Қазақ қыз ұлттық киім сән үлгілерінің конструктивті ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-6
2-бөлім. Қазақ ұлттық киім сән үлгілерінің теориялық негіздері.
2.1. Ұлттық қазақ қыз киім тарихы және жаңаша сипаттау ... ... ... ... ... .
7-17
2.2. Сәндік қолданбалы
өнер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18-19
2.3. Ою-өрнек шығу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.. 20-23
2.4. Қазақ ұлттық сәндік қолданбалы өнердегі педагогикалық шақтар.. 24-25
3-бөлім. Ұлттық киім сән өнерінің практикалық негіздері.
3.1. Техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 26
3.2. Қазақ қыз ұлттық киім сән үлгілерінің конструктивті
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. 27-38
3.3. Технологиялық
ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 39-41
3.4.
Материалтану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .. 42-43
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. 44-45
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... . 46
Кіріспе
Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең
ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен
шығармашылығын, кәсіби біліктілігін талап етеді. Осыған орай Қазақстан
Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңару жағдайы
– бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап, зерделеудің, оның
айналасындағы тәлім – тәрбие, мол тәжірибе негізінде жас өспірімдерді
тәрбиелеу қажеттілігін тудырды.
Сондай қажеттіліктің бірі – халықтың қолөнері, оның ішінде Сәндік
қолданбалы өнер.
16 – 18 ғасырларда қолөнерге жататын жазба деректерде әрбір шаруа
тұрмысқа қажетті заттардың бәрін өзі жасаған. Орыс саяхатшыларының
жазбаларында қазақ қыздарының қолы өнерлі, киімді кестелеуге өте шеберлі
болған. Әр түрлі бояумен боялған жіппен әрбір шиді орап, жай шидің өзінен
керемет әдемі өрнек, есік ши, белдеу шилер тоқып, оның бетіне гүлдің,
құстың бейнелерін түсірді. Халықтың дарынды шеберлері қолөнердің аса көркем
бұйымдарын жасаған.
Қазақстандағы бірегей Сымбат сән академиясының президенті Сабыргүл
Асанованың Қазақтың ұлттық киімдері атты кітабында Қазақ ұлтын жүздеген
ұлт ішінен айғақтап тұратын ерекшелік керек. Тәуелсіз мемлекетіміз,
жаңарған жұртымыз үшін қажет тусы дәл осы - делінген.
Әрбір ұлттық киімдердің өз ұлтына байланысты айғақтап тұратын белгілер
болады. Соның ішінде қазақ халқының киімдерін ою-өрнекпен безендірген.
Тәуелсіздік тұрғының бір қыры – сән өнері Киімге қарап бағалау -
бүгінгі дүниенің ерекшелігі. Қазақ жұрты қандай? - дегенге беретін
жауабымыздың біреуі – ұлттық киім болуы тиіс. Әрине баяғы уақыттың белгісі
болып музейлерде тұрған киімдер емес, ұлттық ерекшелік пен осынау
жиырмасыншы ғасырдың соңындағы сән талаптары үйлестіріле тігілген киімдер.
Енді оны кітаптан, көңілден көргеннен, көшеде көзбен көруге жеткізсін-
депті, Шерхан Мұртаза - Қазақстан халық жазушысы.
Сәулет өнері мен сөз өнерінен басқа да ортамыздан орын алған жанымызды
сергітіп, рухани тынысымызды кеңейтетін, табиғатты көзбен көргенмен, оған
басқа қайран қыла алмаса, бертін келе бейнелеу өнері дүниеге келді. Қаншама
ғажайып қылқалам шеберлерін тудырған халық арасында қазақтарда Қастеевімен,
Таңсықбаевымен және басқа да талантты суретшілерімен мақтана алады.
Қазақ совет бейнелеу өнері, оның ішінде графика саласының қалыптасуымен
өркендеуі Ә. Қастеев (1904 – 1973 ж.) есімімен тығыз байланысты. 30 жылдары
Қастеев творчествосынан қазақ халқының революцияға дейінгі тұрмысы. Совет
өкіметі жылдарындағы түбірлі өзгеріс тарихи және жанрлық картина ретінде
көрініс бере бастады. Оның еңбектерінен портреттік, пейзаждық жұмыстар
басты орын алады. Суретшінің болу өңін дәл тапқан бай колоритті әрі
тартымды жұмыстары негізінен графикалық әдіске жататын сулы болумен
(акварельмен) салынған 20 жылдардың соңы мен 30 жылдары орындалған Қазақ
қызының бейнесі (1929 ж), Қарындасым (1930 ж) атты портреттері. Шебердің
алғашқы творчествосы кезеңінде жасаған үздік туындылары болып саналады. Бұл
жұмыстардың композициялық құрылымдары өте қарапайым болғанымен қыздар
өңіндегі жылылық пен тартымдылық суретшінің нағыз шеберлік дәрежесінде
көтерілгендігін аңғартады.
Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бес топқа бөлінеді.
1. Графика
2. Кескіндеме
3. Сәндік қолданбалы өнер
4. Мүсін өнері
5. Сәулет өнері
Қазақтың шеше көрген тон пішер,- деген сөзінің айна қатесіз
екендігіне таң қалудамын. Анам жүн түтіп, ұршық иіріп, сабау ұстап жүн
сабап, киіз басатын. Сырмаққа небір сұлу өрнектерді төккенде оның
шеберлігіне, қиялының жүйріктігіне таң қалмау мүмкін емес. Ой - қиялымды
қанағаттандыру, қажет материалдар мен конструкторлық шешімдерді табу үшін
жалықпай іздену нәтижесінде туатын бұл киім ұлттық киімдерімізді
өркендетеді. Сән әлеміне өркендей отырып, өз қиялымдағы киімді өз қолыммен
тігіп, тоқып алуымда үлкен жетістік еді.
Өз ұлтымыз қазақ қыз киімдерін жаңарту мақсатында шеберлердің
өнерлілердің шығармаларына жазба жұмыстарына сүйене отырып ұлттық нақышта
қазақ қыз киімі атты тақырыбымды сайладым.
Жақсы киім – жетілген қоғам белгісі. Бұл – қоғамның, білім және
мәдениет, этикет дәрежесіне қатысты екені түсінікті.
Адам әрдайым қоғамда, ортада өмір сүреді, сондықтанда тек
өндірісшілерге ғана емес, көпшілікке де соңғы жаңалықтарын жеткізіп тұру
парызымыз. Халықтың киім тіктіру, сатып алу және киіну мәдениетін
көтермеуге болмайды.
Мода - деген сөз біздің тілімізге шет тілден енген термин сөз ретінде
қолданылған. Латынның Modu - деген сөзінен алынған. Ол белгілі бір өлшем,
тәртіп, әдіс немесе образ деген мағынаны білдіреді. Моданы өмірдің немесе
мәдениеттің белгілі бір саласында белгілі бір мәнердің аз уақытқа дәуірлеп
тұруы деп те аударуға болады. Талғам ұғымынан моданың айырмашылығы ол
көркем туындылардағы және күнделікті тұрмыста қолданылатын затттарымыздың
сыртқы түрінің неғұрлым аз уақытта үскірт өзгеруін білдіреді. Ал тар
мағынасында айтатын болсақ, мода дегеніміз – салыстырмалы түрде аз ғана
уақыттың аралығында киімнің сыртқы мен үлгісінің өзгеріп отыруы.
Бұл ойды әрі сабақтай түсетін болсақ сән үлгілерінің басты екі бағытын
айқындап беруге болады. Олардың біріншісі – жеке адамдарға арналған, ерекше
сәнді және салтанатты сән үлгілері. Екіншісі – жалпы халыққа арналған сән
үлгілері. Бірақ сән үлгілерін жасаушылардың міндеті осы екі категорияға да
бірдей. Адам болып туған соң жақсы киініп жарқырап жүру әркімнің міндеті
болып көрінеді. Аталарымыздың Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек-
деген мақалының мағынасы тереңде. Оның философиялық мәні біздердің бүгінгі
қызметімізді толық сипаттап береді.
Ел ішіндегі қазақ қыз ұлттық киім сипатын табу және орындау – сән
үлгісі шеберлерінің ғана қолындағы шаруа. Бәрін жан – жақты тізбектей келе
біздің отандық модамыз қазір әлемдік сахнаға көтеріліп үлгерді жас болсын,
балаң болсын, қазір қазақ модасы - деген термин қалыптасып, өзімен
санасуды сұрайды. Біздің ендігі міндетіміз осы әлем алдына шыққан қазақы
үлгілерімізді тереңдете, беріктендіре түсіп, оған әлемнің құрметін
қалыптастыру. Мұның өзі тәуелсіз Қазастан мемлекетінің абыройы мен беделі,
жақсы атағы үшін керек.
Аты әлемге мәшһүр француздың Жан Контонның модаға немқұрайлы емес,
сергек қараңыздар, өйткені, ол жап – жас қалпында өмірден өтеді - деген
қанатты сөзі қазір жер шарына бой алдырған. Байқап отырсақ, сән қоғам
өнерінің барлық жақтарына – саясатқа, экономикаға, социологияға және
басқаларына дендей еніп келеді. Сол себепті де қоғамдық өмірдің барлық
жақсылықтары сән үлгілерінен өзіндік көріністерін тауып отырады.
Киім – жетілген қоғамның белгісі деп есептейтін болсақ, еңбектеген
сәбиден, еңкейген кәріге дейін ұлттық нақышта үйлесімді де, сәнді
кейінгенге не жетсін.
2 бөлім. Қазақ ұлттық киім сән үлгілерінің теориялық негізі.
2-1. Ұлттық қазақ қыз киім тарихы және жаңаша сипаттау
Орта Азия және Қытаймен арадағы сауда саттық нәтижесінде қымбат бағалы
жібек, мақта маталары алынып, киім тігуге қолданылады. 18 ғасырдан бастап
орыстың фабрикалық арзан маталары көптеп айырбасқа түсуі қазақ ұлттық киім
түрінің көбеюіне мүмкіндік туғызды. Торғын, пайы, шағи, дүрия, бәтес,
сусыма, ләйлек, атлас, сұпы, шәйі тәрізді маталардан желбірменті жұқа
көйлектер тігілді.
Қоршаған орта мен климат жағдайлары, кәсіби шаруашылық негіздері мен
жалпы экономикалық ахуал, халықтың әдет - ғұрпымен табиғи талғамы қазақтың
ұлттық киім үлгілеріне ықпал еткен. Кемеңгер ұлы Абай Ескілік киімі
өлеңінде бұл туралы аз жазып, саз айтқан.
Ойланып ойға кеттім жүз жылғы өткен,
Тон қабаттап кигеніме шиден шекпен.
Жейде дамбал ақ саннан, жарғақ шалбар,
Жырым балақ, матамен әдіптеген.
Мықшима аяғымда былғары етік,
Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.
Үлкен кісебелімде жез салдырған,
Шақпағым, дәдәпуіп жарқ – жұрқ етіп.
Күлпәрә басымда пұшпақ тұмақ
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ
Тобылғыдан кесіп ап жіппен қадап
Артын белге қыстырған бар құрысқақ
Қазақ киімдерінің түрлі үлгісі көп. Кейбірінің сырт көріністері мен
атаулары өзбек, қырғыз ағайындардың киімдеріне ұқсас болғанымен, біздің
киімдеріміздің пішіндері мен нақыштары өзгеше, таза ұлттық нұсқалы. Қазақ
киімдерін күнделікті тұрмыстық және салтанаттық, сәндік деп екіге бөлуге
болады.
Біріншісі арзан, бірақ шаруа жұмысына берік материалдардан қарапайым
үлгіде тігілсе, соңғылары бағалы көргенде көз тартатын әдемі материалдардан
сәнді пішіліп, үлгісіне лайық безендіріліп, әсем тігіледі. Сал– серілердің
киімдер үлгісі, өздерінің талғам туындылары сан өрнекті, әшекейі көп болып
келген. Жалпы алғанда қазақи ұлттық киімдер етек – жеңі мол, қарапайым,
жұмысқа және жүріп тұруға, үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді болады.
Қазіргі өркениетті заманда ұлттық нышандарымызды айқындай түсетін
егделерімізге де, жастарымызға да күнде – күн, той – думандарда киіп жүруге
әбден жарасымды ұлттық киімдер етек алуда.
Композициялық сәулелер
Қазақта қайсы бір түстердің символдық мәні бар
Көк түс – аспанның символы.
Қызыл түс – оттың, күн көзінің символы.
Ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың символы.
Сары түс – ақыл парасаттың, қайғы – мұңның символы.
Қара түс – жер символы.
Жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы.
Демек бояу мен түсті таңдап орналастыру тарихында әрбір елдің ұлттық
өзіне тән талғамы мен татымы болған.
Қазақта қазақ қыз киімдері әшекей, ажар жағынан ел салты бойынша төрт
топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы
әйелдер мен кәрі әжелер киімдері. Бұлардың әр қайсысының тігілу мәнері де
әр қилы. Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, омырауы мен жаға жеңдері,
кестелі, көйлектері қос етекті, бас киімдері үкім, моншақты, аяқ киімдері
биік өкшелі, жеңіл және қай киімі болса да алтын, күміс меруерт
моншақтармен әшекейленеді. Қыздар көбінесе құдық бөрік, қатипа тақия киіп,
шолпы тағып жүреді. Қыздар төсін жасыру үшін кеудесін көкірекшемен
жасырған.
Қос етек бұраң бел
Қуалай соғар самал жел, - деген өлең шумақтары қыз көйлегін
бейнелейді. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті, қымбат жібектен, асыл матадан
тігіліп, таза жүннен тоқылады.
Мысалы: ақ шәлі жібек, ақ ләкүнгі, ақ торғын, ақ файы, ақ шағи, дүрия,
бәтес, зифа, ләйлек сусыма сияқты іштік маталардан желбірлеген көйлек
түрлері жиі кездеседі. Сонымен қатар қызыл, жасыл, сары, көк, қара, құбақан
жолақ түсті шыттармен қырмызы, манат, қамқа, барқып, күліш шұға, ұшпан
атлас және т.б. тыстық маталардан да қос етек көйлектер тігілетін болған.
Қос етек көйлек әдетте ұзын, кең, оның жеңінің ұшы мен жағасы, белі
бүрмеленіп қатпарлы желбір салынған.
Қазіргі өлшеммен алғанда бір қос етек көйлекке 6 – 7 метрдей мата
жұмсалады. Қос етектің негізгі етегінің кеңдігі 3,5 – 4 ен кейде 4 ен
жармаға дейін, биіктігін әркім өз бойына өлшеп құрастырып тігеді. Оның
етегін әдептеп немесе оқа жапсырып, әшекейлейді. Содан кейін етектің
үстінен биіктігі 25, 30 см мөлшеріндей бірнеше қосымша етек бастырады.
Етектің төменгі шетін әдептеп, әшкейлеп, бос қалдырады да, жғары шетін
негізгі етекке бүріп бастырады. Бүріп бастырған тегіс үстіне де зер, кесте
немесе басқа түсті асыл мата жапсырып әшкей жасайды. Осындай қосарлана
желбер жасап тұрған етектер екіден тоғызға дейін қатар-қатар қатпар түзеп
етекті дөңгелетіп, әдемі ауқым жасап тұрады. Қос етек көйлектің жеңінің ұшы
да қос – қос бүрмеленеді.
Қазақ халқының ұлттық киімі ілгілері көшпелі тұрмыс пен құбылмалы ауа –
райына бейімделіп, дамыған, көрші халықтар мен арадағы мәдени шаруашылық
байланыстарда әсер етеді. Қазақ қыздарының ұлттық киімдерін қазіргі кезде
сахына төрінен, музейлерден суреттерден және қазақ фильмдерден көре аламыз.
Соның ішінде, алып қарасақ Қыз жібек көркем фильмінде Қыз жібек үстіндегі
ұлттық киімдеріміз бай, әрі көркем бейнелеген.
Үкілі камшап, бүрмелі көйлек
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп
Иықтан шамың төгіліп жерге
Күмістен шашбау жарасып белге
Қиылған қасың қарақат көзің
Жүректі баурап астар сезім
Тал, бойы нәзік қызғалдақ гүлдей
Жүрегің нұрлы шуақты күндей -
деген өлең шумақтарында да қазақ қызының бейнесі көркем суреттелген.
Ұлттық киім ұлағаты
Енді міне тәуелсіз мемлекет атанып, көк аспанымызда көк байрағымыз
желбіреп, алақанымызға төл теңгеміз түсіп, барлық мемлекеттермен тереземіз
тең болып жатқан тұста ұлттық сана – сезіміміз өсіп, ұмытыла бастағанымызды
іздеуге мүмкіндік туып, даңғыл жол ашылды. Бабаларымыздан жеткен асыл
мұраны, кейінгі ұрпаққа қайтаратын кез жетті деп ойлаймын.
Осы орайда қазақтың ұлттық киімдерін бүгінгі ұрпаққа қайта жаңғыртуға
өзімнің үлесімді қосып отырмын.
Жалпы, біздің бәрімізге де Қазақстанның әрбір аймақтарында, тіптен
әрбір облысында кездесетін бірін – бірі қайталамайтын ұлттық киімдердің бір
түрін ойлап ғылыми жетекшімен ақылдаса отырып ұлттық нақышта қазақ кыз
киімі экскизін салдым.
Көненің көзіндей болып бізге сонау ғасырлардан жеткен ұлттық
киімдеріміздің қолдану аясы мен мән – мағынасына тоқталамын және оларды
дамытып, жаңғыртып, бүгінгі тұтынушының талабына сай лайықтап, халыққа
ұсынып отырғанымыз туралы айтпақпын.
Өзімнің киім саласындағы ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибеме сүйене
отырып, алдымен киім, оның ішінде ұлттық киімдердің күнделікті өмірімізге
ену тарихына да азда тоқталып өтпекпін.
Ықылым заманнан адамдар алғаш аң терісін алып, өздеріне жамылуды, одан
түрлі нәзік талшықты өсімдіктерден жамылғы тоқуды үйренген кезден бастап
санада киім деген ұғым пайда болды. Бұлдыр – бұлдыр уақыттар керуені
берірек жылжыған сайын сахарадағы халықтардың киім жөніндегі түсінігі
кеңейе түсті.
Әуел баста тек суықтан қорғану, бойды жылыту үшін керек болған
киімдердің өмірде алатын орны анағұрлым кеңейді. Адамзат тарихындағы мың
–мыңдаған соғыстар мен майдандар кезінде киім – қорғаныш құралы болды.
Талай тарихымыз жыр кестесіне төгілген қазақтың Батырлар жырын
қарасаңыз, ақ берен, сауыт, кебе деген сөздер көптеп кездеседі. Олар
– батырлардың киімдері. Еруліге – қарулы дегендей, содан кейін
көбебұзар деген жебелер де жасалғаны белгілі.
Алдымен суықтан кейін дұшпаннан қорғану үшін қажет баған киімдер
жетілген сайын қоғамдық мәнге де ие бола түсті. Ол сән мен салтанатты
байқататын бірден – бір құралға айналды. Моральдық және рухани жағынан
адамды ашатын дүниенің бірі де осы киім екендігін қазір әркім іштей
мойындайды. Міне, алғашқы қажеттілік пен қазіргі талғамның тарихи даму
жолдары.
Жұмыр жер дөңгелеп жүр десек, оның алып төсін мыңдаған ұлттар мен
ұлыстар мекендейді. Сол сан нәсілдегі, тектегі және ұлттағы халықтарды бір
– бірінен ерекшелейтін нәрсе де – киім.
Қаншама ұлт болса, соншама ұлттық киім үлгілері қалыптасқан. Өйткені,
әрбір ұлт өзінің тұрып жатқан жер жағдайына, ауа – райына, тарихи
жолдарына, қолындағы малы мен кәсібіне және басқа да әлеуметтік
жағдайларына өздерінің киім үлгілерін қалыптастырған. Бұл киім үлгілері бір
күнде, бір шебердің қолынан шықпағаны да оны қазіргі сән үлгілерінен
ерекшелендіреді.
Жылдар көші жылжыған сайын ұлттық киімдер дами түскен, үнемі байытылы
отырған.
Қазақтың ұлттық киімдері де өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығымен,
сәнімен осындай сан ғасырлық тарихтың иісін сақтаған, бедерін жеткізген.
Этнографиялық ассортиментімізді түгел қамти отырып бүгінгі күні енді,
осы ұлттық киім түрлеріне, топтарына жеке – жеке жан – жақты сипаттама
беруді жөн көріп отырмын.
Көйлек - Гүл жердің көркі, қыз елдің көркі деп әдемілік деген
ұғыммен егіз жаратылғаны анық. Әйел затын әдемі ететін оны жан дүниесі ғана
емес, көзге көрік, көңілге өрт құятын киім екендігі даусыз. Қырды өртейтін
қызғалдақтардай алаулап, көзге оттай басылатын мұндай көркем көйлектер –
қазақтың ұлттық киімдерінің басты бөлігі болып табылады. Халық әніндегі
Қос етек, бұраң бел, қуалай соғар қоңыр жел ... деген сазды жолдарды
елтімей айту мүмкін емес. Шыныда жеңіл де төгілген жібек, шәйі көйлектер
кеудеге самал соққандай сезімдер ұялатар еді. Әйел көйлегін пішудің екі
түрі болған: бірі – ұзыннан тұтастай пішу де, екіншісі – мықынға дейін
бөлек пішіліп, кейін қосып тігу. Қазақта әйел затының көйлегінде міндетті
түрде жең болуын ойластырған. Сол жеңнің өзіне өзіне бір немесе екі қатар
желбір жасау арқылы да көркемдік жағы қарастырылды.
Тұтастай тігіліп мығыннна тобыққа дейін төгіліп тұратын көйлектер
әдетте ерекше мәнді жағдайларға арналады. Әсіресе, қалыңдықтардың немесе
дәулетті адамдардың қыздары мен келіндерінің көйлектері осылай тігліп, бір
қараған адамның назарын өзіне аударуды мақсат етеді.
Көйлектерді сыртынан біз бұған дейін толық сипаттап кеткен камзолдар
толықтырып тұрады.
Ойын – сауыққа, той – думанға арналған бір киер көйлектер жібектің,
шұғаның, барқыттың және басқа құнды маталардың ең қымбат түрлерінен
тігілетін болған. Оның үстіне бұл көйлектерге қосымша әшекей бедерлері
жасалады. Көйлектердің көрініп тұратын кеуде тұсына алтын жіптермен зор
жүргізіледі немесе басқадай кестелер төгіледі.
Жиын – тойларда киілетін көйлектердің ұзындықтары да ерекше болған.
Олар тура жерге тиер – тиместей етіп өте ұзын тігіледі. Оның есесіне,
күнделікті киілетін әйел көйлегі сәл қысқараң болды. Соның өзінде
жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарына дейін қазақ әйелдерінің көйлегі
балдырды жабатын.
Міне, ежелгі қазақ қыздары мен әйелдерінің ұлттық көйлегі тігілетін екі
бағытты ұсына отырып, ұлттың бойжеткен қыз көлегініңжаңаша еңгізу.
Қазіргі мода талаптары мен ұлттың дәстүрлері сәтті ұштастырғанымды
мақтаныш тұтып көрсете аламын.
Мен енді талғампаз тұтынушы қауымына ұсынатын көйлектермен жақынырақ
таныстырсам деймін.
• Көргенде көгілдір түрі көз тартатын, көктемгі қырдың үлбіреген гүлін
көзге әкелетін бұл көйлек біртұтас кешен болып табылады. Оның құрамына
астарлы кәжекей, көйлек және тақия, яғни, бойжеткен қыз бас киімі кіреді.
Бұл комплекстінің көйлегі ақ атластан тігіледі. Ол мықыннан
қосылатындай етіп бөлек пішіледі.
Көйлек тізеден төмен және қос етек болып тігіледі. Олардың етегі алтын
түстес парча матамен көмкеріледі. Көйлектің мыгны дөңгелек болып ойылған
жағасы артынан түймеленеді.
Кәжекей түкті велюр матадан тігіледі. Оның астары міндетті түрде
болады. Ол денемен дене болып қыналып келеді. Тек белден төмен, мықынға
жерге сәл кең пішілген. Кәжекейдің (бешпеттің) ұзындығы белден мықынға
дейінгі аралықта (тізеге түседі) (жеңі тура тігіледі).
Кәжекейді толық әшекейлеу керек. Әсіресе ою - өрнекпен алдыңғы екі өңір
мен жеңнен төмен жақтарына жарасады. Оюды бөлек ақ пүліштен немесе алтын
түстес матадан ойып алып, күміс жіптермен тігіледі. Оюдың тұтас және ірі
болғаны жарасымды.
Кәжекейдің (бешпеттің) барлық жиектері ақ паршамен көмкеріледі. Тура
жаурын ортасында тұтас, ұзын өрнек тұрады. Кәжекейдің (бешпеттің) оюланған
жері үшбұрыштанып бітеді де, оған ақ шашақ тағылады.
Бұл үлгіні бойжеткен қыздың бас киімі толықтырып тұр. Оның түрі мен
матасында тура кәжекейдікімен (бешпетімен) бірдей. Оны да ақ пүлішпен,
күміс түсті шашақпен әшекейлейді.
Мың құбылған бишіге немесе домбыраны қолға алып топ алдына шығатын әнші
қызға жараса кететін бұл үлгі де қазақтың ұлттық дәстүрін негізге алған. Ол
көйлектен камзолдан және тақиядан тұрады.
Көйлек мықыннан тігіледі. Көйлектің мықын тұсы шыжымдалып жиналған, ал
етек жағы еркін дөңгелектетілген. Бұл көйлекті үш етекті болып бітуі
құлпырта түскен.
Жеңі тік, жең ұшы бөлек манжетпен безендірілген. Артынан түймеленген.
Көйлек бір түсті жібек атлас. Өйткені ол судырап киген жанды құлпыртып
жібереді.
Камзолдың астары бар. Ал өзі үшін пүліш пайдаланылады. Ортасынан бір
ғана жерден күміс тоға (ілгек) арқылы түймеленеді.
Камзолдың алды тегіс Y әрпі тәріздес оюлармен безендірілген. Ол үшін
негізгі материалға қарсы түстегі пүліштен ойылған ою пайдаланылады. Етектің
алдыңғы бұрышына қосымша ою түсірілген. (ол өсімдікті еске салады).
Бұл кешенді тақия толықтырылады. Ол да камзолдың пүлішінен. Сол сияқты
камзолдағымен бірдей өрнегі болады. Бұл көйлекті киген қазақ қыздары
құлпырып шығары талассыз. Нағыз қазақы болуларды беретін алыстан көзге
оттай басылып, көңілді көркейтетін мына үлгі-қазақтың байырғы киім дәстүрін
толық жаңарту жолындағы ізденіске жатады.
Кәжекей – жеңі жоқ, жағасы кеңірек ойылған, белден төменірек түсетін,
бағалы матадан тігілген жеңіл киім.
Бас киімдер -қазақтың соңғы жетпіс жылға дейінгі ұлт ретіндегі және бір
ерекшелігі бар. Ол – қазақтың ешқашан жалаң бас жүрмегені. Қазақта әйел
болсын, еркек болсынжалаң бас жүрмеген. Тіпті, балаға дейін тақия кигізіп,
оны үкілеп қоятын болған. Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне
үкінің үлпілдек қауырсындары тағылып сәндендірілді.
Қазақ халқының ұлттық киімі үлгілерінің көшпелі тұрмыс пен құбылмалы
ауа – райына бейімделіп дамығаны, көрші халықтармен арадағы мәдени,
шаруашылық байланыстар әсер еткендігі сөзсіз.
Жалаңбас жүрмеудің эстетикалық, экологиялық негіздері бар. Мың жылдық
тарихында аттан түспеген, тас сарайда отырмаған халық үшін денсаулық
сақталуы қажет. Ал, қысы үскірік аязды, жазы аптап ыстықты қазақ даласында
денсаулық сақтаудың өзіндік шарты бар. Қыста аяз, жазда күн өткізбейтін
киімдер керек болған.
Осы киімдер ғана қазақтың басын күн өтуден немесе аязға ұрынудан сақтап
келді.
Оның үстіне ұлттық этикалық нормаларында бас киімдерге де өзіндік орын
берілген. Мәселен, қыздардың бас киімі мен келіншектердің бас киімі немесе
олармен салыстырғанда әжелердің бас киімі арасында айтарлықтай айырма бар.
Табиғатпен етене өскен халық бас киімге де өзінің ежелгі материалдарын
пайдаланған. Оған түрлі мал мен аң терісін, елтірі пайдалану үрдісі
үзілместен осы күнге дейін жетті.
Бас киімге қарап сол кездегі адамдардың қоғамдағы орнын тануға болатын
еді. Адамның қоғамдағы роліне қарай оның бас киімі де қымбат терілерден
немесе маталардан тігілетін болған.
Қоғамдағы орынды айтқанда әркімнің өз кәсібіне қарай әр түрлі бас киім
киетін болғанын жаза кеткен жөн.
Мәселен, елді жаудан қорғайтын батырлар ұрыста қаны кетпес үшін
бастарына дулыға киген. Дулығаны тек темірден ұсталар соғатын болғандықтан
біз оны сипаттап жатпаймыз. Ал аңшылар, малшылар, бақташылар негізінен
тымақ киетін болған.
Қыздар тақиясы. Оның біз жаңа сипаттама беріп кеткен ер адамдар
тақиясынан айтарлықтай ерекшеліктері бар. Егер ер адамдардың тақиясы
күнделікті тұрмыстағы маталардан тігілетін болса, қыздар киер тақияға
міндетті түрде қымбат маталар қолданлады. Оның үстіне тақия түсі үстіндегі
бешпетке немесе камзолға сәйкес келу керек. Етегі де, оғары бөлігі де алтын
немесе күміс паршамен оюланады. Кейде сәнді жіптермен зер төгіледі.
Қыздар тақиясының жоғары жағы не дөңгелек кону, не қырлы пирамида
түрінде келеді. Ең ұшына міндетті түрде үкінің немесе этнографиялық
жағдайда тотының қауырсыны тағылады.
Қазақтың үкідей үлбіреген, не болмаса тотыдай таранған деген
қыздарға арналған сәнді теңеулері сол үкінің бұлтақтап – бұлғақтауына қарап
айтылған ба деп те қаласың.
Жалпы әйел затының ұлттық бас киімдерінің атаулары: тақия, бөрік,
касба, кимешек, сәукеле.
Аяқ киімдер. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің бір тобы – аяқ киімдер.
Өйткені, өмір бойы ешкімнің де жалаңаяқ өтпейтіні түсінікті. Оның үстіне
қазақ даласының климат ерекшеліктері де жеткілікті. Бұл даланың қысқы аязы,
өңменіңнен өтер ызғырық желі, көктем мен күзгі лайсаңы және жазғы аптабы әр
маусымға лайық өзіндік аяқ киімдер тобын талап еткен. Әрі қазақ қауымының
өмір салты, табиғи жағдайы да аяқ киімдерге айтарлықтай мән берген. Қазақ
мақалдарының ішінде көп айтылатындарының бірі – Дос басқа, дұшпан аяққа
қарайды деген нақыл сөз. Сол себепті де халқымыз сиқырлатып, жалтыратып
аяқ киім киюге ұмтылған.
Әрине ол кезде ауыл – ауылда ойнап жатып, арнайы өтінушілер үшін аяқ
киім тігілетін шеберлер болған. Олардың қолынан мыңнан, өзіндік
ерекшеліктерін сақтаған мұндай аяқ киімдердің аңызға айналатын кезі де
болған.
Қазақ әсіресе, қызын ұзатарда оның жүгін жылдап жинап, қалыңдықтың
киімін қапысыз әзірлейтін еді. Дәл осынау науқан тұсында етікшілердің қаны
жерге тамбай кететін. Олар қыз ұзататын ауылдың айлап қонағы болып,
қалыңдықтың аяғына шапшаң әдемі етіктер тігуді кәсіп қылған.
Ұлттық аяқ киімдердің түрлері: етік, кебіс, мәсі.
Кебіс. Қазіргі әйелдер туфли сияқты аяқ киімді атамыз қазақ ертеден
тіккізген. Бірақ оны кебіс деп атаған. Ұлттық өлшемдерге сай шығаратын
кебістері - әйелдер туфлиі – орташа биіктікте болып келеді.
Қазақ жатқа жалаң аяғын көрсетпейтін болғандықтан, бұл кебістің үсті
жабық болады. Осы бетіне неше түрлі өрнектер салынады. Бұл өрнектер де
қазақтың өзінің ұлттық оюларынан алынған. Және бір айта кетерлігі оюлар
кебістің негізгі түріне қарсы түстерден таңдалады. Мәселен, ақ кебіске қара
түсті ою, қызыл кебіске жасыл немесе қара, көк кебіске сары түсті ою
саламыз.
Жалпы аяқ киімдердің сәнді болуы бүкіл кастюмнің ажарын ашады.
Етігің тар болса – дүниенің кеңдігінен не пайда демекші, алдымен аяқ
киімді дұрыстап алмай, сәнді кісілердің қатарына қосылу туралы сөз болмақ
емес.
Сәндік қолданбалы өнер
Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес,
эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындаған және көркем жасалған
өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды
айтады. Сәндік қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге
түседі. Осы арқылы біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз. Сәндік
қолданбалы өнерді әзірлеу үшін мынадай материалды қолданады: ағаш, сүйек
тас, әйнек, табиғи немесе жасанды заттар (пластмассалар, гипс, жүн, мақта,
балшық, т.б.). Кейбір материалдар өңдеуді талап етеді. Мысалы: алтынмен,
күміспен қаптау, ағашты лакпен бояу және т.б. жұмыстар. Сәндік қолданбалы
өнер кескіндеме және мүсіндеу өнерімен тығыз байланысты.
Сәндік қолданбалы өнердің түрлері: керамика (терракота, майолика,
фаянс, фарфор), әйнек (ыдыстар, құмыра, құрылыс бөлшектері, мозайкалар),
көркем оймыз (ағаш, тас, сүйек, пластмасса), металдан жасалған көркемдік
бұйымдар (зергерлік бұйымдар, үстел үсті мүсіндері, жарық беретін құралдар
т.б.), жиһаздар, текстиль (сәндік маталар, кілемдер), ойыншықтар.
Сәндік қолданбалы өнер технологиясы:
1. Нұсқалы ою немесе ойма (гравировка);
2. Оймалық немесе тереңдітілген ою;
3. Биік рельефті ою;
4. Жазық рельефті ою;
5. Жарма, қиық немесе селдір ою;
6. Көлемді ою немесе мүсіндеу.
Қазіргі заманғы сәндік өнері:
Қазақ халқының аса құнды сәндік, көркемдік мұралары – талантты шеберлер
қолынан шыққан көркемөнер шығармасы. Ол халық өнерден одан әрі қарай
зерделеп, өнерді оқып үйренуге қажетті материал ретінде де, сәндік өнерді
қазіргі заман талабына сай дамыту үшін де кеңінен пайдаланылады.
Халықтың қолданбалы өнерінен үйренуіміз көп, ол әмбебап, өзіндік ерекше
қасиетке ие өнер. Оны бұл қасиетті қазақ өнерімен таныс емес шетелдіктер де
түсініп, бағалайды. Халық өнерінде графикалық, сәндік өнердің сызықтық,
түстік шешімдерді және бейнелеудің жазықтықта орналасуының орынды мысалдары
көрініс тапқан.
Қазақтың халықтық қолөнер шеберлері әрбір қазақ қызы мен әйелі өзінің
тұрған үйін, яғни киіз үйді безендіре білген. Олардың шебер де қамқор
қолынан киіз басу, кілем тоқу, құрақ көрпе – төсек, қоржын мен ыдыс – аяқ
қаптары, құрақ жастықтар және тағы басқа жасау келеді.
Қазіргі кезге дейін сақталып келген, басқа халықтар да пайдаланған ескі
де негізгі техника – аппликация бүгінде кеңінен пайдаланылады. Қазақ халқы
өнерінде өрнекті фигураларды (аппликация) киізден, матадан, теріден ойып
алатын болған. Ал қазіргі кезде бұл өнер коллаж жұмыстарында пайдаланылады.
Ою-өрнек шығу тарихы
Ою дегеніміз не?
Әрине, ою - өрнектің бір түрі. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі
біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Орнамент – көп елдің
тіліне сінген интернационалдық термин. Мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Осы
сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни хайуанат, жан – жануар және өсімдік
белгілері мен мүшелері немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің
үнемі ырғақты қайталанып, симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын
ою деп атаймыз.
Ғалымдар зерттеуіне сүйенсек, бұл өнер бізге ежелгі көшпенділерден
жеткен. Біздің заманымыздан бұрынғы VII – IV ғасырларда Орта Азия,
Қазақстан, Алтай және Оңтүсті Сібір жерлерінде бір – бірімен тығыз
байланыста ортақ мәдениеті бар туыстас тайпалар өмір сүрген. Олар – сақтар,
ғұндар мен үйсіндер. Яғни, біздің ата – бабаларымыз болатын. Олардан бізге
жеткен ою өнерінің бір жұрнағы – Алтай өңіріндегі Пазырық қорғанынан
табылған сырмақ пен кілем, яки үй жиһаздары.
Оюдың мән – мағынасы. Оюдың әрбір элементінде, көркем өрісі мен
құрылымында терең мағына, үлкен мән бар. Оларды қалай болса, солай
қиюластыра салғаннан тамаша ою шықпайды. Әр ою композициясы белгілі бір
мақсатқа, мағына, мазмұнға құрылады. Қыздардың киіміне салынатын ою бір
басқа да, жігіттер шапанының жиегін көркемдейтін ою одан өзгеше. Ұзатылатын
қызға арналып басылған текемет, сырылған сырмақ, тігілген көрпе түрлері,
олардың бояулары өзгеше болып келеді.
Демек ою-өрнектердік шығу тарихы олардың сюжеттік мазмүны мен атаулары
туралы мәселе әлі де -болса көп зерттеуді талап етеді.
Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Біз сол ою-
өрнектердііс 200 шамалы түрлерімен жүртшылықты кеңірек таныстырып және ою-
өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар үшін
де түсінікті болу жағын карастырдық.
Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік
мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отыргандықтан осы күні кейбір
облыстардағы қошқар мүйіз өрнегі бастапқы бейнесінен өзгеріп кеткен.
"Ырғақ", "сағат бау", "түйе табан", "жүрекше", "қаз табан" деп аталатын
әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындауында олпы-солпы болып
шығып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең
алдымен осыңдай бұрмалаушылықтан арылтып, оны әдемілігіне жеткізе жаңа түр,
жаңа мазмұн бере дамыту-ымыз керек.
Қазақтын ұлттық ою-өрнектерінің түпкі негізін іздестіру ісінде Т. К.
Бәсеновтің "Орнамент Казахстана в архитектуре" деген кітабы көптеген құнды
материалдарға толы. Кітапта халық ою-өрнек өнерінін шығуы, оның қандай
ұғымда туып, қалай дамығандығы, ерте кездегі қауымдардың мекендестігі,
кәсібі мен әдет-ғұрпы жайында өте толық айтылған.
Түрлері Мысалдар Суреттері
1. Зоомофтық қощқармүйіз, құсқанат
2. Өсімдік тектес арпабас, сегіз жапырақ т.б.
3. Геометриялық ирек, сызық т.б.
4. Космогониялық айшық, жұлдызша т.б.
Ертеде қазақтар ою-өрнектерді адам ойын бейнелі жеткізу үшін де салған.
Мысалы, жазу-сызу пайда болмаған ерте кезенде ұзатылған қыз өз жағдайын ата-
анасына ою-өрнек арқылы хабарлаған. Егер қыз орамалға құсқанат оюын
кестелесе (көрсетіледі), әке-шешесі қызының барған жерінде құстай ерікті,
бақытты өмір сүріп жатқанын ұғатын болған.
Сыңарөкше. Жоғарыдағы "сыңармүйіз" оюында айтылғандай, мүйіздің бір
сыңары етіктің басына ұқсап, жетесінен өкше шығарылады.
Шығыс Қазақстан облысының Таврия ауданында түратын Сертпен деген қарт
етікшінің айтуы бойынша, "сыңарөкше" оюының шығу тарихы былай болса керек,
Бір үйде отырған шебер қыз екінші үйде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz