Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
1. Түркі мәдениетінің өзіндік ерекшелігі 2
1.1. Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы 2
1.2. Түркі мәдениетінің қалыптасуының өзіндік ерекшелігі 11
2.Түркі мәдениетінің философиялық негіздері 28
2.1. Түркі тілдес халықтар философиясының қалыптасуының алғы шарты. 28
2.2. Түркі тілдес халықтар философиясының өзіндік ерекшелігі. 33
Пайдаланылған әдебиеттер 45

1. Түркі мәдениетінің өзіндік ерекшелігі

1.1. Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы

Түркі мәдениеті – ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі
тайпалары кезінде қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы
ата қонысы – Шығыс Тянь-Шань мен Алтай өңірі болған.
Халықтардың Ұлы қоныс аударуы нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта
және Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан
түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының этникалық субстраты
болып табылады. Мамандардың пікірінше, түркі сөзінің этимологиясы әскери
адам, әскери лауазым деген мағынаны білдіреді. Түркілердің алғашқы
көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Оның билік жүргізген кезінде көптеген
көрші елдер түрік қағанатына бағынышты өмір сүрген. Түрік қағанаты тұсында
түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедегі негізгі тілге
айналған. Түркілер негізгі планеталар мен жұлдыздардың қозғалысын жетік
біліп, олардың әрқайсысына жеке-жеке ат қойып белгілеген. Көне түркілер
аспан денелерінің қозғалысына қарап, ауа-райын, жыл маусымдарының қандай
болатынын күні бұрын анықтай алған.
Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар
болған. Оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, қарауыл төбелер
тұрғызуға, тағы басқаларға пайдаланған. Ежелгі түркілер негізінен қос
күшке, Көкке және жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымы мен елді
билеген қағандар – Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген деп
аталған. Түркі жазуларында олардың барлық жеңістері Көк Тәңірімен
байланыстырылған. Әрбір түрік өзін Тәңірінің үкімін орындаушысы ретінде
сезінген. Көне түркілердің космогониясын, яғни әлем құрылымы туралы
көзқарастарын төмендегі жолдардан байқауға болады: Жоғарыда – Көк Тәңірі,
төменде – Қара Жер жаралғанда, екеуінің арасында кісі ұлы жаралған екен.
Түркілер әлемнің төрт бұрышты моделін жасаған: Ілгері (күншығыс), кейін
(күнбатыс), бері (күн ортасы, оңтүстік), ары (түн ортасы, солтүстік).
Ежелгі түріктер кейін Көк пен Жер – Судан кейін тұрған құдыретті күш –
Әйел, ошақ басы құдайы – Ұмайға да табынған. Ол бала-шағаны, үй берекесін
қорғайды деп сенетін болған[1]. Ежелгі түркілер адамзат өркениетіне аз олжа
салған жоқ. Солардың ішінде біреу де болса, бірегейі – әскери тактика,
стратегия және соғыс өнері жайында қалдырған мұрасы. Орхон-Енисей жазба
деректерін оқи отырып, арғы бабаларымыз стратегиялық шабуыл мен қорғаныс,
әскерді материалдық-техникалық, азық-түліктік жабдықтау, дұшпанды
тұтқиылдан басу, қоршап алу, қашқан жауды қуа жүріп талқандау, әскери
барлауды ұйымдастыру, майдан мен тылдың бірлігін қамтамасыз ету, әскери
мамандарды даярлау, тәрбиелеу, тиімді пайдалану тәрізді күрделі мәселелерде
уақыт үдесінен шыға алғанын байқаймыз. Байырғы түркі қоғамының ұғымы
бойынша мемлекеттің қуаты бірінші кезекте қағанның тәңірлік жаратылысымен,
даналығымен, содан соң ел ішіндегі татулық пен бірлікпен, үшіншіден қарулы
күштердің мүмкіншілігімен анықталады. Әскерлер қауымы байырғы түркі
қоғамындағы әлеуметтік құрылымның ірі бөлімін құрағаны белгілі.
6-8 ғасырларда қазіргі Қазақстан мен Орталық Азияның сайын даласында
үздіксіз қақтығыстар, жаулап алу, соғыс қимылдары жүргенін еске алсақ,
байырғы түркілердің тұрақты әскері болған деп пайымдағанымыз жөн болар.
Айталық, Күлтегіннің өзі бір жылда бес мәрте соғысқанын мәңгі тасқа қашап
жазғызған[2]. Мұншалықты соғыс қимылдарын жүзеге асыру орталықтанған,
пәрменді мемлекеттік билік пен тұрақты қарулы күштерді қажет ететіні
сөзсіз. Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшы міндетін қаған атқарды.
Жорыққа даярлану, соғыс жариялау, қызметке тағайындау, жаудан түскен олжаны
әділдікпен бөлу бәрі қағанның ұйғарымымен ғана жүзеге асырылатын. Бүгінгі
ұғымдағы Қорғаныс министрі термині соғыс иесі, әскер иесі деп аталып,
бұл қызметті қағанның лайықты жақын туысы немесе асқан талантымен көзге
түскен Тоныкөк тәрізді тұлғалар атқарды. Өйткені Тоныкөк мемлекеттік
биліктен алыс тұрған түркі тайпасынан шыққанымен, табиғат сыйлаған дарыны
арқасында Елтеріс, Қапаған, Білге қағандар тұсында қолбасшы дәредесіне
көтерілген ақыл иесі еді. Түркілердің атақ-даңқын, күш-қуатын арттырған
тамаша жеңістер иесі Тоныкөк өзін әрқашан қағанның бұйрығын орындаушысы
ретінде ғана сипаттап отырады. Байырғы түркі әскерлері темірдей тәртіпке
бағынды. Бұйрықты орындаудан бас тартқан немесе орындай алмаған жауапты
адамдар қатаң жазаға тартылып отырды. Мәселен, қырғыздарды тапжылтпай басу
үшін тау асып бармақ болған Тоныкөк әскері адасып, көп қиыншылық көреді.
Ал, сол қателікке ұрындырғаны үшін жол көрсетуші адам өлім жазасына
кесіледі. Байырғы түркілер қандай соғысқа бармасын жаулап алу, одан қорғау,
азаттық үшін мұқият дайындалған. Қауіп қандай болса, қатер содан дегендей,
өздеріне қырғиқабақ мемлекеттердің ішкі қоғамдық-саяси өмірін жіті
қадағалап отырғаны өз алдына, сол елдерге тыңшы жіберіп, жасырын ақпараттар
жинауды, дипломатиялық қарым-қатынастардың мүмкіншілігін пайдалануды
дәстүрге айналдырды. Бүгінгі және болашақтағы қатынас елдің қарулы
күштерінің санына, әскер басшыларының қабілет-қарымына, кімдермен
одақтасуға ұмтылатынына зор мән берілген. Әліптің артын бағып отыра бермей,
соғысты дұшпанның территориясында жүргізуге ұмтылғанын да байқау қиын емес.
Тоныкөк ескерткішіндегі мәлеметтерге зер салсақ, байырғы түркілер өздеріне
қарсы одақ құру жолына түскен табғаштарды, оғыздарды, қидандарды басын
біріктірместен, жеке-жеке талқандағанын көреміз.
Осынау тарихи фактілерден екі теориялық-методологиялық тұжырым түюге
болады: 1) байырғы түркі қоғамының әскери соғыс ілімінде дұшпанға
привентативті соққы беру теориясы мен практикасының қалыптасуы; 2) ел
экономикасының сол заман үшін ұзақ саналатын соғыс жүргізу үшін қажетті
шығындарды көтере алатындығы. Орхон-Енисей ескерткіштерінде соғыс тақырыбы
басымдық алып жатқанына байырғы түркілер қоғамы соғысқа сүйеніп қана күн
көрген екен, жер бетінде сақталып қалған деген ой тұрмауы тиіс.
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі жорық пен соғыс мәселесінің жиі
көтеріліп, есесіне экономикалық жай-күйдің жай баяндалуының ел басылар мен
қолбасшылардың соғыс құмарлығы ретінде емес, қайта олардың ұлттық
қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қойғаны ретінде қабылдауымыз керек.
Байырғы түркі қоғамының әскери соғыс ілімінде жауынгерлердің әскери
патриоттық рухын көтеруге зор мән берілген. Соғыстың барысын өз пайдасына
шешу үшін байырғы түркілер жер ыңғайын, географиялық мүмкіндікті, уақыт
факторын т.б. сәттерді оңтайлы кәдеге жаратудың мол тәжірибесін жинақтағаны
тастағы жазулардан тайға таңба басқандай көрінеді. Олар жауласқан
мемлекеттің бейбіт халқын ақпараттық-психологиялық тұрғыдан ырқына
көндіруді де ұмытпағаны бүгінде белгілі болып отыр.
Әскери-соғыс ілімі мен тәжірибесі бір сәтте пайда бола қалған жоқ.
Олар ғасырлар бойы тірнектеумен жиналды. Бұл қазынаның теңдесі жоқ құнды
екендігін қапысыз ұққан арғы бабаларымыз ұрпақтан-ұрпаққа ауызша
аманаттауды місе тұтпай мәңгі тасқа өшпестей қылып қашап жазуды
қалағанында біз әлі игере қоймаған тылсым сыр мен құпия бар. Ежелгі
түркілердің әскери-соғыс ілімдерін кейінгі этностар мен мемлекеттер оңтайлы
қолданып, уақыт талабына сай байыта түскені сөзсіз.
Қазақ халқы этногенез жағынан алғанда үш мың жылдан аса тарихы мен
мәдениеті бар халық. Бір тарихқа алтыншы ғасырда түркі деген атпен енсек
те, алтайлықтар, сақтар, ғұндар мәдениетінің төл мұрагеріміз. Ежелгі түркі
жұрты ұлы тарихи оқиғалардың ортасы әрі куәгері болған.
Түркі елінің ежелгі тарихы б.з.б. ІІІ ғасырдан ертедегі ғұндар
империясының құрылу кезеңінен басталады да б.з. ІХ ғасырын қамтиды[3].
Менталитет термині ХХ ғасырда батыс мәдениетінде сана мен ақыл
ұғымдарыың бірлігін қамтамасыз етіп, олардың қарама-қайшылығын жою үшін
дүниеге келді.
Менталитет – шетел сөзінен, француздар mentalite ой құрылымы,
дүниені сезіну, дүниені қабылдау дегенді білдіреді, ағылшындар
mentality, немістер mentaliat деп атайды. Бірақ бұл терминнің шыққан
тегі латын тілінен адамның рухани өмірі, ойлау образы деген мағынаны
білдіреді. Кеңес дәуірінде бұл термин А.Я. Гуревич, Л.Н. Гумилев т.б.
еңбектерінде мәдениеттану зерттеу контексінде қолданылады. Менталитет
ұлттық әлеуметтік топтың, жеке адамның менталитеті болып көрініс табады.
Бұл терминнің белсенді түрде қолданыла бастауы социология, психология,
этнология, философия т.б. гуманитарлық ғылымдардың ХХ ғасырдың ішінде
теориялық-методологиялық жағынан түбегейлі бір өзгерістерге бет алғанын
көрсетеді. Менталитет табиғаттың барынан және әлеуметтік келісілген
компоненттерден шығатын ортақ және адамның өмірлік әлемінің көрінісін ашып
көрсетеді[4]. Менталитет неге байланысты? Егер ол ойлау процесіне сай
келмесе, онда ол қайдан шығады, қайнар көзі қайда? Әрине, ол қоршаған
ортадн, табиғи жайлардан, тұрмыс қалпынан, дәстүрден шығады. Осы жерден
әрбір халықтың өздерінің белгілі бір мінез-құлықтары, ойлау стилі, дәстүрі,
әдет-ғұрпы қалыптасады. Американдық іскерлік, немістік нақтылық,
жапондық әдептілік, француздық юмор, ағылшындық үнемділік, т.с.с.
бекер айтпаған ғой. Осылайша бұл мәселеге назар аударып қарайтын болсақ,
онда әрбір халықтың ұлттық ерекшелігі мен мінез-құлқын көре аламыз. М.С.
Орынбековтің жазуы бойынша, менталитет – бұл қоғамдағы ойлау қатарын және
мінез-құлқын коллективті түрде қалыптастыратын оның барлық мүшелерінде бар
және индивиуалды дәрежеде көрінеді[5]. М.С. Орынбековтің берген анықтамасы
дұрыс. Өйткені менталитет барлық халыққа және оның жеке мүшелеріне тән.
Менталитет, ментальность терминдері ХХ ғасырда батыс ғылымында
жаңа термин болып, дүниеге көзқарас мағынасында тарай бастағанының
негізгі себебі психология мен мәдениеттану ғылымдарының жетістіктеріне
байланысты сана, мен ақыл, интеллект ұғымдарының бірдей емес
екендігін білдіру үшін нақты адамның дүниетанымында, дүниеге көзқарасында
тек саналы ғана емес, оған қоса бисаналық импульстардың болатыны, нақты
адамға тән дүниеге көзқарас тұтас екенін және оның ішінде абстракті-
логикалық білім мен сезімдік образдар, таза ғылыми түсініктер мен
мистикалық түйсіктер – барлығы ұштасып, байланысып жататынын көрсету үшін
керек болды. Жалпы менталитет мәселесмін ХІХ ғасырдың психоаналитиктері
З.Фрейд пен К. Густав, Юнгтер бастап зерттеген болатын. Сонымен
менталитет – ұлттық сана немесе ұлттық мәдениет (дәстүр) ұғымдарынан
анағұрлым кең әрі күрделі мағынаны білдіреді. Соңғы екі ұғымнан
айырмашылығы: біріншіден, менталитетке бисаналық, беймәдени түсініктер,
сезімдер, көзқарастар кіре береді. Екіншіден, (ол біріншімен тығыз
байланысты) бұл термин жалпы халықтың келбетті, мінезді білдіруге арналған
(саналы элита, мәдениетті жасаушылар мен бұқара деп қарамай). Олардың
барлығына ортақ бүкіл этносқа, ұлтқа тән сипаттар жинағы. Үшіншіден, бұл
ұғым халықтың өзіндік ұлттық ерекшеліктерін баса көрсету үшін дүниеге
келген термин. Осы термин арқылы нақты бір ұлттың басқалардан
айырмашылығын, өзінің қолтаңбасын, қайталанбас дара келбетін танимыз.
Олардың ойлау, дүниені қабылдау, әлемді игеру сезімін т.б. өзіндік
ерекшеліктері арқылы ұлттық менін білуге болады.
Сонымен ұлттық менталитет – бұл бір халықтың (ұлтқа) тән болған
типтік түрге айналған тарихи даму нәтижесінде қалыптасқан дүниетанымдық, іс-
әрекет, жүріс-тұрыс формалары мен тәсілдерінің жиынтығы. Сонымен қатар
ұлттық менталитет құбылысының қайшылықты дақтары да жетерлік. Жоғарыда
айтқан тұжырымды қоштай отырып, бірақ мәдениетаралық сұхбат, ұлтаралық
қарым-қатынас проблемасы жалпы күрделі терең құбылыс екенін бұл бізден тыс
болып жататын процестердің прогрессивті жақтары да бар екенін айтуға тура
келеді. Объективті түрде жер бетінде ұлттар мен ұлыстар, мәдениеттер мен
өркениеттер өзара байланысып, табысып жатады. Бұл фактордан біз қашып
құтылмаймыз. Мәдениеттер (ұлттар) бір-бірімен байланысып, тәжірибе алмасуы
– бірде қолайлы ахуалы жағдайында: бірде қолайсыз жағдайда болуы мүмкін.
Мәдениеті мен түркілердің араласуы исламды қабылдау – мәдениетаралық
диалогтың жемісті екі жаққа да тиімді болғанын көрсететіні сияқты. Бәлкім
бұған сол кездегі саяси қайраткерлердің, түркі және араб, Иран халықтарының
ұстанған саяси-мәдени қағидалары да әсер еткен шығар[6]. Сонымен этномәдени
жалпылық менталитетті өзінде табиғи және мәдени, эмоционалды және
парасаттылық, ирроционалды және рационалды, саналы және бірлескен
бейсаналық архетиптерді қосады.
Ежелгі түркі мәдениеті мен қазіргі түркі халықтарының (материалдық
және рухани) мәдениеті тарихи дәуірлердегі жеке шеңберінде қарастырылған
олардың менталитеті болғанымен өз араларында қатты ерекшеленеді.
Г.Д. Гачевтің ойы бойынша, этномәдени жалпылық менталитет ұғымын
басқа ұлттық тұтастықтың құрылымын білдіретін – космопсихологос деген
терминмен өзгертуге болады. Сол тәрізді әрбір тіршілік иесі үш бірлік:
дене, жан, рух болып табылады. Сол сияқты ұлттық тұтастық, ұлттық
табиғаттың (космостың), ұлттық табиғаттың (психе), ойлаудың құрылымының
(логос) бірлігі болып табылады[7]. Этномәдени жалпылық менталитетті өзінде
адамзат мәдениетінің рухани-тарихи феномендерінің универсалдылығының бар
екендігін ескере кеткен жөн. Яғни менталитет рухани-тарихи феномендердің
мәдениетіне этникалық немесе ұлттық психологияның феноменіне өзгермеуі
керек. Этномәдени жалпылық менталитет – бұл жеке этномәдени жалпылыққа тән
әлеуметтік-психологиялық инвариант бейсаналы бірлігі ретінде ойлау тәсілі
мен бағыты болып табылады. Менталитет этномәдени жалпылықты сипаттайтын
рухани-психологиялық феномен болып табылады. Жалпы менталитет мәселесі
батыс ғалымдары мен философтарының еңбектерінде кеңінен зерттелген.
Мәселен, 1922 жылы Леви Брюль өзінің атақты La mentalite primitive атты
зерттеуінде менталитетті логикаға дейін және логикалық деп 2 түрге бөледі.
Сонымен қатар, ол осы еңбегінде австриялықтар мен африкалық тайпалардың
менталитетін зерттей отырып, оған еуропалық дүниетанымдағы қалыптасқан
көзқараспен және рационализм тұрғысынан қарауға болмайтынын айтады.
Менталитет мәселесін зерттеуге өзіндік үлес қосқан француз тарихшысы
Ж.Левефра болды. Ол 1789 ж. француз деревнясын қамтитын әлеуметтік-
экономикалық дағдарыстың негізін ұжымдық менталитеттен іздеу керектігін
айтқан. Ұжымдық менталитет негізінде биологиялық қасиеттердің жатқанын
адамдардың құндылықтарды таңдауына әсер ететінін дәлелдеген Аннал
мектебінің негізін қалаушылардың бірі тарихшы Л. Феврдың айтуынша,
менталитет негізінде ешқандай биологиялық себеп жоқ. Адамдардың биологиялық
қасиеттері менталитет негізі бола алмайды деген ой айтады. Оның пікірінше,
менталитет негізінде өткен ұрпақтың дүниені қабылдау дағдылары, құндылықтар
туралы ойлау ерекшеліктері жатады және оны жұрттың бәрі сезе білмейді
дейді[8].
Сонымен бірге менталитеттің ішкі құрылымы, қоғамдағы әлеуметтік
ортаның өзгеруіне қарағанда әлдеқайда консервативті. Қоғамдық қатынастар
жиі өзгеріп жатқанда менталитеттің өзгеруі өте ұзақ та, ықтимал да тұрақты
процесс. Басқаша айтқанда, менталитеттің өзгеру негіздерін әлеуметтік
тарихи ортадан, мәдени үрдістерден іздеу керек деген. Менталитет мәселесі
Ф. Фроммның еңбектерінде де зерттелген. Ол өзінің атақты Еркіндіктен қашу
атты еңбегінде ұжымдық менталитетті әлеуметтік мінез ұғымымен тең деп
қарастырған. Ол ұжымдық менталитетті экономикалық, әлеуметтік және
психологиялық қатынастардың өзара байланысы негізінде қарастыра келіп,
адамдардың саяси-экономикалық белсенділігі осы үштікке байланысты екенін
айтқан. Менталитет мәселесі ХХ ғасырдағы философиялық ойлдың жемісі.
Дегенмен де біздің түсінігімізде менталитет адам мәселесімен тығыз
байланысты. Осы тұрғыдан философия тарихына шолу жасайтын болсақ,
менталитетке байланысты айтылған кейбір ойларды өз зерттеуіміздің жемісі
ретінде пайдалана отырып, ол туралы түсінігімізді шыңдауға болады.
Этномәдени жалпылықтың менталитеті өзінде мыналарды қарастырады:
1) архетиптер, этнопсихология;
2) универсалды. жалпы адамзаттық құндылықтар.
Философия тарихындағы адам мәселесі мен оның менталитетіне деген
көзқарас әр заманда әрқалай болған. Мәселен, антика дәуіріндегі грек
философиясы адамды космостың ажырамас бір бөлігі деп қарап космоцентристік
менталитетті қалыптастырғаны белгілі. Онда табиғат пен ақыл, объекті мен
субъекті, қажеттілік пен еркіндік біртұтас және бәрі космос заңына
бағынады. Көне материалистер (Фалес, Демокрит, Гераклит, Эпикур т.б.)
дүниенің алғы себептерін нақты табиғи құбылыстардан іздесе, көне грек
идеалистері дүниенің даму себептерін нақты заттардан, уақыттан тысқары
тұрған архетиптерден іздегені белгілі. Оларға: Игілік, Әділеттілік, Әсемдік
идеяларын т.б. абсолюттік құндылықтарды жатқызған (Сократ, Платон).
Сократтың Өзіңді таны, Протагордың адам қандай да болмасын заттың
өлшемі деген тезистері адам болмысын, оның менталитетін ашуға жаңа жол
ашты. Осыдан адам мәселесі философияның негізгі болмысына айналып, адамның
әлемге қатынасы, құндылықтарды қабылдау ерекшеліктері, олардың дүниеге баға
беруі софистік философияда алдыңғы орынға шығады. Адамдардың дүниеге
қатынасындағы субъективтік момент құндылықтарға толы болғасын олардың бәрі
сана, ақыл алдында ақталуы тиіс. Сократтың ойынша тек ақыл обьективті
білім бере алады. Бірақ та адам білімді дайын күйінде таба алмайды, білім
табу үшін адам талпынып, қарекет жасауы керек. Сократ білім табу
майевтика әдісі арқылы жүзеге асатынын айта отырып, философияның басты
мақсаты адамның жаңа өмірге келуіне көмектесу дейді. Ол үшін адам үш
негізгі ізгіліктерге ұмтылуы керек: 1) қанағат (құштарлықты тыю туралы
ілім); 2) батырлық (қауіп-қатерді жеңу туралы білім); 3) әділеттілік (құдай
және адамгершілік заңды сақтау туралы білім). Сократтың бұл ойлары
менталитет табиғатына философиялық тұрғыдан терең қарауға жол ашатыны
сөзсіз.
Орта ғасыр философиясы теоцентристік менталитетті қалыптастыру
негізінде құдай идеясын қарастырғаны белгілі. Адамның тағдыры, еркіндігі,
мақсаты, іс-қимылы, құндылықтарды қалауы бәрі құдайға байланысты. Христиан
ойшылдары табиғаттан тыс күштердің ролін абсолютті деңгейге көтере отырып,
адамдар менталитетті өз жанын құтқаруға бағытталуы керек деген көзқарасты
қалыптастырады. Олардың айтуынша, адамдар ақылы мен санасы тек құдайды
тануға, адам өмірінің басқа жақтары тек діни құндылықтар негізінде қаралуы
тиіс. Орта ғасыр философиясы шеңберінде менталитет мәселесі діни
интеллектуализм мен антиинтеллектуализм төңірегінде өрбіп, біріншісі
негізінен ақылға, интеллектіге сүйенсе, екіншісі керісінше, соқыр сенімге
бой ұрады. Антиинтеллектуализм өкілдерінің пікірінше, құдай ақылға сыймайды
және ақыл Құдайды тануға кедергі етеді. Сондықтан Құдайды ақиқат ретінде
мойындаудың және танудың бір ғана жолы бар. Ол сенім деп жариялайды.
Ортағасырлық менталитет геоцентристік бағытта дамып, діни құндылықтар
адам санасы мен ақылының жалпы дүниеге көзқарасының шешуші күшіне айналады.

Менталитет мәселесін ғылыми тұрғыдан шешуге талпыныс ренессанс және
реформация заманында орын алады. Бұл дәуірде жеке тұлғаның жасампаздық және
шығармашылық күші, рухани тәуелсіздігі мен еркіндігі, құндылықтарды
қабылдау қабілеттілігі енді адам санасынан тысқары күшке байланысты болмай,
жеке адамның талабы мен ынтасына байланысты қарастырылады. Ортағасырлық
дүниетаным негізінде пайда болған құндылықтар әлеуметтік қағида, мінез-
құлық, дүниені қабылдау ерекшеліктері жаңа дәуір философиясында сындық
тұрғыдан бағаланып, менталитеттің рационалдық негізі қалана бастайды.
Рационализм ақылға негізделген дүниені танудағы гносеологиялық және
қисындық методологиялық бағыт қана емес, сонымен бірге жеке және әлеуметтік
топтардың қажеттілігінен туған қоғамдық көңіл-күй, жалпы адамдардың нақты
іс-әрекетінің негізі ретінде қарастырылады.
Р. Декарт менталитет негізін интеллектуалдық интуициядан іздеп,
менталитетті гносеологиялық тұрғыдан қарастыруымен шектеледі.
И. Кант философиясында менталитет практикалық ақыл ретінде
қарастырылады және соңғысы адам іс-әрекетіне басшылық жасап отырады.
Ақылдың қозғаушы күші ойлау емес, керісінше ерік. Практикалық ақылдың
негізі адамгершіліктің заңы. Оны Кант категориялық императив деп атаған.
Бұл заңның негізгі қағидасы, егер өзіңді өзгеге сыйласын десең, сен өзгені
сыйлай біл деп аталады. Адам өзінің мінезімен, іс-әрекетімен, құндылықтарды
таңдауымен өзге адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Бұл қатынастар
адамгершілік заңына сәйкес және баршаға ортақ құндылықтарды мойындау
негізінде жүруі керек. Ол үшін адам өз бойындағы эгоистік инстинктерді
ауыздықтауы қажет дейді. Кант менталитет негізін этикалық, моралдық
құндылықтар бағытында қарастыруға бағыт ұстанғанмен, батыстық философиялық
ойлау жүйесі мен менталитеті деңгейінде қалды. Батыс менталитеті негізінде
ғылым рационалдық ойлау таным субъектісінің Кант тілімен айтқанда,
белсенділігі өз болмысынан тысқары шығуға талпынысы жатыр. Ғылымның адамның
ішкі рухани дүниесін тануға емес, керісінше сыртқы дүниеге нысалануы
айналып келгенде батыс менталитетінің бағытын рационалды арнаға салып,
қоғам мен табиғат, адам мен қоғам арасындағы байланыстар жүйесін
технократтық тұрғыдан шешудің негізін қалады. Шығыс философиясында
менталитет негіздері батысқа қарағанда өзгеше қарастырылған. Мәселен,
ежелгі философиясын алып қарайтын болсақ, менталитеттің танымдық мәдени
негізінде білім мен қатар даналық түсінік, табиғатқа деген сүйіспеншілік,
табиғи ағымдар ісіне араласпай сырттай бақылау принциптері жатыр. Даналыққа
жету жолы табиғи құбылыстардың сыртқы бейнесін тану арқылы емес, керісінше
адам өзінің ішкі жан-дүниесін танумен түсіну арқылы болмақшы. Сонымен
менталитет негізі даналық. Даналықта табиғатты бағындыру немесе оған қарсы
тұру жоқ. Керісінше, табиғатпен қауышу, табиғатты құндылық есебінде
қабылдау, онымен тілдесу басым. Дәстүрлі шығыс менталитетінде адам мен
табиғат арасындағы байланыс тек білім арқылы жалғасып қоймайды, сонымен
бірге ритуал, әдет-ғұрып, салт-дәстүр жүйелері арқылы да байланысады.
Шығыс менталитеті туралы айтқан кезде жапондықтардың дүниетанымдық
ерекшеліктеріне тоқтамауға болмайды. Олардың көзқарасы құндылықтарға
қатынасының ерекшелігі адамгершілік туралы түсініктері шығыс менталитетін
тереңірек түсінуге көмектеседі. Жапон менталитеті шығыс менталитетінің
құрамдас бір бөлігі. Шығыс менталитетіндегі үндесім мен өлшемді игеру
эгоизмнен бас тарту, әрқашанда кішіпейіл, ізетшіл болу, адамдарға
құрметпен, сыйластық тұрғысынан қарау, әдептілік жалпы моралдық
адамгершілік принциптерді жапон менталитетінен де кездестуріге болады.
Көшпенділер өркениетіне келетін болсақ, көшпелілер менталитеті де
жеке талдауды қажет етеді. Біз бұл тарауда көшпелілер менталитетінің кейбір
жақтарына қысқаша ғана тоқталамыз. Көшпелілер менталитетін тексеру
барысында оны тек санадан шығармай, көшпелелірдің дүниені қабылдау түріне,
ойлау жүйесіне философиялық талдау жасау арқылы да көшпеліліер
менталитетінен көп мағлұмат алуға болады.
Номадалық өркениетке тән ойлау жүйесі тұтастыққа негізделген және ол
синкретті деген принципті мойындайтын болсақ, онда біріншіден,
көшпелілердің ойлау жүйесіндегі пайымдағыштықты, бейнелегіштік пен
сезімталдықты, дүниені образдық тұрғыдан бейнелеу мен тұспалдаудың басым
екендігін, екіншіден, ойлау жүйесінде уақытты хроникалық сипаттан бұрын
циклдық тұрғыдан түсінудің басымдығын айтуға болады. Философиясы
абстрактілі емес, керісінше тіршілікке бейімделген даналыққа толы тәрбиелік
және тағылымы мол өмірдің өзінен туындап отырған. Көшпелілердің дәстүрлі
ойлау әдісі символдарға, аруақты сыйлауға, тыйымдар мен әдеттерге, мақал-
мәтелдерге толы болған. Философиясы мәдениет пен өнерден, салт-дәстүрден,
фольклор мен мифтерден ажырамаған тұтас күйінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіліп отырған. Сонымен көшпелілер менталитеті батыс және шығыс
менталитеттеріне қарағанда өзіндік даму мен қалыптасу сатыларынан өтіп,
өзінің ұлылығы мен жасампаздығын, бірегейлігін әлемдік өркениет алдында
дәлелдеп отырған.
Менталитет құрылымын анықтауда әлеуметтік фактордың басымдығы
психологиялық зерттеулердің тұғырнамасы болды.
Менталитет мәселесін философиялық тұрғыдан талдау оның негізгі
құрылымдық элементтерінің арақатынасын сараптаумен шектелмейді. Соынмен
бірге менталитет табиғатын тануда оның ішкі даму механизмдерін білудің де
маңызы зор. Оларды екіге бөлуге болады: қайта қалпына келтіру іс-әрекеті
(репродуктивті және жасампаздық іс-әрекеті продуктивті). Менталитет бағыты
мен даму ерекшелігін анықтауда екеуі өзара тығыз байланыста болғанымен,
екеуі әртүрлі қызмет атқарады. Бірінші деңгейде әлеуметтік-мәдени
құндылықтар мен тәжірибелер қайта қалпына келтіріліп, олар адамдардың іс-
қимылдары мен мінез-құлықтарында көрініс табады. Менталитеттегі екінші
механизм – ол жасампаздық. Бұл деңгей негізінен ескі мен жаңаның күресі
арқылы сипатталады. Менталитет жеке және әлеуметтік топтардың қимылға,
ойлауға, сезінуге және дүниені белгілі бір бейнеде қабылдау бағытының
дайындығының жиынтығы делінген[9]. Қандай да болмасын менталитет рухани
болмыс тарихының сығымдалған және тұрақты негізде қордаланған жеке адамдар
мен әлеуметтік топтардың дүниетанымында орын алатын ерекше көрініс. Оны
қалыптастыруда мәдениеттің, өнердің, діннің, философияның, ұлттық салт-
дәстүрдің, тұрмыстың, қоғамдағы әлеуметтік ортаның, саясат пен
идеологияның, экономикалық қатынастардың маңызы зор. Осы тұрғыдан келгенде
әр ұлттың өзіндік менталитеті бар. Менталитет ұлттың сырт бейнесін емес,
керісінше ішкі рухани дүниесінен туындайды және оның нақты өкілдерінің іс-
әрекеті мен мінез-құлқында, ойлау мен дүниені қабылдау жүйесінде көрініс
табады.
Менталитеттің әлеуметтік-философиялық мәні күрделі құбылыс. Ол
тарихтың әрбір сатысындағы қоғамдық қатынастардың өзгеруіне байланысты
өзгеріске ұшырап отырады. Менталитет, менің ойымша, рухани тұтастыққа
негізделген адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, ойлау ерекшелігі. Менталитте
дүниені сезіну, қабылдау, саналылық пен бейсаналық, логикалық және рухани
ойлау бірлігі бар. Менталитет адамдардың, әлеуметтік топтардың ұлттың
рухани болмысы белгілі бір тарихи кезеңдерде құндылықтарды қабылдау
ерекшеліктері. Құндылықтарды қабылдау ерекшелігі ұлттық мәдениетке, салт-
дәстүрге, дін мен философияға, географиялық-әлеуметтік ортаға тығыз
байланысты.
Менталитет ойлау негізі мен мінез-құлықтан басқа дәстүрлі әдет-
ғұрыптары, халықтардың сыртқы көріністерінің барлығы осыған жатады.
Менталитет тұрмыс қалпын, мінез-құлық негізі, сонымен бірге дәстүр
мен әдет-ғұрыптардың, қоршаған ортаның, табиғи және әлеуметтік жағдайлардың
әсер етуімен қалыптасқан халықтың рухани беті, оның кейаі болып табылады.

1.2. Түркі мәдениетінің қалыптасуының өзіндік ерекшелігі

Түркі мәдениетінің қалыптасуының өзіндік ерекшелігі туралы айтатын
болсақ, біз ең алдымен түркі мәдениеті мен грек мәдениетінің қалыптасуын
салыстырмалы түрде қарастыруымыз керек. Антик дүниесінің мәдениеті б.з.д. І
мыңжылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның 15 ғасырдай
уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры б.з. V ғасырында Рим империясының құлауымен
аяқталады.
Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақта, ол өзінің баға жетпес мәдени
құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің
ішінде әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді. Өйткені ежелгі
Грецияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы европаның
барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына,
композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің
дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таң қаларлық
мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай
ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында –
поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, сәулет, мүсін және т.б. өнер
салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхил,
Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты
ұлылар есімімен тығыз байланысты болды.
Грецияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр. Өйткені оның
бастауында б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда Греция жері мен Эгей теңізі
аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. Эгей өркениеті
мәдениеттің қайнар бұлағы болады. Сондықтан да грек халқының ежелгі
мәдениетінің ең ірі кезі Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. ІІ мыңжылдықта Эгей
мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбіндегі
Мекейы болғандықтан да Эгей өрукениетін Крит-Микейы мәдениеті деп атайтын
болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит ұлы жебеуші найзағай тәңірі Зевстің
туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне
еніп, Финикея патшайымы асқан сұлу Европаны алып келеді. Ал, одан аралдың
болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геркаль өз ерліктерінің бірін дәл осы
Крит аралында жасаған. Гакер де өз дастандарында бұл Арал қалаларының бай
екенін мадақтай көрсетеді. Ал, шындыққа бергісіз кейбір аңыздарда Зевс пен
Европаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі
болыпты деген деректер бар. Ежелгі Грекия мәдениетінің бір кезі – Гомер
кезеңі деп аталады. Олай деп аталатын себебі осы дәуір жайындағы басқа
деректердің негізгі көзі б.з.д. VІІІ ғасырда туған Илиада мен Одиссея
дастандары. Соқыр жыршы Гомер Платонның айтуынша, бүкіл грек елінің
тәрбиешісі болды. Өйткені өзінің бүкіл тарихында ежелгі эллин туынждылары
осы дастандардан нәр алған.
Гомерлік кезеңнің ХІ-VIII ғасырда рулық құрылыстың орнына біртіндеп
таптық қоғам қалыптаса бастады. Грек халқы да өзін, қоршаған табиғаттың
тылсым құбылыстардың құпиясын ашып-білуге талпыныс жасады. Қауіп-
қатерлермен өз мүмкіндігінше күресе білді. Гректердің түсінігінде
құдайлардың құдайы Зевс бастаған даналар тобы олар әбден жетілген керемет
адамдар сияқты. Құдайлар бейнесінің адамға жақындатылғаны соншалық олардың
бойымен тек адамға тән қасиеттерді молынан табуға болады. Миф деп аталатын
халықтың ауызекі шығармашылығының осы бір түрінде сонай көне заман
жөніндегі естеліктер мен ақындық қиялдың өзара ұштасып жатқанын аңғаруға
болады.
Гомер дәуірінен бізге келіп жеткен мәдени ескерткіштер онша көп емес.
Солардың ішіндегі б.з. келіп жеткен бағалы ескерткіштердің қатарына
геометриялық ою-өрнектермен әшекейленген құмыралар мен қоладан жасалған
мүсіндер жатады. Б.з.д. ХІ-VIII ғасырда құмыраны өрнектеу өнерінің дамуы
нәтижесінде керамика бұйымдарын әшекейлеуде геометриялық стиль қалыптасты.
геометриялық стиль керамикасының таңдаулы нұсқалары б.з.д. VIII ғ. афиналық
құмыралар. Құмыраларға салынған суреттердің көркемдігі, композициясының
үйлесімділігі бірден көзге түседі.
Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Дипилон зиратынан
табылған әртүрлі пішінді заттарға (б.з.д. VІІІ ғ.) назар аудару қажет. Бұл
жерде табылған құмыралардың үлкендігі соншалық, олар адам бойынан да биік
етіп жасалған. Мұндай алып құмыралар жаназа салтына арналып жасалған болуы
керек. Өйткені олар ақсүйектердің молаларының басына ескерткіш етіп
қойылған. Бұл ыдыстарда шейіт болғандарды жоқтау көріністерді, өлікті
жерлеу кезіндегі салттық билер, жекпе-жек сайыстар мен күймелер жарысы және
т.б. шынайы бейнеленген.
Бұл кезеңнің мүсін өнеріне тән нәрсе құдайларға сыйға тартуға арнайы
жасалған қыш немесе қола мүсіншілер. Гомер дәуірінде жазу болған жоқ.
Гректердің жазба ескерткіштері негізінен архаикалық кезеңде туындаған.
Бірақ алфавиттік жазудың алғашқы нышандары осы кездің өзінде-ақ байқала
бастаған.
Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д. ҮІІІ-ҮІғ. аралығынан
қамтиды. Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің
жағалауларындағы жерлерді меңгеру – ұлы отаршылдық кезеңі, бұл құл
иеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси
әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы
қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі.
Материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, көпірлер
тұрғызылды, қалаларда су құбыры салынды, темір қару-жарақтар кеңінен
қолданыла бастады. Шындығында гректер көршілес жатқан халықтардан көп нәрсе
үйренді. Жергілікті діндердің бірігуінің нәтижесінде жалпы гректік құдайға
табыну орындары – ғибадатханалар полистер арасындағы басты экономикалық,
саяси және мәдени қарым-қатынастардың орталықтарына айнала бастады.
Ежелгі Шығыс елдері сияқты, грек дінінде де политеизм тән болып
келеді. Грекияда басты құдай, құдайлардың әкесі Зевс болып есептеледі. Оның
әйелі Гера – аспан құдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындарына:
Посейдонға – теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын береді. Сұлулық
пен сүйіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынан жаратылған.
Ежелгі Грекияның басты құдайларының бірі – жануалар әлемінің, ағаштар мен
өсімдіктер жүйесінің қамқоршысы Артемида. Әлемнің жеті кереметі болып
саналатын Артемида ғибадатханасы – Артемиданың құрметіне тұрғызылған. Афина
данышпандық құдайы, оның шапағатының арқасында адамдар ғылымға ұмтылған,
қолөнермен айналысқан, әйелдерді тоқыма ісіне үйреткен. Гелиос күн –
құдайы, Ника – жеңіс құдайы, Арес – соғыс құдайы, Дионис – шарап құдайы,
Гермас – сауда-саттық құдайы т.б.
Грекияда құдайлар мен адамдардың некесінен пайда болған батырлар да да
ерекше құрметке бөлінген. Әсіресе 12 рет ерлік жасаған Гераклдың мерейі
үстем болды. Геракл – ежелгі грек жұртында аты аңызға айналған нағыз халық
батыры. Әкесі Зевс, анасы Айкмела, зайыбы Амфитриона, Гераклдық көзсіз
ерліктері ғасырлар бойы жырланып келді. Құлиеленуші полистердің өсуі
монументтік сәулет өнерінің дамуына, Грекияның көптеген қалаларында салына
бастаған храмдар (ғибадатханалар) құрылысының кең тарауына әкеліп соқты.
Ғибадатханалар қалаларды одан әрі көркейтіп, оның күш-қуатын көрсетті, храм
салуда полистер арасында бәсекелестік пайда болды. Діни рәсімдер арнайы
құрбандық орындарында, далада өткізілгендіктен храмдарға, құдайға құлшылық
ету үшін емес, тек құдай мүсіндері тұратын орын ретінде ғана
пайдаланылатын болған. Яғни храмдар шеберлер қолынан шыққан асқақ
мүсіндердің мекені болды.
Х ғ. ортасына қарай Афина қаласы бүкіл грек елінің ең ірі мәдени
орталығына айналды. Елдің түпкір-түпкірінен жиналған дарынды мүсіншілер,
шеберлер мен құрылыс мамандары астананың сол кездегі сәулет және мүсін
өнерінің тамаша үлгісіне айналуына зор үлес қосты. 200 мыңнан астам халқы
бар Афина сол дәуір тұрғысынан алып қарағанда 10 мыңнан астам үйі бар үлкен
қала болып саналатын. Афина қаласының акрополі Перики мен оның жан досы
Фидийдің есімдерімен тығыз байланысты болды. Периклдің қолында шексіз билік
болғанымен, ол оны асыра пайдаланған жоқ. Ол бар күш-жігерін Афинаны
көркейтуге жұмсады., өнер атаулыны қанатының астына алып, қалаға таңдаулы
өнер шеберлерін топтастырды. Перикл ең алдымен парсылар талқандаған Афина
Акрополін қайтадан жаңа рухта қалпына келтуді қолға алды. Афина акрополі –
ізгілік пен сұлулық нұрына бөлінген адамның шығармашылық еркі мен бізді
қоршаған табиғат дүниесінде жүйелі тәртіп орнататын адамның ақыл-ойының
жемісі, ендеше ол еркіндік рухына толы таңғажайып өнер ескерткіші болып
саналады. Афинаның сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан ұлы ойшыл Фидей
болды. Ол Афинада туып-өскен, шамамен 500ж. туып, 430 жылы қайтыс болған.
Ұлы мүсінші қиялының ұщқырлығы Перфеон сарайындағы биіктігі 12 метрлік
Афина мүсінін жасаған кезде айқын аңғарылады. Антиканың сәулет өнерінің
шыңы – ежелгі заманның өзінде-ақ дарийлік стильдің ең тамаша ескерткіші деп
танылған Парфенон сарайы еді. Ал осы таңғажайып ғимараттағы Фидий қолынан
шыққан мүсіндер – сұлулықтың шынайы қазынасы, адам рухының ең асқақ
талпыныстарының шындық тұрғысынан бейнеленуі.
Б.з.д. грек-парсы соғыстары (500-449 жылдар) ежелгі Грекияның
тарихындағы бетбұрыс кезеңі болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек
мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Афинаның рухани өмірінде
демоератиялық құрылыстың орнығуы – грек театрының гүлденуімен, трагедияның
және комедияның шығармалары дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген
Эсхильдің, Софоклдың, Еврипидпен Аристофанның шығармашылықтарымен тұспа-тұс
келді. Трагедия деген сөз – ешкілер әні деген мағына берді. Ол ешкі
терісін жамылып, әзіл-оспақтық сарында хормен өлең айтудан шыққан. Афинда
Дионис құдайының құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі
– трагедияның мерейін жоғарлата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек
трагедияларының басты мазмұны халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет
жолындағы қаһармандық күресінің саласына арналған. Трагедияда грек
мәдениетінің катарсис (тазару) деп аталатын ұғымы кеңінен көрініс тапты.
Трагедия жанырының гүлденуі Әсхил,Софакл, Еврипид сияқты үш драматургтердің
есімімен тығыз байланысты болды. Жалпы грек театры ойын-сауық атауы ғана
емес, нағыз халықтың тәрбиешісіне айналды, грек жұртының сана-сезімі мен
өмірге деген көзқарастарын қалыптастырды.
Классикалық грек трагедиясының негізін қалаушы ұлы Эскил (б.з.д. 525-
456 ж) болды. Эсхилге дейін бүкіл кейіпкерлерді бір-ақ актер ойнайтын
болса, енді сахнаға екінші актер шығарылды, соның арқасында драмалық сахна
көріністері жалдана түсті. Эсхил трагедияларында шындық, әділеттілік, діни-
этикалық мұра ұғымдары одан әрі айқындалып, азаматтардың адамгершілігі өз
еліне деген сүйіспеншілігі басты орынға шықты. Адам тағдыры мәселесі грек
трагедиясының дарынды өкілдерінің бірі Софоклдың (б.з.д. 497-406 ж)
шығармашылығында өзінің заңды жалғасын тапты. Ол өз шығармаларында
еркіндікке толы азамат еркіннің әділетсіз қатал тағдырға қарсылығын тамаша
суреттей білді. Софоклдың Эдил патша деп аталатын ұлы трагедиясының
бүгінгі күнге дейін әлем сахналарынан түспеуі көп нәрсені аңғартса керек.
Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының тамаша өкілі - Аристофон (б.з.д.
445-385 жылдар шамасы) болды. Оның комедиялық туындыларында халықтың
күнделікті өмірі, тұрмыс-тіршілігі басты орын алды.
Эллинизм дәуірінің мәдениеті (б.з.д. ІҮ ғасыр аяғы-б.з. І ғасыр)
ертедегі грек құл иеленушілік қоғамның соңғы аяқталған кезеңі болды. Грекия
тарихындағы бұл тарихи кезең Александр Макендонскийдің (б.з.д. 356-323 ж)
бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Грек мәдениеті
тарихында эллинизм кезеңі басталды. Бұл дәуір Александр Макендонский
державасының барлық жерінде грек мәдениетінің таралу дәуір болды, яғни бұл
кезеңді Шығыс және Батыс елдері мәдениетінің тоғысу кезеңі десек те
қателеспеген болар едік. Өздерін парсы билеушілерінен азап еткені үшін
Египет абыздары Александрды күн құдайы алланың перзенті деп жариялады.
Александр өзін Македонияда да, Грекияда да құдай деп санауға әмір берді.
Ұлы Александрдың бұл зор мемлекеттің құрылымында грек мәдениеті жетекші
орынды болды. Барлық заманның дерлік ең ірі қолбасшысы және жиһангері
ретінде даңққа бөленген, ұлы Александр отыз үш жасында дүние салды. Ол
өлгеннен кейін (б.з.д 323 ж.) бұл империя ыдырап, бірнеше патшалық
династиялар құрылды. Грекияның сан ғасырлар бойы жинақталған мәдени
жемістерінің шығыс өркениетімен өзара ұштасуының зор тарихи маңызы болды.
Грек қалаларының бай құлиеленушілері Шығыс шеберлерінің аса сәнді
маталарын, металдан жасалынған көркем бұйымдарын да жоғары бағалаған.
Гректерді Ежелгі Шығыс халықтарының діни ұғымдарынан туған мифологиялық
туындылары да барынша баурап алды, тіпті эллиндік мифология ұқсас
нышандарында табылды.
Шығыстың ежелгі мәдениетімен жанасу жағдайында, грек мәдениеті жаңа
сатыға көтерілді.
Грек өнерінің соңғы айтулы мәдени ескерткішінің бірі – Троялық абыс
Лаокоон мен оның бабаларының апат болуын бейнелейтін мүсіндер тобы. Бұл
таңғажайып өнер туындысын жасаушылар родостық шеберлер – Агесандр, Полидор
және Афандор болды. Мүсін сюжеті Трояның күйреуі жөніндегі аңыз – хикаядан
алынған.
Ежелгі Грек мәдениетінің шұғыласы антика өркениетінен анағұрлым кеш
пайда болып, ғасырлар бойы өз сәулесін түсіріп келеді[10].
Шыңдығында да, түркі әлемі ұлы және құпиялы болып келеді. Ол бриллиант
тәрізді, әрбір шетінде, әзербайжан, алтайлықтар, башқұрт, қазақтар,
қырғыздар, татарлар, өзбектер, ұйғырлар, т.б. халықтардан тұрады. Түркі
әлемін оншақты ерекше туыстас халықтар біріктіреді. Олардың сөйлеу
мәнерлері де әртүрлі. ҮІ-ҮІІІ ғ.ғасырлардағы бұрын болған көріністер
бойынша, түркілер өздерінің алғашқы отандарын тастап, өздерінің этникалық
тарихтарының басында болған. Осы көз қарастардан шыға отырып, түркі тілдес
халықтар күтпеген жерден біздің эрамыздың басында тарих аренасында пайда
болып, із-түссіз жоғалып кеткен олардың алғашқы скиф- сақ әлемінің көшпелі
мекендеушілерін ауыстырып қоныстанды. Ежелгі түркі этно мәдени жалпылықтың
пайда болуы бөліктенген дәуірде өтті, соған қарамастан, дәл осы ерте
ортағасыр дәуірін ежелгі түркі менталитетінің негізгі идеяларының
қалыптасуының негізгі кезеңі деп айтуға болады. Осы уақытта ежелгі
түркілердің мемлекеттігінің негізі қаланып, ұлы көшпелі қағанат империялары
өзінің ең жоғары өркендеу дәуіріне қол жеткізді. Түркі мәдениетінің тарихи
өміріндегі бірінші және екінші түркі қағанаттарының (б.э.д. ҮІ-ҮІІІ ғ.)
ролі баға жетпес деп айтуға болады. Бірінші және екінші түркі
қағанаттарының жаулап алған жорықтары – Ұлы Қытай қабырғасынан Византия
шекарасына дейінгі территорияларға жайылып, жалпы мәдениет дәстүрін
материалдық және рухани сфера ретінде растау: понтионның жалпылығы,
мифологиялар, әдет-ғұрыптылығы, архаикалық сенімдер мен Орталық Азияның
түркі оғыз тайпаларының және Солтүстік Кавказбен Дунайдың қасында ғұн-
болгар тайпаларының ескі нанымдары жалпы дүниетанымдық категорияларын саяси
шектен тыс қалыптасуына әсер ететін империялық мәдениеттін ерекше бір
байқалуы болып табылады[11].
Ежелгі түркі қоғамында европалық немесе ежелгі үнді түсінікткгі
профессионал философтар болмаған. Бірақ ежелгі түркілердегі философиялық
идеялардың пайда болуы мен дамуы ешқандай күмән келтірмейді.
Түркілердің дүниеге көзқарасы туралы айтқан кезде, әдетте оның
дәстүрлілігі мен символдылығын атап өту керек. Дәстүрлілікте өмірдің әдет-
ғұрыптың жоғары дәркжеде сақталуы бүкіл өмір адамның өмір сүруінің рудын,
қоғамның ережелерімен өзіндік анықталған дәстүрлік нормалардан тұруымен
түсіндіріледі. Символдық ол әлем мен қоғамдық өмірде хабардар болуға
мүмкіндік беретін бүкіл өмір, адамның іс-әрекеті өңделген символдармен
қоршалғандықты білдіреді. Адам өзінің ішкі табиғатында бірлік принципіне
сүйене отырып, өзінде әлемнің бірлігін қорытып шығарады[12].
Тәңіршілік түркі мәдениетінің қазіргі кездегі феномен ретінде көптеген
зерттеулердің обьектісі болып табылады. Оларды атап өтетін болсақ,
О.Сүлейменов, С.Ақатай, Н. Оспанұлы, Мұрат Аджи Каримовты. Г.Омуралиев
өздерінің ғылыми ізденістерінде біздің алдымызға тәңіршілдіктің жаңа
оспектілерін ашып көрсетеді. Тәңіршілдік көптеген діни идеялардың өзіне
мына сәттерді қосады: монотеизм идеясы бұнда Тәңірі жалғыз Құдай ретінде
қарастырады; көкке және табиғат құбылыстарында табыну табиғи дін ретінде
көрінеді; Тәңірдің транцендентальды идеясы, өзіндік ерекшелігі жоқ
бастаманың қамтуы. Тәңіршіліктің басқа да түсінігі болып күрделі діни жүйе
ретіндегі көрінісі өзіне табиғи дін ретінде политизм, монотизм элементтерін
қосады. Тәңір оның табиғи міннде тек көк ретінде ғана емес, көк барлығының
бастамасы, көк жалғыз құдай деп түсіндіріледі. Көк, жоғары абсолютті
айналым ретінде, абсолютті алыстау мен қол жетпестік, өзгермелілік пен
артышылық жер бетінденгі діни санада өмір ме игіліктің қайнар көзі ретінде
туғызды.
Тәңіршілікті, әлем мен адамның бірлігін көрсететін, дүниеге
көзқарастың бірлігі ретінде қарастыру керек. Бұндай дүниеге көзқарас
адамның ғылыми және практикалық іс-әрекетінің бейнесін, оның психикалық
және интеллектуалды іс-әрекетінің когнитивті бейнесін көрсететін, өзінде
діни және мифологиялық көзқарасты көрсетеді[13]. Миф тәңіршілдік жүйенің
ежелгі түркі философиясындағы космостың алғашқы негіз ретінде құрылуы мен
дамуы болып табылады[14].
Сондықтан біз ежелгі түркі қоғамының дүниетанымдық парадигмасына
сүйенетін – тәңірлікті діни философиялық доктрина деп сенімді түрде айта
аламыз.
Тәңіршілік жүйесіне зерттеушіер Евразия даласының көшпенді түркі
тілдес халықтарында таралған әдетте кең ауқымды түрде сенімділік, салттары,
мифтік сюжеттерді қарастырады. Тәңіршілікті ашық дүниеге көзқарас жүйесі
ретінде қарастыра отырып, олардың бірлігімен әртүрлілігі, универсалдығымен
бірегейлілігімен барлық аспектілерін ашып көрсету мүмкін.
Тәңіршілдікті метафизикалық тілімен айтатын болсақ, оның бірлігінде
транссендентальды Тәңіршілдіктің бірлігі көрінеді. Түркі халықтарының
мәдениетінің дамуы мен Орталық Азиядағы әлеуметтік-саяси нақтылықтың
өзгеруімен дін де өзгере бастады. Бірақ бұл жағдайда дін формаларын негізгі
стереотиптері сақталынып қалғын.
Сондықтан тәңіршілдік көптеген діни жүйелер: буддизм, христиан,
исламмен қатар өмір сүріп, өзінің бірегейлігін, унирверсалдылығын және
өзгеше түріндегі негізін әлеуметтік мәдени ортада сақтап қалды.
Тәңіршілдіктің белгісі оның ерекшелігі мен өзгешелігін көрсете отырып түркі
халқының рухани мәдениетінің негізіне жатады. Тәңіршілдіктің тұрақтылығы
түркі халықтарының діни экспансияға ұшырап және оған өзінің менталитеті мен
сенімінің сақталуына талпынуымен қарсы тұрды[15]. Тәңіршілдік этика
түсінігінің негізгі концептерінің бірі, адамгершілік адам өмірін өнегелі
толықтырудың категориялық императивті ретінде болып табылады. Ежелгі
түркілердің дүниеге көзқарасы табиғатты жоғарғы құрмет тұтумен және оған
бас июімен ерекшеленеді, бірақ оның жай июі ғана болған жоқ. Адамгершілік
табиғатпен қатынасында адам қасиетінің және қоғамдық қатынастардың жай
табиғатқа көшіруі емес, өмірдің бастамасы ретінде табиғатқа қатынасы болды.
Қазіргі түркі халықтарының діни-философиялық сана-сезім қойнауында пұтқа
табынушылық мәдениетінің, политеизмнің негізгі дінінің мәңгі Көк Тәңірі мен
қасиетті Жер. Судың үстемдік ету уақытына көтерілуші нақты дүниеге
көзқарастың деңгейін бақылап отырады. Тәңіршілдіктің космогониялық жүйесі
үшін көптеген Евразия халықтарының мифологиялары үшін ерекше әлемнің үш
бөлімді моделі тән[16]. Осы жүйеде жоғарғы әлемнің ролін Көк Тәңір
орындады. Көк Тәңір – жоғарғы әлемнің абсолютті құдайы, ежелгі түркілердің
өмірлері, олардың мемлекеті мен билеушілерін басқара отырып өзінің жоғарғы
билігін әлемнің басқа төменгі екі қабатына жайды[17]. Ежелгі түркілердің
космологиялық көріністеріндегі әлемнің екінші астарын адамдар мекендейтін
орташа әлем бірінші кезекте ежелгі түркілердің туған жері алады. Ежелгі
түркілерде сонымен бірге отанға деген махаббат сезімі дамыған және көшпелі
өмір түркілердің өздерінің шексіз даласына аз байланған деген мағынаны
білдірмейді. Бұл жерде біз енді үлкен әртүрлі құдайлар пантеондарының бір
өкілімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі мәдениетінің өзіндік ерекшелігі
Көшпенділердің менталитеті
Көк - Тәңір сөзінің баламасы
Батыс пен Шығыс әлемі
Діни нанымдар
Көшпенділер мәдениетінің тығыз байланыстылығын көрсететін мәдени бастаулар
Ұлттық сананы қалыптастыру
Ұлттық мемлекет тарихының бастауы
Әлеуметтік философиядағы қазақ ұлттық менталитетке көзқарасы
Мәдениет және өркениет туралы
Пәндер