Қытай деректері көшпенді халықтар өркениетінің дерек көзі ретінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

1 Көшпенді түрік тілдес халықтар өркениеті: зерттелу дәрежесі мен проблемасы.

  1. Антик заманы авторларының зерттеу көзқарастары . . .
  2. Қытай деректері көшпенді халықтар өркениетінің дерек көзі ретінде . . .

2 Ежелгі Қазақстанның көшпенді халықтар өркениетінің дүниежүзі тарихындағы орны.

  1. Л. Н. Гумилев: Қазақстан тарихының мәселелері (Дала трилогиясы

бойынша) . . .

  1. Дүниежүзі өркениетінің дамуына көшпенді халықтың қосқан үлесі . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиет және деректер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезеңдегі тәуелсіз Қазақстан тарихы мәселелерінің тарихнамасында «көшпенді халықтар өркениеті», «дала өркениеті», «көшпелілер қоғамы» деген сияқты әлеуметтік-саяси терминдердің болмысын зерттеу, ұғынып-біліп түсіну өзекті проблемаға айналып отыр. Соңғы жылдары өріс алған ұлттық тарихи-мәдениеттің өркениеттік негіздері мен нақыштарына терең бойлауға бағытталған ұмтылыс тек ата-бабалар алдыңдағы парыз өтеу емес, сонымен бірге заман талаптарынан туатын өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан азаматтарының бойында тарихи сананы қалыптастырып, патриоттық рухта тәрбиелеуге қатысты зерттеулер отандық тарихтын маңызды сұрағы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында: «Қазақтардың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы тарихтың толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр . . . Бірақ бұл мүмкіндік қана: ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет» - деп тұжырымдады [1; 292-293] .

Сондықтан еліміздің ежелгі тарихын зерттегенде шаруашылығымен мәдениетінің, мемлекеттік құрылысының, көшпелі қауымның қарым-қатынасына әсер еткен табиғат жағдайларын ескермеуге болмайды. Сонда ғана көшпелі халықтын өркениеттілігінің рөлі мен орнын шынайы анықтауға және өткен кезеңдегі оның көптеген күрделі мәселелерінің мәнін толық түсінуге болады.

Өркениет - цивилизация, латынның CIVIS - азамат, қала тұрғыны немесе қала мәдениеті деген сөз. Өркениет пен мәдениет синонимдер. Ол белгілі бір мемлекеттігі бар халықтын материалдық, қоғамдық және рухани дамуының баспалдағы. Ұлт өркениеттің субьектісі (Омаров. Е) «адамзат өмірінің ағымын» басқарады (Тойнби А. ) өсу мен құлдырау кезеңдерін өткереді. Өркениет обьектілерінің: мәдениет, мемлекеттілік, тарих, жазу мен әдебиеттің дамуына өркениет субьектісі жауапты. Сол себепті де бұл тақырып біз үшін өзекті.

Кеңестік дәуірдегі идеологияға байланысты тарихты формациялық тұрғыдан түсіндіру басты орын алды. Ал өркениеттік тұрғыдан қарастырған еуропа ғалымдары А. Тойнби, О. Шпенглер «көшпелілер қоғамының тарихы жоқ» деп европоцентристік көзқарас аясынан аса алмады. Бұл қазақ даласында орын тепкен көшпелі қоғамның өркениеттілігін, ерекшелігін обьективті түрде қарастыруға тосқауыл болған факторлар.

ХІХ және ХХ ғасыр тарихи әдебиеттерінде көшпелі халықтар өркениетке жата ма, жоқ па деген сұрақтар тұрды. Көптеген батыс зерттеушілері - европоцентристер, олар көшпелілер «даланың құлы», «өмір бойы климаттық және маусымдық циклға тәуелді», қиратушы «варварлар», ал ресей шовенистері «түземдер, жабайылар» деген пікірді ұстанды.

Бұндай ұстанымға Ш. Ш. Уәлиханов, академик В. В. Бартольд, А. Марғұлан, Е. Бекмаханов, О. Сүлейменов, Л. Н. Гумилев, және т. б зерттеушілер қарсы болды. Соның ішінде ерекше атап, көшпелілер тарихының зерттелуіне өз үлесін қосқан Л. Н. Гумилевтің алған орны туралы ғылыми зерттеу жұмыстары азшылық, сол себепті оның еңбектері әлі де болса өз әділ бағасын алған жоқ.

Л. Н. Гумилевтың ғылымға келу жолы өте ауыр болды. Бұл кеңес одағы кезіндегі жаппай зиялы қауымның, білікті мамандардың, ғалымдардың сталиндік қуғын-сүргінімен тұспа-тұс келген заман. Лев Гумилевтың биографиясына көз жүгіртсек өмір тауқыметіне көп ұшыраған адамдардың бірі екендігіне көзіміз жетеді. Оның өмірінің 14 жылы түрмеде өтті [2; 86-87] .

Л. Н. Гумилев былай деген: "Я - русский человек, но всю жизнь защищал татар от клеветы" [3; 65] . Оның еңбектері біздің даламызды мекен еткен этностар тарихынан көптеген мәселелерді білуге мүмкіндік берді. Ол түркі халықтары туралы қоғамдағы орнаған жабайылық пен тағылық тұрғыдан қарастыруды сынап, көшпелілерді өзіндік ерекше мәдениетті тасушылар ретінде көрсетті. Бірақ оның жазған еңбектерін бағаламаған ғалымдардың бірі А. М. Хазанов болды. Бұл жөнінде ол өзінің «Кочевники и внешний мир» атты еңбегінде жазған болатын [4] .

Тоталитаризмнен кейінгі уақытта тарихтың субьективті факторына ерекше назар аударып, тарихымыздағы жеке тұлғалардың рөлі туралы ізденістер қайта жандануда. Сондықтан кешегі дәуірдегі ғалымдардың еңбектерін қайта қарастырып, олардың отандық тарихқа қосқан үлестерін обьективті зерттеу - Қазақстан тарих ғылымының өзекті мәселерінің бірі болып табылады. Бұл - өзімізді өзіміз тануымыздың, халқымыздың өркениеттік жаңғыруымыздың маңызды алғы шарттарының бірі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Ежелгі Қазақстанның көшпенділер тарихын өркениет ұғымынан бөліп алып қарауға болмайды. Бұл туралы өз кезінде В. В. Радлов обьективті баға берген болатын: «У степных кочевников - очень своеобразная цивилизация» [5; 223] .

ХІХ ғасырдың орта шенінде Н. Я. Бичуриннің қытай жазба ескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметтері жинағын бастырып шығаруы синологиядағы аса көрнекті құбылыс болды. Үш томдық еңбекте қытай деректемелерінің Қазақстанды ертеде және орта ғасырларда мекендеушілердің : хуннулардың (сюннулардың), үйсіндердің. Кангюлердің, яньцайлар мен түрік тайпаларының тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған. Сюань Цзанның тарихи-географиялық маңызы бар еңбектерін және Сыма Цянның «Тарихи жазбаларын» Э. Шаванның аудару жұмыстары біз үшін ерте ғасырлардағы хуннулар жөнінде маңызды деректер беретін, әлі де өз құндылығын жоғалтпаған еңбек болып табылады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында грек және рим авторларының ертедегі Қазақстанға және Орта Азияға қатысты шығармаларын орыс тіліне аударудағы В. В. Латышев пен В. С. Таскиннің еңбектері маңызды.

Қазақстандағы тарихи шығыстанушылық зерттеулердің кезеңі С. Д. Асфендияровтың және А. П. Чулошниковтың еңбектерімен байланысты. Олар қазақ халқының этногенез және ру генеологиясы проблемасын қарастырып қысқаша баяндады.

Сонымен бірге, «Авестаны» зерттеу жұмысын талдау барысында С. П. Толстов, И. М. Дьяконов және т. б өз үлестерін қосты.

А. Н. Бернштамның археолог, этнограф және тарихшы ретінде жан-жақты қызметінің қазақ халқы тарихының ертедегі кезеңін, соның ішінде үйсіндер мен ғұндар тарихының көптеген бөлімдерін зерттеудегі маңызы зор.

С. П. Толстовтың 40-50 жылдары жүргізген Хорезмдік және Оңтүстік Қазақстандағы (Сырдария өзені бойында) археологиялық және этнографиялық экспедициялары, Ертедегі жазба ескерткіштерге талдау жасау оның массагеттер, дайлар, кангьюлер тарихына ғылыми тұжырымдары маңызды. Нақты айтатын болсақ С. П. Толстовтың «По древним дельтам Окса и Яксарта» (М., 1962) атты еңбегі ерекше.

ХХ ғасырдың 50 жылдардың басында деректану текстология жағынан зерттеу ісі кеңейтілді. Тұңғыш рет Орта Азия халықтарының тарихында - массагеттердің Кир әскерін талқандауы (б. з. д 530 ж. ) анықталды. Сақ-скиф тайпаларының орналасу географиясы жөнінде М. А. Дандамаев, И. В. Пьянков, Б. А. Литвинский, М. Қ. Қадырбаев тарапынан әртүрлі көзқарас айтылды.

Ежелгі Қазақстанның дүниежүзі өркениеттер тарихындағы орнын айқындауға мүмкіндік беретін еңбектер скифтер тарихына қатысты зерттеулер құрайды. Скифтер тарихын зерттеу жұмысы әсіресе 1970 жылдардың соңы мен 80 жылдардың басында археологтар едәуір енсеріп тастады десек те болады. И. В. Пьянков «Саки. Содержание понятия» (1968), А. М. Хазанов «Золото скифов» (М., 1975), А. К. Ақышев «Курган Иссык. Искуство саков Казахстана» (М., 1978), « Исскуство и мифология саков» (Алма-Ата, 1984) . Олар өз еңбектерінде көшпенділердің қалдырған бай материалдық С. Г. Кляшторный, Т. И. Султанов «Казахстан. Летопись трех тысячелетий» (1992), Рене Груссе «Империя степей. История центральной Азии» (2003) .

Көшпенділер өркениеті - деген ұғымды Ә. Марғұлан, К. Ақышев, К. Байпаков сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланып келді. «Көшпенділер қоғамы» деген мәтінді С. Толыбеков, Д. Кішібеков, Т. С. Садыков, М. Қ. Қозыбаев, сияқты ғалымдар да кеңінен қолданды. Соңғы жылдары К. Байпаков пен М. Қозыбаев Еуразия сахарасында көшпенділер өркениетінің орнына Дала өркениеті деген ұғымды қолдануды орынды санады (Дала өркениеті энциклопедияда бар) . Бұған себеп болған Қазақстан жерінен табылған ескі қалалар [6; 12] . Ал әйгілі философ академик Нысанбаев А. : «алғаш «қазақ өркениеті» - терминін ғылыми айналымға еңгізген профессор Е. Омаров» -деп атап өткен [7; 7] .

Қазіргі таңда шетелдік ежелгі авторлардың қалдырған жазба деректері өркениеттіктің негіздерін көрсетсе, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық олжалар олардың шынайлылығын растайды. Белгілі қазақстандық тарихшы, археолог және этнограф Ж. О. Артықбаев өзінің «Кочевники Евразии в калейдоскопе веков и тысячалетий» атты 2005 жылы жарық көрген еңбегі өте маңызды [5] . Онда Ұлы Дала тарихы ежелгі заманнан 15 ғасыр аралығын қамтитын тарихы көрсетілген. Сонымен қатар автор көшпенділер қоғамының этноәлеуметтік құрылымына ерекше мән бере зерттеді. А. К. Нарымбаеваның 2007 жылы басылып шыққан «Аркаим - очаг мировой цивилизации, созданный протюрками» сынды ғылыми еңбегі ерекше маңызды [8] . Онда ол ежелгі Қазақстанның көшпенділердің тарихын өркениеттілік тұрғысынан қарастырып, дүниежүзіне қосқан үлесі мен оронын көрсетті. Бұл өркениеттің ерте заманнан бастау алды деген тұжырымға әкеледі. Тарих ғылымында соңғы жылдары көшпенді халықтың дүние жүзіне қосқан үлесі мен орны туралы мәселелері ғылыми конференцияларда қарастырылып мақалалар жазылуда.

Тақырыпты зерттеудің мақсаттары мен міндеттері:

Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттеу деңгейлерінен дипломдық ізденістің мақсаты мен міндеттерін айқындау мүмкіндіктері туады.

Жұмыстың басты мақсаты қазақ өркениетінің негізі қаланған сақ және ғұн қоғамында өркениеттіліктің нақыштарын ашып көрсету. Көшпенді халықтың өркениеттілігін Л. Н. Гумилевтің көзқарастары мен еңбектерінің негізінде және тарих ғылымына еңгізілген жаңалықтарды сабақтастыру және көшпенді дала өркениетінің дүниежүзі тарихындағы орнын айқындау болып табылады.

Бұл мақсатты орындау жолында тақырыптың алдында төмендегідей міндеттер туындайды:

  • Қазақстан тарихында көшпенділер қоғамына жаңаша обьективті, тарихи көзқарастарды қалыптастыруға анализ жасау;
  • Қазақстан территориясын мекен еткен сақ және ғұн тайпалары туралы жазба естеліктер қалдырған антик авторларының және қытай жылнамашыларының еңбектеріне талдау жасау және оларды археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған заттай деректермен саралау, тұжырымдау;
  • Сақ және ғұн қоғамының қалыптасуын және олардың әлеуметтік-этникалық құрылымын, мәдениетін, жүргізген шаруашылығын ашып көрсету;
  • Л. Н. Гумилев еңбектерінің көшпенділер тарихына қосқан үлесін ашып көрсету;
  • Ежелгі Қазақстан көшпенді халықтарының дүниежүзі тарихындағы орнын айқындап көрсету;

Зерттеудің методологиялық негізі. Дипломдық жұмыстың негізі тарихилық, жүйелілік, обьективтілік, салыстырмалылық принциптерге негізделген. Зерттеушілік жұмысты жазу барысында жүйелі және салыстырмалы талдау жасау, қарастырылатын құбылыстарға объективті баға беру, қайшылықты деректерді ақиқатты тұрғыдан қарастыру негізге алынды. Сонымен қатар жұмыстың методологиялық негізін жалпы және арнайы ғылыми зерттеу принциптері құрады. Олардың ішінде тарихилық принципінің орны ерекше. Бұл әдіс арқылы әрбір дерек көзі тұтас және тереңірек зерттеледі. Аталған принциптің тағы бір маңыздылығы тарихи деректерді бұрмаламай және жаңашылдырмай қазіргі заман талабына сай талдауға мүмкіндік береді. Объективтілік, жан-жақтылық және оқиғалар мен құбылыстарды зерттеу жұмысымның методологиясының негізін қалаған басты принциптер болып табылады. Салыстырмалы-тарихи әдісті қолдану арқылы әр дәуірде намадология ғылымының даму ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік болды.

Зерттеу тақырыбының хронологиялық шеңбері. «Скиф дәуірі» мен халықтардың Ұлы қоныстануына себепші болған ғұндардың, алғашқы Түркі қағанатының кезеңдерін қамтиды. Зерттеуге алынған хронологиясын нақтылай түссек, сақ заманы б. з. д 9-8 ғасырлардан ғұндар өмір сүрген, алғашқы түркі заманың 5-6 ғасырлар аралығы.

Зерттеу тақырыбының ғылыми жаңалығы.

  • Берілген тақырыпта зерттеліп отырған мәселелерге, қамтылған сұрақтарға өткен заманғы идеология, таптық, фармациялық және еуропоцентристік көзқарас тұрғысынан емес, жаңаша ұлтжандылық, обьективті өркениеттілік тұрғысынан баға берілді;
  • Тақырыпты зерттеу барысында ежелгі қазақ жерін мекен еткен көшпенді халықтарды антика және қытай авторларының берген деректері мен қазіргі отандық тарихшылардың жаңа тұжырымдарын сабақтастырып жүйелеу жүргізілді;
  • Л. Н. Гумилевтің Ежелгі Қазақстан тарихына қатысты көшпенді дала халықтарына деген көзқарастары мен еңбектері бағаланып сипатталады;
  • Зерттеуде кеңестік дәуірге жататын еңбектер жаңа көзқараста қарастырылды;
  • Отандық тарихшы ғалымдардың жаңа басылымды еңбектері мен мақалалары пайдаланылып сарапталды;

Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының материалдары қазақ халқының тарихи санасының, патриоттық сезімнің дамуына пайдалы болуы мүмкін. Зерттеу жұмысы Ежелгі Қазақстан жерін мекен еткен көшпенді халық туралы тарихты білгісі келген қауым үшін, қызығушылық танытушылардың дүниетаным аясын өркендетуде септігін тигізеді деген ойдамыз.

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, 4 параграфтан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімінен, қосымшалардан құралған. Дипломдық жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, теориялық және методологиялық негізі, хронологиялық шекаралары, зерттеудің деректік негізі, жұмыстың ғылыми жаңалығы мен жұмыстың құрылымы берілді.

Диплом жұмысының бірінші тарауында «скиф дәуірі» мен «Халықтардың Ұлы қоныстану» заманына сай ХІХ және ХХ ғасыр ғалымдарының зерттеу жұмыстарының негізінде антик және қытай авторларының қалдырған жазба деректері қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың екінші тарауында орыстың көрнекті таихшысы Л. Н. Гумилевтің еңбектеріне және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейінгі көшпенділерді зерттеу тарихнамасына сипаттама беріліп, көшпенділер өркениетінің әлемдегі орны қарастырылды.

1 Көшпенді түрік тілдес халықтар өркениеті: зерттелу дәрежесі мен проблемасы

1. 1 Антик заманы авторларының зерттеу көзқарастары

Қазақ және Орал даласын мекен еткен сақ және савроматтардың кезеңін археологиялық терминдермен және тарихи мәнге қарағанда этнографиялық мазмұндағы - «ерте темір дәуірі», «ерте көшпелілер кезеңі», «скиф дәуірі» терминдермен белгілеу тарих ғылымында қалыптасқан жағдай. Барлық Еуразия даласының көшпенділер әлеміне аталған терминдердің соңғысы тиесілі. Ол Қара теңіз жағалауларын мекендеген Ирандық көшпелі тайпалардың өзіндік атауынан (скуда немесе шкуда, кейін көпше түрде - сколоттар) алынған [9; 31] .

Қазіргі Қазақстан жерін мекен еткен «көшпелі өркениет өкілдері» скиф-сақ тайпалары туралы жазба деректері жоқтын қасы. Көшпелі этнос тарихының ертедегі жазба деректердің түп негізі мына бағытта беріледі:

  • Антика грек-рим деректері
  • Көне парсы деректері

Тізбектелген жазбаша деректер қарастырып отырған «скиф дәуірі» уақытын қамтитын негізгі еңбектер жиынтығы болып табылады. Түрлі тілдерде, түрлі көзқарастарда жазылған деректерді құрастыра отырып, көшпелі бабамыз тарихының сыры ашылуда.

Екі бағытта сипатталған жазба деректердің алдыңғысы өз қойнауында маңызды тарихи қазынаны алып жатыр. Антика заманының алғашқы грек-рим тарихшылары Геродот, Стробон, Аммиан Марцеллин, Менандр Протектор, Арриан, Юстин, Помпей Трога қалдырған еңбектері жатады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басында грек және рим авторларының ертедегі Қазақстан мен Орта Азияның саяси және экономикалық, сондай-ақ экономикалық және мәдени тарихы мен тарихи географиясы жөнінде көптеген құнды материалдар бар бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылды. В. В. Латышев көптеген антик авторларының еңбектерінен алынған Скифия туралы үзінділерді жарыққа шығарды [10; 49], сонымен қатар Э. Шаванн, Ю. Кулаковский, Н. Пигулевская [11; 93-95] секілді ғалымдар антика деректерін бізге жеткізді.

Скиф тарихын талдаудан бұрын сол заманғы антика авторларының әр қайсысына шолу жасайық.

Геродот , кішіазиялық Галикарнес қаласынан шыққан грек тарихшысы. Б. з. д 5 ғасырдың ортасында грек-парсы соғысына қатысты өзіндік тарихын құрастырды. Онда Парсы патшалығымен көршілес жатқан халықтар туралы бай этнографиялық материалдар енген. Солтүстік-шығыс халықтары туралы материалдарды ол грек колониясы Ольвияда болғанда жинады. Геродоттың тарихы 9 кітаптан құралған, әсіресе 4 кітабында ежелгі Қазақстанға қатысты мағлұматтар берілген. Бізге белгілі Геродот еңбектерін аударғандар:

Стробон , Август императоры заманының грек географы, б. з басында тарихи материалдар ақпараттар кіргізілген географияны жазды. Стробонның Геродот еңбегін пайдаланды ма, жоқ па белгісіз. Бірақ, оның берген мағлұматтары Геродоттың берген мағлұматтарымен жалпы сәйкес келеді.

Стробоннан келтірілген үзінділер Г. А. Стратановскийдің грек тілінен аудармасымен Ленинград баспасынан 1964 жылы шыққан 17 кітаптан тұратын «География» атты еңбегінен, сонымен қатар Диндорф баспасынан шыққан Мищенконың аудармаларынан алынған.

Аммиан Марцеллин , римдік офицер және тарихшы, 358 жылдары парсыларға қарсы соғысқа қатысып, өз заманының тарихын (353-78 жылғы) тарихты жазды. Ол сол заманғы хуннуларды сипаттап, олар дунай даласын алғаш пайда болғандағы кезді және германдық тайпа вестготтардың Рим империясы аумағынан пана іздегендегі кезді сипаттаған.

Менандр Протектор , б. з 6ғ өмір сүрген византиялық тарихшы, б. з 558-582жж кезең туралы жазған. Оның жазған тарихының үзінділері император Константин Порфирородтің (Х ғ. ) шығармаларында келтірілген және т. б тарихшылар.

«Все вместе они называются сколоты . . . Скифами же их называли греки», - деп жазды Геродот [12; 6, 242-245] . Хуанхэден Дунайға дейінгі кеңістікте археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған скифтерге тән қару-жарақ, және ат әбзелдері, скифтік сипаттағы киім, өнердегі «аң стилі» б. з. д 9-8 ғасырларда қалыптасқан және б. з. д. 3 ғ дейін сақталған, бұл мәліметтер сол мәдени қауымдастықтың ортақ атауы болуына негіз болды.

Еділ бойының шығыс жағалауында көшпелі өмір салтын жүргізген «скифтік» тайпалар, яғни біздің ата-бабаларымыз туралы антик дәуірінің грек-рим автролары өз еңбектерінде қандай құнды мәліметтер қалдырды, қандай көзқарста болды және бұл көзқарастарды археологиялық материалдармен саралап, тарихи сынмен обьективті түрде қарастыруымыз керек. Ең бірінші «скиф» тайпаларының этнонимына тоқталайық. Бүгінгі күнге дейін жеткен жазба деректердің көшпелі тайпалар туралы алғашқы мәліметті І Даридің (б. з. д 522-486ж) патшалық құруының алғашқы жылдарына жататын белгілі тастағы жазбасы Бехистун жазбаларында берілген. Онда Сыр-Дарияның ар жағында өмір сүрген тайпалар сака деп аталған. Ал Геродоттың б. з. д. 430-424 жылдары жазылып аяқталған «Тарих» еңбегінде: «персы всех скифов называют саками» деп пайымдайды [13; 7т; 64] . Шынында да, гректер скифтер деп атағандарды Накши Рустам жазбасында Дари патша сака парадрайды деп атаған, яғни «теңіздін аржағындағы сақтар», ортаазиялықтарды ғана емес, сонымен қатар қаратеңіздік көшпелілерді де солай атаған. Ахеменид империясының (б. з. д. 550-830жж) негізін салғандар өздерін «парсылар» және «арилер тайпасының ариліктерміз» деп атап, өздерінің көршілерімен туысқандарын жақсы таныған. Ахеменидтер пайдаланған халық атауы кең көлемде қолданылған, олар мұны ойдан шығарған емес. Алдынғы Азияның жазба деректерінде сака атауы ахеменидтік жазбаларға дейін пайда болған.

Б. з. д 8ғ соңымен - 7ғ басында ассирия патшаларын олардың иеліктеріне тонаушылық жорықтар жасаған салт атты жауынгерлер мазасыздандырды, оларды гиммирлер деп атаған. Үш жүз жылдан кейін Геродот скифтердің қудалауының нәтижесінде белгілі уақытқа дейін Қаратеңіз бойын мекендеген киммериліктер халқының Азияға кетуі туралы жазған. Киммерліктер және олардың соңынан оңтүстікке кеткен скифтер Кіші Азияда және солтүстік Иранда көршілерін қауіптендірген өздерінің кішігірім патшалықтарын құрды. Кейін «киммерилікте» атауы тайпа атауын емес, көне ирандықтардың жорықтар жасаушы қозғалмалы атты отрядтарын атағандары белгілі болды [14; 90-100] . Көршілері үшін киммериліктер атауы өзіндік мәдениеті мен өмір салтына қарай атты атқыштардың жауынгер тайпасы болды. Мұны археологтар Ассирия мен Ниневия астаналарындағы қазба жұмыстары кезінде Иштар құдайы ғибадатханасынан табылған жазбаның негізінде растайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көшпенді түрік тілдес халықтар өркениеті зерттелу дәрежесі
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Қаңлылар жайында
Көшпелілер мен батыс өркениеті
Қыпшақтардың этно-саяси, экономикалық-әлеуметтік даму тарихы
Хұндар айбынды жауынгерлер
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Иран мәдениеті
Ғажайып туынды алтын адамның тарихы
Араб – мұсылман білімі және қазақ қоғамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz