Рапс - өскелең, құрамында ақуызы көп қырыққабат тұқымдастарына жататын өсімдік
Тақырыбы: Қазақстанның оңтүстік-шығысның тәлімі жерлерінде майлы
дақылдарды (рапс) өсіру технологиясының ерекшеліктері
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
2009 ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 7-8
1 Әдебиетке шолу 9-13
2. Зерттелетін ауданның табиғи-климаттық жағдайы 14-21
3. Зерттеу әдістері мен бағдарламасы 22-24
4. Зерттеу нәтижелері 25-35
4.1 Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына майлы 25
дақылдардың төзімділігі және жапырақтылығы
4.2 Дақылдардың ауада құрғақ массасының жоғарылату 25-26
серпімділігі.
4.3 Тұқым себу мерзімдері мен тереңдігіне байланысты 27-29
4.4 Рапстың шаруашылықта бағалы белгілерінің, себу 29-30
тәсілдерінің және тұқым себу мөлшерінің өзара
байланысы
4.5 Рапстың өсіп-дамуына, тұқым өнімділігіне және оның 30-33
сапасына минералдық тыңайтқыштардың әсері
4.6 Рапстың тұқым өнімділігіне, тұқымның химиялық 34-35
құрамына және май шығымына минералдық тыңайтқыштардың
әсері.
5. Өндіріске ұсынылатын рапсты өсіру тәсілдерінің 36-37
экономикалық тиімділігі.
6. Еңбек қорғау 38-41
7. Қорытынды 42-43
8. Өндіріске ұсыныстар 44
9. Пайдаланылған әдебиеттер 45-46
КІРІСПЕ
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісін келешекте дамытудың нақты
жоспарларында ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану және дақылдардың
өнімділігін арттыра түсу көзделіп отыр. Осы міндеттерді орындаудың қайнар
көзінің бірі – майлы дақылдар өндірісін ауқымды және қарқынды алға бастыру.
Бұл іс-шаралардың жүзеге асуы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін және
өсімдік шаруашылығын диверсификациялауды қамтамасыз етуге пайдасын
тигізетіні сөзсіз.
Республикада өсірілетін майлы дақылдар дәніндегі май шығымы 24-60% және
басқа да жағдайларға байланысты өзгереді. Алынатын өсімдік майы химиялық
құрамына, биологиялық қасиеттеріне және тауарлық сапасына қарай әртүрлі
мақсаттарда пайдаланылады. Оңтайлы өсіру тәсілдерін қолдану арқылы
өндірілетін майдың аталған көрсеткіштерін жоғарылатуға болады. Өкінішке
орай, бүгінгі таңда өндірілетін өнімнің де, сапаның да деңгейі ойдағыдай
емес. Мұндай сәйкессіздік аймақтардың топырақ-климат жағдайларына
бейімделген майлы дақыл түрлерінің тиісті деңгейде зерттелмеуі және
өндіріске енгізілмеуі, сондай-ақ пайдаланыстағы дақылдардың тиімді
инновациялық өсіру технологияларының жетіспеуі салдарынан орын алып отыр.
Аталған жағдайларды түзету нақты бағытталған келелі мәселелер
көтеріліп, маңызды жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, сұйық май өндірісін тиісті
жолға қою мақсатында оны еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін және
түртараптандыруын қамтамасыз ете алатын дәрежеде дамыту стратегиясы
қабылданды. Онда егіс дақылдарының құрамын оңтайландыру, егіншілікті
биологияландыру, экологиялық тазалығы мен экономикалық рентабельділігі
жоғары технологиялар жасап өндіріске енгізу, тәлімі егіншіліктегі дақылдар
үлесін арттыру, дәстүрде жоқ өсімдіктер есебінен сақтық қорлық дақылдарының
ассортиментінен көбейту және басқа шаралар көзделген. Алда тұрған осындай
күрделі де маңызды мәселелердің табысты шешілуі, ең әуелі, майлы
дақылдардың егіс көлемін ұлғайтумен, сондай-ақ өнімділігі және қоршаған
ортаға бейімділігі жоғары жаңа түрлерін өндіріске кеңінен енгізумен тығыз
байланысты.
Осыған орай дипломдық жұмыс майлы дақылдардың шаруашылық үшін құнды
белгілері мен қасиеттерін, оның ішінде тұқым өнімділігін, сапасын және
нақты топырақ-климат жағдайларына бейімділігін бағалап, Қазақстанның
Оңтүстік-шығыс таулы-дала аймағында өсіруге лайықты диверсификациялық
түрлерін ұсынуға және өңірде өсіруге мүмкіндігі мол майлы дақыл рапстың
өсіру технологиясын жасауға бағытталуға оның өндіріс сұраныстарына сәйкес
көкейкестілігін білдіреді.
Зерттеулердің мақсаты. Жұмыстың негізгі мақсаты елімізде өсірілетін
майлы дақылдардың агробиологиясы Қазақстанның оңтүстік-шығысына бейім
топтамасынан азық-түлік қауіпсіздігі мақсаттарында пайдалануға болатын
түрлерін анықтау және рапстың тиімді өсіру технологиясын жасау болып
табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеулердің ғылыми жаңалығы
Қазақстанның оңтүстік-шығысы үшін алғаш рет диверсификациялық майлы
дақылдардың түрлерінің анықталуы және рапстың тиімді өсіру техногиясының
жасалуы болып табылады.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Қазақстан республикасының азық-түлік проблемасын шешуде майлы дақылдар
өнімдерін өндіру маңызды орын алады.
Себебі, майлы дақылдар – негізгі және салыстырмалы арзан өсімдік майын
және азықтық ақуыз өндіретін қайнарға жатады. Өсімдік майын және мал
азықтық ақуыз белок өндіргенде биоэнергетикалық, материалдық және еңбек
ресурстары мал өнімдерін өндіруге қарағанда аз мөлшерде жұмсалады.
Тұқымшасындағы майдың құрамы бойынша майлы дақылдар әртүрлі болады.
Майлы зығыр тұқымшасында 43-48% май, көкшіл сұр қыша тұқымшасында 38-45%,
ақ қыша тұқымшасында 30-36% май болады. Сазанов Л.М.[1].
Асбұршақ, сиыр жоңышқа, жасымық тағы басқа дәнді бұршақты дақылдармен
ақ қышаны қосып сепкенде танаптағы арамшөптерді құртады [2,3,4]. Сагалбеков
У.М. (2006), Плешков Б.Л. (1987), Вавилов П.П.(1986).
Рапс – B.N. Oleifera – біржылдық майлы өсімдік, соңғы жылдары мал
азығына қолданылады. Рапс майлы дақыл ретінде де кеңінен пайдаланылады,
астық өнімділігі 2-3,5 тга құрайды А.Н. Костин (1986) [5].
Рапстың екі түрлі формасы бар - өндірісте кең таралғаны күздік рапс, ол
массасының және дақылдарының жоғарғы өнімділігімен ерекшелінеді. Жаздық
рапс тез піседі, бірақ күздік рапспен салыстырғанда, өнімділігі төмен
деңгейде болады Брикман В.И., Медведев В.Д. (1975) [6].
Рапстың 100 кг балаусасында 15,7 кг мал азықтық өлшем бар және ол
витаминдерге (А, С) бай, жақсы қорытылады, клечаткасы онша көп емес (11-
13%). Шауып алғаннан кейін және мал жайған соң да жақсы көтеріліп өсуге
қабілеті бар өсімдік [7] С.Н. Романдациев (1985).
Ауыспалы егістерде аралық дақыл ретінде себілген рапс малға күз
айларында немесе ерте көктемде жақсы жайылым. Міне осы қасиеттері жағынан
рапс жақсы мал азықтық дақыл Медведев В.Д., Брикман В.М., (1978) [8].
Рапстың көкбалауса жемдік құндылығы оның сортына, егу мерзімі мен
өсімдіктің даму фазалары және себілген минералды тыңайтқыштар мөлшеріне
байланысты болатын химиялық құрамымен анықталады. Рапстың жасыл массасының
бір килограмында 0,12-ден 0,16 дейін жемдік бірлік бар, 1,5-2 калций,
аралығында 0,5-0,8 г фосфор, 35-45 мг каротин бар. Микроэлементтік құрамы
бойынша рапстан жасалған жемнің сұлы қоспасынан еш айырмашылығы жоқ.
Бір килограм жаздық рапстың құндылығы бір жемдік бірлікке тең. Рапстың
жасыл массасынан дайындалған күнжара жүгері, күнбағыс және тағы басқа
дақылдардан өзінің құрамындағы шикі протеиннің жоғарылығымен ерекшелінеді.
Рапс күнжарасының бір килограмының құндылығы орташа есеппен 0,14-0,16
жемдік бірлікке тең, 20-22г қорытылмалы протеин, 25-35г шикі клечатка, 35-
45 мг каротин бар.
Оның жапырақтары ірі әрі шырынды болып келеді. Гүлшелері сары түсті,
гүлшоғыры жоқ, жеміс құрамында 40-50 шақты ұсақ тұқымы бар, қара қоңыр
түсті шар формалары қын түрінде болып келеді. Тұқымның салмағы 3-7 г
құрайды.
өсімдік суыққа төзімді, тұқымдары +1,5, +З,0 С температура жылылығында
дамиды, ал көктемде және күзде қар жамылғысы болғанның өзінде -30 С
суықтыққа төзеді. Ал өсімдіктің биіктігі 1,5-2,2 м құрайды.
Рапс 10-12 С жылылықта жаппай көктей бастайды. Рапс жылуды онша талап
етпейді, ал ылғалдылықты қажет етеді, себебі тамыр жүйесі өзекті, әрі өте
әлсіз дамыған Милащенко Н.З.(1983) [9].
Рапс - өскелең, құрамында ақуызы көп қырыққабат тұқымдастарына жататын
өсімдік. Елдің барлық аймақтарында дәнге; пішінге, пішіндеме, шөп ұны
ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар рапс жануарлардың ерте көктемде
олардың екпе суармалы жайылымға шығар алдында, сонымен бірге жаз және қоңыр
күз мезгілдерінде басқа жем түрлері аз немесе тіпті жоқ кезде жануарларды
жою үшін де қолданылады.
Ауыл шаруашылығы тәжірибесінде рапс – майлы және мал азықтық дақыл
болғандықтан күннен-күнге маңыздылығы артуда. Оның егісін топырақты су және
жел эрозияларынан қорғауда, сидерат есебінде, кейбір арамшөптермен күресуде
пайдаланады. Ауыспалы егістікте рапс көптеген дақылдарға жақсы алғы егіс
болады және ол жақсы фитосанитар [10].
Шет елдерде рапсты тұқымға өсіреді, оның тұқымынан өсімдік майы және
биоотын өндіріледі. Рапс майға және протеинге өндіру көлемі жағынан майлы
дақылдар арасында бесінші орын алады, майбұршақ, күнбағыс, жержаңғағы және
мақтадан кейін.
Рапс майы сәйкесті өңдеуден кейін тамақ өнеркәсібінде маргарин, салат
майын жасауда пайдаланылады, себебі ол жоғары дәмділік сапасымен
ерекшеленеді. Техникалық мақсатта рапс майын ауыр және жеңіл өнеркәсіпте
пайдаланады (Величко П.К., Костин А.Н., 1986) [11].
Н.З. Милащенко, В.Ф. Абрамовтардың (1989) пікірінше, рапстың төменгі
гликозинолаты қазіргі сорттарында 40-45% жартылай кебетін өсімдік майы бар
және оның құрамы 60-70% олеин қышқылынан тұрады. Майының шығымдылығы 38-
40% құрайды. Рапс майының биологиялық бағалылығы жоғары және дәмділігі, әрі
тағамдық құндылығы жағынан күнбағыс, майбұршақ майларымен теңеседі. Сонымен
қатар рапс майын маргарин, май қоспаларын, салат майын, балмұздақ және
шоколад массасын жасауда, металлургия, лак, сыр, сабын, текстиль өндіріснде
қолданылады.
Рапс майының мазмұны жағынан майлы дақылдар арасында алдыңғы орынды
алады. А.М. Салтыковскийдің (1938) зерттеулері бойынша, күздік рапстың
тұқымында орташа есеппен 45,2% май болса, зығырда 34.6%, күнбағыста 28,0%,
қышада 35,3%, зығырда 32,8% май болады [12].
Сонымен қатар, рапс тұқымында 0,12% эфир майы бар (В.П. Оробченко,
1933) [13].
Өсімдіктің фотосинтез үрдісі кезінде шығарылған оттегі көлемі
сіңірілген көміртегінің көлемімен бірдей, ал шіріген немесе жанған кезде
бәрі керісінше болады, яғни шығарылған көміртегі мөлшері жұмсалған оттегіге
пара-пар. Ғалымдар деректері бойынша көмірқышқыл газының ауадағы мөлшері
оттегіге қарағанда 700 есе аз [14].
Егер ауа құрамындағы оттегі мөлшері бірнеше пайызға азайса, ол
білінбейді, ал көмірқышқыл газының мөлшері 0,01% көбейсе, онда климаттық
жаһандық өзгеріс жүреді.
Көмірқышқыл газы климатқа әсер ету механизмі парниктік эффектімен
байланыстырылады. Күн көзінен түсетін қысқа толқынды радиация үшін
көмірқышқыл газы түссіз болады, ал жер бетінен шығатын ұзын толқынды
радиацияны көмірқышқылгазы өзіне сіңіріп, сіңірілген энергияны барлық
бағытт шағылыстырады. Бұл әрекет атмосфераның төменгі бөлігімен жердің
беткі қабатының жылынуына әкеліп соғады (Ж.Т. Боранбай. 2008) [15].
Ірі қалаларда және өнеркәсіп орталықтарында автокөліктердің шектен тыс
көбеюі атмосфераны көмірқышқыл газымен уландыруда, сондықтан адамзат
алдында тұрған басты міндеттердің бірі қоршаған ортаға зияны аз жаңа отын
түрлерін шығару.
Соңғы жылдары, майлы дақылдар тұқымдарынан экологиялық таза биоотын
өндіру, сол арқылы дәстүрлі мұнай өнімдерін алмастыру қажеттілігі ақпарат
көздерінде кеңінен насихатталып жатыр. Себебі, биоотын мұнай өнімдеріне
қарағанда көмірқышқыл газын 5-10 есе аз бөледі.
Қазіргі кезде биоотынды Оңтүстік Америка және Европа мемлекеттері
пайдалана бастады.
Рапс майын биоотын өндіруге пайдаланылады. Ресейдің Белгоград облысында
Интерго -агро компаниясы жаңа жағармай түрі – рапс майын насихаттай
бастады. Компанияның есептеуінше, рапстан өндірілген жаңа жағармай мазуттан
төрт есе арзанға түседі. Компания тепловозды линияға жіберіп, дизель
майының орнына рапс майын құйған. 2005 компания 3 мың гектарға жаздық рапс
өсіріп, әр гектарынан 27ц тұқым жианаған. 1 литр рапстан өндірілген
жағармайдың өзіндік құны 4-5 Ресей рублін құраған ( Н. Носкович, 2006ж.,
Н. Жәрімбетов, 2006ж) [16,17].
Дүниежүзілік тәжірибелер көрсеткендей, рапс өсіру өсімдік шаруашылығы
саласындағы коммерциялық тиімді бағыттардың бірі. Рапстың құрамында адам
мен жануар организмдеріне зиянды эрук қышқылы мен гликозенолаттардың
мақмұнының жоғары болуы оның егіс көлемін кеңеюін тежеп келді. 1974 жылы
Канада селекционері Б. Стефансон эрук қышқылы мазмұны төмен товел сортын
шығарды. Осыдан бастап рапс майын пайдалану күрт өсті [18].
Соңғы жылдары өсімдіктер майын мұнай өнімдеріне альтернатива ретінде
қарастыруда. Оларды жанар және жағармай материалдары, сонымен қатар полимер
өндірісінде шикізат есебінде. Әсіресе, эрук қышқылының мазмұны жоғары рапс
майлары кеме және локоматив двигательдеріне қажетті жағармай өндірісіне
қажет, себебі жоғары ылғалдылық жағдайында рапстан өндірілген жағармай
двигатель – оның бөлшектері арасында жоғарғы деңгейде үйкеліс береді.
Биодизельді ауыр салмақты автомашиналар мен автобустарға отын ретінде
пайдаланады. Евроап елдерінде рапс майынан жасалған биодизель өндірісі
бастапқы кезеңде аздаған көлемде болса, ал қазір 25-30 есеге өсті [19].
Рапс майының биодизель өндірісіндегі басқа өсімдік майларынан
басымдылығы, оның тотықтануға өте жоғары төзімділігі, бұл көрсеткіш әсіресе
қыс мезгілінде қажет (К.Ж. Жамбакин, 2006ж) [20].
Сондықтан, майлы дақылдарды тамақ, мал азықтан бөлек биоотын
өндірісінде пайдалану ауқымы артуда, келешекте қоршаған ортаны сақтау үшін,
мұнай өнімдері орнына, биоотынға көшуге тура келетіні күман туғызбайды.
2. ЗЕРТТЕЛЕТІН АУДАННЫҢ ТОПЫРАҚ-КЛИМАТ ЖАҒДАЙЫ
Дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес егістік зерттеужұмыстары Қазақ
ұлттық аграрлық университетінің Агроуниверситет оқу-тәжирибе станциясында
2005-2007 жылдары жүргізілді. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағына
жататын Алматы облысының таулы далалық аймағында, Іле Алатауының солтүстік
батыс беткейінде, Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылы жанында орналасқан.
Жер сипаты, аумағы және бедері. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағы
түстігінде Тянь-Шань тауы, батысында Шу-Ілетаулары, теріскейде Балқаш,
шығысында Алакөл, Сасықкөл және Ұялы көлдері көмкеретін таулы алқапты
қамтиды. Бұл жердегі Кетпен жотасы, Жоңғар, Күнгей және Іле Алатауы мен
Мойынқұм арасындағы таулы далалық аймақ ауданы 2365 мың га. Ол Алматы
облысының негізгі суармалы және тәлімі егіншілік аумағы болып табылады.
Осы аймақтың ортадан жоғары бөлігінде орналасқан Агроуниверситет оқу-
тәжірибе станциясының географиялық нүктесі теңіз деңгейінен 680-910 м
аралығындағы биіктікте жатыр. Геоморфологиялық тұрғыдан бұл жер сазды
жолақтар аралас және солтүстікке қарай жалпы еңістігі 0,06-0,07 – қа
жететін жазықтық болып табылады.
Топырағы. Тәжірибе алқабының топырағы Қазақстанның оңтүстік- шығысында
кең таралған шалғынды-батпақты қоңыр топырақ типтерінен құралған. Олардың
негізі тау жынысының саздақты немесе сазды аллювиаль-пролювиаль шөгінділері
болып табылады. Топырақ құрайтын және топырақтың табаны болып табылатын
жыныстар құмдақтың, таза құмның жән қиыршық тастардың төртінші деңгейлік
тұнбалары болып есептеледі. Сондай-ақ бұл жердегі топырақ жабындысының
түзілуіне лай, құм және басқа тұнбалар әкелетін өзендердің кейінгі
кезеңдердегі су ағынының құрамдастары да айтарлықтай әсер етеді.
Әр жылы үш мезгілде (көктем, жаз, күз) осы топырақтың тек кесіндісі (0-
100см) бойынша жүргізілген анықтаулардың орташа мәндері негізінде оған
мынадай баға беруге бооады: қабаттары толық дамыған, механикалық құрамы
орташа балшықты, 0-25см қабатынының ылғалдылығы 34,8-41,3%, көлемдік
салмағы 1,27-1,33 гсм куб, қуыстылығы 46,1-51,2% (1-кесте).
1-кесте Тәжірибе танабындағы топырақ қабаттарының механикалық құрамы
және агрофизикалық сипаттамасы (2006-2008 жж. орташа)
Топы-рақТопырақтың агрегаттық Топырақтың Топырақтың жалпы
қаба-ты,құрамы көлемдік қуыстылығы,%
см салмағы, гсм
куб
0,25мҚұрылыСуға
м м төзімді
агрегакоэффиагрегат
ттар,сциентітар, %
м
0-10 76,7 3.3 З4,1 1,27 51,2
10-20 73,4 2,8 30,8 1,33 48,8
20-30 68,3 2,2 29,5 1,40 46,6
30-40 62,8 1,6 29,3 1,48 44,6
0-40 70,3 2,6 30,9 1,37 47,3
Механикалық құрамы бойынша бұл топырақ орташа балшықты болып табылады.
Топырақтың өсімдік тамыры таралатын 0-40см қабатындағы диаметрі 0,25 мм
балшық түйіршіктерінің үлесі 70, құм үлесі жеткіліксіз мөлшерде. Осы
қабаттың ең жоғарғы құрылым коэффициенті 3,3, суға төзімді агрегаттары
34,1%, көлемдік салмағы 1,37 гсм куб, жалпы қуыстылығы 51,2%. Бұдан
топырақтың өте жақсы су сіңіре алатыны байқалады.
Тік кесінді үлгілерін химиялық талдау нәтижелері бойынша тәжірибе
алаңындағы өсімдіктердің тамыр жүйесі ең көп таралатын топырақ қабатының (0-
40см) құнары бойынша сипатталады: қарашірінді 2,4-4,6%, азот 0,14-0,26%,
фосфор 0,17-0,21%, көміртегі қосылыстары 0,4-0,6%. Бұл әрине, егістік
дақылдардың органикалық және минералдық заттарға қажеттіліктерін толық
қамтамасыз ете алмайды (2-кесте).
2-кесте Агроуниверситет ОТС алқабы топырағының агрохимиялық
сипаттамасы, 2006-2008 жж. орташа
Топырақ Қоректік заттар мөлшері, % Жылжымалы, мгкг
қабаты,
см
Қарашіразот фосфор калий NO3 P2О5 К2О
інді
0-10 4,6 0,26 0,21 2,73 39 25 1036
10-20 3,2 0,23 0,19 2,65 35 20 840
20-30 2,3 0,16 0,18 2,57 29 19 610
30-40 2,4 0,14 0,17 2,49 26 18 574
Топырақ сипаттамасы туралы жоғарыда берілген деректерді талдай келе,
оны жіктеулік және агрономиялық талаптар тұрғысынан қорытындылайтын болсақ,
тәжірибе алаңының топырағын құнары орташа 3-топ топырақтарының қатарына
жатқызуға болады. Оның құрамында азот пен фосфор жеткіліксіз болғандықтан,
тиісті тыңайтқыштар қолдану қажет. Калийдің шектен тыс көп болуы
дақылдардың өсіп-дамуына және жоғары өнім беруіне кері әсерін тигізбейді,
ал ылғалдың жеткіліксіздігі тәлімі егісті жазғы жауын-шашын мөлшеріне
тәуелді етіп, өнімділігін айтарлықтай шектейді.
Климаты. Аймақ климаты қатаң континентальдық, ал Мойынқұммен шекаралас
алқаптардікі ішінара шөлейттік болып есептеледі, бірақ агроклиматтық
анықтамаларға сүйенсек, негізінен таулық, кей жылдары құрғақ далалық
құбылыстар да көріне беруі мүмкін. Мұндағы микроклимат терістік жағынан
Мойынқұм шөлінен, ал оңтүстігінде Алатаудың мұзды шыңдарының ықпал етуінен
тез құбылмалы және өте тұрақсыз сипатта қалыптасады.
Аудандастыру негізінде агроклиматтық көрсеткіштер – белгілі бір
аумақтағы жауын-шашын мөлшері мен вегетациялық кезеңдегі температура
көрсеткіштерінің қосындысының ара қатынасын сипаттайтын гидротермиялық
коэффициент (ГТК) қабылданған. Мұнда орташа ГТК 0,8, бірақ 0,2-1,0
арасында ауытқиды. Вегетация кезеңіндегі 10 С –ден жоғары температуралардың
жиынтығы 3600 С дейін және одан да асып өзгеріп отырады. Желдің басым
бағыты солтүстік-шығыс, жылдамдығы 1,9 мсек.
Аймақтың Мойынқұмға жақын төменгі шекарасында ауаның температурасы 10 С-
ден жоғары кезең сәуірдің екінші онкүндігінде басталып, қазанның бірінші
онкүндігінде аяқталады. Тауға көтерілген сайын жылы кезең мен жылылықтың
қосындысы біртіндеп төмендей береді. Аймақтың тау жоталарына жақын жоғары
шекарасында оң температуралар қосындысы 2000 С болса, р10 С –ден астам
температуралар қосындысы 1400-1500С-ге дейін кемиді. Сондықтан аязсыз кезең
құммен шекарада 5-5,5, ал тауда 3, орташа 4 ай. Есік қаласы маңында
қалыптасқан микроклимат көрсеткіштері жалпы аймақтықтармен шамалас (3-
кесте).
3-кесте Тәжірибе жүргізілген аумақтың микроклимат көрсеткіштері (Есік
метеостанциясының мәліметтері)
Көрсетілген t C шегінен өту күні ∑ t ∑ ∑ t ∑
Жыл 50С тәулі100С тәулік
к 100С
50С
00С 50С 100С
көктем күз көктем күз көктем
2005 2006 2007
1 -10.5 11 -38 -7,0 -5,7 -10,0 -6,7
2 -8,4 17 -42 -8,8 -2,3 -9,5 -5,4
3 0,6 26 -4 6,3 4,1 6,0 5.1
4 10,4 34 -11 11,4 11,0 9,6 10,8
5 16,0 38 -8 15,7 15,9 19,1 16,7
6 21,2 41 0 22,1 21,0 23,0 21,7
7 23,8 44 7 24,8 23,2 24, 23,7
8 22,0 42 5 20,6 21,9 22,3 21,6
9 15,9 38 -2 18,5 16,1 15,5 16,7
10 8,0 32 -18 11,2 7,3 8,1 8,9
11 -0,2 24 -36 2,5 3,9 4,5 4,0
12 -6,5 12 -39 -14,0 -5,3 -5,7 -7,2
орт 7,6 9,6 9,3 9,4 9,1
Аймақта көпжылдық орта есеппен жылына 350-600 мм, тәжірибе жүргізілген
аумақта 2005-2007 жылдары 577-742 мм жауын-шашын түседі (5-кесте).
Бір жылда жауатын жауын-шашынның Есік қаласындағы көпжылдық орташа
мөлшері 710 мм, көктемде еі көп, жазда одан екі еседей кем, күзде едәуір
көбейіп, қыста 10-15% мөлшерінде ғана түседі.. 2005-2007 жылдары 1мм-ден
артық жауын-шашын түсуі 62-100 аралығында байқалды.
Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның басында қалыптасып, 110-130 тәулі
жатты, оның орташа қалыңдығы 35-60 см. Осындай себептерге байланысты жауын-
шашын қалыңдығы өзгермелі болды.
Көбінесе қар нарыздың аяғына дейін біресе еріп, біресе қайта жауғаны
жайсыз лайсаң жағдайлардың орын алуына басты себеп болды. Дегенмен, далалық
топырақ өңдеу негізінен 23-26 наурызда басталып, майлы дақылдардың егіс
науқаны сәуірдің 9-10 күндеріне дейін аяқталып тұрды.
Жауын - шашын мөлшері 2005 жылы – 118 мм кем, 2006 жылы – 36 мм кем,
2007 жылы – 133 кем түссті. Соның нәтижесінде осы жылдардағы жауын –
шашынның орташа шамасы көпжылдық көрсеткіштен 64 мм кем болды.
5-кесте Алматы облысы таулы далалық аймағындағы жауын – шашын
қалыңдығы, мм (Есік қаласы метеостанциясының мәліметтері)
Ай көпжылдық жылдар айлық
орташа орташа
(30 жыл)
2005 2006 2007
1 35 50 44 45 49,50
2 36 46 60 39 47,25
3 77 89 62 62 76,75
4 116 74 129 115 99,75
5 114 111 80 27 76,50
6 72 38 46 38 45,00
7 47 8 44 1 25,50
8 31 84 1 4 27,25
9 26 5 58 19 30,50
10 61 7 68 112 57,75
11 59 31 58 62 64.00
12 40 49 24 53 46,50
Жиын-тығ710 592 674 577 646,25
ы
Осыған ұқсас құрғақшылық 2006 және 2007 жылдары шілде және тамыз
айларында орын алды. Жалпы алып қарағанда, ауа райының ылғалдылығы төмендей
түскені, ал температура режимі жоғарылағаны айқын көрінеді. Дегенмен, жалпы
метеорологиялық жағдай тәлімі майлы дақылдар егісінен қанағаттанарлық өнім
алу үшін қолайлы болды.
3. ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Бағдарламаның негізделуі және нысандары. Соңғы кезде Қазақстанда майлы
өсімдіктердің егіс көлемі 2-3 есе артқаны байқалды. Алайда, өндіріс әлі
тұтыну деңгейіне дейін көтеріле алмағандықтан Қытай, Ресей, Украина және
басқа елдермен экспорт біздің елдегі сұраныстың 85%-дан астамын құрап
отыр. Тағам өнеркәсібін сұйық маймен қамтамасыз етуде жағдайдың азық-түлік
диверсификациясы талаптарынан осыншама шалғайлығы сөзсіз алаңдату туғызады
және шұғыл шаралар қолдануды қажет етеді.
Алматы облысында рапстың күздік түрі алшынкөк беруіне байланысты тек
мал азықтық дақыл ретінде ғана пайалану үшін егіліп келді. Күнжарасы малға
қоректілігі жағынан сұлымен шамалас, ал қортылатын протеин мөлшері сұлыдан
үш есе артық. Оның жаздық Проминь, Золотонивский және Шпат сорттары Ақмола,
Қарағанды, Тараз, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында өндірісте жиі
пайдаланылады. Оны осы аймақта өсіру технологиялары зерттеле бастады. Рапс
майы, негізінен, техника, сабын, тоқыма бояу өнеркәсіптерінде және басқа
мақсаттарда қолдануға арналған. Дегенмен, эрук қышқылы жоқ және
глюкозиолаттар аз рапс сорттарынан өндірілген майды тағам үшін пайдалануға
болады. Осындай негіздеумен тәжірибе нысандары таңдап алынды.
Тәжірибе сызбалары және әдістемелері. Жалпы саны 5 тәжірибеден тұратын
зерттеулерді 2 кезеңмен жүзеге асыру белгіленді:
- 2005-2007 жыладары қыша, рапс, зығыр және мақсары өсімдіктерін
күнбағыспен салыстырып, оған балама немесе сақтық дақылдарды анықтау;
- 2005-2007 жылдары жаздық рапс (сорт Золотонивский) егісінің
технологиялық тәсілдерін зерттеу.
1-тәжірибе Май шығымы және сапасы жоғары түртараптандырулық балама
немесе сақтық дақылдарды анықтау сызбасы:
1) күнбағыс – сорт Родник (бақылау);
2) жаздық рапс – сорт Золотонивский;
3) қыша – сорт Рушана;
4) мақсары – сорт Ақмай
5) бұйра зығыр – сорт Опал
2- тәжірибе Жаздық рапстың қолайлы тұқым себу тереңдігі сызбасы:
1) топырақтың 0-5 см қабаты 2-3 С жылығында (бақылау);
2) 2-4 С жылынғада;
3) 6-7 С жылынғанда;
4) 8-9 С жылынғанда.
3-тәжірибе Жаздық рапстың қолайлы тұқым себу тереңдігі сызбасы:
1) тұқым себу тереңдігі 1-2 см (бақылау); 2) 3-4 см; 3) 5-6 см; 4) 7-
8см;
4-тәжірибе Жаздық рапс егудің тиімді тәсілдері және тұқым себу
мөлшері сызбасы:
1-5) егіс тәсілі қатарлық-қатараралығы 15см: себу мөлшері 1 (бақылау),
2, 3, 4, 5 млн. данага немесе тиісінше 6, 12, 18, 24, 30 кгга өнгіш
тұқым;
6-10) егіс тәсілі кең қатарлық (30 см): 1, 2, 3, 4, 5 млн. данага
немесе тиісінше 6, 12, 18, 24, 30 кгга өнгіш тұқым;
11-15) егіс тәсілі кең қатарлық (45): 1, 2, 3, 4, 5 млн. данага немесе
тиісінше 6, 12, 18, 24, 30 кгга өнгіш тұқым;
16-20) егіс тәсілі кең қатарлық (60 см): 1, 2, 3, 4, 5 млн. данага
немесе тиісінше 6, 12, 18, 24, 30 кг\га өнгіш тұқым.
Тәжірибелер егісі уақыт бойынша 3, кеңістікте 4 қайталаумен, жоғарыда
көрсетілген мерзімдерде және белгіленген сызбаларға сәйкес жыл сайын
көктемде жүзеге асырылып тұрды. Егіс жүргізуге аймақтық егіс технологиясы
бойынша өңделетін сүдігер пайдаланылды.
Әрбір мөлтектің есептік ауданы 100 м2. Бағдарламада белгіленген
бақылаулар мен өлшеулер далалық тәжірибелердің әр мөлдегіне 4 қайталаумен
белгіленген және ауданы 0,25 м2 тұрақты алаңшаларда мынадай тәртіппен
жүргізілді:
1) фенологиялық бақылау күнара, ал негізгі даму кезеңдері басталғанда,
күн сайын мынадай тәртіппен жүзеге асырылды:
- дақылдардың өскін фазасын белгілеу (басталу – 10%, жаппай -85%);
- алғашқы нағыз жапырақ пайда болу, сабақтану және бұталану фазалары;
- дақылдардың гүл бүршіктерін байлау фазасы;
- дақылдардың дән байлауы.
2) тұқымның егістік өнгіштігі, сиреуі, сақталуы санмен және пайызбен
анықталды, өсіп-даму қарқыны 1-5 баллмен бағаланды;
3) егістегі арамшөп саны әрбір топырақ өңдеу алдында және дақылдардың
негізгі фазаларында есептелді;
4) өсімдіктердің биіктігі (см) дақылдардың негізгі фазаларында;
5) дақылдардың құрғақшылыққа, ыстыққа және суыққа (бозқырауға)
төзімділігі 1-5 баллмен бағаланды.
Химиялық талдау және бағалау арнайы әдістемелер бойынша орындалды.
Топырақтың ылғалдылығын анықтау әр 10 см қабат сайын көктемде және күзде 0-
100 см тереңдік бойынша, өсімдіктердің негізгі фазаларында және 5мм асатын
жаңбыр жауғанда 0-30см қабаты бойынша салмақтық әдіспен жасалды.
Топырақтың химиялық құрамын талдау (жылжымалы фосфорд қышқылы – Мачигин
әдісімен, нитраттар – Грандваль-Ляж әдісімен, алмасатын калий – жалынды
фотометр арқылы) зертханада жүзеге асырылды.
Тәжірибелік деректерді статистикалық өңдеу дисперсиялық әдіс бойынша
орындалды.
4. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
4.1 Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына майлы дақылдардың
төзімділігі және жапырақтылығы.
Аталған белгілерді бағалау үшін 5 баллдық жүйе қолданылды. Көктемде -2-
4 С шамасында түскен соңғы бозқыраулар, әдеттегідей, 1-9-шы мамыр
аралығында орын алғанда, барлық дақылдар айтарлықтай төзімділік көрсетті.
Рапстың үсіктерге төтеп беруі 4,5 балл. Осындай құнды қасиет бұл
өсімдіктердің солтүстік ендіктерде жаратылып, өсіп-өніп, фитоценологиялық
түр болып қалыптасу және басқа аймақтарға таралу үрдісінде бұдан да қатаң
аяздарға шыңдалуынан таралған. Сондықтан олардың жеңіл-желпі бозқырауларға
шыдамды болуын экобиологиялық заңдылық деп таныған жөн.
Керісінше, осы дақылдардың ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділігі
ойдағыдай болған жоқ, рапсқа тиісінше 4,2 балл алды, яғни қышадан басқа
дақылдардың жауапты дақылдардың жауапты сатыда жапырақтарын өте жақсы және
жақсы деңгейде сақтап қалатынын көруге болады.
4.2. Дақылдардың ауада құрғақ массасының жоғарылату серпімділігі.
Өсімдіктер тіршіліктерінің бұтақтану, гүл бүршіктерін түзу, гүлдеу және
тұқым пісу сияқты негізгі сатыларында құрғақ массасының арту серпімдігін
бағалау нәтижесінде күнбағыс ең қарқынды майлы дақыл болып шықты. Оның
ауада құрғақ массасы барлық өсіп-даму сатыларында үш жыл қатарынан ең
жоғары деңгейде артатыны белгілі болды.
Одан кейін жергілікті тұрғындар шөл күнбағысы деп атаған мақсарының
қарқындылығы жақсы деңгей көрсетті. Алайда оның бастапқы өсіп –даму
кезеңдерінде, яғни өскіннен бастап, сабақтану, бұтақтану және гүлдеу
сатыларына дейін баяу өсетіні байқалады. Гүлдей бастаған сәттен-ақ оның өсу
қарқыны арта түсіп, ауада құрғақ массасы бойынша тек күнбағыстан ғана кейін
қалды. Осы өсімдіктің гүлдеу сатысы жыл сайын аймақтағы ең ыстық кезең,
яғни шілдемен сәйкес келеді. Бұл жағдай мақсарының шын мәнінде шөлді жерде
пайда болып, түр ретінде қалыптасқанын, сондықтан салқынды ұнатпайтын,
ыстықты сүйетін және экстенсивті өсіп-дамитын дақылдардың бірі болып
табылатынын дәлелдейді.
Осы тізбектегі үшінші орынды рапс иеленді. Ол бастапқы сатыларда
қарқынды өсіп-дамып, күнбағысқа жақындай түссе, гүлдеу басталғаннан кейін
бәсендеп, масқарыдан да қалып қойды.(12- кесте, 4-сурет).
Бұған дәлел ретінде жыл сайын және жылдық орташа деректер бойынша
рапстың ауада құрғақ массасы өсімдіктердің сабақтану, бұтақтану және гүлдеу
сатыларында бақылаудан төмен болғанымен, ұсақ тұқымды дақылдармен
салыстырғанда бәрінен жоғары болып шыққанын айту қажет. Гүлдеу және тұқым
пісу сатыларының арасында рапстың өсуі айтарлықтай тежелуінен салмақ қосуы
төмендеді. Сондықтан дән пісу сәтінде оның орташа жылдық ауада құрғақ
массасы 3505гм2 болып, күнбағстан 7250гм2 кем түсті.
Сөйтіп, 2005-2007 жылдары рапс өсімдіктерінің салмағы 3276-3715гм2
аралығында өзгерсе, жылдық орташа шамасы 3505гм2. Бұл мақсарының
көрсеткішінен 891гм2 кем болса, зығыр мен қышадан 1463-2298 гм2 артық.
Соңғы екі дақыл ең төмен масса өлшемдерімен көзге түсті. Олардың ауада
құрғақ өсімдік массасы бақылаудан тиісінше 8713гм2 және 9548 гм2 төмен
болды.
Өсімдіктердің жер үстіндегі вегетативтік бөлігінің ауада құрғақ
массасын қалыптастыруы бойынша тұқым өнімділігін нақты анықтау мүмкін
болмаса да, өсіп-даму қарқындылығының және қуаттылығының шамасын білуге
болады. Сондықтан осы белгі бойынша күнбағыс алда болса, мақсары мен рапс
та жақсы көрсеткіштермен ерекшеленеді.
6-кесте Тәжірибедегі өсімдіктердің ауада құрғақ массасының жоғарылау
серпімділігі, гм2
Дақыл Сабақтану Бұтақтану Гүлдену Тұқым Бақылау
пісу мен
салыстыру
2005 жыл
Күнбағыс 1081 2927 8362 11749 0
(бақылау)
Мақсары 569 1443 3157 4327 -7422
Рапс 747 1565 3228 3715 -8034
Зығыр 516 1188 1894 2126 -9623
Қыша 238 476 941 1398 -10351
2006 жыл
Күнбағыс 1129 3214 8425 10818 0
(бақылау)
Мақсары 588 1392 3189 4476 -6342
Рапс 715 1446 3193 3524 -7294
Зығыр 507 1117 1776 2031 -8787
Қыша 186 399 854 1169 -9649
2007 жыл
Күнбағыс 1075 3166 8184 9697 0
(бақылау)
Мақсары 574 1412 3073 4385 -5312
Рапс 726 1483 3102 3276 -6421
Зығыр 387 920 1591 1969 -7728
Қыша 158 316 627 1053 -9644
Жылдық орташа
Күнбағыс 1095 3102 8324 10755 0
(бақылау)
Мақсары 577 1416 3140 4396 -6359
Рапс 729 1498 3174 3505 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz