Оқушыларды лицейге көптеп тарту бағытында жұмыс жүргізу


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТI
факультеті
мамандығы
кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент
/аты-жөні /
Жұмыс тақырыбы
университет бойнша 2009 ж "" № бұйрыгымен бекiтiлген
Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2009 ж ""
Жұыстың бастапқы деректерi
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тiзiмi
Графикалық материалдардың тiзiмi /қажеттi жағдайда/
ұсынылатын негiзгi әдебиеттер
Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушiсi
/қолы/ /аты- жөні/
Жұмыс жетекшiсi
/қолы/ /аты- жөні/
Тапсырманы орындауға
қабылдандым, студент
/қолы/ /аты-жөні/
Дипломдық жұысты орындау
ГРАФИГI
Кафедра меңгерушiсi
/қолы / / аты-жөнi /
Жұмыс жетекшiсi
/қолы / /аты-жөнi/
Тапсырманы орындауға
қабылдандым, студент
/қолы / /аты-жөнi/
Мазмұны:
Реферат . . .
Кіріспе . . .
1. Жамбыл облысы, Красногор ауданы № 7 Кәсіптік лицейдің
оқу- өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама . . .
- №7 Кәсіптік мектептің әр кезеңде аталуы туралы мәліметтер . . . Жамбыл облысы, Красногор ауданы № 7 Кәсіптік лицейдің табиғи климаттық жағдайы . . . Жамбыл облысы, Красногор ауданы № 7 Кәсіптік лицейдің материал
дық- техникалық базасы . . .
2. «Трактор және автомобиль» пәні бойынша оқу процесін талдау . . .
2. 1. Оқу жоспарын талдау . . .
2. 2. «Трактор және автомобиль» пәнінен оқу бағдарламаларын
талдау . . .
2. 3. «Трактор және автомобиль» пәнді оқыту кезінде оқытушының
рөлі . . .
2. 4. Маманда пән бойынша білім, білік және дағды жүйелерінің қалыптасуындағы тақырыптың орны мен мәні . . .
2. 5. «Трактор және автомобиль» бойынша оқу- тәрбие процесін
жоспарлау . . .
2. 5. 1 «Трактор және автомобиль» бойынша теориялық білімдердің оқу құжаттарын жасау . . .
Календарлы- сеткалы кестені құрастыру . . .
2. 5. 2 Құрылымдық-логикалық талдау . . .
2. 5. 3 Перспективалы- тақырыптық жоспар (ПТЖ) . . .
2. 5. 4 Сабақ жопарын және жоспар-графикті құру . . .
2. 5. 5Оқушылардың тақырып бойынша сабақтағы танымдық қызметін белсендірудің тәсілдері . . .
2. 5. 6 Белгілі бір цикл (тапсырма) бойынша лабораториялық- практикалық сабақтың оқу құжаттары . . .
« Машиналарға техникалық қызмет көрсету» пәні бойынша лабораториялық- практикалық сабақтың жоспары . . .
2. 5. 7 Кіріспе нұсқаунаманың қысқа конспектісінің мазмұны . . .
2. 5. 8. Жұмыс орындары бойынша оқушылар звеноларының
алмасу кестесі . . .
2. 5. 9 Жұмыс орнының жабдықтарымен, құралдарымен және оқу материалдарымен жабдықталғанын сипаттай отырып, тізімін құру . . .
2. 5. 10 Технологиялық- нұсқау картасы . . .
3 Конструкциялық тарау . . .
3. 1 Жүк көтергіш қондырғы . . .
3. 2 Жүк көтергіш бөлшектерінің беріктік есебі . . .
4. Экономикалық талдау . . .
5. Еңбек және қоршаған ортаны қорғау шаралары
Еңбек қорғауды ұйымдастыру . . .
5. 1 Техникалық күйіне қоятын қауіпсіздік талабы . . .
5. 2 Жүк тасудың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету . . .
5. 3 Қоршаған ортаны қорғау шаралары . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер . . .
Реферат
Аширова А. Е. Жамбыл облысы, №7 кәсіптік лицей жағдайында «Трактор және автомобилъ» пәнінен «Автомобильге техникалық қызмет көрсету» тақырыбына әдістеме жасау.
-Дипломдық жұмыс, Алматы, Қаз ҰАУ, 2009, -бет.
Жұмыстың бірінші тарауында Жамбыл облысындағы №7 кәсіптік лицейінің оқу өндірістік жағдайларына қысқаша сипаттама берілген.
Методикалық тарауда кәсіптік мектептің оқу процесін ұйымдастыруға арналған «Трактор және автомобиль» пәніне арналып төменгі оқу құжаттары жасалынды: күнтізбелік- сеткалық график құрылымдық-логикалық сұлбасы, пәнаралық байланыс, перспективалық -тақырыптық жоспар, звенолардың алмасу кестелері жасалды.
Конструкциялық тарауда басқаруы жеңіл бір адамның қатысуымен бақарылатын техникалық қызмет көрсетуге арналған жүк көтергіш конструкциясы ұсынылған.
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету барысындағы техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы ережелер және қоршаған ортаны қорғау шаралары айтылған.
Кіріспе.
Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек.
Н. Назарбаев: . . . Білім беру саласының басты міндеті - 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. «Қазақстан халқына 2008 жылдың 6 ақпанындағы Жолдауынан»
Ендігі міндет - әр азамат, әр ұжым, осы Жолдаудан туындайтын өзінің жауапкершілігін сезіне білуінде. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ұжымы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін заман талабына сай білікті мамандар даярлай отырып, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізуді, оларды өндірісте кеңінен пайдалануға жәрдем беруді өзінің басты мақсаты деп санайды.
Президенттің Жолдауында көрсетілгендей, еліміздің ауыл шаруашылығында азық-түлік өнімінің жылдық өсу деңгейі жоғары қарқынмен өсті. 2002-2007 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 557 млрд. теңгеден 1050 млрд. теңгеге дейін өсті.
2007 жылы дәнді дақыл өнімдерін жинау рекордтық деңгейге, яғни 20, 1 млн. тоннаға жетті. Мұндай өнім еліміздің ішкі тұтыну мөлшерін жаңа өнім алғанға дейін қамтамасыз етеді және өнімді сыртқа шығару мүмкіндігін 10, 0 млн. тоннаға жеткізе алады.
Өнімдердің басқа да түрлерін, атап айтқанда, май өнімдерін - 459, 4 мың тоннаға, көкөністі - 2196, 4 мың тоннаға, картопты - 2414, 8 мың тоннаға, мақта өнімдерін 438, 7 мың тоннаға көтеруге қол жеткізілді.
Ауылшаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайды. Соңғы 7 жылда 26, 5 мың ауылшаруашылық техникаларының негізгі түрлері, оның ішінде, алыс және жақын мемлекеттердің жоғары өнімді, қуатты техникалары сатып алынды, осының нәтижесінде 2002 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылығының қуаттылық көрсеткіші 19, 5% артуға мүмкіндік туғызады.
Осыған қарамастан, ауылшаруашылығын жабдықтандыру төмен деңгейде, ауылшаруашылық техникаларын пайдалану мөлшері - 13-14 жыл. Дүниежүзілік банктің есебі бойынша кредиттік қорды тұтыну жылына шамамен 1 млрд. АҚШ долларымен бағаланады.
2006 жылдан бастап ИСО мен ХАССП халықаралық менеджменті мен сапа жүйесін қолданатын кәсіпорындары шығындарының 50% субсидиялауға арналған бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Аталған жүйені 100-ден аса кәсіпорындары енгізді.
Көлік инфрақұрылымын өркентеуге арналған үлкен жұмыстар жүргізілуде. Каспий теңізі арқылы астықты экспортқа шығарудың альтернативті бағыты анықталды. Мұның өзі отандық астықтың Кавказдың арғы бетіндегі мемлекеттер нарығына шығарып, тасымалдау тиімділігін арттыруға мүмкіндіктер береді.
Мемлекет басшысы ауылдың әлеуметтік саласына, оның өркендеуіне баса назар аударған және аудара береді. 2007 жылы оның өркендеуіне 107, 2 млрд. Теңге жұмсалуы соның белгісі. Елді мекендердегі ауызсу тапшылығын шешу мақсатында Ислам Даму Банкі және Азия Даму Банкімен несие алу жұмыстары іске асырылуда
Еліміздің азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі бекем қолға алынған. Бүгінгі таңда халықтың тұтынатын тағамдары мен азық-түлік өнімдері толықтай отандық өнімдермен қамтамасыз етілуде.
Аграрлық ғылым мен білім берілген болатын. Бұл аралықта оң өзгерістер болып жатты. Аграрлық ғылымды қаржыландыру көлемі 2001 жылдан бері 4, 2 есе ұлғайтылса, ал ғылымға бөлінген бюджеттік шығын 2, 5 есеге өсті.
Дегенмен, аграрлық ғылымда жедел шешуді қажет ететін мәселелер де баршылық. Жүргізіліп жатқан зерттеулердің инновациялық деңгейінің төменділігін, ғылыми-зерттеулердің өндіріс мұқтаждығына сәйкестендірілмеуін, инновацияны коммерциялауға бағытталған механизмдердің жоқтығын атап кеткен жөн. Әлемдік қауымдастықтың елімізді нарықтық мемлекет деп мойындауына қарамастан, қазіргі күнге дейін ғылыми өнім нарығы жоқ. Аграрлық ғылымның дамуына тәжірибелік базаның жұтаңдығы, ғалымдардың өздерінің тәжірибелері мен сынақтарын өткізетін арнайы зертханалар мен шағын технопарктер желісінің жоқтығы да кері әсер тигізуде.
Жағдайды өзгерту мақсатында Президенттің Жолдауында көрсетілген бағыттарды ескере отырып, экономиканың аграрлық саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру, аграрлық ғылыми мекемелер жұмысын басқару және қаржыландыру істерін үйлестіру, ғалымдарды жалақысын көтеріп, өзінің ғылыми идеяларын таратуға, зерттеулерінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға ынталандыру мәселелері жан-жақты ойластырылуы қажет. Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау жұмыстары да жетілдіруді қажет етеді.
Біздің еліміздің қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бүкіл қазақстандықтардың да, жеке тұлғалардың да материалдық және рухани өміріне шешуші әсер етеді, білім инфрақұрылымын жасауды тапсырды. Ерекше айтатын жәйт: Президенттің әр Жолдауында білім беру саласына басты назар аударылады. Егер алдыңғы Жолдауларда күрделі міндеттер жоғары білім беру жүйесінің алдына қойылса, соңғы Жолдауда негізгі назарды Елбасы мектепке дейінгі тәрбиелеу ісіне көңіл аударды, дәл осы мектепке дейінгі жаста тұлғаның негізгі адамгершілік қасиеттері қалыптасатынын атап өтті. Үздіксіз білім беру ісінде «Балабақша - мектеп - жоғары оқу орны» жүйесінің алғашқы және соңғы элементтері өте маңызды болып табылатыны белгілі. Білім беру үздіксіздігі қамтамасыз етілу үшін білім беру жүйесін құрғанда тұлғаның субъективті мұқтаждығы ескеріліп, мәдени құндылықтарды саналы түрде меңгеруге жағдай жасалу керек.
Адам баласы бүкіл өмір бойына пайдаланылатын математикадан жағрапияға дейінгі базалық білімнің негізі ең алдымен мектепте қалатыны баршаға аян. Қазақстан халқы санының өсуі көптеген аймақтық қиындықтарды туындатуда, солардың бірі - мектептердің жетіспеушілігі. Қазақстан азаматтарының әлеуметтік жағдайының жақсаруы білім беру саласының сұранысына, республикада мектеп құрылысының өріс алуына сөзсіз ықпал етеді. Биыл 68 мың орынды 88 мектеп салынады, ал 2009-2010 жылдары 69 мың орынды 102 мектеп салынатын болады.
Жолдауда әсіресе кәсіптік техникалық білім беру ісіне ерекше көңіл бөліну керектігі баса айтылды. Өндірістегі инновациялық жобалар жоғары технорлогиясыз және кәсіптік бағытта білім алмаған мамандарсыз жүзеге аспайды.
Қазіргі күні 830 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында 558 700 адам оқып жатыр. Сондай-ақ 175 жоғары кәсіптік оқу орындары ашылмақ. Қазақстанның 30 ауданында бірде-бір кәсіптік мектеп жоқ. Қазақстан 50 елдің қатарына кіреміз десек, кәсіптік-техникалық мектептер мен жоғары оқу орындары ашылу керек.
Кәсіптік техникалық мектептердің материалдық техникалық базаларына техникалық машиналар - яғни автомобильдер мен тракторлар жатады. Қазіргі нарықтық заманда ең тиімді көліктердің бірі - автомобиль көлігі. Бұл қоғамда автомобильсіз жүру мүмкін емес.
- Жамбыл облысы, Красногор ауданы № 7 Кәсіптік лицейдің
оқу- өндірістік сипаттамасы
1. 1 Кәсіптік мектептің тарихы
1957 жылы ауыл шаруашылығының министрлігінің бұйрығымен Жамбыл облысы Красногор ауданы Красногор ауылында ауыл шаруашылығына арналған мамандарды даярлайтын УСМХ ашылды. Онда механизаторлар мен слесарлар даярланды. Оқу корпусы, жатақхана, асхана және оқу шаруашылығымен жабдықталған.
Оқу шаруашылығында курсанттар өндірістік оқыту мен тәжірибеден өтеді.
1974 жылы Красногор ауданының жарлығымен УМСХ Қордай ауданы Успенов ауылына ауыстырылып, 7- СПТУ болып өзгерді.
225 оқушыға екі этажды оқу корпусы, 225 оқушыға үш этажды жатақхана, қазіргі кезде 30- оқушы жатады. Үш жылдың ішінде жатақханаға жаңа төсектер, киім төсектер, киім шкафтары, орындықтар, және төсек бұйымдары алынған. Асхана, оқу шеберханалары мен лабораториялар, педагогикалық қызметкерлер үшін пәтерлер даярланды.
Бұл жылдар ішінде өндіріс пен ауыл шаруашылығы үшін көптеген жоғары білікті мамандар даярланды.
Механизаторлар, жүргізушілер, электриктер, слесарлар, бухгалтерлер, газэлектросварщиктер және әмбебап- тігіншілер өз тіршілігі негізінде бірнеше атаулар иемденді: 7- ПТУ, 13- ПТУ, 7- ПТШ, 7- ПШ.
2008 жылдың қаңтарынан бастап №7 кәсіби лицей болып ауыстырылды.
Қазіргі уақытта 40 астам педагогикалық қызметкерлер жұмыс істейді және 365 білім алушылар №7 кәсіптік лицейде келесі жұмысшы мамандар даярланады:
- «Ауылшаруашылығының өндіріс шебері»
- «Әмбебап- тігінші»
- «Электрдәнекерлеуші»
- «Автомобиль қызмет көрсету слесарі»
№7 Кәсіптік мектептің әр кезеңде аталуы туралы мәліметтер
- 7- Ауылшаруашылық кәсіптік- техникалық мектеп 13-Ауылшаруашылық кәсіптік- техникалық мектеп болып өзгертілді.
Негізделуі: № 220 Госпрофобра бұйрығы 13. 08. 1984 жылы
- 13- Ауылшаруашылық кәсіптік- техникалық мектеп 13- Кәсіптік- техникалық мектеп болып өзгертілді
Негізделуі: № 138 бұйрық 25. 02. 1991 ж
- 13 КТМ 7- ПТШ болып өзгертілді.
Негізделуі: №194 бұйрық 21. 07. 1996 жылы
- 7 ПТШ Бетқайнар шаруашылық есептік өндірістік оқыту орталығы болып өзгертілді
Негізделуі: Жамбыл облысы, Қордай ауданы әкімінің №337 шешімі 14. 09. 1998 жылы
Жамбыл облысының Юистициясының 24. 09. 1998 жылы №5667 бұйрығы.
- Бетқайнар шаруашылық есептік өндірістік оқу орталығы №7 кәсіптік техникалық мектеп болып өзгертілді.
Негізделуі: Қордай ауданы әкімінің шешімі №1149 13. 07. 2000 жылы
- №7 кәсіптік техникалық мектеп №7 кәсіптік мектеп болып ауыстырылды.
Негізделуі: №6 шешім 2005 жылдың 11 қаңтарынан.
№9 28. 01. 2005 ж. 7- ПШ бойынша бұйрық.
- 2007 жылы 22 сәуірден № 7 Кәсіптік лицей блып аталады.
1. 2 Табиғат- климат жағдайы
Климаты
Облыстың табиғаты темперетураның құбылмалылығы, жауын- шашынның әр жылы әр түрлі түсетіндігі, ауаның құрғақтығы, қатты буланғыштығы, күн шуағының молдығымен сипатталады.
Облыстың оңтүстік таулы аймағының ауа- райы жұмсақтау келеді, қысы онша қатты емес. ылғал да біршама жақсы түседі.
Облыстағы ауаның жылдық орташа температурасы 6, 5 және 10, 5 градус арасында ауытқып тұрады. Ал солтүстік және таулы аудандарда 605 және 8 градус, орталық аудандарда 9- 10 градус шамасында болады.
Ең- суық ай- қаңтардағы ауаның орташа температурасы оңтүстік аудандарда минус 5- 9, солтүстік аудандарда 12- 14 градус. Ал жылдық суық кезеңіндегі ауаның орташа температурасы 3- 4 және 7- 8 градус суықтық аралығында. Кей жылдары аяз 42- 47 градусқа дейін жетеді. Ең ыстық айдағы ауаның орташа температурасы тау және тау бөктерлерінде 21- 22 градус, ал Бепақдалада тіпті 26- 27 градусқа дейін көтеріледі. Жылдың жыл кезеңіндегі ауаның орташа температурасы таулы аудандар мен облыстың солтүстігінде 15- 17 градус, орталық аудандарда 18- 19 градус. Аса ыстық жылдары күндізгі ауа температурасы шөлді аудандарда 45- 47, таулы аудандарда 40- 42 градус болады.
Көктемнің алғашқы белгілері март айының екінші жартысында, ал таулы аудандарда наурыздың аяғы мен сәуірдің басында байқалады.
Көктемнің ұзақтығы облыстың жазық аудандарында 40- 55 күн, тау бөктерлерінде 50- 60 күн, ал таулы аудандарда 70 күнге дейін созылады.
Жылына күн 2700 сағат шамасында шуағын төгеді, соның 2000 сағаты (74%) жылдың жылы кезеңінде сәйкес келеді.
Жылы кезеңіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы шөһл және щөлейт аудандарда 40- 45 процент, ал оның ең төмен болатындығы (30 процент) маусым- тамыз арасы. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы таулы аудандарға қарай жоғарылап 55 процентке дейін жетеді.
Жауын- шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай өсе береді. Обллыстың шөл аймақтарында ол жылына 100-150 мм, жазықтықта 100- 200 мм, тау бөктерлерінде 300- 400 мм, тау бастарында 450- 500 миллиметрге дейін түседі. Жауын- шашын жылдың суық кезеңіне қарағанда жылы кезеңіде неғұрлым мол түседі, оның 30- 40 проценті көктемде жауады.
Қар жұқа түседі, әрі тұрақтамайды. Ол ең қалыңдағанда облыстың солтүстігінде 10- нан 20- 35 сантиметрге дейін, оңтүстігінде 15- 30, тау бөктерлерінде- 20- 40, тау бастарында 20- 40 сантиметрден 70 сантиметрге дейін жетеді.
Топырақтың тоңазу қабаты қыста солтүстік аудандарда- 80- 100, оңтүстікте 40- 60 см.
Облыс территориясы мынадай агроклиматтық аудандарға бөлінеді: өте құрғақ, ыстық тау (I а), өте құрғақ, ыстық (I б), құрғақ ыстық (II) өте қуаң тау бөктері (III), қуаңдау және ыстықтау таулы аудан (IV) . ә
№7 кәсіптік лицейде жоғарыда аталған агроклиматтық ауданның IV- сіне жатады. Қуаңдығы мен ыстықтығы орташа таулы агроклиматтық аудан. Қаратау жотасының оңтүстік- шығыс бөлігін, Шу- Іле тауының оңтүстік батысын қамтиды. Бұған Талас, Луговой, Мерке аудандарының қиыр оңтүстіктегі Жуалы ауданы түгел дерлік, Қордай ауданының көп бөлігі кіреді.
Гидротермикалық коэффициенті 0, 7- ден астам. Тиімді температура 3000 градустан аз. Бұл кездегі жауын- шашын жиынтық мөлшері 170 миллиметр, жылдығы 450- 500 миллиметр. Ауаның суық кезеңдегі орташа температурасы- 3, -4 градус, жылы кезеңдегі температура 22, 5 градус, кейде тіпті одан да төмен. Ауаның жылы кезеңі 120 күнге созылады, төменгі жазықта ол 85- 90 күндей болады, ал биіктікке қарай 140 күнге дейін жетеді. Қыс ызғары сәуірдің соңы- мамырдың екінші онкүндігіне дейін сақталады. Күзгі суық қыргүйектің ортасында түседі.
Топырақтың тоңазымай жатуы 105 күн, ал беткі қабатындағы ызғардың қайтуы мамырдың үшінші онкүндігінің бас кезі. Күзде ол қыргүйектің алғашқы онкүндігінде тоңазиды. Жыл бойында ылғалдылығының ең төмен болатын уақыты 120 күндей, ал 90- 100 күн аңызақты келеді.
Қар қабаты қарашаның үшінші онкүндігі- желтоқсанның бірінші онкүндігінде құралады. Қалыңдығы 20- 40 сантиметрден 70 сантиметрге дейін жетеді. Қардағы су запасы 40- 80-нен 120 миллиметрге дейін. Қардың ату ұзақтығы 80- 160 күн.
Жазық және қыраты жерлерде ең төменгі температура-32 37 градус, ал рельефі төмен аудандарда-37-42 градус. Жылымқ және желді күндерде қар босап, жер жалаңаштанып қалады, мұның өзі күздік дақылдардың қыстап шығуын қиындатады.
Қырғыз тауының солтүстік бөлігі жазғы жайылым және тәлімі егіншілік үшін, ал Қаратау, Шу- Іле тауының беткейлері көктемгі- жазғы жайылым үшін пайдаланылады.
Топырағы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz