Шоқан және оның шығыстанулық зерттеулері


МАЗМҰНЫ
1. Ш. Уәлиханов шығармашылығы қалыптасуының алғы -
шарттары
1. 3 ХІХ ғасырдың ортасындағы ресейлік шығыстану ахуалы мен жас
ғалым Ш. Уәлиханов . . .
2. 1 XIX ғасырдағы ресейлік шығыстану мен алғашқы түркілік
бағыттар . . .
2. 2 Шығыстануға қатысты өзіндік батыл демократиялық
тұжырымдар . . .
2. 3 Шығыс эпостарының «құпиялары» және Шоқан
шығармашылығы . . .
3. 1 Қашғария сапарының күнделіктері және шығыстануға қатысты
ұлы ізденістер . . .
3. 3 Ш. Уәлиханов пен оның шығыстанушылық ізденістерінің тарихи
маңызы . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. «Шоқан Уәлиханов және оның шығыстанушылық ізденістері» тақырыбына арналған жұмысымыз бұған дейін жазылған, жарыққа шыққан әр алуан саладағы және түрлі бағыттардағы сан қилы авторлардың ғылыми еңбектері мен түрлі зерттеулеріне қарамастан, өзінің өзектілік мәнін әсте жоғалтпайды. Олай болса, аталмыш тақырып өзінің өміршеңділігімен немесе мәңгілігімен де өзекті.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тарихына қатысты көптеген жаңа көзқарастарға негізделген еңбектер жарық көруде. Ел Президентінің тарихымызға орай: «Әр ұлт өз тарихын қастерлейді . . . Соңғы жылдары осы мәселені біз де дұрыс жолға қоя бастадық», - деген пікірі де жоғарыдағы ойларымызды қуаттай түседі [1] . Оған қоса, жасыратыны жоқ, бұған дейін, кенжелеу қалып, көп жағдайларда екінші позиция деңгейіне ысырылған шығыстанушылыққа қатысты зерттеулер үрдісі бүгінде тың серпіндерге иек артып, нәтижесінде, көзге түсер жетістіктерден де кенде емес. Алайда олар замана талабына сай соны көзқарастар талап етеді.
Диссертациялық жұмысымыздың өзектілігі төмендегідей:
- біріншіден, Шоқан шығармашылығы шыңына жеткен ХIX ғасырдың екінші жартысы басталар кезеңдегі орыс ориентологиясы немесе бүгінгі күннің тілімен айтқанда, орыс шығыстануы, оның жеткен жетістіктері мен құпиялары, бүгінгі жаңа көзқарастар тұрғысынан, әлі ле толығымен зерттеліп біткен тақырыптардың қатарына жатпайды. Ресей әскери Бас штабы мен Сыртқы істер министрлігінің мұрағаттарында сакталынып жатқан құжаттардың «құпиялылығы» көптеген зерттеушілердің қолдарын байлап отыр. Тағы бір себеп - Кеңестер Одағы ыдыраған соң мұндай бағыттардағы қарым - қатынастарымыздың жаңа қиыншылықтарға тап болуына да байланысты. Сонымен бір мезгілде, бүгінгі Орталық Азияның геосаяси және геоэкономикалық маңызын ескере отырып, әсіресе батыстық зерттеушілер тарапынан, соңғы жылдары дәл осы аймаққа қатысты «жаңа шығыстанушылық» еңбектердің көптеп пайда бола бастағандығын да айтып өткен жөн. Олардың басым бөлігі объективтік негіздегі ғылыми сараптамалар мен өлшемдерді қажет етеді. Жоғарыда айтылған ой - пікірлер таңдаған тақырыбымыздың өзектілігін арттыра түседі,
- екіншіден, соңғы жылдары жарық көріп жүрген шығыстануға қатысты қайсы бір «құпия» шығармаларда Шоқанның орыс әскери Бас штабы үшін атқарған айрықша қызметтері «нағыз объективті» яки оның барлау жұмысына қатынасы болғандығы турасында әрқилы пікірлер де қылаң беруде. Аталмыш тұжырымдар арнайы түсіндіруді қажет етеді. Сөз жоқ, Шоқан Уәлихановқа қатысты еңбектер және басқа да зерттеулер мейілінше жеткілікті. Дегенмен, олардың негізі Кеңес заманында жазылып, баспадан шыққанын ескерсек, бүгінгі көзқарастар тұрғысынан алғанда көптеген факторлардың жетіспей тұрғандығы бесенеден белгілі. Сөйте тұра, нақ сол бір жылдары да көптеген ғылыми еңбектердің шыққаны және мәлім. Мысалы, орыс зерттеушілері Николай Пржевальский немесе Семенов Тянь-Шанский яки басқалардың тек қана ориенталистикамен айналаспай, өзге істермен де, айталық, орыс Бас штабына «қажетті дүниелермен» шұғылданғаны белгілі. Біздің Шоқан да Орыс Географиялық қоғамының тапсырмаларымен қатар нақ осы аталмыш құзырлы органға қызмет жасағандығы бүгінде баршаға аян. Мәселен, 1904 және 1905 жылдардағы орыс - жапон соғысынан кейін Қиыр Шығыста Орыс географиялық қоғамының «ғылыми» экспедициясында болған, кейіннен Финляндияның ( бұл ел сол тұста Ресей құрамында. -А. И. ) атақты маршалы Маннергеймге қатысты мына бір мақалада төмендегідей бір үзінділер бар: «Все это время происходила личная подгатовка полковника, которому предстояло безупречно сыграть роль ученого. Маннергейм получил доступ в закрытую библиотеку Генштаба, где ознакомился с материалами экспедиций полковникаНиколая Прежевальского, прошедшего половину Средней Азии, каквыяснилось, не только в поисках экзотической лошадки» [2, 74] . Ал Шоқанның кезінде күшейе түскен Орталық Азия үшін, күрес, оның ішінде«изоляцияға» ұшыраған Цин империясының Батыс аймағы -Шыңжан яки Шығыс Түркістан өлкесі хақындағы Англия мен Ресей бақталастығы баршаға және аян. Әрине, жоғарыдағы келтірілген мәліметтердің ақиқаттан алыс емес екендігіне ешбір дауа жоқ. Алайда барлау факторларын алға тартып, ұлы ғалымның шығыстану бағытындағы басты яки доминантты тұғырын әдейі елемеу, мәселен, бүгінгі Ресейдің қайсыбір «шоқантанушылары» сияқты, Шоқанның шығыстануға қосқан аса үлкен үлесіне өз көлеңкесін түсіруі әбден мүмкін. Күмәнді зерттеулерге қарсы тұра аларлықтай батыл ғылыми зерттеулердің көбейе түскені лазым. Оның үстіне өзінің геосаяси мәні тұрғысынан бүгінде Орталық Азия аймағына, экономикасымен қоса тарихына, мәдениетіне «қайтадан» барлық әлем көзін тігуде. Міне, нақ осы позициялар биігінен де жұмысымыздың өзектілігі күмәнсіз болып табылады,
- үшіншіден, тәуелсіздік алған соңғы жылдар ішінде отандық тарихтағы көптеген мәселелерге қатысты жаңа көзқарастар үрдістері қалыптасқандығын да ойдан шығармаған лазым. Олардың ішінде шығыстануға қатысты дүниелер де барынша жеткілікті. Бұл турасында кіріспелік бөліміміздің «зерттелу деңгейіне» қатысты тұстарында неғұрлым кеңінен сөз болады және ең бастысы, осыған орай бүгінгі күн өлшемінен айтылуы тиіс жаңа ой - пікірлердің қажеттілігі де таңдаған тақырыбымыздың өзектілігіне қызмет етеді,
- төртіншіден, соңғы жылдары баспа бетінде жарық көріп жүрген «еңбектердің» кейбіреулері объективтік мәнде емес. Мысалы, Әл-Фарабиден бастау алатын шынайы Шығыс зерттеулерін субъективтік тұрғыда «қайта қарамақ» ниеттегі «зерттеулерде», мәселен, ұйғыр тарихшысы, Қасым Мәсімидің «История уйгурского народа» атты шығармасында Шоқанның шығыстануға қатысты басты теорияларына «соққы берілген». Ал ақиқатқа жүгінер болсақ, Шоқанның қазақ және басқа да тегі бір түркі халықтарының генеологиясы турасындағы айтқан пікірлері егемендік алған еліміздің идеологиясындағы бүгінгі үстанымдарға толығымен сәйкес. Соңғы кездері жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтар тәрізді қаптап кеткен мұндай «зерттемесымақтарға» қатысты шынайы оң тұрғылардағы ғылыми тұжырымдарға сүйенген, жаңа көзқарастарды мансұқ еткен объективті жұмыстар ауадай қажет. Олай болса зерттеу тақырыбымыздың тағы бір өзектілігі өзінен өзі айқындалып тұр деп айтуға толық құқығымыз бар.
Жұмыстың зерттелу барысы мен деректемелік негіздері. Шоқан Уәлихановтың жан-жақты ғалым болғаны, және ең бастысы шығыстанушылық бағытта еңбек сіңіргені алдымен өз замандастарына мәлім. «Современник» журналы «Ш. Уәлихановтың қабілеттілігі және жігерлігі сонша, Шығыс халықтарының айнымас бір бөлігі болып табылатын Сібірде тұратын бұратана халықтар арасында бұрын соңды ондай адам болған емес» деп жазды [3, 222] .
Қашқар сапарынан алып қайтқан аса мәнді деректерінің 1860 - 1861 жылдары орыс, неміс баспасөздерінде жариялануы, «Жоңғар очерктерінің» және Қытайдың Батыс провинциясы жөніндегі шығармаларының 1865 жылы ағылшын тілінде Лондонда басылып шығуы, ғалым есімінің кең таралуына септігін тигізді. Батыстың зиялы қауымы қазақ оқымыстысын 60-жылдарда «Ресей туралы ғылыми танымдар архиві» журналының (ағылшын және неміс) басылымдары арқылы білді. Француз географы Элизе Реклю «Жер және адам» деген он тоғыз томдық еңбегінде Шоқанның есімін П. П. Семеновпен қатар қойды [4, 391] . П. П. Семенов-Тяньшанский, Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев, А. К. Гейнс және басқа да көрнекті адамдар Ш. Уәлихановтың талантылығын, оның шығыстанушылық дарындылығын немесе өз ұлтын, әдеби мұрасын қадір тұтқанын естеліктерінде, мақалаларында атап көрсетті. Замандастары Ш. Уәлихановтың негізгі шығармаларын 1904 жылы Петербургте шығатын Орыс География қоғамының 29-томында жариялады. Оның жарыққа шығуына профессор Н. И. Веселовский ерекше үлес қосты. Өйткені, профессор Н. И. Веселовскийдің өзі шын мәніндегі шығыстанушы болып табылатын еді [5, 323] . Ал Шоқанның шығыстануға қатысты еңбектерінің қисапсыз екендігі (зерттеу жұмысымыздың тиісті материалдарында толығымен келтіріледі. - А. И. ) ешбір күмәнсіз.
Қазан төңкерісіне дейін жарияланған қазақ басылымдарындағы ғалым жайлы материалдар Кеңестік дәуірде пайдаланылмады, олар мейілінше сынға ұшырады. Айталық, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Жұмабаев т. б. арыстарымыздың Ш. Уәлиханов туралы жазғандары ескерусіз қалды.
Қазақстанда тек қана 1940 жылдан бастап Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармашылық қызметін зертттеу жүргізіле бастады. Алғашқылардың бірі болып Х. Айдарова 1945 жылы «Шоқан Уәлиханов» деген кітабын бастырып шығарды. Бұл монографиялық зерттеуде Шоқанның жан-жақты ғалым болғаны (кейбір пікір қайшылығына қарамастан) жүйелі айтылды. Әсіресе, оның шығыстанушылық еңбектері хақында алғаш рет объективтік пікірлерге жол берілді [6] . Оған қоса, Х. Айдарованың құрастыруымен Уәлихановтың «Мақалалары мен хаттары» 1947 жылы орыс тілінде, ал 1949 жылы қазақ тілінде жарық көрді. Сонымен бір мезгілде Шоқанның «Таңдамалы шығармалары» (1958), бес томдық шығармалар жинағы (1961-1972) орыс тілінде баспадан шықты. Оны баспаға дайындауда Ә. Х. Марғұлан бастаған ғылыми топ (құрамында М. С. Тұрсынова, Д. Х. Кармышева, З. Н. Пальгова, Л. М. Әуезова т. б. ) едәуір еңбек етті. Ә. Марғұланның көлемі жүз беттей «Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі» очеркі еңбектің беташары ретінде берілді. С. Мұқанов та шоқантануға елеулі үлес қосты. Белгілі жазушы ағамыз «Шоқан Уәлиханов» пен «Қашқар қызы» пьесаларын және оған қоса «Аққан жұлдыз» романын, оншақты мақала жазып, жариялады.
Жалпы, Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың шығыстанушылығына және осы саладағы зерттеулеріне қатысты оның жан-жақты ғалым болғанын дәлелдейтін көптеген еңбектер жарық көрді. Енді Шоқантану мен, жұмысымыздың басты тақырыбы болып табылатын, шығыстануға қатысты еңбектердің қайсы бірін дәйекті түрде саралап өтсек. Олардың күні бүгінге дейінгі ең бір белгілілері төмендегідей:
- Марғұлан Ә. Х. Ежелгі жыр-аңыздар. - Алматы 1985. - 320 б. [7] . Ядринцев Н. М. Воспоминание О Чокане Валиханове //Валиханов Ч. Ч. Собр. соч. В 5-ти т. Алма-Ата: Каз. сов. Энцик, 1985. - Т. 1. С 98. [8] . Омаров Т. Қ. ХIХ ғасырдағы қазақ - қырғыз әдеби байланыстары, - Алматы, 2008. - 320 б. [9] . Акмолдаева Ш. Б. «Манас»-форма духовного освоения действительности // Автореферат докторской диссертации. Бишкек, 1998. - 13б. [10] . Алпысбаева Қ. Ш. Ш. Уәлиханов-фольклортанушы. Автореферат. Алматы, 1998. [11] . Ауэзов М. Киргизский героический эпос «Манас» // Избр. -Алматы, Каз. Энц. 1997. - 286 б. [12] . Валиханов Э. Ж. Взаимодействие культур: Г. Н. Потанин и Ч. Ч. Валиханов. Сборник материалов международной научно-практической конференции, посвященной 170-летию Г. Н. Потанина «Г. Н. Потанин - ученый, путешественник, общественный деятель: Российская интеллигенция XIX века и проблемы истории и этнографии казахов» - Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2005. - 32-37 б. [13] . ВалихановЧ. Ч. Письмо Ф. Н. Достоевскому 15 октября 1862 года // Сочинения. Алма-Ата. 1985. - 151 б. [14] . Уәлиханов Ш. Ш. Шығармалар жинағы. 1985. - 4-том. 577 б. [15] . Уәлиханов Ш. Ш. Шығармалар жинағы. 1985. - 5-том. 153 б. [16] . Уәлиханов Ш. Мақалалары мен хаттары: Қазбірікмебас, 1949. - 170 б. [17] . Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар. Аударған М. Сарсекеев. Алматы: Жалын. 1979. - 172 б. [18] және т. б.
Сонымен бір мезгілде, тәуелсіздік жылдарында Ш. Ш. Уәлихановқа қатысты қазақстандық белгілі тарихшылар мен қаламгерлер М. Қ. Қозыбаев, Р. Б. Сулейменов, В. А. Моисеев, И. Стрелкова, К. Нұрпейісов, Х. М. Абжанов, М. Қойгелдиев, И. Ерофеева, Н. Е. Масанов, Х. Алдажұманов, С. Ақтаев (аударма) және тағы басқаларының Ш. Уәлиханов және оның түрлі қызметтеріне орай, оның ішінде шығыстанушылыққа байланысты еңбектерінің бүгінгі тарихымыздағы жаңа көзқарастар қалыптасуына қомақты үлес қосқандығын да ойға алған жөн. Олардың негізгі бөлігі біздің жұмысымызда өз көрінісін табады.
Зерттеу жұмысының алдына қойған мақсаты. « Шоқан Уәлиханов және оның шығыстанушылық ізденістері» деген тақырыптағы зерттеу жұмысының алға қойылған мақсаты - Ш. Уәлиханов сынды ірі тұлғаның шығармаларына ақпараттық негізде шолумен шектелу ғана емес. Біріншіден, Шоқанның шығыстанушы ретіндегі ролін айқындау, саралау, бір жүйеге келтіріп, толымды тұжырым айту.
Екіншіден, жоғарыда айтып өткеніміздей, Ш. Уәлихановтың Шығыс халқына байланысты жан-жақты зерттеулеріндегі, оның ішінде шығыстық мәдениетті, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді, металитетті, оған қоса фольклорды да жинау, жариялау, зерттеу принциптері мен тәсілдерін екшелеп, талдау. Ғалымның шығыстық ерекшеліктерге сәйкес, зерттеулер турасындағы ой - пікірлерін барынша ашып көрсету ниеті де алдымызға қойған басты мақсаттаррдың бірі. Нағыз шығыстық билер сотына реформалар жасалуы тұрғысындағы ұсынысының, олардың ақиқаттық шындық турасындағы пікірлерінің орнықтылығы, халықтың өзіндік тарихи даму үрдісін ескергендігі, турасын айтқанда осы халықтың өмірі мен тұрмысын, жоғарыдан еріксіз түрде реформалауды жүргізудің қауіпті де зиянды екендігін сонау ХІХ ғасырдың өзі толық дәлелдегеніне тарихтың өзі куә. Жоғарыдағы мәселелердің дені шығыстық менталитетке қатысты. Басқа сөзбен айтқанда, оның қытайлық «Алты шаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу правинциясы» (ескі атауы келтірілді - Исмағамбетов А. М. ) шығармасында «нағыз шығыстық» аграрлық «мандариндік» принциптері мейілінше өз көрінісін табады [19, 215-218] . Әңгіме таза шығыстық агарлық ерекшеліктер мен басқару жүйесі хақында өрбіп отыр.
Зерттеу тақырыбының ғылыми жаңалығы. Біріншіден, зерттеудің үнемі өзектілігін жоғалтпайтын әрі әлі де беймәлімділігі қисапсыз, демек тың тақырыпты мойнына жүктеп отырғандығының өзі - жұмысымыздың ғылыми жаңалығының басты әрі шешуші факторы болып табылады.
Екіншіден, соңғы жылдардағы шығыстануға қатысты еңбектер мен ғылыми зерттеулер мейілінше «әмбебаптылықа» ұшырауына яғни Кеңестер Одағы ыдырап, «темір тордың» ашылуына орай, олардың қатарлары енді бүкіләлемдік масштабтағы жаңа шығыстанушы - шоқантанушы авторлармен толықты. Демек, өздерімен бірге көптеген әфсаналары, жәдігерлері мен мен деректерін ала келген мұндай еңбектердің негізі тың сараптамалар мен баға беруді қажет етеді. Жұмысымызда мұны үнемі ескеріп отыруға тырыстық. Зерттеудің ғылыми жаңалығы аталмыш ахуалдармен де біте, қайнасып жатыр.
Үшіншіден, тақырып проблемаларына орай, осы күнге дейін қордаланып қалған, толығымен шешімі табыла қоймаған мәселелерге байланысты жұмысымызды жазу барысында нақты ұсыныстар мен пікірлер айту да - тақырыбымыздың ғылыми жаңалығына қызмет етпек. Олардың ішінде бір көзге түсетіні мына ахуал: тәуелсіздік алғанымызға қарамастан, Ресей Бас штабы немесе Сыртқы істер министрлігі тәріздес құзырлы органдардың ғылыми іссапарлардағы қазақстандық зерттеушілер үшін осы күнге дейін есіктерін толық айқара ашпауында, ал аша қалған күнде де, түрлі сенсациялар мен инсинуацияларды кәсібіне айналдырғандарға белгілі бір саяси мақсаттар аясында ашуы. Бүгінгі Орталық Азияның маңызының арта түсуіне орай, кейбір геосаяси жымысқы әрекеттер - Батыстың «жаңа ориенталистері», империяны жандандыруды көксейтін бөзбір ресейлік авторлар, тіптен, аймақта жаңа геосаяси факторға айналған қытайлықтар тарапынан да көрініс табуда. Нақ осындай «шығыстанушылар» мен «шоқантанушылар» «ізденістері» де қазақстандық ғалымдар үшін бүгінгі күн жаңалығына жатады. Жұмысымызда тұңғыш рет аталмыш түйткілдер турасында толымды да, объективтік пікірлер айтылады.
Төртіншіден, зерттеуіміздің ғылыми жаңалығына қатысты негізін айшықтай түсетін төмендегі мәселелер тізбегі де ерекше назар аударуды талап етеді: алдымен, бұған дейін ғылыми айналымдарға енгізілмеген тың деректердің қолданылуы. Тәуелсіздік жылдары түрлі эволюцияларға ұшыраған Шоқанның шығыстануына байланысты әрқилы еңбектердің әлі де мейлінше екшеленіп, бір жүйелеу қиындықтарына тап болып отырған белгілі жай. Сөз алдымен қазақ тіліне қатысты материалдар жөнінде. Нақ осындай жағдай бірінші кезекте аударма саласында әлі күнге дейін орын алуда. Демек, ұлы шығыстанушының шығармаларын бір жүйеге түсіріп, толыққанды түрде бір ретке келтіруге байланысты туындап отырған аталмыш қиыншылықтарды азайта түсуге біздің диссертация да аз да болса өз үлесін қоса білсе, бұл фактор да жұмысымыздың ғылыми жаңалығына септігін тигізер деген ойдамыз.
Зерттеу жұмысымыздың теориялық және әдістемелік (методологиялық) негіздерін тарихи объективизм, тарихи - философиялық, диалектикалық, компоративистік, герменевтикалық және әмбебаптық тәсілдер құрайды. Алайда, ең бастысы - объективтік тұрғыдағы логикалық факторлардың доминантты позицияларға ие екендігін айрықша ескертпек ниеттеміз. Еңбекті жазу барысында әрдайым аталмыш әдістемелік негіздерге тұрақты түрде сүйеніп отыруға тырыстық.
Диссертациялық зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне диалектикалық тарихи даму заңдылықтарын қолдана отырып, сонымен бір мезгілде өркениеттілік, инновациялылық, салыстырмалылық, талдау, жинақтау мен қорыту принциптерін бір мезгілде қолдануға тырыстық.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы . Зерттеу барысында көтерілген мәселелер отандық және әлемдік тарихтың шығыстану саласын жете тануға ерекше мән беретін оқырмандарға, тарихтағы жекелеген тұлғалардың, бет - бейнелерін жаңаша қарастыруға септігін тигізе отырып, аталмыш сала зерттеушілеріне елеулі көмегін тигізеді ғой деген үміттеміз. Айрықша айтып өткен жөн: соңғы жылдары, шығыстануға қатысты түрлі ғылыми мақалалар мен зерттеулердің үрдістеріне орай, осынау бір «әлсіреп» қалған саланы зерттеу барысының тұтастай алғанда кенжелеп қалғандығын да мойындағанымыз жөн. Жұмысымыздағы тұжырымдамалардың жалпы тарихшы мамандарға, жоғарғы оқу орындарының ізденушілері, аспиранттары мен студенттеріне, тарих факультетінде дәріс алатын болашақ зерттеушілерге арнайы курстар мен семинар сабақтарында пайдасын келтіріп, олар оны тиісінше өз кәделеріне жарата алады ғойа деген үміттеміз.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.
- Ш. Уәлиханов шығармашылығы қалыптасуының алғы -шарттары
1. 1 Балалық шақ пен кадет корпусындағы кезеңдер
Шоқан (Мұхаммед Ханафия (кейбір деректерде, Қанапия. - А. И. ) Уәлиханов Шыңғысұлы (1835 - 1865) - қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист яки шығыстанушысы, тарихшысы, фольклоршысы, этнографы, географы, ағартушысы әрі демократы. Қосымша немесе көпшілікке танылған есімінің пайда болуы төмендегідей: әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп, сол бойынша «Шоқан» аталып кеткен.
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Ш. Уәлиханов әлемдік және отандық ғылым мен сан - салалы ғылым тарихында үлкен орын алады. Оның қысқа да жаркын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани ізденіністерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болып табылады. Ал ғылыми ізденістері, ашқан жаңалықтары әлемдік даңқы оның тұлғалық дәрежедегі биік шоқтығынан хабар береді.
Шоқан Шынғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекінісінде, атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың әулетті семьясында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсетіп, ел бірлігін сақтауға едәуір еңбек еткен ақылды қолбасшы, іскер дипломат, ақыл - айласы мол, Орта жүз ханы болған. Оның үлкен ұлы Уәли (Шоқанның туған атасы. - А. И. ) қайтыс болғаннан кейін хан шаңырағы , хандық билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалған. « . . . Айғаным мен оның балалары Россияға адал ниетін сақтап қалды. Уәли ханның осы жесіріне Александр I аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп, қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге әмір етті. Сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді», - деп жазды П. П. Семенов Тян-Шаньский [20] . Жасында Шоқанның өз әжесі Айғанымның ықпалында болғандығы және белгілі, .
«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz