Ақын - жыраулардың қазақ философиясы тарихында алатын орны


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

І-тарау. Ақын-жыраулар шығармаларындағы философиялық дүниетанымдық ойлар6

1. 1 Ақын-жыраулар мұрасын философиялық тұрғыдан зерттеудің методологиялық мәселері6

1. 2 Ақын-жыраулардың әлеуметтік философиялық ой кешу үрдісі16

Азамат ердің баласы18

ІІ тарау. Ақын жырау мұрасының қазақ дүниетанымындағы тәлім-тәрбиге байланысты өсиеттері32

2. 1 Ақын-жыраулардың ұлттық тәлім-тәрбие жөніндегі ұлағатты ойлары32

2. 2 Ақын-жыраулардың қазақ философиясы тарихында алатын орны37

Қорытынды40

Сілтемелер42

Әдебиеттер тізімі43

Кіріспе

Әрбір халықтың өзіне тән тарихы, салт-дәстүрі, философиясы, өмір тіршілігі бар. Қазақ халқының да өзіндік философиялық ойының дамуы қиын да қатал тағдыр кешкен тарихына тікелей байланысты. Яғни ұлағатты ойшылдардың дүниеге, табиғатқа, адамға деген көзқарастарының қай-қайсысын алсаңыз да -бәрі де белгілі тарихи, әлеуметтік жағдайға байланысты туындайтынын көреміз. Философия тарихы ең алдымен әрбір ұлттың, халықтың рухани мәдениетімен тікелей байланысты екенін есте ұстағанымыз абзал. Өйткені, әрбір ойшыл, ғұлама, философ өз ұлтының, халқының перзенті. Оның шығармалары халқының ұлттық ойлауымен, тілімен, әдет-ғұрпымен, әдебиетімен, өнерімен, жалпы мәдени өсу дәрежесімен тығыз байланысты болды.

Өткен дәуірдің философиялық жүйелерін, ақын-жыраулардың философиялық ойларын талқылағанда оларға нақтылы тарихи тұрғыдан қарауымыз керек.

Қазақ халқының төл туындысы- ақын-жыраулар шығармаларындағы философиялық ойдың өрбуі.

Қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулардың шығармаларын ғана жанр деп түсінбей, одан да ертеректе өмір кешкен бабаларымыздың қалдырған бай рухани қазынасының жалғасы деп қарастырған жөн болар. Ақын-жырауларымыздың жыр толғауларында тарих шындығы адам, қоғам, табиғат, әдеп, имандылық, ұлттық тәрбие танымдары мәселелері негізгі өзекті орын алады. қазақ ақын-жырауларының шығармалары халқымыздың салт санасын, ауыз әдебиетімен, көшпелілердің әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттерімен тығыз байланысты болып, бар болмысында ойлы философиялық, тарихи сабақтастық принциптері қатар жүріп отырды.

Міне осы тұрғыдан алғанның өзінде де зерттеу тақырыбының қаншалықты маңызды, өзекті екндігіне ешқандлайкүмән келтіре алмаймыз.

Тарихи философиялық мәселелерді зерттеу тарихи ойлауды тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазіргі жаңа заман адамына өткен дәуір шындығын, ұрпақтар байланысы мен уақытын, ілкі замандағы ойдың дамуын, тарихтың даму диалектикасының тыс қарау түсініксіз болып қалды. Ал өткен дәуір шындығын біздер сол ақын-жыраулар шығармашылығы арқылы біле аламыз.

Ақын-жырауларымыздың шығармаларының бір ерекшелігі оның тарихында. Бұл шығармаларында көшпелілер тарихымен тікелей үндесіп болмысымен біте қайнасып жатқан адамгершілік пен, парасаттылық, салт-дәстүр дүниетаным ұғымдары, философиялық ой, көркемдік пен сұлулық патриотизм, эстетикалық нәр тұнып тұр. Тек соны зерделі пайдалануды қажет етеді. Соңғы жылдарға дейін қазақ ақын-жырауларының философиялық дүниетанымы философтар тарапынан арнайы зерттеу жұмыстары мен бірлі жарым ғылыми зерттеуде ғана сөз болып толық зерттелінбей келді.

Мемлекетіміздің егеменділігі ұлттың сана-сезімінің өсуі мәдени және рухани дәстүрлердің өсуіне өркендеуіне жағдайлар туғызып қана қоймай, оларды іске асыруға мүмкіндіктер туғызып отыр.

Ұлттық философиямыз бен мәдениетіміз саласы бойынша айтарлықтай зерделі ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген белгілі философтар ғалым ағаларымызды атап өтпеске болмайды: А. К. Қасымжанов, А. Қ. Қасабеков, Ғ. Есім, Т. К. Ғабитов, Б. Ғ. Нұржанов, М. С. Орынбеков, Ж. А. Алтаев, О. А. Сегізбаев, Қ. Ш. Шулембаев, М. хасанов, А. С. Балғынбаев және т. б. Сөйтіп докторлық және кандидаттық диссертациялардың, монографиялар мен ғылыми мақалалардың үлкен бір шоғыры дүниеге келді. Дегенмен де ақын-жыраулар мұрасы философиялық тұрғыдан қарағанда әдебиет тұрғысында көбірек зерттелген. Белгілі әдебиеттанушы ғалымдарымыз Х. Сүишәлиев, М. Мағауин, Е. Тұрсынов және т. б. осы мәселеге өздерінің іргелі зерттеу еңбектерін арнаған.

Әлі де болса қазақтың ұлттық философиясын дамытып, зерттеу, асыл мұраларды жинақтау, қазақ фидософиясын әлемдік философияның деңгейіне жеткізу-зиялы ғалымдар қауымы мен болашақ жастардың азаматтық парызы деп санаймын.

Ақын-жырауларымыздың мұраларын зерттеудің мақсаты мен міндетіне келетін болсақ жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде бүгінгі күнде әрі теориялық, әрі тәжірибелік маңызы бар екенін дәлелдеу.

  • көне түркі медениетінің адам, имандылық салт-дәстүр мәселелері туралы түсінігі;
  • әлі де толық зерделенбей жатқан Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Шал ақынның және т. б. шығармаларын мұқиат зерделеп қоғамдық және ұлттық сана сенімге халқымыздың дүниетанымына тигізген игі ықпалын таразылау.
  • Хандық дәуірден кейінгі қазақ мәдениетіндегі ақын-жыраулардың философиялық ойларын, жалпы дүниетанымын, ұрпақ тәрбиесі үшін қалдырған еңбектерінің гуманистік, патриоттық, өнегелі өсиеттерінің мәнін ашып көрсету.

Қазақ хандығы ақын-жыраулардың шығармаларына жеке-жеке талдау жасамас бұрын, осы жыраулар, ақындардың кімдер екеніне жалпы шолу жасасақ деген ойдамыз.

Жырау-ақпа-төкпе импровизатор, өлең сөзді қару еткен өнер адамы, халықтың қамын ойлай білетін парсаты мол ел ағасы, бетің бар жүзің бар демей, тура айтар өткір әділ биі, сәті келгенде жыр мен қаруды бірдей жұмсап, жауға аттанар жауынгері.

Олар ел тағдырын шешер ірі оқиғалар мен аса мәнді көкейтесті мәселелер жайында толғаған.

Халық өзгелерден гөрі қайғырғанда демеп, қуанышына қанат бітіретін, ақыл қосатын асыл сөз иесі жырауларды қатты қадірлеген.

Жыраулар әлеуметтік мәні зор ірі, киелі мәселелерді жырлаған. Бұл сипаттар Тәттіқара, Көтеш, Шал шығармаларынан ХІХ ғасырдағы ақындар мұрасынан айқын аңғарылады. Орта ғасырлардағы қазақ поэзиясында жыраулар жетекші рол атқарды.

Жырау шығармалары әдетте нақыл, қанатты сөздерден құралған философиялық толғаулар түрінде келеді.

Толғауларда жырау өзінің өмір жолында түйгендерін, мораль, этика хақындағы ойларын баяндайды, елеулі қоғамдық мәселелер көтереді.

XV-XVІІІ ғасырдағы ақындар мен жыраулар елдік, ерлік, замана хақында толғаған. Олар өмірдің өтпелілігін жырлап, ізгілік пен инабатты дәріптеген. Этика жайында да өшпес елеулі еңбектер қалдырған. Заманның ойлы перзенті ретінде өмірдің сан алуан мәселелерін сарапқа салып, гуманистік тұрғыда философиялық, дидактикалық тұжырымдар жасап, атамекенді қорғап, ел бірлігін сақтау мәселесін көтерген.

Ақын-жыраулар мұрасында сол дәуірдегі талай тайпалар басынан өткен тарихи іздер сайрап жатыр.

Әр дәуірдің ірі, іргелі оқиғалары, көрнекті адамдары тарихи тұрғыда нақты дәлдікпен көрінбесе де, жыр жолдарында кездесетін адамдармен қарым-қатынасы, олардың сыртқы да ішкі бейнесі анық байқалады. Мәселен, Асан Қайғы жырлары арқылы Жәнібек, Шалкиіз арқылы Темір, Бұқар, Ұмбетай, Тәтіқаралар арқылы Абылай, Байтақ, Жанұзақ арқылы Жәңгірхан поэзия жолына жазылып, тарихтағы мәшһүрлігі арта түскендей.

"Өнер алды-қызыл тіл" деп халқымыздың толғау өнерін жете меңгерген ақын-жырауларды аса құрмет тұтқаны белгілі. Бастауын сонау Қорқыт ата, Аталықтай, бертін келе шығармалары біздер үшін, болашақ ұрпақ үшін жоғалған, есімдері аңызға айналған Кет Бұға, Сыпыра, Жұмақұл жыраулардан алатын, кейінгі ұрпақ әулие танып, "көшпенділер" философиясы атаған, көптеген нақыл сөздердің, афористік-философиялық толғаулардың авторы- Асан Қайғы. Мінекей, көріп отырғанымыздай кез-келген халықтың философия тарихы сол бір халықтың өмір-тіршілігінің айнасы. Сондықтан да мен осы қазақ халқының XV-XVІІІ ғасыр аралығында жасаған ақын-жыраулардың еңбектерімен, мұраларымен танысуға тырысайын. Себебі. Ақын-жыраулардың еңбектері арқылыөз халқымның бастан кешкен оқиғаларын, тарихи даму заңдылықтарына көз жеткізуге мүмкіндік болатынын білдім.

Менің бұл дипломдық жұмысыма негізгі арқау болып отырған мәселелер бұл ақын-жырауларымыздың философиялық толғаулары, афористік нақыл сөздер, мораль, этика хақындағы еңбектері.

Ал бұл еңбектердің бүгінгі таңдағы маңыздылығы соншалықты, әрбір азаматтың өзін-өзі жақсы, ұнамды жағынан көрсетуіне, инабатты болуына, жақсылыққа, адамгершіліктің асыл қасиеттеріне баули білуіне қосар үлесі мол деп білемін.

әл-Фарабидің "Адамға ең бірінші білімнен бұрын тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамға опат әкеледі" деген қанатты сөзіне жүгінсек, ақын-жыраулардың айтқан ойлары бүгінгі ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу үшін өте қажет рухани мұра. Яғни, біздің этикамыз дамымай, моральдық тұрғыдан жоғарламай біздің мәдениетіміздің өркендеуі жоғары сатыға көтерілуі мүмкін емес.

І-тарау. Ақын-жыраулар шығармаларындағы философиялық дүниетанымдық ойлар

1. 1 Ақын-жыраулар мұрасын философиялық тұрғыдан зерттеудің методологиялық мәселері

Қазақ халқы ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызекі үлгілермен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді.

Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап қазіргі замандағы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын үзақ та жемісті философия тарихы мол орын алады. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін моральдық мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы (ненасилие) және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы т. б. мәселелерді атаіға болады.

Ақындар мен жыраулар саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер- бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әртүрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жоғарылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық, саяси, мәдени, сайып келгенде философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады.

Олар-арнайы реализм, білімнің негізгі жақтары, еркін ойлау, дейстік және пактейстік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, хұқтың саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні тағы басқалар еді.

Осы аталған көзқарастар , тоқыраушылыққа және білімсіздікке, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Бұны да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі деп атап айтуға болады.

Қазақ философиялық ойының тағы да бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизімін, халқына деген сүйнпешілігін, оның бақыты, мүддесі және болшағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.

Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-ақ аяғынан тік тұрған, бірден қалыптасып келген жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның аңдылықтарын, таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау- соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен халықтың ақындық шығармашылығында қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама жиынтығы болды. Олар негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік қасиетке толы бір қалыпқа сия бермеуі мүмкін, бірақ адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын көрсететін философиялық мәні бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз әдебиетіне сай, тез жаттап алу, оны есінде сақтау және ұрпақтан ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, "ұрламай" жеткізу-бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс.

Қазіргі кезде тарихи-философиялық ғылымның көптеген халықтардың философиялық мұраларын зерттеген тәжірибесі ұлттық философияның қалыптаусы дамуы және негізгі бағыттары туралы, оларды зерттеудің теориялық және методологиялық мәселелері жөнінде жинақталған жалпы ойларды тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Қазақ философиясының тарихы-халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесімен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және методологиялық құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланысты, сондықтан оны зерттеп, үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және т. б. пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлы азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығы мен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге атсалысқандылығымен, өзінің жемісті жетістіктерімен ерекшелінеді.

Осы тұрғыдан алғанда біздер дүниежүзілік қоғамдастыққа қазақ халқының терең де тұңғиық философиялық ойларын, оның шынайы болмысын және өзіне тән мәдениетін көрсете білуіміз керек. Бұл мақсатты іске асыру жолында көптен, бұрыннан қалыптасқан, сіресіп қалған ұғымдар мен қағидаларды сын көзбен қайта қарап, жаңаша методологиялық шешімдер жолын ұсынғанымыз абзал.

Қазақ философиясының көкейтесті мәселелерінің бірі-философияның пайда болу проблемасы. Қазіргі уақытқа дейін әлемдік философиялық тарихында осы мәселе талай пікірталас туғызып жүр.

Біріншіден, философиялық дәл шыққан мерзімін белгілеу өте қиын.

Екіншіден, философия деген ұғымның дәл анықтамасын беруге осы күнге дейін толық қол жеткен жоқ.

Үшіншіден, қазақ философиясына келетін болсақ, жазба түріндегі оның мәселелерін классикалық тұжырымдарарқылы берілген текстері жоқтың қасы.

Әлемдік философияда үш ошақтың (Қытай, Үнді, Греция) шамалас бір мезгілде пайда болғанын білеміз. Осы орталықтар философияның әлеуметтік кеңістігіндегі жоғары деңгей еді және теориялық ойлаудағы дүниенің өзін жеке және тұтас ретінде бейнелеген алғашқы жүйелер болды. Философиялық ойдың тууына белгілі бір алғышарттар қажет. Олар-әлеуметтік, теориялық-танымдар, тарихи шарттар. Тарихи практика көрсетіп отырғандай, философия өркениеттің ұзақ дамуының жемісі.

VІ ғасырдан бастап Қазақстанның қазіргі территориясында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, оның орнына феодалдық әлеуметтік-экономикалық формация орныға бастады. Осы уақыттан бері барлық әлеуметтік ішкі заңдылықтар мен айқындалады.

ІХ-ХVІІІ ғасырларда Қазақстан жерінде орналасқан тайпалар олардың көсемдері өз биліктерін, басқару органдарын Тәңірінің өзі берген күш ретінде есептеген. қазақ философиялық ойларында кездесетін ақсүйектік абзал әулеттердің "генеалогиясы" соның жарқын көрінісі болып табылады. Кеініректе осы аталған идея "биліктің заңды табиғаты күштілерді ғана қалайды" деп, одан кейінде адамдардың әдет ғұрпына, заңдылыққа өнеге салды. Осыдан келіп философияның шығу процесі әлеуметтік жағдайлармен қатар сол кездегі адам ойының даму процесімен тығыз байланыста болғанын көреміз 2 .

Философияның пайда болуына тарихи алғышарт миф болған. Бірақ оны философия эпос арқылы өзгерген және жүйеленген кезінде ғана пайдаланды.

Әрбір заманға байланысты эпос мифтің түрін өзгертіп отырады және сонымен қатар өнер мен бастапқы ғылым элементтерінің әсерімен философияның шығу процесін, оның қоғамдық сананың шығу және жаңа бір түрі ретінде қалыптасуын жеделдетеді.

Мифологиялық көзқарас пен табиғат және қоғам туралы жаңа дамып келе жатқан ғылым элементтерінің арасындағы қайшылықтарды шешу философияның пайда болуының жолы деген де қалыптасқан тұжырымдар бар.

Философия мифке тән дүниеге тұтас көзқарастық бағытты сақтауға тырысады. Соның негізінде не мифологиялық, не аллегориялық-көркем, не символикалық-діни, не нақты ғылыми ойлау, бірақ олардың әрқайсысынан қабылданған түрлеріне сыймайтын, жаңа түсініктегі ойлау формаларын құрайды.

Қазақ философиясының пайда болуы туралы сөзді тек ойшылдардың дүниеге көзқарасы жалпылықты көзқарастың (әмбебапты) универсалды принциптерін немесе “бастауларды” анықтаудағы заңды бағыттары болған кезде ғана айтуға болады. 3

Діни мифологиялық тұжырымдар әдет-ғұрып пен беделге бой ұрса, философия заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың мәнін ашуға, пікірсайыс ретінде қолданылатын рационалды ойлауға, дүниені танып білудегі қайшылықтарды аңғару мен шешуге тырысады. Бұл әрекет адамның жан-жақты ойлауы және оның интеллектуалды интуициямен бірегей қалыптасқан нәтижесінде тұрады.

Қазақ тарихында көп кездесетін “рулық” генетизм осы қоғамның әлеуметтік, топтық бөлінуі және “ақсүйекті” рулар пайда болған кезінде күшейді.

Соңғылардың қоғамдағы “заңды” орындары олардың төркіні құдайдан немесе батыр бабаларынан басталады деп түсіндіреді.

Сөйтіп олардың әлеуметтік дүниенің қажетті және заңдастырылған бөлшегі ретінде қоғамдағы белсенді ролі бекітілді. Осы рулардан шыққан ойшылдардың әлеуметтік идеялары қоғамның даму тенденциясын біршама дұрыс бейнеледі. Осыдан келіп олардың көзқарасы жеке бастық көзқарасы ғана емес, қоғамның тарихи дамуының мүддесіне сай келгендіктен қоғамдық пікір ретінде қалыптасты. Мысалы: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқалардың ой жүйесі, олардың ақыл кеңесі, айтқан тұжырымдары осыған дәлел. 4

Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай, қоғам дауының көп сатыларында алдыңғы орынғы экономикалық мүдделер мен саяси қызметке қарағанда философиялық, этикалық, діни және т. б. проблемалар шығады. Олар азаттық және адам еркіндігі, діни сенім және ақыл ой, өмір сүру және адамгершілк қасиеті, бостандық пен құлдық, керек болса “қой үсіне бозторғай жұмыртқалағанә, “алтын ғасыр” және “ақырзаман”туралы және басқа мәселелер. Бұлар жұп категориялар ретінде де, немесе жекелей, әлде бәрі бірдей қазақ ойшылының көзінен таса қалмаған. Осы мәселелерді тиянақты ойластыру арқылы олар экономикалық, соғыс және саяси дағдарыстарды шешуде үлкен рол атқарды.

қазақ тарихының белгілі бір кеңестік-уақыт параметрінде философиялық құбылыстарды үш белеске немесе үш кезеңге бөліп қарауға болар еді. 5

Біріншісін алғы фиософия (предфилософия) деп аталық. Оған тән нәрсе объектілік пен субъективтілікті өте нашар ажырата білетін сана. Оның негізінде ойлау іштегі қайшылығы кем, қажетті дәлелденген теория құра алмайды.

Ол психологиялық образ, күйбең, эмоция деңгейінде үздік-үздік ойлар ретінде қалып қойды. Аталған элементтерді мифтік көркемдік әдспен ұйымдастру арасында дәл осы кезеңге сәйкес өзіндік семантикалық тұтастық пен семантикалық бірлік жасауға мүмкіндік туды.

Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының ертеден бастап ХІІ ғасырға дейінгі кезеңдеріне тән болуы керек.

Екінші белесін философиялық кезең деп айтуға болады. Оған тән қасиет объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сапа. Оның негізінде категориялар мен түсініктерді формальды логикалық операцияларды қолдану арқылы теориялар мен концепциялар жасау. Басқаша айтқанда, ойлау дәрежесінің шеңбері ұлғайып, ауқымдалып, қоршап тұрған дүниені, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жету. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының XІV ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтуы заңды ғой деймін.

Үшінші белес теориялық-методологиялық қасиеттермен жандандырылған, классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған қазіргі заманғы қазақ философиясы. Оның өзіндік тарихи-ғылымын қазақ деп атаса да болар еді. Бұның бір ерекшелігі-зерттейтін объектісі осы заманның ауқымынан шығып, келешекті, қазіргіні, өткенді жүйелі түрде рационалды ойлау процесінен өткізіп, екшеу, сондықтан өз бойында жаңа типті ойлау мәнерін, өрнегін таразылау, сақтау және жаңартуы.

Жоғарыда айтқан идеяларға сүйене отырып, қазақ философиялық ойларының қалыптасу бастаулары хронологиялық және мәндік жағынан үш кезеңнен тұрады дер едік.

Бірінші кезең- ру құрылысы үстем болып тұрған уақытты және соған сәйкес келетін алғы-философиялық сананы қамтиды.

Екінші кезең-ХХ ғасырдың басына дейінгі ойшылдардың, филсофтардың ілімі, мұрасы және еңбектері. Оларда саналы түрде айтылған, жазылған ғылымға дейінгі және теориялық пайымдаулар орын тепкен бағыттағы көзқарастар. Бұларды осы мәселе төңірегінде қалыптасқан пікірлерді ескере отырып нағыз философиялық концепциялар деп атауға болады. Себебі, ойшылдардың дүниеге көзқарастары олардың өздерінің ерекшеліктері арқылы әрқилы бағыттарға, жолдарға, қисындарға іштей бөлініп жатыр. Негізгі көксеген мақсаттары-әрқилы әлеуметтік топтардың мүдделерін жоқтау, жақтау, көздеу немесе жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
«Ақын – жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным»
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
Қазақ зиялыларының еркіндік идеясын жалғастыруы
Хіх ғасырдағы қазақ ағартушылары және рухани мәдениет
Сөзден ұтылған хан
Қазақ философиясындағы еркіндік мәселесі
Асанқайғы поэиясындағы Жәнібек бейнесін ашу
Философияның даналық және адамзат қоғамының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz