Көркем проза шығармалары тіліндегі теңеудің стильдік қызметі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1. 1 Антоним, синоним сөздердің эмоционалдық-экспрессивтік сипаты5

1. 2 Фразеологизмдердің, мақал-мәтелдердің лексика-семантикалық топтары мен стилистикалық табиғаты11

1. 3 Көркем шығармадағы сөйлеу тілінің элементтері19

ІІ БӨЛІМ. Д. Исабеков шығармаларының көріктеуіш-бейнелеуіш құралдардың қолдану тәсілдері27

2. 1 Көркем проза шығармалары тіліндегі теңеудің стильдік қызметі27

2. 2 Көркем прозада эпитеттің көркем бейне жасаудағы стильдік қызметі37

2. 3 Метафораның қолданылуы39

Әдебиеттер тізімі:45

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Көркем әдебиет тілі мен жекелеген қаламгердің сөз қолдану машығын талдау, таразылау - бүгінгі күндегі жалғасын тауып келе жатқан маңызды мәселелер қатарын құрайды. Қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерінде халықтың рухани дамуына өз туындылары арқылы үлес қосқан сөз шеберлерінің тілін тереңдеп зерттеу, стильдік дәстүрлерін саралау, қорыту арқылы стильдік байлықты молайтуға олардың қосқан үлестерін ашып көрсетудің мәні зор. Көркем сөз зергерлері қалыптастырған стильдік дәстүр мен өнеге, олардың қазіргі әдеби тілімізде игеріліп, дамытылуы қандай дәрежеде деген мәселелер де осыдан келіп шығады. Көркем шығармаға қойылатын басты талап - тіл шеберлігі. Әрбір жазушының өзіндік ерекшілігі де тілі арқылы көрінеді. Қаламгердің тілдік ерекшелігін әдеби тілдің даму заңдылықтары тұрғысынан талдап, халық тілінің мәдениетін дамытуға қосқан үлесін анықтауға ұмтылу жұмыстың өзектілігін танытады. Сонымен бірге белгілі бір кезеңге тән, сол кезең тіл туралы мағлұмат беретін әдеби шығармалар тілін зерттеу де маңызды мәнге ие.

Зерттеудің нысаны мен дереккөздері . Зерттеудің нысаны Д. Исабеков шығармаларының тілдік-стильдік ерекшеліктері. Ғылыми тұжырымдар жасауға негіз болған материалдар төмендегі шығармалардан алынды:

Қаламгердің «Тіршілік», «Біз соғысты көрген жоқпыз» шығармалары алынды.

Зерттеудің мақсаты. Д. Исабеков шығармаларының тілдік ерекшелігін ашып көрсету, көркемдік стильдік қызметін саралау және Д. Исабековтің өзіндік қолтаңбалық ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсаттарды орындауда мынадай міндеттерді шешу көзделді:

- Д. Исабеков лексика-диалектологиялық және лексика-фразеологиялық бітіміне стилистикалық талдау жасау барысында жеке авторлық ерекшеліктерді көрсету;

- суреткер стилінің даралығын танытатын кейбір синтаксистік түзілістердің стильдік қызметіне талдау жүргізу;

- сөз құбылту мен ажарлау тәсілдерінің структуралық, семантикалық және стилистикалық ерекшелігін көрсету;

- шығарма тіліндегі метафора, эпитет, теңеу түрлерінің қаламгер қолданысындағы стильдік қызметін айқындау;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Д. Исабеков шығармалары негізінде қазақ шығармаларының тілі әдеби тіл фактілерімен салыстырыла отырып лингвостилисткалық талдауға түсті;

- жазушының халықтың тіл байлығын қолданудағы өзіндік ерекшеліктерін анықтау ниетімен тілдік құралдардың авторлық баяндау мен кейіпкер тіліндегі берілу жолдары қарастырылып, қолданыс мақсаты айқындалды;

- шығармалары тіліндегі көріктеуіш тілдік тәсілдердің, соның ішінде, метафора, эпитет, теңеу стильдік қызметтері анықталып, қаламгердің сөз қолдану даралығы тілдік деректермен негізделеді;

Зерттеудің теориялық маңызы. Д. Исабеков шығармаларының тілін зерттеу барысында қол жеткізген тұжырымдар мен нәтижелер әдеби тіл тарихы мен көркем әдебиет стилистикасы теориясын толықтыруға өзіндік үлес қосады.

Жұмыстың практикалық мәні. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындары филология факультеттерінде оқытылатын «Стилистика», «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау», «Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәндері мен арнаулы курстарға қосымша әдебиет ретінде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Д. Исабеков шығармаларының тілі - мол ізденіспен ерекшеленетін, ғылыми тұрғыдан кең ауқымда зерттеуге болатын дүние;

- жазушы шығармалары - қазақ көркем тілінің ұлттық сипаты мен өзі өмір сүрген заманда қазақ әдеби тілінің ортақ ерекшеліктерін көрсете алатын, сонымен бірге авторлық даралықты танытатын тілдік-стильдік сипаты бар шығармалар;

- қаламгердің әдеби тілге әсері мен даралығы халық тілі байлығын мол пайдаланумен қатар өздеріне тән сөз қолдану үлгілерін жасауынан көрінеді;

- Д. Исабеков кейіпкердің ішкі тебіренісін көріктеуіш тілдік құралдар арқылы шебер суреттеп қана қоймай, Ұлы Абай, Махамбет, Ыбырайлардың оқырманға жақсы таныс жыр жолдарын шебер пайдалана біледі;

- синтаксистік түзілістердің стильдік-көркемдік қызметі жазушының шебер суреткерлігін анықтайды.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Жұмыста салыстыру, баяндау әдісі, теориялық тұжырымдарға сүйене отырып ғылыми тұрғыдан талдау, сипаттау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы . Жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі беріледі.

1. 1 Антоним, синоним сөздердің эмоционалдық-экспрессивтік сипаты

Антонимдер құбылыстарды салыстыра отырып, бір-бірімен қатар қойып шендестіруде, айтылатын ойды анық түсінуге айрықша қызмет етіп тұр. Бір-біріне қарама-қарсы мағыналы сөздерді аса шеберлікпен қолдана отырып прозаны анық, көркем, бейнелі қылып оқырманға жеткізеді.

Ғалым Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев: «Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы, жоқтың қасы»-деп айтады[1; 121] .

Ф. Оразбаева, Қ. Есенова: «Антонимдерге ең бай сөз табы - сын есімдер. Ал етістіктерден, зат есімдерден, үстеулерден азды-көпті кездессе, ал қалған сөз таптарынан өте сирек ұшырасады» дегендей[2; 49], Д. Исабеков шығармалары тілінің көркемдік ерекшелігін қарастыруда антонимдер ерекше көзге түседі.

М. Серғалиев: «Кейіпкер тілі, көркем шығармада ол кейіпкердің сөйлеу ерекшеліктері, түптеп келгенде, жазушының шеберлігіне тікелей қатысты мәселе болып табылады», -дейді[3; 223] .

«Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын-жазушылар өзара қарама-қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі»[4; 22] .

Ғалым Б. Шалабаев «Антонимдер де көркем шығарма тілінде белгілі стильдік қызметте жұмсалады. Әдетте, тіл білімінде антонимдер деп мағынасы қарама-қарсы ұғымды білдіретін сөздерді атайды. Оларды орынды пайдалана білу өмірдегі құбылыстарды суреттеп, әсерлі жеткізер шеберлік қырын танытады» деген [5; 82] .

Көркем шығарманы әрлендіріп-нәрлендіретін көркемдегіш тәсілдері түрлі-түрлі. Солардың қатарына антонимдер сияқты лексикалық құралдар жатады. Д. Исабековтің «Тіршілік» повесінде байқайтынымыз антоним сөздері өз орындарын дөп басып тапқандай.

Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеді (Тіршілік, 327-б) .

«Ел бар-ау жұрт бар-ау» деген ой түстегідей бұлдырап, санасының сонау бір түкпірінен ауық-ауық елес беріп өткенімен, ініне түтін салынып, өлімші халде құдай қағып аман шыққан бейшара түлкідей бұл да аяқтарын әзер қозғап, өлі мен тірінің арасында ілбіп келеді (Тіршілік, 336-б) .

Терең байыптап қараса, қызының қашып кеткенін былайғы жұртқа өзі ат шаптырып есіттіргендей, сөйтіп өзін-өзі досқа таба, дұшпанға күлкі етіп байлап бергендей көрінеді екен (Сонда, 339-б) .

Бұл келтірілген мысалдардағы антонимдерді «өлі мен тірінің арасында», «досқа таба, дұшпанға күлкі етіп», «күндіз күлкі, түнде ұйқы» тұрақты тіркестері арқылы автор суреттелген жағдайды әсерлей түскен. Тұрақты тіркестер арқылы берілген антонимдер шығарма тілін ажарландыра түскен.

-Жеңе-ше-е! . . .

Ол жеңгесінің белінен құшақтай кеткенде екі адамның салмағын көтере алмаған күлдіреуіш порт сынып, бірі өлі , бірі тірі қос дене үй ортасына сылқ етіп құлап түсті.

Марқұмның бір ұл , бір қызы бар екен, ұлының есі кіріп қапты, шешесіне жұрт жапа-тармағай топырақ тастап жатқанда «апашы, апа» деп шырқырап қоя берді.

Бүгін бар, ертең жоқ . Өліге иман, тіріге мал керек. Бұ дүниеден кәрі де кетіп жатыр, жаста кетіп жатыр . . . (Тіршілік, 342-б) . Кәрі сүйекті қайғы да, қуаныш та бірдей туралатып кетеді екен (Тіршілік, 388-б) . Автор қарама-қарсы мағынадағы сөздер арқылы ішкі жан күйінішін, алдыңғы күндердің қараңғы екендігін, ажалдың, қуаныштың, қайғынын қай уақытта болса да, таңдамай, талғамай келетіндігін берілген мысалдар арқылы көрсете отырып, оқырманға эмоциялық әсер туғызады.

Күйеу бала қайсысы?-деді төсін жүн қаптаған жалтырбас біреуі, алдынғысы ма, артқысы ма, әлде ортасындағы ма? (Сонда, 327-б)

Бірер сағаттан соң арыны басылған өзендей шу да бәсеңдеп, жөнді-жөнсіз сабылған адамдар саябырсыды . . . (Тіршілік, 328-б)

Мақта терім кәрі-жасты түгел далаға қуғанда ғана адуын бригадирдің тепсінуімен бірекі күн жүйекке түседі (Сонда, 333-б) .

Еркін жүріп, еркін тұрып үйренген қыз айттырып келушілер алғаш босаға аттаған күннен бастап кенет бой жетіп, оң-солын енді таныдым дегенде тірі тұтқынға айналды (Тіршілік, 334-б) Әрі ойлап, бері ойлап кеп Дәулетбай бұдан өзге дұрыс шешім таба алмады (Сонда, 342-б) . Бірде аш, бірде тоқ бір тіршілік өте береді (Тіршілік, 349-б) . Жатса да, тұрса да ойынан қаңғытып жіберген қызы кетпей қойды (Сонда, 351-б) . Мысалдағы антоним сөздер бірін-бірі қажет ететін, бір-бірінсіз өмір сүрмейтін қарама-қарсы жақтары болып табылады. Сондықтан бұлардың бірін айтқанда, екінші сыңары өздігінен ойға оралады. Антонимдік қарама-қарсылық тек бір логикалық қатарға жататын тектес ұғымдар қарама-қарсылығына негізделген.

«Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын-жазушылар өзара қарама-қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі»[6; 22] .

«Жан-жақты дамып, кемелденген тілде белгілі бір ойды әр түрлі мақсат-мүддеге қарай неше саққа жүгіртіп, сан алуан тәсілмен қолдануға болады. Қазақ тілі синонимге қаншалықты бай болса, антоним соншалықты кедей емес екендігін байқаймыз»[7; 68] .

Антонимдердің әрбір стиль түріндегі қолданылу дәрежелері әр басқа. Жеке тұрғанда барлық стильдік аяларда қолданыла береді. Ал антонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолдану барлық стильде бірдей дәрежеде емес. Антонимдерді көркем әдебиет тілінде қолданудың маңызы ерекше. «Өйткені, тіліміздегі осы қарсы мәнді сөздерді ақын, жазушылар өзара қатар алып, шығарма тілінің көркемдігіне жұмсайды»[8; 80] .

«Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер мейлінше мәнерлі болып белгіленеді»[9; 176] .

Жазушының қолданған антонимдік қатарлары оның айтар ойын

нақтылап, шығарманың әсерін күшейтіп қолдануда антонимдерді ұтымды жұмсаған. Қарама-қарсылық сипаттағы сөздердің барлығы терең ойға оқырманды жетелеп, кейіпкердің ішкі сезімімен, сол кездегі дәуір тынысымен байланысып, үндесіп жатыр.

Тілімізді байытатын, сөздік қорымызды молайтып тереңдете түсетін мағыналы сөздердің бірі - синонимдер. Ғалым Ә. Болғанбаев «Синонимдер дегеніміз - әр түрлі айтылғанымен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән мағыналық, не стильдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір сөз тобынан болған сөздер» деген [10; 10] .

Синонимдер көркем әдебиет тілінде өте көп қолданылады, өйткені кез келген суреткер өз ойын жеткізуде мағыналы сөздер арқылы береді. Жазушы шығармасында бір сөздің бірнеше синонимін қолдана отырып, көркемдүниені оқырман жүрегін тілдің байлығын, көріктілігін, мәнділігін бере отырып, жеткізуге тырысады. Жазушы жүрегінен, көңілінен шыққан шынайы сөзді таңдап, талғап, орынды қолдана білсе, онда оның шеберлігінің бір қыры болып саналады.

Синонимдер әр түрлі жолдармен пайда болады. 1. Сөздердің мағыналық жақтан дамуы қосымша жаңа мағыналарына ие болуы синонимдік қатарлардың жасалуына әсер етеді. Осыдан көпмағыналы сөздер мен синонмдердің қарым-қатынасы, өзара байланысы келіп туады. Көп мағыналы сөз әр мағынасында әр түрлі синонимдік қатарға еніп, синоним сөздердің шеңберін кеңейтіп отырады. 2. Заттар мен құбылыстардың бірден көзге түсіп, байқала қоймайтын айрықша белгілері мен қасиеттерін бірте-бірте ашып, оларды атау үшін және мағыналарының реңкін ажыратып айту үшін, тілде жаңа сөздер жасалып отырады да тілдің бүтіндей сөздік құрамы даму, баю күйінде болады. 3. Әдеби тіл лексикасының диалект сөздердің есебінде толығуы нәтижесінде де синонимдер жасалады. 4. Тілде белгілі бір стилистикалық қызметте жұмсалатын эфвемизмдер басқа бір сөздермен немесе сөз тіркестерінде мәндес синоним жасалады.

Академик Рабиға Сыздықова синонимдердің көркем сөзде қолданылуы туралы былай айтады: «Синонимдер - тек мағыналас (мәндес) келген сөз қатарлары ретінде лексикалық категория ғана емес, қолданыста, әсіресе көркем сөзде ең қуатты, икемді, актив стильдік құрал. »[11; 27] .

Синонимдер - лексикалық категория ғана емес, функционалдық стильдерде актив қолданылатын стильдік құрал. Атқаратын стильдік қызметі - белгілі бір контексте бір сөздің бірнеше рет қайталанбау жағын көздеу және көркем ойды құбылтып, жан-жақты толықтырып, мәндес сөздердің болымсыз айырмашылығын дұрыс қамтып, белгілі бір ұғымды оралымды етіп жеткізу. Сондықтан синонимдік қор көркем әдебиетте жиі қолданылады.

Синонимдер тілдің кемеліне келіп, қаншалықты жетілгендігін, оның образдылығы мен дамығандығын көрсететін көрсеткіш деп есептеледі. Адамның ойлаған ойын, көңіл-күйі мен көзқарасын нақты әрі көркем түрде жеткізу үшін синонимдер айрықша қызмет атқарады. Олар белгілі бір ойды тоғыз саққа жүгіртіп, тілді соншама оралымға келтіреді[1; 115] . Яғни, Жаңылдың жеке басының ойын, көзқарасын осы синонимдер нақты, айқын ашып көркем бейнелі образ жасап отыр.

Қазақ тіліндегі синонимдер толып жатқан тәсілдер арқылы жасалады.

Күрделену арқылы: күрделі сөздердің құрамына енген түбір сөздер оп-оңай бірікпейді. Өзінен-өзі қосарланбайды немесе кездейсоқ тіркеспейді. Олар белгілі бір заңдылыққа, ұғымға негізделіп күрделенеді[7; 68] .

Синонимия - ұлттық тілдің айқындылығын, дәлдігін, икемділігін, бейнелегіштік күшін көрсететін тілдік құбылыс. Тілде синонимдерді пайдаланып, керегіне жаратпайтын жазушы жоқ. Әр жазушы синонимдерді талғап пайдаланады, өзінің стиліне тән қолтаңбасын қалдырады. Қай жазушы болмасын керегі жоқ қайталанулардан аулақ болу үшін дыбысталуы әр түрлі бірақ мағыналары жақын сөздерді өз талғамымен кіріктіреді. Қаламгерлер шығармаларында синонимдер белгілі бір ауыртпалықты, жүкті көтереді. Сөйлем ішінде өзінің ауқымды қызметін атқарады. Жай қызмет емес, стильдік қызмет атқарады, экспрессиялық бояуын нығайтады десек қателеспеспейміз.

Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топта та қолданғанымыз сияқты, оларды қосарлап та (қосақтап та) пайдаланамыз. Екі синоним сөз қосарланып қолданғанда бұлардың білдіретін ұғымының көлемі кеңейеді[1; 116] .

Жақсы сомдалған кейіпкер бейнесі, қапысыз тартылған оқиғалар желісі, ең бастысы қоғамның әлеуметтік тіршілік-тынысын дөп басу айту сияқты сипаттар Д. Исабеков шығармасына тән. Қаламгер өз оқырманының жан дүниесіне ене отырып, адам тағдыры, жұтаңданған ұлт бейнесін аяусыз ащы мысқылмен қамшылап көрсетеді. Жазушының тағы бір ерекшелігі оның қай кейіпкерінің ісіне ішіңіз қынжылса да, жек көріп кетпейсіз. Өйткені, кеңес өкіметі тұсында өзіне таңылған жаңалықтар жетегінде кетіп, өзінің кім екенін ұмытуға айналған аңғал да аңқау қазақтың тіршілігіне реніштен көрі жан ашу, жүрек ауыру сезімі басым түседі. Әрбір халықтың өзіне тән қасиеті болу керек, ол - өз кемшілігін өзі көріп, оны аяусыз сынай біледі. Ал қоғам мерезін, халқының жаман қылығын, жағымсыз қасиетін жазушыдан артық айтып беретін ешкім жоқ екені тағы белгілі. Әр жазушының өзіндік стилі болады. Ол әр суреткердің тілдік амал-тәсілдеріне қарай танылады. Жазушы өз шығармасында синонимдерді эмоционалды-экспрессивті мәнде үйлесімді пайдаланған. Автор «Тіршілік» повесінде шынайы өмір шындығын суреттеу, адам арасындағы қарым-қатынасты бейнелеу арқылы оқырман сезіміне әсер етіп, ой тудырады.

Автор фразеологиялық синонимді негізінен стильдік мақсатта жұмсаған.

Молдарәсіл тырс етіп, тіл қатқан жоқ, үндемей киіне берді (Тіршілік, 327-б) . Тілі қатқан жоқ, үндемей киіне берді - синонимді қолдану арқылы сол сәттегі кейіпкер сезімін бейнелейді.

Бірақ сағалар пана, сүйенер тірек қайсы (Тіршілік, 330-б) ? Бәлкім, ұрыса беруден жалыққан шығар, бәлкім, өзі сияқты кемпірінің де жыл емес, күн өткен сайын кейін кетіп, шөгіп бара жатқанын, осы тамақтың өзін сүйек-сүйегінің арасында шашылып, қашып жүрген қайрат-күшін жинап әрең дайындағанын, неғыпты, түсінген де шығар (Тіршілік, 332-б) . Тәшкен мен Түркістан аралығындағы атақты байлардың шырт киініп шіренген ұлдары қастарына ақыл-кеңесшілерін алып бірінен соң бірі төгіліп жатты (Тіршілік, 334-б) . Кешелі берге жылағаны қазандағы арық еттің көбігіндей жеңіл екен, өткен оқиға мен бұдан былайғы ғұмырына ой жіберіп, дірмәнсіз, шарасыз халде төккен қазіргі жаы құманның суы сарқылғанша қайнаған сынаптай ауыр да таза, қабырғаны ерітіп, жүректі жарып шыққан удай ащы шын жас еді (Тіршілік, 338-б) . Мәнсіз, мағынасыз тіршілік (Тіршілік, 342-б) . Уылдап, шуылдап елге дабыра қалмаңдар, осы масқара болғанымыз да жетеді (Тіршілік, 343-б) . Ол қайғы , ол қасірет кенет, тосыннан басталған қайғы емес-ті, оның басы әріде, артта қалған өмірінде еді (Тіршілік, 350-б) . Жаңылыспайтын жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ , қателік болды ма, қатыгездік болды ма, бір кездегі ақылды ашуға тұтқындап, жасаған бір білместік үшін қыс ауасында бес күн, бес түн жол жүріп, арада жыл жарым өткен соң жаңа жетіп отырмыз (Тіршілік, 359-б) . Ертеңгі тағдырымды тәңірге тапсырып, бүгінгі түнді уайымсыз, мұңсыз өткізейін деген ойда едім (Тіршілік, 372-б) . Ойлаған ойының жүзеге асып, қара тастай қатқан жандардың кемсітіп болсын, мұқатып болсын , күлімсіреп беттері бермен қарағанына іштей тәубе келтіріп тұр (Тіршілік, 375-б) .

Б. Сағындықұлы: «Синонимдер мағыналық аясы жағынан бір-бірінен жоғары-төменді, артық-кем болып ерекшеленеді, градациялық жолмен бірден-бірге басқыштап өзгешеленді» дегендей [12; 62], адамның бір сәттік психологиялық күйін жоғарыдағы берілген мысалдардағы синоним сөздер жеткізе алады. Дірмәнсіз, шарасыз; мәнсіз, мағынасыз; уылдап, шуылдап; жаңылыспайтын, сүрінбейтін; уайымсыз, мұңсыз; кемсітіп, мұқатып деген синонимдер кейіпкерлердің жан айқайын, шарасыздығын Д. Исабеков мағыналық реңктері арқылы оқырманға шебер жеткізеді.

Синонимдік қайталаулар - автор тілін әрлендірудің тұрақты тәсілі. Сөздердің мағынасы мен экспрессиясын күшейтіп, көркем дәлдік жасау тәсілі болады.

-Есі-дерті бір ұрттам көкнәрге ауып, ол үшін дәл былтырғыдай есігінің алдындағы ақ шайын ажыратып отырған жалғыз ешкісін ойланбастан айырбастай салатын Киеван шалының мұндай сәттерде шектен тыс шикәмшіл, шектен тыс мейірімсіз, қатыгез боп кетерін жақсы білетін Қыжымкүл артық-ауыс сөз айтпай аяғының ұшымен құрдай жорғалап, үлкен, бүйірлі шайнекке шай демдеп дастарқан басына әкеп қойда да; «дайын болды»-деді (Тіршілік, 316-б) .

- Бәрі жомарт, бәрі дарқан, бәрі де шетінен дүниенің бетіне қарамайтын мәрт боп шалқып отырған осындай шала кәйіп сәттің бірінде Молдарәсіл үйленгісі келетінін, әке-шешенің қазан көтеріп, от жаққан жерінде түзу түтін түтетпек ойы барлығын, бірақ осы отырған ауыл қариялары қол сілтеп қолтығынан демдемесе, жоқшылық үзеңгіге аяқ салдырмайтынын аңғартып өтті (Тіршілік, 324-б) .

-Қолтығымнан демеңіздер дегенде мал сұраған жайым жоқ еді, ақылшы болыңдар , жанашыр болыңдар демек ем (Тіршілік, 325-б) .

-Айтқаныңның ағаттығы жоқ, бәрі мақұл , бәрі құп (Тіршілік, 325-б) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем образ жасаудағы кейіпкер тілі туралы
Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы, жасалу түрлеріне мысалдар
Шыңғыс Айтматов Жәмилә повестьінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Аударма дәл аударма
Оралхан Бөкейдің монологтары
Абай тілінің зерттелуі
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Жазушы Әбіш Кекілбаев Үркер романының лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Бейімбет Майлин мұрасы
Зат есімге тән антонимдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz