Орталық Азия мемлекеттері жаңа мемлекеттілік құру сатысында


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы

Бітіру жұмысы

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФАКТОР: ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ТӘЖІРИБЕСІ

Орындаған 4 курс студенті Жанабаева М. Р.

Ғылыми жетекші т. ғ. к., профессор Сапанов С. Ж.

Норма бақылаушы т. ғ. к., доцент Исова Л. Т.

Кафедра меңгерушісінің т. ғ. д., профессор Кукеева Ф. Т.

рұқсатымен қорғауға жіберілді

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1 Тарау ОА жаңа геосаясат: интеграция және дезинтеграция . . .

Орталық Азиядағы жаңа геосаяи жағдайдың қалыптасуы . . .

ОА интеграция мәселелері . . .

Н. Ә. Назарбаевтың ОА Одақ идеясы: бүгіні мен болашағы . . .

2 Тарау ЕО және ОА: интеграциялық тәжірибе . . .

2. 1 Европалық интеграция және оның аймақтық даму үшін тәжірибесі . . .

2. 2 ЕО және ОА . . .

2. 3 ЕО және Қазақстан . . .

Қорытынды . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әлемнің әр түрлі аймақтарындағы мемлекеттердің интеграцияға ұмтылысы әлемдік дамудың тұрақты тенденциясына айналды. Бұл үрдістердің жаһандық өзара тәуелділіктері біртіндеп сезіліп жатыр. Даму деңгейлеріндегі айырмашылықтарға, мәдениет, дін, тарихи дәстүрлердегі айырмашылықтарға қарамастан, елдер мен халықтардың интеграция үрдістеріне теңбе-тең қосылуларынан көптеген әлемдік және аймақтық мәселелерді жеңу тәуелді болып отыр. Соңғы онжылдықтағы Орталық Азия елдерінің интеграциялық үрдістерге қосылуы континенталды және жалпы әлемдік интеграциялық ағымның бөлігі деп саналуы мүмкін.

Жаһандану экономикалардың бәсекелестігін кенет шиеленістірді, бұл осы үрдістерден қалып қоймас үшін немесе шетте қалмас үшін ұлттық күштерді шоғырлануға итермелейді. Дамушы және транзитті елдер өте қиын жағдайда қалады, оларға жаңа орталық азиялық мемлекеттер - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстанды жатады. Постиндустриалды мемлекеттер тарапынан эксплуатация алаңы болып қалмас үшін және артта қалушылықты болдырмау үшін, орталық азия мемлекеттеріне қалыптасқан жағдайда бір мүмкін шешім бар, ол - аймақтық интеграция шеңберіндегі кооперацияға жол ашу. ОА мемлекеттерінің басшылары мұндай қажеттілікті сезінуде.

Кеңес Одағының құрамында болған кезде Орталық Азия елдерінің басқа да одақтас республикалар сияқты шет мемлекеттермен байланыстары орталықпен басқарылып, сыртқы саяси қайраткерлігі өте шектеулі болды. Ал тәуелсіздік алғаннан соң сыртқы саясат жүргізу ісінде дербестікке қол жеткізіліп, алыс-жақын шет елдермен жан-жақты ынтымақтастықты орната бастады. Көптеген қолайлы факторларға сәйкес, әлемнің ірі мемлекеттерінің осы аймаққа деген назары ерекше ауып, Орталық Азия аймағы әлемдік саясаттың белсенді қатысушысына айналды. Бүгінгі таңда Орталық Азия АҚШ, Қытай, Ресей, Түркия, Иран және Үндістан сияқты мемлекеттердің мүдделері қақтығысқан өңірге айналған. 1990-шы жылдары бұл аймақта ірі мемлекеттер негізінен экономикалық мүддені көздеген болса, 21-ші ғасырдың басынан бастап экономикалық мүдде саяси мүддеге ауысқандай.

Биполярлық жүйе құлағаннан кейінгі жалғасып келе жатқан әлемнің геосаяси бейнесіндегі өзгерістер орталық азиялық аймақтағы жаңа маңызды жағдайдың құрылуына әкелді. Қазіргі кезде Орталық Азияның периферийлі кеңістіктен Еуразияның геосаяси координаттары жүйесіндегі шешуші орынды алатын аймаққа өзгеруі жүріп жатыр. Аймақтың өсіп келе жатқан маңыздылығын шарттайтын және оның жаңа геосаяси рөлін анықтайтын маңызды факторлардың бірі транспортық кешеннің әлеуеті, оның транзитті құраушысы, сонымен қоса, аймақтың әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциясы болып келеді.

Бұл зерттеудің өзектілігі анық геосаяси тартыстың, негізгі әлемдік күш орталықтарының геосаяси мүдделерінің өзара байланысынан, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы және аймақтағы интеграция мәселелері және қауіпсіздікке қатысты олардың өзара қақтығысуынан туындайды. Аймақтағы әр түрлі геосаяси күштердің өзара әрекеттестігі және бәсекелестігінде, сол сияқты орталық азиялық мемлекеттердің сыртқы саяси бағыттарын және геосаяси бағдарын анықтаған ерекшелікте де көрініс табады.

КСРО ыдырағаннан кейін Орталық Азия ұлы державалар ғана емес, сондай-ақ орташа деңгейдегі аймақтық «күш орталықтары» қатысқан жаңа «үлкен ойынның» сахнасына айналды. Бұл жұмыста орталық азиялық аймаққа ықпал ететін негізгі геосаяси күштер орталығына және халықаралық қатынастардың негізгі факторларына келесілер: Рсей Федерациясы, Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттері, сонымен қоса, АҚШ, ҚХР, Еуропалық Одақ жатады. Егер 19 ғ. -20 ғ. басында негізгі ойыншылар Ресей және Британ империялары болса, енді Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Үндістан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, сонымен қатар еуропалық мемлекеттер де белгілі дәрежеде қатысады.

Әрине, сөзсіз, мұндай жағдай Орталық Азияға ұнамайды. Ол тек объект ретінде саналмай, халықаралық қатынастардың субъектісі болып, әлемдік саясатқа ықпал еткісі келеді. Алайда, бірде-бір орталық азиялық мемлекет қуатсыздығы салдарынан өздігінше әлмдік саясатқа ықпал ете алмайды. Бірақ, Орталық Азия егер біріге алса, бірыңғай интеграциялық ансамбль құра алса, ол ықпал етуге мүмкіндік алар еді. Басқаша айтқанда, Орталық Азия бірігуге міндетті. Өйткені, қазіргі әлем өзара жүйелік интеграция үрдісінде дамып келеді. Бүгінгі таңда бүкіл әлем - интеграциялық блоктардың жиынтығы. Бұл мемлекеттердің тәжірибесі кез-келген елдің автономды дамуының қазіргі жағдайда мүмкін емес екендігін көрсетуде.

Орталық азиялық аймақ минерал-шикізат және су-энергетикалық ресурстардың бай қорын иеленеді, бұл орталық азиялық аймақ елдерінің интеграциялық өзара әрекеттесуінің тереңдеуін айқындайды. Сонымен қоса, Орталық Азия мемлекеттері үлкен транзитті әлеуетті иеленеді, оның тиімді пайдаланылуы аймақтың жаһандық коммуникациялық инфрақұрылымының құрылуындағы маңызды фактор болады. Орталық Азия елдері үшін терроризм, экстремизм, заңсыз есірткі айналымы қауіптері маңызды мәселе болып келеді. Сол үшін де, ортақ мәселелерді шешу үшін мемлекеттердің бірігіп шара қабылдау үшін күш салысулары маңызды болып отыр. Бұл орайда, осы бағытты жүзеге асырудағы маңызды саты ол Қазақстан президенті Н. Назарбаев бастамасымен ұсынылып отырған Орталық азиялық одақтың құрылуы болуы мүмкін. Ол интеграциялық ынтымақтастықтың барлық мәселелерін тиімді шешу мүмкіндігін берер еді.

Өзге халықаралық интеграциялық бірлестіктер қатарында экономикалық және саяси жақындасудың моделі ретінде Еуропалық Одақ үлгісі болып отыр. Әлемдегі мемлекеттердің ең ірі экономикалық және саяси бірлестігіне айналып, ЕО әлемнің өзге өңірлеріндегі интеграциялық үрдістер үшін «үлгі» бола алады. Батыс Еуропада дамудың таңдалған бағытының дұрыстығын растайтын сондай әсерлі нәтижелерге қол жеткізілді.

Президент Н. Назарбаев өз кезегінде Қазақстанның ЕО-пен қарым-қатынастарының дамуының келешегі бар екендігін баяндады. Ол ТМД елдері Еуропалық Одақ үлгісінің жолын қуу керек, ол төрт еркіндікке: тауар, жұмысшы күші, қызмет көрсету және капиталдың жүру еркіндігіне негізделген. «Біз ЕО-тан еліктеуге лайық үлгі, ХХІ ғасырға айналған экономикалық және саяси интеграцияның магистральды, болашағы бар және тиімді бағытының мысалын көреміз», - деп елбасы атап өтті.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері ХІХ ғасырдың аяғынан, КСРО-ның ыдырауынан бастап қазіргі кезге дейінгі аралықты қамтиды.

Бітіру жұмысының мақсаты Жүйелі түрде, Орталық Азиядағы кеңістігіндегі интеграциялық үрдістерді талдау және олардың халықаралық қатынасқа ықпалын жан-жақты ашып көрсету, ондағы негізгі Қазақстандық факторды, Орталық Азия елдері үшін ЕО-тың әлемдік интеграциядағы тәжірибесін зерттеу болып табылады. .

Бұл мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Орталық Азиядағы жаңа геосаяи жағдайдың қалыптасуын қарастыру.
  • ОА-дағы интеграция мәселелерін ашып көрсету.
  • Н. Ә. Назарбаевтың ОА Одақ идеясы: бүгіні мен болашағын сараптау.
  • Европалық интеграция және оның аймақтық даму үшін тәжірибесін көрсету.
  • ЕО және ОА арасындағы қарым-қатынастарды қарастыру.
  • ЕО-пен Қазақстанның саяси байланыстарын зерттеу.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістерге арналған тақырыптың деректік көздерін шартты түрде төмендегідей бес топқа бөлуге болады . . .

Бітіру жұмысының теориялық әдістемелік негіздері. Берілген бітіру жұмысының теориялық әдістемелік негіздерін жалпы ғылыми әдістер құрайды. Зерттеу жұмысында Францияның ұлттық қауіпсіздік мәселесінің оң мен теріс жақтары бойынша құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда кеңінен пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда негізгі әдістеме ретінде қоғамдық ғылым саласында зерттеудің стандартты сараптамасы - контент-сараптама қолдану өз септігін тигізді. Яғни, оның көмегімен БАҚ хабарламасы, саяси тұлғалардың мәлімдемелері және ұлттық қауіпсіздік жағдайына сараптама жасалды.

Бітіру жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бітіру жұмысының жалпы көлемі - 59 бет.


1 Тарау ОА жаңа геосаясат: интеграция және дезинтеграция

1. 1 Орталық Азиядағы жаңа геосаяи жағдайдың қалыптасуы

Орталық Азия аймағы өзінің географиялық, экономикалық, ұлттық, тарихи, мәдени және тағы басқа факторларының қызметіне сәйкес геосаяси және геоэкономикалық жағынан өзіндік ерекшеліктерге ие аймақ болып табылады. Ең алдымен ол географиялық жағынан батыстағы Европа мен шығыстағы Азияның, солтүстіктегі Ресей мен оңтүстіктегі ислам әлемінің тоғысқан жерінде орналасқан. Сондықтан да аймақтың стратегиялық маңызы өте зор. Екіншіден, тікелей теңізге шыға алмайтын құрлық ортасындағы аймақ, әлемнің басқа аймақтарына тек көрші мемлекеттер арқылы ғана шыға алады, сондықтан көршілес елдермен байланыс орнатудың мәні қаншалықты зор екендігін айтпаса да түсінікті. Үшіншіден аталмыш аймақ табиғи ресурстарға өте бай, оның ішінде әсіресе табиғи газ, мұнай, түсті металдар және басқа да пайдалы қазбалар көздері бар. Ауыл шаруашылығы саласында мақта, астық, көкөніс және тағы басқа экономикалық дақылдарды дамытудағы жағдайы айтарлықтай жақсы, сондықтан едәуір зор экономикалық әлеуетке ие. Төртіншіден, ұлттық, діни, мәдени жағынан алғанда бұл аймақ өзіне тән ерекшеліктерге ие, түркі және ислам мәдениетімен дәстүрлі байланысы зор, оған қоса батыс пен шығыс мәдениеттерінің қосылған ықпалы да бар.

20-шы ғасырдың аяғы, дәлірек айтсақ, 90-шы жылдардың басы Орталық Азия республикалары үшін ғана емес, сонымен бірге кезінде Кеңес Одағын құраған республикалар үшін де тарихи бетбұрысты кезең болды. Социалистік тәртіп орнатып келген дүниежүзінің ірі державасы Кеңес Одағы ыдырап, 70 жыл бойы орталыққа бағынған республикалар тәуелсіз мемлекеттер статусына ие болды. Әрине, алғашқы егемендік алған республикалар үшін жеке-дара мемлекет ретінде өзінің ішкі және сыртқы саяси бағыттарын белгілеп, әрі қарай өздігінше аяқ алып жүруі оңай іс емес екендігі айдан анық. Бірақ Орталық Азия елдері халықаралық істерге белсене араласа отырып, халықаралық ұйымдарға мүше болып, дүниежүзілік қоғамдастықтың тең құқықты мүшесіне айналды. Бүгінде әлемнің көптеген мемлекеттері мен саяси, экономикалық күштер назары осы аймаққа аударылған.

КСРО алып мемлекет ретінде тарих сахнасынан кеткен соң, оның орнында қалған республикалар, оның ішінде Орталық Азия елдері де тәуелсіздіктерін жариялап, егемен ел ретінде халықаралық қауымдастықтан өздеріне тиесілі орындарын алуға тырысты. 1991 жылдың аяғында бірінен соң бірі әлемге өздерінің тәуелсіздігі туралы жариялады. Осы жылдың желтоқсан айының басында КСРО-ның іс жүзінде ыдырауы туралы Беловеж келісіміне қол қойылып, айдың соңында Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының пайда болғаны жөнінде келісім дүниеге келеді. Орталық Азия республикаларының тәуелсіздігін алғашқылардың қатарында болып Түркия, Ресей, Қытай және АҚШ мойындайды.

Тәуелсіздік алған бес мемлекеттің әлеуметтік-саяси жағдайы, экономикалық дамуы бірдей деңгейде болды. Ал жеке-дара мемлекет ретінде өмір сүре бастаған кезде Орталық Азия республикалары өзіндік даму жолын таңдап, олардың әрқайсысының ұстанған саяси бағыты әртүрлі болды. Мысалы, Түркменстан ешкімге қосылмайтын бейтараптық саясатты таңдап, оқшауланып алды. Тәжікстанда мемлекет ішіндегі топаралық тартыстардың салдарынан 5 жылдан аса уақытқа созылған азамат соғысы басталып кетті. Қазақстан көптармақты сыртқы саясатты ұстана отырып, әлем елдерімен тең құқықты ынтымақтастықты дамытуға бет алды. Бірақ орталықтан басқарылған мемлекет құрамында болып келген 5 республика үшін өзара шаруашылық байланыстардың үзілуі салдарынан болған экономикалық дағдарыстан шығудың жолдарын да іздестіру қажет болды. Дәл осындай жағдайда Орталық Азия елдерінің шикізат пен табиғи ресурстарға бай болуы, олардың геосаяси жағдайы әлемдік экономикалық қатынастарға кірігуіне мол мүмкіндіктер туғызды.

Кеңес Одағының құрамында болған кезде Орталық Азия елдерінің басқа да одақтас республикалар сияқты шет мемлекеттермен байланыстары орталықпен басқарылып, сыртқы саяси қайраткерлігі өте шектеулі болды. Ал тәуелсіздік алғаннан соң сыртқы саясат жүргізу ісінде дербестікке қол жеткізіліп, алыс-жақын шет елдермен жан-жақты ынтымақтастықты орната бастады. Көптеген қолайлы факторларға сәйкес, әлемнің ірі мемлекеттерінің осы аймаққа деген назары ерекше ауып, Орталық Азия аймағы әлемдік саясаттың белсенді қатысушысына айналды. Бүгінгі таңда Орталық Азия АҚШ, Қытай, Ресей, Түркия, Иран және Үндістан сияқты мемлекеттердің мүдделері қақтығысқан өңірге айналған. 1990-шы жылдары бұл аймақта ірі мемлекеттер негізінен экономикалық мүддені көздеген болса, 21-ші ғасырдың басынан бастап экономикалық мүдде саяси мүддеге ауысқандай.

КСРО ыдырағаннан кейін Орталық Азия ұлы державалар ғана емес, сондай-ақ орташа деңгейдегі аймақтық «күш орталықтары» қатысқан жаңа «үлкен ойынның» сахнасына айналды. Егер 19 ғ. -20 ғ. басында негізгі ойыншылар Ресей және Британ империялары болса, енді Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Үндістан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, сонымен қатар еуропалық мемлекеттер де белгілі дәрежеде қатысады.

Орталық Азия аймағының стратегиялық жағдайы Ресейдің де, сондай-ақ Батыстың да мүдделері мен қауіпсіздігіне тікелей қатысты; әсіресе Ресейдің мүдделеріне айтарлықтай қатысты. Ресейлік зерттеуші С. В. Бирюковтың пікірі бойынша орталық азиялық аймақ көптеген себептер бойынша өінің Ресей үшін сөзсіз маңыздылығын сақтап келеді. Олардың ішінде бірінші орында - орталық азиялық аймақтың геосаяси маңыздылығы. Сонымен қоса, аймақтағы мемлекеттер ТМД көлемінде ықпал етудегі Ресейдің негізгі геостратегиялық бәсекелестері - бәрінен бұрын, АҚШ және Түркия, кейіннен Иран, Пәкістан және Қытай жағынан үлкен мүдденің объектісіне айналды. Бирюков аймақтағы әр түрлі Ресейдің мүдделеріне жауап бермейтін альянстардың, бағыттар мен жобалардың, оның ішінде НАТО-ның патронажы астында Орталық-азиялық батальонның құрылуын, Ресейді аймақтық қарулану нарығынан ығыстыруын, сонымен қоса, альянстың әскери шараларына бұл мемлекеттердің қарулы күштерінің белсенді түрде енуін қауіппен белгілейді.

Аймақтық емес ойыншылардың өздерінің Орталық Азияға жақындау тәсілдерінде белгілі бір қағидаларды ұстанатындығы сипатты, олардың ішінде геосаяси аймақтық қағидасы ерекшеленеді, ол аймақты бірыңғай тұтас геосаяси кеңістік, ортақ саяси және экономикалық мүдделері бар территория ретінде қарастырады. Бұған қоса, бұл елдер қоғамдық мүдделердің стартегиялар негізіндегі өзінің ішкі ресурстардың есепке ала отырып жүзеге асатын тәртіптің спецификалық саяси және экономикалық бағытты қолданады.

Аймақтағы геосаяси мүдделері бар ықпал етуші державалардың бірі Ресей болып келеді. Ресейдің Орталық Азиядағы негізгі мақсаттары - бұрынғы кеңестік азиялық мемлекеттерді ресейлік геосаяси кеңістігі өрісінде ұстап қалу. Ресей, өзіндік ішкі мәселелер себебінен, әлі Орталық Азияға қатысты толық қанды стратегиясын шығара қойған жоқ.

Бұл байланыста шектелген әскери қатысуға деген шешімі Ресей үшін құптауға лайығырақ қадам болып отыр. Әскери қатысу ауқымды экономикалық және саяси байлансытарды дамыту сияқты ондай көп шығынды қажет етпейді. Оған қоса, ол геосаяси мүдделерді қамтамасыз етудің жеткілікті әсерлі тәсілі болып келеді. Оның Ресей үшін артықшылығы Ауғанстаннан ислами радикализм экспансиясының тарау қаупінің болуымен түсіндіріледі.

Тәжікстан және Қырғызстан территорияларында ресейлік әскери базалардың құрылуы бұл елдерді Орталық Азия аймағында және оның айналасында ресейлік геосаяси мүдделерді қамтамасыз ету үшін таңдауын куәландырады. Бұл таңдау Тәжікстанды Орталық Азиядағы шешуші мемлекет ретінде мойындауын білдірмейді, бірақ бұл республика аймақтық қауіпсіздік жүйесіндегі маңызды байланыстырушы түйін болып қалады. Ресей геосаяси пайдалылық есебіне сүйене отырып, елеулі материалдық не саяси шығынсыз аймақта стратегиялық түрде орнығу үшін қолайлы жағдайды пайдалануда. Бұған қоса, Ресей аймақтағы энергоресурстарды тасымалдауға қызығушылығын көрсетуін жалғастыруда. Мұнай-газ кен орындарын игеруге, мұнай құбырларының құрылысына және эксплуатациясына қатысушы өзге елдер үшін сияқты Ресейге де энергоресурстарды тасымалдау тек қана экономикалық емес, сонымен қоса, бірінші кезекте аймақтағы жағдайдың дамуына әсерлі бақылау жүргізуді қамтамасыз ету призмасы арқылы саяси мәселе болып келеді. Экономикалық салада Орталық Азия аймағы Ресей үшін басым бағыт бола қойған жоқ. Инвестицияларға және «тірі» ақшаға мүдделі Ресейді аймақпен соңғы кезде қалыптасқан сауда-экономикалық қатынастардың бартерлік сипаты қанағаттандырмайды. Көптеген бағалау және де франсуздық сараптамашы Оливье Руаның пікірі бойынша, АҚШ, Қытай және ЕО белсенділік аясында аймақтағы ресейлік ықпал ету салыстырмалы азаю тенденциясын иеленеді.

Ресей 1992-1993 жылдары Батыспен «стратегиялық серіктестікті» орнату идеясын алға тарта отырып, өздерінің тәуелсіздіктерін жариялаған бұрынғы кеңестік азиялық республикаларға деген назарын бәсеңдетті. 1994 жылдан бастап Ресей аймақтағы өзінің бұрынғы ықпалын қайта қалпына келтіруге тырысады. Ресей үшін басты мәселе Тәжікстандағы және тәжік-ауған шекарасындағы ахуал болды. Ішкі мәселелердің өткірлігі мен экономикалық мүмкіндіктерінің әлсіреуі Ресейге Орталық Азияда қалыптасқан вакуумды толтыруға талпынған әлем елдерімен бәсекелесуге кедергі жасады. Орталық Азиядағы екінші «үлкен ойынның» тағы бір ерекшелігі - аймаққа әскер емес (Тәжікстанды санамағанда), инвестициялар әкеліне бастады. Яғни, инвесторлар арасында табиғи ресурстарға қол жеткізу үшін, мұнай мен газ құбырларының бағытын таңдауда, өтім базары үшін, жаңа тәуелсіз орталықазиялық мемлекеттердің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық бағыттары үшін күрес жүреді[6, с. 36] .

Ресейдің экономикалық мүдделерін қорғау - Мәскеудің Орталық Азиядағы саясатының негізгі мақсаттарының бірі. Өз мүддесін қорғау мақсатында Ресей өзі үшін анағұрлым маңызды болып табылатын елдерде, мысалы, Қазақстанда, қатаң бақылауды сақтап отыр. Ресей үшін Қазақстан саяси жағынан да, экономикалық жағынан да аса маңызды мемлекет болып саналады. Мұнда кеңестік әскери және өнеркәсіптік нысандар - Байқоңыр ғарыш айлағы мен ядролық қаруды сынау полигоны орналасқан. Қазақстан - бұрынғы КСРО аумағындағы Ресейден кейінгі екінші ірі мұнай өндіруші. Оның энергетикалық ресурстары мен тасымалдау құралдарына бақылау орнату Ресейге аса маңызды стратегиялық және экономикалық мүмкіндіктер береді. Ресейде Өзбекстан мақтасының импортына тәуелді ірі кәсіпорындар бар. Жалпы, экономикалық салада Ресей мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыс өте тығыз.

Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағында мыс, қорғасын және цинк өндіруде көшбасшылық орын алған және оның негізгі тұтынушысы Ресей болған. Ресей қара металлургиясы бүгінгі таңда да Қазақстан темір рудасының, марганецтің, молибденнің және хромның, сирек кездесетін металдардың басты тұтынушысы болып отыр. Қырғызстан металдық сүрмені өндірудің монополисі болған болса, Түркменстан - құрамынан стронций шығарылатын целестин рудаларының, Өзбекстан - мақта мен алтынның ірі жеткізушісі болған [6, . с. 37] .

Орталық Азиядағы үш негізгі ойыншы - Қытай, Ресей және АҚШ. Әрқайсысының өзіндік мүддесі бар, оған қоса олардың үшеуі де бұл аймақтың тыныштығы мен гүлденуіне мүдделі. Ал бұл өз кезегінде бірлесіп күш жұмсауды қажет ететін радикалды исламды жеңген кезде ғана мүмкін болмақ. Сондықтан оларды біріктіретін осы мақсаттар олардың мәмілеге келуін қажет етеді. Мұның өзі үшеуінің ортақ мүддесі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте орта ғасырлардағы түркілер құрған мемлекеттер
Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы
ТМД-НЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
ТМД-ғы интеграция тарихы
ТМД елдерінің таңбасы
XX Ғ. 90-ЖЫЛДАРЫ МЕН XXI Ғ. БАСЫНДАҒЫ КАСПИЙ АЙМАҒЫ ЕЛДЕРІНІҢ САЯСИ АХУАЛЫ
ТМД мемлекетінің арасында дипломатиялық қатынастарды орнату
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастығы
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz