Бұрғылы сорғы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мұнай және газ институты

Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары кафедрасы

№6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС.

Тексерген: Абдукаримов С.

Орындаған: Нусупов А.

Алматы-2006
№6 лабораториялық жұмыс.
Қозғалтқыштардың реттеу жүйесі

Жұмыстың мақсаты:
1. Реттегіштің қызметі мен сыныптамасын түсіндіру.
2. Бұрғылау қондырғыларының дизельдерінде бүкіл режимдік айналым
жиілігін реттегішті және карбюраторлы автомобиль және от алдыру
қозғалтқыштарында ең жоғарғы айналу жиілігін шектегішті (бір режимді
қозғалтқышты) қою қажеттігін түсіндіру.
3. Бір режимді және бүкіл режимдік реттегіштердің құрылымы мен әрекет
принципі.
4. Отын беруді дұрыстағыш неге керек және қалай жұмыс істейтінін
түсіндіру.
Жұмысқа тапсырмалар мен нұсқаулар:
1. Бір режимді және бүкіл режимдік реттегіштердің жұмысын, бөлшектерінің
және элементтерінің құрылымын, олардың қызметтерін, өзара әрекетін,
құрылымдық ерекшеліктерін оқып-үйрену.
2. Отын беруді дұрыстағыштың құрылымы мен жұмысын оқып-үйрену, сондай-ақ
жүктердің ортадан тепкіш күшінің, реттегіш серіппелерінің серпімділік
күшінің және және отын беруді дұрыстағыштың отын сорғысының рейкасының
қалпына біріккен әсерін түсіну.
3. Ең жоғарғы айналу жиілігін шектегіштің құрылымын оқып-үйренуде, осы
шектегіште ең жоғарғы айналым санын қалай өзгертуге болатынын түсіну. Иінді
біліктің ең жоғарғы жылдамдығын шектеген кезде дизельді пайдалану
режимдерінде от алдырғандағы реттегіштің жұмыс принципін түсіну керек.
Реттегіш винттің, болт-реттегіштің, тіректік винттің, реттеу төсемдерінің
қызметін түсіндіру. Сорғы білігінің әртүрлі айналу жиілігі кезінде
қозғалтқыштың номинальдық айналу жиілігіне сәйкес тіректік болт-шектегіш
қалай реттелетінін түсіну.
4. Автомобиль қозғалтқыштарына орнатылған айналу жиілігін реттегіш қалай
әрекетке келтірілетінін қарастырыңыздар.
Есеп беруде мынадай сұрақтарға жауап болуы керек:
1. Реттегіштердің қызметтері мен сыныптамасы.
2. Бір режимді және бүкіл режимдік ортадан тепкіш реттегіштердің әрекет
принциптері.
3. Бүкіл режимдік реттегіш қозғалтқыштың жұмыс режимдерін қалай
сақтайтынын түсіндіріңіз.
4. Реттегіштердің негізгі ақаулары және оларды техникалық күту.

ІЖҚ отын аппаратурасы мен реттегіштері

Отын жеткізуші сорғылар тістегершікті, бұрғылы, поршеньді болулары
мүмкін. Шапшаң жүрісті дизельдерде ең көп тарағаны бұрғылы сорғы.
Бұрғылы сорғы (9.1-сурет) келесі элементтерден тұрады: корпус 3
қақпағымен 2, бұрғылау механизмі және өткізу клапаны. Сорғының корпусында
ротор 1 айналады. Ротордың айналу осі корпустың 3 ортасымен салыстырғанда
азғантай ығысқан. Бойлық паздарға орналасқан қалақтар 4 спираль
серіппелермен 6 корпустың цилиндрлік бетіне жабыстырылады. Ротор майға
төзімді резинадан жасалған көмкермелі тығыздамалармен 5 тығыздалады.
Корпустың ішкі беті және онымен жанасатын барлық бөлшектер мұқият
жылтыратылған.

Сонымен, орақ тәрізді көлемнің бір жақ жартысы ұлғайғанда отын
сорылады, ал ол кішірейгенде отын жүйеге айдалады. Отын жүйесінің айдау
желісінің қысымын ұстап тұруға арналған өткізіп жіберу клапаны сорғының
енгізу және шығару тесіктерін жалғастыратын арнада орналасады. Жүйеде сүзгі
кірлеген, отын түтіктері бітелген немесе отын қоюланған жағдайда қысым
көтерілуі мүмкін. Дөрекі және мұқият тазалау сүзгілерін механикалық
қосындыларды отыннан айыруға қолданады. Мұқият тазалау сүзгісі өлшемдері
0,002-0,02 мм қатты бөліктерді ұстап қалады, одан іріледі дөрекі тазалау
сүзгісі ұстап қалады.

Отын сорғысы отынды қалыпты шашуға және тозаңдатуға жеткілікті қысыммен
оның қажетті шамасын белгілі уақыт ішінде бүріккішке жеткізуге арналған.
Цикл ішінде берілетін отынды мөлшерлеу қозғалтқыш күшсалмағына тәуелді
автоматты және қолмен немесе тек автоматты реттеуші құралыммен іске
асырылады.
Арттық отын оны цилиндрге берудің аяғында жүйеге қайтарылатын
реттығынды типтегі отын сорғысы көп тараған.
Реттығын типтегі отын сорғысы саны қозғалтқыштағы цилиндр санына тең
секциялардан тұрады Сорғы секциясының (9.2-сурет) негізгі
элементтері бір-біріне жоғарғы дәлдікпен шақтастырылған плунжер 5 мен
гильза 2 болып табылады. Плунжер мен гильза арасындағы саңылау 0,002-0,004
мм.
Сорғы корпусында 1 (9.3-сурет) ішінде плунжер ілгерілі-кейінді жүріс
жасайтын гильза орнатылған. Гильзаның жоғарғы жағында оның ішкі қуысын
сорғы корпусындағы отын жеткізуші арнамен жалғастыратын (а) және (б)
тесіктері бар. (а) тесігі тек сорушы, ал (б) тесігі – бір мезгілде өткізіп
жіберуші де.
Плунжер ілгерілі-кейінді жүріп бүріккішке қарай отын айдайды. Плунжер
жұдырықшалы білік 16 пен серіппе әсерінен әрекет етеді. Бір жағы сорғы
корпусына тірелген, ал екінші жағы плунжер 5 басына бекітілген тарелкаға 8
тірелген серіппе 17 әсірінен плунжер төмен қарай қозғалады.
Айдаушы клапан 6 жоғарғы қысымды түтікті сорғының плунжер үстілік
қуысынан айырып тұрады. Клапан жабылған кезде тек қана отын беру тоқтап
қоймай, сонымен қатар түтікше шектен тыс қысымнан жеңілдетіледі. Түтікті
жеңілдетуді айдаушы клапан корпусының түбінде орналасқан сорып алушы белдік
ершіктің бағыттаушы тесігіне енеді, сол кезде түтіктің іші сорып алушы
белдіктің көлеміне босайды. Бұл кезде қысым шұғыл төмендеп кетеді де
бүріккіштің шашырату тесіктерін ине жауып қалады, отынды шашырату
тоқтатылады.
Отын сорғысының плунжері сондай-ақ қозғалтқыш күшсалмағымен сәйкес
берілетін отынды реттеуге арналған. Бұл үшін плунжердің жоғарғы жағында тік
паз (г) және спираль тәрізді отын беруді кесіп тастайтың тоқтату ернегі (в)
бар.

Бұрылатын төлкенің 9 тісті тәжі отын сорғысының реттеушісімен және отын
беруді басқару баспасымен байланысты рейкамен 8 ілініседі.
Бүріккішке жеткізілетін отын мөлшері бойлық паз бен плунжердің спираль
тоқтату ернегінің б тесігімен салыстырмалы орналасу қалпына тәуелді.
Плунжерді бұрғанда цилиндрге берілетін отынның мөлшері өзгереді.
Ең көп отын беруде плунжер бетінің жұмысшы бөлігі оның жүрісінің
басынан аяғына дейін толығымен а және б тесіктерін жабады және плунжер
үстілік бөлігінен отынды кейін қарай өткізу болмайды.
Плунжер сағат тілімен бағыттас немесе қарсы бұрылса оның бетінің
жұмысшы бөлігінің б тесігімен салыстырғандағы биіктігі өзгереді, соған
байланысты плунжер үстілік бөліктен жүйеге қарай құйылатын отынның шамасы
да өзгереді. Плунжер бетінің жұмысшы бөлігінің биіктігі б тесігімен
салыстырғанда азайған сайын жүйеге кері қарай берілетін отын шамасы азаяды.
Нөлдік отын жеткізу кезінде плунжердің бойлық г пазы в тесігіне қарсы
қойылады да, отын плунжер үстілік бөліктен толығымен кері қарай төменгі
қысым магистралына өтеді.
Сонымен, қарастырылып отырған плунжер типінде оның жүрісі мен отынды
беруді бастауы тұрақты болып қалады. Отынды беруді тоқтату қозғалтқышқа
түсетін күшсалмаққа тәуелді өзгереді: отынды беруді аяқтау күшсалмақ азайса
ерте, ал көбейсе кеш бітеді. Ең көп отын рейка жүрісін шектегіш қоюмен
реттеледі.
Реттегіш. Реттегіштің отын сорғысының рейкасына әсерінен цилиндрге
берілетін отын мөлшері, яғни иінді біліктің уақыт бірлігіндегі айналым саны
өзгереді. Бұндай реттеуді сапалық деп атайды. Сапалық реттеу кезінде цикл
ішінде цилиндрге енетін ауа мөлшері өзгермейді, тек отын мөлшері ғана
өзгереді, яғни ауа асқындығы коэффициенті өзгереді. Күшсалмақ өзгерсе
қоспа кедейлендіріледі, көбейсе – байытылады.
Қозғалтқыш білігінің жиілігінің өзгеруі реттегіштің әркелкі жұмысы мен
сезімтал еместігінен болады.
Әркелкілік дәрежесі:

мұнда, ең көп, ең аз, орташа
айналудың бұрыштық жылдамдығы, радс;
ең көп, ең аз, орташа айналу жиілігі, айнмин.
Сезімтал еместігі дәрежесі реттегіш жалғастырғышы отын сорғысының
рейкасын немесе басқа отын беруді басқару органын жылжытпайтын бұрыштық
жылдамдықтың өзгеру шекарасын анықтайды. Неғұрлым сезімтал еместік дәрежесі
төмен болса, соғұрлым отынды беруді өзгерту дер кезінде болады.
Атқаратын қызметіне қарай реттегіштер бір режимдік, екі режимдік, бүкіл
режимдік болып бөлінеді.
Бір режимдік реттегіштің қызметі сыртқы күшсалмаққа тәуелсіз ең жоғарғы
айналу жиілігін шектеу.
Екі режимдік реттегіш иінді біліктің ең жоғарғы айналу жылдамдығын
шектейді және бос жүрістің ең аз айналымында қозғалтқыштың тұрақты жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді.
Бүкіл режимдік реттегіш күшсалмақтың өзгеруіне тәуелсіз алдын-ала
қойылған диапазонда иінді біліктің кез-келген айналу жылдамдығын сақтайды.
Бүкіл режимдік реттегішті (9.4-сурет) айнамалы режимде жұмыс істейтін
қозғалтқыштарда (мысалы, мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауда) қолдану
қондырғының өнімділігін арттырады, машинаның жұмысын жақсартады және
машинаның сақталу мүмкіншілігін арттырады, сондай-ақ отын шығынын азайтады.

рейкасын 6 жылжытатын жалпақ тарелканы 3 солға қарай жылжытады. Жылжыту
серіппе 4 күші мен шарлардың ортадан тепгіш күштері теңескенше тоқтамайды.
Қозғалтқыш азғантай айналу жиілігімен (төменгі айналымдарда) жұмыс
істегенде серіппе 4 созылады. Айналу жиілігі өскен сайын кезегімен 4б
серіпппе 4а серіппеге қарағанда көбірек созылады, сондықтан ең көп отын
беру кезінде барлық үш серіппе де созылады.
Қозғалыс білігінің берілген айналу жиілігінде қажетті беріктікті
реттегіш қамтамасыз ете алмайтындай сырттан күшсалмақ маңызды өскен
жағдайда жұмысқа отын беру корректоры қосылады. Қысқа уақытқа күшсалмақ
көбейгенде серіппелер созылуы өзгермейді, ал айналым саны азаяды,
нәтижесінде шарлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысымы 50 мпа, сыртқы диаметрі 118-140 мм тізбектерді тығындауға арналған механикалық пакерді жобалау
Мұнай және газ саласындағы терминологиялық өрістің ерекшелігі
Галургияға кіріспе
Магистралды жылу желісінің сорғы станциясы
Жиілікті электр жетекті сорғы станциялары
Көп қабатты үйлерді сумен жабдықтайтын сорғы қондырғысының автоматтандырылған электр жетегі
Сорғы
МҰНАЙ ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН БҰРАНДАЛЫ СОРҒЫЛАР
Басты мұнай айдау станциясы
Роторлы сорап
Пәндер