Газгольдерлер классификациясы және эжекторлық төгу әдісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. Сатпаев атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын жобалау, салу және пайдалану
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Газгольдерлер классификациясы және эжекторлық төгу әдісі

Қабылдаған: аға оқытушы
Имансакипова Н.Б.
Орындаған: Аширбеков Б.Д.
Мамандығы: 200340
Тобы: ПГН-02-1қ.

АЛМАТЫ 2006
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1
ГАЗГОЛЬДЕРЛЕР ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
1.1 Газгольдерлердің арналуы мен класификациясы ... ... ... ... ..
1.2 Вертикальды бағыттауыштары бар ылғал газгольдерлер ...
1.3 Винтті бағыттауыштары бар ылғал газгольдерлер ... ... ... ... .
1.4 Поршеньдік түрдегі құрғақ
газгольдерлер ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1.5 Жұмсақ секциялы құрғақ газгольдерлер ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.6 Ауыспалы қысымды және тұрақты көлемді газгольдерлер..
1.7 Шар тәріздес
газгольдерлер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ЦИСТЕРНАДАН МҰНАЙ НЕМЕСЕ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ЭЖЕКТОРЛЫҚ ТӨГУ ӘДІСІНІҢ
ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыста мен арнайы сұрақ ретінде газгольдерлердің
классификациясын талдап, толығымен мағлұмат берудемін. Газды сақтау үшін
түрлі жолдарды және әдістемелерді қолданады, солардың ішіндегі ең тиімдісі
және қолайлысы газгольдерлер болып табылады. Себебі олар газдардың түрлі
физикалық және химиялық қасиеттері мен сақтау шарттарына сай келеді.
Әдетте, газды сақтау қажеттілігі тұтынушыларға тарату пунктерінде, газ
өңдеу кәсіпорындарында және де газ қорын жинау пунктерінде туындайды.
Газгольдерлердің түрлері, бірін-бірінен айырмашылықтары және
ерекшеліктері, яғни классификациясы жоғарыда айтылған газды сақтау
қажеттіліктеріне жауап береді.
Эжекторлық төгу әдісі цистерналармен келіп жеткен мұнай немесе мұнай
өнімдерін төгу үшін арналған әдіс болып табылады. Бұл әдіс эжектордың, яғни
мұнай немесе мұнай өнімдерін цистернаның үстінгі қақпақшасынан сорып
алатын сорап арқылы іске асады. Бұл әдіс цистернадағы қаныққан бу қысымы
жоғары болған жағдайда ғана қолданылады. Осы курстық жұмыста мен берілген
мәндер бойынша эжекторлық төгу әдісінің есебін шығарып, түсініктемелі түрде
жаздым.

1 ГАЗГОЛЬДЕРЛЕР

1.1 Газгольдерлердің арналуы мен класификациясы.

Газгольдерлер – түрлі жолдармен пайда болған және қолдануға арналған
газдардың түрін сақтауға, оған қоса онда сақталатын заттардың негізгі
көрсеткіштерін қадағалайтын арнайы инженерлік құрылғы болып табылады.
Газгольдерлер өздерінің арналуына байланысты бір немесе бірнеше
қызметтерді атқара алады. Олардың негізгілері болып;
а) газды ұзақ немесе қысқа мерзімде сақтау;
ә) құрамы әртүрлі немесе концентрациясы әртүрлі бірдей газдарды
араластыру;
б) сақталатын газ қысымының энергиясын аккулуляциялау;
в) өндірілетін немесе өңделетін газ көлемін өлшеу;
г) баллондарды, цистериалдарды және т.б. толтыру кезінде немесе
бірнеше цехтарға жіберу кезінде газдарды бөлу;
д) жабық жүйеде газды жіктеу кезінде қысымды теңестіру;
е) орнатылған технолгиялық жүйенің қалыпты жұмыс істеуі немесе
істелмеуі жайлы дабыл қағу.
Енгізілетін қысымына байланысты газгольдерлерді екі топқа бөлуге
болады:
а) төменгі қысым газольдерлері – І класс
ә) жоғарғы қысым газгольдерлері – ІІ класс
І – класты газгольдерлер жұмыс қысымы технологиялық жүйелер
өзгешілігінің спецификасына сай тағайындалады (0.04-0.05атм).
ІІ – класты газгольдерлер газдың жұмыс қысымы 0.7 – 30 атм аралығында
немесе өзінде жоғары қысымда қолданылады.
Осы газгольдерлердің екі классының әрқайсысы түрлер мен класстарға
бөлінеді. Газгольдерлер арасында айтарлықтай айырмашылығы - тұрақты
қысым мен тұрақты көлем болып табылады.

1-сурет. Газгольдерлер сүлбесі

Біріншісі болып сақталатын газдың көлемі ауыспалы, бірақ қысымы
өзгермейтін өзгермелі көлемді ыдыстар келеді. Көлемі тұрақты
газгольдерлерде геометриялық көлемі өзгермейді, бірақ газ қысымы алдынала
қабылданған аралықта жүйенің технологиялық параметрлеріне сай және де
құрылғының беріктігі мен орнықтылығына байланысты өзгертіледі.
Төменгі қысымды газгольдерлер қысымы тұрақты газгольдерлер
қатарына кіріп, технологиялық және құрылыстық қасиеттеріне байланысты екі
топқа бөлінеді:
а) ылғал газгольдерлер – І топ:
ә) құрғақ газгольдерлер – ІІ топ.
Ылғал газгольдерлердің екі түрі болады:
а) вертикалды бағыттаушы бар ылғал газгольдерлер (1.а - сурет);

ә) винтті бағыттауыштары бар ылғал газгольдерлер (1.б - сурет).
Жұмыс істеу мақсатына қарай ылғал газгольдерлердің екі түріде
төменгі қысымды және өзгермелі көлемді газгольдерлер болып табылады.
Екеуінің айырмашылығы құрылымында, яғни гаризонтальда күштерге (жел
шатырындағы тегіс емес қар және т.б.) кері әсері, бұған қоса көлемін
өзгерткен кезде газгольдерлердің жеке элементтерінің теңестіру жүйесінде.
Құрғақ газгольдерлерді де негізгі екі түрге бөлуге болады:
а)поршеньдік құрғақ газгольдерлер (1.в - сурет);
ә) жұмсақ секциялы (мембраналы) құрғақ газгольдерлер (1.г - сурет).
Құрғақ газгольдерлер екі түрде газдың өзгермелі көлемді және тұрақты
қысымды газгольдерлер қатарына жатады.
Тұрақты көлемді газгольдерлер сақталатын газдың қысымы жоғары болған
кезде қолданылады және өзінің геометриялық пішінімен ерекшеленеді. Арнайы
компрессорлар көмегімен газгольдерлерге айдалатын газдың көлемін
арттырған кезде газ қысымы өзгермелі және өспелі болып келеді.
Тұрақты көлемді газгольдерлер де геометриялық пішішіне қарай екі
түрге бөлінеді;
а) сфералық түпті цилиндр тәріздес вертикальды және гаризонтальды
жаққа орналасатын газгольдерлер (1,е,ә - сурет);
б) сфера тәріздес (шар сияқты) жеке тірегіштерге немесе арнайы
стаканға сүйенетін газгольдерлер (1,ж - сурет).
Газгольдерлердің классификациясы 2-ші суретте көрсетілген.

1.2 Вертикальды бағыттауыштары бар ылғал газгольдерлер

Вертикальды бағыттауыштары бар ылғал газгольдерлер ТМД елдерінде
және де шетелде кеңінен таралған. Олар конструкциясының қарапайымдылығы,
құрылысының икемділігі және қолданылуының беріктігі арқылы кеңінен
қолдануға қол жеткізген.
Ылғал газгольдерлер төменгі қысымды газгольдерлер болып табылады, себебі
газ қысымының максималды мәні технологтармен 0.04 атм дейін ғана
беріледі. Бұл қысым пайдалану кезінде тұрақты болып қалады, алайда
әсерсіз қысым өзгерістері болып тұрады. Ылғал газгольдерлерде газ көлемі
айтарлықтай оңай ауыстырылып, бұл жағдай маңызды артықшылығы болып
табылады.
1956 жылға дейін Совет Одағында ылғал газгольдерлердің сыйымдылық
градациясын МЕСТ 2908-45 бойынша; ылғал газгольдерлер сыйымдылығы: 100,
300, 600, 1000, 2400, 6400, 10000, 15000, 22000 және 32000м3.
1956 жылдан кейін жаңа жоба түрлеріне, контрукциясына өңдеу тәсіліне
және құрастыруына байланысты ылғал газгольдерлердің сыйымдылық
градациясы өзгерген: 100, 300, 600, 1000, 2400, 6400, 10000, 15000, 22000
және 32000м3.
Аралық немесе жоғарғы сыйымдылықты газгольдерлер арнайы жоба бойынша
жасалады.

3-сурет. Ылғал газгольдердің жалпы түрі

1.3 Винтті бағыттауыштары бар ылғал газгольдерлер

Винтті ылғал газгольдерлердің вертикальды бағыттауышы бар
газгольдерлерден айырмашылығы қозғалмалы звеноларының көтерілу және
түсіру сүлбесінде; тік вертикальды емес, керісінше горизонтальды түрде
ішкі және сыртқы бағыттауыштарындағы роликтердің көмегімен болт тәрізді
бұрылып жоғары немесе төмен жылжиды. Винтті газгольдерлердің қозғалмалы
звеносы тек жоғары немесе төмен жылжи қоймай өз өсінің бойында бір
уақытта айналады.
Осыған байланысты жоғарыда орналасқан звено төменгі орналасқан
звенодан релстік бағыттаушы арқылы ролик жұбының көмегімен астында
орналасқан қозғалмалы звенодан немесе резервуардан бұрылып алынады (4-
сурет).

4-сурет. Винтті бағыттауыштары бар ылғал газгольдерлер
а-жалпы түрі; б-гидробекітпе бөлшегі; винтті бағыттауыш пен ролик
құрылымы

Үлкен және ауыр вертикальды бағыттауыштардың орнына винтті ылғал
газгольдерлерде қозғалмалы звено қабырғаларына 450 горизонтты жағдайда
бекітілген винтті бағыттауыштар винттік сызықтық кесіндісін құрайды.
Әрбір кезекті қозғалмалы звеноның винт бағыттаушылардың бағыты
терісінен ауысып жасалынады, себебі газды жібергенде және қозғалмалы
звеноны түсірген кезде қозғалыстың энергия күші пайда болмауы және
қозғалмалы звеноның айналу жылдамдығының көбеймеуі үшін винтті ылғал
газгльдерлердің құрылымы қалған жағынан қарапайым вертикальды
бағыттауыштары бар ылғал газгольдерлерге ұқсас болады. (5-сурет).

5-сурет. Винтті газгольдер құрылымы
а-төменгі буындар жағдайы; б-жоғарғы буындар жағдайы

6-сурет. Винтті газгольдерлер сүлбесі

1.4 Поршеньдік түрдегі құрғақ газгольдерлер

Алғаш көріністе құрғақ газгольдерлер ылғал газгольдерлерге
қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Олар сулы резервуардың құрылымын
және қыс мезгілінде суды жылыту қондырғышын қажет етпейді, конструкцияның
айтарлықтай аз салмағына байланысты фуидаментті жасауда жеңілдік
туғызады. Құрғақ газгольдерлерде болат шығыны сақталатын газдың 1м3-на
аз, оған қоса сақталатын газ ылғал газгольдерлердегідей ылғалданбайды.
Газ 0.02 – 0.04 атм қысыммен поргисньнің шипа жіберлік, поршеньді ең
жоғарғы мүмкін жағдайына дейін көтеріп, керісінше шығарар кезде
поршеньнің өзі салмағымен құбыр өткізгішке айдалады.
Тәжірибелерге сай құрғақ газгольдерлердегі пошеньнің орналасу
жағдайы 20%-80%алығында газбен толтырғанда қалыпты болып, 10%-20% және
80%-90% аралығында авариялық жағдай және 0-10% және 90%-100% аралығында
авариялық жағдай болып қабылданады.

7-сурет. Көп бұрышты құрғақ газгольдерлер

1.5 Жұмсақ секциялы құрғақ газгольдерлер

Химиялық өңдеу кәсіпорындарын жасанды газдарды анықтау, араластыру
және реттеу үшін төменгі қысымды газгольдерлер қолданылады. Ал
газгольдерлердің қажетті түрін таңдау үшін сақталатын газдың
ерекшіліктерін ескеру қажет. Жоғарыда айтылған ылғал және құрғақ
газгольдерлер жоғары концентрациясы газдардың сақтауға икемсіз болады.
Сондықтан оларға арнайы жұмсақ секциялы құрғақ газгольдерлер жасалып
шығарылған . Жаңа газгольдерлердің вертикальды цилиндрлік болаттан
жасалған қаңқасында жоғары жылжитын шайба орнатылған. Құрғақ
гақгольдерлердегі поршень сияқты шайбада газ қимылымен жоғары көтерілік,
газды шығару үшін төмен түсіріледі (6-сурет). Газгольдерлердің жаңа
түрінің ерекшелігі резервуар қаңқасымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортадан тепкіш сораптың сулбасы
Газ сақтау қоймаларын пайдалану туралы
Газгольдерлерді сақтау қоймасы
Газ сақтау қоймаларын пайдалану
Теңіздегі Шевройл газ өңдеу зауытында
Газгольдерлер мен резервуарларды құрастыруда қолданылатын материалдар және оларға қойылатын талаптар
Газгольдерді орнатуда дайындық жұмыстары оларға қойылатын талаптар,газ сақтайтын газгольдерлер
“ВАКУУМДЫҚ ТЕХНИКА” БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ҚҰРАЛЫН ЖАСАҚТАУ
Теспелердің кенжарда орналасуы
Кен ісінде қолданылатын механикалық машиналар
Пәндер