Топырақтың сіңіру қасиеті


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. тарау Қазақстан территориясындағы
тараған топырақ түрлері
1. 1. Топырақтарды классификациялау
заңдылықтары . . . 5
1. 2. қазақстан топырақтары және оларды
тиімді пайдалану жолдары . . . 10
1. 3. Жазық территориялардың
топырақтары . . . 12
1. 4. Таулы алқаптың топырақтары . . . 17
ІІ. тарау Қазақстан топырақ
жамылғысының экологиясы
және қорғау мәселелері
2. 1. Топырақ сапалылығы және жерді
бағалау. Жер кадастры . . . 21
2. 2. Жер қорларын қорғау және тиімді
пайдалану шаралары . . . 24
2. 3. Қазақстан топырағының
экологиясы . . . 26
2. 4. Қазақстандағы топырақты
қорғау мәселелері . . . 36
2. 5. бүлінген жерлерді қалпына келтіру . . . 43
а) топырақты тыңайту мәселері . . . 49
ә) қазақстан топырақтарын
мелиорациялау мәселелері . . . 53
Қорытынды . . . 58
ҚОСЫМШАЛАР . . . 62
Пайдаланған әдебиеттер . . . 67
КІРІСПЕ
Қазақстан аумағындағы топырақ жамылғысы күрделі және алуан түрлі. Адам тіршілігінде топы-рақтың атқаратын қызметі мен рөлі өте зор. Топырақтың құнарлы қабаты ұлттық байлық ретінде саналады. Жалпы топырақтың қызметін ешнәрсемен де алмастыра алмайсың. Сондықтан да топырақты табиғи күйінде сақтау ең алдымен адамның шаруашылық әрекетіне байланысты.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Топырақтар табиғи әрі тарихи дене болғандықтан, оларды біліп, түсіну, тиімді пай-далану үшін бір ретке келтіріп жүйелеу қажет. Мұны топы-рақты классификациялау деп атайды. Топырақты классифи-кациялау жұмыстарының күрделілігі сол - ол жүйеленуге ти-істі топырақтардың барлық қасиеттерін, олардың пайда бо-лып, түзілу құбылыстарын, топырақ түзуші факторлардың тигізетін әсерлерін, адам қоғамының әсерін, яғни табиғи-тарихи әдістерді қолдану қажет. Топырақтың жағымсыз эко-логиялық қасиеттерін білу қажет. Топырақтардағы кездес-етін комплексті белгілерін тауып, солар арқылы оларды әр түрлі деңгейдегі таксономиялық өлшемдерге бөлу қажет. Топырақтың қасиеттері мен белгілерге бөлінеді. Мәселен оларды жүйелеген кездерде оның қасиеттері мен белгілерін ажырата білу қажет. Сондықтан өзімнің дипломдық жұмыс-ымның тақырыбын: « Қазақстанның топырақ жамылғысы оның экологиялық мәселелері » деп алдым.
Топырақтың экологиялық жағдайының шиеленісуін тежей-тін немесе күшейтетін табиғи экологиялық факторлар сарап-талған. Қазақстан топырақтарының жағымсыз экологиялық қасиеттері, кешенділігі, эрозияға бейімділігі, тұздылығы, та-биғи құнарлығының төмендігі қарастырылған.
Қазақстанның топырақ жамылғысының экологиясы және қорғау мәселелерімен бірге топырақтың сапалылығы және жерді бағалау, жер кадастрының шаралары берілген.
Жұмыстың соңғы бөлімінде Қазақстан топырақ жамылғы-сының қорғау мәселелері, бұзылған топырақтарды қалпына келтіру әдістеріне талдау жасалған.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Қазақстан-ның топырақ жамылғысы оның экологиялық мәселелерін зерттеу барысында:
- Ортаның ластануын барынша азайту;
- Топырақтың ылғал жинауына және ауадағы атмосфе-ралық газдардың тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін орман алқаптарын сақтау;
- Топырақты өңдеуде жаңа технологияны пайдалану;
- Қазақстанның топырақ жамылғысын қорғау мәселе-лері қарастырылады.
Зерттеу объектісі мен пәні: Қазақстан аумағындағы жазық жерлерде таралған топырақ жамылғысының экологиялық мәселелері. «Қазақстанның физикалық географиясы», «Антропогендік ландшафттану», «Топырақтану және топы-рақ географиясы мен экологиясы» курстары болып табылады.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Бұл ғылыми зерттеуді жүргізу барысында көптеген құнды деректер алынды. Атап айтқанда;
- Қазақстан аумағындағы топырақ түрлеріне экология-лық зерттеулер жасалды;
- Топырақ жамылғысының экологиялық салдары анық-талды;
- Қазақстанның топырақ жамылғысының экологиясы және қорғау мәселелері анықталды.
i тарау Қазақстан территориясындағы
тараған топырақ түрлері
1. 1. Топырақтарды классификациялау
заңдылықтары
Топырақтар табиғи әрі тарихи дене болғандықтан, ол-арды біліп, түсіну, тиімді пайдалану үшін бір ретке келтіріп жүйелеу қажет. Мұны топырақты классификациялау деп атайды. Топырақты классификациялау жұмыстарының күрде-лілігі сол - ол жүйеленуге тиісті топырақтардың барлық қас-иеттерін, олардың пайда болып, түзілу құбылыстарын, топы-рақ түзуші факторлардың тигізетін әсерлерін, адам қоғам-ының әсерін, яғни табиғи-тарихи әдістерді қолдану қажет. Топырақтардағы кездесетін комплексті белгілерін тауып, солар арқылы оларды әр түрлі деңгейдегі таксономиялық өлшемдерге бөлу қажет. Топырақтың қасиеттері мен белгі-лерге бөлінеді. Мәселен оларды жүйелеген кездерде оның қасиеттері мен белгілерін ажырата білу қажет. Сонымен қатар топырақтардың өздерінің одан да күрделі және жоға-рғы комплекс - ландшафтардың бір бөлігі екенін ескерген жөн. Осыған байланысты топырақтардың көптеген қасиет-терінің өздері оның геохимиялық байланысқан ландшафт-арының қай бөліктеріне орналасуымен анықталатыны түсін-ікті. Бұл жағдайлардың барлығын ескеріп, қамту өте күрделі мәселе. Әлемде осы күнге шейін топырақтардың барлық жағдайларын ескеріп, үйлесімді жасалған классификациясы (жүйелеуі) жоқ. Әр ел (мәселен, бұрынғы КСРО, француздар, американдықтар, канадалықтар, австралиялықтар т. б. ) өзін-ше бұл мәселемен шұғылдануда.
Топырақтану ғылымының негізін қалаған В. В. Докучаев болғандықтан, топырақтарды классификациялау да Ресейде дұрыс жолға қойылғандығын дүние жүзі ғалымдары мойындайды. Сондықтан да біз 1886 жылы В. В. Докучаев жасаған топырақтарды классификациялау принциптерін кел-тіреміз. Топырақты классификациялаудағы негізгі таксоном-иялық өлшеміне топырақ тиіп қабылдап, жалпы барлық топырақтарды ол 3 топқа бөлді:
1 топ. Қалыпты зоналық топырақтар: А - құрғақ шөпті топырақтар, оларға төмендегідей 5 топырақ типтері кіреді: а) терістік ашық сұр күлгін; б) орманның сұр топы-рақтары; в) қара топырақтар; г) қара қоңыр топырақтар; д) құба сортаңдау топырақтар, әрі қарай әр тип механикалық құрамдарына қарай бөлінді. Б - құрғақ-батпақты топырақтар - су жайылмаған шалғындардың қышқыл топырақтары, В - батпақты топырақтар - шымтезектер, тундра топырақтары.
2 топ. Өтпелі топырақтар: А - шайылған топырақтар, Б - жер бетіне төселген топырақтар.
3 топ. Қалыпсыз топырақтар: төселінген, өзен мен көлдер аллювилері, жел үйінділері.
Докучаевтың топырақ типі - топырақтарды классифи-кациялаудағы негізгі өлшем болып қалды. Алайда олардың сандары әр заманда әр түрлі өзгерістерге ұшырауда. В. В. Докучаевтан соң топырақ классификациясы мәселелерімен көптеген оның шәкірттері: Н. М. Сибирцев, П. С. Коссович, К. Д. Глинка, К. К. Гедройц, С. А. Захаров, А. Н. Сабанин, С. С. Неуструев, Б. Б. Полынов т. б. шұғылданады.
Топырақты классификациялауда оның барлық қасиет-терін қамту қиын, сондықтан кейбір ғалымдар, мәселен К. Д. Глинка оның негізіне топырақтардың ылғалдану құбылысын ұсынды. А. Н. Сабанин өсімдіктердің өсуіне байланысты топырақты жүйелеуді жөн көрді. Ал, П. С. Коссович пен К. К. Гедройц топырақтардың химиялық құрамын негізге алған классификацияларды ұсынды. Дегенмен олардың ешқайсысы да қолдау таппады.
Кеңестік заманда бүкіл еліміздің топырақтарының ресми классификациясы болып КСРО-ның Ғылым академия-сының В. В. Докучаев атындағы Топырақтану институтының ғалымдары профессорлар Е. Н. Иванова, Н. Н. Розов басқар-ған комиссия мүшелері 1960 жылдары бекіткен жаңа класси-фикация есептелінеді (1965-1967 ж. ж. ) . осы классификация бойынша топырақты жүйелеудегі негізгі өлшем «топырақ типі» болып В. В. Докучаев термині қабылданды. КСРО Ғылым академиясы В. В. Докучаев атындағы Топырақтану институтының директоры болған академик Л. И. Прасловтың анықтауы бойынша топырақтың бір типіне жату үшін олар төмендегідей бір тектес жалпы белгілерге ие болуы қажет:
1) органикалық заттардың біртектес түсіп, өзгерістерге ұшырауы, ыдырауы;
2) минералды заттардың біртектес комплексті үгілу процестеріне ұшырауы, олармен органо-минералдық түзіліс-тердің біртектес түзілуі (синтезделуі) ;
3) заттардың жылжуы мен шоғырлануының біртектес болуы;
4) топырақ пішіні құрамының біртектес болуы, яғни негізгі қабаттары құрамының біркелкі болуы;
5) топырақтың құнарын сақтап және оны арттыру шара-ларының бір бағытта болуы.
Топырақтар типі негізгі топырақ түзілу процестеріне қосымша өткен кезеңнен қалған айрықша белгілері бар топ-ырақ типшелеріне, яғни топырақ зонасы топырақтың кіші-гірім зоналарына - зонашаларына бөлінеді. Мәселен, кең алқапты орманды зонаның күлгін топырақтар типінде: кәдімгі типті күлгін топырақтар типшелерімен қатар, глейлі-күлгінді (күлгінге глейлі процесс қосылса), шымды-күлгінді (күлгінге шымды процесс қосылса) топырақты типшелері кездеседі. Ал қара топырақты тип - негізінен үш зонашаға бөлінеді: терістік мол гумусты, орталық немесе кәдімгі қара топырақты және оңтүстік, аз гумусты зонашаларына (типшелеріне) бөлінеді.
Топырақ типшесі, яғни зонашалары топырақ жақындас-тығына, туыстығына (род) қарай бөлінеді. Топырақ жақын-дастығы негізінен оның пішінің сапалық ерекшеліктеріне тән. Бұл жағдай топырақ түзуші аналық жыныстардың химиялық құрамына (сортаңды, карбонатты т. б. ) немесе топырақ түзілудің өткен кезеңдерінен қалған кейбір белгі-леріне байланысты болуы мүмкін.
Топырақ жақындастығы топырақ түрлеріне бөлінеді. Бұл көбіне топырақтағы негізгі процестердің даму деңгейіне байланысты. Топырақ қабаттарының қалыңдығы, органи-калық және минералдық заттардың топырақта жиналу белсенділігіне, қарашірінді, карбонаттар, тез ерігіш тұздар, күлгінді және гумусты қабаттардың қалыңдығына қарай бөлінеді. Мысалы, шамалы, орташа және қатты күлгінді, шамалы, орташа немесе қатты сорланған. Ал қаратопы-рақтар: қалың қабатты, орташа және жұқа қабатты т. б. болып бөлінеді.
Топырақтың әр түрлілігі негізінен олардың механи-калық құрамына байланысты: құмды, сазды, балшықты т. б. болып келуіне қарай ажыратылады. Мәселен, жаңа игерілген, жоғары мәдениленген, эрозияға шамалы немесе қатты шалдыққан т. б.
Сонымен бұрынғы КСРО елдерінде топырақтардың 100-ден артық типтері, олардың әрқайсысында бірнеше тип-шелер, ондаған жақындастық және түрлері бөлінген. Олар туралы шамалы мәліметтерді әрбір топырақ зоналарына (типтеріне) тоқталған кезде келтіреміз.
Топырақ классификациясы топырақтарды картаға түсіргенде, оларды агроөндірістік топтағанда және құнарлы-ғына қарай бағалағанда (бонтировка) қолданылады. Ескер-етін жай кейбір топырақ объектілерін қажеттілікке сай ірі масштабта картаға түсірген кезде, жоғарыда айтылған ірі таксономиялық өлшемдерден (тип, типше, жақындастық, түр және әр түрлілік) басқа да кіші-гірім өлшемдер практикада жиі қолданылады. Топырақтарды практикада қолдану бағы-тына қарай, мәселен: суару, құрғату, тыңайтқыштар енгізу, эрозия және ластанудан қорғау жағдайларына байланысты топырақты классификациялаудың қолданбалы жүйесі пайда-ланылады.
Ұсақ территорияларды картаға түсіру және оларды классификациялау кезінде кіші-гірім өлшемдер қолданылса, ал аса ірі аймақтарды картаға түсіріп, оларды классифи-кациялау кездерінде жоғарғы айтылғандарды біріктіріп, тип-тен де жоғарғы өлшемдер қолданылады. Мысалы, профессор М. А. Глазовская әлем топырақтарын классификациялау сызба-нұсқасында типтен жоғары топырақ жақындастығын, топырақ генерацияларын және топырақтың геохимиялық ассоциацияларын ұсынды (1981) . Сонымен әлем топырақ-тарының жүйелерінде 40 топырақ жақындастығы, 29 генера-циясы және 12 топырақ ассоциациялары бөлінген. Дегенмен бұл ұсыныс барлық жерде қолдау тапты деп айтуға болмайды. Топырақ классификациясы мәселелері тек әлемде ғана әрбір жеке елдерде де үйлесімді жасалып, барлық сұрақтарға жауап беретін, көпшілікпен қабылданған шаруа емес. Бұл мәселелер әрбір жеке елдер ғалымдарымен қатар, халықаралық топырақтанушылар назарында.
1. 2. ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел - Англиядан 11 есе үлкен. Ұлан байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 шақырымға, шығысынан батысына қарай 3000 шақырымға созылып жатқан кеңістікті алып жатыр. Республик ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орында. Бұл - оның жері бұрынғы Ресейден басқа 13 одақтас республиканың жер көлемінен артық деген сөз. Бейнелеп айтқанда, Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін сиып кетеді. Халқының саны жөнінен әлемде 80-ші орында болып, жер көлемі жөнінен кеңбайтақ 10 елдің бірі. Дәлірек айтсақ, Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Австралия, Бразилия, Үндістан, Аргентинадан кеінгі 9-шы орында. Оныншы орынға Судан мемлекеті ие. Әлем халқының не бары 03% құрай тұрып, Қазақстан жер шарының екі пайызын алып жатыр.
Мұндай, кең алқапта жазықтар мен ойпатты жерлер, биіктігі әр түрлі таулар кездеседі. Кең алқапты жерлердің табиғи, климат, топырақ жағдайлары әр түрлі, ол табиғаттың негізгі зоналық заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағ-дайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады.
1. 3. Жазық территориялардың
топырақтары
Енді біз Қазақстан территориясында кездесетін зона-лық топырақтардың қысқаша сипаттамасына және бұл топы-рақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану мәселелеріне тоқталамыз. Төменде осы сызба-нұсқада келтірілген зонаша-лардың сипаттамасы берілген.
1) Республиканың қиыр терістігінде біраз терри-торияны жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері 330-350 мм, жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффиценті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған. Негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қара-топырағы және сілтісізденген қаратопырақтар кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 8-9-%. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп, көкөністер өсіріледі, етті-сүтті мал шаруа-шылығы дамыған. Егістікке жарамды жерлердің бәрі түгелдей игерілген. Қалған жерлері орман, шабындық пен жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстан территориясында бұл зонаша не бары 0, 4 млн. (республика жерінің 0, 2%) гектар, зонанының негізгі бөлігі, терістіктегі Ресей жерінде.
2, 3) Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қаратопырақты далалы зона басталады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екі зонашаға бөлінеді:
а) орташа ылғалданған дала;
б) ылғалы жеткіліксіз қуаң дала.
Бұл аймақтың біразы Батыс Сібір ойпатында жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік жағы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік шеттері осы зонада орналсқан. Ылғал көбінесе күз және қыс айла-рында түседі, ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ болады. Егістік өніміне әсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек қайталанады. Оның топырақтары қара топы-рақты зонаның Батыс Сібір провинцияларында кездесетін 2) кәдімгі қара топырақ (орташа ылғалданған далада) және 3) оңтүстіктің қара топырағы (ылғалы жеткіліксіз қуаң далада) .
Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл ай-мақта негізінен суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен, сортаң, сорланған топырақтар және комплексті учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер фосформен тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның көлемі - 25, 4 млн гектар, яғни республика жерінің 9%-на жуық. Бұл алқаптың көп жері 1954-1958 жылдары тың игеру кезінде астықты дақылдар үшін жыртылды.
2) Кәдімгі топырақты зонаша республиканың 11, 7 млн гектарын, яғни барлық жерлердің 4, 3%-ын алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі топырақтары - кәдімгі ортагумусты қара топырақтар. Топырақ қара шірін-дісінің мөлшері беткі 0-10 см қабатында 7-8% табиғи күйінде құнарлы топырақтар. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық орта есеппен он жылда бір рет қайталанады.
3) Оңтүстік қаратопырақты зонаның көлемі 13, 7 млн гектар, республика жерлерінің 5, 1%-ы. Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300 мм, оның жылы уақытта түсетіні 150-180 мм. Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара топы-рақтар. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 4-6%. Топырақтар жамылғысында сортаңданған, әктенген топырақтар түрлері басымырақ кездеседі. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3 рет қайталанады.
4, 5, 6) Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде Қазақстан батысынан шығысына қарай - Шығыс Қазақстан облысына дейін созылып құрғақ және шөлді-далалы қара қоңыр топырақты зона жатыр. Оның көлемі 90, 4 млн гектар-дай (республика территориясының 33, 3%), яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай зонаның 70% жерін қамтиды. Бұл аймақ-та Павлодар облысының көп жері, Солтүстік Қазақстан облысының батыс жағынан біраз бөлігі, Қостанай, Ақмола облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының көп жерлері орналасқан. Бұл кең зонаның солтүстік бөлігінің топырағы оңтүстіктің қара топырағына өте ұқсас, күңгірт қара-қоңыр топырақ (4) . Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3-4%. Орта бөлігінде ылғалдың азаюына байланысты өсімдіктердің өсуі сирексіп, топырақтың қарашірігі азаяды, топырақтың түсі жай қара қоңырға айналады (5) . Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3%. Ал аймақтың оңтүстігінде шөлді-далада топыр-ақ түсі тіпті ашық қара қоңырға ауысады (6) . Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері не бары 1, 5-2%.
Ауадан түсетін ылғал мөлшері өте айнымалы.
4) Зонаның солүстік бөлігінің топырағы күңгірт қара қоңыр, онда суарылмайтын жаздық бидай егіледі. Бірақ олардан алынатын өнім мөлшері ауа райына тәуелді. Орта есеппен жылына түсетін ылғал 250-280 мм. Мұнда құрғақ-шылық үш-төрт жылда бір рет қайталанады. Бұл жердің көлемі 27, 7 млн гектардай (республика жерінің 10, 3%) .
5) Ал зонаның орталық бөлігінде жай қара-қоңырлы топырақтарда құрғақшылық жиі болатындықтан, суарылмай-тын егін өнімі мұнда тұрақсыз. Бұл аймақта құрғақшылық екі жылда қайталанып, өнім қанағаттанарлықсыз алынады. Бұл зонашаның көлемі 24, 3 млн гектар жер, Қазақстан жері-нің 8, 9%. Негізсіз жыртылып кеткен жер көлемі 4 млн гек-тарға жуық. Бұл зонашаларда да астықты шаруашылықтар, әсіресе күңгірт қара-қоңыр зонашада жақсы дамыған. Онда жеңіл топырақтар желмен ұшуға бейім, оның өзі топырақтың жел эрозиясына қарсы күресу шараларын ұйымдастыруды қажет етеді. Сонымен қатар топырағында фосфор аз болған-дықтан, фосфорлы тыңайтқыштар қажет. Бұл екі зонашадағы негізгі егістік жерлер тың игеру кезінде игерілген. Ескеретін жай: тың игеру науқанында біршама асыра сілтеушілік болып, қара-қоңыр топырақтардың астық егуге жарамсыз біршама жерлері жыртылып кеткен. Ол жерлерді жайым-дылыққа қайтару соңғы жылдары жүзеге асуда. Егістік-термен қатар мал шаруашылығы дамыған.
6) Шөлді-далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ пен оңтүстіктегі шөлді аймақтың аралығында жатыр. Сондықтан бұл зонашада солтүстіктегі далалы зона мен оңтүстіктегі шөлді зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі. Климаттың құрғақ болуына байланысты мұнда өсетін шөп-тердің түрлері аз, әрі сирек. Топырақтың құнарлылығы кем, әсіресе оның құрамындағы қарашірік аз, топырақ түсі ашық қара-қоңыр, көбінесе сортаңданған. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына орта есеппен 180-210 мм-ақ, бұл егістіктің өнімді шығыуын қамтамасыз ете алмайды. Ылғалдану коэффиценті аймақта шамамен 0, 2-0, 3, яғни 20-30%. Бұл қазіргі уақытта негізінен мал шаруашылықты аймақ болып саналады. Жайылымы көктемгі, жазғы, күзгі уақыттарда жақсы.
Құрғақшылық жиі байқалады, яғни 4 жылдың 3 жылы құрғақ болады. Сондықтан егін егіп, тұрақты өнім алу тек суармалы жағдайда ғана іске асады, бірақ оған су көздері тапшы. Суарылмайтын егін аз мөлшерде, ойпатты, шалғынды жерлерде ғана егіледі. Мұнда егілетін дақылдар - тез пісетін тары, арпа т. б. мал азықтық дақылдар. Көлемі 38, 4 млн гектар, яғни Қазақстан территориясының 14%-ын алып жатыр.
7, 8) Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін кең алқап-ты шөл зонасы алып жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан обл-ысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда обл-ыстары түгелімен, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz