Сейсмикалық юра шөгінділерінің жату сипаттамасы


sЖОСПАР
Кіріспе1
1. Геологиялық бөлім3
1. 1 Алаңның географиялық, экономикалық сипаттамасы3
Геологиялық, геофизикалық зерттеулер. 5
1. 3 Литологиялық, стратиграфиялық қима. 10
1. 4 Тектоника19
1. 5 Мұнайгаздылығы23
1. 6 Қиманың гидрогеологиялық сипаттамасы28
1. 7 Мұнай және газ қорларын есептеу33
1. 8 Көлемдік және методикалық іздеу жұмыстарының жобалары35
1. 8. 1 Іздеу жұмыстарының тапсырмалыр және мақсаты35
1. 8. 2 Іздестеру ұңғыларын орналастыру жүйесі36
Кіріспе
Қазақстан мұнай мен газдың қоры бойынша бай мемлекеттердің қатарына жатады. Оның территориясында Оңтүстік Маңғышылақ мұнай газды обылысы орналасқан. Соңғы жылдарда юра, триас түзілімдерінен ашылған Өзен, Жетібай, Қаламқас, Солтүстік Ракушечный т. б сияқты Қазақстанды алдыңғы мемлекеттердің қатарына қосатын мұнай мен газдың ірі кен орындары ашылған.
1961жылы Оңтүстік Маңғышылақта жаңа мұнай көздерін барлау жұмыстарының кең көлемде жүргізілген кезінен басталды. 1964 жылға дейін барлау жұмыстары көбіне Жетібай, Өзен арналарында жүргізіліп, бұл кен орындарын өндірістік игеруге дайындады.
Терең бұрғылау жұмыстары алғашқы жылдары юра қабаттарына жүргізілсе, ал 70- ші жылдардың басынан бастап тереңде жатқан триас шөгінділерінде ізденіс жұмыстары басталды. Сол жылдары ашылған мұнай мен газ кен орындары: Ракушечный, Тамды, Оймаша, Солтүстік Қарақия, Каменистое, Сарсенбай, Алатөбе, Придорожный, Жарты, Махат, Батыс Ақтас, және т. б.
Отыз жылдай уақытта жүргізілген терең барлау жұмыстарының нәтижесінде Маңғыстау өте ірі мұнай мен газ қоры бар өлкеге айналды. Қазіргі таңда обылыста 59-дан астам мұнай және газ кен орындары бар.
Мұнай мен газ кен орындары көмірсутек түріне қарай төмендегідей болып бөлшектенді: мұнай- газ кен орындары 23, мұнай кен орындары 22, газ кен орындары 14.
Маңғыстауда мұнай газ кен орындары палеоген тобынан бастап, палеозой дәуіріне дейінгі шөгінділерде табылған. Кен орындардың көпшілігі юра мен бор дәуірлі тау жыныстарынан табылған (59, 3%), сонан кейінгі орынды төменгі юра мен триас ( 27, 19%) түзілімдеріне бөлуге болады.
Ең ескі дәуір палеозойда мұнай көзі Оймаша кен орындарында гранит тау жыныстарымен байланысты болса, Елеместе карбонат теңіз шөгінділерінде табылған.
Қазіргі триастан өндірістік мұнай мен газ қорлары Оңтүстік Маңғышылақ алаңдарында кең көлемде табылып отыр. Триастың әрбір үш бөлімшелерінде құнарлы қабаттар барлығы дәлелденді. Олардың ішінде орталық триастың мұнайлылығы мен газдылығы, басқа бөлімдермен салыстырғанда едәуір басым. Осы құнарлы мұнай мен газ кендері ұсақ кеуекті немесе кезекті тау жыныстары коллекторларында орналасқан. Триас құнарлы қабаттары 2900-5000 м тереңдікте кездеседі.
Осыған сәйкес жобаланған Демал алаңында ідеу бұрғылау жұмыстарының жүргізу себептері, сол алаңның маңындағы көршілес алаңдарынан, яғни Жарты, Махат-Прибрежное, Сарсенбай сияқты алаңдарында триас шөгінділеріне жүргізілген жалпы терең нүктелік әдіс (МОГТ) сияқты сейсмикалық жұмыстарынан алынған мәліметтер бойынша, белгілері пайда болған.
Жобаланған Демал алаңында іздеу бұрғылау жұмыстарының мақсаты, сол алаңнан триас және төменгі триас шөгінді тысындағы көмірсутек белгілерін анықтау, сонымен қатар берілген мәліметтерге сүйене отырып толығымен сипаттама беру.
Демал алаңындағы іздеу жұмыстарына дипломдық жобаны құру үшін геологиялық, геофизикалық және кәсіптік материалды “Маңғыстаумұнайгаз” өндірістік бірлестігінде өткен диплом алдындағы практикада алынған. Осыны ескере отырып “Маңғыстаумұнайгаз” бірлестігіне үлкен алғысымды білдіремін.
Осы дипломдық жобаға сәйкес барлық бөлімдері толығымен орындалды. Орындалған мәлімет қорытындыларында, Демал алаңында келешекте іздеу бұрғылау жұмыстарын жүргізу керек пе? деген сұрақтың, толығымен жауап беру бастамасы ретінде болып табылады.
Дипломдық жоба әдістемелік талаптарға сәйкес орындалды.
1. Геологиялық бөлім
1. 1 Алаңның географиялық, экономикалық сипаттамасы
Демал алаңы админстративті орналасу жағынан Маңғыстау обылысының Ералиев ауданына жатады. Географиялық жағынан алаң, Оңтүстік-Маңғышлақ үстіртінің оңтүстік бөлігінде орналасқан.
Үстірт Каспий теңізіне, оңтүстік-батыс бағытымен жәй иілген.
Жобаланған ұңғы рельефтерінің абсалютті белгісі 100м.
Территорияның географиялық ауданы бойынша орта азиялық белдемнің континентальды климатына жатады. Жазы ыстық, құрғақ 5 ай бойы созылады. Жаздың орташа максималды температура белгісі +45 0 С. Қысы салқын, аз қарлы минималды температурасы -30 0 С- ге дейін. Әрдайым солтүстік-шығыс бағытынан салқын жел соғады.
Күз-көктем кезеңі азғана өтпелі уақытты алады. Бұл уақыт аз жаңбырлы.
Жауын-шашынның орташа жылдық көлемі өзгеріп тұрады, ол әр жылда 60-тан 250мм-ге дейін өзгереді. (Ж. С Садықов “Подземные воды Мангышлак-Устюртской провинции” Москва. Недра 1970г) .
Өсімдік әлемі өте аз, жануар әлемі әртүрлі, сайгак, джейран, қоян, қасқыр, қарсақ және әртүрлі жыртқыштар кездеседі.
Жергілікті халқы қазақтар, олар мал шаруашлығымен айналысады.
Жақын маңда асфальты жолдар (Ж. Өзен-Фетисово) және темір жолдар (ст. Ж. Өзен) бар, олардың ара қашықтығы 17, 5км және 50км. Бұл жолдардан басқа, жобаланған алаң маңына барлық автотранспорттардың қозғалуына ыңғайлы грунтты жолдарды пайдалануға болады, әсіресе құрғақ жылдар кезінде.
Жобаланған алаң Жаңа-Өзен қаласынан 60км, Ералиева ауданының орталық бөліміне дейін 80км қашықтықта орналасқан. Жаңа-Өзен қаласында орналасқан РИТС-2 бөлімі, жобаланған алаңдағы бұрғылау жұмыстарын басқарады.
Іздеу бұрғылау ұңғыларын Маңғышылақ іздеу бұрғылау басқармасы (МУРБ) жүргізеді, ал өндірістік қызмет көрсету базасы (БПО) 130км қашықтықтағы Маңғышылақ станциясында орналасқан.
Маңғышылақ станциясында орналасқан материалды -техникамен қамтамасыз ететін базасынан (УПТОиКО) бұрғылау автотранспортымен қажетті жүктерді тасымалдайды.
Бұрғылау автотранспорттарымен вахтаны алып келеді. Қажетті жағдайда вертолет немесе жедел жүретін транспорттар қолданылады.
Вахтаны ауыстыру үшін бұрғылау маңындағы вагондардан жасалған ауылдарды, сонымен қатар асхана және .
Бұрғылау техникалық сумен қамтамасыздандыру мақсатында альбсеноман шөгінді тысының қабат суын пайдалану үшін 2000м тереңдікпен бір ұңғы бұрғылау керек, бірақ неоген қабатын ашқан жағдайда, басты шөгінді тысынан сулы горизонттарды анықтау мақсатында палеоген шөгінді тысы толығымен БКЗ комплексінің жүргізілуі тиіс, зерттелген жұмыс барысында алынған су дебитін, техникалық бұрғылау жұмыстарында қолданады. Сонымен қатар жобаланған алаңнан 25-30км қашықтықта орналасқан Өзен- Бекдаш суын қолдануға болады немесе автоцистернамен тасымалдауға болады.
Ұңғыны бұрғылауға дайындалған ерітіндіні, бұрғылау қоспаларынан дайындайды, олар материалды- техникамен қамтамасыз ететін базасынан (УПТОиКО) тасымалданады.
Өндірістік геофизикалық зерттеулерді №2 геофизика басқарма жұмыстары жүргізеді. Тампонажды жұмыстарын, Жаңа-Өзен қаласында орналасқан тампонаж конторасы орындайды.
РИТС және ЦИТС бөлімдерімен байланысын, радиостанция көмегімен орындалады. Аудандағы жобаланған алаңда пайдалы қазбалар және құрылыс материалдары жоқ.
Геологиялық, геофизикалық зерттеулер.
Жазғұрлы ойпаңының оңтүстік бортындағы шөлейтті өте қиын аудандары көп уақыт бойы зерттелмеген. Себебі сол кездегі 1961жылдары үлкен кенорындардың ашылуымен бұл аудандар зерттелмеген.
Басты кезеңдерде бұл алаңдар зерттеліп, іздеу кешендері және игеру жұмыстары жүргізіле бастады. Бұл жұмыстар әртүрлі ұйымдар арқасында жүргізілді, соның ішінде геология және мұнай өнеркәсіп министерстволары сонымен қатар ғылыми- зерттеу институттары көп еңбек етті.
Жазғұрлы белдем ойпаңы және оған оңтүстік жағынан кіріңкіреп жатқан Ақсу-Кендірлі баспалдақтары, масштабы 1:200 000 болатын аэромагниттік, грвиметрлік және мемілекттік геологиялық түсірілімдермен қамтыған.
Жүргізілген жұмыс қорытындыларында Байрам-Қызыладыр, Қорғанбай, Қауынды алаңдарының құрылымдық қатарлары, терең бұрғылау жұмыстары жүргізіле бастады.
70-ші жылдары геофизикалық іздеу жұмыстары, юраға дейінгі шөгінді тыстары зертеле бастады. Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттеулеріне үлесін қосқан авторлардың бірі КурочкинВ. С., Живидрова А. Н., Арбузов Б., ШрейдерВ. П., және т. б. айта кетуге болады. Олардың жұмыстарын қорытындыларында төменгі бор (валанжин) түзілім табанынында V 2 IV және V 2 1 сонымен қатар ІII V горизонтары бойынша құрылымдық карталар тұрғызуда. Кулак, Демал, Ақташ сияқты жергілікті көтерілімдерінің конструкциясы және амплитудасы анықталған. Сонымен бірге МОГТ іздеу және нақтылау жұмыстарының қорытындыларында Демал алаңының V 3 2 , V 2 1 , V 1 , V 3 1 , IV 1 , II, I, шағылу горизонттарының құрылымдық карталары тұрғызылды. Жалпы геологиялық құрылымды толығымен зерттеу жұмыстарын, МОГТ және іздеу жұмыстары көмегімен жүргізілді.
Осыған сәйкес 1990жылы терең іздеу бұрғылау және МОГТ сейсмобарлау жұмыстарының қорытындысына сүйене отырып жобаланған Демал алаңының құжаты берілді. (Кесте1. )
Кесте1.
Жұмыс түрі
және масштаб
Мурзагалиев
Д. М.,
Амеличкина
М. И.,
Авериянова
С. Г. 1969-1971, т. п.
81/69-71, КНГФ
МОВПМЗ
Сейсмикалық мәліметтерді талдап, қорыту
Воскобой В. А
Багрянцев В. И.,
Гарысова Ю. Г.,
1971ж., сп 1/71 және 3/71,
МНГФ
МОГТ аймақтық сейсмика зерттеулері,
Масштабтары
1:100 000;
1:200 000; және
1:500 000
Арбузов В. Б.,
Игуменов В. М.,
ЖурловВ. Я және т. б 1975ж.
Т. п. 9/75МНГФ
МОГТ материалдары бойынша оперативті талдауларды және әртүрлі интерпретация тәсілдерін сынау, масштабтары
1:200 000
Курочкин В. С
Прокудина Л. И
Нагибина К. А
Живидрова А. И
1976с. п 4/75-76
МНГФ
Курочкин В. С
Живидрова А. И 1976. с. п. 4/76,
МНГФ
I және II горизонттарының құры-лымдық карталары бойынша ба-тыстан шығысқа қарай батқан моноклинальды аялары, екі құрылым-дық элементтермен бөлінген. Алаң-ның орталығында көлемдік мульда-лармен және Тоқмақ мүйісіндегі құрылымдық тұмсық оның осі солтүстік шығыс бағытымен батады.
IV 1 горизонт картасы бойынша жалпы құрылымдық жобасы жоға-рыда құрылған жағдаймен сәйкес келеді. Мульда профильдер ортасы өзінің жағдайын сақтайды, әрі қарай шығыста көтерілім алаңдарымен белгіленген, олар шығыс қанатын-дағы біршама түсу бұрышымен мери-дианальды созылған жота тәрізді көтерілімдермен пайда болады. V 1 горизонтының картасы бойынша алаңның батыс бөлігінде террасса түрде Адыр және Тематический бөліп жатыр. Ал Сарсенбай жергілікті көте-рілім болып табылады. Алаң орталы-ғындағы мульда өлшемі жоғарланған және шығысы Демал көтеріліміне ауысады. Өлшемі 6х4км 4050м тұйықталған изогипсі бойынша амплитудасы 70м құрылым мұрын маңы, Тоқмақ мүйісінен солтүстік шығыс бағытымен батады. Кумак көтерілімі жергіліктенеді, өлшемі 3, 5х1, 5км, амплитудасы шамамен 50м. Пермтриас жыныстары юра шөгінділерінің астында біршама үйлесімсіз бұрыштармен жатады. Батыста үш көтерілімдер бөлінген Адыр, Сарсенбай, Тематическое. Демал көтерілімінің өлшемі 8х5км-ге дейін жетеді 4850м тұйықталған изогипсі бойынша амплитудасы 60м Кумак көтерілім өлшемі 6х3км, 4750м изогипсі бойынша ампли-тудасы шамамен 70 метрді құрайды.
Курочкин В. С
Живидрова А. И 1977 МНГФ
Арбузов Б.,
Шрейдер В. П
1982. МНГФ
Тақырыптық жұмыстар
Т. п. 7/82
1. 3 Литологиялық, стратиграфиялық қима.
Қысқаша геологиялық стратиграфиялық сипттамасының оның қалыңдығының өзгеру жағдайын сол маңайда жатқан алаңдарда жүргізілген, геологиялық, геофизикалық мәліметтерге сүйене отырып сипатталады. Олар Сарсенбай, Махат- Прибережная, Ракушечная, Қауынды.
Жобаланған Демал алаңының ең көне шөгінділерінің ішінде триас шөгіндісін анықтау.
Триас жүйесі (Т)
Триас жүйесі барлық бөлімдермен берілген.
Төменгі бөлім (Т 1 )
Төменгі триас шөгінділері жұқа туфоқұмтасты аргиллит қалыңдығы, әктастар, алевролит, туфотекті жыныстар, азғана құмтастармен орналасқан. Жыныстары сұр-жасыл, қоңырлау-сұр, қызыл-қоңыр, шоколод түстермен боялған.
Аргиллитті сұр, қою-сұрдан қараға дейін, тығыз жұқа бұзылыстармен перит ұяшықтары кездеседі.
Құмтастары ашық- сұр, жасыл- сұр, ұсақ түйірлі, аралас ірі түйірлерде кездеседі. Тығыз, қатты, сазды-карбонатты цемент азғана қабатшалы алевролиттермен берілген.
Туф, Туфиттері ашық-сұр, тығыз, қатты бұзылыстары гипспен толтырылған.
Әктастары қою-сұр, қара, жұқа түйірлі, ұсақ түйірлі, тығыз органнотекті-детритті әктастар және доломит қабаттары кездеседі. Жыныстары тығыз, қатты кей жерлерде кальцит ұяшықтары кездеседі. (Садыков Ж. С Подземные воды Мангышлак-Устюртской провинции Москва, Недра, 1970г) .
Жобаланған алаңда анықталған төменгі триас қалыңдығы 25-100 метрді құрайды.
Ортаңғы бөлім (Т 2 )
Ортаңғы триас түзілімдері әртүрлі сұр, ашық-сұр, қою- сұр, жасыл белгілермен террегенді қабатшаларымен байланысты вулканоттекті-карбонатты қабаттары берілген.
Қиманың төменгі бөлімі ашық доломит, қоңырлау-сұр, ұсақтүйірлі, бақалшақ бұзылыстарымен байланысты өте қатты ұсақ кесекті туфотасты материал қосындысы кездеседі, бөлек қабатшаларында ірі екі жақты пелеципод қабыршықтары кездеседі.
Әктастары қою-сұр, қара ұсақ түйрлі, тығыз, қатты қара, аргиллит және жасыл туфоаргиллит жұқа қабатшалармен берілген, тік жарылымында ірі түйірлі кальциттермен толтырылған.
Туфоаргиллиттері, туфоалевролитті, туфоқұмтастары сұр, жасыл-сұр, жасылдау, жыныстары тығыз аралас түйірлерімен жәй периттелінген. Қиманың жоғарғы бөлімінде аргиллиттер, алевролиттер және құмтастар қабаттасып орналасқан.
Аргиллиттері қара, алевролиттенген жылжуларымен балық қабыршықтары берілген. Алевролиттері қою-сұр, көмірленген, өсімдік қалдықтары қосындысымен жатыр.
Құмтастары ашық-сұр, жасыл түсті ұсақ түйірлі туфотекті материал қосындысы және ұсақ өсімдік детриттері кездеседі.
Анықталған ортаңғы триас қалыңдығы 230-265м.
Жоғарғы бөлім (Т 3 )
Жоғарғы триас шөгінді тысы вулканотекті-терригенді қабаттарымен орналасқан.
Қабатты анықтаған кезде, кварцитті құмтасы, орта түйірден ұсақ гравиитке дейін өзгереді.
Туфоқұмтастары қою-сұр, ашық-сұр, ұсақ түйірден ірі және өте ірі түйірлерге дейін, полимикті, тығыз, қатты, көмірленген өсімдік қалдықтарымен кездеседі.
Туфоаргиллиттері сұрдан қараға дейінгі тығыз, қатты айнамен жылжыған слюдитті алаңдармен кездеседі.
Қиманың жоғарғы бөлімі терригенді және аргиллитті қабатшалармен берілген. Сонымен бірге алевролиттер және құмтастар кездеседі. (Сектор Заподного Казахстана №34 ИГиРТИ. Описание образцов кернапо разведочный площадям Южного Мангышлака г. Актау, ИГиРГИ) .
Аргиллиттері қара слансталған жарылымды алевритті қатты да сирек көмірленген өсімдік қалдықтары таңбаланған.
Құмтастары полимитті ірі және өте ірі түйірлі қабатшалары кездеседі.
Жоғарғы триас шөгінді қалыңдығы 430-500 метрді құрайды.
Юра жүйесі (J)
Юра жүйесінің түзілімдері біршама қалыңдықты алып жатыр және де барлық бөлімдермен берілген. Төменгі, ортаңғы және жоғарғы.
Төменгі бөлім (J 1 )
Төменгі юра шөгінділері триас шөгіндісімен сәйкес емес жағдайда жатыр.
Жалпы юра шөгінді тысы құмтасты-галечникті қосындысы бар базальт қабаты жатыр. Қимада құмтастар, алевролиттер, саз аргиллиттері орналасқан. Бөлек пачкалы құмтас-алевролитті немесе саздылы жыныстар қалыңдығы 10-20м.
Жыныстардың қанығу сипаттамасы бойынша ұсақ көмірленген өсім-дік детриттері шашыранды жағдайда және де бөлек көмірлі қабатшалармен орналасқан.
Құмтастары сұр, ашық-сұр, ұсақ, орта кей жерлерде ірі түйірленген жақсы сортталған полимиктті қатты, массивті, біршама гравиа қосындысымен берілген. Алевролиттер құрамы біршама құмтасқа ұқсас.
Сазы сұр, қою-сұр, тығыз, аргиллиттәріздес құмтасты кей жерлерде алевролитті, сұр алевролитті қабатшалар және ұсақ түйірлі құмтастар кездеседі. Жыныстары шашыранды, көмірлі затымен мол берілген. (Крылов Н. А., Васильев Е. П., Оруджева Д. С. и др. “Закономерности размещения ипоиски залежи нефти и газа в средней Азии и Казахстане” Москва, Недра, 1973г) .
Аргиллиттері жұқа бұзылыстармен, текстурасы қабыршақты ірі бұзылысты жылжымалы айна тәріздес көрінеді.
Төменгі юра қалыңдығы 240-270 метрді құрайды.
Ортаңғы бөлім (J 2 )
Ортаңғы юра шөгінді тысы төмегі юра шөгінді тысымен сәйкесінше жағдайда жатыр.
Ортаңғы юра бөлім құрамына аален, байос және бат ярустарымен бөлінген.
Аален ярусы (J 2 a)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz