Бейвербалды амалдардың теориялық негізі
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1 Бейвербалды амалдардың теориялық негізі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1 Лингвистикадағы жаңа бағыттар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Бейвербалды амалдардың зерттелу жайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Бейвербалды амалдардың түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2 Бейвербалды амалдардың көркем шығармаларда қолданылу
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.1 Көркем шығармалардағы бейвербалды амалдардың топтастырылуы ... ... ..34
2.2 Бейвербалды амалардың ұлттық-мәдени негізі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.3 Гендерлік лингвистиканың зерттелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
2.4 Бейвербалды амалдардың гендерлік
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...51
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ... ..6 0
Пайдаланылған әдебиеттер

... ... 62
Кіріспе
Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл
арқылы анықтауды негізгі қағида етеді. Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты
алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоцентристік парадигма өз
аясында жаңа бағыттарға жол ашуда. Осымен байланысты ғалымдардың
жұмыстарында тіл таным кілті деп қаралып, лингвистика мәселелері
этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, әлеуметтік
лингвистика, паралингвистикамен тығыз байланыста зерттелген.
Адамның белгілі бір қасиетін, мінез-құлқын, белгісін сипаттау тілдік жүйеде
және жазушы мен сөйлеуші қолданысында аталған тілді тұтынушылардың өмір
сүру жағдайына, мәдениетіне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, дүниетанымы,
таным-талғамына, күнделікті тұрмыс пен өмір тәжірибесінде бұрыннан
қалыптасқан түрлі зат, құбылыстармен байланысты жүзеге асады. Яғни тілден
халықтың рухани және материалдық мәдениетінің іздерін байқауға болады.
Ал кез келген деңгейдегі тілдік элементтер тек қана мәтін жүйесінде
эмоциялы әсер ете алады. Осындай өзіне тән эстетикалық коммуникацияның
бірліктері ретіндегі көркем мәтіннің ерекшелігі оның жалпы адамға қатысты
ортақтылығы (антропоцентричность), яғни әлем тану мен оның көрінуі әдебиет
шығармасында ең алдымен адамның танымына бағытталады, ал берілген көркемдік
оқиғалар оның жан-жақты көрінісінің тәсілдері болып есептеледі. Кез
келген айтылымның мән-мағынасын түсіну үшін сөйлеуші мен тыңдаушыда
халықтың өткен тарихынан, рухани дүниесінен хабардар аялық білім болу
керек. Бұл тек тілдік қатынасты түсінумен қатар тілсіз қатынастың да мәнін
ұғыну үшін қажет. Сондықтан да бейвербалды амалдарды зерттеуде оны аялық
біліммен, тіл мен таным сабақтастығы тұрғысынан қарастыру да лингвистикада
назар аударатын тың мәселе.
Сонымен қатар қазақ тіл білімінде көркем шығарма тілін стилистикалық
тұрғыдан қарастырумен бірге коммуникативтік, танымдық жағынан зерттеу
ерекше орын алады. Осы тұрғыдан келгенде, жазушы тілінің коммуникативтік
табиғатын бейвербалды амалдардың қолданылуымен қатар зерделеу де тілдік
қатынас мәселесімен тығыз байланысты. Осы айтылған мәселелер диплом
жұмысының негізгі ұстыны әрі оның өзектілігі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты – қазақ
жазушыларының көркем шығармаларындағы бейвербалды амалдардың қолданылу
өрісін қарастыра отырып, олардың жасалу жолдарын, мән-мағынасын ашу, ұлттық-
мәдени негізін, гендерлік сипатын анықтау. Осыған орай мынадай міндеттерді
шешу көзделеді:
- көркем шығармалардағы бейвербалды амалдары саралап көрсету, олардың
қолданылу ретін, жүйесін анықтау;
- көркем шығармалардағы бейвербалды амалдардың классификациясын жасау;
- көркем шығармалардағы бейвербалды амалдардың ұлттық сипатын ашу;
- бейвербалды амалдардың атқаратын қызметін анықтау;
- бейвербалды амалдардың гендерлік сипатын айқындау.
Зерттеудің нысаны: Қазақ жазушылары Ж. Аймауытов, С. Мұқанов,
М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Нұрпейісов, І. Есенберлин, Ш. Мұртаза,
Д. Исабеков, С. Жүнісов, О. Бөкей, Ж. Шаштайұлы т.б. шығармаларындағы
бейвербалды амалдар.
Диплом жұмысында пайдаланылған ғылыми-зерттеу әдістері: Зерттеу
негізінен синхронды тұрғыда сипаттамалы әдіспен жазылған. Сонымен қатар
жұмыста баяндау, ғылыми талдау, семантикалық, лингвомәдениеттанымдық талдау
тәсілдері басшылыққа алынды. Жиналған материалдарды іріктеуде жинақтау,
жүйелеу, талдау әдістері кеңінен қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Лингвистикадағы жаңа бағыттар
Қоғам мен ғылымның қазіргі тынысына сәйкес дамуы тіл біліміне ықпал
етіп, лингвистикада жаңа бағыттар мен салалар пайда болуда. Тіл ғылымындағы
жаңа бағыттар мен ағымдар тың ізденістерге жол ашады.
Қазіргі заман лингвистикасында тіл негізінен екі жүйеде зерттеліп
келеді. Біріншісі – құрылымдық, екіншісі – антропоөзектік. Антропоөзектік
парадигма өз шеңберінде гендерлік лингвистика, лингвомәдениеттану,
этнолингвистика, когнитивті лингвистика, прагмалингвистика,
лингвопсихология, паралингвистика сияқты жаңа салалардың ғылыми негізін
зерделеп-тануға ықпал етті. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілсіз қатынасты
зерттейтін паралингвистиканың қалыптасып дамуы – арнайы сөз етуді қажет
ететін маңызды мәселе. Тіл ғылымының бұл саласы адамдар арасындағы қарым-
қатынастың бейвербалды түрін қамтиды.
Тіл – қоғамдағы ең маңызды қажеттіліктердің бірі. Тіл – әрбір елдің,
әрбір ұлттың тарихын, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін, тіпті сол ұлттың өз
болмысын танытатын, оны сақтап қалатын, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін ұлы
қазына. Сондықтан бүгінгі таңда тілдің құрылымдық, коммуникациялық
қызметтерінен басқа да қырларын, қасиеттерін анықтау терең зерттеуді талап
етіп отыр.
Адам тілінің конститутивтік сипаты шартты түрде екі қағиданы айқындайды:
біріншіден, адамның танымы ешқашан толық болмайды, ол қоғамда өмір сүрген
сайын толыса береді және оны тек тіл арқылы ғана тани аламыз; екіншіден,
тіл табиғатын танып білу немесе оны түсіндіру үшін адамның көмегі қажет.
Тіл мен адамның өзара тығыз қатынасына қарай анықталған салаларды былай
көрсетуге болады: адамның тілі мен рухани белсенділігі; тіл мен адам
физиологиясы; тіл мен ойлау, сана әрекеті; тіл мен мәдениет; тіл және
адамның қарым-қатынасы; тіл мен қоғам; тіл мен адам құндылықтары; тіл және
таным. Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы
салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу объектісі, тәсілдері, қолданылу
аясы бар. Тіл білімінде бұған дейін тілді антропологиялық бағытта ғана
қарастырып, оның ішкі әдістемелік бағыттары ретінде мына салалар үстірт
қаралып келді:
1. Лингвогносеология. Негізгі нысаны – тілдің танымдық қызметін
сипаттайтын бірліктер, әлемді танушы адамның танымдық түсінігі ретінде
қарастырылатын мәселелер.
2. Әлеуметтік лингвистика – тіл мен қоғам ара қатынасын зерттейтін
сала.
3. Психолингвистика – тіл мен тұлғаның өзара байланысындағы индивидтің
тұлғалық мінез-құлқы мен ұғымды қабылдау, оны санада өңдеу қасиеттерінің
тілде көрініс табуын зерттейді.
4. Лингвопраксеология – тілдің қолданылу орны мен аясын, адамның
тілдік қолданысын тәжірибе жүзінде зерттейтін сала.
5. Лингвомәдениеттану – тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы негізінде
ұлт мәдениетінің тілде сақталуы, тілде көрініс табуы, сол тіл арқылы ұлтты,
оның мәдениетін таныта білу ерекшеліктері қарастырылатын сала.
6. Этнолингвистика – тілдегі ұлттық бірліктердің мазмұны мен мәнін
ұлттың тарихынан, халықтың рухани мәдениетінен, халықтың менталитетінен,
халықтың шығармашылығынан іздеу арқылы анықтайтын сала.
7. Паралингвистика – (грекше parа – маңы және лингвистика)
–хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса
сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес (тілден тысқары) амалдармен
берілуін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Тілді антропоцентристік тұрғыдан зерттеуге негіз болатын бұл
салалардың барлығы түптеп келгенде, мынадай мәселелерді шешуді көздейді:
адамның тілге қалай ықпал жасайтынын анықтау және тілдің адам санасына,
ойлауына, мәдениетіне қандай әсер ететінін, қандай қызмет ететінін анықтау
мәселелерін шешуге тырысады. Тілдің антропоцентристік бағыты тіл
тіліміндегі адамның тілдік факторы мәселесін, тілдің адамға қызмет ету
мәселесі, адам арқылы тілдің табиғатын ашу мәселесін ашумен тікелей
байланысты.
Кез келген айтылымның мән-мағынасын түсіну үшін сөйлеуші мен
тыңдаушыда халықтың өткен тарихынан, рухани дүниесінен хабардар аялық білім
болу керек. Бұл тек тілдік қатынасты түсінумен қатар тілсіз қатынастың да
мәнін ұғыну үшін қажет. Сондықтан да бейвербалды амалдарды зерттеуде оны
аялық біліммен, тіл мен таным сабақтастығы тұрғысынан қарастыру да
лингвистикада назар аударатын тың мәселе.

табиғатын зерделеу де тілдік қатынас мәселесімен тығыз байланысты.
Сөйлеу үдерісінде дене тілі қатарласа қолданылатындығына біз көп
жағдайда мән бере қоймаймыз. Тіпті коммуникациялық қарым-қатынастың тек
сөйлеумен (дыбыс шығарумен) ғана шектелмейтіндігін, сөйленістің көз (сөйлеп
тұрып көзін қысып қалу), мұрын (мұрнын тыржиту), тіс (тісін шықырлату,
қайрау), тіл (тілін шығару), қол (қол бұлғау, қолын сілтеу), аяқ (аяқ
астына қарау, тізерлеу) т.б. дене мүшелерінің қатарласа қимылға түсуімен
параллель жүретіндігі де қалыпты, үйреншікті көрініс саналады.
Тілдік құбылыстардың табиғатын жете түсінуде аз рөл атқармайтын
бейвербалды элементтерге қарай отырып, қасыңдағы сөйлеп тұрған серігіңнің
ойын алдын ала болжауға мүмкіндік туады; сұхбаттасыңның түрлі қимылдары
арқылы оның ойын алдын ала түсінуге болады. Адам жасайтын ым мен ишараттың
мәнін, мағынасын білу, алдын ала болжау лекция оқитын лекторларға, саяси
имидж қалыптастыру үшін лидерлерге, қоғам қайраткерлеріне, іскери әңгіме
кезінде кәсіпкерлерге, белгілі бір ұлттың салт-дәстүрі мен мінез-құлқындағы
сипатты ерекшеліктерін анығырақ білу үшін өзге ұлт өкілдеріне қажет.
Дене тілі, ым мен ишарат – тілдің әлеуметтік, психологиялық
лингвистика сынды салаларының деректерін салыстыра, салғастыра отырып,
кешенді зерттеуге қол жеткізуге болатын, қазақ тіл біліміндегі теориялық
тұғыры әлі толық анықтала қоймаған жаңа сала. Кейбір ым мен ишараттың тұтас
сөйлем немесе сөз, фраза орнына жұмсала беретінін ескерсек, қазақ тілінің
лексика, синтаксис және фразеология, семантика салаларын зерттеуде әлі
толық пайдаланылмаған, бірақ пайдалануға тиісті материал екені айқындалып
шыға келеді. Яғни тілдің бейвербалды элементтерін қазақ тілін зерттеуде
пайдалану, теориялық негізін қалыптасытру – даму үстіндегі тіл білімінің
өзекті бір мәселесі.

Соңғы уақытта тіларалық және мәдениетаралық қатынастардың дамуына
байланысты лингвистердің, әлеуметтік тіл білімі мамандарының және
психологтардың назары әр түрлі мәдениет өкілдерінің қарым-қатынас үрдісін
зерттеуге аударылған. Себебі, лингвомәдени қоғамдастықтардың ұлттық-мәдени
ерекшеліктері тілдік және тілге жатпайтын деңгейдегі қарым-қатынастар
нәтижесіне әсер етеді.
Белгілі бір лингвомәдени қоғамдастықтың өкілі басқа бір лингвомәдени
қоғамдастықтың мүшелерімен қатынасқа түскенде, тіпті соңғыларының тілінде
сөйлей отырып, бәрін өз мінез-құлық модельдері бойынша жасайды,
өздерінің кинесикалық, проксемикалық жүйелерін қолданады, өздерінің
мәдени білімдеріне жүгінеді.
Ғалымдардың теориялық тұжырымдарында санасыз адам дәуірінен саналы
адамның қалыптасу дәуіріне дейінгі аралықта миллиондаған жылдар өткені
жайында, сол саналы адамдардың өзі алғашында ым-ишара тілі арқылы қарым-
қатынас жасағаны дәлелденді. Міне, осындай ұзақ дамудың барысында адамадар
арасындағы қарым-қатынас тәсілдерінің бірі – бейвербалды амалдар қанша
ғасырлар өтсе де, әрбір этнос болмысы мен қарым-қатынасында күні бүгінге
дейін сақталуда.
Сөйлеу тілі – ақпарат берудің, ақпарат жеткізудің сан түрін, атап
айтқанда, тілдік және тілдік емес, тілден тыс өзге де арналарын, олардың
әрқайсысына тән өзіндік амалдары мен тәсілдерін іс жүзінде пайдалануға
болатындығымен ерекшеленетін күрделі құбылыс. Адамдардың дене тілі, қимыл
тілі десек те болады, қазақ тіл білімінде аса аз зерттелген құбылыстардың
қатарына жатады.
Бейвербалды амалдарды зерттеу алғаш рет Г. Спенсер, В. Вундт, Ч.
Дарвин еңбектерінен бастау алады деп айтуға негіз бар. Профессор Бердвислл
адамдар қарым-қатынасында жеткізілетін хабардың 38 пайызы сөз, ал 65 пайызы
бейвербалды амалдардың көмегімен берілетінін тұжырымдайды [1; 13 б.].
Бейвербалды қатынас түріне арналған тұңғыш еңбек деп Ч. Дарвиннің
Выражение эмоций человеком и животными (1872 ж.) деген зерттеуі саналады.
Дене тілінің мән мен мағына иеленіп, коммуникация құралына айналуында
адамның дене мүшелерінің (соматика) бәрі де қатысады деуге болады. Содан
болар, шет елдерде және орыс тіл білімінде дене мүшелерінің коммуникация
құралына айналуына байланысты Язык лица, Язык жестов т.б. еңбектер,
монографиялар жазылған.
Коммуникацияның бейвербалды элементтерін зерттеумен өткен ғасырдың
қырқыншы жылдарында пайда болған ғылым саласы паралингвистика айналысады.
Грек тілінен енген para сөзі жанында, қасында деген мағынаны білдіреді,
яғни тілдік әректтің кез келген түрінің, атап айтқанда, жазба тіл,
пантомимо тілі, өзіндік коды бар ым мен ишаратпен жарыса қолданылатын
құбылыстар паралингвисикалық болып табылады. Терминді алғаш ұсынған
американ ғалымы А. Хилл болса, жаңа ғылым саласының зерттеу аясын
белгілеген зерттеуші Дж. Трейгер екені белгілі.
Көптеген ұлттар мен халықтардың тіліндегі бейвербалды элементтер
жүйелі әрі кешенді түрде зерттелген. Мысалы, А.В. Филиппова,
Т.М. Николаева, А.А. Акишина, Е.В. Красильникова, Л.Н. Капанадзе т.б. орыс
тіліндегі ишараттарды, А. Пиз ағылшын тіліндегі, А.А. Хачатрян,
Р.М. Тохмонян армяндардың ишаратын қарастырса, ал татарлар мен башқұрттарда
Ф.Ф. Султанова осы саланың маманы саналады.
ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан бастап бұл сала аса үлкен қарқынмен
зерттелді. Шетел тіл білімінде бейвербалды амалдар сол елуінші жылдардың
басында қолға алынды. Бұл мәселе Дж. Трейгер, М. Джос, Т. Сибеок,
Ч. Хоккет, М. Уэст, Р. Бердвислл т.б. лингвистердің еңбектерінде, П.
Бэтсон,
П. Оствальд, У. Лабарр, А. Шефлен т.б. психологтардың зерттеулерінде арнайы
сөз болып, ғылыми зерттеулер жарық көрді.
Түркі тілдерінде бейвербалды амалдарға байланысты А.Н. Нурманов,
М.М. Саидханов зерттеулерінің маңызы зор.
Зерттеушілер жасаған тағы бір түйін бойынша, вербалды немесе тілдік
құралдар арқылы нақты ақпарат берілсе, бейвербалды құралдар диалогқа
қатысып отырған екі жақтың (тараптардың) эмоциясы мен сезімін жеткізудегі
таптырмас құрал көрінеді. Тіпті кейбір жағдайларда, күнделікті өмірде көріп
жүргеніміздей, ым мен ишараттың қатысы арқылы ойыңды жеткізу оңайға түседі,
кейде тиімді болып шығады.
Сондай-ақ, коммуникацияның бейвербалды элементтеріне, яғни ым мен
ишаратқа, дене қимылдарына қарап отырып, қай ұлттың, қай құрлықтың өкілі
екенін шамалауға болады, өйткені әрбір ұлттың дене тілінің өзіндік сипатты
ерекшелігі (спецификалық) бар және ол ерекшеліктер көбінесе
фразеологизмдерге негіз (ұйытқы) болып табылады. Айталық, қамшымен көзге
шұқыды, қамшыны алдына тастады, әйел бетін шымшыды десек, қазақтарға ғана
тән ишараттарды таныр едік.
Орыс тілінің зерттеушісі И.П. Лысакованың айтуынша: В речи любого
человека всегда отражаются его социально-классовая принадлежность, возраст,
образование, род занятий, место жительство, пол, обстановка, форма, теме,
цель, характер общения [2].
Қазақ тіліндегі бейвербалды амалдарды зерттеген ғалымдардың қатарында
А. Сейсенова, Ж. Өмірәлиева, С. Бейсембаеваны т.б. атауға болады. Атап
айтар болсақ, А. Сейсенова бейвербалды амалдарды лингвомәдениеттану
тарапынан зерттеп, зерделеген. Ол қарым-қатынастағы бейвербалды амалдардың
берілуін, ұлттық түрін, қазақ тіліндегі бейвербалды амалдардың орыс тіліне
аударылу жолын, оның әдеп ұғымымен сай келуін қарастырған. Ал Ж. Өмірәлиева
қарым-қатынас актісінде жүріп отыратын ым-ишараларды соматизмдермен
байланысты қарайды. Ғалым бейвербалды құралдарды қазақ тілімен қоса
ағылшын, орыс тілдеріндегі ым-ишараларды да салғастыру әдісі арқылы
зерттеп, бас, қол, көз т.б. дене мүшелері арқылы берілетін бейвербалды
амалдарды жеке-жеке алып қарайды [3].
Осы аты аталған ғалымдардың ғылыми жұмыстары мен ғылыми тұжырымдарына
сүйене отырып, С. Бейсембаева коммуникациядағы паратілдік құралдарды тек
қазақ тілі негізінде зерттейді. Зерттеуші бейвербалды амалдардың мән-
мағынасын ашумен қатар олардың фразеологизмдермен қатысын және ым-ишараттың
қазақ тілінен орыс тіліне аударылуындағы сәйкестігін, қарым-қатынас
актісінде табу қимылдарының болатындығы жайлы айтады [4].
Зерттеуші М. Мұқанов өзінің ғылыми мақаласында бейвербалды амалдарды
жіктей келе, олардың халықтың салт-дәстүрімен, дінімен байланысы бар екенін
ашып көрсетеді. Ол бейвербалды амалдарды топтастырып, қайсысы қандай
мағына беретіндігін де айтқан. М. Мұқанов осы айтылғандардың барлығын
этнопсихология тарапынан қарастырып талдаған [5].
Ал Г. Мамаева ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасында қызмет ететін
кинемалардың ұлттық және психологиялық ерекшеліктеріне қарай
бөлінетіндігіне ерекше назар аударған. Жыныс арасындағы кинемалардың
қызметі ұлттық, мәдени салт-дәстүрлермен, олардың психологиячлық,
биологиялық ерекшеліктеріне орай жеке әйелдерге тән және жеке ерлерге тән
әдет, дағды, ым-ишаралар ретінде өмір сүреді. Бұлардың жыныстар арасында
орны ауысып келуі салт-дәстүр, тәртіптерге қайшы келіп отырғанын зерттеуші
нақты мысалдар, тілдік дәйектер арқылы дәлелдей түседі [6].
Бейвербалды амалдардың О. Бөкей шығармаларындағы көрінісін зерттеген
Ж. Нұрсұлтанқызы бейвербалды амалдардың көркем шығарма тілінде
коммуникативтік акт іні жалғастыра отырып, адамдардың өзара түсінісуін
қамтамасыз етіп, қарым-қатынас үдерісін жеңілдететінін, сондай-ақ олардың
мағыналық өрісі автордың тілдік тұлғасына тән ой-танымының, стильдік
даралағының көрінісі болып табылатынын атап көрсетеді. Зерттеуші ғылыми
жұмысында бейвербалды амалдарды архаизм-бейвербалды амалдар, мамандық,
кәсіп аумағында қолданылатын кәсіби бейвербалды амалдар, вариантты
бейвербалды амалдар, диалект бейвербалды амалдар деп жіктейді [7; 5-6 бб.].
Ал З. Нұржанова бейвербалды амалдардың гендерлік сипатын қазақ, орыс
тіліндегі салғастырмалы материалдар негізінде қарастырады [8].
Соңғы уақыттағы тың зерттеулер қатарына М. Ешимовтың Ым семантикасы:
универсалды және ұлттық табиғаты атты зерттеу еңбегін жатқызуға болады. Ол
паратілдік амалдардың ұлттық-мәдени сипатын ашып көрсетеді [9].
Жалпы басқа тілдермен салыстырғанда, бейвербалды амалдар мәселесі орыс
тіл білімінде ғылыми еңбектер, теориялық зерттеулер, оқулықтар түрінде
тереңірек зерттелген. Атап айтқанда, Г.В. Колшанский, Т.М. Николаева,
Н.И. Смирнова, А.А. Акишина, А.В. Филиппова, Е.М. Верещагин,
В.Г. Костомаров, Е.Я. Кедрова, Т.Т. Железанова сынды ғалымдардың
еңбектерінде бейвербалды амалдар мәселесіне әрқилы тұжырымдар жасалып,
құнды пікірлер айтылған.
Қарым-қатынастың бір түрі ретіндегі бейвербалды амалдарды ғылыми
тұрғыдан қарастыру қазақ тіл білімінде де соңғы жылдардың үлесіне
тигенімен, бейвербалды амалдардың қызметі туралы тұшымды ой мен терең
тұжырымдарды ертеден кездестіруге болады. Профессор Құдайберген Жұбанов
ымның ерекшелігі туралы өз ойын былай түйіндейді: Ауызекі сөйленетін
сөздердің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дыбыстап
сөйлеген сөздің олқысы, көбінесе, ыммен толығады. Тіпті бірінің тілін бірі
білмеген я болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ болған уақытта да, ыммен ылаждап
түсінуге болады [10; 148 б.].
Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдарға қатысты Ә. Қайдардың,
М. Мұқановтың, С. Татубаевтың, С. Бейсембаеваның, М. Ешимовтың,
С. Мағжанның, З. Нұржанованың, Ж. Нұрсұлтанқызының т.б. зерттеу еңбектерін
атауға болады. Сонымен қатар Б. Момынова мен С. Бейсембаеваның авторлығымен
жарық көрген ым мен ишарат сөздігінің осы мәселені зерттеп-тануға пайдасын
тигізері даусыз [1].
Көркем әдебиеттегі бейвербалды амалдарға алғаш назар аударғандардың
бірі Ж. Аймауытов болды. Ол өзінің Психология атты еңбегінде ым мен
ишараға байланысты ойларын адам психологиясымен байланысты қарастырады. Ал
түркологиядағы ым мен ишарат, қимыл тілі жөніндегі пікірлерді саралаған
профессор Б.Момынова кезінде академик
Н.К. Дмитриевтің Строй тюркских языков атты еңбегінде түркі тілдеріндегі
аталған құбылысқа айрықша тоқталып, соған орай еңбегінің бір тарауын К
изучению турецкой мимологии деп атағанын көрсетеді [1; 3-4 бб.].
Орыс тіліндегі невербальные элементі деген терминнің бейвербалды
элементтер деген қазақша терминдік атауын Э. Сүлейменова редакциясын
басқарған сөздікте ұсынылған [11; 541 б.]. Ал бейвербалды сөзінің мағынасы
вербалдыққа қатысы жоқ, вербалдыққа жатпайды, вербалды емес дегенді
білдіреді.
Бейвербалды элементтердің зерттелуі туралы тілші-ғалым Б. Момынова:
Кең ауқымдағы танымдық тұрғыдан да дене тілі, ым мен ишаратты зерттеу –
тілдің әлеуметтік, психологиялық лингвистика сынды салаларының фактілерін
салыстыра отырып, кешенді зерттеу арқылы іске асатынын, теориялық тұғыры
әлі толық қалыптаса қоймаған жаңа бағыт екенін айтады [1; 16 б.].
Қазақ мәдениетіндегі бейвербалды амалдарды тіл мен әдебиетте зерттеу
қашаннан қолға алынғаны белгісіз, бұл жөніндегі мәліметтер өте мардымсыз
деуге болады. Жоғарыда аты аталған Психология еңбегінде Ж. Аймауытов
келбет ілімі, беттің ымы туралы алғаш рет сөз қозғап, мимикаға бет
құбылысын, маңдайдың қатпарын, маңдайдағы сызықтарды, көз қарасын, танау,
мұрынның желбіреуін, еріннің жымырылуын т.б жатқызады. Ал ишараны ымдасу
сөзімен бөліп атайды да, оған көкірегін керу, иығын қозғау, төмен түсіру
сияқты қимылдарды жатқызады.
Абай – қазақтың бірінші психолог ақыны атты мақаласында Қ. Жұмалиев
ым, ымдау, ишара мен емеурінге психологизмді толықтырушы элемент деп көңіл
бөліп, ым мен ишаратты әдебиеттануда айрықшалаған [12; 303 б.].
Қазақ тіл білімінің атасы саналатын А. Байтұрсынұлының 1926 жылы жарық
көрген Әдебиет танытқыш еңбегінде әдебиетке қатысты көптеген теориялық
мәселелермен қатар кескін, бет-әлпет жөнінде айтылған ерекше пікірлер
кездеседі. Ғалым айтыс өнері жөніндегі пікірлерінде айтыс үстінде айтысушы,
сөз сайыйсйна түсуші ақындардың дене ишараттарына көңіл аударып, ерекше мән
береді, айтыскерлердің бет-әлпеттерінің өзгерісінің ақынның жан дүниесінің
көрінісі деп, психологиялық ерекшеліктеріне тоқталады [13; 39 б.].
Сонымен қатар М. Жұмабаевтың Педагогика, Жан көріністері мен дене
көріністері арасындағы байлам, Жан көріністерін үйрету жолдары
еңбектерінде, заманымыздың ұлы суреткері, акдемик-жазушы М.Әуезовтің
Әдебиет тарихында, академик З. Қабдоловтың Жебе атты еңбектерінде,
жалпы әдебиеттегі психологизм проблемасы сөз болған жерлердегі
зерттеулерінде ым мен ишараттың адам портретін жасаудағы, адам
психологиясын берудегі қызметтеріне орай бейвербалды амалдар әрқилы
деңгейде сөз болдаы. Ал М. Жұмабаев – бейвербалды амалдар мен адам
психологиясы арасында терең байланыс барын алғаш аңғарғандардың бірі. Ол :
адамның жан сыры дене арқылы, мимка арқылы сыртқа білінеді, – дей келе,
дененің жанға байлаулы болатынын, соған байланысты ішкі жан-дүниенің дене
қимылдарының жасалуына әсер ететінін айтады [14; 156 б.].
Жалпы тіл мен сөйленістің толыққанды, мейлінше жанды болуындағы кейбір
жағдаяттардың әсері мен ықпалы, рөлі мен қызметі турасында, бейвербалды
элементтердің семантикалық-мағыналық қырларына байланысты осыған дейін
айтылып жүрген көзқарастардың ішінде Г.В. Колшанскийдің пікірлері ерекше.
1.3 Бейвербалды амалдардың түрлері
Вербалды тілдер мәдени ерекшеліктерге байланысты бір-бірінен
ажыратылады, сондай-ақ бір ұлттың бейвербалды тілінің екінші ұлттың
бейвербалды тілінен айырмашылығы болады. Бір ұлтта белгілі бір мазмұнға ие
дене қимылы екінші ұлтта еш нәрсені білдірмеуі мүмкін.
Қимылдар да сөйлемдер сияқты жасалынып, адамның көңіл-күйі, қарым-
қатынасын дәл білдіреді. Байқағыш адам мұндай бейвербалды сөйлемдерді
оқып, оны сөйлеушінің ауызша сөйлемдерімен салыстыра алады. Демек,
адамдар тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Кейде олар белгілі
бір шартты келісімдер немесе белгілер арқылы тілсіз-ақ ұғынысады. Бұл да
адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі. Семиотикалық таңба-
белгілерден өзгеше адамдардың ыммен түсінісуі және көздің, ауыздың,
қабақтың қимыл-қозғалыстары арқылы ұғынысуы сияқты көп белгілер бар. Тіптен
дене мүшелерінің (қолдың, аяқтың, иықтың т.б.) әр түрлі қимыл-әрекеттерінің
өзін сан саққа жүгіртуге болады. Баяншы айналасындағылармен алуан түрлі ым-
ишара, белгі, бас шайқау, қол сілтеу, иек қағу, бас изеу арқылы да өз
ойынан хабар бере алады. Бейвербалды амалдар арқылы сан қилы ақпарат алуға
болады. Мысалы, телефон арқылы сөйлеп тұрған дауысқа қарап, сөйлеушінің жас
мөлшерін, көңіл-күйін байқауға болады. Немесе алдыңызда отырған сөйлеушінің
бет-жүзіндегі өзгерістерге, оның қимыл-әрекетіне қарай оның мінезі,
көзқарасы, көңіл-күйі жайлы хабар ала аласыз.
Тілдік қатынас кем дегенде екі адамның қатысы арқылы жүзеге асады.
Олардың біреуі хабарлайды, екіншісі оны қабылдап алады. Кез келген
түсіністік қарым-қатынас әр түрлі бейвербалды амалдармен бірге жүруі
мүмкін. Коммуниканттар әрі вербалды, яғни тіл арқылы; әрі бейвербалды, яғни
тілдік емес факторлар арқылы қарым-қатынас жасай алады. Жалпы адамдардың
қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі –
тілдік қатынас, екіншісі – тілсіз қатынас. Ғалым
Ф.Ш. Оразбаеваның еңбегінде тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың
айырмашылықтары мен ұқсастықтары сараланып көрсетілген [15; 11 б.]. Осымен
байланысты ғалымдар тілдік қатынасты – вербалды, тілсіз қатынасты –
бейвербалды амалдар деп атайды.
Паралингвистикалық терминдердің ішінде ең жиі қолданылатындары әрі
оларды толық сипаттайтындары ым және ишарат сөздері болып табылады.
Бейвербалды амалдар мимика – ым, жест – ишара, поза – дене қалыбы
терминдеріне тікелей тәуелді. Орыс тіл білімінде Г.В. Старикова осы
терминдердің ұғымына байланысты мынадай пікір айтады: Жест – это значащее
телодвижение (обычно рукой с помощью которого непроизвольно выражается
душевное состояние человека или обобщающиеся сознательно передают друг
другу информацию). Мимика – это значащее положения человеческого тела.
Алайда аталған ғалымның көрсетілген пікірін басқа ғалымдардың барлығы
дерлік қолдай қоймайды. Е.Я. Кедрова ишараға қолдың қимылымен бірге жалпы
дене қимылын да жатқызады [16; с. 29]. Н.И. Формановская және Г.В.
Колшанский ишараға дене мүшелерінің, оның ішінде қол, аяқ, бас секілді дене
мүшелерінің динамикалы қозғалысын жатқызады. Ал мимиканы бетпен, бет бұлшық
еттерінің қимыл-қозғалысымен байланыстырады. Ал қазақша-орысша, орысша-
қазақша терминологиялық сөздікте: мимика – мимика, жест – ым,
жестикулировать – ымдау, поза – кескін, қалып, кейіп деп берілген.
Мимика мен жест терминдері қазақ тіліне әр түрлі аударылғанмен,
түсініктері бір арнаға келіп тірелетінін байқау қиын емес. Сондықтан,
біздің пікірімізше, ым бет-әлпетке қатысты, ал ишарат әрі бет-әлпет арқылы,
әрі дене қимылдары арқылы жасалатын бейвербалды амалдарға жатады.
Ишарат сөзінің өзі көп жағдайда жеке бір қимылды білдірмегенмен,
белгілі бір қимыл, нақты ишаратпен қосарлана қолданылады. Мұндайда,
ишараттың өзі суреттеледі де, соны нақтылай түсу үшін ишарат жасады, ишарат
етті, ишарат білдірді, ишарат қылды деп айтылып, өзге бір ишаратты
нақтылайды. Мысалы,
Құнанбай сол қолын шұғыл көтеріп қап Доғар дегендей ишарат қылды (М.
Әуезов).
Мұнда негізгі ойды білдіріп тұрған ишарат – сол қолын шұғыл көтеру
екені белгілі. Ал ишарат сөзі аталған қимылдың ишарат екенін нақтылай түсу
қызметін атқарушы сөз ғана. Өмірде, көркем шығармаларда ым, ишара, емеурін,
кескін ілімі, дене қалпы (мимика, жест, поза) бір-біріне синоним ретінде
бірінің орнына бірі ауысып қолданыла бергенімен, психологияда,
әдебиеттануда, әсіресе, лингвистикада ғылыми талапқа сай, қалыптасқан
тұрақты терминдерге айналған. Сондықтан біз мимиканы ым, ымдау деп әдеби
тілде, өмірде қалыптасқан қалпында қолданғанды жөн көрдік. Ал мимикаға
мынадай кескін-келбеттегі қозғалыстар жатады:
Көздің қозғалысы (көзін алақтату, көзін қысу, көзінің құйрығымен
қарау, көзін қадау т.б.), көзін жұму (көзін шарт жұму, бір көзін қысу,
көзін кірпіктерімен қамалап, сығырайту), еріннің қозғалысына (ернін сылп
еткізу, ернін шүйіру, ернін жымқыру, ернін шығару, еріндерін бұлтиту, аузын
(еріндерін) бір жағына қисайту) т.б., қабақтың қозғалысы (қабақтың түйілуі,
жазылуы, қарс түйілуі, оң я сол қабақтың көтерілуі) т.б.Қазақ тілінде дене
атауларына қатысты қолданылатын төмендегідей ым мен ишараттарды көрсетуге
болады:
І. Бастың қатысуымен жасалған бейвербалды амалдар:
• Басын шайқау – әлденеше рет басты оңға, солға жылдамдата
бұру. Мағынасы – 1. таңқалу, тамаша болу, таңырқау. Мысалы, Күйме ішінде
әншінің Сырымбетін естігенде, Ақандар бір-біріне үнсіз қарасып,
таңырқағандай бас шайқасты (С. Жүнісов. Ақан сері).
2. Біреудің ойымен, пікірімен үзілді-кесілді келіспеу. Мысалы,
Ербол төреші болғандықтан, енді жұрттың бәрі жаттап алған төрелікті өзі
тағы бір айтып, аз ойланып, бас шайқады (М. Әуезов. Абай жолы).
• Басын изеу – басты бір немесе бірнеше рет жоғары көтеріп,
төмен түсіру. Мағынасы – 1. келісу, құптау, мақұлдау. Мысалы, Бұнысын Мағаш
мақұлдап, бас изеді (М. Әуезов. Абай жолы).
2. Амандасу, сәлемдесу. Мысалы, Қазақтармен бас изеп амандасты
(С. Жүнісов. Ақан сері).
3. Қоштасу. Мысалы, - Ал, бала, қош! – деді ол маған басын
изеп
(С. Мұқанов. Өмір мектебі).
• Бас ию – басты сәл төмен иген қалыпта азғана ұстап тұру.
Мағынасы – 1. Сәлемдесу. Мысалы, Орнынан тұрып, беті қып-қызыл боп ду ете
түсіп, сәл бас ие, амандасқандай белгі етті (М. Әуезов. Абай жолы).
2. Кінәсін, айыбын мойындау. Мысалы, Мені аға десең, мына
сөзіңді қайтып ал. Қайтып ал мына есер мінезіңді! Көрсетпе көзіме! Басыңды
иіп, үлкеннен кешірім өтін! (С. Жүнісов. Ақан сері).
3. Қадірлеу, құрметтеу, қадірлі адамға сый көрсету. Мысалы, Ұлы
Отан соғысындағы ата-бабаларымыздың ерлігіне бас иеміз!
4. Басқа біреудің артықшылығын, үстемдігін мойындау, мойынсұну.
Мысалы, Жігітек жаны болатын болса, жалтақтамай жетсін де,
алдымызға келіп бас исін! – депті (М. Әуезов. Абай жолы).
• Басын шұлғу – басын бірнеше рет жоғары көтеріп, төмен түсіру.
Мағынасы: келісу, мақұлдау. Мысалы, Әбіш мақұлдап, барынша ден
қойып, басын қайта-қайта шұлғыды (М. Әуезов. Абай жолы).
• Басынан сипау – алақанмен маңдай тұсынан бастап әлденеше рет
сипай жүргізу (көбінесе балалардың басынан сипайды). Мағынасы – 1. Ұнату,
жақсы көру, еркелету. Мысалы, Жаным, құлыным, - деп қызының басынан сипады.
2. Мүсіркеу, аяу. Мысалы, Дәркембай атаға жаны ашып тістене
жылап отырған екі жетімек жастарды да басынан сипап, қолтығына тартты (М.
Әуезов. Абай жолы).
• Басын төмен салу – басын төмен иіп, аяғының басына, жерге
қарау. Мағынасы: 1. Ұялу, қымсыну, қысылу. Мысалы, Ебейсін басын төмен
салып, сазарып отыр (Ә. Нұрпейісов. Қан мен тер).
2. Ішкі алай-түлей сезімді өзгелерге білдірмеуге тырысу.
Мысалы, Болыс ағам қызық. Жоғының ізіне мені сала береді, – деп
Тәңірберген төмен қарап, мұртынан күліп отырды да, – мал жоғалса – ұрыдан
іздемеуші ме еді осы, – деді (Ә. Нұрпейісов. Қан мен тер).
ІІ. Беттің қатысуымен жасалған бейвербалды амалдар:
• Бетін теріс бұру - әңгімелесіп отырған адамнан жүзін (бетін)
басқа жаққа бұрып әкету, басқа жаққа қарау. Мағынасы: 1. Жақтырмау,
жаратпау, жек көру, жиіркену, жирену. Мысалы, – Ой, тәйір-ай, – деді
кітапты көрген Мұса, бетін теріс бұрып, – көйлек-көншек, бірдеме беріп
жіберген екен десем, кітап екен ғой!.. (С. Мұқанов. Өмір мектебі).
2. Ұялшақтықты, қарапайымдылықты, қысылған-қымтырылуды білдіру.
Мысалы, – Қандай сұлу едіңіз! – деді Т өлеген.
– О не дегеніңіз, – деп Арай, бетін теріс бұрып, ұялып қалды.
• Бет (ін) тырнау (жырту) – екі қолының тырнақтарымен бетін
жосылта тырналап, қанату. Күйеуі өліп, қаралы болған әйел басына түскен
қайғының ауырлығын білдіру үшін бес с аусағын бетке салып, бетін жыртып,
барынша қан шығарады. Тарихи деректерге жүгінсек, тек аза тұтқан әйелдер
ғана емес, о баста еркектердің де бетінен қан шығарғанына куә боламыз.
Мағынасы: 1. Аса қадірлі, ет жақын адамы қайтыс болғанда қазақ
әйелдерінің істейтін салттық ишараты. Мысалы, Аза тұтқан әйелдердің ерін
жоқтап, ертелі-кеш дауыс салып жылайтын әдетін жасамаса да, өз бетін өзі
тырнап жосадай қылған Әлима миғұла адам сияқты (С. Жүнісов. Ақан сері).
2. Бет жырту тұрақты тіркесі. Мысалы, Олар ренжіскенімен, бет
жыртысып ұрса қойған жоқ (Ауызекі тіл).
• Бетін басу – екі қолымен, алақанымен бетін басу.
Мағынасы: 1. Қатты қорқуды, шошынуды білдіру. Мысалы, – Алла,
алла! Субухан алла! – деп Ғабидолла бетін басты. – Алла-ай, Ақан, түсің
қалай өзгеріп кетті... (С. Жүнісов. Ақан сері).
2. Қалың қайғыға батуды, тұйыққа тірелуді білдіру. Мысалы, Аяқ-
қолы кісендеулі сүйретіліп келе жатқан туған інісін көргенде, Әбді-Саттар
бір мезет екі қолымен бетін басып тұрып қалды (І. Есенберлин. Көшпенділер).
3. Ұялу. Мысалы, Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан (Абай).
• Бетім-ай (-ау) – сұқ саусақты бетке батыра түсіп, жоғарыдан
төмен сызғылай жүргізу.
Мағынасы: әлдекімнің қылығын, істеген ісін жақтырмау, жаратпау.
Мысалы, Әкеме адырая қарап аз тұрған Қазина, бетін оң жақ қолының
саусағымен бір сызып, үлкендеу көзін кеңірек ашты да, ернін бір сылп
еткізіп:
– Бетім-ау, мына Kесір болмағай да! – деді (С. Мұқанов. Мөлдір махаббат).
• Бетін шымшу – сұқ саусақ пен бас бармақты біріктіріп бетті
шымши ұстау. Мағынасы: ұялу. Мсыалы, – Қойшы, масқара, – деп шешем бетін
шымшиды, – қайдағы жоқты айтады екенсің (Т. Иманбеков. Үш айдың үш күні).
• Бетінен сүю – сұхбаттасып отырған адамның бетінен сүю.
Мағынасы:
1. Еркелету, жақсы көруді білдіру. Мысалы, Ірі, қапсағай денелі Әптай
қараңғыда аюдай қорбаңдап кеп Ақанды құшақтап баласындай бетінен сүйді (С.
Жүнісов. Ақан сері).
2. Ұзақ уақыт көріспеген адамдардың жолығысқанда бір-біріне
білдіретін ишараты. Мысалы, Дар еткізіп сырнайын төсек үстіне лақтыра
салған Ғазиз Ақанды бас салып құшақтап жатыр. Ел тұрмысында көп ұшырамайтын
сирек әдетпен ұстаз ақынның, қайғылы ақынның бетін аймалап сүйді
(С. Жүнісов. Ақан сері).
• Бата беру (ас қайыру) – екі қолды бір-біріне түйістіре ұстап,
жайылған алақанмен маңдайдан төмен қарай иекке дейін сипалай жүргізіп өту.
Мағынасы: 1. Қоштау, құптау, рұқсат ету, әлдебір іс-әрекеттің аяқталғанына
орай сәттілік тілеп бата қылу. Мысалы, ... Хазіретті қоршаған халфе-
қарилер, көп моллалар беттерін сипап бата қылып, дағды бойынша осымен
хұтпа тамам болды – деп жұрттың тарауына белгі жасай бастады (М. Әуезов.
Абай жолы).
2. Ас ішіліп болғанын білдіретін ишарат. Мысалы, – Дастарқанның
байлығын берсін, деннің саулығын берсін, ішкен-жеген асымыз дәметкен
аруақтарға тие берсін, – деп атамыз ас қайтарып бетін бір сипады.
ІІІ. Маңдайға байланысты қолданылатын бейвербалды амалдар:
• Маңдайынан сипау – сұхбаттасының маңдайынан алақанымен сипау.
Мағынасы: еркелету, жақсы көру. Мысалы, Абылай еңкейіп Сұршақыздың
маңдайынан сипады да, артына бұрылмастан, күтіп тұрған қолға қарай желе
жөнелді (І. Есенберлин. Көшпенділер).
ІV. Көз, қабақ, қастың қатысуымен жасалған бейвербалды амалдар:
• Көзін алақтату – қасындағы адамға көзін кең ашып, қарашығын
екі жаққа тез-тез қозғай түсіп қарау. Мағынасы: қатты ашыну мен күйінішті
білдіру. Мысалы, Көмейіне қанша тықсаң да, жұта беретін, аузын алып қойған,
– деп Нұртаза көзі алақтап, тісін қайрады (С. Жүнісов. Ақан сері).
• Көзін қысу – қасындағы сұхбаттасына бір көзін қысып қарау.
Мағынасы: 1. Ниеттестікті білдіру. Мысалы, Жігітке көзін қысып, қас-
қабағымен ишарат білдіріп, Балзияны нұсқады (С. Омаров. Өмір асулары).
2. Әзілдеу, қулану. Мысалы, – Апа, – деді Тілеукен. – Мына
суыңыз тым суық екен, керегі жоқ, апарып қойыңыз. – Көзін қысты. – Бірақ
төге салмаңыз, бізден соңғы қонақтарыңыз ішер (М. Мағауин. Түнгі қонақтар).
• Көзін жыпылықтату – екі көзін бірдей қатарынан бірнеше рет
тез-тез ашып-жұму. Мағынасы: таңырқау, таң қалу. Мысалы, – Қайдағы жылқы?!
Тағы неден жаздым? Батыр-ау, не сұрап отырсыңдар? Тағы да тілімнен жазбаса
игі едім, – деп Су Құсайынның көкшіл көзі жыпылық атып, шын түсінбеген
нышан танытты (С. Жүнісов. Ақан сері).
• Көзін қадау (оқты көзін қадау) – қасындағы адамға жанарын
кеңірек ашыңқырап тік, тесіле ұзақ қарау. Мағынасы: жиіркенуді, жек көруді
аңғарту. Мысалы, Сәтбала өз бөлмесінен Мұхит бөлмесіне еніп қайнысымен иек
қағысты да, Қайырбекке оқты көзін қадап, самауыр алып сыртқа шықты
(Ғ. Сланов. Асау арна).
• Көзімен одырая, ажырая қарау – ажырайта кең ашылған
көздерімен қасындағы адамға ұзақ тесіліп қарау. Бұл қабақтың қатты
түйілуімен қабаттаса жүретін күрделі ишарат. Мағынасы: 1. Шектен шыққан
ашуды білдіру. Мысалы, Кемпір көзі жасаурап, басы қалтақтап оқты көзімен
одырая қарады. Сөйтті де: – Әй, Қашаубайдың қаңғыған қу қайыршысы. Жаман
үйдің қонағы билейді деп, ең аяғы сен де бізді билегің келді ме? Өшір
қараңды. Мұнан былай көшемнен жүруші болма! – деп шарқылдай жөнелді
(М. Тоқжігітов. Ән атасы – Әміре).
2. Таңдану, таңырқау. Мысалы, Екпіндей келіп екі қолымен мұздың
ернеуінен ұстаған мені осы жаңа ғана көргендей көзі бадырая қарады
(О. Бөкей. Біздің жақта қыс ұзақ).
3. Қорқу, абдырау, абыржу. Мысалы, Пышақты түйінге жақындатады
да, тартып алады. Мен болсам бажырайып қатып қалыппын.
• Ала көзімен қарау – адамға кең ашылған көзін алайтып, көзінің
құйрығымен жақтырмай қарау. Мағынасы: көңілі толмау, жек көру. Мысалы,
– Әбеке, – деді Әміре, – мына Әбішті мен білем. Үйінде тышқақ
лағы жоқ. Біреу тойып секірсе, біреу тоңып секіреді деген. Бұл байғұс
ұрлықты жоқшылықтан істеп жүр ғой, босатып жіберіңіздер, – Әбішке ала
көзімен қарап: – Өзіңде де бар. Ұрлап апарған бір тоқты не болады саған?
Онан да Абай айтқан кәсіпті істесең болмай ма?! (М. Тоқжігітов. Ән атасы –
Әміре).
• Көзін төмен салу – жанарын кірпіктерімен қалқалап, төмен,
аяғының астына қарау. Мағынасы: мұңаю, көңілінде кірбің бар екенін аңғарту.
Мысалы, Мосқалдау бір әйел Қарақатынды түртіп қалды. Төр жақта отырған
Еламанды ымдап, ернін тістеп, қой дегендей ишара етті. Еламан оны байқаса
да, өңін алдырмай, көзін төмен салып тұнжырай түсті (Ә. Нұрпейісов. Қан мен
тер).
• Көзін төңкере қарау – қасын керіп, көзінің қарашығын
кірпігімен жартылай қалқалап, адамға тура қарамау. Мағынасы: сұхбаттасына
қылымсу, еркелеу. Мысалы, Кейкі мұрны қызарып, өңіндегі опа-далап
тозаңданып, бет-аузы бір уыс боп, көгеріп кеткен, ерні икемге әрең келеді,
бірақ қасында түрегеп тұрған, дене бітімі келісті, ұзын бойлы, атан түйедей
зор еркекке көзін төңкере қарап, тынымсыз сөйлеп отыр (М. Мағауин. Шаңқа).
• Сызданып қарау – қасын керіп, басын кекжиткен күйінде адамға
көзін жай көтеріп қарау. Мағынасы: жек көру, жақтырмау. Мысалы, Ақжелке
қарнын шертитіп шалқайыңқырап, иығында асулы тұрған қылышының сабына бір
қолымен сүйеніп тұрып, жақындап келіп қалған елге үрпиіп, сызданып қарады
(М. Әуезов. Қилы заман).
• Қас-қабағымен нұсқау – қабағын көтеріп әлдекімді нұсқау.
Мағынасы: нұсқау, бағыттау. Мысалы, Жігітке көзін қысып, қас-қабағымен
ишарат білдіріп, Балзияны нұсқады (С. Омаров. Өмір асулары).
• Қабағын шыту – қабақ түю. Мағынасы: біреуге күш көрсету, қыр
көрсету, ренжу, қатты ашулану, көңілі толмау. Мысалы, – Жә! Болды, – деп
қабағын шытты әкем (М. Тоқжігітов. Ән атасы – Әміре).
• Қасын керу – екі қабағын я болмаса бір жақ қасын жоғары қарай
қозғау. Мағынасы: таңданысты білдіру. Мысалы, – Гүлмираға емес, сізге
келдім. Қыз қайқы кірпіктерін жоғары көтеріп менің бетіме қарады да, ұзын
қасын керіп, таңырқаған сыңай білдірді.
V. Мұрынның қатысуымен жасалған бейвербалды амалдар:
• Мұрнын тыржиту – мұрын еттерінің жиырылуы. Мағынасы: мазақ
қылу, жаратпау. Мысалы, Шұнақ артына жалт қарады да, Смайылға мұрнын бір
тыржитып, үйіне қарай жүгіре жөнелді (Т. Дәуренбеков. Біз әлі кездесеміз).
• Мұрнын шүйіру – мұрнын тыржитып, демін ішке алу. Мағынасы:
ұнату, еркелегісі келіп тұрғанын білдіру. Мысалы, – Күмәнім бар, - дейді
Лариса Петровна сыңғырлай күлуге тырысып. Еркелегені ме, мұрнын шүйіре
тартып қояды.
VІ. Ерін мен езудің, ұрттың, ауыздың қатысымен жасалған бейвербалды
амалдар:
• Ернін сылп еткізу – жымқыра ұстаған еріндерін тез бір-бірінен
айырып жіберіп дыбыс шығару. Мағынасы: менсінбеу, жаратпау. Мысалы, Сондай
қартаңдау, ысқаяқ жеңге болып, түсін өзгертіп, ернін сылп еткізген. Және
бетін жыртып, сығырайып тұрып:
- Омай, шикін, о несі екен! Жігітім деп, қара қазақтың асылы деп.
О немесі Абайдың әнебіреу қырыққан борбайланған солдат баласы ма, бетім-ау!
(М. Әуезов. Абай жолы).
• Ернін шүйіру – иекті көтере түсіп, еріндерін бүрістіріп
немесе бүре жинап, алға қарай шығару. Мағынасы: риза болмау, көңілі толмау.
Мысалы, Қостағы жылқыға кісі жіберіп, ат ауыстырам деп осында оралып ем,
жүргелі отырмын! Абай жақтырмай ернін шүйірді (М. Әуезов. Абай жолы).
• Ернін шығару – төменгі ерінді керіңкірей түсіп, шошайтып алға
қарай шығару. Мағынасы: мысқылдау, кекесінді білдіру.Мысалы, – Көршінің
әйелі маған ернін шығарып күлді! Әне қақпа алдына тағы күлін үйіп кетті, –
деп Олжабайдың әйелі жылап жіберді.
• Ернін тістеу – үстіңгі қатардағы тістерімен төменгі ернін
(қатты ауыртпай, жай ғана) тістелеу. Мағынасы: үндеме, үніңді шығарма
дегенді білдіру. Мысалы, Мосқалдау бір әйел Қарақатынды түртіп қалды. Төр
жақта отырған Еламанды ымдап, ернін тістеп, қой дегендей ишара етті. Еламан
оны байқаса да, өңін алдырмай, көзін төмен салып тұнжырай түсті
(Ә. Нұрпейісов. Қан мен тер).
• Ернін бұлтың (қисаң) еткізу – астыңғы ернін шошайта (бұртита)
алға қарай шығарып тез қайта тарта қою. Мағынасы: жаратпау, жақтырмау.
Мысалы, – Тіккізсең, шамаң келеді ғой! – деп: Саған арам болар деген
кісіше, Шәмши қасын керіп, төменгі ернін бұлтың еткізді (Ж. Аймауытов.
Күнікейдің жазығы).
• Езу тарту – оң жақ немесе сол жақ езуін бір жағына қисайта
созып, күлімсірегендей шырай таныту. Мағынасы: әлдекімді мазақ ету,
мысқылдау, кекету. Мысалы, Абылайдың езу тартып кекете күлімсірегенін Мүлік
көрген жоқ. Ол қолындағы шиті мылтығын алып, орда қабырғасына сүйеді.
Қарусыз қолбасшы дәретке барарында соңынан еретін күзетшінің де қарусыз
болуы ежелден келе жатқан тәртіп (І. Есенберлин. Көшпенділер).
• Аузын сылп еткізу – жабыстыра ұстаған еріндерін бір-бірінен
жылдам айырып жіберіп дыбыс шығару. Мағынасы: жақтырмау, риза болмау.
Мысалы, Шатақ балама берейінші деп екі бүйректі алғанда, ішек-қарын аршып
отырған әйел алара қарап аузын бір сылп еткізді.
• Аузын ашу – жақтың көбінесе еріктен тыс (қорыққан, қуанған,
таңырқаған сәтте) төмен қарап салбырауынан ауыздың ашылуы. Мағынасы:
таңырқау, таң қалу. Мысалы, Нұржанның таң қалғаны соншалық – аузы ашылып
қалыпты.
• Аузын тамсану – жабыстыра ұстаған еріндерін бір-бірінен
жылдам айырып жіберіп дыбыс шығару немесе тілді таңдайға тигізіп тез тартып
алу арқылы дыбыс шығару. Мағынасы: таңдану. Мысалы, Мұса хатты ашып, көзін
жүгіртіп, ішінен оқып шықты, аузын бір тамсанып қалтасына сұға салды
(З. Ақышев. Жаяу Мұса).
• Ұртын томпайту – екі ұртына ауа толтырып, ерінді барынша жымқыра
ұстау. Мағынасы: көңіл-күйінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz