Оқытудың ғылымилық принципі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе4

I-тарау. Бастауыш мектеп оқу жұмысындағы көрнекілік принципінің талаптарын жүзеге асырудың дидактикалық негіздері7

1. 1. Педагогика тарихында оқыту принципінің зерттелуі жайлы7

1. 2. Бастауыш мектептің оқыту процесінде көрнекілік принципін тиімді қолданудың шарттары17

II-тарау. 2-сыныпта математика сабақтарында оқытудың көрнекілік принциптерін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі27

2. 1. Математиканы оқытудағы көрнекілік түрлері27

2. 2. 2-сыныпта математика сабақтарында оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі34

Қорытынды44

Әдебиеттер тізімі45

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі.

Қазақстан Республикасының егемендігі, ондағы туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескертетін қазіргі кезеңдегі мемлекеттік стандартына сәйкес мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта құруды талап етуде.

Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін дамытудағы мемлекеттік тұжырымдамасында жеке адамның жалпы мәдениетінің қалыптасуы, жан-жақты дамуы үшін жағдай жасалуымен оның әлеуметтік өз орнын анықтауы жайында сөз етіледі.

Білім берудің алдына қойылған мақсаты мен міндеттеріне жету үшін оқушылардың өздерінің қызығушылығы мен қабілеттерін ескере отырып, оларға бастапқы арнайы білімді қамтамасыз ету ұсынылған.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып, оны дамытуға жәрдемдесуге міндетті (41-бап), Білім беру ұйымы баланың қалауын, жеке басының бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, таңдауға, құқысы бар, - деген баптары педагог пен ата-аналарға арналып, мектеп пен ата-ана алдында зор жауапкершілік жүктейді (38-бап) .

Білім беру ісінің жаңартылуы бұл ең алдымен барлық деңгей бойынша балаға деген көзқарастың өзгертілуі. Өйткені бала өзіндік ішкі құрылымы бар тіршілік иесі. Сондықтан білімнің көп деңгейлік жаңа моделінде оқушылар үшін де, педагогтар мен ата-аналар үшін де даралық ерекшеліктерімен ақыл-ой қабілетін дамыту өте қажет.

Білім беру мазмұнын жетілдірудегі бастауыш мектеп оқушыларының білім сапасын арттыруда көрнекіліктің алатын орны ерекше. Көрнекіліктің көмегімен өткізілетін сабақтарда оқушылардың жалықпайтындығы жаңа сабақ материалын қабылдау процесінде олардың әр түрлі сезім мүшелері (көру, есту т. б. ) толық қатысатындығы, соның нәтижесінде оқушылардың оқуға деген, пәнге деген қызығушылығы артып, жаңа сабақты олардың оңай қабылдауына мүмкіндік туатындығы дәлелденген.

Педагогика тарихына көз жіберсек чех халқының ұлы педагогы Я. А. Коменскийді көрнекі оқытудың еңбек сіңірген жасампазы деп деп санаймыз. Көрнекіліктің ол қолданған “алтын ережесі” жаңа негіздерде оқу процесін қайта құруда белгілі роль атқарды.

К. Д. Ушинский оқытудың негіздерін жасай отырып, көрнекілікке зор маңыз берді және бұған ғылыми негіздеме беруге тырысты.

Ы. Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керек деген.

Белгілі педагог ғалымдардың Б. П. Есипов, М. А. Данилов, Л. В. Занков, М. Н. Скаткин оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді.

Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор. Өйткені осы кездегі қоғамдық - өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми - практикалық деңгейіне байланысты. Оқыту процесі екі жақты болғандықтан тек мұғалім өзінің ғана іс-әрекетінің дұрыс болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың да танымдық әрекеті мен белсенділігін дамытуға ерекше көңіл аударуға тиіс.

Бастауыш мектепте оқушылардың танымдық әрекетін арттыруда көрнекілік принциптерін қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары комплексті түрде тұтастай қарастырылмай, әлі терең зерттелмей келеді. Бұл проблеманың ғылыми-теориялық жағынан зерттелуі жеткіліксіз болғандықтан, мектеп тәжірибесіндегі қайшылықтар орын алып келеді. Осы қайшылықтардың шешімін табуға ықпал ететін педагогикалық шарттарды іздестіру мақсатында диплом жұмысымыздың тақырыбын:

“2-сыныпта математика сабақтарында оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асыру жолдары” деп таңдауымыз негіз болды.

Диплом жұмысының мақсаты:

Бастауыш мектептің оқыту процесінде көрнекілік принципінің талаптарын жүзеге асырудың дидактикалық және әдістемелік ерекшеліктерін айқындау.

Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:

  1. Көрнекілік принципінің атқаратын қызметін анықтау.
  2. Бастауыш мектептің математика сабағында көрнекілік принципін тиімді қолданудың әдістемелік жолдарын көрсету.

Зерттеу жұмысының объектісі:

Бастауыш мектептегі оқыту процесі.

Зерттеу пәні.

Математика сабақтарында көрнекілік принципінің талаптарын жүзеге асыру.

Зерттеу әдістері.

  1. Ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен оқып танысу және пайдалану.
  2. Озат тәжірибемен зерттеу, жинақтау, талдау.
  3. Бақылау.

Диплом жұмысының құрылымы:

Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I-тарау. Бастауыш мектеп оқу жұмысындағы көрнекілік принципінің талаптарын жүзеге асырудың дидактикалық негіздері

1. 1. Педагогика тарихында оқыту принципінің зерттелуі жайлы

Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми - практикалық деңгейіне байланысты.

Оқыту процесінің логикалық және педагогикалық заңдарын, оның жалпы қағидаларын білу мұғалімге оқу жұмысының тиімділігін арттыруға жағдай туғызады. Мұндай басшылыққа алынатын қағидалар, ережелер, талаптар дидактика теориясында оқыту принциптері немесе дидактикалық принциптер деген атқа ие болды.

Принцип /латын сөзі - principium/ - негіз, жетекші идея, негізгі ереже, іс-әрекетке қойылатын негізгі талап деген ұғымдарды береді.

Оқыту принципі дегеніміз - барлық оқыту процесінде және түгелдей оқу пәндерінде басшылыққа алынатын негізгі қағидалар, педагогикалық талаптар жүйесі.

Дидактикалық принциптер кездейсоқ құрылмайды. Педагогика тарихында жалпы дидактика мәселелеріне, оның ішінде, оқыту принциптеріне арналған еңбектерде, ғылыми зерттеулерде дидактикалық принциптердің ғылыми қалыптасуының белгілі даму тарихы баяндалады.

Сонымен қатар, қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын ұлы қайраткерлер, өз заманының прогресшіл ағымының жаршысы болған ойшылары Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім, Ахмет, Жүсіпбек, Мағжан, Міржақып тағы басқа даналарымыз мұраларында тәрбие, білім берудің бай қазынасы жинақталған.

Демек, оқыту принциптері дидактиканың тарихи мұраларына ғылыми талдау жасау және қазіргі жаңа білім беру мазмұнындағы озат тәжірибелерді қорыту негізіне сүйенеді.

Оқыту принциптерінің жүйесі ұлттық мектептің мақсаттарына негізделеді. Сондықтан қоғамдық дамудың әр кезеңінде дидактикалық принциптер өзіндік ерекшеліктерімен көрінеді.

Дидактикалық принциптерді негіздеудің алғашқы әрекеттері Я. А. Коменскийдің, Ж. Ж. Руссоның, И. Г. Песталоццидің еңбектерінде жасалған. Олар принциптердің бірін жетекші ретінде ұсынды да, соның негізінде дидактикалық принциптердің бүкіл системасын құрды.

Оқыту принциптерін жасауға неміс педагог - демократы Фридрих Адольф Вилгельм Дистервег пен Ресейдегі педагогика ғылымының негізін қалаушы К. Д. Ушинский аса мән берді. Бұлардың еңбектері осы заманғы дидактика принциптерінің системасын жасауда үлкен роль атқарды.

Оқыту принциптері педагогикалық процеске тән белгілі заңдылықтардан туады.

Оқыту принциптері оқу процесінің барлық бөліктеріне (мазмұны, оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларына т. б. ) қатысы бар, солардың бәріне жалпы бағыт-бағдар белгілейтін негізгі талаптар.

Оқытудың кең түрде қолданылатын негізгі принциптері мыналар: оқытудың ғылымилығы, жүйелілігі мен бірізділігі, оқытудағы оқушылырдың саналылығы мен белсенділігі, оқытудағы көрнекілік, білімнің берік болу принциптері, мотивация принципі, проблемалық принцип, интеграциялау принципі.

Осы принциптерді ұсыну қазіргі кездегі қоғамда болып жатқан әлеуметтік рухани өзгерістерге, сондай-ақ халыққа білім беру саласы мен мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы қайта құру процестеріне байланысты.

Оқыту процесінде принциптер бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бірлікте жүзеге асырылады.

Оқытудың ғылымилық принципі. Оқытудың ғылыми құрылу принципі оқушыларға оқудың әрбір кезеңінде, сатысында ғылымда берік қалыптасқан ұғымдарды үйретуді талап етеді, ал осы ұғымдардың өзі ғылым әдістеріне жақын тұратын оқыту әдістері арқылы үйретілуі тиіс.

Демек, мектептің оқушыларға ұсынатын білімдік материалдары осы заман ғылымының дәрежесіне сәйкес болуы керек.

Ғылыми білімдердің шеңбері үздіксіз кеңи береді. Шамамен алғанда әрбір бес жылда ғылыми информация екі есе көбейеді. Ал, енді балалардың білім алу қабілеттілігі педагогикалық теория мен тәжірибенің табысына қарамастан, ғылыми білімдердің шеңберлерінде кеңейе алмайды. Сондықтан оқушылардың ғылыми біліммен қарулануын қамтамасыз ету үшін, осы заман ғылымының идеясында соған ендіру үшін ғылымның ең қажетті мазмұнын іріктейтіндей принциптерді табу қажет.

Демек, қазіргі заман ғылымының мазмұны мен идеяларын меңгерудің қысқа жолын қамтамасыз ететін ғылыми негіздерін анықтау керек. Бұл міндеттерді жемісті шешу үшін оқу пәндерінің логикасын ашу керек, соның арқасында оқудың бірінші кезеңінен, күнінен жаңа ғылыми ұғымдарға көшу қамтамасыз етіледі.

Ғылыми білімдерді терең меңгеру ісі нақты нәрселер мен заттарды анализдеу және синтездеу арқылы болатын ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдарды меңгерудің нәтижесінде болады. Осының барысында мүмкіндігінше ғылым заңдарын үйрету, осы заңдарды қамтитын оқиғалардың молшылығы мен әрсалалығын аша түсуі тиіс. осыған байланысты оқылатын оқиғалардың даму процесінің ең маңызды жақтарын ашу керек, атап айтқанда олардың сыртқы жағдайларын, орны мен мерзіміне байланыстылығы, оқиғалардың өзгерістерінің нақты түрлері жаңаның ескімен күресі. Осы талаптармен бірге оқышыларды ғылымдардағы маңызды жаңалықтардың тарихымен де таныстыру қажет. Бұл үшін оқушылар ғалымның ғылыми лабораториясында болу, оның зерттеу әдістерімен танысу жолдары қолданылады. Осылай оқудың ғылыми болуы оқудағы тарихылықты талап етеді.

Ғылымилық принцип мектепте білім берудің мазмұнына және ғылымда дәл белгіленген оқу материалына сай, оқушылардың жас шамасына қарай түсінетіндей ғылыми анықтамалар, ұғымдар, терминдер, ғылыми мәліметтермен қаруландыруды көздейді.

Алайда, жеке тақырыптарды өткен кезде мұғалім оқушыларға ең маңызды пікірталас туғызатын даулы проблемалар және ғылыми болжамдар туралы, сондай-ақ кейбір орын алып отырған қате түсініктер мен пікірлер жөнінде хабарлауға тиіс.

Сонымен қатар оқушылардың өзіндік ойлауын бағыттап “неліктен”, “не үшін”, “қалай” деген сұрақтар арқылы олардың ғылыми танымын, ғылымға қызығушылығын дамытудың маңызы зор.

Ғылым негіздерін оқып, үйрену жүйелілік пен бірізділік принципімен байланысты. Жүйелілік пен бірізділік оқыту процесінің міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Педагогикалық әдебиеттерде жүйеге келтірілген білімдері мен жас ерекшеліктерді қаруландырудың қажеттігі көрсетіліп келеді. Жүйелі оқытудың маңызы жөнінде К. Д. Ушинский: “Ешбір байланысы жоқ қыйыр-шыйыр болып мида жатқан білім, бұл қоймада қалай болса солай тәртіпсіз жатқан нәрсеге ұқсайды. Мұнда, қоймада не бар-жоғын иесі тауып ала алмай басы қатады” деп мысалмен түсіндіреді.

Ы. Алтынсариннің “Қырғыз хрестоматиясы” еңбегі тарихи - мәдени көзқарас жағынан да, педагогикалық құндылығы жағынан да өшпес мұра екені мәлім. Бұл хрестоматияны құрастыруда, материалды сұрыптауға ұлы педагог дидактикалық принциптерге сүйенеді. Кітап идеясының халықтығы, гуманизмі, демократизмі туралы түсініктер, әңгімелер, ережелер т. б. оқу материалдары жүйелілік негізінде қарастырылады.

Мәселен, М. И. Ильинскийге жазған бір хатында:”… алдымен заттың атын, кейбір жағдайда заттың атына байланысты сөз, сонан соң заттың сынын білдіретін сөзді - сын есімді содан кейін барып, оқыту процесіндегі жүйелілік оқу жоспары мен оқу бағдарламаларында анықталған. Сондықтан бұл бағдарламаның талабына сай оқуды жүйелі түрде жүргізу мынаны көздейді:

а) оқу пәні бойынша әрбір оқу пәндерінің материалын логикалық ретімен орналастыру.

ә) материалды мұғалім жүйелі де ретімен баяндау.

б) ең қажетті міндет оқушылар жаңа білімдер мен бұрынғылардың логикалық байланысын түсінуі тиіс.

в) меңгерілетін деректі материалдар мен қортынды топшылаулар оқушылар санасында логикалық түрде орналасуы тиіс.

г) мұғалімдер мезгіл-мезгіл өткен материалды жинақтап, қортындылап отырады. Ол балалардың тақырыптың жеке бөлімдерін қалай түсінгендерін, есте қалғандарын анықтайды.

Жыл аяғында оқушылар пән бойынша не оқығанын, әр бөлімдерден не ұғынғандығын, тақырыптың бөлімдері бір-бірімен қалай байланысқандығын айтып беруге тиіс.

Осылай оқушылар санасында білімдер бір жүйеге түседі, білімнің ең негізгілері мен мазмұндылары баса, бөле, асты сызыла көрсетіледі. Логикалық жүйелі байланыстар білімдерді меңгерудегі бірізділікке ыңғайлы жағдай туғызады.

Тәжірибелі педагогтар көбінесе жаңа материалдарды түсіндіре отырып, балаларды білімнің жаңа элементін өздері сезетіндей жағдайға жеткізеді, әңгіменің барысында балалардың өздері зор қуанышпен жаңа қортынды топшылауларды айтуға үйренеді.

Қиындығы біртіндеп күрделене жүргізілетін жаттығуларды орындау, есептерді шығару үстінде балалардың өздері бірден-бір өз бетінше әрекеттерінің өскендігін сезеді.

Білімдер жүйесіне енгізілген білім онан әрі қарай жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеруде құрал болып саналады, балалардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын арттырады, өз күшіне сенімін күшейтеді, өзінің рухани дамуына қуаныш сезімін туғызады.

Оқушылар мүмкіндігіне қарай білімдер мен іскерліктердің сәйкес болуы. Осы материалдар оқушылардың күшіне, мүмкіншілігіне сәйкес болған жағдайларда ғана білімдердің жемісті меңгерілуі оқу жұмысының тапсырмаларын саналы және белсенді түрде орындалуы жүзеге асырылады.

Оқушылардың оқудағы саналылығы мен белсенділігі.

Оқудағы саналылық деген ең алдымен оқушының өзіне қажетті нақты мақсаттары мен міндеттерін түсіне білуі, оқылатын материалдың мазмұнына түсінуі, тапсырмалардың мазмұнын түсінуі. Саналылық оқушының материалдар мен тапсырмаларды құрғақ түрде жаттамай, оқылатын материалдың шын мәніне түсінуді талап етеді. Саналылық сонымен бірге оқушының тапсырмаларды орындауға жауаптылықпен қарауын талап етеді. Саналылықпен жұмыс істейтін оқушы әр уақытта оқу тапсырмаларын дәл және дер кезінде орындауға тырысады. Мұндай оқушы ересектердің немесе сыныптағы алғыр оқушылардың көмегіне сүйене отыра оқу тапсырмаларын өз бетінше орындауға тырысады, оқушы өзін-өзі бақылауға үйренеді, тапсырмаларды орындай алмаған жағдайда мұғалімге оның шын себептерін айтады.

Білімдерді меңгеру үшін оқушылар заттар, нәрселер мен оқиғалардың сыртқы жағын түсініп, қабылдап қана қоймайды, олардың өзара байланысын да түсінеді. Оларға ортақ белгілерді, қасиеттерді біледі, негізгілерін бөледі, оқиға құбылыстардың заңын ұғынады. Бұл жағдай мұғалімнің оқушылардың білу - ұғыну әрекеттерін күшейту, сол процестерді басқару үстінде ғана жемісті түрде орындалады. Оқушылардың ұғыну - білу процесінде сезім қабылдауларының зор мәні бар.

Балалар бастапқы оқудың өзінде нәрсе - заттар мен оқиғаларды тікелей түсіну мен қабылдау арқылы ғана ұғынып, түсінбей, басқа түрде сөз арқылы ұғынады. Адамда түйсіну сөзбен алмастырылады. Білімнің көпшілігін оқушы мұғалімнің сөзі арқылы алады. Бұл балалардың анықтап шешуге тиісті белгілі сұрақтар қою арқылы іске асырылады. Бұл әдіс балалардың ойлау жұмысына белсенді ынтасын тудырады. Мұның барысында баланың өзінің бұрынғы білімдері мен жаңа ұғымдардың арасында байланыс орнатудың мәні зор.

Оқушылардың жаңа материалды ұғынуда белсенділігін дамыту үшін мұғалімнің эмоциялық толғаныстар, сезімдер, ситуациялар туғызудың, проблемалық сұрақтар қоюдың, пікірталас ұйымдастырудың, өзіндік жұмыс жүргізудің маңызы зор.

Осы сабақтың даярлық кезінде белсенділік үшін балаларды жаңа терминдермен, жаңа сөздермен таныстырудың да орны ерекше. Жаңа білімдерді алғаннан кейін оларды оқушылардың қалай ойлана қабылдағанын, жаңа материалдың бұрынғымен байланысын, алған білімдерді кейінгі қалай пайдалануын тексеру. Оқу процесінің ең қажетті заңын ойлануы тиіс, бұл тексеру оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап беруі, есептерді шығару, практикалық бағыттағы жаңа тапсырмаларды орындауы арқылы жүргізіледі.

Оқушылардың ойлаушылық белсенділігін білу оқу процестерінің барлық түрінен де орын алуға тиіс. мысалы, оқушылардың мақсатты байқауларын ұйымдастыра отырып, мұғалім оқушылардың алдына заттар - нәрселер мен оқиға - құбылыстардың жеке сапалары мен қасиеттерін, бөліктерін жіктейтін сұрақтар мен тапсырмалар ұсынады.

Белсенді түрдегі ойлау жұмыстарының процесінде оқушыларда ассоциациялар қалыптасады; аналитикалық - синтетикалық әрекеттер іздерінің тізбегі құрылады.

Бұл ассоциациялар әр түрлі. К. Д. Ушинский мынадай ассоциацияларды көрсетті: аралас, ұқсас, бір-біріне қарама-қарсы, орны, мекені бір: уақытына қарай, жүрек сезіміне байланысты ассоциация, ақылға байланысты т. б.

Оқиғалардың өзара себептілік байланыстарын білу ғылыми білімдерді меңгерудегі саналылық саясат болып есептеледі. Себебі, оқиғалардың арасында үнемі заңды түрде қайталанып тұратын байланыстарын ұғыну, демек, заң түрінде жинақталған қортындылар - топшылауларды меңгеру жоғары дәрежелі ойлау әрекетін талап етеді.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін олардың өз бетінше орындайтын тапсырмалары бірте-бірте күрделене түсуі тиіс. Сонымен оқудағы саналылық оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру арқылы дамытылады, ол белсенділік өз бетінше шығармашылық жұмыстың барысында жаңа сапалық дәрежеге көтеріледі. Оқыту процесіндегі саналылық пен белсенділік принципі оқушылардың білім алуында жаттандылықтың, формализмнің болмауын көздейді.

Оқытудағы білімнің беріктігі принципі. Бұл принцип мектептің алдындағы басты міндет оқушыларға мемлекеттік программа көлемінде тыңғылықты берік білім беру мен іскерлікті, дағдыларды қалыптастыру арқылы жеке адамды тәрбиелеуді көздейді.

Білімнің берік болу принципі оқыту процесінің барлық буындары арқылы жүзеге асырылады. Мұғалімнің жаңа материалды хабарлауынан бастап, күнделікті пысықтау, бекіту, тексеру, қайталау, жаттығу және өздігінен орындайтын жұмыстар жүйесінің алуан түрлі оқушылардың білімін нығайтудың құралы болып саналады.

Материалды есте жақсы сақтау үшін өткен сабақтарды жиі-жиі қайталап отыру керек. Оқу жылының ішінде оқу материалы бірнеше рет қайталанудан өтеді. Күнделікті үй тапсырмасын тексеру арқылы қайталау, күрделі тараулар соңынан қайталау, тоқсандық, жылдық қайталаулар білімнің берік болу шарттары.

Оқушылардың алған білімі есте берік сақталуы үшін оқыту процесінің барысында мұғалім үнемі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын белгілейді. Мысалы, кітаппен жұмыс, карточкамен жұмыс, лабораториялық, практикалық жұмыс, схема, таблица сыздыру, сурет салдыру, термин сөздерге түсініктеме жаздыру, оқу материалының ерекшелігіне сай проблемалық сұрақтарға, ситуацияларға жауап беру, творчестволық ізденіс, зерттеу жұмысын тапсыру, биология, географиядан әртүрлі байқау жұмыстарын ұйымдастыру. Осы жоғарыдағы жұмыс түрлері басқа оқыту принциптерімен байланысты іске асырылады. Оқушылардың алған білімі берік, нық болуы жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақыл-ой қабілетін арттырады, ой еңбегінің мәдениеттілігіне үйретеді, тану процесіне қажетті іскерлік пен дағдыны қалыптастырады.

Ынталандыру принципі оқушыларға жеке-дара қарауды керек етеді. Осыған орай В. С. Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар:

  1. Балалардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес.
  2. Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын абстрактылы оқушы жоқ, оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше.
  3. Оқуда барлық мектеп балалары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттары жоқ.
  4. Оқу қызметінің берілген сәтінде әр оқушының неге қабілетті екенін анықтаудың маңызы зор.
  5. Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды.
  6. Оқушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды.
  7. Бағдарламада қаралған деңгейге әр оқушы қандай жолмен, қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек.
  8. Әрбір оқушының ақыл-ой еңбегінде программаны қалай нақтылы жүзеге асыру керек.
  9. Әрбір баланың күші мен мүмкінділігін ашып, оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту.
  10. Сотқарлар мен тентектерді шамасынша ақыл-ой еңбегіне “жеткізу”.
  11. Әрбір оқушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық жолының отын сақтау.

Гуманизациялау /ізгілендіру/ принципі - оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына қалайда жағдайлар мен мүмкіндіктерін жасау керек.

Оқу процесінде, сабақтарда балаларды қорқытпай, қысымшылық жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет.

Бұл принцип гуманитарлық бағдарды жүзеге асыруды керек етеді. Мектептерде білім мазмұнын жалпы адамзаттық және ұлттық рухани игіліктерге қарай бағыттау, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, дәстүрін, көркемөнерін, қолөнерін т. б. терең оқып білу міндетін іске асыру керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика курсын оқыту
Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер
Оқыту процестерінің заңдылықтары
Оқушыларға экономикалық білім берудің педагогикалық негіздері
Педагогика оқыту принциптері
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары
Оқыту принциптері мен ережелері
Жоғары мектепте оқытудың ұстанымдары
Оқыту заңдылықтары және принциптері туралы жалпы түсінік
Дидактикалық ұстанымдар мен принциптер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz