Демал алаңынан оңтүстік шығысы


ҚазаҚстан РеспубликасыныҢ Білім жӘне Ғылым Министрлігі
Қаныш СӘтбаев атындаҒы ҚазаҚ ҰлттыҚ техникалыҚ университеті
Мұнай және газ геологиясы кафедрасы
Мұнай және газ кенорындарын іздеу және игеру теория негіздер пәні бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Демал алаңының геологиялық құрылымы және мұнайгаздылығы
Оқытушы: Халелов А. К.
Студент: Тажиназарова Н. А.
Мамандығы: 1803
Тобы: ГНГ-99-1К
Алматы 2003
МазмҰНЫ
КІРІСПЕ7
1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ8
1. 2 Геологиялық, геофизикалық зерттеулер. 9
1. 3. Қиманың литологиялық, стратиграфиялық жобасы10
1. 4. Тектоника24
1. 5. Мұнайгаздылығы25
1. 6. Қиманың гидрогеологиялық сипаттамасы29
1. 7. Мұнай және газ қорын есептеу32
1. 8. Көлемдік және методикалық іздеу жұмыстарының жобалары33
1. 8. 1. Іздеу жұмыстарының тапсырмалар және мақсаты33
1. 8. 2. Іздеу ұңғыларының орналасу жүйесі35
Қорытынды37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі38
Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттеулері
МОГТ аймақтық сейсмика зерттеулері, масштабтары
1:100 000;
1:200 000; және
1:500 000





МОГТ іздеу сейсмобарлау жұмыстары, масштаб
1:50 000
І және ІІ горизонттарының құрылымдық карталары бойынша, батыстан шығысқа қарай түсу жыныстарының моноклинальдары бір-бірімен шамалы үйлесімсіз бұрыштарменен белгіленген.
ІV 1 құрылымдық картасы жалпы сақталады, тек Тематический және Демал алаңдарында көлемді террассалар және көтерілген белдемдер белгіленген. Картада V 1 горизонты бойынша, моноклинальды батулар, әртүрлі құрылымдық элементтермен күрделенген. Адыр және Тематический алаңдары көтерілген белдемдермен бөлінген. Демал 4050 изогипсімен тұйықталған, өлшемі 5х8 км, амплитудасы 35 м. Демал алаңынан оңтүстік шығысы Каспий теңіз айдынына қарай трреассалар белгіленген. Картада V 2 шағылу горизонты (пермотриас іші) жоғарыда айтылған көтерілім алаңдары изогипспен тұйықталған. Демал көтерілімі 4850 м изогипспен тұйықталған, өлшемі 8х6 км амплутадсы 65 м оңтүстік шығыста Кумак көтерілімі бөлінген. Өлшемі 5х5 км, амплитудасы 65 м.
МОГТ сейсможұмыстарын нақтылау, масштабы
1:50 000
І және ІІ горизонттарының құрылымдық карталары бойынша батыстан шығысқа қарай батқан моноклинальды аялары екі құрылымдық элементтерімен бөлінген. Алаңның орталағында көлемдік мульдалармен және Токмак мүйісіндегі құрылымдық мұрын оның осі солтүстік шығыс бағытымен батады.
ІV 1 горизонт картасы бойынша жалпы құрылымдық жобасы жоғарыда құрылған жағдаймен сәйкес келеді. Мульда профильдер ортасы өзінің жағдайын сақтайды, әрі қарай шығыста көтерілім алаңдарымен белгіленген, олар шығыс қанатындағы біршама түсу бұрышымен меридиональды слзылған жота тәрізді көтерілімдермен пайда болады. V 1 горизонтының картасы бойынша алаңның батыс бөлігінде террасса түрде Адыр және Тематический бөліп жатыр. Ал Сәрсенбай жергілікті көтерілім болып табылады. Алаң орталағындағы мульда өлшемі жоғарыланған және шығысы Демал көтеріліміне ауысады. Өлшемі 6х4 км 4050 м тұйықталған изогипсі бойынша амплитудасы 70 м құрылым мұрын маңы, Токмак мүйісінен солтүстік шығыс бағытымен батады. Кумак көтерілімі жергіліктенеді - өлшемі 3, 5х1, 5 км, амплитудасы шамамен 50 м. Пермотриас жыныстары юра шөгінділерінің астында біршама үйлесімсіз бұрыштармен жатады. Батыста үш көтерілімдер бөлінген Адыр, Сәрсенбай, Тематическое. Демал көтерілімінің өлшемі 8х5 км-ге дейін жетеді 4850 м тұйықталған изогипсі бойынша амплитудасы 60 м Кумак көтерілім өлшемі 6х3 км 4750 м изогипсі бойынша амплитудасы шамамен 70 метрді құрайды.
4/76 сейсмопартиялар мәліметтерін талдап қорыту масштабы
1:50 000
Арбузов Б., Шрейдер В. П.
1982. МНГФ
Тақырыптық жұмыстар
т. п. 7/82


Курочкин В. С. және т. б.
1989, МНГФ



КІРІСПЕ
Демал алаңында басты іздеу бұрғылау жұмыстарының жүргізу себептері, сол алаңның маңындағы көршілес алаңдардан, яғни Жарты және Махат-Прибрежная сияқты алаңдарында триас шөгінділеріне жүргізілген МОГТ сияқты сейсмикалық жұмыстарынан алынған мәлеметтері бойынша, бұл жұмыстардан жергілікті көтерілімдер және тікелей алынған көмірсутек белгілері пайда болған.
Демал алаңында іздеу бұрғылау жұмыстарының мақсаты сол алаңнан триас және төменгі триас шөгінді тысындағы көмірсутек белгілерін анықтау, сонымен қатар геологиялық құрылымынан және геологиялық-геофизикалық сипаттамаларын анықтау, яғни толығымен мәлімет беру. Орындалған мәлемет қорытындыларында, сол алаңда әрі қарай іздеу бұрғылау жұмыстарын жүргізу керек пе? деген сұраққа толық жауап беру болып табылады.
1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
- Алаңның географиялық, экономикалық сипаттамасы.
Демал алаңы административті орналасу жағынан Маңғыстау облысының Ералиев ауданына жатады. Географиялық жағынан алаң, Оңтүстік-Маңғышлақ үстіртінің оңтүстік бөлігінде орналасқан.
Үстірт Каспий теңізіне, оңтүстік-батыс бағытымен жәй иілген.
Жобаланған ұңғы рельефтерінің абсолютті белгісі 100 м.
Территорияның географиялық ауданы бойынша ортазиялық белдемінің континентальді климатына жатады. Жазы ыстық, құрғақ 5 ай бойы созылады.
Жаздың орташа максимальді температура белгісі +45 0 С. Қысы салқын, аз қарлы минимальді температурасы -30 0 С-ге дейін. Әрдайым солтүстік-шығыс бағытынан солқын жел соғады.
Күз-көктем кезеңі азғана өтпелі уақыты алады. Бұл уақыт аз жаңбырлы.
Жауын-шашынның орташа жылдық көлемі өзгеріп тұрады, ол әр жылда 60-тан 250 мм-ге дейін өзгереді.
Өсімдік әлемі өте аз, жануар әлемі әртүрлі, сайган, джейран, қоян, қасқыр, корсак және әр түрлі жыртқыштар кездеседі.
Жергілікті халқы- қазақтар, олар мал шаруашылығымен айналысады.
Жақын маңда асфальтті жолдар (Ж. Өзен-Фетисово) және темір жолдар (ст. Ж. Өзен) бар, олардың арақашықтығы 17, 5 км және 50 км. Бұл жолдардан басқа, жобаланған алаң маңына барлық автотраспорттардың қозғалуына ыңғайлы грунтті жолдарды пайдалануға болады, әсіресе құрғақ жылдар кезінде.
Жобаланған алаң Жаңа-Өзен қалаынан 60 км, Ералиево ауданының орталық бөліміне дейін 80 км қашықтықта орналасқан. Жаңа-Өзен қаласында орналасқан РИТС-2 бөлімі, жобаланған алаңдағы бұрғылау жұмыстарын басқарады.
Іздеу бұрғылау ұңғыларын Манғышлақ іздеу бұрғылау басқармасы (МУРБ) жүргізеді, ал өндірістік қызмет көрсету базасы (БПО) 130 км қашықтықтағы Манғышлақ станциясында орналасқан.
Манғышлақ станциясында орналасқан материалды-техникамен қамтамасыз ететін базасынан (УПТОиКО) бұрғылау автотранспортымен қажетті жүктерді тасмалдайды.
Бұрғылауға автотранспорттармен вахтаны алып келеді. Қажетті жағдайда вертолет немесе жедел жүретін траспорттар қолданылады.
Вахтаны ауыстыру үшін бұрғылау маңындағы вагондардан жасалған ауылдарды, сонымен қатар асхана және культвагондар орналастырылған.
Бұрғылау техникалық сумен қамтамасыздандыру мақсатында альб-сеноман шөгінді тысының қабат суын пайдалану үшін 2000 м тереңдікпен бір ұңғы бұрғылау керек, бірақ неоген қабатын ашқан жағдайда, басты шөгінді тысынан сулы горизонттарды анықтау мақсатында палеоген шөгінді тысы толығымен БКЗ комплексін жүргізілуі тиіс, зерттелген жұмыс барысында алынған су дебитін, техникалық бұрғылау жұмыстарында қолданады. Сонымен қатар жобаланған алаңнан 25-30 км қашықтықта орналасқан Өзен-Бекдаш суын қолдануға болады немесе автоцистернамен тасымалдауға болады.
Ұңғыны бұрғылауға дайындалған ерітіндіні, бұрғылау қоспаларынан дайындайды, олар материалды-техникамен қамтамасыз ететін базасынан (УПТОиКО) тасымалданады.
Өндірісті геофизикалық зерттеулерді N2 Геофизика басқарма жұмыстары жүргізеді. Тампонажды жұмыстарын, Жаңа-Өзен қаласында орналасқан тампонаж конторасы орындайды.
РИТС және ЦИТС бөлімдерімен байланысын, радиостанция көмегімен орындалады. Аудандағы жобаланған алаңда пайдалы қазбалар және құрылыс материалдары жоқ.
1. 2 Геологиялық, геофизикалық зерттеулер.
Жазғұрлы ойпаңының оңтүстік бортындағы шөлейтті өте қиын аудандары көп уақыт бойы зерттелмеген. Себебі сол кездегі 1961 жылдары үлкен кен орындардың ашылуымен бұл аудандар зерттелмеген.
Басты кезеңдерде бұл алаңдар зертеліп, іздеу комплекстері және игеру жұмыстары жүргізіле бастады. Бұл жұмыстар әртүрлі ұйымдар арқасында жүргізілді, соның ішінде геология және мұнай өнеркәсіп министерстволары сонымен қатар ғылыми-зерттеу институттары көп еңбек етті.
Жазғұрлы белдем ойпаңы және оған оңтүстік жағынан кіріңкіреп жатқан Ақсу-Кендірлі баспалдақтары, масштабы 1:2 болатын аэромагниттік, гравиметрлік және мемлекеттік геологиялық түсірілімдермен қамтыған.
Жүргізілген жұмыс қорытындыларында Байрам-Қызыладыр, Қорғанбай, Қауынды алаңдарының құрылымдық карталары, терең бұрғылау жұмыстары жүргізіле бастады.
70-ші жылдары геофизикалық іздеу жұмыстары юраға дейінгі шөгінді тыстарды зерттей бастады. Жалпы геологиялық құрылымды толығымен зерттеу жұмыстарын, МОГТ және іздеу жұмыстары көмегімен жүргізілді.
1990 жылы бұрғылау іздеу және МОГТ сейсмобарлау жұмыстары қортындысына сүйене отырып Демал алаңының құжаты берілді.
1. 3. Қиманың литологиялық, стратиграфиялық жобасы
Қысқаша геологиялық стретиграфиялық сипаттамасының оның қалыңдығының өзгеру жағдайын сол жатқан алаңдарда жүргізілген. Геологиялық, геофизикалық мәліметтерге сүйене отырып сипатталды. Олар Сәрсенбай, Махат-прибрежная, Ракушечная, Қауынды.
Демал алаңынан ең көне шөгінділерінің ішінде Триас шөгіндісін анықату.
Триас жүйесі (Т)
Триас жүйесі барлық бөлімдермен берілген.
Төменгі триас (Т 1 )
Төменгі триас шөгінділері жұқа туффоқұмтасты аргелит қалыңдығы, әктастар, алевролит, туффотекті жыныстар, азғана құмтастармен орналасқан. Жыныстары сұр-жасыл, қоңырлау-сұр, қызыл-қоңыр, шоколад түстермен боялған.
Аргелиттері сұр, қою-сұрдан қараға дейін, тығыз жұқа бұзылыстармен перит ұяшықтары кездеседі.
Құмтастары ашық-сұр, жасыл-сұр, ұсақ түйірлі, аралас ірі түйірлерде кездеседі. Тығыз, қатты, сазды-карбонатты цемент азғана қабатшалы алевролиттермен берілген.
Туф, туффиттері ашық-сұр, тығыз, қатты бұзылыстары гипспен толтырылған.
Әктастары қою-сұр, қара, жұқа түйірлі, ұсақ түйірлі, тығыз органнотекті - детритті әктастар және доломит қабаттары кездеседі. Жыныстары тығыз, қатты кей- жерлерде кальцит ұяшықтары кездеседі.
Жобаланған алаңда анықталған төменгі триас қалыңдығы 25-100м құрайды.
Ортаңғы триас (Т 2 )
Ортаңғы триас түзілімдері әртүрлі сұр, ашық-сұр, қою-сұр, жасыл белгілермен террегенді қабатшаларымен байланысты вулкаотекті-карбонатты қабаттары берілген.
Қиманың төменгі бөлімі ашық долмит, қоңырлау-сұр, ұсақ түйірлі бақалшақ бұзылытармен байланысты өте қатты ұзақ кесекті туффогенді материал қосылысында бөлек қабатшаларында ірі екі жақты пелеципот қабыршақтары кездеседі.
Әктастары қою-сұр, қара ұсақ түйірлі, тығыз, қатты, қара аргелит және жасыл туффоаргелит жұқа қабатшаларымен берілген, тік жарылымында ірі түйірлі кальциттермен толтырылған.
Туффоаргелиттері, туффоалевролитті, туффоқұмтастары сұр, жасыл-сұр, жасылдау, тығыз аралас түйірлермен жыныстары жәй периттелінген. Қиманың жоғарғы бөлімінде аргелиттер, алевролиттер және құмтастар қабаттасып орналасқан.
Аргилиттері қара алевролиттенген жылжулармен балық қабыршақтары берілген.
Алевролиттері қою-сұр, көмірленген өсімдік қалдықтары қосындысымен жатыр.
Құстастары ашық-сұр, жасыл түсті ұсақ түйірлі туффтетті материал қосындысы және ұсақ өсімдік детриттері кездеседі.
Анықталған ортаңға триас қалыңдығы 230-265 м.
Жоғарғы триас (Т 3 )
Жоғарғы триас шөгінді тысы вулканотекті-терригенді қабаттарымен орналасқан.
Қабатты анықтаған кезде кварцитті құстасты орта түйірден ұсақ гравиитке дейін.
Туффоқұстастары қою-сұр, ашық-сұр, ұсақ түйірден ірі жіне өті ірі түйірлерге дейін, полимитті, тығыз, қатты, көмірленген өсімдік қалдықтарымен кездеседі.
Туффоаргилиттері сұрдан қараға дейін тығыз, қатты айнамен жылжыған слюдитті алаңдармен кездеседі.
Қиманың жоғарғы бөлімі терригенді және аргилитті қабаршалармен берілген. Сонымен алевролиттер және құмтастар кездеседі.
Аргилиттері қара сланталған жарылымды алевритті қатты слюитті сирек көмірленген өсімдік қалдықтары таңбаланған.
Құмтастары полимигті ірі және өте ірі түйірлі қабатшалары кездеседі.
Қабаттарда көмірленген өсімдік қалдықтары молдау кездеседі. Сирек аргилит жұқа қабатшалар кездеседі.
Жоғарғы триас шөгінді қалыңдығы 430-500 метрді құрайды.
Юра жүйесі (J)
Юра жүйесінің түзілімдері біршама қалыңдықты алып жатыр және де барлық бөлімдерімен берілген. Төменгі, ортаңғы және жоғарғы.
Төменгі юра (J 1 )
Төменгі юра шөгінділері триас шөгіндісімен сәйкес емес жағдайда жатыр.
Жалпы юра шөгінді тысы құмтасты-галечникті қосындысы бар базальт қабаты жатыр. Қимада құмтастар алевролиттер саяз аргилиттері орналасқан. Құмтас алевролті немесе саздылы жыныстар бөлек пачкалар қалыңдығы 10-20 м.
Жыныстардың қанығу сипаттамасы бойынша ұсақ көмірленген өсімдік детриттері шашыранды жағдайда және де бөлек көмірлі қабатшалармен орналасқан.
Құмтастары сұр, ашық-сұр, ұсақ, орта кей жерлерде ірі түйірленген жақсы сортталған полимигті қатты, массивті, біршама гравиа қосындысымен берілген. Алевролиттер құрамы біршама құмтасқа ұқсас.
Саздары сұр, қою-сұр, тығыз, аргилит тәріздес құмтасты кей жерлерде алевролитті, сұр алевроилтті қабатшалар және ұсақ түйірлі құмтастар кездеседі. Жыныстары шашыранды, көмірлі затымен мол берілген.
Аргилиттері жұқа бұызылстармен, текстурасы қабыршақты ірі бұзылысты айнажылжымалары көрінеді.
Төменгі юра қалыңдығы 240-270 метрді құрайды.
Ортаңғы юра (J 2 )
Ортаңғы юра шөгінді тысы төменгі юра шөгінді тысымен сәйкесінше жағдайда жатыр.
Ортаңғы юра бөлім құрамына аалианскі, бойосскі және батс ярустарымен бөлінген.
Ааленский ярусы (J 2 а)
Қабатшалы линзалы саздармен және ұсақ галечникті кангломераттарға бағынышты аралас түйірлі құмтасты қабатымен берілген.
Құмтастары сұр, сары-сұр, қоңырлау, ұсақ, орта және ірі түйірлі кей кезде біршама саз қосындысы кездеседі. Құмтастары жәй және орта қатты саздары цементтелген. Сазды хлоридті және кеуекті жапсарлы баритті цементтерімен берілген. Көбінесе өте ірі түйірлі аралас құмтастар сирек гравелиттер және ұсақ галечникті конгломеранттар бұлар ааленскі ярусының төменгі бөлімінде жақсы дамыған. Қиманың жоғарғы бөлім құмтастары өте ірі сынықтармен байланысты және де ұсақ түйірлерге айнала бастайды.
Саздары сұр, қою-сұр аргелит тәріздесті, әртүрлі дәрежедегі құмтастар және алевролиттер карбонатталған және карбонатталмаған тығыз гидрослюидті.
Кангломеранттары бұрышты және жартыбұрышты кремний сынықтарынан тұрады. Кварцты және құмтасты, сазды жыныстармен берілген.
Аалин шөгінді тысы, әсіресе әртүрлі сазды көмірленген өсімдік органикасымен қаннықан олар шашыранды түрде кездеседі, сонымен қатар бөлек саздылы қабатшалар түрінде кездеседі.
Кездескен алевролит қабатшалары сұр және қою-сұр түсті, тығыз, қатты, құмтасты, сазды жағдайда жатыр.
Алаңда аален түзілімінің қалыңдығы 380-400 м құрайды.
Байос ярусы (J 2 в)
Басты ярус құмтастар мен алевролит саздармен берілген. Сирек мергиль көмірқабатшалары кездеседі. Ең бастысы жыныстарының кезекпен жұқа қабатты қимада байос ярусының төменгі бөлігі сазды және линза қабатшаларына бағаншты құмтасты-алевролиттер берілген. Олар (20-30 м-ге дейін) қалың қабаттарын құрайды. Қиманың жоғарғы бөлігі басты құмтастағы-алевритті жыныстарын құрайды. Сазды қабатшалар түрде орналасқан, олардың қалыңдығы 5-10 м. Жыныстың құрамы көмірленген өсімдік органикасы және көмірқышқылдарын құрайды.
Құмтастары сұр, сары-сұр, қоңырлау, ұсақ және орта түйірлі, сазды-алевритті, жиі алевролиттерге ауысады. Цемент түрі жапсарлы және кеуек типті, сирек базальтты-кеуекті сазды.
Алевролиті сұр, қоңырлау, орта және ұсақ түйірлі полимитті құрамы және жыныстың пайда болу минералы бойынша олар құмтасқа жақын. Цементі серицидті-хлорид пленкалы және базалььы-кеуек типті.
Саздары көбінесе қою-сұр, қара кей жерлерде қоңырлау, әртүрлі дәрежедегі құмтасты және алевритті көмірленген өсімдік органикасымен қатты қаныққан.
Байос шөгінді тысының қалыңдығы 420-450 метрді құрайды.
Батыс ярусы (J 2 bt)
Бат түзілімі байос түзіліміне сәйкес жағдайда жатыр. Бат ярусының шөгінділері құмтастармен алевролит, саз алмасумен сипатталады.
Құмтастары сұр, қою-сұр, қоңырлау және сары-сұр, ұсақ түйірлі, сирек, орта түйірлі, полимитті, алевролитті-сазды жыныстармен сипатталады.
Алевролит құрамы құмтастар құрайды. Олар құмтасты сирек сазды. Сазы қою-сұр, сұр, қою-қоңыр, жасыл-сұр, түрлі дәрежелі құмтасты және алевроиті тығыз орналасқан.
Алаңда бат түзілімінің қалыңдығы 220-230 м-ді құрайды.
Жоғарғы юра (J 3 )
Жоғарғы юра шөгінді тысының қимасы килловей, оксфорд және кимридж-титон ярустарымен берілген. Жоғарғы юра шөгінді тысы, ортаңғы юра шөгінді тысымен сәйкес жағдайда жатыр. Жоғарғы юра шөгілу уақыты анықталмаған.
Килловей ярусы (J 3 к)
Килловей ярусының шөгінді тысы құмтас-алевритті жыныс қабатшаларына бағынышты сазды қабатымен берілген. Сазы жасыл-сұр, қою-сұр, кейді қоңырлау белгісімен тығыз алевритті жай құмтасты. Қиманың жоғарғы бөлімінде мергиль қабатшалары кездеседі.
Құмтасы сұр, жасыл-сұр, сирек қою-сұр және қоңырлау. Көбінесе ұсақ түйірлі, күшті алевритті, ақырындап құмтасты алевролитке көшеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz