Ыбырай Жақаевтың өмірі мен қызметі


М А З М Ұ Н Ы :
Кіріспе3
1. Тарау. Ыбырай Жақаевтың өмірі мен қызметі9
1. 1. Сыр өңіріндегі күріш егіншілігінің пайда болуы9
1. 2. Ыбырай Жақаев туралы жалпы мағлұмат16
2. Тарау. Ыбырай Жақаевтың өмір жолы мен қызметінің маңыздылығы20
2. 1. Ыбырай Жақаевтың өмір мектебі20
2. 2. Ыбырай Жақаевтың еңбек жолындағы жетістіктері38
Қорытынды57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:59
Қосымшалар62
Кіріспе
Дүние жүзін дүр сілкіндіріп жер шарының алтыдан бір бөлігі-Евразияда қоғамдар тарихындағы ең әділ социалистік, коммунистік қоғам орнату жайлы бүкіл әлемге жар салған ХХ-ғасыр тарих тағылымына айналды.
Өйткені, бұған дейін де адамзат өмірінде айтарлықтай із қалдырған, қоғамдар дамуында әр қайсының өзіне тән орны, мәні бар қаншама империялардың болғаны, олардың тағдырлары немен, қалай аяқталғаны баршаға аян.
Дейтұрғанымен шындық деген құдіретке жүгінсек кешегі коммунистік партия басқарып, тарих өлшемі мен алғанда пышақ сапындай ғана ғұмыры болған, не бәрі жетпіс жылдай билік жүргізген Кеңестер Одағы деп аталған мемлекеттің дүние жүзіндегі ең ірі, қуатты, беделімен ықпалы өте жоғары деңгейде болғанын досың түгілі дұшпаның да жоққа шығара алмайды.
Миллиондаған азаматтардың жаппай орта білім алып, жоғары оқу орындарында оқуға қол жеткізуі, бүкіл халықтың мемлекет есебінен тегін емделуі, жұмыссыздық деген түсініктің өмірде орын алмақ түгілі ешкімнің түсіне де кірмеуі, өмірлік мамандықты тандау, игеру, кәсіби шеберлікті барынша жетілдіруге толық мүмкіндік алу, ертеңгі одан кейінгі күндерің мен жылдарыңды, ұл-қыздарың, немере, шөберелерің жайлы айтарлықтай уайым-қайғының болмауы, өмірге үлкен сеніммен қарап, көпшілік жағдайда сөз жүзінде болсада еркін өмір сүру, Кеңестер Одағында қалаған жеріңде тұруға, қызмет жасауға айтарлықтай кедергінің болмауы Кеңес азаматтары деген әрбір адамның басыңда болған жәйт. Бұл кешегі күннің шындығы.
Рас, ол биікке қандай жолдармен, іс әрекеттермен жетті, түбегейлі мақсатын іске асыруда белгіленген сара жолдан ауытқулары көп болған жоқпа деген заңды да орынды сұрақтардың болып келгені, бола беретіні де шындық. Ол сауалдарға берілетін жауаптардың, жасалынатын тұжырымдар да әрқилы болуына дау жоқ. Тарих ертелі кеш бұл жәйттарға өзінің әділ бағасын берер. Ол болашақтың ісі.
Ал мен болсам, дипломдық жұмысымда бұл ой-тізбегінде сол коммунистер басқарған заманда барынша дәріптеліп, орын алған көптеген кемшіліктеріне қарамастан, қалың халық бұқарасының жан-дүниесіне терең сіңіп қалған, еңбек адамын барынша марапаттау, олардың маңдай терімен, алақан күсімен қол жеткізген еңбек табыстарын бүкіл халық алдында паш ете білгендігі жайлы өз түйсік-түсінігімді ортаға салсам деймін.
Таќырыптыњ µзектілігі. Кешегі өткен ықылым заманда екі қоғамның да өміріне белсене қатынасқан, олардың ерекшеліктерін өз жанымен, тәнімен етене салыстыра білген, тек Сыр бойының, немесе Қазақстанның емес, бүкіл Кеңестер Одағына, әділдігін айтсақ бүкіл дүние жүзіне өзінің бар болмысымен, адал еңбегімен қазақ халқының атын, абыройын, даңқын кеңінен жайған дарабоз дихан, халқының бір туар перзенті, артында өшпейтін мұра қалдырған Ыбырай Жақайұлы жөнінде бір узік ой қозғамақпын.
Ия, Ыбырай Жақайұлы кім? Қандай әулетте дүниеге келген? Әке-шешесі қандай тәрбие берген? Не оқыған-тоқығаны бар, қоғамдағы өз орнын таба білуге, өмір биігіне көтерілуіне басты себептер не болды? Адами келбеті қалай, азаматтық борышты қалай түсінді? Екі ғасырдың, екі қоғамдық құрылымның ерекшеліктеріне қандай көзқараста болды, рухани жетілудің баспалдақтарына қалай көтерілді? Сұрақ көп, жауабы да мол.
Бұл сауалдарға Ыбекеңнің өз сөзімен, ойымен жауап берсек « . . . маған тағдыр екі ғасырдың, екі қоғамдық құрылыстың куәсі болуды жазған екен. Зейнетінен бейнеті көп зар заманды да бастан кешіруге тура келді . . . , менің балалық шағым өткен сыр алқабыңда осынау өңірдің өзіндей ескінің көзі-то-раңғы деп аталатын ағаш өседі. Жаздың аптап ыстығында тіршілік атаулы қиналған шақта жапырағымен көлеңке түсіріп, жанға сая болады. Ал тораңғы қаусап, оның жапырақтары адамға да, өсімдіктермен малға да қажетсіз болған кезде ағашы жанып, күлі ғана жерге қорек болып қалады. Сол сияқты жарқын, адал да саналы өмір сүрген адам да өз істерімен еңбегін өзінен кейінгілерге мирас етіп қалдырып, қайта оралмас сапарға аттанады. Мен өз бақытымды, басты мақсатымды еркін еңбектен таптым. Соғыстың сұрапыл жылдарында сенім мен тірегім болған ұлымнан айырылған осынау қиын сәтте еңбектен ғана жұбаныш таптым . . . »[1], - деп тебіренеді.
Таќырыпты зерттеудіњ маќсаты мен міндеттері. Ыбырай Жақаевтың бүкіл ғұмыры өзі тиянақтаған осы тұжырымның, бүкіл өмірінің өзегі болғанын сипаттайды. Бұл талассыз ақиқат. Тарих көші ХІХ-ғасырды аяқтауға тақалған. Шиелі өңірінің халқы елдің өмір өзегіне айналған Сырдарияның арғы, бергі беттеріне жайғасқан. Ауқатты, малды, күш-көліктері жеткілікті жандар көктем, жаз болса көтеріле көшіп айдалған малының соңынан еріп Қаратау, Сарысу, Торғай, Есіл өзендерінің бойына дейін барып, күз түсе Сарыарқадан Сырға қарай жыл құсы іспеттес жөңкіп көшетін. Бұл, әрине, Сыр бойындағы барлық қазақтың маңдайына жазған тірлік болмағаны белгілі.
Малы жоқ малшы, жатақтар қимылдауға күштері келмей өмірбақи сол бір отырған жерлерінде қала беретін. Осы соңғы ағайындар арасында Боқай, Жақай, Шоқай атты тақыр кедей отбасыларыда күн кешкен. Міне, сол үш ағайынды азаматтардың Жақайынан Сырдария бойындағы Қарғалы атанған Қоныстың Жаманкөлі жағасында дүниеге төрт ұл келеді. Екеуі ерте дүние салып, Ыбырай, Боранбай атты екі ұл өседі.
Жарық дүниеге шыр етіп түсіп уілдеп, іңгәләп, көз ашқаннан бастап ата-анасын аймалап өскен, тәй-тәй басып қаз тұрғанда қасында болған әкеңмен шешеңнен қымбат, бүкіл ғаламда, еш нәрсе болмайтыны хақ. Халкымыздың «әке-асқар тау, ана-бауырындағы бұлак, бала - жағасындағы құрақ», - дейтіні де осыдан болар. Есейіп ержеткен, ақыл тоқтатқан кезде де әр қадамыңа жіті қарап баға беретін, адал, ақ тілегін айтудан шаршамайтын да солар. Адамзат тарихында ертеден солай болған, қазірде солай, солай бола бермекші. Бұл дәлелдеп жатуды қажет етпейтін өмір заңдылығы.
Ыбырайдың да әке тәрбиесін алып өскені белгілі. Кешегі 80-ші жылдардың басында жарық көрген Ыбекеңнің «Өмір жолдары» атты жазба шежіресіне жүгінсек « . . . Әкем-сезімге сараң, сырты суық, іші ыстық айтпайтын, айтса-қайтпайтын, ер-жүрек, батыл кісі еді. Сіңірі шыққан кедей болса да, ешкімге қолын жайып, телмірген емес. Алдына ірілі-уақты мал бітсе, «мен жетілдім», деп семірген емес. Үнемі жауар бұлттай түнеріп жүрсе де, аталы сөз айтқанда, небір оспадар тентекті ақыл-парасатымен жасқап тастайтын, омыраулай келіп, өктемдік істейтін бай-жуандарды қаһарлы кескінімен ықтырып алатын . . . Әкем мені бұл дүниедегі ең қадірлі, ең асыл, ең құрметті нәрсеге-қажымай, талмай еңбек етуге баулыды»[2], - деп тұжырымдайды.
Мєселеніњ тарихнамасы. Ыбырай Жақаевтың өмірі мен қызметі жайлы арнайы жазылѓан ѓылыми ењбектер жоќ. Ыбырай Жақаевтың «Өмір жолдары» атты кітабында «Жер және адам» деген кең тақырыпта өрнекті ой толғап, ізін басқан кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге боларлық өмірлік мол тағылым-дәріс ұсынады. Бұл еңбек туралы даналық кітап кейінгі ұрпаққа мирас болып адамның ұлы еңбегі ғана қалады деген ұлағатты ой шығарманың әр тарауында бейнелі деп кестелі суреттеп өріліп отырады. Шығарма оқиғасы қанық, әрі халықтың шежіре, нақылдық ой-мысалдар орынды-орынды жерінде айтылып, кітаптың тілдік көркемдік қасиетін айшықтай түседі[3] .
Ғасырға жуық ғұмырында Жақайдың Ыбырайына тән бір қадір-қасиет, ерекшелік айрықша дараланады. Абдолла Дәулетұлы өзінің «Ыбырай тағылымдары» еңбегінде « . . . ол өміріндегі қандай бір қиыншылық кездессе де немесе бүкіл ел халық болып дәріптеп, марапаттап жатса да сабырлы, салқын қанды қалпында болуы, жаманшылықтан түңіліп, салтанаттан асып-тасып кетпеуі. Бұл жан-дүниесі өте кең, шүкіршілігі мол, жүріс-тұрысынан тек қана имандылықтың, еліне, халқына деген адалдықтың иісі аңқып тұратын жандарға тән қасиет. Бұл туған халқымен біте қайнасқан, бітірген ісін, шыққан биігін, алған асуын туған ортасынан бөле жарып қарамайтын, қарапайымдылығы мен кеңдігі, тектілігімен асылдығы кімді болса да таңғалдыратын азаматқа тән қасиет. Шын мәнісінде Ыбекең өз өмірін, қол жеткізген жеңістерін қазақ халқының басынан кешкен қиыншылығы мен қуанышынан бөліп алуға болмайтынын, олардың біртұтас дүние, әлем екендігін барлық жан-дүниесімен түсіне білген абзал азамат»[4] .
Туған халқының ұлы перзенті болып, елін, жерін, ұлтын, «дихан атадан тараппын, дихандыққа жараппын», - деген өзінің ұлы қағидасын нағыз өмір шындығына айналдырып, бүкіл ғаламға әйгілі мемлекет, қоғам қайраткері болып қалыптасты.
Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, тиісті параграфтарға бөлінген екі тараудан және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттерге сілтемелерден, қосымша материалдардан тұрады.
1. Тарау. Ыбырай Жақаевтың өмірі мен қызметі
1. 1. Сыр өңіріндегі күріш егіншілігінің пайда болуы
Ыбырай және оның замандастары дүниеге келіп, балаң балалық шақтарымен жігіттік жасай бастаған жылдар қазақ халқының, оның ішінде Сыр елі тарихында, Орта Азия хандықтарымен Ресей империясы арасындағы билік үшін таластың орыс патшалығы пайдасына шешілген кезеңіне тура келгені белгілі. Ұзаққа созылған бұл оқиғаларды талдап-тарамдап жатудың бұл жұмысымда айтарлықтай қажеті жоқ. Дейтұрғанмен сол кездегі тарихи ахуалға аз да болса кысқаша шолу жасап кеткеніміз артық болмас.
ХХ-ғасырдың бас кезіндегі революциялық толқулар, қантөгістер, онан калды Столыпин реформасы шет аймақтарда да жағдайды шиеленістіре түсті. Столыпин Ресейдегі аграрлық мәселені шешу үшін помещиктердің жерін сақтау керек деп тапты. Оның аграрлық саясатының негізгі элементтерінің бірі Ресейдің орталық аудандарынан қоныс аударған шаруалардан Орта Азия мен Қазақстан жерлерінде «қуатты әрі мыкты» жеке қожайындар тобын нығайтып, патша тіректерін күшейту еді. Сөйтіп, патша өкіметі қазақ еңбекшілерінің құнарлы жерлерін тартып алып, қоныс аударғандарға бөліп берді. 1908 жылы Перовск уезіне 700 шаруа көшіп келді. 1906-1912 ж. Сырдария облысында ғана қоңыстандыру қорына 3, 2 млн. десятина құнарлы жер бөлінді. Осыдан кең қөлемде ұйымдастырған іс әрекеттерімен 1917 жылға дейін казақ халқы 45 миллион десятинаға жуық мәйекті жерлерінен айырылды.
Ресей империясының қоныс аудару саясатын іске асырудың 20 жыл ішінде (1897-1916 ж. ж. ) Қазақстанға Ресейден шаруаларымен казактардың келуі төрт жарым есе артып 1 млн. 543 мың адамға жетті. Ал, жергілікті халықтың табиғи өсуі тек 16, 2% болатын. Осының салдарынан Қазақстанда орыстардың саны 1897 жылы 15, 7% болса, 1916 жылы олар 41, 5%-ке жетті[5] .
Аталған мерзім ішінде қоныс аудару саясаты жағдайында Қазақстанда егіс көлемі едәуір өсті. Айтсақ, 1900-1913 жылдар ішінде егіс көлемі 4, 2 млн. десятинаға жетіп, 2 есе артты, оның ішінде 1, 5 млн. жерге қазактар егін екті. Нәтижесінде, 1914 жылы Қазақстанда 150 млн. пұт астық өндірілді.
Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда Сыр бойының бір ерекшелігі мал шаруашылығымен бірге, егіншілік мәдениетіде дамыды. Бұл жерде көне замандағы суармалы егістіктің белгісі қалды. Ол дәстүр кейін де дамып, Қазақ хандығы дәуірінде егін шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды. Сыр бойы суармалы шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды. Сыр бойы суармалы егіншілік, бау-бақшалықтың тұрақты аймағына айналды. Өзен суынан саға алатын жармалар мен арықтар жүйесі жеткілікті болған. Су өздігінен шықпаса шығыр орнатып, суды егістікке жеткізудің айла-тәсілдерін кең пайдаланған. Сыр қазақтары егістік жерлеріне тары, бидай, арпа еккен, азынаулақ жүгері және күріш дақылдарын өсіру тәжірибесі де болған.
Сыр бойында егіншіліктің даму тарихы өте ертеден басталғанын дәлелдейтін жәйттар жеткілікті. Айталық Перовск уезінде суармалары жер жүйелері 208 бас арықпен 128 кіші арықтардан тұрған. Бас арықтардың ұзыңдығы 1625 шақырым болып, олар 12692 гектар жерді суландырған. Мұндағы ең көне арық XVI ғасырда қазылған Сарқырама Қарауылтөбеге дейін жеткен. Кейін Шолақарық пен Беглік арық XVIIІ ғасырда қазылған болатын. Суармалы жерді игеруде ауыл ақсақалдарымен мұрабтың атқаратын орны ерекше болды. 1891 жылы Перовск уезінде 129 мұраб жұмыс істеген.
Бұл ой тұжырымдардың айқын дәлелдерінің бірі болған окиға ол Шиелі өңіріндегі Байсын би мен Нұртаза мұрабтың XIХ ғасырдың соңғы жылдары ішінде іске асырған нақты тірлік тыныстары.
Сырдария өзенін бойлап жағалап көрсеңіз ол Төменарық елді мекеніне таяу жерден өткен соң кілт бұрылып қызылға-құмға қарай кетеді де содан тек 80-100 шақырымдай төменде, яғни Бәйгеқұм, Жөлек тұсында ғана қайтадан шығысқа, қазіргі Жуан-төбе, Жөлек тұрған жерге жақын бұрылады. Осы екі арада Сырдарияның оң қанатында егін егіп, мал бағуға, көкөніс өсіруге тиімді кең алқапты шұрайлы жер жатады. Жоғарыда айтылған Байсын, Нұртазалардың халыққа колайлы жерге су жеткізу мақсаты да осы аймақты игеруге арналды Су тілін, жер жігін білетін ауыл ақсақалдары, Байсын, Нұртазалардың басшылығымен бұл алқаптың ерекшеліктерін өте тиімді, ұтымды пайдалана білген. Өйткені, қазіргі «Гигант» ауылының сәл ғана батыс түстігінде Бидайкөл, Саскөлі, олардан азғантай төмендегі Иіркөл, Көкиірім, Ак-өзек, Жансейіт Әулие өзектері, онан бері Оқшы-ата Әулиенің аймағындағы аумақты да терең ыза көлге көңіл аударсаңыз Бәйгеқұмға дейінгі аралықта түрлі өзен, көл, сулы ойпат, арналардың көптігін көресіз. Бірақ көпшілік жағдайда олар бір-бірімен байланыспаған, оның үстіне ең бастысы, Дария қатты тасымай қалған жылдары бұл жерлерді Сырдария суымен үнемі толықтырып тұратын бастау саға болмаған. Міне, осы кемшілікті жөндеп, бір жүйеге салу максаты күн тәртібіне койылады. Осыдан барып Байсын ақсақал, Нұртаза Мұраб т. б. іске кіріскен. Халықты ұйымдастырып Төменарық түбінен Дарияның ұрма жерінен саға салып сол қолдан қазған канал-арықты Бидайкөлге қосқан. Одан әрі қарай Иіркел, Ақөзек, Көкиірім т. б. ірілі-уақты су арналарына қосылып Жансейт Окшыата өңіріндегі Ызакөлге жалғастырылады, сөйтіп бір жүйе құрайды да Бәйгеқұмға жетеді. Бұл жерде үлкен жұмыс ұйымдастырылып Қанқожа су қоймасы салынады. Оның үстіне кейініректе Шиелі тұсынан Сырдарияға барар жерде Таштоп деген ауылдан сәл жоғарырақ дарияның былқылдақ деп аталып кеткен иінінен, сыр еліне аты-жөні белгілі Есен ұлы Жорабектің басшылығымен, қосымша саға алынып ол су жолы Ақ-өзекке тікелей (су ар-насына) қосылады. Бұл үлкен мәні бар тірлік болғаны белгілі. Кешегі 40-50 жылдардың ішінде бұл Ақ-өзек су жүйесінде судың мол болғандығы сондай, оңайлықпен өткел бермейтін.
Халықтың есінде қалып, өзіміздің куә болған жағдай, Ақөзектің орта беліндегі дөңестеу тұста Шегір өткелі деген жерден жұрт арғы бері бетке аттарын жалдап өтіп жүргені белгілі. Сонымен бірге аттары осы күнге дейін сақталып калған Көксу, Ботабай, Ақарық, Тасарык, Жетікөл су жолдарының салынғаны сыр бойы халқының қоғамда кездескен қиыншылықтарға қарамай егіншілікпен айналысып астык, өндіруді молайту жолындағы іс-әрекеттерін күшейте түскені аян.
Ресей империясының тарихында 1913 жылдың алатын орны ерекшелеу болғаны белгілі. Дүние жүзіне, әсіресе Европа халқына үлкен қайғы-қасірет алып келген қантөгіс соғыстың қарсаңында Ресей экономикасы біршама көтеріліп дамудың бір деңгейіне жеткендей болған. Алайда бұл жәйіттердің қазақ еліне, сыр бойы халқына титтей де болса пайдасы болмаған. Сол 1913 жылы Сыр бойында үлкен куаңшылық болып жерге айтарлықтай шөп шықпай, азын аулақ егіншілікпен айналысатын шаруаларға суармалы жердің тимеуіне сай елде жұт деген тілсіз жау күшіне мініп онсыз да титықтап отырған елді есеңгіретіп жіберді. Осы ауыр күндері бас көтерер ел азаматтар ойласа келіп Ыбырайдың әкесі Жақайдың ақылымен Есіл өзені бойындағы қалың ағайынға - Сарыарқаға сапар шегуге мәжбүр болады. Бүкіл ағайын болып түйе жинап қалайда болса халықты аштықтан аман алып қалуға кіріседі. 1914 жылы сыр бойына жұт келді, соғыс басталды, мал қырылды. Әсіресе, бірді-екілі, аша-тұяқ, айыр мүйіз ұстап қалт-құлт етіп күн көріп отырған кедейлер дымсыз калды. Жұрт боса бастады.
Осы кезде «Қарттың айтқанын істе, жастың тапканын азық ет», - деген қағиданы басшылыққа алған бір топ азаматтар бір күнде көтеріліп, бір түнде аттанады. Бұл үйде отырып қан құсқанша, түзде жүріп қан кешкенді мақұл көрген ер, жігіттердің шешімі еді. Бір көш жерге, шығарып салып тұрып Жақай ақсақал өмірінде алғаш рет ауылдан ұзап үлкен үмітпен Сарыарқаға көппен бірге сапарға шыққан баласы Ыбырайға, - «өзін бір ойлап, өзгені екі ойлаған ер-нағыз ер, кеудеде жан бар да, адам атына дақ түсірме. Аштан өлсең өл, тек азғындап өлме, Былғаныш өмірден - адал ажал артық. Жолың болсын . . . [6] », - деп ақ тілек білдіреді.
Ыбырай Жақаев өз ойына, өз сөзіне кезек берсе, сыр бойынан басталып Есілге дейін созылған жұт жолында небір еңіреген ерді, боздаған боздақты көрдім, бәрінің аңсағаны жерге, суға деген еркіндік болып еді дейді. Ұзақ жол, таусылмайтын түндер, шартарапқа кеткен ой, пікір, арман бәрі ойысып келгенде бір тоқтамға, бір тұжырымға тірелгендей күн кешеді. Сонау жас кезінде Керіз жармасын қазғанда диқан болсам, нанды молайтсам деген көмескі мақсат Ыбырай көкірегінің бір түкпірінде оянып дүниеге келсе, сол мақсат, сол арман есейе келе ұлғая түскендей. Нан қадірін диханнан артық кім білген, егінді мол егіп, наннан тарығушылық көрмесек, мынадай жұтқа ұшырар ма едік, ызғып астық іздеп, бейтаныс бөгде елге қаңғырарма едік - деген, талассыз жәйттар жан дүниесін жегідей жегені хақ. «Нансыз өмір - сәнсіз өмір, есің болса дихан болуға талпын, астық өсір, ел алғысын сонда аласың», - деген ой сарабы Ыбырайды қамшылай түскендей.
Жиырмасыншы жылдардың аяғы. Бүкіл елде байлардың дүние-мүлкін, малын, басқа да байлықтарын тәркілеу, қайсы біреулерін жер аудару ел ішін астан-кестен жасағаны белгілі. Сыр бойындағы, яғни Қызылорда халқының мал басы мол бай деп саналған, ретті де ретсіз, азғантай күн көрісінен айырылған ағайындарды негізінен Атырау аймағына, Атыраулықтарды біздің Сыр өңіріне жер аудару кеңінен өріс алды. Бас сауғалаған жұрт көбіне басы ауған жаққа, әсіресе Орта Азия, Ташкент, Қоқанд, Бұхара, Хива, одан әрі Қытай, Ауғанға дейін үдере көшіп кеткені қанша.
Бұл шырғаландардың соңы шаруаларды ұжымдастыруға, колхозға біріктіруге ұласқаны белгілі. Алғашқы кезде серіктестік, шағын топтасу сияқты істер жүргізілсе, 1929 жылдан бастап колхоздар ұйымдастыру басталды. Бұл жаңалық Қарғалыны жайлайтын Жақай, Боқай әулеттеріне де жетпей қалған жоқ. Сонымен сол 1929 жылы Қарғалыда дұйым жұрт қатынасқан жиын өткізіледі, оның бел ортасында Жақайдың Боранбайы, Оразымбеттің Қойшыбайы, Боқайдың Сыздығы болады. Бұл жиналыстың басты ұйытқыларының бірі саналған сабырлы сөйлейтін, нені болмасын ақылмен істейтін байсалды азамат Байсариев Сейдахмет көзге түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz