Кеген өзені алабы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе

1. Кеген өзені алабының табиғи жағдайы4

  1. Қысқаша зерттелу тарихы4
  2. Геологиялық жағдайы. 7
  3. Жер бедері 10
  4. Климат ерекшеліктері. 11
  5. Жер беті және жер асты сулары. . 15
  6. Топырақ және өсімдік жамылғысы. 19
  7. Жануарлар дүниесі20
  1. Геожүйе ландшафттарының құрылымдық

ұйымдастырылуы. . 22

2. 1. Ландшафттардың дифференциациясы және жіктелуі…. . 22

2. 2. Кеген геожүйе ағынының құрылу белдеуі25

2. 3. Шалкөдесу субгеожүйесі. 27

2. 4. Қарқара субгеожүйесі. 31

2. 5. Жарғанақ- Талдыбұлақ субгеожүйесі34

2. 6. Кенсу, Орта Мерке Шет Мерке субгеожүйесі35

2. 7. Кеген субгеожүйесі. . 36

2. 8. Геожүйелердің биіктік белдеулік дифференциациясы…. . 38

  1. Кеген өзені алабындағы ландшафттардың

Антропогенезі43

3. 1. Табиғи геохимиялық фонның және

заттар дифференциясының сипаттамасы . . . 43

3. 2. Геожүйелер динамикасы48

3. 3 Антропогенездің негізгі факторлары және ландшафттардың

антропогендік модификациясының жіктелуі. . 49

3. 4. Антропогенді модификация ландшафттарының

негізгі категорияларына сипаттама . 53

Қорытынды. . 58

Пайдаланылған әдебиеттер. 60

Реферат

Бітіру жұмысымның тақырыбы: “Кеген өзені алабының ландшафттық құрылымы” деп аталады. Көлемі 62 бет. 50-ден астам әдебиеттер, ғылыми жұмыстар, Қазгидрометтің анықтамалық материалдары қолданылды.

Негізгі сөздер: ландшафт, өзен алабы, геожүйе, субгеожүйе, антропогендік ландшафт, табиғи орта компоненттері, су ағыны, антропогенез т. б.

Зерттеу объектісі: Кеген өзені алабы

Жұмыс мақсаты: Кеген өзені алабындағы ландшафт құрылымдарын зерттеу, ауылшаруашылық мақсатында қолдану және тиімді пайдалану жолдарын қарастыру.

Бітіру жұмысын орындау барысында төмендегідей әдістер қолданылды:

  • аналитикалық
  • картографиялық
  • жалпы физико- географиялық
  • геожүйелік- алабтық

Кіріспе

Менің бітіру жұмысымның тақырыбы: “Кеген өзені алабының ландшафттық құрылымы”.

Аталған жұмыс қор материалдары және әдебиеттерден Кеген өзені алабындағы негізгі зерттеулер 70-ші жылдардың ортасынан басталғаны байқалады, жер бедері тау аралық және тау ішілік жазықтардан соымен бірге оларды қоршай орналасқан таулы қыраттардан тұрады. Ол Тянь- Шань таулы жүйесінің Солтүстік- Шығыс шетінде орналасқан.

Алабтың барлық шеті де таулы қыраттармен қоршалған, территорияның жоғары биіктікте орналасуы (1800-3500м) және шұғыл континенталдық жағдайы климатының салқын әрі гипсометриясына байланысты әркелкілігімен ерекшеленеді.

Кеген өзені алабының ландшафттық құрылымы өте күрделі және орналасу тығыздығы жоғары.

Бітіру жұмысымның мақсаты: Кеген өзені алабының ландшафттық құрылымын зерттеу және оны ауылшарушылықпен байланыстыру.

Бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және карта- схемадан тұрады.

Бірінші тарауда Кеген өзені алабының физикалық- географиялық жағдайына жан- жақты сипаттама берілген. Онда Кеген өзені алабының қазіргі табиғи жағдайы қарастырылған.

Екінші тарауда Кеген өзені алабындағы ландшафт құрылым түрлері көрсетілген. Онда Г. М. Жаналеева мен Н. Н. Керімбайдың геожүйелік- алабтық әдісі бойынша бес субгеожүйеге бөлінген. Кеген геожүйесі заттың бір бағытта суайрықтан эрозия базисіне дейін ағын сызығы бойынша қозғалысымен бірге Кеген өзенінің алабы геожүйе ретінде анықталған.

Географиялық ұғымдағы геожүйелік тұрғыдан дамуын, өзендер алабтарына негізделген ландшафттық құрылымдарды зерттеудегі қазіргі түсініктер анықтайды. Ірі өзендердің алабтарында қалыптасқан ішкі құрлықтық қазаншұңқырлардың геожүйелерін зерттеудегі әдістемелік тұрғы қолданылды. Осыған байланысты Кеген геожүйесі заттың бір бағытта суайрықтан эрозия базисіне дейін ағын сызығы бойынша қозғалысымен бірге Кеген өзеніне құятын өзендердің алабтары субгеожүйе ретінде анықталған.

Кеген өзені алабының ландшафттық құрылымын анықтауда негізгі көрсеткіштер жер бедері, топырақ,, өсімдік жамылғыларының ерекшеліктеріне байланысты сипатталады.

Үшінші тарауда антрапогендік ландшафттарының түрлері қарастырылған. Сонымен бірге онда адам әрекетінен табиғи ландшафттың өзгеруі, антропогенездің қалыптасуы т. б. қарастырылған.

  1. Кеген өзені алабының табиғи жағдайы

1. 1. Қысқаша зерттелу тарихы

Бұл территорияның алғашқы зерттелуі 19-ғасырдың екінші жартысында, яғни Жетісудың Ресейге қосылған 1854 жылдан басталады.

Ең алғаш Іле Алатауын 1856-1857 жж орыс географы атақты П. П. Семенов-Тянь-Шанский бастаған. Ол Іле Алатауында болған бірінші орыс зерттеушісі және оған осы атты берген. 1853-1867жж бірінші болып оған өзінің статьяларында сипаттама берген, генезис сұрақтары бойынша Жалаңаш алқабы солтүстік және оңтүстік тізбектерден біршама бөлінген (П. П. Семенов бойынша) /1/.

И. В Мушкетов Іле Алатау қыратының сипаттамасы үшін көп еңбек етті. Іле Алатауындағы өте кең тараған қызыл және ақ сұр гранитті, әртүрлі порфиритті және олардың туфын көрсетті. Іле Алатауының шығыс бөлігіндегі маршрутында И. В. Мушкетов Торайғыр қыратының оң жақ беткейі бойынша өткен таудың батыс бөлігінде кең түрде эффузивтер тараған. Торайғыр қыратының шығыс бөлігінде қызыл граниттер сіңірлі порфириттермен және қара тақта тастармен қабатталған. Кеген өзені аңғарында И. В. Мушкетов карбонды фаунамен әктасты конгломераттың бар болуын көрсетеді, эффузивтің депудирлі бетінде әктастармен тақтастардың жатқанын көрсетеді/2/.

П. П. Семенов Тянь-Шанскийдің бастамасы бойынша 1859 жылы Іле алқабын Голубев бас штабының капитаны бойынша жіберілген, өзінің астрономиялық жұмысына осы обылыстың нақты математикалық картографиясына негіз берді Ол 16 астрономиялық пунктті анықтады. 18 пункттің абсалюттік биіктігін анықтады, соның ішінде Жалаңаш алқабы ол туралы көптеген жаңа жаңалықтар берді.

1864-1868ж Тянь-Шанды Северцевтің зерттеуі бойынша, И. В. Мушкетов жазғандай, құнды географиялық қана емес сонымен қатар геологиялық нәтижелер берді. 1867ж Северцев Тянь-Шань маршруты бойынша жолға шықты, Верный - Ыстық көл - Түрген алқабы - Жалаңаш үстірті - Кеген - Ыстық көл - Нарын - Тоқмақ. Северцев зерттеулері осы өңірдің табиғаты жайлы өте құнды материал әкелді.

1915ж В. П. Полкановтың жетекшілігімен жерді жақсарту бөлімі Жетісудың шығыс бөлігіне 3 гидрологиялық отряд аттанды, олардың біреуіне Н. Г. Кассин осы жұмыс бойынша бірінші болып есеп берді, біздің ауданның толық геологиялық құрылымын сипаттау бойынша болды. Бұл жұмыста нақты орография, гидрология және аудан климаты сипатталды. Н. Г. Кассин Іле Алатауының шығыс бөлігі өз алдына гребенді горсты жүйелі деп, сонымен қатар Жалаңаш алқабы грабенді ал Торайғыр тауы горсты деп есептеді/3/.

Кеңес өкіметі жылдарында аймақты зертеу өте жақсы жақсы жүргізілді. Ол жылдары геологиясы, жерасты сулары, топырағы, өсімдіктерін зерттеу мақсатында көптеген зерттеулер жүргізілді.

1948ж ҚазКСР ҒА Зоология Институты бірлесе ұйымдастырған экспедициясының мақсаты Кетмен қыратының орнитофаунасын зерттеу болатын, ол М. Н. Корелов жетекшілігімен өтті.

1948 ж С. С. Шульц өзінің: «Тянь-Шанның жаңа тектоникасы мен рельефіне сипаттама'' деген еңбегінде Тянь-Шань тауы жүйесінің көтерілуі туралы теориясын құрды, онда Кетмен жотасыың стратиграфиясы мен тектоникасына сипаттама берді/4/.

1954 ж пайдалы қазбалар іздеу мақсатымен Кеген алабында геологиялық түсірістер жасалып, аймақтың геологиялық картасы жасалды.

1954 ж КазГипрозем Иниститутының кешкенді ізденістер бөлімі Алматы облысына кешенді тексерулер өткізді. Өкінішке орай ауданға тек қана геоботаникалық сипаттама берді. Өткізілген жұмыстар нәтижесінде Қаз КСР Алматы облысының 1: 1 000 000 масштабтағы өсімдік карталары құрастырылды.

1959ж М. Ж. Жандаев және А. В. Чигаркин жетекшілік еткен геология бөлімінің эрозионды-геоморфологияның экспедициясы Қаз КСР ҒА геология бөлімі Іле Алатауымен Кетмен қыратының зерттеуде маңызды рөл атқарды. Есеп беруде бұл экспедиция қысқаша жалпы геологиялық және эрозионды-геоморфологиялық сипаттама берді, ол берілген аудан бойынша болды.

1957ж-дан 1960ж бойынша парақтың сол жағына К-44-УП өткізді, масштабтың геологиялық түсірілімі 1: 500 000 болды. Кенбұлақтың ізденіс-барлау партиясы, жұмыстың мақсаты, мейлінше аумақты және нақты қалыңдық бөлім стратификациясы болып табылады, ауданның тектоникасымен интрузивті жыныстарды және пайдалы қазбаларды іздеуді оқытады. Жұмыс нәтижесінде геологиялық және геоморфологиялық, металлометрикалық карталармен қатар қималар осы аудан бойынша жасалынды.

Қазіргі уақытта тек Қарқара өзенінде бір ғана гидропост жұмыс істейді.

Бұл аймақтағы су балансы зерттеулерін: И. С. Соседов, З. Т. Берқалиев, А. А. Тұрсынов, Л. Ф. Домрачев, Р. М. Хайдаров, Е. В. Коченовтер жүргізген, ал жер беті ағыстарын: Ұ. М. Ахмедсафин, М. Х. Жаппасбаев жүргізді.

Территорияның геологиялық және палеогеографиялық ерекшеліктерін: А. А. Абдуллин, И. Н. Радченко, В. Г. Новиков және басқалар зерттеді.

Алабтың геоморфологиялық ерекшеліктерін: А. В. Попов, М. Ж. Жандаев, Б. А. Федорович, М. С. Калецкая, Г. А. Авсюк, С. Н. Матвеева сияқты ғалымдар зерттеді.

Биік таулы ландшафттардағы қазіргі кездегі мұз басу үдерістерін Е. Н. Вилесовтың еңбегінен көруге болады.

Кешенді физика- географиялық зерттеулерден: Н. А. Гвоздецкий, В. М. Чупахин, Г. В. Гельдыева, Л. К. Веселова, А. В. Чигаркин, А. В. Попов, Н. Молдағұлов, Г. Г. Яковлева, З. М. Абишев, Б. М. Мұқашев, Н. П. Огарь, Б. В. Гельдыев, Г. М. Жаналиева, Н. Н. Керімбайдың еңбектерін атап өтуге болады.

  1. Геологиялық құрылымы

Кеген өзені едәуір ірі Шарын өзенінің сол жақ саласы болып табылады. Ол Тянь-Шань тау жүйесінің соңғы солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр . Кеген өзенінің бастауы Кетмен қыратының оңтүстік-батыс жағынан 3000 м биіктіктен басталады.

Ол жоғарғы ағысында Шалкөдесу ал төменгі ағысында Кеген деп аталады. Кеген өзені және оның салалары Алматы облысының оңтүстік-шығысын тауаралық және ішкі таулы жазықтықтар және олардың таулы қыраттарының арасымен өтеді.

Аудан территориясының геологиялық құрылымында әртүрлі кешенді жыныстар кездеседі. Жазық бөлігінде кайназой түзілімдері флювигляциальді және пролювиалды қалдықтардан тұрады. Таулы бөліктерінде күрделі негізінен кембрийлік және төменгі таскөмір күшті дислокацияланған жыныстармен, әртүрлі жастағы эффузивті және интрузивті жыныстардан тұрады. Территорияның негізгі құрылымында каледон, герцин, альпі орогенездерінде түзілгген таулы жоталар алып жатыр, олар антиклинорий және тауаралық ойпаттар синклинорийлер болып есептелінеді.

Кембрийге дейінгі және Кембрийлік шөгінді мейлінше кең тараған. Көбіне олар ауданы бойынша кішірек тектоникалық блок және орта каледондық интрузиялар қалдықтарды қабат ретінде жинайды. Ордовиктік шөгінділер де мұнда барлық жерлерде десе болады.

Тек Алматы-Нарынқол автотрассаның оңтүстік-шығысы қалыпты жағдайда бақыланады. Бұл жерде сипатталған қабат конгломерат арқылы кембрийлік порфириттерге қабатталады. Конгломерат ұсақ малта тастарында порфириттер маңында құмдақтар және әктастардың негізгі қалдықтары және ультронегізді жыныстар кездеседі. Кеген өзені аңғарындағы силурлық жыныстар тек Кетмен қыратында ғана белгілі. Кетмен қыратының солтүстік беткейінде төменгі силурға вулканды-шөгінді қабат жатады. Оның төменгі силурлық жасын шартты жағдайда аналогия бойынша Басұлытау тауының синдромы және оның жарықтардағы жағдайын анықтайды. Бұл шөгінділер трангресивті түрде орта жоғарғы кембрилік құрылымдарды басып жатады, оның кенет келіспеуі төменгі таскөмірлі конгломераттармен жабылады/5/.

Жалпы түрлі қабат 830-1180м құрайды. Барлық девондық вулканиттер Кетмен қыратында дәлелденбеген.

А. В. Леоновтың ойынша қышқыл вулканагендіктердің пайда болуы силурлық және ордовендік шөгінділердің жасалуы девонға тікелей қатысты. Бұл әбден мүмкін, өйткені әктасты ерте төменгі ярусқа жатқызады. Төменгі таскөмір шөгінділерінің шығуы мен таралуы өте зор. Олар Кеген өзені аңғарында таралған, сонымен қатар Кетмен қыратының көлемді ауданында да кездеседі.

Турнейлік ярус, визейлік ярус бұл ярустардың қабаты Кетмен свитасының табанында жасалады, шөгінді бума (150-170 м), ал жоғары қарай вулканиттар (шамамен 2500 м) болады. Б. Ф. Кошкаровпен 2 бума бөлінеді: Бірінші буманың төменгі бөлігінде туфогравелиттер, туфтықұмдақтар андезиттермен, порфириттермен және олардың туфтарымен қайта қабаттасады.

Одан ары қоңыр доцитті порфириттер және пирокластар. Жарық жасыл-сұр базальтті порфириттермен және олардың туфты құмдақпен және туфты гравелит қабаттарымен қайта қабаттасып үлкейеді, қалыңдығы 230 м. Жалпы төменгі буманың қалыңдығы 1285 м-ге жетеді.

Жоғарғы бума негізінен эффузивтермен және туфтармен көрсетіледі, доцитті құрамда қалыңдығы (320 м) . Жасыл-сұр туфты порфирит горизонты. Жоғарғы буманың қалыңдығы шамамен 1000 м.

Негізгі және орталық айырманың ұштасуы төменгі свитаға, ал қышқыл жоғарыға тән. Сонымен қатар намюрлық шөгіндіні аралас вулканогенд шөгінді құрамнан бөлу. Құлықтау тауының солтүстік беткейінде визейлік әктастарда қызыл-қоңыр туфты конгломераттар, туфты гравелиттер, туфты құмдақтар және порфиритті құрамдағы туфтар ингибрид, доцитті порфирит қалдықтары жатыр. Бұл қабатта эффузивті жыныстар екі жұқа әктастар қабатына бағынады. Жарық лықсыма арқылы жасалынады.

Жарық бойынша қалыңдық 570 м. шығысқа қарай намюрлық шөгінді біртіндеп азаяды, эффузивті қабаты мен конгломерат сапасы тез өседі.

Перімдік шөгінділер Кетмен қыратында шоғырланған. Олар вулкандық және шөгінді жыныстармен шайылған.

Олар мейлінше Кетмен қыратының солтүстік беткейінде тараған. Триасты және юралық жыныстар Кетмен қыратымен Іле ойпатында көрсетіледі. Кетмен қыратының тау алдында немесе тау маңында төменгі мезозойлық жыныстар жер бетіне шығып жатыр. Барлық жерде конгломерат горизонтының құмдақ қабаты бар. Сары-сұр түсті орта малта тасты конгломераттар. Сұр ірі қиыршық тасты құмдақтар көбіне арна типті қабаттарда жақсы білінеді. Таудағы конгломераттар Кетмен қыратындағы қуаттылығы 70м -ден аспайды.

Кеген өзені аңғарында бор шөгінділері жоқ деседе болады. Полеогенді және неогенді жыныстар Кетмен қыратының астында таралған, олар бұрмалау кезінде төрттік жыныстың астына түскен. Кей жерлерінде олар 145м тереңдікте кездеседі. Мұнда жоғарғы борпылдақ кварцты құмдақтар жатыр (төменнен жоғары қарай) .

  1. ақ құмдақты мергелдер10м
  2. әртүрлі тасты құмдақтар қызыл түсті өте құмды батпақпен кезек қабаттасқан26м
  3. қызыл түсті ласты батпақтармен гравиттермен кезек қабаттасқан25м

Анологиялық қызыл түсті шөгінділер тектоникалық блок қабат жасайды.

Әртүрлі төрттік шөгінділер Кеген өзені аңғарында таулы қыраттарды және тауаралық ойпаттарды құруға қатысады.

Төменгі төрттік шөгінділер гляциалды флювиргляциалды және аллювиальдың пайда болуына көмектеседі.

Ірі су артериясының әрекетінің іздері Кеген өзені алабында сақталған. Осында құрамына қалдықтар, ал оның қоректену облысына Кетмен және Теріскей Алатау қыраты, оның саласына әрине ежелгі Қарқара және Шалкөде жатқан. Осы учаскеде Кетмен қыратынан Іле ойпатының орталық бөлігіне дейінгі аралыққа жақсы малшындырылған қой тасты- ұсақ малта тасты тастар және малта тастар (10-15м) жатыр, олар жоғарғы плиоценді және полеозой шөгінділер алаңында орналасқан .

Орта төрттік шөгінділер гляциалды, аллювиальды, аллювиальды-өзендік, делювиальдіы-пролювиальдіы, эолды шөгінділерден тұрады. Аллювиальды шөгінді өзендік алқаптың жоғарғы террасасын жасайды. Олардың жақсы көрініп сақталған жері таулы аудандағы өзен арналары жарықтық алқап бойында орналасқан. Тауалды баспалдақтарын ысырынды реликті конус түрінде жасайды, сонымен қатар Кеген ойпатындағы солтүстік тау алды шлейфінің аллювиальды жазықтарында кездеседі. Жоғарғы тектоникалық белсенді учаскелер Жалаңаш ойпатында (Текес және Қарқара өзені) пайда болды.

Өзен алқабындағы қазіргі шөгінділер қазіргі уақытта жайылма жасайды және 1-ші жайылма биіктігі маңызды өзгерістерді көрсетеді.

Кеген өзені аңғарының жазығында және оның салаларының қазіргі шөгінділері аласа және биік терраса құрайды. Олардың биіктігі 0. 5-1. 5 м және 1. 5-2 м-ге сәйкес. Қазіргі аллювиальдің қуаттылығы 30-50м. Төменгі бөлігі малта тастармен, гравиттермен әртүрлі құмдармен жабылған.

Кеген өзені аңғары әртүрлі типті жер бедері сипаттайды. Рельефтің ярустілігі және типі биологиялық құрылыммен және тектоникалық қозғалыстың интенсивтілігімен геоморфологиялық зоналылықпен климаттық вертикальдің зональділігімен және олардың өз ара тығыз байланыстылықтарымен анықталады /6/.

  1. Жер бедері

Геоморфологиялық жағдайына байланысты алаб территориясы биік таулы, орташа таулы, аласа таулы және тауаралық ойпаттардан тұрады. Кетмен және Қаратау суайрық жоталары 2500-3000 м. биіктіктерден тұрады, бірақ кейбір жеке шыңдары 3600-3700 м-ге дейін жетеді. Қарқара өзенінің шатқалына қарай жер бедері біртіндеп төмендейді және алабтың төменгі бөлігінің биіктігі 2400 м-ден аспайды.

Тянь-Шанның солтүстік таулы қыраттарының негізгі ерекшелігіне ендік бағытта, тау жоталары мен тау аралық ойпаттардың кезекпенен орналасуы. Кетмен жотасының абсолюті биіктігі 2000-3500м. аралығына ауытқиды. Шыңдары қар сызығына жетпейді, мұздықтары жоқ.

Кетмен жотасының оңтүстік беткейі рельеф пішіндерінің негізгі түрлері суайрықтары орта таулы бұйратты-қырқалы болып келеді. Орта биіктегі таулар салыстырмалы кең еңісті жолақтар түрінде аралары тік сайлармен тілімденген, көбіне жалаңаш жартасты болып, абсолютті биіктіктері 2000м-ден 2500-2700м аралығында ауытқиды.

Орталық Тянь-Шань және Күнгей Алатау жоталарының абсолют биіктігі 3400-3600м.

Кетмен жотасының жоғарғы суайрығы тегіс, шыңдары шеңберленіп келеді, биіктіктері шамамен 2500-3500м. аралығында. Ең биік нүктесі Небесная тауы (3638м. ) .

Шығысында Кетмен жотасының шыңдары оңтүстікке қарай бұрылып, биіктігі төмендеп, Үш-Хасан үстіртіне барып кірігеді; оңтүстік шетінде биіктігі 2600-2700 м-ге дейін төмендейді. Үш- Хасанның тегістеу беті эрозиялық тіліменген. Оңтүстігінде Шалкөдесу өзенінінің аңғарына қарай еңкейеді. Батысында Темірлік өзенінің басталатын жерінде Кетмен жотасы екіге бөлінеді: Оңтүстігінде -Темірлік тауы, солтүстігінде- Құлықтау тауы.

Алабтағы ең ірі Кеген ойпатының абсолютті биіктігі 1800-2000 м аралығында, шығысқа қарай абсолютті биіктігі біртіндеп көтеріледі. Кеген ойпатының жоғарғы бөлігі Кетмен жотасының оңтүстігі мен Қаратау, Елшенбүйрек тауларының солтүстік беткейі аралығы Шалкөдесу аңғары деп аталады.

Бұзылудың нәтижесінде көршілес тау жүйесі көп мөлшердегі қалдық материалдарының ойпатқа түсуі қыраттың табанының астындағытаулы жазығын құрайды. Осы процесс кезінде таулы өзендік алқаптар олардың таулы арналарында ысырынды конустар пайда болады, олар жер беті жазықтықтарын қиындатады. Кеген өзені аңғарынан екі рельеф типін бөлуге болады:

  1. қыстырмалы аккумулятивті
  2. денудациялық

Рельефтің қыстырмалы аккумулятивті типі тау арасындағы ысырынды конустар Кетмен қыратының солтүстік беткейімен ағатын көптеген уақытша өзендер мен жылғаларда кездеседі.

Ысырынды конустар ең биік және мейлінше қатты түсетін тауалды жазығының бөлігін көрсетеді. Кетмен қыратының табанындағы ысырынды конустардың абсалюттік биіктігі шамамен 1100м-ден 800м-ге дейін. Олар құмдақты қой тасты-малтатасты материалдардан жасалған ірі қалдықты шыңдарына қабатталған, ал табанына жақын нашар сортталған малтатасы және саздақ. Бұл шөгінділердің бәрі тауды қиратудағы өнім болып табылады /7, 8/.

  1. Климаттық көрсеткіштері.

Кеген өзені алабының климаттық жағдайы абсолюттік биіктіктеріне байланысты өте жоғары айырмашылықтары бар, географиялық жағдайы өте әркелкілігімен ерекшеленеді; мұхиттар мен теңіздерден мыңдаған шақырым қашықта жатуы, сонымен қатар атмосфералық ауа айналымы климаттың күрт өзгеруіне әсер етеді. Кеген өзені алабының жер бедері негізінен биік және орта таулы болғандықтан төменгі температура және буланушылықтың аздығынан және жауын-шашынның көбірек түсуіне жалпы алғанда ылғалды болып келеді. Бұл территорияның жазы салқын қоңыржай, қысы суық бес ай уақытқа дейін созылады.

Арктикалық ауа массасы әсіресе Карск теңізі аймағында түзілетін Карск ауа массасының әсерінен қысқы мерзімде солтүстік, солтүстік-батыс немесе батыс бағыттағы күшті желдер және аяздар түзіледі. Әдетте, оның бастапқы кезеңінде қар жауады да содан соң, аяздар түзіледі. Күз және көктем мезгілдерінде әлсін-әлсін үсіктер жүріп отырады. Жылдың суық кезеңдерінде, әсіресе, желтоқсан-ақпан айларында Сібір антициклонының және таулы биіктік жоғарғы қысымның әсерінен қалыптасады.

Жылдық радияция жиынтығының түсуі бұлттылыққа, көлеңкелі горизонттарға байланысты жылына 125-130 ккал/см 2 арасында ауытқып отырады

Өсіп-өну кезеңі (тәуліктің орташа температурасы 5 0 С-дан жоғары болғанда) жылына 180-205 күнге созылады.

Температуралық және жауын-шашын режимдеріне сәйкестендіре отырып алапты үш климаттық белдеуге бөлуге болады.

  1. Тауаралық белдеу-Шалкөдесу, Кеген, Қарқара ойыстарын қамтиды. Абсолюттік биіктігі 1200-1500 м, климаты қоңыржай.
  2. Тауалды белдеуі-территорияның 700-1500 м аралығындағы биіктікті қамтиды және температура амплитудасының аз өзгеруімен ерекшеленеді. Бұған тек Кеген өзенінің төменгі ағысы аймағы ғана жатады.
  3. Таулы белдеу-1500 м жоғары территорияны қамтиды, бұнда климаттың биіктік- белдеулік бойынша өзгеруі айқын көрінеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шарын өзені алабының климаттық ерекшеліктері
Бедер түзуші эндогендік факторлар
Антропогенді әсерлердің негізгі көзі
Қазақстанның ішкі сулары
Қазақстанның географиялық орны, ірі физикалық георафиялық нысандарына қысқаша сипаттама
Қазақстанның ірі өзендері
Құрты өзені Іле өзенінің ірі сол жақ саласы
Қостанай облысына жалпы сипаттама
Қазақстанның туристік жерлері
Тарбағатай жотасы - Геоқұрылымдық тұрғысынан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz