Еліғажы алаңының геологиялық құрылымы және мұнайгаздылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚазаҚстан РеспубликасыныҢ Білім жӘне Ғылым Министрлігі

Қаныш СӘтбаев атындаҒы ҚазаҚ ҰлттыҚ техникалыҚ университеті

Мұнай және газ геологиясы кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Еліғажы алаңының геологиялық құрылымы және
мұнайгаздылығы

Оқытушы: Халелов А.К.

Студент: Дузелбаева М.У.

Мамандығы: 1803

Тобы: ГНГ-99-1К

Алматы 2003
МазмҰНЫ
КІРІСПЕ 3
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 6
Геологиялық, геофизикалық зерттеу тарихы 7
Геофизикалық зерттелуі 9
Қиманың геофизикалық сипаттамасы 15
Стратиграфиясы 18
Кембрийге дейін 18
Тектоникасы 23
Мұнайгаздылығы 26

КІРІСПЕ

584-87 Сейсмикалық партиясы, “Казгеофизика” Маңғышлақ геофизикалық
экспедициясы, Солтүстік-Үстірт ойпаңында, Бесбұлақ-Тоқыбай алаңыеда
геофизикалық және сейсмикалық МОГТ жұмыстары жүргізілген.
Әкімшілік жағынан осы алаң жұмыстар Маңғыстау ауданында Маңғышлақ
облысында орналасқан. Геогрфаиялық жағынан келсек, Үстіртте солтүстік және
оңтүстіктен бұл аудан 44050( және 44000( параллелдермен қоршалған. Ал
батысы мен шығысы 53030( және 54015( меридиандарымен шектелген. Геологиялық
жағынан лексек, Қолтық-Ырдалы моноклиналінің орталық бөлігінеде және
Солтүстік-Үстірт ойпаңында Тоқыбай белдемінің шығысында орналасқан.
Геологиялық есебіне байланысты ПГО “Казгеофизика” және ИГФЭ-мен
бекітілген және берілген, 584-87 Маңғышлақ сейсмикалық партиясына алдында
мынадай мақсат тұрған: Солтүстік-Үстірт ойпаңының оңтүстік батыс бөлігінде
орналасқан Елімбет, Жалғыз, Тоқыбай және Бесбұлақ бөлікшелерінде МОГТ
сейсмикалық және барлау жұмыстары жүргізілуі керек. Оның мақсаттарының бірі
юра және юраға дейін түзілімдерде геологиялық құрылысында осы құрылымдарда
мұнай және газдың болашағының болуын зерттеу. Көрсетілген алаңға МОГТ
жұмыстарын қою үшін, 1967-1968 жылдары КМПФ сейсмикалық зерттеу және ТГФЭ
сейсмикалық зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп анықталды. 1978–1981
жылдары МОГТ және ГГФЭ орындалды, терең бұрғылау нәтижесінде Солтүстік-
Үстірт иілім болашақтың мұнайгаздылығы юраға дейінгі түзілім қабатшаларымен
балйнасты болып келеді. Қазіргі уақытта іздеу-бұрғылау фонттарына юра және
бор түзілімдерінің құрылымы түгел енгізілген. Сондықтан юраға дейінгі
түзілімдерге толық зерттеуге сұрақ туып отырү Осы ауданның геологиялық
құрылысы қазіргі жағдайда көмірсекті қорларының өсуіне басты резерв болып
табылады. Соңғы жылдары жоғарғы перм-триас және ортаңғы-жоғарғы полеозой
түсізімдері, бірде сапасы жағынан “аралық құрылым этажында”
эпигеосинклиналь комплексте плитаға дейін бөлінеді. Мұнайгаздылы жас
платформаларда потенциалды мұнай және газ ресурстары осы түзілімдермен
байланысты. Аймақтық және іздеу сейсмикалық МОГТ жұмыстарында соңғы
жылдарда мынадай жұмыстар көрсетілген, пермь-триас түзілімдері Солтүстік-
Үстірттің қысылған бөлігінде үлкен қалыңдықты құрайды, осы синеклизаның
қимасында юраға дейін кешені түгелімен және үлкен тереңдікті алып жатыр.
Солтүстік-Үстірттің көтерілім учаскелерінде полеозой түзілімдері іздеу
объектілерімен шектелген.
Бұл планда триастың түзілімдері нақтылы көрсетілген, көбінесе жоғарғы
және ортаңғы триас бөлімдері тектоникалық жағынан көбінесе ойпаңды
зоналарда жоғарғы триас түзілімдері кең көлемді алып жатыр. Орталық ойпаң
бөлігінде, олар максимальды қалыңдықты көрсетіп тұр, оның борттық бөлімінде
тез сыналады.
Берілген қабаттағы коллектор кеуектілігі 3-4%-ті алып жатыр, сонымен
бірге жапқыштарда триастың түзілімдері біріншіден, борт маңындағы Солтүстік-
Үстірт белдем ойыстарында және кейібр локальды ойпаңдарда қалыптасқан,
антиклиналь типті тұтқыштардан басқа да ірі өлшемді антиклинальды емес
тұтқыштар кездеуі мүмкін (стратиграфиялық, литологиялық, экрандалған).
Ортаңғы триас оленек қимасы үлкен фациалды өзгергіштігімен көрсетілген.
Барлық қабаттардағы тау жыныстарының кеуектілігі орта есеппен 10%-ті алып
жатыр. Оның құрамында саздылы қабаттар кездеседі, флюидтіректі ретінде роль
атқаруы мүмкін. Осыдан келе ортаңғы триас қабаты өнісді болып келеді.
Перм-төменгі триас оленек асты түзілімдері аймақты жапқыш және
жарықшақты үлкен өнімді белдемде қарастырылуы мүмкін, және де жоғарғы триас
түзілімдері ретінде болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген түзілімдер: Бесбұлақ-Тоқыбай алаңында сейсмикалық
жұмыстарды тұрғызу келтірді.
Бұл сейсмикалық жұмыстар осы аумақта сп 584-87 Іле геофизикалық
экспедициясы ІV кварталда 1984 жылы өз жобасын бастады. Бұл партия мынандай
сейсмикалық профильдер арқылы жұмыстар жүргізді. 05848704, 07, 08, 09, 10,
12.
Келесіде №19 МинГео КазССР-нің 11 қаңтардың 1985 жылдың бұйрығынан
бастап, Маңғышлақгеофизикалық экспедициясының құрылуына мүмкіншілік болды,
дала жұмыстары 0584-87 МГФЭ ІІІ квартал 1985 жылдан бастап, осы жоба
арқылы өтті және де ІІІ кварталдың 1986 жылы аяқталды.
Дала жұмыстарының жүргізілу кезеңі бойынша мынадай сейсмикалық
профильдер жүргізілді. 05848701, 02, 03, 03А, 05, 06, 13, 14, 15, 16, 17,
17А, 18, 23. Жалпы сейсмоіздеу жұмыстарының көлемі 806,2 пог.км құрады,
геологиялық есептің шығарылуына мүмкін етті.
Дала жұмыстарының жүргізілу уақытында жобада және пландық жұмыстарда
өзгертулер енгізілді. Жобаның басында 1012 пог.км профильдік жұмыстар
жүргізілуі тиіс еді, газодинамикалық (ГСК-6) тығыз қоздыру тербелістерді
орнату керек етті. Бірақ Ғылыми-техникалық советтің ПГО “Казгеофизика”
№1885 21 ақпанның 1985 жылы протоколының келісімінде былай жазылған:
Алаңның қиын беткейлердегі және тереңдігі сейсмогеологиялық жағдайдың
жұмыстарын ескеру қажет және юраға дейін түзілімдерде энергетикалық
деңгейінің шағылуын алу қажет, Маңғышлақ партиясы ИГФЭ 1985 жылдан бастап,
100 м (базада) ұңғыларын ату мүмкіншілігін қоздыру көздерінің тобының кіші
мәліметтерін алу керек. (n=13 ұңғы, h= 6 метр). Осы протоколда НТС-тің
көрсетілуі ВЧР-ді оқып білу МПВ методикасының орнына МСК қою керек, бұның
себебі техникалық сулардың шығыны бойынша бұрғылауда және тасымалдануының
қиын түсуіне байланысты. Бастапқы жоба орталық жүйесінің жарыду түр-түсі,
орталық базада қабылданған, 600 метрге дейін, 24 жабу әрбір ортадағы
сейсмоқабылдағыш тобының арақашықтығы – 100 м. Жарылу пункттері арасы 100
м. 24 сағатта ауысады, максимальды жарылу приборының тереңдігі – 4800 м,
сейсмоқабылдағыш топтардың және орталық бөлігінің арақашықтығы – 100 м.
Жарылу пунктінің қалыңдығы – 100 м.
Жоғарыда көрсетілген өзгертулер арқылы сметалық-жобалық документацияның
өзгеруіне әсерін тигізді. Соның нәтижесінде жобаның профильдерінің
өзгертулерінің жалпы көлемі 823,8 пог.км тең болды.
Қайтадан жобалық процесте 05848701, 02, 03 профильдерінің өзгеру
нәтижесі МГФЭ және ТДФЭ іздеу жұмыстарымен тығыз байланысты, сонымен бірге
100 пог.км профильдері алаңның шығыс бөлігінде “Еліғажы” ауданына
аударылды,

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Әкімшілігі жағынан алаң Маңғыстау ауданының Маңғышлақ облысына жатады.
Географиялық жағынан ол Солтүстік-Үстірттің оңтүстік батыс бөлігінде
орналасқан.
Үстірт ауданының жұмыстары жалпы айтқанда, оңтүстік батыстан солтүстік
шығысқа қарай төмендеуін көреміз. Солтүстік шығыс бөлігінде терең емес,
қысқа жыралар (овраг) мен көрсетілген.
Абсолюттік биіктігі +280 метрден (оңтүстік-батыс бөлігі) +160 метрге
дейін өзгеріп тұр. (солтүстік-шығыс бөлігі).
Ауданның зерттелу жұмыстары, Орта Азиялық шөл аймақтарында орналасқан
және де климаты континентальды, жазда ыстық, құрғақ, қыста аяз. Жаздың ең
ыстық кезеңі – шілде. Максимальды температурасы +450С), суық айы - қаңтар
(минималды температурасы-350С) көктем мен күзде ауыспалы ауа райы болып
тұрады. Жауын-шашынның мөлшері орта есебі - 100-170ммжылына. Көбінесе қыс
және көктем айларында жие болып тұрады.Желдің соғуы қатты ,ол көбінесе
дауыл шаңдары ретінде болады. Желдің жылдамдығы 20-25мс шығыс және
оңтүстік -шығыс бағытымен соғады. Өсімдіктердің жамылғысы шамалы, көбінесе
сор және жылым, Солтүстік-Үстірттің территориясында су көздері жоқ,
құдықтардың суы ащы-тұзды, ішуге жарамсыз.
Осы ауданда жалғыз станция ретінде - Сай-Утес станциясы. Алаңның
жұмыстары Гурьев-Бейнеу-Шевченко темір жолымен қиылысады, оның жанында
мұнай-газ құбыры жүргізілген. Автотранспорттың құрғақ уақытта өту жағдайы
қанағаттау, сонымен бірге грунтты жолдарда және жол салынбаған жерлерді.
Дала жұмыстарының жүргізу жағдайына байланысты, тұрғылықты жер І және
ІІ категориясына қиындыққа жатқызылады.

Геологиялық, геофизикалық зерттеу тарихы

Солтүстік-Үстірттің геологиялық құрылысын бірінші мәліметтері ХІХ және
ХХ ғасырларға жатқызылады. Стратиграфиясы, тектоникасы, гидрогеологиясы
Солтүстік-Үстірттің жүргізілген жұмыстарының көбі О.С.Вяловтың жұмыстарына
енеді.
1944 жылдан бастап А.Л.Яншиннің басқаруымен үлкен аймақтық территорияда
геологиялық зерттеу басталды. Онымен ең бірінші Солтүстік-Үстірт жүйесінің
ойысы көрсетілген, масштабы 1:1 000 000-дық геологиялық картасы
құрастырылған, сонымен бірге Сармат ярусының табаны бойынша құрылымдық
картасы құрастырылған.
50-жылдары Үстірттің барлық территорияда масштабы 1:200 000-дық ВАГ-та
экспедициясы геологиялық түсірілімдерді жүргізді, және де тереңдігі 200-500
м ұңғының құрылымдық карта түсіру жұмыстарының бұрғылауымен бірге
жүргізілді. Солтүстік-Үстіртте мезазой-кайназой түзілімдерінде
мұнайгаздылықтың пайда болуы қағидала берілді. Юра және бор түзілімдерінің
мұнайгаздылығының болашағын құрылымдық тектоникалық аймақтарда анықталуының
мақсаты 1958 жылы Батыс Қазақстан геологиялық басқармасының үкімі бойынша
Қызан, Мынсуалмас, Құмтөбе, Сарға және т.б. алаңдарда терең барлау-бұрғылау
жүргізілді. 1965 жылдан бастап “Қазмұнайгазбарлау” терең барлау-бұрғылау
Камень, Қошақ, Шағырлы-Шөмішті, Тоқыбай және т.б. алаңдарда бастады.
Бұрғылау ұңғыларының алған нәтижелерінің материалы бойынша, мезазой-
кайназой түзілімдерінің әртүрлі тектоникалық аймақтарда геологиялық
құрылысын зерттеуге мүмкіншілік етті, сонымен бірге литологиялық-фациялдық
мәліметтері мен стратиграфиясы, ұңғы қимасының өту жолдарын ала отырып
сеймобарлау, және коллекторлардың физикалық қасиеттері зерттелінген
болатын. Бор, юра және триастың жоғарғы бөлігінде мұнай мен газ
анықталмаған, тек қана Шағырлы-Шөміштіде жоғарғы эоцен түзілімдерінде
ашылды.
1970-71 жылдар аралығында Гарецкий Р.Г., Кирюхин Л.Г. геологиялық-
геофизикалық зерттеулерінің қорытындылары 1965-1969 жылдар аралығында
көрсетілген.
Іргетасының құрылысы, аудандалған территориялардың тектоникасы
қарастырылған, ауыспалы кешені және іргетас беті бойынша құрылымды карталар
құрастырылған. Олардың қарым-қатынасы қарастырылған, юраға дейін
түзлімдерінің мұнайгазды болашақтағы жағдайы айтылған. Сонымен қатар юра
түзілімдерінің таралу жағдайы, шекарасы келесі бағыт зерттеулерін ұсынған.
Олардың геохимиялық негіздерін және лито-фациалдық құрамын зерттелінеді,
соның көмегімен мұнайгазды өнімдердің потенциалын анықтау керек.
1971-1975 жылдары ПГО “Гурьевмұнайгазгеологиясы” мынадай аудандарда
барлау-бұрғылауды жүргізген: Терең, Мұрынсор, Астауой, Ырдалы, Арыстан,
Қарақұдық және т.б. құрылымдар, “Қазақстанмұнайгеофизика” трестімен
табылған және дайындалған. Екі мұнай кенорындары ашылған: Аыстан және
Қарақұдық. Шоғырлары юра түзілімдеріне бейімделген. Бұл аудандарда кәсіптік
мұнай ағындарының алынуы іздеу-барлау, бұрғылау жұмыстарының өрістеуіне
әкелді, бірақ та бұл жұмыстардың негізгі көлемі юра түзілімдерімен
байланысты, стратиграфиясы және палеозой-триас түзілімдерінің құрылымы әлі
де белгісіз жағдайда болып тұр. Аймақтың басты бөлімінде жоғарғы және
ортаңғы триастың сұр түсті-ашық түсті түзілімдері бірінші объектісінде
зерттелуі керек, терең бұрғылағуа қолайлы болып келеді. Сонымен қатар,
палеозой кешені терең бұрғылауына орынды. Юраға дейін анықталған
түзілімдердің ұңғылары 1.1-кестеде келтірілген.

Геофизикалық зерттелуі

Солтүстік-Үстірттің геологиялық құрылысының зерттелуі және геофизикалық
іздеу әдістері 50-жылдан басталады.
1954–1958 жылдары ауданның барлық жұмысы масштабы 1:200 000-дық
аэромагниттік түсірілумен қамтыған. Солтүстік-Үстірттің территориясы теріс
аномалиялар жұмыстары көрсетті. Жұмыстың қорытындысы бойынша магнитті
аномалиялы шағылу карталары құрылған. Кристалды іргетаысынң құрылысына
байланысты. 1973-1975 жылдары қарастырылып отырған территория масштабы 1:50
000 жоғарғы дәлдік аэромагниттік түсірілумен шектеліп отыр. Бұлар кванттық
магнитометр және радиогеодезиялық байланыстыру маршруттарымен жүргізілген.
Территорияда жаңа тектоникалық жарылымдар анықталған.
1950–1954 жылдары бірінші гравиметрлік зерттеулер тек қана жалпы
гравитациялық алаңның мәліметтерін берді, ол Солтүстік-Үстірттің құрылымдық
элементтерінде шағылуын тапты. Солтүстік-Үстірттің орталық бөлігінің
ойысында аймақтың гравитациялық алаңында локальды аномалиялардың тартылу
күші белгіленген.
1954 жылы В.А.Лапшовтың гравиметрлік зерттеу жұмыстары бойынша,
Маңғышлықтың терең геологиялық-тектоникалық құрылысының картасы
құрастырылған. Соның көмегімен Арал-Каспий аймағының іргетасы бойынша
тектоникалық аудандау орындалды, Орталық-Маңғышлақ және Орталық-Үстірт
жүйесінің дислокациясында кембрийге дейін континентальды қыртысы және
генетикалық әртүрлілігі кең қалыптасқан.
1963 ж. Гурьев геофизикалық экспедициясының тресті
“Қазақстанмұнайгеофизикасы” алаңның детальды дәл түсіру жұмыстарын
жүргізді. Құрастырылған қалдық ауытқудың картасында, Арыстан құрылымы
көрсетілген. Камышитов, Атаман, Камен үш минимумдары бірінші рет
көрсетілген.
1965 ж. Іле ГФЭ-нің Қазақ геологиялық терстінің күштері бойынша
детальді түсірулер жүргізілді, нәтижесінде Камен, Арыстан, Қарақұдық
локальді ауытқулар бөлінді. 1968 ж. Солтүстік-Үстірттің территориясын бүкіл
полумиллигаль гравиметрлік түсірулермен жабылған, масштабы 1:50 000.
Жұмыстардың нәтижесінде масштабы 1:50 000 гравиметрлік карталары қалдық
ауытқу және (g аймақтық карталары келтірілді. Бейнеу, Ырдалы, Шығыс-Тоқыбай
және т.б. ауытқулар пайда болды, сонымен қатар Тоқыбай көтерілімімен екі
дөңестер анықталды.
1973–1975 жылдары Тоқыбай және Оңтүстік-Арыстан алаңында электробақылау
жұмыстары, гравибарлау және геофизикалық зерттеу және түзу іздеу жұмыстары
жүргізілді. ДЗС және ДМСЗ әдістері бойынша осы жұмыстар жүргізілді. Мезазой-
кайназой кешенінің таужыныстарының электрлік құрамы осы жұмыстарда берілге.
Сонымен қатар осы зерттеулер бойынша юра-бор жасты түзілімдер көрсетілген,
құрылымдағы детализация эталында ғана көрсетілген. Бұл әдіс юра түзілімге
қолайсыз. Сейсмикалық зерттеулер геофизиканың басты әдісі болып табылады,
территориядағы құрылысын терең зерттеу үшін қолданылады. МОВ және КМПВ
жұмыстары “Қазақстанмұнайгеофизика” және Қазақ геофизика трестімен
орындалды.
КМПВ бірінші жұмыстары 1959 ж. жүргізілді. 1964 ж. КМПВ жұмыстары
көмегімен Тоқыбай және Кеңдікті құрылымдары пайда болды, Арыстан,
Қарақұдық, Терең құрылымдары зерттелінді. Осы жұмыстар көмегімен терең
бұрғылауға дайындады. 1967 және 1970 жылдар аралығында аймақты және
аудандау КМПВ жұмыстары көмегімен Арыстан локальді көтерілімін терең
құрылымы зерттелінді және анықталды, сонымен бірге Камен құрылымы да ІІ
тәртіп бойынша ірі құрылымдық элементтер анықталды: Қосбұлақ опаңы және
Байшағыр көтерілімі. Іргетастың жоғарғы құрылыс және жоғарыда шағылып
жатқан шекаралар зерттелінді. Т4 (ішкі перм-триас) шағылып жатқан
шекарасында құрылымдық сұлбалар, және ТФ (іргетастың беті), масштабы 1:500
000-дық Арыстан сатыларын тұрғызды.
1970 ж. Кунин Н.Я. және Волож Ю.А. КМПВ жұмыстары көмегімен іргетастың
құрылысын айтып берді, масштабы 1:1 000 000-дық іргетастың беті бойынша
құрылымдық сұлба келтірілді.
1973 ж. Рахметова Р.А. және т.б. 1980 жылы Сапожников Р.Б. және Волож
Ю.А. КМПВ сейсмикалық материалдарын қарастырды. Бұл жұмыстар көмегімен
аймақтық құрылымның және палеозой-триас түзілімдерінің қалыңдықтарының
өзгеруін, фактілі материалдар бойынша іргетастың құрылысын анықтады.
Зерттелініп жатқан территорияда бірінші аймақтық МОВ сейсмобарлау
жұмыстары 1957 ж. басталды. Бұл жұмыстардың нәтижесінде сейсмогеологиялық
қималар тұрғызылды, осы ауданның геологиялық құрылысын, аймақтық профилін
маршрут бойынша, үшінші шағылу горизонты бойынша құрылымдық картасының
мәнін береді.
1962-64 жылдары аймақ және аудан бойынша жүргізілген МОВ жұмыстары
Солтүстік-Үстірт түзілімдерінің мезазой-кайназой кешенінің тектоникалық
құрылысын жарыққа шығаруға мүмкіндік берді. Неоконның жабыеы бойынша (ІІІ
горизонт) құрылымдық схема жасалды.
1967 жылдан бастап Солтүстік-Үстіртте “Қазақстанмұнайгеофизика”
трестімен сейсмикалық МОВ жұмыстары жүргізілді. Топталған
сейсмоқабылдағыштармен жарылыстар қолданды. Соның нәтижесінде магнитті
жазылумен бірге ұқсас аппараттары геологиялық әсерлік үйлестік жұмыстары
жоғарылатты. Нәтижесінде І және ІІІ горизонттардан басқа ортаңғы юра
қабатында ІV горизонт анықталды. 1970 ж. барлық сейсмикалық МОВ
материалдары қорытындыланды. Негізгі шағылу горизонттары бойынша (І, ІІІ,
ІV) 1:100 000-дық және 200 000-дық масштабта юра палеозой құрылымдық
кешенінің құрылысын сипатталынды және құрылымдық карта жасалынды.
1970 жылы Гурьев геофизика экспедициясы Солтүстік-Үстірт территориясын
ОГТ әдісімен жоспарлы, зерттеу жұмыстары басталды. Осы әдіспен мезазой және
кайназой кешендерінің құрылысын толық зерттеу мақсатында аймақтық
профильдерді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алғашқы жұмыстары 12 қысқа
профильдік жүйесі орталық бөлігінде ұзындығы 4600 м жарылу пунктісінен
басталды. Орталық бөлігінің аралығы 200 м жарылу интервалы – 200 м
топталған сейсмоқабылдағыштар – 11 дана, базадан 90 м, 11 ұңғымада қоздыру
тербелістер жүргізілід. Орташа ток күші 100 кг. Бұл жұмыстар “Поиск - 1-48-
МОВ-ОВ” сейсмостанциялармен 24 каналды тәртіптермен жүргізілді.
1972-1974 жылдары Солтүстіктен МОГТ аймақтық жұмыстарын жүргізу
жалғасып жатты. Осы жұмыстардың нәтижесінде юраға дейінгі, юра, бор
түзілімдері бойынша Солтүстік-Үстірттің біршама бөлігінің тереңдік құрылысы
зерттелді. (РТ1? РТ2? РТ3? РТ4? РТ5? РТ6?) РТ1 шағылу горизонты бойынша
келісі көтерілімдер анықталды: Астаой, Қаратүлей, Батыс Ырдалы, Хаким,
Құлажат, Орлы, Бегеш. Сондай-ақ Арыстан көтерілімі Қарақұдық және Тепке
құрылымдары да анықталды. 1974 ж. өткен жылдарда геофизикалық материалдар
қорытындыланды. Солтүстік-Үстірт сейсмикалық тобымен жүргізілген
жұмыстардың нәтижесінде Солтүстік-Үстірттің территориясын күмбездік
құрылымдық картасы тұрғызылды. ІІІ және ІV шағылу горизонттарының
құрылымдық карталарында қатар бөлікшелері белгіленді, амплитудалары 20-25
м, біртекті және бірқалыпты құрылымдары болжамды түзіліп жатыр. Солардың
бірі Тоқыбай көтерілім солтүстік батыста орналасқан. Жоспарда бұл учаскелер
(ІІІ, ІV горизонт бойынша) Еліғажы көтерілімінің шегінде орналасқан және
584-97 сейсмопартиясының жұмыстарымен “б” горизонты бойынша анықталған.
1978–1980 жылдары аймақтық сейсмикалық МОГТ зерттеу жұмыстары санды
тіркемелермен жүргізілді, мақсаты юраға дейін түзілімнің геологиялық
құрылысын зерттеу үшін. Солтүстік-Үстірттің және жақын жатқан территорияның
жүргізген жұмыстарының нәтижесінде масштабы 1:500 000 құрылымдық карталары
ІV горизонт (байосс табаны) және V (юра табаны) горизонттары бойынша және
V2? (жоғарғы триастың табанымен) “б” (палеозой табаны) горизонттары бойынша
құрылымдық схемалар тұрғызылды. 15 аймақтық профильдер бойынша
сейсогеологиялық қималар тұрғызылды.
МОГТ зерттеу жүйесінің анализдері бойынша информациялық материал юраға
дейін қабаттарын флангілі жүйені көруімен қабылдайды. 24 қысқа жабуымен
беріледі, жарылу аспабының максимальды арақашықтығы 4700 м. Аналогиялық
аспаптан, қазіргі санды (“прогресс”) аспапқа өтуі далалық жұмыстарының
материалдарының сапасын жоғарылатты.
1982-1986 жылдары сейсмикалық МОГТ зерттеу жұмыстары Арыстан, Ұялы,
терең, Хаким, Ұзынтөбе аудандарында жүргізілді. Осы жұмыстарының
нәтижесінде осы аудандарда құрылымдық карталар тұрғызылды: ІІІ (табаны
неокон) шағылу горизонты бойынша ІV (табаны байос), V1 (табаны юра),
схемалық-құрылымдық карталары V2 (табаны жоғарғы триас) және “б” (жабыны
полезой). Қабаттың қалыңдығы және қабаттың жылдамдығының сұлбасы
тұрғызылды. Ю.А.Волождың және В.В.Непатов және басқа зерттеушілердің соңғы
жұмыстарында, геологиялық-геофизикалық материалдары юраға дейін түзілімдері
Солтүстік-Үстіртте берілген.
Олардың мәліметтері бойынша юраға дейін түзілімнің стратиграфиясын және
тектоникасын жазып берді. Біріншіден, құрылымдық тектониканың аймақтың
кешені берілген, перм-триас түзілімдерінің қимасында қалыптасқан. Келесі
геофизикалық зерттеулерге мінездеме берілген, қосымша аймақтық МОГТ
жұмыстарын Бозашыда, Солтүстік-Үстірт және Каспий маңы ойпаңының қосылған
жерінде жүргізу, сонымен қатар МОГТ сейсмикалық зерттеу және іздеу
жұмыстарын перм және триас түзілімдерінің құрылымына көзделінген.
Геофизикалық зерттеулер 1.2-кестеде берілген.

Геофизикалық зерттеулер 1.2-кесте
ЖұмыстыҰжымның аты, Жұмыс түрі және Жұмыстың қысқа нәтижелері
ң өту отчеттың авторы методикасы, масштабы
жылы
1 2 3 4
1.1957 Мұнай геофизика Сейсмобарлау ІІІ шағылу горизонты
конторасы МОВ, аймақтық түсіру, бойынша құрылымдық
“ҚазақстанмұнайгеПВ арақашықтығы 1180 карталарымен қималар
офизика” сп 557 м, тобы сп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қаратүлей алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылы болашағы мен мұнай-газ кеніштерін іздестіру жұмыстарының жобасы
Алмаз алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылығының болашағы және жобалау әдістері
Ұңғыма бұрғылаудың геологиялық жағдайлары
Демал алаңынан оңтүстік шығысы
Жұмыстар нәтижесі авторы
Батыс-Қазақстанда орналасқан Cолтүстік Шығыс алаңында мұнай іздеу жұмыстарының геолого-технико-экономикалық тиімділігі
Пайдалану тізбегі мен газға геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру
Оңтүстік Матин мұнайы
Жұбантам алаңына барлау жұмыстарын жүргізу нәтижелері және өнімді беткейдің мұнай газ шоғырларын анықтау жұмыстары
Ақтөбе – Астрахан күмбезі
Пәндер