Тау беткейлерінің мүздықтары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3-4

Бірінші тарау. «Гляциология» - мұздықтар туралы ғылым5-13

1. 1 Мұздықтардың пайда болуы жэне өмір сүру жағдайы.

1. 2 Мұздықтардың өзіндік ерекшеліктері.

Екінші тарау. Мұздықтардың типтері14-46

2. 1 Мұздықтардың бұзушылық әрекеті.

2. 2 Қазақстан тауындағы мұздықтар.

2. 3 Тұйықсу мұздығы.

2. 4 Мұздықтардың халық шаруашылығындағы маңызы.

III. Қорытынды47-48

IV. Пайдаланылған әдебиеттер49-50

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Жер жүзінде құрлықтың 16, 2 млн км 2 аумағын, яғни оның 11%-ын мүздық басқан. Ондағы мұздың жалпы көлемі-30 млн км 3 . Жердегі мүз қорының негізгі бөлігі полярлық өлкелерде шоғырланған. Әсіресе Антарктидада мұз қабатының қалыңдығы 4 км-ге жетеді. Атмосферадағы, судағы, құрлықтағы, жер қабығындағы мүздар өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесіне, адам іс - эрекетіне жэне шаруашылық саласына эсер етеді.

Жер бетіндегі мұздықтар, түрлері мен таралуы жэне халық шаруашылығындағы маңызын жан - жақты танытудың өзі зерттеу жүмысының маңызын, мәнділігін көрсетпек.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Ғылыми жұмысымыздың негізгі мақсаты - қү-рлықтар гидрологиясының бір бөлігі-мұздықтардың пайда болуы мен таралуы, түрлері жэне халық шаруашылығындағы маңызын көрсету.

Бұл мақсатты орындау үшін алдымызға төмендегі міндеттерді қойдық:

- Мұздықтар жайында мағлүматтар жинастыру;

- Мұздықтар жайында мағлүматтар жинастыру барысында Қазақстан

тауларындағы мүздықтардың халық шаруашылығындағы маңызын

қарастыру;

- Қазіргі мүздықтар экологиясын қарастыру.

Зерттеу әдістері:

Жұмысты жазу барысында талдау, жинақтау, ой қорыту, жүйелеу. салыстыру, зерттеу эдістері қолданылды.

Зерттеудің дерек көздері:

Еңбекті жазу эрі тақырыпты ашу барысында біздің мақсаттарымызға сэйкес мұздықтар жайында талдау жасап, түжырым түйген баспасөз беттерінде жарияланған М. Өтемағамбетовтың, Ә. Бейсенованың, Ж. Көпбасаровтың, Н. Тұяқбаевтің еңбектері пайдаланылды. Сонымен қатар мерзімді баспасөздер, ғылыми журналдардағы материалдар қарастырылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі екі тарау жэне қорытынды бөлімнен ұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

Ғылыми жұмыстың зерттеу нысанасы:

Ғылыми жұмыста негізгі нысанаға алынған - мұздықтар, турлері мен таралуы жэне халық шаруашылығындағы маңызын таныту.

І тарау. «Гляциология» - мұздықтар туралы ғылым.

Мұзды латын тілінде "гляциес" дейді, содан ғылымның оны зерттейтін саласын гляциология деп атайды. Жер бетінде мұздықтар қардың жыл бойы еріп үлгермей еселенуінен пайда болады. Ол үшін қар қалың жауып, айналаның температурасы төмен болуы мүмкін. Осы екі жағдай жері суық жоғарғы ендіктерде жэне таулы өлкенің биік басында бар. Оларда жыл бойы түскен қар түгел ерімейді, буланып үлгермейді де жинала береді. Жер жүзінде қүрлықтың 16, 2 млн км 2 аумағын, яғни оның 11 %-ын мүздық басқан. Ондағы мүздың жалпы көлемі -30 млн км 3 .

Мұздық қар шегінен (сызығынан) жоғарғы жерде түзіле бастайды да ол шегі климатқа байланысты. Полярлық өлкелерде қар жиегі мүхит деңгейіне шейін төмен түссе, экватор маңындағы тауларда 5000-6000 м биіктіктен өтеді. Іле Алатауында қар жиегі 3700-4000 м биіктікте орналасқан.

Жаз маусымында күн сэулесінің қызуынан (инсоляция) оппа қар ери бастайды да, түнгі кезде қатып, кристалданады. Ақырында қар сығылып, тығыздалады, оны "фирн" деп атайды. Оның қалыптасуына сублимация-қар бетінің булануы әсер етеді. Қар жиналып, фирн қалыңдаған сайын қысым арта береді. Содан жеке кристалдар біріне-бірі жабысып, тығыздала түседі де, ақ түсті фирн тығыз кристалды мөлдір, көк тайғақ "глетчер" (сіреу) мұзына айналады. Сөйтіп, 10-11 м 3 қардан 1 м 3 шамалы мұз жаралады. Бетінің еруінен жэне булануынан мүз массасы кеми түседі. Осыны абляция дейді.

Мұздықтар дегеніміз-қатты атмосфера жауын-шашындарының жинақталу және бірте-бірте құралуы нәтижесінде құрлықта пайда болған мұздың қозғалыстағы көп жылдық қабаты. Мүздың өзінің қасиеттерімен шарттасып келетін қозғалысы мүздықтарды қарлықтардан жэне өлі мұздан (бүрынғы мұздықтардан) ажыратады.

Тұрақты қозғалыстағы, негізінен құрлықта орналасқан, қатты атмосфералық жауын-шашынның жиналуы және қайта қалыптасу жолымен мұздың табиғи жиынтығын мүздық деп атаймыз.

Жер шарының 10%-дан көбірек бөлігін мұздықтар алып жатыр. Олардың жалпы көлемі шамамен 24 млн км 3 . Егер біз осы мүздар еріп кетті деп есептейтін болсақ, онда элемдік мүхиттың деңгейі 64-метрге көтеріледі екен. Осы су жайылатын болса, онда жер бетін тереңдігі 150-метрге жететін су басып жатар еді.

  1. Мұздықтардың пайда болуы және өмір сүру жағдайы.

Бұрынғы ТМД-дағы мұздықтардың жалпы саны 28, 5 мыңнан астамы Арктиканың аралдарда орналасқан жэне жамылғылық мүздықтар типіне жатады. Бұл типтегі мүздықтар түгел бір түйіндер немесе жүйелер қүрайды жэне мұздықтардағы түлцы су қорының шамамен 88%-дай бөлігі осында шоғырланған.

Екінші орында субтропикалық белдемнің мүздықтары. Мүндағы мү_з құрсану ауданы шамамен 20 мың км 2 , мұздықтар саны-22 мыңнан астам, су қоры 1500 км 3 . Тұщы судың мүндай қоры Орта Азия мен Кавказ аудандары үшін аса қымбат байлық болып табылады.

Арктикалық зонадан өзге аумақтардың мүздықтары түгелдей дерлік таулық мұздықтардың жекеше түрлеріне жатады.

Мұздықтардың түзілуі қатты жауын-шашын еріп жэне буланып үлгермей үсті-үстіне жауатын, яғни бүлардың балансы оң болатын жерлерде мүмкін болады.

Қатты жауын-шашын балансы олардың мөлшері мен температурасы арқылы анықталады. Жоғарлаган сайын ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын мөлшері артатын болғандықтан, біраз дәрежеде барлық жерде қатты жауын-шашын балансы нольге тең болуға тиіс. Бұл нольдік баланстың төменгі деңгейі.

Жоғарлаған сайын жауын-шашын мөлшерінің артуы шексіз емес, бүл олардың азаюымен алмасады, сөйтіп, қатты жауын-шашын соншама аз жерде, тіпті температура төмен болғанда да олар сақталмайды. Олардың нольдік балансы жоғарғы деңгейде түрады. Нольдік баланстың жоғарғы жэне төменгі деңгейлері арасында жатқан тропосфера қатарында рельеф қолайлы жағдайларда болғанда мұздықтардың пайда болып сақталуы мүмкін. Бүл қабатты С. В. Калесник хионосфера (һіоп-қар) деп атады.

Хионосфера, мұның ішінде қар тоқтай алатын, жер бетінің учаскесі (поляр аудандары, таулар) түскен жерде ғана елеулі бола түседі. Жер беті рельефінің нақтылы жағдайларында хионосфера төменгі деңгейінің көрінуі-қарлық шекара. Оны мұздан бас бетте (мұздың үстінде емес) қатты жауын-шашынның нольдік балансының деңгейі ретінде анықтауға болады. Бүл шекараның орташа көп жылдық жағдайын климаттық қар шекарасы, маусымдағы орташа жағдайын маусымдық, ал берілген мезеттегі жағдайды көрінетін қарлық шекара деп атайды. Мұздықтардың пайда болуы мен дамуы ең алдымен климатпен анықталады.

Неғұрлым температура төмен болған сайын, соғүрлым мүздықтардың құралуы ықтималдырақ, соғұрлым олардың дамуы интенсивтірек болады. Поляр аудандарындағы суық климатта қатты жауын-шашындар қыста да жазда да жауады, әрі шағын мөлшеріне қарамастан түгелдей еріп те, буланып үлгере алмайды. Тропикалық климатта температура жоғары жэне жауын-шашын шағын мөлшерде болғанда мұздықтар, тек аса жоғарыда ғана туа алады. Ылғалдың мөлшері көп болуы-экваторлық климатта қарлық шекараның төмендеуінің салдары. Мұздықтардың қалыптасуы мұхиттың қүрлыққа ылғал "беруінің" ықпалына тәуелді.

Континенталдыға қарағанда теңіз климатында мұздықтардың пайда болуы үшін жағдай қолайлырақ келеді. Мүздықтардың түзілуінде орография мен рельефтің маңызы орасан зор. Ауаның ылғал массасының қозғалысы жолында орналасқан жоталар ылғалды ұстап қалады, сондықтан да бұлардың үстінде тау сілемдерінің ішкі бөліктеріне қарағанда мүздықтану анағүрлым дамыған келеді. Осы себептерден ық жақ беттерге қарағанда жел жақ беттерде мүздықтар көп болады. Тік беттерде қар жинақтала алмайды да, олардың тіпті зионосферада да мұздықтары болмайды.

Үлкен Альбедо арқасында мүздықтардың өзі ауаны едэуір төмендетіп, оның температурасына ықпал етеді. Мұздың үстіндегі ауаның ылғалы мен шаң-тозаңы аз, сондықтан оның бетінен қайтқан жылу нашар ұсталады. Бүл, алғашқы жағдайлардың өзгергені соншама, тіпті мүздық құрып кетіп қалпына келе алмағанында да мұздықтың сақталып дамуына мүмкіндік береді.

Мұздықтың қоректенуі-оны қармен жабдықтау. Мүздықтар қорегінің негізгі көзі-қоректену облысында мұздықтың бетіне жауатын атмосфералық жауын-шашындар. Қатқақтың-сублимациялық мұздың біраз маңызы болады. (10%-дан аспайды) . Антарктиданың орталығындағы мұздықтарда сублимация нәтижесінде жыл ішінде 20 мм-ге дейін қатқақ қабаты түзіледі. Мүздың үстінде жел үшыратын қар-құйын ұйытқысы жүреді. Үлкен мү_здықтарда жел қарды бір орыннан екінші орынға ауыстырады. Бірақ ашық таулық мүздықтардан жел жауған жауын-шашынның 50%-на дейінгісін үшырып экетеді. Таулардағы желдің арқасында, "жел көлеңкесінде" кейде жаз ішінде еріп үлгере алмайтын қарлардың жиналып қалуы туады, да "климаттық сақталмаған" мүздықшалар түзіледі. Көптеген мұздықтар қар көшкіні есебінен қөріктенеді.

Көшкіндер-тау беткейлерінен жылжып қүлайтын қар массалары. Бүлар қар жамылғысының қалыңдығы кемінде 40-50см, тіктігі 150-ден астам беткейлер үшін тән болып келеді. Көшкіндердің тууы қар жауып, боран соққан кезде қар беткейлерге тым көп түскенде, қардың қалың қабаты астына беткеймен қар массасының сырғанауын жеңілдететін судың енуінде, эрі қар қабатында көп су қабаты пайда болғанда мүмкін болады. Соңғы жағдайда көшкіндер мүлде күтпеген жерден тууы мүмкін. Бүларды алдын ала болжау үшін қар қалыңдығының эволюциясын зерттеу керек. Кейбір көшкіндердің көлемі 2. 106 м 3 , көшкіннің соққы күші 60-100 т/м 3 . Көшкіндер елді мекендерге, жолдарға, техникалық құрылыстарға өте қауіпті болып келеді. Көшкіннің өзі ғана емес, сондай-ақ оның алдында пайда болатын ауа толқыны да қауіпті.

Шағын да үлкен мүздықтар үшін эр түрлі қоректену көзінің маңызы бірдей бола бермейді. Мүздықтардың қалыптасу процесі дегеніміз қардың мүзға айналу процесі. Бүл қар суының қатысуымен жэне қатысуынсыз өте алады. Сублимация мен айдау процестері қатысып, кристалдардың араласуы, олардың формаларының өзгеруі жэне ішкі деформациясы нэтижесінде қүрғақ қар мүзға айналады. Ақша қарлар бірте-бірте жұмырланады, тығыздалады, шөгеді. Қар бір-біріне жабысқан, еріген мұз түйірлерінен түратын бірақ элі түтас мүз болмаған фирнге айналады.

Қардың фирнге айналуында қардың қалың қабатындағы тереңдік қатқақтың пайда болу ролін атқара алады. Бүл жағдайда фирн ірі түйіршіктілігімен көзге түседі.

Жылы маусымды жерде қар ерігенде фирндену процесі тез жүреді; қар бөліктері еріп қатады, су кеуектерді толтырады да қата келіп, қарды цементтейді. Мұздың қабаттары мен линзалары түзіле алады. Фирн қар мен мүз арасындағы ауыспалы орынды алады. Мүздан ол өзінен су мен газ өте алатындай кеуектілігімен, қардан түйіршіктілігімен көзге түседі. Фирннің қалыңдығы поляр елдерінде 100 м-ге жетуі мүмкін, тауларда бүл едэуір кіші болады.

Қардың жиналып мүзға айналуы мүздықтардың жоғарғы жағында фирн бассейні деп аталатын олардың қоректену облысында болады. Бұл облыс қардың оң балансы.

Тау ішіндегі емес мүздықтарда бөл дөңес, өйткені кірімнің басты стадиясы мұздықтың бетіне қардың жаууы. Үстіне беткейлерден де қар келіп түсетін тау мұздықтарында фирндік бассейн ойыс келеді және көбінесе қыста жабылып қалатын тау етегі жарықшағымен шектеледі.

Қөректену облысы мүздық үстіне түскен сондай-ақ, оның үстіне көршілес учаскелерден ауысып көшкен қатты жауын-шашынның нольдік баланс сызығымен шектеледі. Бүл фирндік шекара. Бүл одан төмен немесе жоғары бола түрып, климаттық қарлық шекараға сай келмеуі мүмкін. Себебі мүздықтың өзінің суындыратын ықпалы мүздыққа қардың көшіп келуі мен мүздықтан көшіп кетуі.

  1. Муздықтардың өзіндік ерекшеліктері.

Мұздықтар климаттық жағдайлар мен жер бедеріне байланысты бір-бірінен үлкен өзгешеліктермен ерекшеленеді. Олардың ерекше сипатталатын типтері төмендегілер;

1) Тау беткейлерінің мүздықтары;

2) Аңғар мүздықтары;

3) Тау шыңдарының мүздықтары;

4) Күрделі мүздықтар кешені.

1. Тау жоталарының немесе жеке тау беткейлерінде көбінесе асылған деп аталатын мудцықтар көптеп кездеседі. Олар ешқашан тау етегіне түспейді, биік тау беткейінен бүкіл массасымен жабысып ілініп түрады. Тау беткейлерінің тепкішек немесе креслоға үқсаған қабырғалары тік, табаны тегіс келген ойыстарға орналасқан мүддықтарды қар немесе мульдалық мұздықтар деп атайды.

2. Аңғарлық мұздықтар ең бір ерекше сипатталатын топ. Бүл топтың қасиеттері басқа топтағы мұздықтарға қарағанда жақсы зерттелген. Бүл типтегі мұздықтар жоғары кең бөлігі қатты жауын-шашын жиналатын алып қызметін атқарады, ал қатты жауын-шашын жиналатын аймақтан төмен орналасқан бөлігі мр ағатын канал немесе мұздықтың тілі орналасқан тау аңғарының айтарлықтай бөлігін алып жатады. Бір ғана мұз ағысынан түратын мұздықты қарапайым мұздық, ал егер ол бірнеше қапталдық салалардан түратын болса, онда мүздық күрделі деп аталады. Қарапайым мұздықтар көбінесе Альпіде көрініс береді, сондықтан да бүл мүздықтарды кейде Альпілік типтегі мұздықтар деп те атайды. Қарапайым мүздықтардың ішінде Түркістандық мұздықтар типі ерекше сипатқа ие. Бүл мүздықтар негізінен қар көшкіндерінен қоректенеді.

Күрделі мүддықтар тобының ішінен ағаш бүтақтарына ұқсас тип ерекшеленеді. Бүл мұздықтар қоректену көзі молшылық жағдайында қалыптасады. Негізгі аңғардың қапталдық беткейлерінде мұздық салалары пайда болып, олар негізгі аңғарға уласып жатады. Бұған мысал ретінде Федченко, Заравшан, Иныльчек және т. б. мұздықтарды келтіруге болады.

3. Тау шыңдарының мұздықтарының ішінде қоржын типтес мұздықтар ерекше турге жатады. Олар тау жотасының екі жақ беткейлеріне орналасқан болып келеді жэне өздерінің жоғары бөліктерімен тау жотасының төбесі арқылы ұласып жатады. Кейбір төбелері айтарлықтай кең тегіс немесе бір жағынан көлбей жатқан таулы аймақтарда белгілі климаттық жағдайда тегіс тау шывдарының мұздықтары пайда болады. Мұзданудың ерекше морфографиялық түріне жаңарту конустарына орналасқан му_здықтар жатады. Олар сөнген Жанартаудың шыңындағы шұңқырларды толтыра отырып, сэулеге үқсап жан-жаққа шашырай, тау беткейлеріндегі жарықтармен етекке түседі.

Әлсіз түрде тілгіленген, беткейлері толқынды сипаттағы таулы үстіртке Скандинавиялық немесе Норвегиялық типтегі мүздықтар сәйкес келеді. Мұндай жер бедерінің жағдайына кең-байтақ жэне фирн алаңдары пайда болады, олардың мүздықтардың тілдері бөлініп шығады.

Дербес қоректену алаптары бар жэне жеке аңғарлық массив түрінде ағатын тау мұздықтары тегістікке шыға бере өздерінің тілдерімен бір-біріне үласып кең-байтақ мұдцық жамылғысын қалыптастырады. Бүл мұздықтар жамылғысын тау етектерінің немесе тау алқы мүздықтары деп атайды.

4. Арктика мен Антарктида жоғарыда келтірілген мүддықтар түгелдей дерлік кездеседі деуге болады. Олар қүрлықтар мен аралдардың кең-байтақ кеңістіктерін басып жатады. Оларды жамылғы мүздықтар дейді. Мүндай күрделі мұздықтар теңіз деңгейінен аса көп көтерілмейді жэне олардың тілдері көбінесе тікелей теңіздерге түсіп жатады. Олар тербеліс пен сыртты күштер эсерінен сынып, жүзбелі мүз тауларын немесе айсбергтерді қалыптастырады.

Мұздықтар түрлі формада жэне өзіндік ерекше режимімен сипатталады. Мұздықтарда мүздардың жиналуы жэне шығындануы жүріп жатады, олар түрліше қозғалыста болады, жер бетінің бедерін өзгертеді, климатқа эсер етеді және тау өзендерінің қоректену көзі ретінде ерекше маңызға ие.

Мұздықтардың денесінде шоғырланған судың аса ірі қоры мен биік таулардағы маусымдық қорлар тау өзендеріндегі болатын ұзақ мерзімдік су тасуын қамтамасыз етеді.

Ауа температурасының ысуына байланысты, тау етектеріндегі өзен аңғарларына қыс бойы жауған қар ери бастайды. Әдетте, көктемде байқалатын уақытша болып түратын күннің суытуы түрлі биіктікте орналасқан қардың еруін уақытша тоқтатады. Нәтижесінде тау өзендеріндегі көктемгі су тасу кезеңі су ідеңгейінің көтеріліп, түсу қатарынан түрады. Температураның одан әрі ; көтерілуіне байланысты қар еруіне биік таулы аймақта орналасқан мүздықтардың еруі қосылып, көктемгі су тасу кезеңі біртіндеп жазғы су тасу кезеңіне үласады. Ауаның температурасы неғүрлым жоғары болса, мүздықтардың суымен қоректенетін өзендердің ағындысы соғүрлым көп болады.

Қар суымен қоректенетін жазықтық өзендерінде көктемгі су тасу кезеңі бір жарым ай мөлшерінде өтіп, сонан соң су тартылатын болса, ал мүздықтардың суымен қоретенетін өзендерде судың жоғарғы деңгейі 5-6 ай бойы сақталады.

Сонымен қатар, мұздықтардың суымен қоректенетін тау өзендерінің көпшілік жазықтық өзендерінен тағы бір ерекшелігі-олардың сулылығының көп жылдық құбылмалығы аса күшті еместігінде.

Топырақтың тоңу тереңдігі-ауаның температурасына және сонымен қатар қар жамылғысының қалыңдығына, топырақтың механикалық қүрамы мен ылғалдылығына, жер асты суларының деңгейіне байланысты. Сондықтан да тоңу дақтық сипатқа ие болса, ал тоңған қабаттың қалыңдығы кеңістікте құбылып отырады.

Топырақ тоңу басталатын температура топырақ ерітіндісінің концентрациясына-0, 2 . . . 0, 5°С шамасында өзгеріп отырады. Тоң қысқы мерзімдік, маусымдық жэне көпжылдық сипатқа ие болуы мүмкін. Қысқы мерзімдік тоң бірнеше миллиметр болса -1 . . . 2 метрден бірнеше жүздеген метрге жетуі мүмкін. Қиыр солтүстікте, Шыгыс Сібірде жэне әсіресе солтүстік-шығысында Ресейдің жартысына жуығын көпжылдық тоң алып жатыр. Олардың қалыңдығы Қиыр Солтүстікте 500-метрге жетеді, оңтүстікке қарай дақтық, шүбар сипатқа ие болып, біртіндеп жойылады.

Жылдың жылы мезгілінде тоң жердің эрекетті қабат деп аталатын бөлігі 0, 4 . . . 0, 8 м тереңдікке ериді, ал Лена өзенінің жоғарғы ағысының ендігіндегі Қиыр солтүстік-аудандарда бүл қабаттың тереңдігі 1 . . . 2 метрге жетеді. Көпжылдық тоң таралган аумақтың көпшілік бөлігінде эрекетті қабаттың тоңуы қыркүйектің соңында қазанның басында басталады. Қаңтар-ақпан айларында аяқталады. Көктемгі еру сэуірдің ақырында, ауаның температурасының орташа тәуліктік көрсеткіші нольден жоғарылаған уақыттан басталады.

Көп жылдық тоң аймақтарындағы жер асты суларын келесі үш тік зоналарға бөлуге болады: тоңүсті, тоңаралық және тоңасты.

Тоңүсті сулары көпжылдық тоңның жоғары эрекетті қабат шегінде қалыптасқан. Тоңүсті сулары эрекетті қабаттың еру есебінен, атмосфералық жауын-шашынмен жэне ағын сулармен қоректенеді.

Тоңаралық сулары тоң астында жібіген грунттарға сэйкес орналасады. Олар тоңүсті жэне тоңасты суларымен байланыста болуы мүмкін. Тоңасты сулары көпжылдық тоңқабатының астында аса қалың аллювиальдық және түпкілікті тау жыныстарында кездеседі. Мұндағы температура түрақты жылы болуына байланысты бүл сулар тек сүйық фазада кездеседі.

Көпжылдық тоң аймақтарында өзендер еріген қар суымен, жаңбыр суымен және жер асты суымен қоректенеді. Еріген сулармен қоректену қар мен мұз еритін көктем мен жазда байқалады. Көктемгі су тасу кезеңінде өзендердің деңгейі шұғыл көтеріледі. Еріген сулардың өзендегі ерімеген мүздық үстімен ағуы жэне кең жайылуы жиі болып тұратын жағдай деуге болады.

Ауаның температурасының төмен жэне алаптағы көпжылдық тоң қабатының болуына қарай сұйық жауын-шашын жауған жағдайда мұндай өзендерде өте биік жаңбыр тасқыны байқалады.

ІІ тарау. Мұздықтардың типтері.

Климатқа, жер бедеріне, қорлану жэне ағын жайларына байланысты мұздықтар үш типке бөлінеді;

1) таулы (альпілік) ;

2) материкті (жабынды) ;

3) екеуінің аралас түрі.

Тау мұздықтары қар жиналып, оның глетчерге айналатын қорлану аймағына және оның төменгі ағын аймағына жіктеледі. Қорлану аймағы (фирн бассейні) қар жиегінен жоғарғы үш жағынан тау беткейімен қапталған цирк секілді ой-шұңқырда немесе таудың жазықталған төбесінде орналасады. Мүздардың ұзындығы фирн бассейнінің аумағы мен қалыңдығына байланысты. Фирн қоры неғүрлым мол болса, соғұрлым мұздық төмен жылжиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тау мұздықтарының типтері
Қазақстан аумағындағы мұздықтар
Мұздықтардың еруі
Қора өзенінің бастауындағы мұздықтардың туристік-рекреациялық маңызы
Жер бетіндегі мұздықтардың геологиялық қызметі
Қазақстан мұздықтары және олардың таралу ерекшелігі
Алтай таулы аймағы
Аляска түбегі
Су жүйелері және оның ластану көздері
Қазақстандық Алтай өлкесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz