КӨШІ - ҚОН ҮРДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ


РЕФЕРАТ
Магистрлық бітіру жұмысының тақырыбы: Қазақстан Республикасы мен шекаралас мемлекеттер арасындағы көші − қон проблемаларының экономикалық − географиялық аспектілері. Жұмыс компьютерде терілген, 63 баспа бетін құрайды.
Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру жұмысында 1 карта, 4 сурет, 8 кесте бар.
Түйінді сөздер: әлеуметтік географиялық үрдістер, демография, көші- қон, реэмигранттар, иммигранттар, эмигранттар, миграция сальдосы, репатриация.
Жұмыстың мақсат міндеттері: Қазақстан республикасының көші− қон үрдістерінің экономикалық − географиялық аспектілерін негіздеу, Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі көші-қон қозғалысының ерекшеліктерін қарастыру.
Бітіру жұмысын жазу кезінде ғылыми және инновацилық тұрғыда зеттеу жүргізілді.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 КӨШІ -ҚОН ҮРДІСТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР
1. 2 Көші-қон үрдістерін зерттеуге арналған түпнұсқаларды талдау……11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ҮРДІСТЕРІНІҢ СИПАТЫ
2. 1 Қазақстан халқының демографиялық үрдістерінің өзгерістері . . . 16
2. 2 Көші-қон үрдістірінің даму тарихы ( КСРО кезіндегі жағдайы) . . … . . . 25
2. 3 Егеменді Қазақстандағы оралмандар мәселесі. . …30
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ КӨШІ-ҚОН ҮРДІСТЕРІ
3. 1 Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі көші-қон қозғалысының ерекшеліктері . . . 47
3. 2 Қазақстан Республикасындағы көші-қон қозғалысының мәселелері мен жетістіктері . . . 57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 62
КІРІСПЕ
Демографиялық процестердің ішінде халықтың миграциясы маңызды орын алады. Өйткені миграцияға қоғамдағы саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге шұғыл көңіл бөлетін жауапты сипат тән. Қоғамды дұрыс басқару және тиімді әлеуметтік- эконамикалық саясат жүргізу үшін миграциялық ағымдардың көлемі мен мигранттардың құрамын бағдарлай білу, миграцияны тудыратын факторлары және миграцияның салдарын анықтай білу өте қажет.
Қоғам бастан өткеріп отырған өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері халықтың көшіп-қону мәселелеріне де тікелей әсерін тигізіп, ұдайы ықпал етіп отырады.
Қазақстан Республикасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты, халықтың көшіп-қону мәселелері бүгінгі күннің көкейтесті тақырыбына айналып отыр.
Республиканың демографиялық өсуі 1960-1990 жылдардың аралығында елдің өсуінің тұрақты болғандығымен ерекшеленеді. Демографиялық үрдістердің мұндай ағыны ұзақ уақыттық даму барысы үшін заңды және бір сарынды [1] .
1990 жылдардың ортасында республикадағы демографиялық жағдай кенет нашарлап, ұзақ уақыттық даму бағыттарын басқаша тұрғыдан бағалау қажет болды. Бұл ретте өтпелі кезеңнің демографиялық үрдістері қаншалықты ұзақ немесе қысқа уақытты алатынын біліп тану қажет. Өйткені демографиялық үрдістер әлеуметтік-экономикалық басқа да факторлардың әсерімен тығыз байланысты. Республикадағы адамдардың табиғи өсіміндегі жедел қарқынды өзгерістер өтпелі кезеңнің қазіргі уақытында биік көрсеткіштерді көрсетіп тұр деуге болады. Ол өзгерістер қатарына туудың төмендеуі, өлім-жітім санының өсуі, табиғи өсімнің күрт түсуі, көші-қон ағынының маңызды орын алуы сияқты үрдістер жатады [2] .
Қазақстандағы қазіргі қалыптасқан нақты жағдайға сүйенгенде демографиялық жағдайды жақсартудың бір жолы бар. Ол сырттан көшіп келушілерді көбейту. Көшіп келушілер болғанда әңгіме кезінде өз отанынан негізсіз айырылып қалған бауырларымыз туралы. Үкіметіміз шама-шарқы келгенше қолдан келген жағдайын оралмандар үшін жасап жатыр. Әрине, жұмыс болған соң кемшіліксіз болмайды, бірақ соның бәрі қаржы тапшылығына келіп тіреледі. Ең бастысы, оралмандар бұрын “төркінсіз, жетім қыздың” күйін кешіп келсе, енді олар артымызда іздеушіміз бар екен деген дәрежеге жетті. Өйткені Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабында: ”Республикада өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік беріледі”-деп атап көрсеткен [1] .
Көші-қон үрдістерін зерттеуде Қазақстан және ТМД елдерінің белгілі ғалымдары: Н. Н. Баранский, В. В. Покшишевский, Б. С. Хорев, В. И. Переведенцев, Ж. А. Зайончковская, М. Б. Тәтімов, Г. Д. Москвина, Е. Ю. Садовская және басқа ғалымдар жан-жақты үлес қосты.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасының XIX ғасырдан 2009 жылға дейінгі аралықтағы көші-қон үрдістерінің даму ерекшеліктерін тың деректік материалдар негізінде, жаңа көзқарастар тұрғысында талдай отырып, оның көрші мемлекеттермен көші - қон проблемаларының экономикалық - географиялық аспектілерін ашып көрсету. Зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:
- Көші -қон үрдістерін зерттеудің теориялық негіздерін қарастыру, көші-қон үрдістерін зерттеуге арналған түпнұсқаларды талдау;
- Қазақстан халқының демографиялық үрдістерінің өзгерістері, көші-қон үрдістірінің даму тарихын қарастыру, Егеменді Қазақстандағы оралмандар мәселесі талдау;
- Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі көші-қон қозғалысының ерекшеліктерін сипаттау(оралмандар мәселесі, еңбек миграциясы) ;
Енді қазақтың кең даласын - малға, қаласын - адамға толтыруды қажет етеді. Оған бір адамдай үлес қосу барша қазақтың парасаттық парызы болмақ.
Шүкіршілік, оған кезінде ата-бабаларымыз "білектің күшімен, найзаның ұшымен" қорғап, сақтап келген жер аумағымыз жеткілікті.
1 КӨШІ-ҚОН ҮРДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Көші-қон туралы жалпы түсінік
Халықтың саны жөніндегі ғылыми теория еңбек ететін халықты қоғамның басты өндіргіш күші, бүкіл қоғамдық өндірістің негізі ретінде қарастырады. Халық табиғатпен (географиялық ортамен) үнемі әрекеттесе отырып, оны қайта түлетуде белсенді рөл атқарады. Сонымен бірге, халық жасалатын бүкіл материалдық игіліктердің басты тұтынушысы болып табылады [4] .
Халықтың көші-қоны дегеніміз-адамдардың әр түрлі аумақтар шекаралары арқылы мекен -жайын тұрақты немесе азды -көпті ұзақтықтағы уақыттағы уақытқа өзгерту үшін көшіп қонулуры. Халықтың көші-қоны миграциялық ағымдардан құралатын болғандықтан, осы ұғымды көпше түрде де-«көші-қондар», «халықаралық көші-қондар» және т. б. деп қолданады.
Көші-қон ағымы аталған кезеңнің, уақыт аралығының ішінде келу мен кетудің ортақ аудандарын еншілейтін мигранттардың жиынтық санынан құралады:ол көші-қон бағытының көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Мәселен, қайсыбір аймаққа көшіп келгендердің жалпы санынан өзге әрбір аймақтан келген ағымдарды бөліп қарауға болады. Тура және кері-қон ағымдарында бөледі. Бір-біріне қарама-қарсы бағытталған екі көші-қон ағымдарының мөлшері бойынша үлкенін басым ағым ретінде ал қарқыны төменірегін-қарама-қарсы ағым ретінде белгілейді. Басым және қарама-қарсы ағымдардың арасындағы айырмашылық-екі аудан арасындағы таза ағым, ал басым және қарама-қарсы ағымдардың сомасы екі аудан арасындағы халықпен алмасу деп аталады. Түрлі коэффициенттердің көмегімен жүргізілетін көші-қон ағымдарының талдауы көші байланыстарының тиімділігін анықтау үшін қажет. Халықтың көші-қоны аумақтық көші-қонудың бөлігі болып табылады. Халықтың көші-қонын сәйкестендірудегі негізгі критерийлердің бірі-аумақтардың (мемлекеттің, облыстың, қаланың және т. с. с. ) әкімшілік шекараларынан өту. Осы негізде ең алдымен сыртқы көші-қон (эмиграция және иммиграция) мен ішкі көші-қонды ажыратады.
Сыртқы көші-қон (халықаралық) мемлекеттік шекарадан өтумен байланысты, ол -эмиграция деп аталатын халықтың ел аумағынан тыс кетулері және имммиграция деп аталатын елге келулері
Қазір Қазақстандағы көші-қон үдерістерін мынадай топтарға бөлуге болады:
- Этникалық қазаақтардың эмиграциясы мен иммиграциясы (соның ішінде оралмандар) ;
- өзге этникалық топтардың эмиграциясы мен иммиграциясы (соның ішінде - еңбек миграциясы) ;
- ішкі миграция (көші-қон) ;
- реэмиграция (ата жұртқа оралу) ;
- мигранттар транзиті;
- заңсыз көші-қон (соның ішінде - адамдарды саудалау) .
Осы топтардың барлығы әр түрлі көлемде егде жастағы адамдарды қамтиды. Бірақ мигранттар арасында еңбекке қабілетті жастағы адамдар саны басым. Елге келген мигранттардың қартаюы маңызды мәселе болғандықтан, 40-50 жастағы адамдардың құрылымына мән берудің маңызы зор. Осындай адамдардың ең көп саны еңбек мигранттарының үлесіне тиеді.
Мигранттар арасында ең көп ахуалдарға оралмандар мен Қазақстандағы көрші елдерден келген еңбек мигранттары кездеседі.
Имммиграция пұрсаты бойынша, келген оралмандарға мемлекет заңнама бойынша тұрғын үй сатыпалуға қаражаттар бөліп, бір жолғы жәрдемақылар берсе де, оралмандар Қазақстанға қалай көшудің және квотаға қалай енудің жай-жапсарлары туралы ақпараттың жеткіліксіздігін атайды (жазбаша критерийлердің болмауынан, олардың бұған мүмкіндіктері бар ма, жоқ па, сол жағын түсінулері қиын соғады) . Оралмандар қағида бойынша, кедей елдерден келеді және олар әр түрлі көмекке мұқтаж болады, солардыңқатарында медициналық көмек, тұрғын үй мәселесін шешуге байланысты көмек, тілге үйрету көмегі, мамандық алу және қайтадан мамандануға байланысты көмек және т. б. көмек бар. Әдетте оралмандар жастар және кемел жастағы адамдар болады. Олардың ең басым бөлігі Өзбекстаннан, Монғолиядан және Ресейден келсе, азырағы Қырғызстаннан, Қытайдан, Тәжікстаннан, Түркменстаннан келді. Туған-туысқандық кең ауқымдағы байланыстарға қарайоларда шетелдерде туыстары қалады (тікелей туысқандарынан-ең алдымен егде жастағы адамдар, өйткені олардың қозғалулары қиын болады) . Болашақта оралмандар өздерінің егде жастағы туған туысқандарын да Қазақстанға көшіруге ұмтылатынын ұйғаруға болады. Қазақстанға көшкенге дейін оралмандар негізінен ауылдық жерлерде қоныстанатын болады[5] .
БҰҰ келуші және кетуші адамдар санының қатарынан халықаралық мигранттарды анықтаудың келесі критерийлерін ұсынады:
халықаралық мигрант-байырғы тұрғылықты елін өзгерткен адам. Байырғы тұрғылықты ел дегеніміз-сол адам тұртын ел, яғни адамның, қағида бойынша, күнделікті демалыс уақыты аралығын өткізетін тұрғын үйі бар ел. Шетелге демалуға, еңбек демалысына, достары мен туған-туыстарына, жұмыс бабымен, емделу үшін немесе діни рәсіммен қажылыққа барудағы қысқа мерзімдік сапарлар сол адамның байырғы тұрғылықты елін өзгертпейді;
ұзақ мерзімді мигрант - кемінде бір жыл мерзімде өзінің байырғы тұрғылықты елі болып табылмайтын өзге елге келуі, өйткені келген елі үшін ұзақ мерзімді эмигрант болып саналса, келген ел үшін ұзақ мерзімді эмигрант болады;
қысқа мерзімді мигрант-өзінің тұрғылықты елі болып табылмайтын елге кемінде үш ай мерзімде, бірақ бір жылдан аспайтын уақытқа келетін адам, оған елге деммалысқа, еңбек демалысына туған-туысқандарын көруге, іскерлік мақсаттарда, емделуге немесе діни мақсаттағы қажылыққа байланысты сапарлар жатпайды. Халықаралық көші-қон статистикасының мақсаттары үшін басқа мерзімді мигранттардың байырғы тұрғылықты елі болып келген уақыт аралығындағы тұратын елі саналады [6] .
Көрші елдерден келетін еңбек мигранттарының көпшілігі мәселесі реттелмеген мигранттар болып табылады, соның салдарынан олар жұмыс берушілердің немесе құқық қорғау органдарының тарапынан көбірек пайдалануға тартылады. Негізгі көпшіілктегі иммигранттар-оралмандармен салыстырғанда анағұрлым үлкен жастағы адамдар. Олардың үштен екісінен астамы-25-54 жастағы кемел жастағы немесе аға буынға жататын адамдар. Қазақстанға көшкенге дейін иммигранттар негізінен қалада тұрған. Иммигранттардың қажеттілігі мына жағдаймен анықталады. 1991 жылдан 2003 жылғы уақыт аралығында Қазақстаннан 2, 9 млн-ға жуық адам(халықтың 20%-ға жуығы) қоныс аударған, әрі солардың қатарында еңбекке қабілетті тұрғындар 65%-ға дейін болған. Көптеген жоғары білікті мамандар мен жұмысшылардың елден кетуіне байланысты республикадағы өнеркәсіп, білім сияқты салалар мен басқа да салалар бойынша еңбек нарығында еңбек ресурстарының тапшылығы пайда болды және ол осы уақытқа дейін сақталып отыр. Қазақстанға жұмыс күшінің көші-қоны сонымен қатар Қырғызстан мен Өзбекстандағы экономикалық мәселелерге, Тәжікстандағы соғыстан кейінгі қайта құрулардың қиындықтарына қатысты да ынталандырылады. Бұл орайда иммиграция әркелкі екі ағынға (лекке) бөлінеді:
● шетелдік жұмыс күшін заң жүзінде тарту
● реттелмейтін еңбек көші-қоны.
Екінші лек біріншісінен анағұрлым артық-лицензиялар бойынша Қазақстанда 11, 8 мың иммигрант жұмыс істейді, реттелмейтін еңбек иммиграциясы 200-ден 500 мыңға дейінгі адам санымен өлшенеді.
Ішкі мигранттар-негізінен, 25-39 жастағы (43, 5%) және 15-24 жастағы (30, 6%) адамдар.
Халықтың ішкі миграциясына бір елдің ішіндегі әкімшілік-аумақтар арасындағы көшіп-қону жатады. Халықтың көші-қоны:қалалық, қала аралық және ауылдық жердегі көші-қон болып бөлінеді.
Қазақстандағы ішкі көші-қон екі фактормен анықталады:
● еңбек өнімділігі жоғары емес және соған сәйкес еңбекақысытөмен дәстүрлі (ауылшаруашылық) секторлардың есебінен экономиканың жаңа заманға сай секторларын (өнеркәсіпті, қала құрылысын, қызмет көрсету саласын) кеңейтудің жалпы заңдылығына байланысты фактор;
● қала тұрғындарының жинақылығы мен оның сыртқы көші-қонға даярлығына байланысты фактор.
Қазіргі кезде ауылдан қалаға көшіп-қонудың негізгі себебі табыстар деңгейіндегі әрелкілік болып табылады, сондықтан ішлі мигранттардың басым бөлігі-еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар. Қазақстанның ауылшаруашылығында өнімнің еңбекті көп қажетсінуін азайтатын жаңа технологиялар ендіруге байланысты еңбек рыногындағы сұраныс пен жұмыспен қамтылу да төмендейді, сөйтіп, ішкі көші-қонның негізгі факторы жұмыссыздық болады. Қазір Қазақстанның ауылшаруашылығында, орман және балық шаруашылықтарында елдің 35%-дан астам жұмыс күші жұмыспен қамтылғандықтан, ал осы сектордағы жалақы ең төмен деңгейде сақталып отырғандықтан, ол ішкі көші-қон үшін негізгі себепке айналады деп нық сеніммен айтуға болады. Ауыл мигранттары үшін Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтары ең тартымды қалалар болып табылады. Қала халқының жинақылығы мен сырқы көші-қонға даярлығы, ауыл тұрғындарының қалаға келген үлкен легіне қарамастан, Қазақстандағы қала тұрғындарының 1991 жылдан 1999 жылға дейінгі аралдықта 57, 3%-дан 56%-ға дейін төмендеуіне себеп болды. 1999 жылдан халықаралық көші-қон қарқынының төмендеуіне байланысты жағдай өзгере бастады және 2004 жылға қарай қала халқының үлесі 56, 7%-ды құрады [7] .
Реэмигранттар (ата жұртқа оралушылар) - негізінен 1990-шы жылдарда Қазақстаннан Ресейге көшкен және 2000-шы жылдарда елге қайтып оралған адамдар. Ресейде олар, негізінен, Сібір және Орталық Ресей қалаларында тұрған. Олардың Қазақстаннан кетулеріне өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын өзгертуге байланысты әрекеттері себеп болған. Кәсіптік және әлеуметтік жағдайға қарай өзгерген факторлардың жиынтығы олардың қайтып оралуларына қозғау салды. Анағұрлым жоғарғы білімді және әлеуметтік жағдайы жақсы адамдар, қағида бойынша, өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешкен, бірақ олар психологиялық бейімделу мәселесіне кездескен. Анағұрлым төмен деңгейдегі білімі бар адамдар ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселесінен қиындық көрген (мамандық бойынша жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселелері) [3] .
Көші-қон үдерістеріне көші-қон желілерін құру өз ықпалын тигізеді. Көші-қон желілері көші-қон шығындары мен қауіп-қатерлерін азайту арқылы осы үрдістерді жеңілдетеді. Көші-қон желілері, әсіресе, еңбекке жарамсыз адамдар үшін ерекше маңызды, өйткені осы желі әлгіндей адамдарға қолдау көрсетудің жүйесін құрады. Мәселен, егер қазіргі мезетте егде жастағы халықтың осал ішкі жинақылығы туралы айтатынболсақ, ал көші-қон желілері құрылғаннан кейін жинақылық айтарлықтай өседі.
Халықтың көші-қоны тек экономика мен әлеуметтік саланың дамуындағы емес, сондай-ақ ұлтаралық қатынастардағы өзгерістерді сезінетін өзіндік барометр болып табылады. Нарықтық қатынастар өтетін күрделі кезеңде көші-қон үрдістері айтарлықтай өзгеріске ұшыраған, олардың құрылымы мен экономикалық факторлардың анықталуының сақталу кезіндегі себептер өзгереді. Өндіргіш күштердің орналасуы мен дамуындағы қозғалыстармен, сондай-ақ мезгілді және маятниктік орын ауыстырулармен байланысты болып келетін көші-қонмен қатар, олардың біздің қоғамға тән емес жаңа түрлері пайда болады. Олардың ішінен ұлтаралық қақтығыстар, экономикалық және табиғи апаттар нәтижесінде туындайтын мәжбүрлік көші-қон деп аталатын түрін бөліп көрсетуге болады. Бұған, сондай-ақ, қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздерінің тарихи отандарына қайтып оралуымен байланысты болып келетін көші-қонды да жатқызуға болады [2] .
Көші-қонның классикалық түрлері сияқты, оның жаңа түрлері де бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды, бір жағынан халықтың көші-қондық белсенділігін арттыратын, ал екінші жағынан осы үрдістерді тежейтін жалпы факторлар біріктіреді.
Қазіргі кезеңде көші-қон сипатын айқындайтын басты қозғаушы күш - нарықтық қатынастардың дамуы. Бұрынғы одақтық республикалардың жаңа экономикалық қатынастарға өту үрдісі жұмысшылар мен өндірістік саланың босауы есебінен, сондай-ақ жұмыссыздар армиясының пайда болып, оның экономикалық дамудың тұрақты факторына айналуының нәтижесінде халықтың көші-қон белсенділігін артуын тудыратыны даусыз. Халықтың көші-қон қозғалысының төмендеуі, негізінен, елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың шиеленісуімен, яғни Кеңес Одағының ыдырауымен байланысты. Адамдар тұрғылықты жерін ауыстыруды біршама кейінге қалдырып, сол жерде тұрақтай тұрады. Тек төтенше жағдайлар - ұлттық белгілер бойынша қудалау, ұлтаралық қақтығыстар ғана адамдарды үйреншікті жерінен кетіріп, оларды босқындарға айналдырады. Халықтың көші-қонына әсер ететін факторларға, сондай-ақ, елдің, әсіресе ірі қалаларындағы экологиялық және криминогенді жағдайлардың нашарлауын жатқызуға болады. Көші-қонның жаңа кезеңінің айрықша ерекшелігі бұрыннан да айқын көрініс беретін көші-қонның ұлтаралық факторлары болып табылады. Көші-қон үрдістерінің әсері нәтижесінде халықтың этноұлттық құрылымының өзгерісін талдау өте маңызды болып келеді[1] .
Көші-қон үрдістері бұзушы сипатқа ие болмай, біріктіруші қызмет атқару үшін, белгілі бір мақсатты көздейтін көші-қон саясаты қажет. Көші-қон үрдістерін басқару мәселесі арнайы келісімдерде, сонымен қатар сол мемлекеттер арасындағы көші-қон мәселелері жөніндегі екі жақты келісім жасасу негізінде көрініс табу қажет.
Қоныс аударудың мүмкін болатын масштабтарын бағалау кезінде, ең алдымен, экономикалық факторларды ескеру қажет. Кез-келген аумақ белгілі бір өмірлік сыйымдылыққа ие болады (яғни, жұмыс орындарының саны, жыртылған жер аумағы, үй, пәтер қоры) . Бұл шектеулер қалаларға қатысты (тіркеу тәртібі өзгертілсе де) .
Қоныс аудару кезінде, босқындарды жаңа жерге орналастыру кезінде олардың құрамының ерекшеліктерін толық ескеру қажет: ауыл немесе қала тұрғыны ма, мамандығы қандай және жүргізген шаруашылығының түрі, балаларының және қамқорында кәрі-құртаңның болу-болмауы және т. б.
Осыған байланысты қоныс аудару мәселесінің жалпы одақтық бағдарламасын дайындау алға қойылған. Бұл бағдарламада аз игерілген аумақтарды қоса, мүмкін болатын орындарды, қоныс аударушыларды орналастыруға кететін қажетті шығындарды қарастырған жөн. Бұл мақсаттарға байланысты көші-қон үрдістерін қозғайтын, ТМД елдеріне мүше барлық мемлекеттер арқылы қаржы-қаражат жинақталатын арнайы аймақаралық қор құру қажет. Ал қоныс аудару ерікті түрде жүзеге асырылуы керек.
Біздің елімізде көші-қон маңызды роль атқарады. Көші-қон мәні келесі объективті жағдайлар арқылы анықталады: еліміздің ұлан-ғайыр аумағы; әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен деңгейінің айтарлықтай кеңістіктік дифференциациясы, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейі; ТМД-да әлі күнге дейін негізгі көші-қон тасқыны болып табылатын, ауылдан қалаға қарай ағылған қарқынды урбанизация үрдісі.
1950-жылдардың ортасынан 1980-жылдардың аяғына дейін дәл осы факторлар КСРО-дағы халық көші-қонының масштабы мен бағытын анықтаған болатын, ал соңғы уақытта бұларға жаңа факторлар қосылды: босқындардың толық тасқынын тудырған ұлтаралық қақтығыстар; ұлттық шекара ашу үрдісін күшейтіп, ұлттық және әлеуметтік қатынастарды тежеген республикалардың егемендігін алу үрдісі.
Ел өміріндегі либерализация, дүниежүзілік бірлестік арқылы мойындалған адам құқтарының кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған қозғалыстар, соның ішінде еркін көшіп-қонуға құқық берілуі эмиграцияның ұлғаюын тудырады.
Соңғы бірнеше онжылдық ішінде әлемде экономикалық жағдайларға тәуелсіз, тек қана саяси себептер нәтижесінде туындаған едәуір саяси көші-қон байқалуда. Осы уақытқа дейін саяси көші-қондар қоғамның азғантай тобын қамтыса, біздің ғасырда олар жалпылама сипатқа ие болды. Бұл көші-қондар халықтың барлық түрдегі жаппай орын ауыстыруын, мысалы, мемлекеттік шекараның өзгеруі нәтижесіндегі халықтың өз еліне өтуін, дискриминацияның әралуан түрлерінен халықтың жаппай қашуын және т. б. кіріктіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz