МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ҚҰРАМДАРЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 3

1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Лауазымды адамдардың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

2. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН
ҚҰРАМДАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .33

2.1 Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы
сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жекелеген құрамдары ... ... ... ... ... 46

3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ КӘСІБИ ӘДЕП ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚАҒИДАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы құрлықтық (қылмыстық) құқықтың құрамдас бөлігі
бола отырып, бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қарсы
қылмыстарда нормалау кезеңінен өткізуде.
Қоғамның түбегейлі қайта қаралуы кезінде әлеуметтік-саяси
тұрғыдағы дамуы мен экономикасының өсуіне басты себептердің бірі ретінде
мемлекеттік басқару органдары және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының атқаратын кызметі ерекше роль атқарады.
Басқа мемлекеттердің Конституциясындағыдай, Егемен Қазақстан
Конституциясында әрбір адамның бостандығы мен құқықтарының сот
тұрғысынан қорғануы жеке құқық ретінде қарастырылған. Қорғаудың тап
осындай түрі әрбір адамға қолайлы әрі тиімді. Өйткені, сотқа
жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік билік органдарының
лауазымды қызметкерлерінің, қоғамдық ұйымдардың кез келген іс -
әрекеттері мен шешімдері шағымдануы мүмкін. Сондай – ақ, Елбасының
Жарлықтары мен Үкімет қаулылары да шағымданудың нысаны бола алады.
Осылайша сот азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қамтамасыз ете
отырып, елдегі заңдылықтарды қадағалап отырады.
Мемлекеттердің соның ішінде Қазақстанның заңдылықтары Адам құқықтары
декларациясының кез келген идеяларына тәуелді.
Дүние жүзілік қауымдастықта лайықты орын алуды мақсат ете отырып,
Қазақстан Республикасы өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамды, оның
өмірін, құқықтары мен бостандықтарын атайды, ол өз азаматтарының туа
біткен, ажырамас құқықтары мен бостандықтарын танып, белгілі бір
кепілдіктер береді. Адамды, оның өмірі мен денсаулығын, басқа да игіліктері
мен заңды мүдделерін қауіпті қол сұғушылықтардан қорғау міндеті қылмыстық
құқықтың мойнына жүктелген. Бұл міндетті жүзеге асыру жолында қылмыстық заң
адамның маңызды деген игіліктеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді қылмыс
деп танып, қылмыскерлерге қатаң жаза қолдану мүмкіндігін көздейді.
Көпшілік сипат азаматтарға, мемлекеттік органдарға, лауазым
иелеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, ұйымдарға мемлекеттік -
өктемдік өкілеттік жасайтын мемлекеттік қызметшілердін сырттай қызмет
қатынасын көрсетсе керек. Ал ішкі кызметтік қарым-қатынасқа келсек, ол
көпшілік және жеке бастаманы үйлестіруге негізделген. Сонымен көп жағдайда
көпшілік бастау мемлекеттік қызмет ұйымы және баскаруымен (мемлекеттік
органдар құрылымын анықтау, мемлекеттік лауазымдардың тізілімі және оларды
санат пен топтар бойынша сыныптау) байланысты қатынастарда болады. Ал, аз
көлемде көпшілік элементтері мемлекеттік қызметпен байланысты катынастарда,
сонымен қатар жекелеген құқықтық институттарда (мәселен, аттестация,
тәртіптік жауапкершілік, кызмет қатынастарын тоқтату, мемлекеттік кызметші
ісін шектеу) көрініс табады.
Осы тақырыпты таңдап алудағы басты мақсатым:
- Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс
туралы жалпы ережелерін қабылдап, дамытып, базистермен жалпы ережелерді
анықтап дәлелдеу.
- Болашақ заңгер ретінде мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыс құқығын барынша кеңінен ашу және заң талаптарына сәйкес келуін ашу.
Демократиялық құқықтық мемлекетте ең маңызды субьектілердің бірі адам
болып табылып, ал оның құқықтары мемлекеттің қорғауында болады. Бұл адам
құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 8 бабының талабына сәйкес, адам
құқықтарын қорғау органдарының тиімді қызмет ететін жүйесінің болуын
көздеу. Құқықтарын жүзеге асырудың нақты, түсінікті тәртібі болмауы
азаматтардың өз құқықтарын қорғаудың сенімді механизмнің жоқтығына әкеледі,
ал заңмен анықталған, соның ішінде Конституциямен бекітілген нормалар қағаз
жүзінде қалады. Сонымен бірге құқық және адамның құқығы бір-біріне
байланысты дамиды. Осыдан шығатын қорытынды: адам құқықтарының даму
дәрежесі сол қоғамның құқығының даму денгейімен анықталады, яғни
адамдардың шынайы көрсететін бірден-бір көрсеткіші. Азаматтардың құқықтары
мен бостандықтары қоғамның демократиялық деңгейін, адамгершілік дәрежесін
анықтайтын критерийге жатады және осыған қарай құқықтық мемлекет құрудың
нәтижесіне баға беруге болады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кейбір жағдайда бұзылу
себептерінің бірі-лауазымды адамдардың заңдарды нашар білуі, ал кейде
саналығының төмендігінен, оның кейбір жекелеген талаптарын тіпті жоққа
шығаруы болып табылады. Өзінің міндеттеріне салақ, жауапсыздықпен қарау
жағдайлары да кездеседі.
Бұл тақырыптың өзектілігі әкімшілік-басқару қатынастары мен қылмыстық
істер жүргізу саласында да айқын көрінеді, себебі онда мемлекеттің атынан
адамның кінәлі-кінәлі еместігі, оның бостандығы туралы, мүлкін ал кейбір
жағдайда оның өмірі мен өлімі туралы мәселелер шешіледі. Бірақ
демократиялық соттық-құқықтық реформа аяқталған жоқ, азаматтардың заңды
мүдделерін сот арқылы қорғаудың заңи кепілдемелерінің тұтас жүйесі әлі
толығымен құрылған жоқ. Сондықтан әрбір азаматтың осы мәселелер туралы
заңдарды білуі өте қажетті.
Бұл дипломдық жұмысты жазу барысында Ағыбаев А.Н, Наумов А.В, Мамытов
А.Н, Қайыржанов Е.И, Бопанов Т.Ә, Әбілезов Е.Т, Бурманов Н.Д еңбектерінен,
заң журналынан заң және заман газетінен мәліметтер алдым. Соларға сүйене
отырып, өз ойларымды тұжырымдадым.

1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ

Қоғамның түбегейлі қайта қаралуы кезінде әлеуметтік-саяси тұрғыдағы
дамуы мен экономикасының өсуіне басты себептердің бірі ретінде мемлекеттік
басқару органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының атқаратын
кызметі ерекше роль атқарады.
Мемлекеттік қызметтің әділ жүзеге асырылуы оның қызметкерлерінің өз
міндеттеріне жауаптылықпен қарауы қоғам мен мемлекеттің елеулі мәселелерін
шешуде орасан себептігін тигізеді Осыған байланысты мемлекеттік органдар
мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметкерлерінің арасыңдағы
қылмыстылықтың орын алуы елеулі қауіптілікті туғызып отыр. Сонымен қатар
әсіресе экономикалық қызмет саласында, саяси, әлеуметтік өмірде, соның
ішінде, мемлекеттік қызмет саласында, жергілікті өзін-өзі басқару органдары
қызметкерлері арасында ұйымдасқан қылмыстылықтың бас сұғуы басты мәселенің
бірі болып отырғандығы біздерге мәлім.
Мемлекетгік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
қызметкерлері өздерінің қылмыстық әрекеттсрі мен еліміздің қалыпты
тұрғыдағы дамып жетілуіне кедергі келтіреді. Осы аталған қылмыс түрлерімен
күресу немесе оларды алдын алу үшін мемлекетгік қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстардың түсінігі мен олардың басқа қылмыс түрлерінен айырмашылығын
білуіміз қажет. Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодексі "Мемлексггік
қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарды" жеке тараулардың бірі ретінде
айырықша белгілеп отыр.
Мемлекеттік қызмет мүдделері — коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет
мүдделерімен ұқсас болып келеді. Бірақ коммерциялық ұйымдардың лауазымды
тұлғаларының билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалануы,
азаматтардың немесе ұйымдардың құқұқтары мен занды мүдделерін елеулі түрде
бұзуға әкеп соқтырғаны мен мемлекеттік қызмет мүдделеріне және де
мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет атқаруына
кедергі келтіре алмайтындығымен айрықшаланады. Мемлекеттік аппараттың
лауазымды тұлғалары өздерінің қызмет өкілеттігін теріс пайдалануы арқылы
мемлекеттің мүддесіне, яғни заң атқарушы, соттық билікке, жергілікті өзін-
өзі басқару органдарына олардың қалыпты қызмет жүйелеріне және де азаматтың
алдында қоғам мүддесін әлсірету мен кері тартушылығымен сипатталынады.
Декоммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүддесіне қарсы
қылмыстардың ерекшелігі сол, яғни осы ұйымдардың тұлғалары, ең алдымен,
өздерінің коммерциялық құрылымдарына, сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктер
немесе сол сияқты ұйымдардың, яғни мемлекеттік емес органдардын қызметтік
емес органдары қызметтік дәрежесіне нұқсан келтіреді.
Қылмыстық заңмен, яғни мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарға
тікелей анықтама берілген, соңдықтан теориялық тұрғыда аталған қылмыстардың
тобын лауазымды адамның өз қызметтік өкілеттігін пайдаланып азаматтардың
немесе ұйымдардың құкықтары мен заңды мүдделеріне және мемлекеттік
аппараттың калыпты қызмет атқаруына қарсы қол сұғушылығын "Мемлекеттік
кызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар, деп түсінуімізге болады.
Қылмыстық кодекстің аталған тарауындағы қылмыстардың жасалуына қарай,
өзіне тән арнайы белгілерге ие бола алады: 1) мемлекеттік аппараттың заңды
қалыпты тұрғыдағы қызмет мүдделеріне қол сұғылуы, яғни заңмен қорғалатын
объектілерге қол сұғылуы; 2) лауазымды адамның өз қызметтік өкілеттігін,
қызмет мүдделеріне қарсы азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқтырған әрекеті немесе әрекетсіздік
(қылмыстын объективтік жағы); 3) коғамға қауіпті қол сұғушылықтың лауазымды
тұлғалармен, мемлекеттік қызметкерлер арқылы жасалынуы (кылмыс субъектісі);
4) қоғамға қауіпті қол суғушылықтың кінәлі түрде, яғни қасақана немесе
абайсыздық түрде жүзеге асырылуы (қылмыстың субъективтік жағы).
Осы тараудағы барлық көзделген қылмыстардың нұқсан келтіретін
объектісі болып — жергілікті өзін-өзі басқарушы органдардың мемлекеттік
аппараттың қалыпты тұрғыдағы қызметі табылады.
Аталған қылмыстардың тікелей объектісі болып - тараудағы қарайтын нақты
айқындалған (қылмыс құрамының түрлері), яғни мемлекеттік басқару органдары,
мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі
табылады.
"Қылмыстардың қосымша объектісі болып — азаматардың немесе ұйымдардың
меншігі, жеке басы мүдделері табылады. Кейбір қылмыстардың міндетті
белгісі болып олардың заты танылады: мүліктік сыйақы (ҚК 311-313-баптары),
ресми құжаттар (ҚК 314-баптары).
Басқару органдары немесе мемлекеттік органдардың қызметіне нұқсан
келтірілуіне байланысты, аталған тарау бойынша қылмыстың объективтік жағы
әр түрлі нысандардан құралған. Аталған қылмыстардың басым көпшілігі
белсенді әрекет ретінде, ал кейбір қылмыстар (салақтық, қызметтегі
әрекетсіздік) орекетсіздік ретіңде жасалынады.
Осы тараудағы қылмыстардың объективтік жағы, арнаулы белгідерге ие бола
отырып, материалды құрамдағы қылмыстарды және формальды құрамды қылмыстарды
қамтиды.
Қылмыстың материалды құрамының міңдетті белгілері болып — қоғамға
қауіпті әрекет пен түскен зардаптың арасындағы себептік байланысы
табылады.[1]
Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін не
қоғамның немесе мемлексттің заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтіруі
-қылмыстың ерекше белгілерінің бірі ретінде танылады.
Біріншіден, лауазымды тұлға немесе өкімет өкілі қызметін жүзеге
асыруында, өзіне жүктелген кызметіне міндеттерін қылмыстық жолға, яғни
кереғар пайдалануынан тұратындығымен көрінеді.
Екіншіден, (қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар) өкілеттідік бойынша өкіметтің
өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдар қызметтерін жүзеге
асырушы адамдар, азаматтардың немесе ұйымдардың
құқықтары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен
қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуы, заңды бостандықтарын, құқықтары
мен мүдделерін кемсітуі, елеулі түрдегі мүліктік зардап келтіруі,
өңдірімдерді тоқтатуымен сипатталынады.
Қылмыстың субъективтік жағы - ҚК аталған тарауда көзделген қылмыстардың
барлык түрлері кінәнің нысаны бойынша тек қасақаналық болып танылады, Қыл-
мыстық кодекстің 316-бабында көзделген қылмыс құрамы, кінәнің
абайсыздықтағы нысанын құрайды.
Кейбір қылмыстар (мысалы. ҚК 307, 310, 314-баптары) пайда күнемдікпен
немесе жеке басының мүддесі үшін немесс (ҚК 311-6) пайдақорлық мақсатпен жа-
салынады.
Қылмыстың субъектісі - заңға сәйкес лауазымды тұлғалар және мемлекегтік
кызмет аткаратын адамдар, яғни арнайы субъектілері болып, ал ҚК 312, 313-
баптары бойынша — 16 жасқа толған қандай да болмасын есі дүрыс адам
танылады., Қызмет өкілетгігін теріс пайдалану - қызмет бабын пайдаланып
жасалынатын қылмыстардың ішіндсгі кең тараған түрі болып табылады. Бұл
қылмыс мемлекеттік аппараттың қандай да болмасын саласында жасалынуы
мүмкін. Мұның қауіптілігі сол, лауазымды адамның өз қызметтік өкілеттігін
пайдалана отырып азаматардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмең қорғалатын мүдделеріне
және де мемлексттік аппараттың қалыпты қызмет аткаруына нұқсан келтіруімен
сипатталынады. Қызметтік өкілеттікті пайдакүнемдік мақсатта керсғар
пайдалану, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, парақорлық сияқты қылмыс
түрлері осы қызмет өкілеттігін теріс пайдаланумен біртекті, ұқсаса отырып
жүзеге асырылады.[2]
Аталған қылмыстың объектісі - мемлекеттік аппараттың заңды тұрғыдағы
қалыпты қызмст атқаруы болып сансыады. Өкіметтің окілі қызмстін жүзеге
асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде,
Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында
қызмет өкілеттігін теріс пайдалануы, 13-тарауда көзделген қылмыстармен
немесе осы қылмыс құрамы бойынша қылмысты жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Коммерциялык немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адамның
өз өкілеттіқгерін осы ұйымның заңды мүдделеріне қарсы және өзі немесе басқа
адамдар не ұйымдар үшін артықшылық алу, пайда түсіру не басқа адамдарға
немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында пайдалануы болса - ҚК 228-бабымен
жауаптылық көзделінеді.
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалануда, қылмыстың объективтік жағының
міндетті белгісі болып, лауазымды адамның қызмет мүдделерінің елеулі түрде
бұзылуы қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін не
қоғамға немесе мемлекеттін заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға
әкеп соқтыруы, ең алдымен, қүқыкпен қоргалатын объектілерге елеулі түрде
материалды зардап келтіреді.
Материалды зардап - мүліктік, жеке адамға қарсы, топтасқан болып
бөлінеді.
Мүліктік зардап, қылмыс жасаған сәтте, Қазақстан Республикасы заңымен
белгіленгсн айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшерінен бастап
белгіленеді.
Жеке адамға қарсы зардап, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл, орташа
ауырлықтағы, ауыр зиян келтірген жағдайда анықталады.
Топтасқан зардап, жалпы қоршаған ортаға, яғни ұйымдарға, мекемелер мен
кәсіпорындардың қызмет атқаруына нұқсан келтірілуін айтамыз.
Мүліктік және адамға қарсы, топтасқан зардап өздеріне тән баға беруге
болатыңдығымен сипатталынады, ал моральды зардап болса - қаржылай баға
бермейтіндігімен көрінед [3].
Лауазымды тұлғаның заңсыз әрекеті мен түскен зардаптың арасындағы
себептік байланыс айқыңдалуы кажет. "Қызмет өкілеттігін теріс
пайдалану, билікті немесе кызметтік өкілеттікті асыра пайдалану және
қызметтік жалғандық жасаудағы сот тәжірибесін қолдануы" туралы 30 наурыз
1990 жылғы КСРО Жоғары Соты Пленумының қаулысында келтірілген зардаптың
мазмұны мен олардың арасындағы себептік байланысты, үкімде толық түрде
камтылуы қажет деп белгілеген.
Әрине, себептік байланыстың белгілерінің орын алмағандығы, қылмыс
құрамының жоқ екендігін және де қылмыстық істі тоқтатуға негіз бола
алатындығын біздер біліп отырмыз.
ҚК 307-бабын қолдануға, аталған кылмыс құрамының субъективтік жағын
анықтау міндетті болып табылады. КК 30-бабы бойынша қылмыстың субъективтік
жағы кінәлінің қасақаналық нысанымен айқындалады.
Лауазымды адамның өз қызмелтік өкілсттігін қызмет мүдделеріне кереғар
пайдалануы, егер бүл әрекет пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке басының
мүддесі үшін жасауын қоғамға қауіпті екенін ұтып, оның қоғамдық қауіпті
зардаптары болуышың мүмкін екенің немесе чай қоймайтынын алдын ала біліп
және оның зардаптардапың болуын тілейді. Лауазымды тұлғаның зардап келуіне
байланысты кінәлілігі тікелей немесе жанама қасақаналық түрде жасалынады.
Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексі бойынша, қызмет
өкілеттігін теріс пайдалану қызметтегі жалғандық жасау, қызметтегі
әрекетсіздік сияқты қылмыс кұрамдары бойынша қылмыстық жауаптылық, тек
лауазымды адамның пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке басынын мүддесі үшін
жасалғандығы үшін пайда болады.
Жоғарыда аталған, қызметтік қылмыстардың түрлері бойынша жаңа Қылмыстық
кодексте, қылмыс кұрамының міндетті белгілері болып мақсаты, ниет (мотив),
түрткісі танылады.
Пайдакүнемдікпен жасалған кылмыстар ниеттің, мақсаттың болуы, лауазымды
тұлғаның заңсыз сыйақы, мүлік, ақша, көлденең табыс, я болмаса материалды
түрдсгі басқа да жеке басының пайдасына шешілетін қажетті жағдайлар
жасалуымен сипатталады.
Өзге де жске басының мүддесі үшін жасалған әрекеттер деп, мүліктік
емес, яғни карьеризм, қызғанушылық, протекционизм, жағымпаздық т.б. осы
сияқты бел-гілермсн ұштасқан әрекеттерді айтамыз.
Заңға сәйкес аталған қылмыс құрамының субъектісі болып, біріншідсн,
өкімет өкілі қызметін жүзеге асырушы лауазымды тұлғалар; екіншіден,
мемлекеттің міндетін тікелей орындау үшін қажетті қызметтерді атқаратын
адамдар танылады.
Мемлекеттік қызметшінің анықтамасы 23 шілде 1999 жылғы, Қазақстан
Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңыңда белгіленгендей,
мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе
жергілікті бюджеттен не Казақстан Рсспубликасы Ұлттык банкінің қарсысынан
ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлскеттің міндеттсрі мен
функцияларын іске асыру мақсатыңда лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының азаматы, делінген.
Қылмыстық кодекс бойынша осы аталған мемлекеттік қызметшілер жеке
санаттарға бөлінеді:
1) өкімст өкілінің міндеттерін немесе арнайы өкілеттікті ұдайы, уақытша
орындайтын мемлекеттік қызметші;
2) ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің
міндеттерін жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-
өкімберушілік немесе әкімшілік шаруашылық қызметтерді, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республиксасының Қарулы
Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери
құрамаларында қызметтерді атқарушы адамдар.
Өкімет өкілі деп - өзіне тен қызметі бойынша, тәуелді қызметксрлерге ие
жоне де окіметтік уәкілеттікке ие бола отырып мемлекеттік қызметтерді
жүзеге асыратын адамдар танылады.
Өкімет өкілінің қызметі (Заң шығарушы, заң атқарушы, соттық) өкімет
тармақтары бойынша, республиканың сонымен қатар, жергілікгі өзін-өзі
басқару органдары орындарының көлемінде жүзеге асырылады.
Заң шығарушы органның өкілдері болып, Мәжіліс депутаттары,
Парламент Сенатының сенаттары және мәслихат депутаттары табылады. Заң
шығарушы органның өкілі мүшелері болып, Қазақстан Республикасы басқару
органы, жергілікті өзін-өзі басқару, сонымен қатар құқық қорғау және
бақылау органдары ІІМ, ҰҚК, прокуратура, кеден, салық қызметі, шекара т.б.
саналады. Сот органдарына, соттық деңгейдегі барлық сот қызметкерлері
кіреді. Өкімет өкілінің міндеттерін атқарушы тұлғалар болып, мемлекет
тарапынан қоғамдык инспекторлар, ревизор, қадағалаушы т.б. заңды мәні бар
өкілсттік тұрғыдағы кұзіреті бар адамдар танылады.
Ұйымдық-өкімдік міңдеттер деп - адамдармен тікелей басқарылатын
ұжымдарды немесе қызметтік өндірістік мекемелердегі бақылау. Қазакстан
Республикасының Қарулы Күштерінде немесе басқа да әскери құрамаларында
мемлекеттік тәртіпті қадағалау функциялары танылады.
Әкімшілік-шаруашылық міндеттер, мемлекеттік меншіктегі мүліктерге, яғни
оларды пайдалану мен қолдану, сақтау, іске асыруда я болмаса тұтынуда
есепке алу, сонымен қатар қаржы болу, соған қатысты құжаттарды дайындау
сиякты белгілерді қамтиды.
Оларға шаруашылык жоспарлау, есеп білімі қызметкерлері, қойма,
мемлекеттік дүкен меңгерушілері, құрылым бөлімшелерінің ұйымдастырушыларын
жатқызуға болады.
Арнаулы өкілеттіктер, ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық
міндеттемелерді кадағалап жүзсгс асырудағы қызметтер болып табылады. Бұл
қызметтер, арнайы құкықтық актілер (бұйрық, қоғамдық ұйымдардың келісімі
бойынша) ауызша өкімдер арқылы мақұлдануы мүмкін. Жүктелгсн қызметтік
құзірет, белгілі бір уакыт аралығында нақты бір жүктелгсн міндеттемелерді
атқару үшін тағайындалады.[4]
Қарастырылып отырған баптың 2-бөлігі, жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын
адам жасаған нақ сол әрекеттер үшін қатаң жауаптылық көзделгсн. Осы баптың
ескертуінің 2-бөлігіне сәйкес, мемлекеттін міндетін және мемлекеттік
органдардың өкілеттігін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының
Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және де өзге
зандарында белгіленетін қызметтерді
атқаратын адамдар жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар деп
түсініледі. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар болып, ҚР
Президенті, ҚР Басқару өкіметінің председателі, парламент, палата
председателі, министрлер, Жоғарғы сот председателі, бас прокурор немесе
т.б. ҚР жоғарғы лауазым иелері табылады.
Аталған баптың 3-бөлігі ерекше дәрежеленген мән-жайларға байланысты
ауыр зардаптарға океп соққан әрекеттсрді көздейді. "Қызмет өкілеттігін
теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану және
қызметтік жалғандық жасалғаны үшін сот тәжірибесін қолдану туралы 30 наурыз
1990 жылғы КСРО Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында аса ірі мөлшердегі
материалдық зардаптың немесе денсаулыққа ауыр зиян келтірілуі қызмет
өкілеттігін теріс пайдаланудың салдарын, пайда болса ауыр зардаптарға әкеп
соққан әрекеттерге жатқызылады деп көрсетілген.
Егер лауазымды адамның теріс әрекеттері пайдакүнемдікпен немесе өзге де
жеке басының мүддесі үшін жасалса және азаматтардың немесе ұйымдардың
құқықтары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен
қорғалатын мүддслерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқтырмаса, қылмыстық
жауаптылық пайда болмайды, керісіншс тәртіптік жауаптылыққа әкеп соқтыруы
мүмкін.Билікті немесе қызметтік өкілеттікгі асыра пайдалану, қызметтік
өкілеттікті теріс пайдаланудың ерекше бір түрі болып танылады. Бұл қылмыс
құрамының қызмет өкілеттігін теріс пайдаланудан (ҚК 307-6) айырмашылығы,
яғни лауазымды адамның құқықтары мен өкілетгігі шегінен көрінеу асып
кететін және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін
не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделрін бұзуы, нұқсан
келтіруі болып танылады.
Қылмыс құрамының нақты белгілерін анықтау үшін, лауазымды адамның
қызмет өкілеттігі шегін анықтауымыз кажет.
Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың объектісі болып
- мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет атқаруы танылады.
Билікті немесе қызмттік өкілеттікті асыра пайдалану тек сол лауазымға
ие болған адамның өз өкілеттігін пайдалана отырып жасалуымен анықталады.
Егер асыра пайдалану, лауазымды адамның қызмет бабын пайдалануымен
ұштаспаған жағдайда ҚК 308-бабында көзделген қылмыс, құрамын құрамайды.
Қылмыстың объсктивті жағы бойынша бұл қылмыс үш міндетті белгілерімен
сипатталады: лауазымды адамның құқықтары мен өкілетгігі шегінен көрінеу
асып кетуі; азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін
не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде
бұзуы; билікті немесе қызметтік өкілетгікгі асыра пайдаланудың
нәтижесіндегі тигізілгсн зардаптардың арасындағы себептік байланыс.
Лауазымды адамның құқықтары мен өкілеттігі шегінсн көрінеу асып кетуі
туралы түсінік, КСРО Жоғарғы Соты Пленумы 30 наурыз 1990 жылғы қаулысында
былай деп көрсетілгсн:
1. аталған әрекеттерді өкілеттілікке ие адамның құзіретімен ғана іске
асырылуы (мысалы, жоғары оку орны ректорының құзіретімен шешілетін
мәселелерді, факуль-тет деканының өздігінше шешім қабылдап жүзеге асыруы);
2. басқа ведомстволардағы лауазымды тұлғаның кұзіретіне қатысты әрекеттер
(мысалы, қылмыстық іс бойынша анықтама, тергеу, прокуратура, сот құзіретіне
қатысты тінту жүргізу құқығын, аудан әкімінің бұйрығымен жүзеге асырылуы);
- коллегиалды органдардың құзіретіне қатысты әрекеттер (мысалы,
арнаулы дәрігерлік-еңбектік сараптаушы комиссиясының шешімімен берілетін
мүгедектік анықтаманы. дәрігердің беруі);
- лауазымды тұлғаның немесе белгілі бір органның құзіретіне қайшылық
тудыратын әрекеттер (бағынушы, тәуелді тұлғаларға күш қолдану, қорқыту
немесе жәбірленушінін мүддесіне нұқсан келтіруі).
Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудағы қылмыс
құрамының белгілерінің болуы үшін, лауазымды адамдардың құқықтарымен
өкілеттігі шегінен көрінеу асып кетуі, азаматтардың немесе ұйымдардың
құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттік заңмен
қорғалатын мүдделердің елеулі түрде бұзылуы және осы аталған тұлғалардың
әрекеттері мен түскен зардаптың арасындағы себептік байланыстың болуы
қажет.
Білікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудағы мемлекеттің
заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылуы, қылмыстың объективті
жағының міндетті белгісі болып табылады. Қылмыс құрамының міндетті
белгілері ретінде елеулі түрде бұзылуының орын алмауы болған жағдайда ҚК
308-бабы бойынша қылмыстық жауашылық пайда болмайды.
Қылмыс аяқталған болып, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен
заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүдделерін елеулі түрде бұзған сәттен бастап саналады. Тәжірибеде мұндай
зардаптар (дене немесе психикалық күштеу түріндегі келтірумен айқындалады.
Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудағы физикалық
күштеуге – жәбірленушіні ұрып соғу, денегс жарақат салу, қорлау, заңсыз бас
бостандығынан айыру сияқты әрекеттер жатады. Қызметтік өкілеттікті асыра
пайдаланудағы психикалық күштеуде - денеге зиян келтірумен үрейлендіруі
сияқты қорқытуы, я болмаса жәбірленушіге белгілі бір міндетті әрекеттерді
жасауына мәжбүр етуі сияқты т.б. әрекеттер танылады.
Психикалық мәжбүр ету ауызша немесе қағаз жүзінде жәбірлснушінің
тікелей өзіне не болмаса оның жақын туыстарына қолданылуы мүмкін.
Аталған қылмыс құрамы субъективтік жағы бойынша тек қасақаналық болып
табылады. Кінәлі адам, өзінің іс-әрекетін, яғни билікті немесе
қызметтік өкілеттікті асыра пайдалануда, оның қоғамға кауіп туғызуы
мүмкін екенін немесе болмай коймайтынын алдын ала білуі және осы
зардаптардың болуын тікелей ниетпен саналы түрде жол беріп жасауымен орын
алады.[5]
Қылмысты дәрежелеу кезінде қылмыстың себебінің (түрткісі) әсері
болмайды. Қылмыс субъектісі болып, мемлекеттік қызметшілер саналады
Аталған баптың 2-бөлігі, жауапты мемлекеттік лауазымда істейтін адам
жасаған нақ сол әрсксттер болып табылады.
Бұл бөлік жаңа дәрежеленуші мән-жай болып саналады.
Аталған баптың 3-бөлігі, ерекшс дәрежеленген мән-жайлар ретінде осы
баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген ауыр зардаптарға сол
сияқты олар күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы не қару
немесе арнаулы құралдар қолдану арқылы жасалған әрекеттерді белгілеген.
Мұндай ауыр зардаптар байсызда кісі өлтіру немесе елеулі түрдегі материалды
немесе басқа да ауыр зардаптардың түсуі белгілерін камтиды.
Билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланудағы қасақана
кісі өліміне не болмаса денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендік үшін
кылмыстық жауаптылық "Қылмыстың көптілігі" бойынша дәрежеленуі қажет деп
"қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілеттікті
асыра пайдалану, салақтық қызметтік жалғандық жасаудағы сот тәжірибесін
қолдану туралы" 30 наурыз 1990 жылғы КСРО Жоғарғы Сот Пленум
қаулысының 13-тармағында тіке бслгіленген.
Мемлекет, кызмет өкілетгігін теріс пайдаланушылармсн немесе қызметтік
өкілеттікті асыра пайдаланушылармен күресе отырып, сонымен катар баска да,
яғни лауазымды адамның өкілеттігін иемденушілермен де бір тұрғыда күрес
жүргізіп отырады. Өйткені лауазымды адамның өкілеттігін иемдену
азаматтардың немесе ұйымдардын құкықтары мен занды мудделеріне немесе
мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет атқаруына нұқсан келтіреді. Осы мән-
жайларды ескере отырып лауазымды тұлға емес, мемлекеттік қызметшілердің
лауазымды адамның өкілеттігін иемденгені үшін, Қазақстан Республикасы ҚК
309-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықты белгілейді.
Осы аталған қылмыс құрамының объектісі болып мемлекеттік аппараттың
кейбір құрылымдарының қалыпты қызметі болып танылады.
Қылмыстың объективтік жағы - лауазымды адам болып табылмайтын
мемлекеттік қызметшінің, лауазымды адамның өкілеттігін иемденуі және соған
байланысты оның жасаған әрекеті азаматтардың немесе ұйымдардың кұқықтары
мен занды мүдделерін елеулі түрде бұзуы.
Қылмыс белсенді түрдегі әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі,- мемлекеттік
қызметші, лауазымды адамның өкілеттігін өздігінше иемдене отырып, заңсыз
түрде олардың өкілеттігін жүзеге асырады. Иемденіп алудың нысаны занда
белгіленбегендіктен олар әр түрлі тұрғыда болуы мүмкін.
Мысалы, аудандық өкімнің қатардағы қызметкер-референті адамдарды
қабылдап, олардың сұрақтарын шешіп, маңыздылығы бар құжаттарға бастығының
атынан қол қоюы; қатардағы полиция қызметкері өзін ІІБ жедел-іздестіру
қызметкері ретінде көрсетіп азаматтарға заңсыз талаптар қоюы.
Лауазымды адамның өкілеттігін иемденуі салдарынан, оның жасаған қоғамға
қауіпті әрекетімен бірге азаматтардың ұйымдардың құқықтары мен занды
мүдделе-рін елеулі түрде бұзуы - қылмыстың объективтік жағының міндетті
белгісі болып танылады.
Қылмыс құрамы құрылымына қарай - материалды болып саналады. Осыған
байланысты келесі міндетті белгілерінің бірі болып кінәлі адамның заңсыз
әрекеті мен түскен зардаптың арасындағы себептік байланыс танылады.
Қылмыс аяқталған болып ұйымға немесе мекемелерге не болмаса
азаматтардьщ мүдделеріне елеулі түрде зардап түскен сәттен бастап саналады.
Лауазымды адамның өкілеттігін иемденудің, субъек-тивтік жағы - тікелей
қасақаналықпен жасалынады.
Қылмыстың субъектісі болып, тек лауазымдык қызметкс ие болмаған,
мемлекеттік қызметші танылады. Егер осы аталған қылмыс құрамы бойынша
қылмыстың субъектісі, мемлекеттік қызметші болып табылмаса, осы бап
бойынша дәрежеленбейді.
Бірақ мән-жайларға байланысты осы кодекстің басқа да баптарымен мысалы;
алаяқтық, қорқытып алушылық, тұрғын үйдің қол сүғушылығының бұзылуы т.б.
баптарымен дәрежеленуі мүмкін.
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалануда (ҚК 307-6.) қылмыс субъектісі
лауазымды адам болып танылса, лауазымды адамның өкілеттігін иемденуде
қылмыс субъектісінің айырмашылығы, ягни заңмен лауазымды тұлға деп
белгіленбеген, мемлекеттік қызмет иесі болып танылады.

"Кәсіпкерлік қызмет"деп азаматтардың мүдделеріне олардың сұраныстарын
тауарлық немесе басқалай түрде қанағаттандыра отырып мүдделері үшін пайда
келтіруі танылды деп, 11 желтоқсан 1990 жылғы 'КССР-інде шаруашылық
қызметтердің бостандығын жеке кәсіпкерлікі дамыту туралы" Заңыңда
белгленген. Лауазымды адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы ұйым
құруы не мұндай ұйымды басқаруға тікелей өзі немесе заңмен белгіленген
тыйым салуға қарамастан, сенім білдіргсн адам арқылы қатысуы, егер осы
әрекеггер мұндай ұйымға женілдіктер және басымдықтар берумен немесе өзге де
нысандағы қамқоршылыққа байланысты болуы осы қылмыс құрамының объективтік
жағы болып табылады.
Кінәлі лауазымды адам өзінің, қызмет бабын пайдаланып, өз мүддесі үшін
ұйым құрады, немесе мұндай ұйымды басқаруға тікелей өзі не болмаса сенім
білдірген адам арқылы қатысады.
Кінәлі адамның осы немесе өзге де нысандағы әрекеттері заңмен
белгіленген лауазымды өкілеттігін пайдалануы арқылы жүзеге асырылады.
Казақстан Республикасының заң күші бар 23 шілдеде 1999 жылгы
"Мемлекеттік кызмет туралы" Заңында, педагоггік, ғылыми жене де өзге де
шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;
кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде коммерциялық ұйымда, оны
басқаруға, тікелей қатысуы Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін
болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға,
қатысуга құкығы жоқ деп тіке белгіленген.
Қылмыс құрамы бойынша қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарттарының бірі
болып, кінәлі адаммен кәсіпкерлік ұйымның арасындағы себептік байланыстың
болуы саналады.
Аталған қылмыс құрамы формальді болып табылатындықтан қылмыс, яғни ҚК
310-бабындағы әрекеттердің басталуы сәтінен аяқталынған деп ескерілінеді.
Қылмыс субъектісі болып - лауазымды адамдар танылады (ҚК 307-6.
алдануын қараңыз). Аталған баптың 2-бөлігі, лауазымды мемлекеттік емес
ұйымдарға, сонымен катар қоғамддық бірлестікгерге лицензиялау өкілеттігін
(қоғамдық бірлестіктерге) бергендігі үшін қылмыстық жауаптылықты
белгілеген. Кәсіпкерлік қызметкс заңсыз қатысу объеюивтік белгілері бойынша
билікті немесс қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланумен ұқсастықтарға ие.
Олардың айырмашылығы сол, лауазымды адамның мемлікеттік емес ұйымдарға,
қоғамдық бірлестіктерге лицензиялау өкілеттігін беруі қызметтік өкілеттікті
асыра пайдланудан жеке тұрғыда жасалатындығымен айрықшаланды.
Парақорлық, яғни пара алу, пара беру және парақорлыққа делдал болу —
қоғамға қауіп төндіретін кұбылыс болып табылады Аталған қылмыстар
мемлекеттік қызмст мүддслері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
қызмет мудделеріне елеулі нұқсан келтіреді. Аталған үш қылмыс құрамы бір-
бірімен тығыз байланысты. Әдеттегідсй, бұл қылмыстар бір-бірімсн байланыса
отырып жүзеге асырылады. Параның заты болып заңмен белгіленгендей ақша,
бағалы қағаздар, мүлікті иемденуге құқық беретін заттар, сондай-ақ
пайдақорлық сипаттағы өзге де жеңілдіктер болып саналады.
Пара алуда ақша болып, яғни қылмыстың заты ретінде Қазакстан
Республикасының ұлттық банкнотты ақша белгісі бар (валюта) немесе басқа
да мемлекеттердің каражаттары табылады. Ең басты ақша параның заты ретінде
танылуы үшін біздің немесе басқа да елдердің қаржылық айналымында орын алуы
керек. Егер қаржы айналымында болмаса да, өзінің кұндылығы немесе қымбат
екендігімен бағаланса (мысалы, алтын, күміс т.б.) паранын заты ретінде
"өзге де мүліктср" деген түсінікті құрайды.
Бағалы қағаздар деп - мүліктік құқықтарға ие бола сенім білдіретін,
яғни солардың көмегімен қажетті заңға ие болуға мүмкіндік беретін
құжаттарды (чек, вексель, депозит, сертификат, конос мент т.б.) түсінуге
болады.
Өзге де мүліктерге материалдық құндылығы бар, қандай да болмасын
(ювслирлік бұйымдар, жиһаз, көлік, тұрмыстық техника, киім тағамдар т.б.)
заттар жатады.
Параның заты ретіндс пайдақорлық сипаттағы өзге дс жеңілдіктер болып, тегін
түрдегі көрсетілген ақылы қызметтер, мүлікке құқық беретін жеңілдіктер
(кұрылыс, жөндеу жұмыстарын жүргізу; санаториялық немссе туристік
жолдамаларды, жол билеттерін алып беру; жеңілдік жағдайындағы қарыз немесе
несие алуға жәрдемдесу және т.б.) саналады. Лауазымды адам алған параның
мөлшері, жалпы зандылықтарға сәйкес оның әрекетіндегі қылмыс құрамының бар
немесе жоқ екендігін шешу барысында маңыздылығы болмайды. Сонымен қатар ҚК
9-бабы, екінші бөлігінің осы әрекеттсрге де қатыстылығы бар екендігін
білуіміз қажет. Осыған байланысты заң шығарушы ҚК 311-бабы 2-ескертуінде,
егер сыйлықтың құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, лауазымды
адамның бірінші рет сыйлық ретінде мүлік, мүлікке немесе өзге мүліктік
пайдаға құқық алу бұрын жасалған заңды әрекеті (әрекетсіздігі) үшін алдын
ала бағдаластық болмаған жағдайда, маңызы аз екендігіне байланысты қыл-мыс
болып табылмайды және тәртіптік ретгюн қудаланады деп белгілеген.
Қылмыстың субъекгивтік жағы болып - лауазымды адамның өзі немесе делдал
арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-
әрекеті (әрекетсіздігі) үшін, түріндегі пара алуы, егер мұндай іс-әрекет
(әрекетсіздік) лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне
кіретін болса, не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке
(әрекетсіздікке) мүмкіңдік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе
қызметі бойынша жол беруі табылады.
Пара алу әр түрлі нысанмен жүзеге асырылады: заттай, ақшалай немесе
мүлікке құқығы, не мүлік сипатындағы пайда түрінде алуы т.б.
Аталған қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде лауазымды адамның
әрекетімен, пара берушінің немесе оған делдал адамның арасындағы
келісімділік байланыс болуы қажет. Соның ішінде бұл әрекет (әрекетсіздік),
пара алушы лауазымды адамның қызмет жағдайымен байланысты (мысалы, тергеуші
өзінің жүргізуіндегі қылмыстық істі тоқтатуы) болатыңдығында. Кейбір
жағдайда қызметтің лауазымдық жағдайымен байланыссыз тұрғыдағы пара алуы
орын алады (мысалы, аудан әкімі өзінің дәрежесін пайдаланып субъектінің
салық төлеу жауаптылығынан босатуы)
Пара алу тек нақты келісімді әрекеттермен ғана емес, сонымен қатар
қамқоршылық немесе қызметі бойынша жол беруі (еңбектік тәртіп бұзғаңдығын
ескермеу, жасырып қалуы т.б.) арқылы жасалады.
Пара алу - қылмыстың формальды құрамына жатады. Қылмыс - пара алушының
пара алған сәтінен, яғни сол нара алғандығы үшін пара берушіге қажетті
жағдайларды жасауы немесе толық орындалуына қарамастан аяқталады.
Осыған сәйкес пара алушы, параның толық немесе жартылай алынғандығының
маңыздылығының жоқ екен-
дігін біле алмауы мүмкін. Демек, заң бойынша ешқандай маңыздылығы жоқ.
Егер пара жартылай алынып, бірақ ірі мөлшерде деп танылса, онда мұндай
жағдайда ол ірі мөлшерде пара алуға оқталу деп ескерілінеді. Сол сиякты
жалған ақша, не болмаса адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша акырына
дейін жеткізілмесс пара алуға оқталу деп ескерілінеді (мысалы, әрекеттің
құқық қорғау оргаңдарымен тоқталуы). Мүлікке немесе өзге мүліктік пайдаға
құкык алуы бұрын жасалған занды әрекеті
(әрекстсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда, оның
кылмыстық жауаптылыққа маңыздылығы болмайды.
Пара алудың субъективтік жағы - тікелей касақаналы болып танылады.
Субъект пара туы туралы білмеуі және оны алуды тілеуі қажет. Сонымен қатар
кінәлі аталған әрекеттерді орындамағандағы үшін пара алуы қажет екендігі
туралы ниеті қамтылуы тиіс.
Ең бастысы, лауазымды адамның пара алуға өз еркі болғаңдығын
анықтауымыз қажет. Егер лауазымды тұлғаға қамқоршылығы үшін өз еркінен тыс
келісімсіз пара ұсынылса пара алудың белгілерін құрамайды.
Аталған қылмыс құрамының субъектісі болып – тек лауазымды тұлға
танылады. Егер субъект пара алу мақсатында өзін жалған түрде лауазымды
тұлға ретінде көрсетсе оның әрекеті пара беруге айдап салушы ретінде
дәрежеленеді.
ҚК 311-бабы екінші бөлігі, дәрежеленгсн қылмыс құрамы, яғни лауазымды
адамнын заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздігі) үшін пара алуын белгілейді. Заңсыз
іс-әрекет деп мемлекеттің заңды мүдделерін бұза отырып, теріс әрекеттер
жасауын айтамыз. Егер заңсыз іс-әрекеттер қылмыс болып танылса, ондай
жағдайда осы әрекеттерді 311-баптың 2-бөлігімен және ҚК сәйкес баптарының
жиынтығымен (тонау, қызмет өкілетгігін теріс пайдалану, қызметтік
жалғандық жасау, көрінеу заңсыз кылмыстық жауаптылықтан босату т.б.)
дәрежеленуі тиіс.
ҚК 311-бабының 3-бөлігі, жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адам
жасаған әрекеттер үшін қылмыстык жауаптылықты көздеген (ҚК 307-бабы
талдауын қараңыз).
Осы баптың төртінші бөлігі пара алудың ерекше дәрежеленген белгілерін
көздегсн:
а) қорқытып алу жолымен;
б) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ;
в) ірі мөлшерде.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22
желтоқсандағы № 9 қаулысының 8-ші тармағы лауазымды адамның пара
берушінің заңды мүддссіне залал келтіретін әрекеттер істелінетінін айтып
қор-қыту әрекеттерін жасап пара талап етуі немесе соңғыны өзінің құқықтық
мүдделеріне тиетін зиянды зардаптар болдырмау мақсатында пара беруге мәжбүр
болуы жағдайына жеткізу - параны қорқыту арқылы алу деп танылады.
Адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топтың түсінігі
ҚК 31-бабында белгіленген. Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Соты Пленумының қаулысы 6-шы тармағымен сәйкес "лауазымды емес кісімен
келісіп пара алған лауазымды адамның ерекеті бір топ адамның аддын ала
келісіп пара алғаны ретінде бағаланбайды". Сондықтан адамдар тобы алдын ала
сөз байласын немесе ұйымдасқан топ иелері тек лауазым иелері болуы тиіс[5]
Осы қылмыстың құрамына кіретін субъектілер — лауазымды адам болып
танылмаса, олар ҚК 27-бабына сілтене отырып, пара алуда қылмысқа қатысушы
болып танылады. Қылмыс аяқталған болып, параны ең болмағанда бір лауазымды
адамның алған сәтінен бастап қылмыс жасалынды деп есептелінеді және бұл
жерде пара берушінің пара алуға бірнеше лауазымды адамнын катысқандығы
екендігінін білгендігі немесе ол туралы білмеуінің маңыздылығы болмайды.
Ірі мөлшердегі пара алудың түсінігі ҚК 311-бабы-ның 1-ескертуінде
белгіленген (бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы бағалы
қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны ірі
мөлшердегі пара деп танылады). Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Пленумының қаулысында белгітендей, бір топ адамның алдын ала келісімі
бойынша алған параның мөлшері алынған бағалы заттардың немесе көрсетілген
қызметтің жалпы құны бойынша анықталады, ал негізсіз иемделген бағалы
заттарды мемлекет есебіне қайтару кезінде әрбір пара алушының ақшалай
немссе материалдық пайдасының мөлшері тұрғысынан есептеледі. Егер ірі
немесе ірі мөлшердегі заңсыз сыйақы бөліп-бөліп алынса, бірақ бұл әрекет
жалғасы бір қылмыстың жеке көріністері болып табылса істелінген әрекет
тиісінше ірі немссе аса ірі мөлшерде алынған пара
ретінде сараланады. Пара берудің объектісі немссе оның қылмыс заты, ҚК 311-
бапта көзделген қылмыс қүрамымен (пара алумсн) толық түрде ұқсас болып
келеді. ҚК 312-бабы 1-ескертуінде белгіленгендей, лауазымды адамға оның
бұрын жасаған іс-әрскеті (әрекетсіздігі) үшін екі айлық есептік
көрсеткіштен аспайтын сомада немесе құны сондай алғаш рет сыйлық беру, егер
лауазымды адам жасаған іс-әрекет (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпсн
байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Қылмыстың объективтік жағы болып — лауазымды адамға тікелей немесе
делдал арқылы пара беруі танылады. Аталған қылмыс құрамы — формальды. Пара
беру, лауазымды адамның параны толық немесе жарым-жартылай алғанына
қарамастан немесе сол пара берушіге қажетті жағдайларды толық түрде
орындауына байланысты болмаса да, яғни сол параны берген сәттен қылмыс
аяқталған болып саналады.
Егер лауазымды адамның пара берушімен пара алуы туралы келісімі жоқ болса
немесе параны қабыл алмаса, мұндай жағдайда пара беруге оқталу, не параға
немесе сатып алуға арандату болып табылады. (ҚК 349-бабын кара-ңыз).
Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі зандарды соттардың қолдануы
туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22
желтоқсандағы № 9 қаулысында Мемлекеттік, қоғамдық немесс ұйымдардың
басшылары қызметі бойынша бағынышты адамдарға басқа лауазымды адамға пара
беру жолымен ойланған әрекетке немесе әрекетсіздікке жетуге тапсырма берсе,
ондай адамдар пара беруші ретінде жауапқа тартылады. Пара үшін ойлаған
әрекеттерді орындауға келісімге келген және параны табыс еткен қызметкер
параны беруге қатысушы ретіндс жауапқа тартылуы тиіс. Егер аталған адам
жүктелген істің сипатын біле тұрып, тек параны апарып берсе, оның әрекеті
парақорлыққа деддал ретінде сараланды деп түсіндірілген.
Параны беруде қылмыстың субъективтік жағы болып тікелей қасақаналық
табылады. Субъект пара алушының тапсырмасымен әрекет ете отырып, тікелей
пара беруді ұйымдастырып лауазымды немесе басқа адамға пара бергендігі
туралы білуі немесе тілеуі қажет.
Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының
қаулысында құнды нәрселерді алудың немесе қызмет көрсетудің шарттары арнайы
келісілмеген, бірақ қылмысқа қатысушылар параны берушінің мүддесін
қанағаттандыру мақсатында табыс еткенін түсінген жағдайда айыпты адамдардың
әрекеттері пара беру және пара алу деп дәрежеленуге жатады. Басқа мақсатпен
қымбат заттарды (мысалы, мемлекеттік қызметін өзінің қызмет бойынша бастығы
қызының қолын сұрауы үшін бағалы сыйлық ұсынуы) беру осы қылмыс құрамын
құрамайды.
Пара берудің субъектісі болып — 16 жасқа толған қандай да болмасын адам
танылады.
Аталған қылмыс құрамының екінші бөлігі дәрежеленген құрамды; көрінсу
заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін лауазымды адамға; әлденеше
рет; ұйымдасқан топтьщ пара беруін белгілейді.
Көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) әр түрлі сипатта болуы мүмкін;
көрінеу заңсыз жүргізуші куәлігін беру, қылмыстық жауаптылықтан
босату т.б.
Пара беруші адам пара алушы адамның жасаған әркеттерін заңсыз екендігін
ұғыну маңызды болып табылады. Егер, пара лауазымды адамға қылмыстық
әрекеттерді жасауы үшін берілген болса, пара беруші адам ҚК 312-бабы 2-
бөлігі бойынша жонс қылмысқа айдай салушы ретінде, қылмыстың жиынтығы
бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.[6]
Қылмыстың әлденеше рет жасалуы ҚК 311-бабында белгіленгендей, яғни осы
пара беру бойынша да қолдана аламыз. Осыған сәйкес жоғарыда аталған
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы 7- тармағында,
жауапқа тарту мерзімі етіп көтпеген жағдайда параны алу, беру немесе
парақорлыққа делдал болу қылмыстары кемі екі рет жасалынса, онда аталған
қылмыстар әлденеше рет жасалған деп есептелінеді.
Егер әрбір пара берушінің, мүддесі үшін жеке-жеке әрекет жасалып,
бірнеше адамнан бір мезгілде пара алынса, онда пара әлденеше рет алынды деп
саралануы керек деп белгіленген.
Пара берушінің қажет еткен нәтижссін қамтамасыз ететтінін орындағаны
немесе орындамағаны үшін параны әлденееше рет беру немесс алу, сол сияқты
өзара алдын келісіп қылмыс жасаған лауазымды адамдар тобына пара беру
немесе аталған жағдайларда делдал болу, бірнеше рет жасалған қылмыс ретінде
қарамайды.
Ұйымдасқаи топтың пара беруі. пара алудағы қылмыстың құрамы түсінігімен
ұқсас болып келеді [7].
Аталған баптың 2-ескертуінде, егер лауазымды адам тарапынан оған
қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені
туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға оз еркімен хабарласа, пара
берген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады деп марапаттаушы норма
белгіленген.
Параны қорқытып алудың түсінігі ҚК 311-бабында анықталған. Пара беруі
туралы өз еркімен хабарлауы, ешқандай мәжбүрлеусіз белгілі бір органға өз
еркімен хабар беруін ерікті түрде деп айтуға болады.
Пара бергендігі туралы белгілі бір органға мәлім болғандығы туралы
сезіп, оның артынан хабарлауы, ерікті түрде хабарлау деп танылмайды. Пара
беру туралы арызды қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға, яғни
прокуратураға, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ІІМ, салық полициясына берілуін
заң талап етеді. Алдын ала пара беретіндігі туралы хабар берген адам алдына
мақсат қоюы мүмкін: пара алушыны ұстап беру. Мұндай жағдайда пара беруші
ретінде мұндай адамдар ҚК 312-бабының ескертуі 2-бөлігімен байланысты емес,
керісінше ҚР Қылмыстық Іс жүргізу кодексі 37-бабы бірінші бөлігі, екінші
тармағы бойынша қылмыстық қудаланудан босатылуы тиіс. Сондықтан олар
құқықтық шарттарға сәйкес жәбірленуші деп танылуы мүмкін.

Парақорлыққа делдал болудың объектісі және оның қылмыстың заты толық
түрде пара алудың объектісі мен қылмыс затымен ұқсас болып келеді (ҚК ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс құрамының белгілері
Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену
Қылмыс құрамы жайлы
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Қылмыс құрамының ұғымы
Лауазымдық қылмыс субъектілері
Қылмыс және қылмыстық құқық
Аса ауыр қылмыстар
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Пәндер