Іздестіру жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 1
1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 3
1.1 Географиялық – экономикалық жағдайы 3
1.2 Ауданның қысқаша геологиялық-геофизикалық зерттелінуі 5
1.3 Литологиялық-стратиграфиялық қимасы 8
1.4 Тектоника 18
1.5 Мұнайгаздылығы 21
1.6 Жер асты суларының сипаттамасы 25
1.7 Мұнай және газ қорларын есептеу 28
1.8 Жобалау, іздестіру жұмыстарының әдістері мен көлемі 32
1.8.1 Іздестіру жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері 32
1.8.2 Іздестіру ұңғымаларын орналастыру жүйесі 34
Қорытынды 37
Әдебиеттер тізімі 38
КІРІСПЕ
Мұнай және газ қорларының жер қойлауларында ауқымды мөлшерде
болғандықтан, ҚР ең бай мемлекеттер қатарында жатады. Оның териториясы
аймағында ең алып Каспий маңы мұнайгаздылы алабы орналасқан. Кеиінгі
жылдары тұз асты палеозойлық түзілімдердің қималарынан бірнеше алып мұнай
және газ кенорындары белгіленеді, оларға Қарашағанақ, Теңіз және т.б.
жатады.
Бұл ашылған мұнай және газ кенорындары Каспий маңы ойпаңының барлық
тұзасты – девонды, таскөмірді және төменгі пермді карбонатты түзілімдерінен
және де тұзүсті – жоғарғы пермді, триасты, юралы және борды терригенді
түзілімдерімен тікелей байланысты болып келіп, ойпаңның бүкіл аймақтарына
бірдей тараған. Мұндағы кен орындарының орналасуларының өзіндік
заңдылықтары кездеседі. Олар негізінен, ойпаңның солтүстік, солтүстік –
шығыс бөлігінде көбінесе газдылы және газды – конденсатты шоғырлары
кездессе, ойпаңның орталық бөліктерінде газ – мұнайлы шоғырлары орналасқан,
ал ойпаңның оңтүстік, оңтүстік – шығыс бөліктерінде көбінесе мұнай-газдылы
және мұнайлы шоғырлары тараған болып табылады.
Деркульск белдемінде орналасқан Забродин ауданындағы барлық жоспарлық
зерттеу жұмыстарын негізінен, іздеу және барлау жұмыстарынан тұратын Орал
мұнай газ геологиясы мекемесі атқарған.
Солтүстік Каспий маңы синеклизасында жүргізілген геологиялық –
геофизикалық жұмыстардың мәліметтердің нәтижелері бойынша, мұндағы
жекеленген мұнай газдылы құрылымдық элменттерді келесі мұнай газдылы
белдемдерге бөлуге болады: Дарьинск – Деркульск, Тепловск, Қарашығанақ –
Қобыланды және де Чинаревск мұнай газдылық белдемдерінен тұрады.
Іздеу және барлау жұмыстарының мәліметтері бойынша, жобаланып
отырылған Забродин ауданы геологиялық құрылымы жағынан, Деркульск
құрылымдық іргетасты күмбезінде орналасқан болып келеді. Ал мұнай газдылы
зерттелу сипаттамасы жағынан, бұл аудан Тепловск – Токаревск топты мұнай
газдылы кеніштеріне ұқсас келеді.
Геологиялық құрылымы мен тектоникалық сипаттамалары жағынан, Забродин
ауданы өзіндік орналасуы мен бірнеше жарылым, бұзылыстардың таралуларымен
ерекшеленеді. Сонымен біге бұл аудандағы литологиялық – стратиграфиялық
және де гидрогеологиялық зерттелу дәрежелерінің, жеке өзіндік ерекшелігі
барлығымен сипатталады.
1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Географиялық – экономикалық жағдайы
Административтік орналасу жағынан, Забродин ауданы негізінен,
Батыс Қазақстан обласының, дәлірек айтсақ Орал қаласының аймағында
орналасқан.
Облыс орталығы болып саналатын Орал қаласынан, зерттеліп отырылған
ауданның солтүстік – шығысынан 25 км қашықтық аралығында орналасқан.
Ауданға жақын орналасқан аулдар қатарына Ростоши және Переметный аулдары
жатады.
Аудандағы негізгі қатынас жолдары қатарына, жаз мезгілінде құрғақ,
шаңды болып келген, кіші – гірім тас жолдары болып келеді. Зерттеліп
отырылған ауданның солтүстік – шығыс бөлгі жағынан Орал – Саратов атты
теміржолды және автокөлікті болып келген жолдары өтіп жатыр. Ал бұл
жолдардан 10 – 15км қашықтықтар аралығында, оңтүстік – шығысырақ тікелей
бағытта жаттқан Орал – Самара автокөлікті жолы орналасқан.
Осы аталған байланыстарға байланысты және де ауданның қала орталығына
жақын орналасына байланысты, зерттеліп отырылған ауданға, инженерлік –
техникалық жұмысшылар экспедицияларын автокөлік қатынасы арқылы жеткізу
жүзеге асырылып отырады.Сонымен бірге жұмыс жүргізіліп отырылған ауданның
шығысынан, шамамен 15 – 18 км қашықтықта Оренбург – Западная атты газ
құбырлары өтіп жатыр.
Жұмыс жүргізіліп отырған аудан рельефінің абсолюттік көрсеткіштері,
шамамен +50 м – ден +120 м – ге дейін аралықта және де аудан рельефі
негізінен, көптеген ойыс торлаымен кескінделген.
Жалпы ауданның гидрографиялық торлары нашар зерттелген және де мұнда
негізінен, кіші – гірім келген технотекті өзендер мен сулар кездеседі. Ал
зерттеліп отырылған ауданның солтүстігінен, шамамен 700 – 800 м – дей
аралығында Деркуль өзені ағып жатыр.
Ауданың климаттық жағдайы өте, тез ауыспалы континенталды болып
келеді және де оңтүсттік – шығыс бағытқа қарай бағытталған күшті желдермен
сипатталады. Бұл қатты, күшті болып келтін желдер қыс айларында боран
ретінде болып келсе, жаз айларында шаңды, құрғақ желдер ретінде келеді.
Мұндағы жаңбырдың орташа жылдық мөлшерлері, шамамен 300 – 350 мм
аралығында болады. Жаз айларындағы ауа райының температуралары +300 - +400
С аралығында болса, қыс айларында ауа райының температуралары -300 -400 С
шамасында болып келеді. Аудандағы жылу беру мезгілінің ұзақтығы 190 күн
болып есептеледі.
Аудандағы халықтар негізінен, қазақ, орыс, украин және т.б. ұлттардан
тұрады. Әлеуметтік – экономикалық жағынан жұмыс жүргізіліп отырылған аудан,
егіншілдік және мал шаруашылық салаларына жатады.
1.2 Ауданның қысқаша геологиялық-геофизикалық зерттелінуі
Солтүстік Каспий маңы ойпаңы белдеміне жататын негізгі зерттеліп
отырылған ауданның геологиялық – геофизикалық зерттелінуі XX ғасырдың
екінші жартысынан басталған болып есептелінеді. Алғашқы кезеңдерде бұл
зерттеулер жәй маршруттық бақылаулар ретінде ғана болып келген.
1955 – 1960 жылдары, бұл аудандардың құрылымдық – картировкалы
бұрғылаулар арқылы, жалпы ауданның геологиялық суретке түсірілімі
жүргізілген. Мұндай жұмыстар нәтижелерінде, ауданның геологиялық құрылымы
мен бірге, аймақтың мезозой жасты көтерілімдері зерттелген болып
келеді. Олардың қатарларына негізінен, мыналар кіреді: Цыгановск,
Солдатовск және Карповск көтерілімдері жатады.
Гравиметрлік зерттеу жұмыстары Солтүстік Каспий маңы ойпаңының барлық
аймағында бірдей жүргізілген. Мұнда 1 : 1000 000, 1 : 500 000, және де 1 :
200 000 масштабты катралар тұрғызылған . Алынған мәліметтерге сәйкес,
Солтүстік Каспий маңы ойпаңының гравитациялық сатылары мен тектоникалық
бұзылыс, жарылымдарын анықтау мүмкін болды. Гравибарлау мен сейсмобарлау
мәліметтеріне байланысты, аудандағы тұз жабыны мен тұз асты түзілімдерінде
кездесетін мұнай газдылы кеніштерінің геологиялық құрылымдарын толық
зерттеуге мүмкіншілік береді.
Солтүстік Каспий маңы ойпаңының аймағында жүргізілген аэромагниттік
түсірілімдер 1 : 1000 000, 1 : 500 000, және 1 : 200 000 масштабтарында
орындалған. Ал 1980 жылы толық аэромагниттік жұмыстар, 1 : 50 000
масштабында жүргізіліп, ∆Т полясының карталары тұрғызылған. Жалпы зерттелуі
жағынан, аэромагниттік мәліметтер негізінен, сейсмобарлау құжаттарымен
сипатталады. Аудандағы аймақтық ауытқулар өз кезектерінде, оңды құрылымдық
элементтерімен сәйкестікрері белгіленбеген болып келеді.
Электробарлау әдісі жағынан алынған мәліметтерге байланысты, жұмыс
жүргізіліп отырылған аудан аймағы нашар зерттелген болып саналады.
Бұл ауданда жүргізілген негізгі, зерттеу әдісі ретінде сейсмобарлау
әдістері жиі қолданылған. Сейсмобарлау әдісінің кеңінен қолданылуы
негізінен, мұндағы кездесетін шөгінді қабаттары тысының, көптеген шағылыс
белдемдерінің кездесулерімен сипатталады. Бірақта сейсмобарлаудың
қолданылуы, шөгінді тысының қимасының жоғарғы бөлігінің күрделі құрылымымен
бірге, шағылу белдемдерінің терең орналасуларымен байланысты болып келеді.
Сейсмобарлау жұмыстарының бірінші сатыларында МОВ әдісі жүргізілсе,
болашақта ОГТ әдістерінің қолданылуымен, алынған мәліметтердің дәлдіктерін
жоғарлата түсті. Жұмыс жүргізіліп отырылған аудан аймағы негізінен,
аралықтары 0,7 – 1 км болатын, қима торларынан тұрады. Бірақта, бұл
қималардың аздығынан, кейбір жағдайларда алынған мәліметтердің
толықтықтарына біршама әсер етеді.
Аудан аймағындағы сейсмобарлау жұмыстарын толық зерттеген болып
негізінен, Орал геофизика экспидициясы саналады. 1972 жылдан бастап Орал
геофизика экспидициясы (ОГФЭ), кең көлемді ОГТ жұмыстарын жүргізіп,
зерттей бастайды.
Бұл әдістің енгізілуімен, аудан аймағындағы іздеу, барлау жұмыстары
мен параметірлік бұрғылау ұңғымаларының мәліметтері бойынша, бүкіл
Солтүстік Каспий маңының мұнайгаздылығы анықталып, ондағы өнімді
қабаттарының геологиялық жастары төменгі пермді (P1), карбонатты
түзілімдерінен тұратындықтары анықталған.
Жалпы аудан бойынша, мұндғы мұнайгаздылығы жағынан толығыменен
зерттелмеген және де бағаланбаған болып, карбонатты жоғарғы девон
түзілімдері мен терригенді ортанғы девон түзілімдері болып саналады.
1987 – 1988 жылдары Тепловск ауданы аймағында жүргізілген сейсмобарлау
және гравиметрлік жұмыстар мәліметтері нәтижелерінде, тұз асты
түзілімдерінің геологиялық жағдайлары толық зерттеліп, құрылымдық карталар
тұрғызылған (V , T – VI, П1(S) – П2 және П3) және де масштабтары 1 :
20 000 болып келген тереңдік қималары тұрғызылған. Нәтижесінде, ауданы 30
км2 болатын, жоғарғы девон түзілімдерінен құралған көмпиме анықталған
(1.2.1-кесте).
1.3 Литологиялық-стратиграфиялық қимасы
Ауданның литологиялық – стратиграфиялық қимасы негізінен, П-2, П-3,
П-4 Батыс-Тепловск ауданының, П-8 Новеньки аудандарының және де П-61
Ростоши ауданының параметрлік ұңғымаларынан алынған мәліметтері бойынша
құрастырылған.
Мұндағы жоспарланып отырылған түзілімдер ішіндегі ең ежелгісі болып,
кристаллдық іргетас түзілімдері болып келеді.
Кристаллды іргетас
Жұмыс жүргізіліп отырылған аудан көлемінде, бұл түзілімдер толық
зерттеліп ашылмаған. Көршілес орналасқан Карповск және Чинаревск кеніштер
аудандарында, іргетас түзілімдері, тек үлгі тастар алынулары арқылы
сипатталған. Бұл кеніштер аудандарындағы ұңғымалар қималарындағы,
литологиялық құрамдары жағынан, граниттер мен габбролар түзілімдері арқылы
құрылған.
Ұңғымалар қималарының мәліметтері бойынша, бұл түзілімдердің ең
жоғарғы қалыңдықтары 1- 40 м аралығы болып есептеледі.
Девон жүйесі (D)
Девон жүйесі түзілімдері, жұмыс жүргізіліп отырылған аудан көлемінде,
барлық үш бөлімдерімен сипатталған.
Төменгі бөлім (D1)
Төменгі девон түзілімдері Карповск және Чинаревск кеніштер аудандар
көлемдерінде кездеспейді. Ал, осы аудандардың оңтүстік – шығыс, ішкі
бөлімінде, дәлірек айтсақ Қарашығанақ кен орнының Д-4 және Д-5 ұңғымалар
қималарында, бұл түзілімдердің қалыңдықтары 260 – 285 м шамасында келетін
аралықтарда тараған болып келеді.
Долинск кен орнындағы, ұңғымалар қималарының каратаждық
сипаттамаларына қарағанда, онда кездесетін төменгі девон түзілімдері 6543 м
терңдіктерде таралғандары анықталған.
Төменгі девон жасты түзілімдері негізінен, эмск ярусының - такотинск
және вязовск қатпарлы белдемдерінен құралған. Литологиялық зерттелуі
жағынан, олар аргиллиттерден және қара – сұр түсті келген құмтастардан
түзілген. Бұл түзілімдердің жоғарғы қимасында, терригенді жыныстардың,
карбонатты жыныстармен (әктастар мен доломиттер) кезектесе, реттеле
орналасқандықтары белгіленген.
Төменгі девон жасты түзілімдерінің қалыңдықтары, шамамен 220-290м
аралығында.
Ортанғы бөлім (D2)
Девон жүйесінің ортанғы бөлім түзілімдері негізінен, екі ярусымен
сипатталған, олар эйфель және живет ярустары болып келеді.
Эйфель ярусы (D2 ef)
Эйфель ярусы өз кезегінде – койвен, бий, морсов, моссолов және де
чернояр белдемдерінен тұрады.
Койвен және бий белдемдері өздерінің литологиялық және
палеонтологиялық сипаттамалары жағынан бір – бірлеріне ұқсас келген. Олар
негізінен әктастар мен доломиттерден және де органикалық қалдықтардан
құралған. Койвен және бий белдемдерінің жалпы қалыңдықтары 85м-ді құрайды.
Морсов және моссолов белдемдері карбонатты және саздылы жыныстардан
түзіліп, олар афонин беткейінің төменгі бөліміне жатады. Ал афонин
беткейінің жоғарғы бөлімі, кезектесіп келген саздылы әктастар мен
аргиллиттерден тұратын чернояр белдемімен сипатталған. Мұндағы әктастар,
брахияпода, острапода атты органикалық қалдықтардан тұрады.
Жалпы афонин беткейінің қалыңдығы 80м-ге тең келеді.
Живет ярусы (D2g)
Живет ярусы – воробьев, ардатов және муллин белдемдерін біріктіретін
староосколь беткейінен құралған болып келеді. Бұл ярустың түзілімдері
негізінен, органикалық және литологиялық сипаттамаларының аздығынан, Карпов
және Чинарев аудандарының іргетастары арқылы жүргізілген ұңғымалар
қималарының мәліметтері бойынша анықталған.
Литологиялық құрамы жағынан, живет ярусы түзілімдері кезеткесіп келген
саздылы әктастар мен аргиллиттерден, кей жерлерінде кремнилі жыныстардан
түзілген болып саналады. Живет ярусының жалпы қалыңдығы шамамен 100 м
аралығында.
Жоғарғы бөлім (D3)
Жоғарғы девон түзілімдері, жұмыс жүргізіліп отырылған аудан көлемінде
екі ярусымен берілген. Олар негізінен – фран және фамен ярустарымен
сипатталған.
Фран ярусы (D3fr)
Жұмыс жүргізіліп отырылған аудан көлемінде кездесетін фран ярусы
түзілімдері негізінен – Первосоветск, Чинарев және Қарашығанақ кен орындар
аудандарының ұңғымаларының қималарынан алынған каратаждық диограммалары
арқылы анықталып, бұл түзілімдер паший және кынов белдемдерінен құралған
болып келеді.
Паший белдемі, литологиялық сипаттамалары жағынан, кезектесіп келетін
құмтастардан, құмайттастардан және де аргиллиттерден түзілген.
Кынов белдемі, литологиясы жағынан, саздылы әктастар мен
құмайттастардан құралған болып есептеледі. Фран ярусының жалпы қалыңдығы
шамамен 120 м тең.
Фамен ярусы (D3f)
Фамен ярусы, зерттеліп отырылған аудан көлемінде, литологиялық
сипаттамасы жағынан, биоморфты – детритті және де органикалық қалдықтар
кездесетін әктасты жыныстардан түзілген.
Фамен ярусының жалпы қалыңдығы 300 – 530 м шамасы аралығында болып
есептеледі.
Таскөмір жүйесі (C)
Таскөмір жүйесі түзілімдері, жұмыс жүргізіліп отырылған аудан
көлемінде, көршілес орналасқан Батыс – Тепловск кен орны ауданындағы, П-
2, П-3, П-4 және де П-61 ұңғымалары арқылы бүкіл қалыңдықтары зерттеліп
ашылған.
Бұл аудан көлемінде таскөмір жүйесі – ортанғы және төменгі таскөмір
бөлімдерімен сипатталған.
Төменгі бөлім (C1)
Төменгі таскөмір түзілімдері, зерттеліп отырылған аудан көлемінде,
барлық үш ярусымен берілген, олар негізінен мыналар – турне, визе және де
серпухов ярустары.
Турне ярусы (C1t)
Турне ярусы түзілімдері аудан көлемінде, ұсақ – орташа кристаллды,
органотекті және де ашық – сұр түсті келген әктастар мен доломиттерден
құралған.
Турне ярусы түзілімдерінің жалпы қалыңдықтары 150 м шамасында.
Визе ярусы (C1b)
Визе ярусы түзілімдері, аудан көлемінде негізінен, яснополян және де
окс беткейлерінің түзілімдерімен сипатталған.
Өз кезегінде яснополян беткейі – бобриков және туль белдемдерінен
тұрады. Бобриков түзілімдері стратиграфиялық – литологиялық сипаттары
жағынан, турне ярусы түзілімдерімен үйлемсімсіз орналасқан және де қара –
сұр түсті келген, кварцты қабаттардан түзілген аргиллиттер мен құмтастардан
құралған. Белдемнің жалпы қалыңдығы шамамен 30 м.
Туль белдемі түзілімдері, қара – сұр түсті келген және де аргиллиттер
қабаттары кездесетін битуминозонды саздар мен әктастардан құралған болып
келеді. Белдемнің жалпы қалыңдығы шамамен 90 м – ге тең.
Алексин, михайлов және венев белдемдерінен құралған Окс беткейі
негізінен, сұр, қоңыр – сұр түсті келген әктастар мен доломиттерден
түзілген. Окс беткейінің қалыңдығы шамамен 350 м – ге тең болады.
Визе ярусының жалпы қалыңдығы 470 – 500 м шамасында болып келген.
Серпухов ярусы (C1s)
Cерпухов ярусы түзілімдері негізінен, ақшыл – сұр, сұр, кейде қоңыр
түсті келген және органотекті сынықтары кездесетін, ангидрит қабаттары бар
әктастардан түзілген. Серпухов ярусының жалпы қалыңдығы 90 – 110 м
шамасында.
Ортанғы бөлім (C2)
Ортанғы таскөмір түзілімдері негізінен, Башқұр және Мәскеу ярустарымен
сипатталған болып саналады.
Башқұр ярусы (C2b)
Бұл ярус түзілімдері, ақшыл – сұр түсті келген, органотекті сынқтары
кездесетін және де кей жерлері кеуекті – каверналы келетін әктастардан
құралған болып келеді. Башқұр ярусының жалпы қалыңдығы 50 м – ге тең.
Мәскеу ярусы (C2m)
Мәскеу ярусы түзілімдері барлық төрт белдемдерінен тұрады, оларға
мыналар жатады; верей, кашир, подоль және де мячков белдемдері болып
келеді.
Верей белдемі – қара – сұр, сұр түсті келген, жұқа қабатты, слюдалы
және флора – фауна қалдықтар- кездесетін аргиллиттер мен құмтастардан
түзілген. Белдемнің қалыңдығы 80- 90м .
Кашир белдемі- сұр, қара сұр түсті келген, органотекті- детритті және
сұр түсті келген доломиттер қабаттары кездесетін әктастардан құралған.
Кашир белдемінің қалыңдығы 55- 70м
Подоль белдемі- сұр, кейде ашық- сұр түсті келген, ұсақ түйірлі
органотекті қалдықтар қабаттары кездесетін әктастардан түзілген. Белдем
қалыңдығы 45- 50м шамасында.
Мячков белдемі- сұр түсті келген, органотекті- детритті, ұсақ түйірлі,
доломитизирленген және де кейде ангидрит қабаты кездесетін доломиттер мен
әктастардан құралған. Мячков белдемінің қалыңдығ,ы шамамен 85- 100м
аралығында.
Мәквеу ярусының жалпы қалыңдығы 300 – 350 м шамасында.
Пермь жүйесі (Р)
Төменгі бөлім (P1)
Төменгі пермь жүйесі түзілімдерінде екі литофациялық комплекс
кездеседі; төменгі карбонатты, оның құрамына ассель, сакмар және артин
ярустары кірсе; жоғарғы сульфатты- гологенді, оның құрамына күнгір ярусы
жатады.
Ауданның солтүстік бөлігінде төменгі пермьді карбонатты түзілімдері
(ассель- артин түзілімдері) қоңыр- сұр түсті келген, органотекті- сынықты,
биогермді өсімдіктер кездесетін және де кеуекті каверналы дәрежеде келген
әктастардан құралған.
Ал ауданның оңтүстік бөлігінде, бұл әктастар қара- сұр түске айналған,
ұсақ кристалды, кейбір жерлерінде қалқанды және де қайта кристалданған,
тығыз болып келген.
Құрамына ассель, сақмар, артин ярустары кіретін, төменгі пермь
карбонатты комплексінің қалыңдығы шамамен 100м-ден 650м-ге дейін болып
келеді. Мұндағы артин түзілімдерінің жабынына “ П1” шағылу белдемі сәйкес
келеді.
Күнгір ярусы (P1k)
Күнгір ярусы түзілімдері екі бөлімге бөлінеді. Төменгі сульфатты-
карбонатты, оған филиппов белдемі жатса; жоғарғы галогенді және терригенді,
оған ирень свитасы жатады.
Филиппов белдемі түзілімдері, көгілдір- сұр, сұр, кейде қара-сұр түсті
келген, кристалды, массивті, тығыз орналасқан және де сұр түсті доломиттер
қабаттары кездесетін ангидриттерден құралған болып келеді. Филиппов
белдемінің қалыңдығы 150-200м аралығында. Бұл белдемнің жабынына “VI”
шағылу белдемі сәйкес келеді.
Ирень свитасы түзілімдері ақ, сұр, ақшыл- сұр түсті келген, орта және
ірі кристалды, сұр, кейде қара-сұр түсті келген ангидриттер мен қоңыр түсті
келген аргиллиттер қабаттары кездесетін қалың қабаттың тастұзынан тұрады.
Бұл свитаның жабынына “VI” шағылу белдемі сәйкес келеді.
Ирень свитасының жалпы қалыңдығы 1300- 2100м аралығында.
Жоғарғы бөлім (P2)
Жоғарғы пермь түзілімдері, қазан және татар ярустарынан тұрады.
Қазан ярусы (P2kz)
Қазан ярусы түзілімдері, калинов және гидрохимия атты екі свиталармен
сипатталған.
Калинов свитасы, негізінен қара сұр түсті келген, массивті және тығыз
орналасқан доломиттер мен әктастардан түзілген.
Бұл свита түзілімдері, жұмыс жүргізіліп отырған ауданның, жалпы
алғанда оңтүстік бөлігінде карбонатты комплекс ретінде кездеседі. Калинов
свитасының қалыңдығы 170- 190м аралығында.
Гидрохимия свитасы, негізінен сұр, ақшыл- сұр түсті келген және де
қызыл түсті саздар мен ангидриттердің қабаттары кездесетін тастұзынан
құралған.
Бұл свитаның қалыңдығы 80- 100м аралығында.
Татар ярусы (P2t)
Татар ярусы түзілімдері, қоңыр- сұр түсті келген, құмтасты, кейде
әктасты және де сұр түсті аллевролиттер қабаттары кездесетінқызыл түсті
келген саздардан тұрады.
Татар ярусы түзілімдерінің қалыңдығы 450- 700м аралығында.
Триас жүйесі (Т)
Солтүстік Каспий маңы ойпаңының борттық белдемінде триас жүйесі
түзілімдері, негізінен төменгі триас бөліміне жататын ветлуж ярусымен
сипатталған.
Төменгі бөлім (Т1)
Ветлуж ярусы (T1b)
Ветлуж ярусы түзілімдері, қара, қоңыр түсті келген, кейде саздылы
және қара түсті саздары мен аргиллиттердің қабаттары кездесетін құмтастар
мен алевролиттерден құралған.
Триасты түзілімдердің жалпы қалыңдығы 370- 560м аралығында.
Юра жүйесі(J)
Юра жүйесі түзілімдері, аудан көлемінде ортанғы және жоғарғы
бөлімдермен сипатталған.
Ортанғы бөлім (J2)
Ортанғы юра түзілімдері, ашық- сұр түсті келген, кейде әктасты емес
алевролиттері бар және де фауна қалдықтары кездесетін құмтастармен
саздардан тұрады.
Бөлімнің жалпы қалыңдығы 100м шамасында.
Жоғарғы бөлім (J3)
Жоғарғы юра бөлімінің төменгі бөлімі- сұр түсті келген және нашар
алевролитті қабаттары кездесетін әктастардан тұрады.
Жоғарғы бөлім қалыңдығы 60м шамасында.
Бор жүйесі (К)
Бор жүйесі, аудан көлеміндегі екі бөлімімен де берілген.
Төменгі бөлім (К1)
Төменгі бор түзілімдері- қара- сұр түсті келген, кейде қара түсті
әктастар мен құмтастар және де ұсақ түйірлі кварциттер кездесетін саздардан
тұрады. Жалпы қалыңдығы 170- 190м аралығында.
Жоғарғы бөлім (К2)
Жоғарғы бор бөлімі- ақ түсті келген, кейде саздылы және мергельді
түрде кездесетін жазу борымен түзілген. Жалпы қалыңдығы 160- 180м
аралығында.
Неоген және төрттік жүйелері (N+Q)
Неоген түзілімдері- сұр түсті келген, кейде әктастар мен құмдар
қабаттары кездесетін саздардан құралған.
Төрттік жүйесі, негізінен сары- қоңыр түсті келген, сұр түсті
кварцитті құмдар мен саздардан және ұсақ түйірлі құмдардан тұратын
суглинкалардан құралған болып келеді.
Неоген- төрттік жүйелерінің жалпы қалыңдықтары шамамен 30- 55м
аралығында.
1.4 Тектоника
Жұмыс жүргізіліп отырылған аудан аймағы көлемі негізінен, Солтүстік
Каспий маңы ойпаңы бортының, Еділ – Жайық антеклизасының түйіскен
белдемімен шектескен бөлігінде орналасқан.
Солтүстік Каспий маңы ойпаңы бортының кристаллдық ірге тасында, анық
бөлшектелген екі ірі ірге тасты көтерілімдер белгіленген, олар – Карпов
және Чинарев болып аталады.
Өз кезегінде Карпов ірге тасты көтерілімі, барілген планда оңтүстікте
4600 – 5200 м және де 6400 – 7150 м аралықтарында орналасқан, моноклиналь
тәрізді аймақтық таралуымен сипатталған. Бұл көтерілімнің солтүстік бөлігі,
амплитудасы батсы бөлігінде 600 – 700 м және де шығыс бөлігінде 150 – 250 м
аралықтарды құрайтын, ірі Карпов – Тепловск жарылымдарымен шектескен болып
келеді. Бұл аймақтық ірі жарылым, Погодаев – Остафьев ойпатының оңтүстік
шекарасы болып табылады. Маңыздылығы жағынан, Тепловск ауданының аймағына
жататын және аз амплитудалы құрылым түрінде келген, Карпов переклиналының
шығыс бөлігі болып табылады.
Бұл переклиналды ауданда, көлемі 19 х 3,5 км болып келетін, үлкен
көтерілімді блок кездеседі және де бұл блок өз кезегінде үш изогипсті
төбешіктер бөлінеді, олар блоктың батысынан шығысына қарай 5850, 6150 және
де 6300 м болып келеді. Блок батысында, амплитудасы 50 – 100 м
аралықтарында болатын, тектоникалық бұзылыстарымен шектелген, ал
солтүстігінде амплитудасы 100 – 200 м болып келетін, аймақтық Карпов –
Тепловск жарылымдарымен шектелген. Шығыс бөлігінде, оңтүстік еңістікке
қарай бағытталған горст тәріздес қысқа белдеммен шектелген болып табылады.
Негізінен алғанда, жұмыс жүргізіліп отырылған аудан көлемі, осы блокта
орналасқан болып саналады.
Солтүстік Каспий маңы ойпаңының бортты белдемі мен жұмыс жүргізіліп
отырылған аудан аймағындағы шөгінді тыстар комплексі негізгі үш құрылымдық
сатыларына бөлінеді, олар – тұз асты, тұздылы және де тұз үсті құрылымдық
сатылары болып табылады.
Тұз асты құрылымдық сатысын өз кезегінде, екі саты тармағына бөлуге
болады – төменгі сатысы, төменгі, ортанғы девон жүйелері мен фамен ярусының
терригенді – карбонатты түзілімдерінен құралған болып келсе; жоғарғы
сатысы, девон жүйесінің фамен ярусынан бастап, төменгі перм жүйесінің
ассель – артин ярустарынан тұратын карбонатты түзілімдерінен түзілген болып
саналады.
Осы аталған құрылымдық сатылар ішінде ең жақсы зерттелгені, тұз асты
құрылымдық сатыларының жоғарғы девон жүйесіне дейінгі, терригенді –
карбонатты комплексі болып табылады. Өз кезегінде, бұл құрылымдық комплекс
түзілімдерінің жоғарғы беткейі шайылған болып, “П3” шағылу белдемімен
сипатталады.
Ауданның әр бөліктерінде тараған бұл құрылымдық саты белдемдері,
көршілес орналасқан кеніштер ұңғымаларының мәліметтері бойынша, афонин –
бий әктасты және де кынов – паший терригенді – карбонатты түзілімдері,
жобаланып отырылған аудан көлемі мен Погодаев – Остафьев ойпатында кеңінен
тараған болып саналады.
Тұз асты құрылымдық сатысында кездесетін терригенді – карбонатты
түзілімдерінің құрылымы, өзінің орналасу жағдайына байланысты, кристаллдық
ірге тас құрылымы мен “П3” шағылу белдемі сипаттамалары сәйкес келеді.
Мұндағы негізінен, жалпы моноклинальды жағдайда, тектоникалық – экрандық
және де литологиялық сүйірленген құрылымдардың таралу байқалады.
Карпов ойпаңы құрылымының көтерілімдік беткейі, үш көмпимелермен
сипатталған, олардың амплитудалары 100 – 150м шамасында болып келеді және
де 5550 – 5850 м изогипстерімен шектелген. Құрылымның орташа көлемі 18 х 3
км – ді құрайды.
Жоғарғы карбонатты құрылымдық сатылар тармақтарының негізгі,
тектоникалық формалары, әр түрлі жасты келген, солтүстік борты аймағында
тарған болып табылады. Солтүстік бортты белдемінде үш құрылымдық сатылар
тармақтары кездеседі; верей, визе – башқұр және де турне – девон. Осы
аталған барлық саты тармақтары аймақтық тараған болып есептеледі.
Бұл құрылымдық бортты белдемдермен бірге, ыңғайлы, ұзақ аймаққа
тараған болып келген, құрылым түрінде болып келген риф ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz