Өзен кен орнын жобалау және игеру тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті

Мұнай және газ геологиясы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Өзен кенорыны

Оқытушы : Қасымова Н.Қ.
Студент: Теңелбаев М.Н.
Мамандық: 180340
Топ: ГНГ-03-01қ

Алматы 2007
Мазмұны

Кіріспе
Кен орын жайлы жалпы мәлімет
2 Кен орнының геологиялық зертелуінің және игерілуінің
тарихы.
3 Кен орнының геологиялық құрылымы
4 Стратиграфия
5 Тектоника
6 Мұнайгаздылық
7 Сулылық
8 Литофациялық талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Республикамыздың басты байлығы саналатын мұнай және газ шикізаты ел
экономикасы дамуының ажырамас бір бөлігі болып отыр.
Елімізде көптеген ірі мұнай және газ кен орындары бар. Солардың бірі
– Өзен кен орны.
Өзен кен орны Қазақстан Республикасындағы, сонымен қатар бұрынғы КСРО-
дағы ең ірі мұнай кен орны болып табылады, кен орны 1961 жылы ашылып,
өндірістік игеруге 1965 ж. енгізілді, ал 1975 жылы мұнай өндірудің ең
жоғарғы шегіне жетті. Осыдан кейін өнім алудың төмендеуі қосымша
қаржыландырудың жоқтығы мен материалды-техникалық құралдарды жұмылдыру
арқылы, жаңа технологиялық шешімдерді енгізудің ұйымдастырылмауы әсерінен
тоқтатылды. Нәтижесінде 1981 жылдан бастап мұнай өндіру қарқынының жылдық
төмендеуі 2-3 %-ға жетті.

1993 жылдан бастап өндірудің төмендеу қарқыны 6-8 есеге ұлғайды. Кен
орнында орын алған критикалық жағдай жақын жылдарда оның толық тоқтауына
әкелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының үкіметі қабылдаған Өзен кен орнын қалпына
келтіру жоспары бойынша осы кен орнындағы өндіру деңгейін қалпына келтіру
мен тұрақтандыру үшін шет ел инвестициясын шақыру қарастырылған.
Жоғарыда аталынып өткендей мұнай алуды қарқындандыру мақсатында кен
орнында БОТЭС-ты алғашқы сынамалы-өндірістік пайдалануға енгізу қолға
алынуда. Кен орнында БОТЭС-пен 72 ұңғы жабдықталған.

Өзен кен орны туралы жалпы мағлұматтар
Республикамыздағы Өзен кен орны Маңғышлақ түбегінің геологиялық
әдебиеттерде Оңтүстік Маңғышлақ ойысы деп аталатын шөлді даланың оңтүстік
бөлігінде орналасқан.
Әкімшілік жағынан кен орны территориясы Маңғыстау облысы
құрамына кіреді. Ең жақын елді мекен ЖаңаӨзен қаласы болып табылады, ол
кен орнынан оңтүстікке қарай 8-15 км-де орналасқан. Батысында Жетібай
қаласынан – 80 км, ал Ақтау қаласынан – 150 км қашықтықта жатыр.
Орографиялық жағынан Оңтүстік Маңғышлақ ауданы теңізге қарай
оңтүстіктен батысқа қарай сәл көлбеуленген, төмпешікті үстірт түрінде, ал
абсолюттік белгілері солтүстігінде +260 м және оңтүстігінде +24 м құрайды.
Аудан бедері өте күрделі құрылымды. Ауданның орталық және оңтүстік
бөлігінде үлкен ойпаттар бар. Олардың ішіндегі ең ірісі – Қарақия
ойпаты болып табылады. Оның абсолюттік белгісі – 132 м.
Орталық бөлігін Өзен және Түнқарақшы ойпаттарының ортасында
жатқан үстірт алады. Үстірттің абсолюттік белгілері солтүстігінде
+260 м, ал оңтүстігінде +200 м. Батысы мен солтүстік-батысында кен орнының
аумағы шегінде үстірт Өзен ойпаты жағынан қарай кемерлер түрінде күрт
үзіледі.
Өзен ойпаты 500 км² ауданды алады. Ойпаттың түбі жыралармен
тілімделген. Минимальді абсолюттік белгісі +31 м.
Кен орны ауданы топырағы мен өсімдіктерінің сипатына қарай
шөлді аймаққа жатады. Ауданның шөл далалы аймақтары негізінен су
көзінің тапшылығы мен өсімдік жабынының маусымдылығынан пайдалануға
жарамайды. Шөлейтті-далалы аймақтар негізінен мал жайылымдары ретінде
қолданылады.
Аудан климаты күрт континентальді, шөлейтті, тәуліктік
температураның күрт өзгеретіндігімен, ыстық та, құрғақ жазымен және
салыстырмалы суық қысымен сипатталады. Жазда максимальді температура +45
ºС, қыста минимальді температура -30 ºС. Ауданда күшті желдер жиі соғады,
олардың орташа жылдамдығы 6-8 мс-ті құрайды.
Атмосфералық жауын-шашын сирек және негізінен көктем-күз мезгілінде
түседі, жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері – 63-85 мм (кейде 100 мм)
аралығы шамасында және қардан жаңбыр көп жауады.
Өсімдіктері мен жануарлар әлемі мол, олар шөлейтті және шөлді
климатқа бейімделген.
Аудан табиғи ауыз су көздеріне тапшы. Ал, қолда бар құдықтардағы су
аз шығымды, өте ащы және ішуге жарамсыз. Жаңаөзен қаласына ауыз су
Сауысқан-Бостанқұм массивтерінде бұрғыланған геологиялық скважиналардан,
ұзындығы – 70 км суөткізгіш құбырлары арқылы тасымалданады. Техникалық
сумен қамтамасыз ету тереңдігі 600-700 м болатын, онша терең емес, альб-
сеноман жасындағы горизонттардың жер асты сулары арқылы іске
асырылады.
Оңтүстік Маңғышлақ өңірлеріндегі көп қабатты, мұнайлы-газды Өзен,
Жетібай және т.б. кен орындарының ашылуы аудан өндірісінің қарқынды дамуына
алып келді.
Экономикалық тұрғыдан қарағанда аудан ахуалы нашар болып табылады.
Ауданның өндіріс орталықтарынан алыстығы, елді мекендердің бір-бірінен
сирек орналасқандығы, қатал климаттық жағдайлар және жол қатынасының
нашарлығы, ауыз судың тапшылығы сияқты мәселелер Маңғыстау өңірлерін
игеруді едәуір қиындатады.
Қазіргі уақытта ауданның елді мекендерін тас жол
байланыстырады. Облыстың аудан орталықтарын байланыстыратын темір жол
тораптары да бар. Оңтүстік Маңғышлақ өңірі жергілікті әктас-бақалшақты
құрлыс материалдарына өте бай болып келеді.
Кен орнында өндірілген мұнай Атырау қаласына және одан ары
Ресейге жөнелтіледі. Өндірілген мұнайдың ілеспе газы және табиғи газ
Қазақ газ өңдеу зауытына, сондай-ақ Ақтау қаласындағы пластмасса
зауытына, Маңғыстау энерго комбинатына (МАЭК) тасымалданады.

Өзен кен орнын жобалау және игеру тарихы
Маңғыстауды зерттеу өткен ғасырдың аяғында басталған.
Маңғыстау мұнайының алғашқы белгілерін 1899-1901 жж. Таспас сорлары
мен құдықтарының ауданында А.А.Насибьянц тапқан.
1937-1941 жж. С.Н.Алексейчик далалық геологиялық зерттеулер
жүргізгенде Өзен көтерілімін анықтаған. Ал 1941-1945жж. аралығында
Маңғыстауда геологиялық зерттеулер жүргізілген жоқ.
1950 ж. ВНИГРИ Б.Ф.Дьяков, Н.Н.Черепанов және Н.К.Трифоновтың
жетекшілігімен Маңғыстауға ірі кешенді геологиялық-геофизикалық экспедиция
ұйымдастырылды. Бұл ұжым ауданды зерттеуде өзінің үлкен үлесін
қосты. 1951 ж. Казнефтеобъединение бас геологы Н.А.Кадин Батыс
Қазақстанның геологиясы мен мұнайлылығы бойынша көп мәлімет берді,
барлық геологиялық материалдар талданылып, Маңғыстау мұнайгаздылығының
келешегі ерекше аталып көрсетілді.
1951 ж. Казахстаннефтеразведка тресінің геологиялық-іздестіру
басқармасы (директоры К.Н.Тулин, бас геологы А.П.Черняева) Маңғыстау
түбегіне бұрғышылар партиясын бағыттады, олар Түбіжік алаңында
құрылымдық-іздестіру бұрғылауды жүргізе бастады.
1957-1961 жж. Маңғыстаудың өндірістік мұнайгаздылығы жөніндегі
мәселелері шешілді. Бұл мақсатта ВНИГРИ мұнайды іздеу және барлауға
үш аудан ұсынды. Қазан құрылымын бұрғылау – нәтижесіз болып табылды, ал
Түбіжік алаңында мұнай кен орны анықталды, бірақ ондағы мұнай ауыр,
шайырлы және барлауға тиімсіз болып шықты. Жетібай және Өзен
құрылымдары аумағында мұнайгаз кен орындары анықталды. 1961 ж.
желтоқсанның басында 1248-1261 м аралығындағы № 1 ұңғыны сынағанда 10 мм
штуцерден тәуліктік шығымы 80 м³ фонтан алынды. Горизонттың өндірістік
бағалануы 1962 ж. сәуірде 3 режимде сынаумен берілді. 1963 ж. наурыздың
басында осы горизонттағы № 2 және № 22 ұңғылардан мұнай фонтандары
атқылады.
Өзен кен орнын өнеркәсіптік меңгеруді жеделдету мақсатында КСРО
үкіметінің 1963 ж. 7 қыркүйектегі қауылысымен Шевченко (қазіргі Ақтау)
қаласында Мангышлакнефть бірлестігі құрылды да, Өзен экспедициясы соның
құрамына енді.
1965 ж. ВНИИ Өзен кен орнын игерудің Бас схемасын жасады және
ол Миннефтепром комиссиясымен бекітілді. Онда мынадай жағдайлар
қарастырылды:
- кен орнын игерудің басынан бастап қабат қысымы мен
температурасын көтеріп ұстау;
- 4 пайдалану обьектілерін бөліп алу: І обьект – XIII+XIV горизонттар,
II обьект – XV+XVI горизонттар; III обьект – XVII горизонт; 4 обьект –
XVIII горизонт;
- негізгі пайдалану обьектілері (І-ІІ) бойынша кен орнын айдау
ұңғыларымен ені 4 км блоктарға бөлу;
- барлық обьектілерді біруақытта жеке блоктармен игеруге қосу;
- ІІІ обьектіні нұсқа сыртынан су айдау жүйесімен игеру;
- IV обьектіні қабат қысымын көтерусіз, аралас режимде игеру.
Бірақ кен орнының су айдауға дайын еместігіне байланысты
XIII-XVIII горизонттар 2,5 жыл бойы ешбір әсер етусіз, табиғи
серпімді су арынды режимде игерілді.
Өзен кен орнының барлық өнімді горизонттары бойынша әсер етудің
қолданылудағы жүйесінің тиімсіздігінен ұңғылар шығымы төмендей берді.
1971 ж. дейін су айдау көлемінің өсуіне қарамастан жылдық өндіру өсіміне
тек өндіру ұңғылары қорының артуы арқылы ғана қол жеткізілді.
Негізгі алаңдар мен горизонттар бұрғыланып біткенен соң мұнай
өндіру төмендеді және ұңғылар өнімінің сулануы қарқындады. Мұнай
өндірудің құлау коэффициенті 1976 ж. – 5, 1977-1979 жж. – 15.6...10%.
1974 ж. жасалған игеру жобасында келесі жағдайлар қарастырылды:
- әрбір горизонт жеке игеру обьектісі болып табылады;
- өнімді горизонттар ені 2км блоктарға айдау ұңғылары қатарларымен
бөлінеді;
- жаңа ұңғылар әрбір горизонтта жеке бұрғыланады;
- ыстық су айдаудың жобалық көлемі ұлғайтылды және кен орнын
1979 ж. қарай толығымен ыстық суға көшіру ұйғарылды.
Соңғы шарттың орындалуы қосымша 49,3 млн.т. мұнай алуға мүмкіндік
берер еді. Бірақ жоба орындалмады да, ыстық суға көшу толығымен 1983 ж.
ғана аяқталды.
Өнімді горизонттардан мұнайды алу ерекшеліктері мұнайдың қорын
игеру сипатының күрделі екенін көрсетті. Күрделі жағдайларда тек блоктық
су айдау, жеткіліксіз болғандықтан кейін сатылық термалдық су айдау,
фигуралық су айдау сияқты технологиялар қолданылды. Бұл технологиялар
кен орнын игерудің тиімділігін арттыруға жәрдемдесті.
Қазіргі кезде ыстық су айдау қондырғыларда дайындалады. Ыстық
суды дайындауға көп шығын шығатын болғандықтан ыстық су айдаудың
циклдік әдісі игерілген. Оның мағынасы өнімді қабатқа берілген көлемде
бірде ыстық, бірде салқын су айдалады. Ыстық су айдау процесінде қабаттың
жабыны мен табаны қыздырылады. Бұл жағдайда салқын су қабаттың қызған
жабыны мен табанынан келетін жылу арқылы жылиды, ал артынан салқын су
айдағанда ыстық су қабатқа қарай ысырылады.

Кен орнының геологиялық құрылымы
Өзен кен орны Қазақстан Республикасындағы, сонымен қатар бұрынғы КСРО-
дағы ең ірі мұнай кен орны болып табылады, кен орны 1961 ж. ашылып,
өндірістік игеруге 1965 ж. енгізілді. Өзен кен орны көптеген ең ірі кен
орындарының қатарына жатады және де басқа кен орындарынан өзінің
ерекшелігімен, жобалау кезінде, сонымен қатар игеру кезінде арнайы
көзқарасты талап ететіндігімен ерекшеленеді.
Өзен кен орны – көп қабатты, өте күрделенген геологиялық құрылымға
ие. Бор және юралық шөгінділердің қимасында 25 өнімді горизонт белгіленген
(I-XXV); мұнайлылықтың негізгі қабаттары – жоғарғы-орта юралық жастағы XIII-
XVIII горизонттар.
XIII-XVIII горизонттарының өнімді қалыңдығы (өзіне 48 қабатты
қосқанда) 18 будаққа (пачкаға) бөлінген. Салыстырмалы үлкен емес мұнай
кеніштері үшін мұнайлылықтың төменгі қабатындағы XIX-XXIV өнімді
горизонттар үш локальді көтеріліммен сипатталады: Қумұрын, Солтүстік-батыс
және де Парсымұрын күмбездері.
XII-XVIII горизонттардағы кеніш тұтас сумұнайлы жапсары бар массивті
қалыңдықтан құралады.
Мұнайлылықтың негізгі қабатындағы өнімді горизонттар (XIII-XVIII)
кеуектіліктің 22-27 % және өткізгіштіктің 0,167-0,276 мкм². орташа мәндері
кезінде 7,8-ден 21,1 м-ге дейінгі орташа мұнайғақаныққан қалыңдықтармен
сипатталады.
Кен орнының тұтқырлығы негізінен 3,7-4,7 мПа·с болатын қабаттық
мұнайының құрамында шамамен парафин – 22 % және асфальтшайырлы компоненттер
– 20 %-ға дейін кездеседі.
Кен орны мен жеке өнімді горизонттар бойынша мұнайдың бастапқы
баланстық қорын соңғы есептеу 1980 ж. жүргізілді, ал кейінгі жылдары
жүргізілген қорды оперативтік бағалау нәтижесінде алғашқы қабылданған
шамалардан айтарлықтай ауытқулар табылмаған. Сондықтан қазіргі уақытта кен
орны бойынша 1054566 мың тонна мөлшеріндегі мұнайдың суммарлық бастапқы
баланстық қоры Өзен кен орнының өндірістік мүмкіндіктері мен қорын есептеу
кезінде негізгі ориентир ретінде қолданылады.
Бірінші жобалық құжаттарда мұнай алудың түпкілікті коэффициенті
негізгі өнімді горизонт және жеке блоктар үшін анықталды, ол – 45 %,
мұнайлылықтың төменгі қабаты (Қумұрын, Солтүстік-батыс және Парсымұрын
күмбездері) үшін – 30-35 %. Одан әрі өнімді горизонт бойынша да, сондай-ақ
жеке блоктар бойынша да жаңа геолого-физикалық ақпараттар мен игеру
барысында туындаған жағдайларды ескере отырып, бастапқы шығарылатын қорды
қайта бағалау бірнеше рет қолға алынды, дегенмен алынған нәтижелер
айтарлықтай дәл емес болды, сондықтан да мұнай горизонттарындағы және
жекеленген блоктардағы мұнай қорын дәлдеп анықтауды талдау үшін соңғы
кездерге дейін 1981 ж. бекітілген 464775 мың тонна мөлшеріндегі бастапқы
шығарылатын мұнай қоры қолданылды.
Кен орнының дамуының негізгі болашағының (перспективаларының) бірі –
геолого-физикалық ерекшеліктері, игеру тарихы мен қорды есептеудің ағымдағы
жағдайын ескеріп, әр блоктар бойынша шығарылатын мұнай қорын объективті
түрде есептеу табылады.
Көпқабаттылық , еш жерде кездеспейтін геологиялық құрылым, өнімді
горизонттардың айтарлықтай едәуір көлемдік біртексіздігі (Урал-Повольжя кен
орындарымен салыстырғанда 5-10 есе үлкен), мұнайдың аномальдік қасиеттері
және басқа да ерекшеліктері кен орнын жобалау мен игерудегі негізгі
қиындықтарды анықтап берді.
Отанымызда және де шетел тәжірибесінде Өзен кен орнына ұқсас кен
орнын жобалау мен пайдалану кездеспейді.
Кен орнын пайдалану жобалық құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Олардың қатарында бүткіл кен орны үшін ірі үш жоба, ал игеру тұрғысынан
қарағанда өте қиын жекелеген участоктар үшін бірнеше технологиялық сұлбалар
бар.
Стратиграфиясы
Жер қабатының үздіксіз өсуін, оның пайда болған уақытын зерттейтін
ғылым стратиграфия деп аталады.
Стратиграфия – (латынша стратюм – төсеніш қабат және графо – жазамын)
геология ғылымының тақ жыныстары қалыптасуының тек еместігін және
кеңістіктегі бастапқы өзара қатынасын зерттеу арқылы бұлардың салыстырмалы
жасын анықтайтын бөлігі. Бұл үшін өткен геологиялық кезеңдердің
бассейіндерінде жиылған шөгінді жыныстардың мүмкін болғанша ажыратылып
өзгерулері зерттеледі. Геологиялық карталардың дұрыстылығы, нақтылығы,
дәлдігі тез іздеу мен барлаудың нәтижелілігі – шөгінді жыныстар
қабаттарының жеке шектелінуіне, жыныс қатынастарының толық анықталуына
байланысты.
Өзен кен орнында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен
3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның
құрылымында триас, юра, бор, палеоген, неоген және төрттік
шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина үлгітастарын
(кернін) зерттегенде алынған палеонтологиялық мәліметтерге және
Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға
негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар көп
жағдайда шартты, негізінен электрокаротаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде
микрофауна мен т. б. зерттеулер арқасында қолда бар стратиграфиялық
үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр.
Өзен кен орнының мұнайгаздылығы юра және кейде бор
шөгінділеріне байланысты.
Кен орнының геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты
25 құмды горизонттар анықталған. I-XII горизонттар (жоғарыдан төмен
қарай) жасы – бор – газды, XIII-XVIII горизонтар – жоғарғы және орта юра
– кен орнының негізгі мұнай-газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның
XIX-XXIV мұнайгазды горизонттары. Пермь-триас (РТ)
шөгінділері Өзен кен орнының ең көне жыныстары болып табылады.
Пермь-триас жүйесі (РТ). Жоғарғы пермь терең метаморфизм іздері бар
күңгірт полимикті құмтастармен және қара сланецтермен көрінеді. Төменгі
триас (Т) шөгінділері қоңыр аргиллиттермен және орта түйіршікті
құмтастармен орын алады. Бұл шөгінділердің оңтүстік Маңғышлақтағы
қалындығы 440 метрге жетеді, жабынында шайылудың ізі бар.
Оленек және орта триас жыныстары құмтастар мен қышқылды туфтар
қабатшалары бар қара және қарасұр аргиллиттер, әктастар, алевролиттердің
біртұтас, едәуір біртекті тобын құрайды. Бұл шөгінділері жалпы қалыңдығы
1500-1600м болатын біртұтас оңтүстік Маңғышлақ тобына бөлінген.

Юра жүйесі (J). Юра жүйесі шөгінділерінде барлық үш бөлім де
кездеседі: төменгі, орта және жоғарғы, жалпы қалыңдығы 1300м.
Төменгі бөлім (J1). Қиманың төменгі юра бөлігі құмтастар,
алевролиттер мен саздың араласуынан тұрады. Құмтастар сұр және ақшыл сұр,
көбіне ұсақ және орта түйіршікті. Ірі түйіршікті түрлері қиыршық тас
түйіршіктері қоспасымен бірге сирек те болса кездеседі. Кейде құмтастар
ақшыл сұр алевролиттерге немесе сазды құмтастарға ауысады.
Құмтастар мен алевролиттер цементі сазды немесе сазды-кремнийлі.
Саздардың түсі сұр және күңгірт, кейде қоңыр. Олар әдетте
аргиллитке ұқсас және көмір тектес затпен байытылған. Құмтастар,
алевролиттер мен саздардың алмасуы негізінен қиғаш қабатталады.
Төменгі юраның жабынында сазды бүйрек тәрізді құрылым дамыған,
оның қалыңдығы шайылу нәтижесінде күрт өзгерістерге ұшыраған. Төменгі юра
шөгінділерінің қалыңдығы 120-130 м. Төменгі юра қимасында XXIV-XXV
екі өнімді горизонт айқындалған.
Ортаңғы бөлім (J2). Оңтүстік Маңғышлақтың орта юра шөгінділері
мұнайгаздылығы жағынан ең ірісі. Сондықтан орта юраны бөлшектеп
стратиграфиялық мүшелеу өнімді горизонттарда олардың корреляциясын
айқындаумен тығыз байланысты. Орта юрада жалпы қалыңдылығы 700 м
аален, байос және бат ярустары айқындалады.
Аален ярусы (J2 а). Аален ярусы негізінен мортсынғыш, құмды-галькалы
жыныстардан құралған және де ортаңғы юра қимасының базальтті қабат ретінде
қарастырылуы мүмкін. Ярустың қимасында сұр және қоңыр әртүрлі түйіршікті
құмтастар басым, олардың арасында орта және ірі түйіршіктілері кең
жайылған. Кейде соңғылары гравелиттермен алмасады. Аален құмтастары мен
гравелиттерінің цементі негізінен сазды, кейде карбонатты және
байланысқыш түрлі болады. Біршама көп жұқа қабаттар түрінде құмтастар мен
гравелиттер арасында ұсақ галькалы конгломераттар да кездеседі. Саздар
әдетте сұр, қарасұр, кейде қоңыр түсті, тығыз, аргиллитке ұқсас болып
келеді.
Ярустың жалпы қалыңдығы 330 м. Аален мен байос ярустары арасындағы
шекара XXII горизонттың табанымен өтеді.
Байос ярусы (J2 b). Байос шөгінділері ең көп және барлық жерде
таралған. Байос ярусының шөгінділері негізінен арасында көмір қабатшалары
бар алевролиттер мен саздардан құралған континентальды фациялармен
белгіленді. Байос ярусы қимасының төменгі бөлігінде сазды және алевролитті
жыныстар, жоғарғы бөлігінде құмтасты жыныстар басым. Олардың қалыңдығы
500-ден 520 м-ге дейін өзгереді. Зерттеулер кешені бойынша байос ярусының
шөгінділері екі подярусқа бөлінеді.
Төменгі байос (J2 b1). Бұл подярустың шөгінділерінің жалпы
қалыңдығы 470м және саздар, құмтастар мен алевролиттердің, көмір тектес
заттың қабатшаларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзен кен орнында қолданылатын қабаттардың мұнай бергіштігін көтеру әдістері
Су айдау
Өзен кен орнының өндіру және айдау скважиналары қорының жағдайы
Өзен кен орнында 1400м тереңдікке бұрғыланатын пайдалану ұңғымасын жобалау
Мұнай ұңғыларының ұңғы
Жетібай кенорнында қабат қысымын ұстау жүйесіндегі су айдау жұмыстары
Ұңғыма қорының жағдайы
Маңғыстау мұнай өндіру заводы
Өзен кен орнындағы осы және басқа да проблемалар шешімдерін табу
Кен орынды игеру жүйесі. Кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы
Пәндер