КЕНОРЫННЫҢ ГЕОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚОРЛАРЫ


КІРІСПЕ
«Орловский кенорынның «Новая» және «Основная» шоғырларын қазымдау үшін толтырыммен қабатты жүйесімен кенді алу технологиясын игеру» дипломдық жоба Қазақстан Республикасында қолданатын мемлекеттік мөлшерлер, стандарттар, ережелер, сонымен бірге дипломдық жобалаудың тапсырмасы бойынша жасалған.
Дипломдық жобада Орловский кенорының қазып алу технологиясының техникалық шешімдері келтірілген.
1 КЕНОРЫННЫҢ ГЕОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚОРЛАРЫ
1. 1 Кенорын және аудан туралы жалпы мәліметтер
Орловский кенорны Шығыс-Қазақстан облысында облыс орталығы Өскемен қаласынан солтүстік - батысқа 140 қашықтықта және аудан орталығынан Бородулиха ауылынан 40 қашықтықта орналасқан (сурет 1) .
Орловский кенорны «Казахмыс» корпорациясының «Жезкент тау-кен байыту комбинаты» ААҚ -ның құрамына кіретін Орловский кенішімен игеріледі. Қала тектүрлі Жезкент ауылы комбинат өндіріс алаңынан 2 км қашықтықта орналасқан.
Кеніш Өскемен және Семей қалаларымен автокөлік жол арқылы байланысты. Неверовская теміржол станциясы және Горняк (Ресей) қаласы ТБК - ның өндіріс алаңынан 16 км қашықтықта орналасқан.
Кенорынның бөлігі 260 - 285 м абсолютті белгілі биік емес жеке шоқылары бар толқынды жазықпен сипатталады.
МСН 2. 04-01-98 «Строительная климатология» климаттық аудандануның болжамдарына қарағанда Орловский кеніші 1В климатты ауданда орналасқан. Климат өкпек континентальды. Ең жоғарғы температура плюс 41 0 С, ең төмен температура - минус 49 0 С - ты құрайды. Орташа жылдық түсімдердің саны - 454 мм.
Кенорын ауданында гидросеть жок. Жақында орналасқан Золотуха өзені кенорыннан щығысқа12 км қашықтықта орналасқан. Карстты жағдайлар байқалмаған, көшкіндермен және селдермен кенорын сипатталмайды. Айданның сейсмикалығы - 6 балл.
Отын - қуат база кенорын ауданында жоқ, көмір мен орман материалдарын темір жолменен әкеледі. Кеніштің қуатқамтамасын ЛЭП 220 Л - 207 қашықтығы 72, 3 км желісі бойынша «Шульбинская ГЭС» орталығынан алады. Кіреберіс станцияаралық - АТ-63 МВА трансформаторлы «Жезкент» станциясы. Жылу жүйесі және өндірістік объектілерді ыстық сумен Жезкент қазандығынан қамтамас етеді.
Жұмыс істейтін күшті Жезкент, жақын арада орналасқан ауылдардан және Горняк қаласынан алады.
1. 2 Кенорынның және ауданның қысқаша геологиялық сипаттамасы.
Орловский кен алабы Рудный Алтайдың солтүстік - батысында, Алейская антиклинорияның оңтүстік - батысында, Иртышская сығылыс аймағының маңайында орналасқан.
Кен алабы солтүстік - шығыста Золотушинский кен алабымен шектеледі. Орловско-Золотушинский кен алабының ауданында 3 өндірістік колчедан - полиметалды кенорындар (Орловское, Золотушинское, Ново-Золотушинское), бір неше ондық кенкөрінулер және полиметалды, мысты минерализациялардың нүктелері белгілі.
Орловский кен алабының геологиялық құрамында орташа және үстінгі девонның жанартау - тұңдырмалы жыныстары, оған астынғы полеозойдың метаморфикалық қуаты мен асты - орташа карбонның континентальды жатыстар негізгі орынды алады. Барлық аудан неоген - төрттік көріністерімен жабылған.
Ауданның интрузивті құралымы төрт кешеннен құралған:
- девондық субвулканды фельзитармен (фельзитовидті кварцті альбит-порфирлер) ;
- порфир мен порфириттердің добатолитті кешенінен ( сферолитті кварцті альбит-порфирлер, плагиогранит-порфирлер және гранодиорит-порфирлер) ;
- змеиногорскті кешенмен (гранодиориттер, плагиограниттер) ;
- кешіккен аз интрузилі кешеннен (диабазды дайкілер, диоритті порфириттер және микрогранодиорит-порфирлер) .
Кен алабы каркас - блокты құрылыммен сипатталады.
Орловский кенорыны тектоникалық блокта орналасқан, оңтүстік - батыстан Березовский надвигімен, шығыстан - субмеридиональді Восточный сынуымен шектелген.
Метаморфикалық қуат кварц-хлоритті, хлорит-эпидотты, кварц-альбит-эпидотты және кварц-хлорит-карбонатты тақта тастардан құралған.
Кенорынның сыйдыратын жыныстар іліну бүйірінде қышқыл құрамды вулканиттерден немесе жанартаулардан (таловская свита ), жатқан бүйірінде - кремнилі-сазды қабатталған және линзалы эффузиф алевролиттерден, туфтардан, кварц-альбитті туффиттерден (лосишинская свита, эйфель) турады. Таловская нүкерінің қуаты - 500 м, лосишинская нүкерінің - 200 ден 800 м - ге дейін.
Кенорында аз орын алған үстінгі девонның каменевская нүкерінің жанартау - тұңдырмалы жыныстары (қуаты 80-200 м) және орташа карбонның терригенді малоульбинская нүкерінің жыныстары ( нүкердің қуаты 600 метрден көп болып келеді) .
Кенорынның кен алабында интрузивті жыныстардың барлық кешені белгілі.
Кайнозойды жатылымдар барлық жерде кездеседі және саздақтар, саз, топырақтардан турады. Борпылдақ жатылымдарының барлық қосқандағы қуаты 60 метрден 120 метрге дейін созылады.
Орловский кенорнында кенбақылаушы болып лосишинский және таловский свиталарының қосылымы саналады.
Кен денесі күрделі шоғырларынан турады, олар жер бетінен 70 - 1200 метр тереңдікте жатқаннан оларды "слепыми" деп атайды. Кен денелерінің пішіні - қат - линзатүрлі.
Орловский кенорынның шекарасында Основная, Новая, Громовская шоғырлары және жеке жатқан кен денелері мен линзалар барланып, ізденген (Западное, линзалар №№ 45, 46 және басқалар) .
Основная шоғыры тектоникалық бұзылыстар арқылы қосылған төрт кен денелерінен турады ( №№ 1, 2, 3, 4 ), олар 70 - 750 метр тереңдікте жатыр (14 деңгейжиектің деңгейінде орналасқан) . Шоғыр батыс - шығысқа қарай созылған, 20-35 0 бұрышқа батыс пен солтүстік батысқа құлайды, жалпы құлау бұрышы 20-65 0 .
Бірінші кен денесі 70 - 175 метр тереңдікте орналасқан, оның үстінгі жағы тотыққан. Созылым бойынша ұзындығы - 300 м, құлау бойынша ұзындығы ( орташа мөлшері ) - 145 м ( максималды - 180 м ) . Орташа қуат - 19 м, құлау бұрышы - 30-65 0 батысқа.
Екінші кен денесі созылым бойынша ұзындығы 660 м. Оның иені 400 м, орташа қуаты мөлшерімен 35 м, максималды қуаты - 77, 6 м. Екінші кен денесі екіге бөлінеді - жатыс және тік.
Үшінші кен денесі екінші кен денесінің жалғасы болып келеді, орташа қуаты - 16, 2 м.
Кен денелерінің мөлшерлемелері 4 - 100 х 200 х 12 м.
Основная кен денелерінің жатқан және ілінген бүйіріндерінде жиырмадан астам линзалар барланып табылған.
Кенорынның солтүстігінде Северо-Восточная және Северо-Западная шоғырлары барланған.
Жобалауға Основная және Новая шоғырлары алынған, олар В +С1 өндірісті дәреже бойынша барланған.
1. 3 Кеннің сапалық сипаттамасы
Кенорынның өндірістік тектүрі - колчедан-полиметалды.
Орловский кенінің мөлшерлі құрамы және технологиялық қасиеттері Шығыс-Қазақстан геологиялық басқармасы, Казмеханобр, ВНИИцветмет және Жезкент ТБК зертханаларымен барлау және эксплуатация кезеңінде талданған. ВНИИцветметпен (1986 жылы) Орловский кенорынның кенің табиғи және технологиялық тектүрлерін анықтауда зерттеулер өткізілген, содан табиғи тектүрлерінің келесі таптастыру келтірілген:
- барит-полиметалды;
- мыс - мырыш;
- тұтас және сеппелілікті мыс - колчеданды.
Основной шоғырының 1-9 деңгейжиектері бойынша геолого-технологиялық картирование орындалған.
Тұтас массивті кен барлық кен көлемінен 50 % - ды құрайды. Олар Бірінші кен денесі және Новая шоғырында жиі кездеседі, ал желі - нүктелі - Екінші кен денесінде орналасқан. Желі - нүктелі кендер тұтас жатқан кеннің астында орын алған өгерген жыныстарында орналасқан және олардың маңайында асимметриялық ореолды құрайды.
Тұтас кенде массивті текстура жиі тараған, ал таспа, дақты, брекчилі және колломорфті - аз кездеседі, ал дақтүстілерде - дақтүсті, ұялы- дақтүсті және желі - дақтүсті текстура орын алады. Структуралар: аллотриоморфнобидайлы, гипидиоморфнобидайлы, интерсертальді, субграфическалық, реликтті, метаколлоидті, желі-петельчатая.
Кенорында кеннің және негізгі компоненттердің орналасуында тік аудандық байқалады. Кен шоғырының ілінген бүйірі барит-полиметалды кеннен турады, оның астында мырыш - мыс кендер жатады, олар бірінші тұтас болып келеді, содан соң мыс -колчеданды дақты болып келеді.
Бірінші кен денесі және Екінші кен денесінің өңтүстік бүйірі мен бір бөлігі көбінесе барит-полиметалды кеннен турады. Екінші кен денесінің солтүстік бүйірінде полиметалды кендер кенінен тараған. Мыс - мырыш (көбінесе мыс) және мыс-колчеданды кендер Екінші кен денесінің ортасында және Үшінші мен Төртінші кен денелерінде, Новая шоғырының көп бөлігінде дамыған.
Новая шоғырының өздігі барит кенінің жоқтығы. Кеннің мыс -колчеданды түрі 50 % - ды, мыс - мырыш - 15 % - ды және полиметалды - 35 % - ды құрайды.
Кондиция, шарт бойынша барлық табиғи тектүрлер екі технологиялық түрлерге бөлінген - тотыққан және сульфидті колчедан-полиметалды.
2001 жылдың 1 қантарына кенорынның барлық балансті қорынан тотыққан кеннің қоры 1 % - дан аз болады. Тотығу аймағы 1 - ші деңгейжиек дәрежесінің үстінде, Бірінші кен денесінде ғана тараған. Тотығу аймағында келесі кен минералдары бар: ковеллин, халькозин, борнит, англезит, церуссит, плюмбоярозит; екінші дәрежедегі минералдар - гидрогетит, ярозит, гетит. Кенсіз минералдар - опалом, халцедон, кварц, галлуазит.
Біріншілік сульфитті кендерде негізгі кенді қамтамас ететін минералдар - халькопирит, сфалерит, галенит, пирит, барит. Екінші дәрежедегі минералдар - блеклая кені, сажистый дисульфид железа, магнетит және арсенопирит, самородный висмут, висмутин, теллуровисмутит, алтын, люцонит, фаматинит. Кенсіздерден кварц, флюорит, серицит, хлорит және өзгеретін мөлшерде альбит жиі тараған. Аз тарағаны кальцит, доломит және эпидот.
Басты, екіншілік және сирек сульфиттік табиғи кеннің түрлері 1 кестесінде келтірілген.
Кесте 1 - Кеннің минералогиялық құрамы
Пирит
Сфалерит
Халькопирит
Галенит
Мельниковит
Темірдің дисульфидтері
Мельниковит-пирит
Марказит, мыстың екіншілік сульфидтері
Англезит, церуссит
Плюмбоярозит
Магнетит, ильменит
Арсенопирит
Алтын
Күміс
Гринокит
Люцонит
Фаматинит
Пирит
Халькопирит
Сфалерит
Галенит
Пирротин
Өңсіз кендер
мыстың екіншілік сульфидтері, арсенопирит
Алтын
Күміс
Пирит
Халькопирит
Сфалерит
Өңсіз кендер
Марказит, пирротин
Мыс сульфиттерінің екіліктері, мыс пен темірдің сульфаттары, мельниковит
Алтын
Күміс
Арсенопирит
Висмут минералдары
Орловский кенорынның кенің әр түрлі тектүрлерінің байытылуы зерттеулерімен «Казмеханобр» және «ВНИИцветмет» институттары айналысқан. Новая шоғырының кені зертханалық, технологиялық сынамаларында жүргізілген. Зерттеулердің қортындылары бойынша Новая шоғырының кені мен Екінші кен денесінің Основная шоғырының кені технологиялық қасиеттері бойынша бір қалыпты болып саналды.
Орловский кенорынның (Основная шоғыры) сульфитті кенінің химикалық құрамы орталанған технологиялық сынамалары бойынша 2 кестесінде көрсетілген.
Кеннің негізгі пайдалы компоненттері болып мыс, қорғасын және мырыш саналады. Мыс пен мырыш қорғасынға қарағанда көп. Жалпы тұтас кенге қорғасын : мырыш : мыс қарым қатынасы 1 : 4, 1 : 4, 8 болып келеді. Сонымен бірге алтын, күміс, кадмий, селен, пиритті күкірт, барит кездеседі. Аз мөлшерлерде кобальт, мышьяк, германий, сурьма, висмут, теллур, молибден, таллий, галлий кездеседі.
Негізгі және жолдас компоненттер 10 - 12 кестелерінде көрсетілген.
Қорлардағы компонеттерінің орташа мөлшері: мыс - 4, 68 %, қорғасын - 1, 05 %, мырыш - 3, 60 %, алтын - 0, 93 г/т, күміс - 46, 01 г/т.
1. 4 Кенорынды игеру инженерлі-геологиялық жағдайлары
Орловкий кенорынның кен шоғырлары палеозой массивінің қатты жыныстарында жер бетінен 70 - 1200 метр тереңдікте орналасқан.
Жер бетінен кенорын барлық жерде лёссты саздақтармен жабылған, олардың қуаты 2, 0 метрге дейін жетеді. Саздақтастар пластинкалы қоңыр түсті саздардың үстінде орналасқан. Саздақты - саз қабаттардың жалпы қуаты 60-120 метр. Олардың астында орналасқан қатты жыныстар экзогенды желдетіп шығару аймақты, қуаты 25÷40 м.
Лёссты саздақтар сулап, үстінен басқанда, бірінші бұзылмаған күйіне қарағанда 20% - ға дейін отырады.
Саздар суға тұрақсыз жыныстарға жатады; ашқанда және ылғалдатқанда суланады да, тау қазбаларының бүйірлерінде жабысып қалады. Саздардың табиғи ылғалдығы 15÷25% - ды құрайды, кеуектілігі - 32÷48%, тығыздығы - 2, 0 т/м 3 .
Қатты палеозой массивтің желдетіп шығару аймағының жыныстары өте қатты бұзылған, жарықшақты, суға толы және топыраққа дейін желдетілген.
ВНИИцветметтің /7/ зерттеулері бойынша негізгі жанас жыныстар мен кендер қатты және тұрақты, М. М. Протодьяконовтың бекемдік коэффициенті 6 дан 18 - ге дейін, бірақ оның ішіне желдетіп шыққан аймағының, тектоникалық бұзылымдар және гидротермалды өзгерген жыныстар кірмейді, олардың бекемдік коэффициенттері және тұрақтылықтары аз, сонымен бірге М. М. Протодьяконовтың бекемдік коэффициенті 1-4 (кесте 3) .
ВНИИцветметтің /7/ зерттеулері бойынша кенорынның кенге жақын және кен аймағының негізгі кен мен жыныстардың тығыздық, беріктілік және серпімділік қасиеттері орталанған. Мәліметтер 4 кестесінде көрсетілген.
Жалпы кенорында 1966 жылдың санаулары мен сынаулар бойынша жанас жыныстардың орташа тығыздығы 2, 7 т/м 3 , балансті кендерде - 3, 9 т/м 3 .
Кесте 2 - Кендердің химикалық құрамы
Орловский кенорынның жыныс пен кеннің морттылық коэффициенті 4 тен 12 - ге дейін өзгереді. Ең морттылы болып кварц бойынша тараған тұтас және дақталған мысколчеданды кендер саналады, сонымен бірге кремнилі алевролиттер.
Кесте 3 - Орловский кенорынның кен мен жыныстардың бекемдігі.
Орловский кенорынның үстінгі деңгейжиектеріндегі (7÷11) тұрақтылық ВНИИцветметпен зерттелген. Жыныс пен кеннің тұрақтылығы келесі факторлардан әсерлі - беріктіліктен, жарықшақтықтан, тектоникалық бұзылғаннан, хлоритизация дәрежесінен және серицитизация процесінен, сонымен қатар игеру тереңдігінен, қазып алу уақытынан байланысты.
Массивтегі жыныстың беріктілігі мен тұрақтылығының азайыу жарықшақтылық дәрежесінен әсерлі және структуралы әлсіздену коэффициентімен К әл сипатталады (кесте 5)
Кесте 5 - Жарықшақты жыныстардың мөлшерлі сипаттамалары
Структуралы әлсіздену коэффициен-ті
К әл
Орловский кенорнында ТЭЕ қарасты жыныстардың және кеннің тұрақтылығының 5 дәрежесі шығарылған. Тұрақтылық дәрежелерінің сипаттамасы 6 кестесінде көрсетілген.
Бір неше полиметалды кенорындарды зерттеп, оның ішінде Орловский кенорыны да бар ашудың шеткі аралығы арқасанда ВНИИцветмет тау жыныстардың тұрақтылық классификациясын шығарған (кесте 7) .
Кесте 7 - Тау жыныстарының тұрақтылық классификациясы
Категория
Структуралы әлсіздену коэффициен-ті
К әл
Бекемдік коэффициенті *,
ƒ
Шекті аралық
ℓ n , м
Кенорынның үстінгі 7 - 11 деңгейжиектерін сынау арқасында ВНИИцветмет Орловский кенорынның тұрақтылық бойынша кен мен жыныстардың орналасуын зерттеп кестеге еңгізген, (кесте 8), осы мәліметтерді кенорынның астынғы деңгейжиектерінде қолдануға да болады. Тау қазбаларының қорларын барлау бойынша жыныстардың тұрақтылық бойынша орналасуын, жыныстардың физико - механикалық қасиеттерін және жыныстардың жарықшақтықтарын зерттеп, қайта өзгерту қажет.
Кесте 8 - Орловский кенорынның жыныс пен кеннің тұрақтылығы бойынша орын алуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz