БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық университеті

Физика-математика факультетi

ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: “БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК
ЖИНАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ”

Қорғауға жiберiлдi Орындаған:.
" " 2009ж. 3-курс (3-жылдық)
кафедра меңгерушiсi Информатика мамандығы
тех.ғ.к., доцент сырттай бөлiмнiң студентi
Г.И.Салғараева Ғылыми жетекшiсі: тех.ғ.к., доцент
__________________ Г.И.Салғараева_______________

Алматы, 2010ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қазақстандағы бастауыш мектептердің  қалыптасуы мен дамуы
1.2. Қазақстандағы бастауыш мектептердің типтері және олардың білім беру
бағыты
1.3. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаттары мен
міндеттері.
1.4. Бастауыш мектептің информатика пәнінің стандартына шолу. 
1.5. Білім беру процесін материалдық-техникалық жабдықтауға қойылатын
талаптар.

ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТЫЛАТЫН ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚТАР МЕН
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРДЫ ТАЛДАУ

2.1.Информатика пәнінен арналған жұмыс дәптерлеріне талдау жасау.
2.2.Информатика пәнінен бастауыш сынып оқушыларына арналған оқулықтарға
талдау жасау.
2.3.Информатика пәніне арналған оқу-әдістемелік кешендерге талдау жасау
(Ақпараттық мәдениет негіздеріне арналған жұмыс дәптері 1-4 сыныптар).

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕЬИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта
отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты
қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті
информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология
элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық
жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын
болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен
теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты
бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір
тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге
арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық – психологиялық теорияға
негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып
мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып,т осы мақсатта жүргізілген
ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1-
ші сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін
сабақтардың жылдық күнтізбелік – тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.
Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың
қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде
дамуына байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-ші сыныптан бастап
енгізуге болады деген пікірлер ұсынылуда.
Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін
алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым – қатнасқа
үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық
ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.
Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал
бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға
қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:
Математика мен орыс тілі курстарының сабақтастығы;
Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық
ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге үйрету.
Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам
қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік
техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң
көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу
қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру Қазақстан 2030 бағдарламасында
көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер бойынша
тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін
қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін
шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс – тұрыс мәдениеттілігін
арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына
айналып отыр. Осы мәселелердің әр-түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет
мемлекеттердің оқу іс тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:
Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану;
Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту;
Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру
арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.
Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен
ұштастырылса, жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік
мәдениетті болып өсуіне жол ашады.
Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен
дамуы, білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін
тигізуде. Сондықтан бастауыш білім жүйесіне басты мақсат - әрбір оқушыны
информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру,
өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа
ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну.
Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен
үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті
дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

І. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Бастауыш бiлiм жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң бастауыш
сыныптарында немесе мектептiң өз бетiнше оқу-тәрбие берудi ұйымдастыратын
бiлiм мекемесiнiң бастауыш деңгейінде оқыту мен тәрбиелеудiң өзара
байланысы арқылы қамтамасыз етiледi.
Мектептiң бастауыш деңгейінде оқытудың мақсаты:
● оқытудың келесi деңгейіндегі оқу бағдарламаларын игерту мақсатында
оқушылардың танымдық қабiлеттіліктерін және бiлiктіліктерін дамытуды
қамтамасыз ететiн қарапайым бiлiм негiздерiн меңгерту;
● негiзгi оқу iс-әрекетi дағдыларын қалыптастыру;
● ұлттық дiлдi, елiміздiң мәдени-тарихи ерекшелiктерi мен дәстүрлерiн
ескере отырып, отандық және әлемдiк мәдениеттi таныту.
Жалпы бастауыш бiлiм оқуды, жазуды, санауды, оқу әрекетiнiң негiзгi
бiлiктерi мен дағдыларын, теориялық ойлаудың элементтерiн, оқу әрекеттерiне
өзiндiк бақылаудың қарапайым дағдыларын, өзiн-өзi ұстау және сөйлеу
мәдениетiн, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмiр салтының негiздерiн
меңгертудi қамтамасыз етедi.
Мектепке дейiнгi жастағы балаларды бiрiншi сыныпқа қабылдауда олардың
функционалдық сауаттылық негiздерiн меңгеру дәрежесiн емес, оның мектепке
жалпы дайындығын тексере отырып, жоғарыда көрсетiлген мақсаттар бағдарға
алынады.
Тестiлеудiң, баламен әңгiмелесудiң барлық түрлерiнiң мақсаты - алдағы
оқыту процесiне баланың жеке даму ерекшелiктерiн ескере отырып түзетулер
енгiзу.
Мұғалiм бiрiншi сынып оқушыларымен жұмыс барысында мектепке дейiнгi
жастағы баланың жетiстiктерiнiң деңгейiн ескеруi, интенсивтi даму
жағдайында жеке жұмыс жүргiзуi, мектепке дейiнгi жаста қалыптаспаған
сапаларын түзету бойынша арнайы көмек жасауы тиiс.
Оқу жетiстiктерi мен даму деңгейлерi бойынша жасанды iрiктеу арқылы
балаларды топтастыруға болмайды.
Бiрiншi сынып оқушыларында оқуға деген ынта қалыптастыру, оларға
белгiлi бiр табысқа қол жеткiзетiндей жағдай жасау және оларды өзiн-өзi
бақылауға дайындау мақсатында оқу жылының бiрiншi жартыжылдығында
ынталандырудың баға қоюды талап етпейтiн әдiстерi мен тәсiлдерi
пайдаланылуы қажет. Оқушылардың мектеп талаптарына бейiмделуiн жеңiлдету
мақсатында оқу жүктемесiн бiрте-бiрте өсiру арқылы сабақтардың сатылық
режимi сақталады. Сабақтар арасындағы үзiлiстердiң ұзақтығы оқушылардың
белсендi демалыс және ыстық тамақтандыру уақытын ескере отырып белгiленедi,
алайда ол 10 минуттан кем болмауға тиiс.
Бiрнеше ауысымда жұмыс iстейтiн бастауыш деігейі бар бiлiм беру
ұйымдарында бiрiншi сынып оқушылары бiрiншi ауысымда сағат 9.00-ден
бастап оқытылуы тиiс.
1-тоқсанда ұзақтығы 35 минуттан болатын күнiне 3 сабақ, 2-тоқсаннан
бастап ұзақтығы 35 минуттан күнiне 4 сабақ өткiзiлуi тиiс.
Сабақ кестесiн жасауда оқушылардың тамақтануы мен дем алуына жеткiлiктi
ұзақтықтағы үзiлiс жасалатындай етiп құрылуы қажет (Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 11 наурыздағы 224 қаулысы).
Бастауыш мектептегi оқыту төмендегiлердi қамтамасыз ететiндей екi
деңгейде жүргiзiледi:
1) оқушылардың жалпы бiлiмдiк дайындығы - ғылым негiздерiн оқыту оқу
жоспарларының инвариантты бөлiгiнде белгiленген пәндер тiзiмi мен оларға
арнайы бөлінген сағат көлемi негізінде жүзеге асырылады;
2) оқушыларды жалпы дамыту дайындығы - қызығушылықтарына,
бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай олардың шығармашылық дамуына қажеттi
жағдайлар жасау.
Бастауыш бiлiм беру 2002 жылы бекiтiлген Жалпы орта бiлiм берудiң
мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес дайындалған оқу
бағдарламалары арқылы жүзеге асады.
Мектептiң бастауыш деңгейі бойынша жалпы орта бiлiм берудiң
мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының нормаларын жүзеге асыру
мақсатында, сондай-ақ бiлiм, бiлiк, дағдыларды бақылау және бағалау
жүйесiн жетiлдiру үшiн бақылаудың белгiлi нормалары мен эталондарымен
қатар (тексеру жұмыстары, диктанттар, аралық бақылаулар және т.б.) оқушылар
жетiстiктерiнiң деңгейiн анықтауға мүмкiндiк беретiн аралықты және
қорытынды бақылаудың тестiк формаларын енгiзу ұсынылады.
Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу үдерісiнiң межелiк
кезеңiнде, яғни оқытудың бастауыш деңгейінің соңында — 4-сыныпта жүзеге
асырылуы тиiс. Пәндер бойынша бастауыш бiлiм беру стандарты барлық оқушылар
меңгеруi тиiс мiндеттi минимумды белгiлейдi.
2009-2010 оқу жылында қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек тiлдерiнде оқытылатын
жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында 2003 жылы ҚР БжҒМ-нің 11 наурыздағы №148
бұйрығымен бекiтiлген оқу бағдарламалары (Алматы, РОНД, 2003)
пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға
мiндеттi стандарттарының 9.3 бөлiмiне сәйкес пәндердi оқыту үдерісiн оқу-
әдiстемелiк, техникалық жағынан қамтамасыз етудi мектеп әкiмшiлiгi мен
бiлiм берудi басқарудың жергiлiктi органдары (департаменттер) жүзеге
асырады.

1.1. Қазақстандағы  бастауыш  мектептерд ің  қалыптасуы    мен   дамуы
Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің және оқу-ағарту ісінің
тарихында зерттеушілер Ә.Сыдықов, Т.Тәжібаев, Ә.Сембаев, И.Я.Гармс,
С.Мусин, Қ.Бержанов, И.Б. Мадин, А.Т.Колмаков, Ж.Есекеев, А.Көбесов,
К.Құнантаева, К.Б.Сейталиев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Т.М.Алсатов,
Е.Омарұлы, Ә.Н.Көшербаева, К.Ж.Ибраева, А.Ильясова және т.б. ғалымдар тобы
өз орындарын алады.
Ә.Сыдықов зерттеуі қазақтың көрнекті педагогы Ы. Алтынсариннің
педагогикалық мұрасына арналып, сол кездегі қазақ даласындағы оқу-ағарту
жұмыстары мен ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан бастау алған мектептің оқу-тәрбие
жұмыстары, ондағы әдістемелік жағдай мен мұғалімнің ролі жөнінде кеңінен
талдаулар жасаған.
Т.Тәжібаевтың ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның мектебі
мен ағарту ісі туралы зерттеу жұмысында Қазақстанның Ресейге қосылуының
саяси-әлеуметтік маңызындағы халық ағарту, мәдениет саласына кеңінен
тоқталады. Сондай-ақ, бұл зерттеуде қазақ жеріндегі педагогикалық ой-
пікірдің қалыптасу тарихына (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев)
педагог және ағартушы тұлғалардың қызметіне ерекше мән беріп талдаған.
Бұнда отаршылдық кезеңдегі қазақ жерінде алғаш құрыла бастаған әр түрлі оқу
орындарының Азият мектебі (Омбы), Кадет корпусы, хан ордасы мен шекара
комиссиясы жанындағы қазақ мектептері мен екі сыныпты орыс-қазақ және бір
сыныптық үкімет мектебі, ауылдық жердегі болыстық мектептерді, сонымен
бірге кәсіптік-техникалық білім беру және еңбекке үйрету ісі тарихының
қалыптасуы жөнінде арнайы тоқталып, онда мұғалімдер, кіші дәрігер
қызметкерлерін, қолөнершілер мен ауыл шаруашылық мамандарын даярлау,
кәсіптік-техникалық оқу мекемелерінің даму тарихын сөз етеді.
 Ал, Т.Тәжібаев еңбегінің жалғасы ретінде Кеңес өкіметінің орнауына,
яғни төңкеріске дейінгі Қазақстандағы мектеп пен ағарту ісінің дамуын
толықтыра түсетін Г. М. Храпченковтың еңбегі болды.
 Ә.Сембаевтың зерттеу еңбегінде төңкеріске дейінгі Қазақстанда оқыту
ісінің түрліше ұйымдастырылуы, орыс және орыс-қазақ мектептерімен кәсіптік
оқу орындарында қазақ жастарын оқыту жайы, сонымен бірге Қазақстанда кеңес
мектебін құру тарихы жөніндегі мәселелер қамтылып, мектептерге, әсіресе,
бастауыш сынып мұғалімі мамандарын даярлауда ескіше оқып даярланған
мұғалімдерді қайта тәрбиелеуде кәсіптік білім беру жұмыстарының өркендеуі
мен дамуын тарихи тұрғыдан талдап берді.
И.Я.Гармстың ғылыми еңбегінде бір тарау бастауыш білім берудің
тарихына арналып, орыс-қазақ бастауыш мектептеріне сипаттама беріліп,
Н.И.Ильминскийдің, М.Н.Григорьевтің, Ы.Алтынсариннің педагогикалық     ой-
пікірлері талданады. Сондай-ақ, қоғамдағы болған түрлі төңкеріс пен
өзгерістер қазақ өлкесіндегі оқу-ағарту жұмыстарына тигізген ықпалын баян
етеді.
Қ.Б.Бержановтың ғылыми-зерттеу жұмысының негізінде жарық көрген
монографиясында, орыс-қазақ арасында ынтымақтастық және оның халық ағарту
ісіне тигізген ықпалы, қазақ мектептері, орысша білім беру мәселелері
жөнінде өз пікірлерін түйіндеп береді.
С.Мусиннің зерттеу жұмысында 1920-1936 жылдарда Кеңес өкіметі
кезіндегі мектептер бастауыш, жеті жылдық және орта мектеп болып қалыптасуы
жалпыға бірдей міндетті оқу заңының орындалуы кезеңін толығымен қамтиды.
Ж.Есекеев зерттеу жұмысында 1917-1930 жылдар аралығындағы
Қазақстандағы педагогикалық білім мәселелері қамтылса, А.Т.Колмаков 1925-
1954 жылдардағы Қазақстандағы жоғарғы педагогикалық білім берудің дамуын
қарастырады. Ал бұл кезеңге дейінгі бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау
мәселесіне А.П.Герасимова қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы орта
дәрежелі педагогикалық оқу орындары жөнінде тұңғыш пікір айтты. Қазақстанда
мұғалім мамандарын даярлаудағы сырттай оқыту арқылы білім беру ісін дамыту
мәселесіне И.Б.Мадиннің зерттеулері арналған. А.К.Тлебалдиеваның
кандидаттық зерттеу жұмысы Қазақстандағы бастауыш білім беру жүйесінің
қалыптасуы мен дамуын (1917-1941ж.ж.) қамтыса, Е.М.Байзақованың
диссертациясын бастауыш мектептердегі түрлі оқыту әдістерінің даму
тарихына талдау жасаған еңбек ретінде танимыз.
Қазақстанда қыз балаларға білім беру мәселесі жөнінде М.Қозғамбаеваның
Қазақстандағы әйелдерге білім беру тарихынан (1968 ж) атты еңбегі қыз
балаларға оқу-тәрбие жұмысын арнайы мектепте ұйымдастыру Ы.Алтынсариннен
бастама алған үлкен әлеуметтік-педагогикалық қозғалыс ретінде көрсетіп,
Торғайдағы екі сыныптық қыздардың тұңғыш қолөнер мектебі бастамасының қалай
қазақ жерінде өркендеп дамығаны жөнінде мәліметтер береді. Осы бағытта қыз
балаларға білім беру жұмыстарының ғылыми-теориялық және тарихи дамуын
тереңдете зерттеген К.Құнантаеваның еңбектері бар.
Қазақстандағы педагогика тарихы мен оқу-ағарту жұмыстарының дамуындағы
педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуына А.Ильясова, К.К.Актаева,
С.Утаназаров т.б. ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары арналып, бұл
тұрғыдағы еңбектер бірін-бірі толықтырып жетілдірілсе, Е.Омарұлы қосымша
білім беру жүйесіне арналған зерттеуінде мектептен тыс мекемелердің
қалыптасуы мен дамуының (1917-1990 ж.ж.) теориясын әрі тарихын қарастырып,
сүбелі үлес қосты. Бұлар біздің эерттеуімізге тірек болды.
Біздің анықтап алған уақытқа дейінгі кезеңдерде Қазақстандағы
педагогикалық ой-пікірлер мен тәлім-тәрбиелік даналық жолдың өскелең
ұрпақты тәрбиелеу тарихының мәселелеріне Т.М.Алсатов, К.Ж.Ибраева, т. б.
ғалымдар өз зерттеулерін арнаса, Қазақстандағы халықтық педагогиканың
өзектілігі мен бүгінгі күнге қажеттігін дәлелдей отырып, олардың ғылыми-
теориялық және тарихилығына мән берсе, осы тұрғыдағы зерттеулер С.Қ.Қалиев,
С.А.¦зақбаева, С.Ғаббасов т.б. әр қырынан қамтыған. Сондай-ақ,
Қазақстандағы рухани дүниенің әлеуметтік-мәдени салаға ықпалы, оның ішкі
бірлігі мен табиғи үйлесімділіктерімен даналық бейненің берілуі, ондағы
білім, тәрбие, ұлттық мәселенің төңірегінде ой-түйіндер   жасап, пікір
қалыптастырған философ-ғалымдарымыз, Ә.Нысанбаев, Ж.Әбділдин, Ғ.Есімов,
О.А.Сегізбаев, Ә.Сағатова, Н. Елікбаев т.б. болды.
Қазақ жеріндегі жеке тұлғалардың педагогикалық мұралары мен
көзқарастары жөнінде жазылған еңбектерде ұлттық бастауыш мектептің
қалыптасуы мен дамуына зор күш салып, еңбек еткен зиялы қауым өкілдерінің
педагогика тарихында алатын орындары анықталып, сараланып дәлелденді.  
Кеңестік кезеңде осы сынды зерттеулер 30-жылдары сталиндік жүйеге ұшырап,
жазылған еңбектер мен қолжазбаларды (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанов, т.б.)
оқуға, сараптап талдауға, авторлардың аттарын атауға тиым салынғандығына
байланысты елеусіз қалған еді. Аттары аталған қазақ зиялыларының алғашқы
ұлттық негіздегі қазақ тілі мен әдебиетінен, тарих, математикадан, т. б.
оқулықтар мен оқу құралдарын жазудағы қосқан үлесі орасан зор. Оның
маңыздылығы жайлы тарихшылар М.Қойгелдиев, Ж.Қасымбаев, М,Қозыбаев,
К.Нұрпейісов, Х.Табылдиев, филологтар Р.Бердібаев, Т.Кәкішұлы, Р.Нұрғалиев,
Ш.Сәтбаева, Р.Сыздықова, С.Сейітов, Ш.Елеукенов, С.Дәуітов, А.Мектепов,
Т.Қожакеев, Н.Омаш, математика саласы бойынша Т.Оспанов, Б.Қосанов,
Ж.Қайынбаев, т.б. ғылыми-зерттеу және ғылыми мақалалары ауқымды талданды
және олардың көмегі зор болды.
Сонымен бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үдерісі өткен
тарихымызды объективтік тұрғыдан дұрыс бағалауға, мәдени құрылыс саласында,
әсіресе ағарту, мектеп, оқу-тәрбие жұмысына қатысып, талай ғасырлар бойы
жинақталған тәлім-тәрбиелік мұраларды егеменді еліміздің бүгінгі күн
талаптарына сай пайдалануға қолайлы жағдай тудырып отыр. Осы тұрғыдан
алғашқы білім беру саласы тарихының бір бөлігі бастауыш білім берудің ХІХ
ғасырдың екінші жартысы мен 1930 жылдар аралығында қалыптасып, дамуын
белгілі жүйемен зерттеу көкейкесті мәселенің бірі деп санаймыз.
 Демек, аталмыш мәселенің қазіргі кездегі қажеттілігі мен оның
педагогика тарихында бұрын-соңды жүйелі түрде қарастырылмауы арасында;
тарихи тексерістен өткен әр типтегі бастауыш мектептердің алдыңғы қатарлы
тәжірибелік мұралары мен олардың бүгінгі бастауыш мектептің оқу-тәрбие
үдерісінде жүйелі пайдаланылмауы арасында; бастауыш мектеп тарихнамасын
студенттерге меңгерту қажеттілігі мен оны жүзеге асыруға қажетті ғылыми-
әдістемелік еңбектердің жоқтығы арасында қарайшылықтар бар екені байқалады.

Осындай көкейтесті мәселенің шешімін табуда, яғни, ХІХ ғасырдың екінші
жартысы мен 1930 жылдар аралығындағы еліміздегі бастауыш білім берудің даму
үдерісін белгілі бір жүйеге келтіру мәселесі тұрғысында тақырыпты
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж. ж.
материалдар негізінде) деп таңдауға негіз болды.
Бүгінгі қоғамдық құрылыста бастауыш мектептердің құрылу тарихына,
ондағы білім мен тәрбие берудің мазмұнына ерекше мән беріп зерттелуі -
философиялық әдіснаманың жетекші идеясы негізінде педагогика ғылымы
тарихының тұтастық тұғырнамасының бірлігі мен жүйелік сипатына бағытталған
маңызға ие болуы. Қай кезеңде болмасын қоғамдық-экономикалық формацияларға
тән қоғамның бастау бұлағы болып табылатын құбылыстың бірі - бастауыш білім
беру негіздері. Бірақ, білім беру жүйесі де өз дамуында мемлекеттік
құрылымның өтпелілік даму кезеңдеріне және оның ішкі заңдылықтарымен тығыз
байланысты болмақ.
Философиялық диалектиканың заңдылығына сәйкес білім беру де түрленіп,
дамып, сатыланып, жетілдіріліп отырылуы дәлелдеуді қажет етпейтін табиғи
құбылыс.
Білім беру жүйесінде сатылану бастауыш білім беруді өз алдына дербес
қарауға, оның құзырлығын анықтауға алып келді. Бастауыш білім берудің
тарихын сөз етіп, оқу-жазу мәселесіне бойлау үшін қазақ жерінде пайда
болып, өмір сүрген мемлекеттік билік жүйесінің даму тарихымен тығыз
байланысты екенін ескергеніміз ақиқатқа жақын келеді.
Бастауыш білім берудің қалыптасуы мен дамуының тарихи жолын
мүмкіндігінше анықтаудағы басшылыққа алынған әдіснамалық ұстанымдар
тарихилық, шындық, жинақтылық және жүйелілік болып табылады, бұл педагогика
тарихында орын алған тәжірибенің ғылыми тұрғыдан толық талдануына негіз
болады.
Тарихилық – бастауыш білім берудің қалыптасуы мен дамуын оларды
туғызатын жағдайлар мен органикалық байланыстарды тану ұстанымы. Бастауыш
білім берудің болашағын зерттеп, оған табиғаттың объективті көрінісін және
оның даму заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Қазақстандағы бастауыш
білім берудің дамуына тарих педагогикалық талдау жасаудың өте қажеттілігін
білдіреді. Біздің зерттеуіміздегі білім берудің тарихы хронологиялық шегін
анықтау белгілі кезеңдермен айқындалған.
Шындық – зерттелу кезеңдерін қамтитын мұрағаттық деректердің
түпнұсқасын тексеру. Қазақстандағы бастауыш білім берудің зерттелуінің
мәліметтерін басқа зерттеушілердің нәтижелерімен салыстыру, зерттеліп
отырған бастауыш білім беру құбылысының ұқсастық пен айырмашылығын анықтау.
Зерттеу аясына енетін кезеңдерге қоғамдық құбылысқа бастауыш білім берудің
қажеттілігі, ықпалы мен орнына сипаттама беру.
Жинақтылық - бастауыш білім беруді әлеуметтік-педагогикалық құбылыс
ретінде тани отырып, құбылыстың мәні, қорғаушы күштері, ықпал етудің алғы
шарттары, сыртқы жағдайлар, осыған байланысты бұған басшылық жасау.
Бастауыш білім беру үдерісінің басқалармен байланысын мүмкіндігінше ауқымды
қамту, педагогика тарихындағы бастауыш білім беруге қатысты мұрағаттық
деректерді әр кезеңге сай жүйелеу, берілген мәліметті қорытындылап,
философиялық, тарихилық, әлеуметтік-саяси және педагогикалық-психологиялық
тұрғыдан талдау беріп, ой-пікір түзу.
Жүйелілік – анықталған кезеңдерде Қазақстандағы бастауыш білім беру
мәселесі құрамды бөліктерімен және оны қоршаған орта, қоғамдағы әлеуметтік
жағдаймен ішкі үйлесімділігін, өзара байланысын біртұтастық негізде
қарастыру.
Бастауыш білім беру жүйесінің өзіндік ерекшелігін жете ұғыну барысында
диалектиканың даму заңдылығына сәйкес дамудың үштік сатылығына келтіру
арқылы бұл жүйенің негізін беруге болады.
Дамудың үштік қағидасы, үш сатылығы (трида-гр.trias-үшкілдік, үштік)
ұғымын алғаш рет Платон және ноплатоншылдыр (Прокл) қолданды. Ол кейіннен
классификациялық неміс философиясында жан-жақты дамытылды (Гегельде). Бұнда
кез-келген даму үдерісі үш сатыны басып өтеді.
Дүниелік құрылыстың тұғырлығындағы үштік қағидаға сүйене отырып,
бастауыш білім берудің негізі үш бөлімді құрайды.
Біріншісі, жазу-оқу. Сауаттылықтың басы жазу болса, оқи білу оның
негізі.
Екінші, математикалық білім. Өмірдегі өсуді өлшемдік және бағалау
тұрғысынан тану.
Үшінші, дүниетанымдық білім. Дүниедегі барлық затты болмыстық тұрғыдан
салыстыру арқылы қарапайымдылықтан ғылымилыққа, ақиқаттық таным жүйеге өту
жолы.
Осыған орай қазақ жеріндегі алғашқы білім беретін, яғни, бастауыш
білім берудің тарихын тану, оның жас ұрпақты тәрбиелеп дүние тану жүйесінде
алған орнын, тарихи даму жақтары бастауыш мектептермен сабақтастығын
анықтау, қоғамның даму барысында пайда болған түрлі бастауыш мектептердің
типтері мен ондағы оқыту тәрбиенің берілу ерекшеліктері мен ұйымдастырудың
негізгі принциптерін (ережелерін) және әдістерін, формаларын анықтап беру –
бастауыш білім беру тарихының алдында тұрған үлкен міндет.
Қазақ даласындағы бастауыш мектептердің даму тарихын өткен ХІХ
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы (1861-1930 ж. ж.) жартысындағы өтпелі
кезеңдері мен әр түрлі құрылымдық деңгейлеріне мән берсек, қайталанбас асыл
мұралар бар. Бұл мұралар осы уақытқа дейін қазақ жеріндегі бастауыш
мектептердің тарихына айтылған кері пікірлер мен қазақ өлкесінде
жүргізілген оқу-ағарту жүйесінің дамуы жөніндегі ойларды жаңаша
мәліметтермен толықтыратыны күмәнсіз. Қазан төңкерісіне дейін Ресейлік
патшалықтың отарлау саясатының бодауында болған, одан кейінгі кеңес өкіметі
кезіндегі саяси және идеологиялық дербестігінен айрылған шақта қазақ
ұлтының даму тарихын әсіресе, жас ұрпаққа білім беру саласында өзіндік
жүйесі болып із қалдырған түрлі оқу мекемелері мен орындарын толығымен
жоққа шығаруы бастауыш білім берудегі кадими, жадидтік, ұлттық, т. б.
мектептер мен медреселер немесе оларды өздеріне тән етуі өткенімізді
бұрмалауға апарды.
Көрсетілген тарихи мерзімде қазақ жерінде бастауыш мектептің дамып
қалыптасуын мектептің жаңа типтері, олардағы білім мазмұны мектеп
қажеттерінің елеулі өзгеріске ұшыраған уақыттарын деректі мұрағат
құжаттарына сүйене отырып, үш кезеңге бөліп қорытындылауымызға тура келді.
Бірінші кезең (1861-1890 ж.ж.)  отаршылдардың оқу-ағарту саласындағы
жұмыстары, бастауыш орыс, орыс-қазақ (орыс-түзем немесе аралас)
мектептердің пайда болуы және олардың мұсылмандық ескі оқу жүйедегі оқу
орындарымен қосарлана дамуы.
Екінші кезең (1891-1916 ж.ж.) бастауыш орыс-қазақ мектептері
қызметінің дамуында оқуды әр халыққа ана тілінде ұйымдастыру мәселелері
және мұсылмандық  жаңа оқу жүйесі жадизмнің қалыптасып дамуы мен қазақ
ұлттық бастауыш мектептерінің іргетасының қалануы.
Үшінші кезең (1917-1930 ж.ж.) Жадидтік оқу жүйесіндегі ұлттық  қазақ
бастауыш мектептері және кеңестік қоғам құрылымындағы мектеп, ондағы білім
берудегі жаңашылдық сипат.
ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі мектеп
жүйелерінің құрылысы өзгерістерге ұшырай бастады. Оған негізгі төрт себеп
болды. Олар: біріншіден, қазақ жерін отарлау, қазақтарды орыстандыру
мақсатындағы патша өкіметінің саясаты және осы негізде орыс, орыс-қазақ
мектептерінің құрылуы, екіншіден, осындай тарихи құбылыстардан қазақ
даласындағы араб тілінде білім беретін ескі (қадими) жүйедегі мектептерде
білім беру тілінің татар тіліне ауысуы, үшіншіден, ескі жүйедегі
мектептердің оқу бағдарламасына орыс тілінің енуі, төртіншіден, қазақтарды
орыстандыру барысында балаларға арналған оқулық, оқу құралдары мен әдеби
кітаптардың баспа бетінен орыс әрпімен қазақ тілінде жазылуы.
Ресей үкіметінің оқу ағарту министрлігінің 1870 ж. 26 наурыздағы
Ресейді мекендеуші бұратаналарға білім беру шаралары туралы заңы орын
алды. Бұл заңдардың негізінде қазақ даласында оқу ағарту жұмысы діни және
азаматтық екі бағытта жүргізілді. Діни бағыттағыға ескі жүйедегі (қадими)
мектептер, медреселер, шіркеу, приход мектептері еніп, ондай мектептердің
өз мүмкіндігінше және ұстанған жүйе бағыты бойынша балалардың  сауатын
ашуға айтулы қызмет атқарғаны белгілі. Ал, азаматтық сипаттағы мектептер
қазақ өлкесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алып дамыды, олардың
қатарында азаматтық мектеп, қалалық училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс,
орыс-қазақ және жадидтік мектептер болды. Мұндай оқу орындары көптеп
ашылып, онда жұмыс жасайтын мұғалімдер Ресейдегі жоғары оқу орындарын
бітіріп  келгендер еді.

1.2. Қазақстандағы бастауыш мектептердің типтері және олардың білім
беру бағыты
    
Азаматтық білім беретін бастауыш мектептер.
• Прогимназия-гимназияның бастауыш білім беру сатысы.
• Реалдық училищелер.
• Орыс мектебі.
• Орыс-қазақ (орыс-түзем) мектебі.
• Қалалық училище.
• Болыстық жєне ауылдық мектептер.
• Жадиттік мектептер
• Қазақ ұлттық бастауыш мектебі
• І. Діни білім беретін бастауыш мектептер.
• Мұсылмандық ескі жөйедегі мектеп (кадими). Ибтида – араб тілі,
бастауыш, алғашқы білім беру сатысы, оқу орны.
• Қарыхана – соқырлар мектебі. Діннің қарапайым негіздерін (дұға,
құран оқу, т.б.) үйрететін оқу орны.
• Орыстардың шіркеулік діни мектебі.
• Приходтық мектеп.
 Мектептерде қолданыста болған оқыту әдістері: Сауаттау әдісі,
дыбыстық әдіс, тұтас сөз немесе американдық әдіс, буындап оқу, өз бетінше
іштей және дауыстап оқу, оқығанын баяндап беру, жаттау әдісі, араб, парсы
сөздерінің аудармасын түсіндіріп беру әдісі, аударма (орысшадан қазақшаға,
қазақшадан орысшаға, т. б. мектеп типіне байланысты) әдісі, сөздік әдісі,
сұрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік әдісі, жалқылау (айырыңқы) әдісі, жалқылау-
жалпылау әдісі, т. б.
Мұсылмандық діни мектептер мен медреселерге қатысты Ресейлік патша
үкіметінің саясатына келсек, мұсылман халқы орналасқан елде исламға қарсы
ашық күресуге бата алмаған Кауфман мұсылмандардың діни нанымдарына қол
сұқпаушылық ұранын көтере отырып, діни мектептерге әкімшілік іс-шаралар
жүйесімен зиян келтірді. Біріншіден, қалада балалардың медресе, мектепке
баруын қадағалайтын райстар қызметін қысқартты. Екіншіден, орыс үкіметі
дін басы шағымдарын қарастырмайтын болды (бұған дейін олар хандарға,
бектерге шағым жасай алатын). Үшіншіден, төменгі әкімшілікті және соттарды
бекіту үшін орыс балаларын және медреседе оқымаған кандидаттарды
тағайындауды жөн көрді. Отаршылардың бұндай астарлы идеологиясы әкімшілік
үстемдігінің алғашқы кезеңінде мұсылмандық діни мектептер мен медреселердің
құлдырауына әкеп соқтырды. 1884 жылы мұсылмандық шариғатты оқыту орыс-
қазақ  мектептеріне енгізіле бастады. 1890 жылдардан медреселер мен діни
мектептерге түбегейлі тексерулер басталды (бұл жұмысқа Наливкин
тағайындалды).
Зерттеу аумағына енген кезеңдегі Қазақстандағы бастауыш мектептердің
түрлеріне және атқарған жұмыстарына педагогикалық тұрғыдан талдау жасап,  
сипаттама беру олардың өздеріне тән ерекшеліктерін бейнелейді.
 Мұсылмандық дүниетанымға үйрету мен баулу, білім мен тәрбие беруге
негізделген оқу мекемелерін, әсіресе, мұсылмандық ескі мектептер жөнінде
сөз қозғасақ, бұл мектептер (бәд-әл-мағариф - (араб т.) бастауыш білім,
көпшілігінде аталуы ибтида - (араб т. - бастауыш, алғашқы) балалардың білім
алуының алғашқы сатысын қамтитын оқу орны болған. Бұл мектептер
христиандардың приходттық училищелері, еврейлердің хедері, көне-жапондық
бастауыш мектептерімен ұқсас.  Негізгі мақсаты балаларға діни ережелерін 
үйрететін оқу  орны және мұсылман адамдар арасындағы қарым-қатынас жасау
ережелерді орындауға үйрететін. Мұнда 6-14 жас аралығындағы балалар оқитын.
Дегенмен, көп кездесетін жайлардың бірі мұсылмандық мектептердегі
балалардың ұлтына қарай ақындардың поэзиялық  шығармаларын ана тілінде
оқытылуы жүзеге асырылып отырған, сондай-ақ, мұнда арифметика мен жазуды
үйретті. Алған білімдерін олар  кейіннен жеке сауда ісінде немесе аудармашы
яки көшірмеші мамандығына пайдаланса, кейбіреулері бұндай бастауыш 
мектептерді бітіргеннен кейін үлкен  қалалардағы атақты медреселерде оқуын
жалғастырып жатты. Осылай кеңінен таралған міндетті бастауыш мектептер
қазақ даласында  да өзіндік орын алған, бірақ қазақ халқының дүниетанымдық
көзқарасымен сол кездегі мұсылмандық оқу жүйенің үйлесімдігінің тамыры әлі
де болса тереңге бойлай қоймаған еді.
 Бұл жүйедегі ерлер мектебі әдетте мешіттерде орналасты, оларға
көбінесе имамдар мен даммоллдалар сабақ берді. Ал ірі қалалардағы медресе,
мектептерде жоғары кәсіби - мұғалімдер яғни, мүдәрристер мен мусаниэфаттар
болғаны анық.
ХІХ ғасырдың 1870-1990 жылдардағы ағарту саласындағы саясат жаңа 
мектеп уставтарының қабылдауымен ерекшеленді, олар: 1871 жылы гимназиялар
мен прогимназиялар уставы; 1872 жылғы реальдық училищелер уставы; 1874 жылы
бастауыш халықтық училищелер туралы жаңа ережелер;  1884 жылғы университет
уставы, шіркеулік-приход мектептері туралы ережелер қабылданды. Онда мектеп
түрлері және олардың тәрбие мен білім берудегі ұстанымдары анықталған
болатын.
1864 жылы гимназиялар мен прогимназиялар уставы бойынша гимназиялардың
екі түрі бекітілді. Классикалық және реалдық болып екіге бөлінеді.
Классикалық гимназиялар оқушыларды университеттерге және басқа оқу
орындарына бағыттап, көптеген көне тілдерді, орыс сөз өнерін, жаңа шет
тілдер мен тарихты оқуға бөлді. Реалдық гимназияларда азаматтық және әскери
қызметке дайындап, көне тілдердің орнына математиканың төрт амалын оқытуға
көп күш салды, заңтану сабағы енгізілді. Прогимназия - гимназияның бастауыш
сатысы болып табылады. Гимназиядағы педагогикалық оқыту бағдарламаларын
бекітуге, оқулықтарды таңдауға бағытталған құқық берілген. Гимназиялар мен
прогимназиялардың барлығы ақылы болды. Бастауыш пен орта мектеп аралығында
ешқандай сабақтастық ескерілген жоқ.
 Бастауыш оқуда әліппе арқылы алғашқы сауатын  ашып, дыбыс пен әріп
таңбаларын ажыратып, дауыстап мәнерлеп оқуға, диктант жазуға үйреніп
машықтанған. География пәнін оқу барысында  карта, глобусь, географиялық
таблица (орыс тілінде басылған) құралдар қолданылған. Оқу жұмысын
ұйымдастыру мен жеке  пәндерден сабақтарды өту барысында көрнекілікпен
оқыту басшылыққа алынған.
Жоғарыда келтірілген мектептің оқу бағдарламаларының әр түрлі
болғандығы және оқу жұмысын ұйымдастыру үшін түзілген бағдарламалар жүйесі
жеке пәндерге бағытталғанын көрсетеді. Алғашында жадидтік мектептерде білім
берудегі оқу жұмысын ұйымдастыру татар тілінде жүргізілді.
Қазақстанның жадидтік мектептерінде балалар ескі оқулықтар, оқу
жоспарлары мен ескі бағдарламалар бойынша оқытылды. Ескі оқу жоспарлары
тиімсіз болды да, ал бір ізге салынған жаңа оқу жоспарлары мен
бағдарламалар болмады, өйткені, бұларды әрбір мектеп өзі жасап алатын еді.
Олардың мектептегі білім беруді ұйымдастырудағы басшылыққа алған негізгі
бағытының жалпы жүйесін төмендегідей етіп топтастыруға болады.
Бірінші оқу жылында-грамматика, дауыстап оқу, арифметика, құран.
Екінші оқу жылында-диктант, дауыстап оқу, грамматика, құран.
Үшінші оқу жылында - арифметика, құран, пайғамбарлар тарихы, жағрафия,
шығарма жазу.
Төртінші оқу жылында - жағрафия, тарих, құран, Ислам тарихы, зоология,
арифметика, хадис, шығарма жазу.
 Қазақ жеріндегі оқу орындарында жаңа оқыту жүйесінің (төте оқу)
дамуына осы тектес оқу бағдарламалардың дүниеге келіп қолданысқа ие болуы,
ұлттық қазақ бастауыш мектептеріндегі оқу-тәрбие барысын ұйымдастыру жайлы
ой-пікірлердің дамуына негіз болды.
 Қазақ жеріндегі  жаңа оқу жүйесінің (төте оқу) дамуына оқу
орындарында, осы тектес оқу бағдарламалардың дүниеге келіп, қолданысқа ие
болуы және қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие барысын ұйымдастыру жайлы ой-
пікірлері мен педагогикалық мұралар қазақ тілінде оқытатын ұлттық
мектептердің пайда болуына негіз болды.
...Қазақтың тағдыры - келешекте ел болуы  мектебінің қандай  негізде
құрылуына барып тірелді. Мектебімізді таза, сау, берік ћәм өз жанымызға
қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ
серттесуге болады - десе Мағжан Жұмабаев,  көрнекті  педагог - әдіскер,
ғалым - Ахмет Байтұрсынов Шәкірттерді оқытуда табысқа жету мұғаліммен,
рухани бейнесімен, білімімен, шеберлігімен, педагогикалық даярлығымен
анықталады,-деп жазды.
 Ахмет Байтұрсыновтың қазақ бастауыш мектебінің оқу мерзімі 5-жылдық
болу керек деген ұсыныс жасады. Онда: 3 жыл қазақтар ана тілінде, ал 2 жыл
орыс тілінде оқуға  тиістігін көрсетті. 3-жылдық қазақ мектебінде
балалардың үйреніп оқитыны: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп,
жағрафия, шаруа кәсіп, жаратылыс жайлы ғылымдардың негізі болуға тиіс. Ал,
2-жылдық орысша гимназия немесе жалпы орыс мектептерінің бағыты. Бұдан әрі,
қазақтардың қыстаулары жиі орналасқан жерлерге келіп оқитын мектеп керек-
деп айтады.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі іргетасы жаңа қаланып келе жатқан ұлттық
қазақ бастауыш мектептерін құру және онда оқу баланың ана тілінде болуы
негізделді. Осы тұрғыда әр ғылымды оқытып, танытудың өзіндік жолдары, әдіс-
тәсілдері жүзеге асырылып, олардың негіздері қаланып жатты. Жадидшілдер
атанған қазақ зиялыларының ұлттық бастауыш мектепке ұстанған педагогикалық
қағидалары бүгінгі және келешек жалпы бастауыш білім беретін мектептер үшін
пайдалануға боларлықтай асыл мұралар деуге болады. Себебі, олардың
басшылыққа алған қағидалары төмендегідей еді:
    - бастауыш мектепте оқу баланың туған тілінде болуын басшылыққа
алу;
     - бастауыш мектепте берілетін білім мен тәрбие ұлттық негізде
бағытталуын ескеру;
    - оқулықтардағы оқу материалдарында халықтық педагогика
элементтерінің қамтылуын негізге алу;
    - бастауыш мектептегі оқу барысын ұйымдастыруда пәнаралық
байланысты жүзеге асыру, оны басшылыққа алуды қарастыру;
    - бастауыш мектеп оқулықтарын жазуда, бала жанына жақын, тартымды
жағын негізге алу;
    - оқуды өмірмен, қоршаған орта, тұрмыспен жанастыруды ескеру;
    - оқуды ұйымдастыру, баулу негізде болып, жалаң оқудан тәжірибеге
емес.

1.3. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаттары мен
міндеттері.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге
бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық
байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке
қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар,
жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз
бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға,
ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына және
жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі
әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі
оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан
бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын
қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан
байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту.
Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан
бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие
негізінде дәлелденіп отыр.
Ғалымдардың, практик – мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты
бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:
бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра
отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек бастауыш
сыныптағы информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары
төмендегідей:
Қолданушылық. Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық
және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар
негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты
қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі – бұл
сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін
пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.
Қолданушылық бағыттары пропедивтикалық информатиканы меңгеру
нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:
оқу ойын бағдарламалары мен жұмыс істей білу;
программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды
пайдалану;
программамен жұмыс істеуге машықтану, программаны енгізу, керектісін
табу, өз бетімен жұмыс істеу.

Ақпаратты - логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың
қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін
дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын
зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолдарын таба білу
қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың
логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады.
Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру
қажеттігі өзінен-өзі туындайды.
Шығармашылық. Бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану
арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының
қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын
іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде.
Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғылымдардың зерттеулері
бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың
рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің
тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұсынады.:
Проблемалық оқытуды қолдану;
Алгоритмдік оқыту;
Оқытуды ақпараттандыру;
Пәнаралық кіріктіру.
Информатика пәні баланың техника құлағында ойлап отырған өз
замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің
әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер,
қажетті құрал жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір әдістерінің
жолдары жаңаруда.
Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей
сипаттауға болады:
Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
Ойды логикалы түрде дамыту;
Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып
табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына
да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық
мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде
өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың
шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой - өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.
Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім
алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда демек болашақта да
білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың
бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім
алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды – оқушыларды үздіксіз
білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.
Қазіргі уақытта кіші мектеп жасындағыларды оқыту үшін компьютерді
пайдалану жөнінде бірнеше бағытты айтуға болады:
- информатика элементтерін оқыту;
- нақты пәнді оқытуда әдістемелік жүйені түбегейлі өзгеріске ұшыратуға
соқтырмай, ЭЕМ-сын бесаспап оқу құралы ретінде пайдалану;
- кіші мектеп жасындағыларда компьютерлік сауаттың жекелеме
элементтерін ғана емес, информатиканың бастауыш білімін, іс-әрекетіндегі
әдіс-тәсілдері жөніндегі негізгі түсініктерді қалыптастыру (компьютер құрал
емес, оқытылу арқылы меңгерілетін пән).

 1.4. Бастауыш мектептің информатика пәнінің стандартына шолу

Информатика пәні бойынша стандарт ҚР Білім туралы Заңы және ҚР
жалпы орта білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша жасалды.
Ол 12 жылдық оқу үлгісіне көшуге байланысты информатика бойынша   білім
саласында біріккен мемлекеттік саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.
      Информатика құрылымды оқытады және информацияның жалпы
қасиеттері шынайы әлемнің маңызды құрамы сияқты болып табылады. Сонымен
қатар информатика – бұл, компьютерлік желілердің көмегімен ерекшеленіп,
информацияларды жіберу, сақтау, өзгерту және қолданумен байланысты
қызметтің дамыған, ғылымиланған саласы.
Информатика қоршаған ортаны тануда жүйелік-информациялық амалды жүзеге
асыратын ғылыми мағлұматтың табиғат пен қоғамдағы информациялық процестер
жөніндегі маңызды саласының бірі бола бастады. 
Информатика пәні оқушыда әлемнің информациялық бейнесі, сонымен
қатар қызметтің өзекті тәсілдері жинақталған ғылыми мағлұматтар жүйесінің
құрылымдалуына мүмкіндік бере отырып, жалпы білім беру қызметін орындайды.
Білім саласының тәрбиелік қызметі оқушыда информациялық қоғам жағдайында
сәйкес қызметтер мен тәртіптер тәсілдерін құруда, адамгершілік, гуманистік
принциптерге негізделген этикалық түсініктердің, көзқарастар мен
сенімдердің жасалуынан тұрады.
Информатика орасан даму күшіне ие. Ол оқушының шығармашылық қабілетін
дамыта отырып, ойлаудың операциялық-алгоритмдік және мазмұндық –логикалық
түрлерінің құрылуына мүмкіндік беретін, негізгі пәндердің бірі болып
табылады.
Информатика оқушыда білім, икемділік және дағды жиынтығын
қалыптастыра отырып, компьютерді оқу құралы ретінде кеңінен пайдалануды
қамтамасыз ететін қызмет ету функциясын атқарады.
Информациялық құрауыштар болашақта қызметтің қай саласында жұмыс істеу
керек болса да басты технологиялық дайындық ретінде санала бастады. Бұл
информатиканы өмір мен қоғам сұраныстарына жақындататын қазіргі заманғы
мектеп жасайтын, мектеп дайындығының аздаған инновациялық және қажетті
пәндерінің бірі етеді. Бұдан басқа, информатика пәні информатика
сабақтарында пәндер мағлұматтарын өңдеу негізінде әр түрлі мектеп пәндерін
біріктіруші басты тәжірибенің шынайы зертханасы, оқытуды ұйымдастыру
түрлері мен тәсілдерінің жаңашылдығы болып табылады. 
Информатика пәнін оқыту мақсаттары 
оқушыға информациялық процестер туралы мағлұматтар негізі және олардың
әлемнің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін құрылымдаудағы рөлінің түсінікті
және берік меңгерілуін қамтамасыз ету;
қазіргі заманғы қоғам дамуындағы информациялық технологиялар және
компьютерлік техникалардың маңызы және рөлі жөніндегі түсініктерді құрау;
оқушыға компьютерді өзінің оқуында, содан кейін кәсіптік қызметінде 
саналы және ұтымды пайдалануға дағдыландыру.
Оқушының психололгиялық-жас шамасы ерекшеліктерінен шыға отырып,
Информатиканың пәндік саладағы міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыру
үшін, Мемлекеттік стандарт информатиканы оқытудың бірнеше кезеңдерін
ерекшелеп көрсетеді: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім
деңгейлерінде жүзеге асырылатын бастапқы (пропедевтикалық), базалық және
бағыттық (кәсіпалды).   
Бастапқы кезеңнің мақсаты – төменгі сынып оқушыларының ойлау мен көңіл
бөлудің неғұрлым маңызды құрамдарын дамыту, оқу іс-әрекетінде информатиканы
оқу мен жаңа информациялық технологияларды қолдануға дайындау. 
жаңа информациялық технологияларды қолдануда психологиялық (тұлғалық-
уәждік, зияткерлік, операциялық) дайындықтарды қалыптастыру;
жинақтау мүмкіндігі, түйсіну, икемділік, беріктік және дербестік
сияқты ойлаудың неғұрлым маңызды құрамдарына жағдай жасау;
алғашқы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
іс-әрекет құрылымдарын құрастыра білуді және бұл үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Информатиканы оқыту әдістері
Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі
Пәндер