СМК 5960 м аспайтын белгіде жатуы мүмкін деп болжанды. Сейсмикалық
зерттеулердің көрсеткіштері бойынша Теңіз бен Корольдық кен орындарын
бөлетін эрозиялық оюдың мүмкін тереңдігі дәл сол 5960 м құрайды. Оюдың
ұйғарылатын тереңдігін, Теңіз кен орнындағы кеніш таралу массималды
тереңдікті бақылаушы деп қараса, таралу максималды тереңдікті бақылаушы деп
қараса да болуы. Бірақ кеніште физикалық СМК жоқ және өнімді қатқабаттың
төменгі бөлігінде кеуекті өткізгіштігі бар тау жыныстар – коллекторлардың
болмауы салдарынан кеніш шектелген болуы да мүмкін. ВНК тек кеніштің тек
шет аймағында, яғни ауданның солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігінде
(онда кеуекті коллекторлар болады) ғана болады деген ықтималдылық бар. БК
Тенгизшевройл СМК жағдайы ретінде 5450 м болатын белгіні қабылдайды, ол
кен орында қазіргі уақытағы мұнай алудың ең төменгі белгісінен 40 м төмен.
Бұл ұйғарым Корольдық кен орынмен гидродинамикалық тепе-теңдікте
негізделді. Онда да ВНК белгіленбеген, бірақ судың ең жоғары деңгейі 4922 м
болатын белгіде деп ұйғарылады. Теңіз кен орны үшін СМК қысым градиенттерін
эксмрополяциялау жолымен есептелген.
СМК қимада бірдей деп алынуы, өйткені кеніш масивті болып келед және
коллекторлардың әр түрлі типтері арасында гидродинамикалық байланыс бар
болғандықтан.
Жүргізілген зерттеулермен көміртекті кешенің барлық ашылған қалыңдығы
коллектор екені анықталды, тек тула мен окс түзілімдері шекарасындағы
туффитті қабатшадан басқа. Ол қосымша жүргізілген жұмыстардан кейін
өндірудің І және ІІ объкеттері арасындағы бөлініс ретінде қаралуы мүмкін.
Игерудің І объектісі рулаы башқұрт, серпухов, окс түзілімдерін ашқан
16 ұңғыма бойынша жоруға болады.
Игерудің ІІ объектісі бірен-саран ұңғымалармен ашылып, кейбір
ұңғымалар бұл объекттің жастары әр түрлі бөліктерін ашқан. Ол өз кезегінде
объекттің өнімді қабаттарын толық бағалауға кедергі келтіреді. ІІ игеру
объектісінің массималды бағалауға кедергі келтіреді. ІІ игеру объектісінің
максималды қалыңдығын ашқан Т-22 ұңғымасының бүкіл қимасы коллекторлардың
ІІ және ІІІ топтарынан тұрады, ал Т-24 пен Т-41 ұңғымаларында 210-225 м
ашылған қалыңдықтың аталған коллекторлары қабаттың 95% құрайды.
Гипровостокнефть институты (60 сынамадан астам) және Корлаботориз
компаниясының қазіргі заманғы технологиялар Орталығы (6 сынама) жүргізген
қабат және газсыздандырылған мұнай сынамаларын зерттеу нәтижелері бойынша
алынған мұнай және газқасиеттері мен құраманың сипаттамасы Қабат мұнайының
негізгі қасиеттері 1 кестеде келтірілген.
1- кесте- Теңіз кенорын мұнайының қасиеттері
Көрсеткіш Шамасы
Мұнай тығыздығы 797 кгм3
Коллектордың бастапқы қысымы (4250м) 80,8 МПа
Еріген газ кезіндегі газ факторы 450 м3 м3
Қанығу қысымы 24,7 Мпа
Қабат көлемінің коэффициенті 2,306
Мұнайдың тұтқырлығы 0,12 мПа ∙ с

Қабаттың мұнай сынамаларын іріктеу ұңғымалардың сағасында жүргізілсе
де, ұңғымалардың басындағы қысым қанығу қысымынан артық болу шарты
сақталды. Ол кері флюгу бірфазалы күйде болатынын және қабат флюгуіне
сәйкес екенін білдіреді.
Көптеген сынамалар бойынша қабат мұнайын зерттегенде термобаралық
шарттар зерттелетін ұңғыманың перфолацияланатын тереңдігінде ескермей,
қабат температурасы мен қысымның орташа мәндері қабылданды. Сондықтан қабат
мұнайының алынған параметрлері қабат бойынша коррекцияланбады, өйткені
қалыңдыңы 1000 м артық мұнайлы қабаты бар ірі кен орындарға тән болмайтын
мұнайдың құрамы мен қасиеттерінің өзгерістері өте үлкен емес.
Қабат қысымының төмендеуі қабат жүйесінің термодинамикалық тепе-
теңдігінің бұзылуына, қабат мұнайының сығылу, көлемдік коэффициент және
тығыздық сияқты парамертлеріне (оларға мұнайбергіштік пен мұнай өндіру
деңгейі тәуелді ең көп әсер етуіне әкеледі. [1]
Соңғы кездері еріген газ құрамында күкірт сутегінің мөлшеоі көбею
беталысы байқалады. Мамандар мұны қабат қысымы мұнайына төменгенде жер асты
суда еріген және тау жынысында сорбцияланған күкіртсутегінің өту үрдісімен
байланыстырады.
Теңіз кен орнын игеру бірнеше сатыдан өтеді және сол үрдістер кезінде
кеніштің термобаралық шарттарды салдарынан оларды қанықтыратын флюидтердің
физика-химиялық қасиеттері өзгереді. Сондықтан мүмкін болатын өзгерістерді
болжау үшін және осымен байланысты игеруде, өндіруде және мұнай мен газды
дайындауда қиындықтаржы болдырмау үшін мұнай жәнеғ газдың қасиеттері мен
құрамына үнемі бақылау жүргізілуі қажет.
1-2 метр тереңдікте жатқан сорлардың суы 116-196гл минералдылыққа
ие. Судың типі хлоридті-магнийлі, йод пен бром мөлшерлерін қосқанда 10мгл
болады.
Альбсеноман горизонт суының минарелдылығы 107-125 гл, оның деңгейі
жер бетінен төмен жатқан бергілерінде белгіленеді. Сулардың типі хлоридті –
кальцийлі, ол осы горизонт орналасқан қиындатылған суалмасудың жабық
шарттарын көрсетеді. Йодтың мөлшері 4-5мгл, бромның мөлшері 230-304 мгл.
2700-ден 3500 мгл, тереңдікке дейін жатқан тұз асты тау жыныстар
кешенінің (мел, юра, пермотриас) аса терең горизонттарының суы, көрші көрші
аудандарға (Кенқияқ Боранкөл) ұқсас, жоғары минералдылыққа (230-260) ие
және типтері хлоридті- кальцийлі, хлоридті- магнийлі.
Т-9, Т-14 ұңғылармен ашылған және сыналған ерте линзалар жоғары,
таулыға ұқсас, қабат қысымына ие: Т-9 ұңғымасының 3553 метр тереңдігінде
қысымның мәні 7,5 МПа. Тұздықтардың тығыздығы 232 кгм3 дейін, тұздардың
қосындысы 320-327 гл. Олардың құрамы негізінен хлоридті-кальцийлі және
хлоридті-натрийлі. Йодтың мөлшері 38-44 мгл,хром 52-800 мгл.
Сынамаларында күкіртсутектің бар екені байқалады,бірақ арнайы сынамалар
алынбағандықтан, оның мөлшерлік сипаттамасын беруге болмайды.
Тұз асты палезой түзілімдерінде, қаратон ауданына ұқсас, хлоридті-
кальцийлі және хлоридті-магнийлі типті жоғары-минералданған минералдылығы
230 гл дейін, күкіртсутек пен көмірқышқылдың едәуір бөлігі бар
көмірсутекті газға қаныққан сулар болы мүмкін. Кеніштің тұщыланған сулардың
әр алуан типтерімен (хлоридті-кальцийліден гидрокарбонатты-натрийліге
дейін, байланысуы де мүмкін. Олардың минералдылығы 60-тан 100гм дейін және
йод пен бромның концентрациясы аз, олар Астрахан кен орнының таскөмір
түгілімдерінде белгіленген.
Тұз асты кешенінің жер асты суларында йод пен бромның концентрациясы,
700 м тереңдіктен бастап, және кунгурдың тұзды түзілімдерінің әр түрлі
линзаларында өнеркәсіптікке сәйкес, бірақ оларды шығару тиімділігіне баға
беру мүмкін емес, өйткені сулы горизанттардың өнімділігі жайлы мәліметер
жоқ.

4.2 Жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау

4.2.1 Атмосфераны ластандыратын көз ретіндегі кәсіпорынның сипаттамасы

Атмосфераға зиянды заттарды бөлетін көздер болып БК ТШО-да
табылатындар:
- қондырғылары 200 – мұнайды, газды, суды айыру және мұнайды
тұрақтандыру;
- қондырғылары 300 – газдарды дтэтаномилмен күкіртті тазалау;
- қондырғылары 400 – Клаус қондырғылары – күкірт алу;
- қондырғылары 500 – қалдықты газдарды пайдалану – Сульфрен немесе
Скотт үрдістері;
- қондырғылары 600 – сұйық және қатты күкіртті тиеу;
- 700 қондырғылары – көмірсутекті газдардың бөлінеуі;
- 1000 қондырғылары – алаулар және дренаж жүйесі;
- 0,31 және 0,32 қондырғылары – мұнайды демеркаптандау;
- 800 қондырғылары – қабат суын дайындау;
- №1,2 тауарлы парктер;
- сораптар қойылған жер;
- реагенттер қойылған жер;
- реагенттер қойылған қоймалар;
- тазалауышы құрылыстар;
- №1,2 газотурбиндық станциялар;
- резервуар паркі;
- ЦЗЛ;
- РМЦ;
- Газды отынмен жанатын қазандық.
Ластандырғыш көздер болып Теңіз кешенінде табылатындар: технологиялық
қондырғылардың, пештердің, қазандықтардың түтін құбырлары,
технологиялық қондырғылардың алаулары, сонымен бірге пайдалану
үрдісінде пайда болатын және ұйымдаспаған шығарындаларға әкелетін
жабдықтағы, фланецті қосылыстардағы және т.б. тығызсыздықтар
(саңылаулар).
Атмосфераға бөлінетін шығарындыларда келесі құрамдас бөліктер
болады; күкіртсутегі, көмірсутегі, күкіртті ангидрид, азот тотығы,
азоттың екі тотығы, көміртегі тотығы, меркаптандар, күкірт шаңы,
диэтаноламин (ДЭА), метил спирті, көміртегінің күкірт тотығы, пісіретін
аэрозоль; марганец қосылыстары, кремний қосылыстары, фторидтер фторлы
сутегі, күкіртті қышқылдың аэрозолі. Кешеннің шығарындылар құрамына
кіретін заттар атмосферада біріккен кезде қосындының бес тобын құрайды;
1) азоттың екі тотығы+күкіртті ангидрид;
2) күкіртті ангидрид + күкірт қышқылының аэрозолі;
3) күкіртті ангмдрид+фторлы сутегі;
4) күкіртті ангидрид+фторлы сутегі;
5) фторлы сутегі+фторидтер.

4.2.2 Бар жабдықтан атмосфераға бөлінетін зиянды заттар шығарындылардың
параметрлері

Атмосфераға бөлінетін зияынды заттар шығарындалырының параметрлері
мен көздердің сипаттамасы Кәсіпорынға арналған атмосфераға бөлінетін
шектеулі-рауалы шығарындылардың (ШРШ) нормативтер жобасының мазмұны және
ресімдеуі бойынша ұсынымдарға сәйкес жасалған кетеде көрсетілген.
Атмсфераның ластану деңгейінің есептерінің нәтижелері Теңіз ГПЗ
орналасқан аймақтағы және ұңғымалардың шекті қатарынан радиусы 10 км Теңіз
кен орны үшін белгіленген санитарлық сақтау белдемінің шекарасындағы
барынша жердегі шоғырлану мәндерін сипаттайды. (17-кесте).
ССБ шекарасында метилмеркаптанмен барынша ластану 0,000008 мгм3
құрайды.
Теңіз кен орны объектілері пайдаланудың қалыпты режимі кезінде
атмосфераның жер беті қабатында жұмысшы белдем үшін де (кәсіпалаң
шекарасының аймағында), елді орындар үшін де (ең жақын елді мекендерде)
шектеулі-рауалы шоғырлану мәндерінен артық болатын ластануды жасамайды деп
ұйғарылады.
17-кесте – Зиянды заттектердің барынша шоғырлануы
Заттек Барынша есептеу ССБ шекарасындағы
шоғырлануы, мгм3 барынша шоғырлану, ШРМ
үлестері
Күкіртсутегі 0,081 0,4
Көмірсутектер 1,62 0,05
Азоттың екі тотығы 0,159 0,7
Күкіртті ангидрид 0,142 0,05
Метилмеркаптан 0,00026 09
Көміртегі тотығы 1,1
Күкірт шаңы 0,0052 0,05
Азот тотығы 0,26 0,05
Диэтаноламин 0,0045 0,2
Метил спирті 0,115 0,05
Көміртегінің күкірт 0,001 0,05
тотығы
Марганец қосылыстары 0,0000016 0,0001 мгм3
Күкіртті қышқылдың 0,000003 0,00016
аэрозоль
Фторлы сутегі 0,0000016 0,00001
Фторидтер 0,000004 0,00008
Кремний қосылыстары 0,000003 0,00002
Пісіретін ауа тозаңы 0,000025 0,00001
Күкіртті 2,07 0,00005
ангидрид+азоттың екі
тотығы
Күкірт 10,1 0,8
ангидрид-күкіртсетугі
Күкіртті ангидрид+күкірт0,2 0,6
қышқылының ауа тозаңы
Күкіртті ангидрид+фторлы0,28 0,05
сутегі
Фторлы сутегі+фторидтер 0,0001 0,05

4.2.3 Игеру объектілерінің атмосфералық ауаның бар ластануына қосқан үлесін
бағалау

Теңіз кен орнын тәжірибелік - өнеркәсіптік пайдалану сатысында
аталған кезеңде жобаланып жатқан бар шығарындылар қорына. Ұңғымалар өлшеу
қондырғыларының манифольдтарымен сұйық шығатын құбыр желісінің
саңылаусыздандырылған жүйесімен біріктірілген. Игеру шарттары, жабдық
жабдықтың жобаланған жұмыс режимі өзгермейді, сондықтан қайта іске қосылған
жабдықтың шығарындылары сәйкес жабдық шығарындыларынан айырмашылығы жоқ.
Қайта іске қосылған жабдық бойынша жалпы шығарынды 149,246 тжыл
құрайды, соның ішінде меркаптан бойынша – 0,001699 тжыл, ол жалпы
шығарындысының 8 % құрайды – 18120,6412 тжыл (Теңіз кен орнында рұқсат
етілген). Бар ШРШ жобасын тапдай отырып және жоғарыда айтылғанды ескере
отырып, қосымша шығарындылар объектідегі атмосфера күйіне едәуір әсер
етпейді деп болжауға болады.

4.2.2 Топырақтар мен грунттардың қазіргі күйі

Топырақтың ластану дегейін төмендететін іс-шаралар төмендегілерден
құралады:
1) Ұйымдастырушылық;
- қалдықтарды басқаруды ұйымдастыру;
- кен орын аумағымен техника мен автокөлік қозғалысын ұйымдастыру
және регламенттеу;
- қалдықтарды басқару жүйесін бұзатын жұмыстарды рұқсатсыз жүргізуді
болдырмау.
2) Технологиялық, жер бедерінің ластауымен байланысты жұмытарды
жүргізудегі түпкілікті регламенттеу. Мына кезде;
- бұргылауда;
- жабдықты тасымалдауда;
- жер жұмыстары өндірісінде;
- техникалық рекультивацияда (жерді қайта құнарландыру).
3) Жобалық-конструкторлық:
- Игеру жобаларын бақылаушы табиғатты қорғау орындары мен СЭС-те
мақұлдау және сараптау;
- Топырақтың ластауын төмендетуге бағытталған тиімді жобалық –
конструкторлық шешімдерді таңдау.
4) Санитарлық қарсы індеттік:
- Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды көму орындарын орналасудың
тақұлындаған аймақтарына жайғастыруды ұйымдастыру мен таңдау;
- Персоналды аса қауіпті инфекциялардан қарсы індеттік қорғанысты
қамтамасыз ету.
Аталған ауданның ауылшаруашылық әлуеті жоғары емес, топырақтың
бонитеті төмен болғандықтан, жердің биологиялық қалпына келуі экономикалық
тұрғыдан орынсыз. Сол себепті техникалық қалпына келтірудің төмендегідей
шаралары ғана қолданулуы мүмкін:
-темір-терсек жинау;
- жер бедерін жобалау;
-уақытша су ағындарын реттеу және т.б.

4.2.5 Сулардың қазіргі күйі

Жер беті және жер асты суларға келесі көздерден әсер етуге болады:
1) Тазаланбаған немесе жеткімсіз тазалнған өндірістік және тұрмыстық
ағындылар;
2) Жер беті ақаба сулар;
3) Дренажды ағындылар;
4) Апаттық төгінділер және ақаба сулардың сапырулыра;
5) Ыдыстарда, құбылардан және басқа құрылыстардан шыққан ұлы сұйық
материалдардың сүзілген ағұлары;
6) Атмосфераға жер бедерінің және сі объектілерінің бетінде тұнатын
ластаушы заттардың (шаң, ауа тозаңдары) шығарындылары;
7) Апаттық шығарындылар мен төгінділер (мұнайдың, газды тазалау
өнімдерінің, реагенттердің және т.б. тасқындары);
8) Материалдар мен қалдықтарды сақтау орындары, кәсіпорының өнеркәсіптік
алаңдарының аумағында ұйымдастырылған тасымалдау арналған алаңдар;
9) Ұйымдастырылмаған қоқыстар үйіндісі.
Қазіргі жобамен қарастырылады:
1) өндірістің жоғары тиімді үрдістерін, қалдығы аз және қалдығы
болмайтын технологиялық үрдістер мен өндірістерді қолдану;
2) су ресуртарын өңтайлы қолдану;
3) ақаба суларды тазалау сұрақтарында алдыңғы қатарлы тәжірибелерді іске
асыру;
4) жер беті мен грунттық сулардың өнекәсіптік қалдықтармен ластануын
болдырмау іс-шаралары;
5) ағындылардың апаттық төгінділерін болдырмау бойынша инженерлік іс-
шараларды іске асыру және өндірістік объекттерді экологиялық қауіпсіз
пайдалану;
6) өндіріс өнімдері мен оған сәйкес ластаушы заттардың өндірістік
алаңдардың, тоспаның бетіне және технологиялық қатардың барлық
буынындағы су объектеріне түсуіне жол бермеу.
Жобамен қабылданған су ресурстарын өңтайлы қолдану мен қорғау бойынша
негізгі ұсыныстармен су ресурстарын ластанудан, таусылудан және сәйкес
жүйелер мен объектілердің техникалық күйінен қорғау мен өңтайлы қолдану
деңгейін міндетті түрде ескеріп жасалды.
Ақаба суларды тазалау үшін механикалық пен биологиялық тазалаудың
қазіргі заманғы жүйелері бар және қарастырылған, қабат суларын дайындауда
әлемдік тәжірибеге сүйене қолданылады, шетел фирмаларының қатысуымен
ағынды флотациямен тазалау, Фрам жүйесінің сүзгілерінде жұқа қабатты
тазалау әдістері, қабат суынан күкіртсутегін көмірсутекті газды үру
арқылы жою әдісі енгізілді.
Ауамен суыту құрығыларын пайдаланатын айналымды сумен қаматасыз ету
жүйелері барынша қолданылды.
Құрамында аминдері бар ақаба суларды микробиологиялық тазалау
қолданылады, ол ерімейтін су тасығышта (ВИИ; ершілер) жасанды
сұрыпталған, қимылсыздандырылған микроорганизмдер ыдыратқыштарды
қолдануға негізделген, яғни ақаба сулардың органикалық құрамын
биологиялық объекттермен (бактериялармен) экологиялық қауіпсіз өнімдерді
(СО2, СН4, Н2О) құрумен қатар падалану.
Тазалау технологиясы анаэробты және аэробты микроағзаларды қолдануды
қарастырады. Қарастырылған құрамында аминдері бар ақаба суларды
тазалаудың биотехнологиясы әлемдік тәжірибеде кездеспейді.
Қарастырылған әдістер жалпы ҚР табиғатты қорғау жөніндегі заңдар
талаптарымен келісіледі.
Жобамен жер беті мен жер асты көздерден су алу ауыз су және
технологиялық қажеттіліктер үшін қарастырылмаған.
Жобамен жердің бетіне ақаба суларды төгу қарастырылмаған.
БК ТШО-ң тұрмыстық және техникалық қажеттіілктері үшін бас тоған
Союзводоканал ұйымымен жобаланған сумен қамтамасыз ету құрылыстары
арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түзілімдердің қалыңдығы 136 метр
Ұңғы бұрғылау
Қабат қалыңдығы 100 метр
Каспий маңының мұнайлы газды провинциясы
Пайдалану тізбегі мен газға геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру
Каспий маңы ауданының физико-географиялық жағдайы
Газ өндіру техникасы мен технологиясы
Маңғыстау мұнай-газ кенорындары: сипаттамасы және карта құрастыру
Қарашығанақ кен орнында ұңғының оптималды режимін орнату мен жабдығын таңдау
Қызыл-Еспе кенорны
Пәндер