Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру нобайы


- МАЗМҰНЫКІРІСПЕ . . . 5
1-БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗІРГІ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 10
1. 1 Бастауыш сыныпта қазіргі оқытудың педагогикалық, психологиялық, әдіснамалық негіздері . . . 10
1. 2. Педагогикалық қатынастың рөлін қалыптастырудың психологиялық, педагогикалық негіздері . . . 16
1. 3. Бастауыш сынып мұғалімнің жұмысындағы оқушылардың үлгерімін көтерудегі жолдары . . . 24
2-БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛЫРЫНЫҢ ҮЛГЕРІМІН КӨТЕРУДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ РӨЛІ . . . 29
2. 1 Сөйлеу дағдылары мен оқу мәдениетін қалыптастырудың жолдлары . . . 29
2. 2. Бастауыш сынып оқушыларының оқушылырының үлгерімін көтеру бойынша эксперимент жұмысы . . . 43
Қорытынды . . . 58
Пайдаланған әдебиеттер . . . 59
Қосымша . . . 61
- КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі қоғамымыздың қойып отырған талабына сәйкес жастардың өмірден өз орнын таңдай алатын, экономикалық тұрғыдан іскерлігі мен ойлау қабілеті дамыған, тығырықтан жол таба алатын, істің нәтижесін болжай алатын, іскер, тапқыр, адамгершілік қасиеті мол білгір шәкірттерді қалыптастыру, тәрбиелеуге айрықша көңіл аударып отыр.
Білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде мектептерімізді, оның ішінде білім баспалдағы болып саналатын бастауыш сыныпта оқу мәдениетін тиімді ұйымдастырудың әдістерін, түрлерін іздестіру, бастауыш сыныптың білім беру сапасының жетілуі туралы Республикамыздың білім беру тұжырымдамасында да аса маңызды тапсырмалар беріліп отыр.
Білім беру жүйесінің басты міндеті -мектептердің педагогикалық ұжымдары ертеңгі болашағымыздың тағдыры жас ұрпақтың оқу-тәрбие процесіне баса көңіл аударып, оқушыларға нақты білім беру мен мектептердегі оқу-мәдениетін дұрыс ұйымдастыруы болмақ.
Жан-жақты білім алған, парасатты, саналы азаматты тәрбиелеп шығару, олардың жан-дүниесін әлемдік өркениетке сай рухани қазыналармен байыту, педагогикалық жаңа оқу тәсілдерін оның ішінде оқу мәдениетін пайдалану -бүкіл халық, отбасы, қоғамдық мекемелер болып атқаратын жауапты міндет.
Мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырушы және жүзеге асырушы тұлға -мұғалім. Мұғалім арнайы дайындықтан өткен және кәсіби деңгейде педагогикалық қызметпен айналысатын, яғни педагогикалық заңдылықтар негізінде әрекет ететін, белгіленген тәртіп бойынша өзінің кәсіби мамандығын саналы жоғары дәрежеде орындайтын тұлға болып табылады.
Мұғалімнің басты педагогикалық құзіреті оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару жатады.
Мұғалімнің кәсіби және қоғамдық функциясының аса маңыздылығы, мұғалімнің тұлғалық және мәдени қалыптасуы мен оның даярлығына ерекше талап қойылады. Ең басты талап ретінде мұғалімнің педагогикалық қызметінің табыстылығын анықтайтын кәсіби сапалар жүйесі алынады.
Мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру негізгі педагогикалық функция ретінде нақты оқу мәдениетін қалыптастыру әрекеттерін қамтиды. Кез келген педагогикалық әрекетті жүзеге асырудың нәтижелілігі мұғалімнің кәсіби дайындығы мен шеберлігіне тікелей тәуелді құбылыс. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі оның оқу мәдениетін меңгеру дәрежесіне қатысты, сол арқылы саналы білім беру қамтамасыз етілетіні белгілі.
Бастауыш мектепте білім беру мұғалім қызметінің сапалылығына сынып мұғалімі оқушының сауатын ашу, тілін, ойын дамыту, оқу мәдениетін қалыптастыру секілді дидактикалық міндеттерді шеше білу жатады. Аталған дидактикалық міндеттерді жүзеге асыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жеткілікті қалыптасуы оқушының оқу мәдениетін қалыптастырудың негізгі педагогикалық шарты болып табылады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімінің оқу мәдениетін қалыптастыру және әдістемелік деңгейін жетілдіру оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда оның шеберлігін арттыру болып табылады.
Мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен жетілдіруде мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізгі компоненті ретінде оқушылардың оқу мәдениетінің қалыптасуына ерекше көңіл бөлінуі қажет. Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес оларда қабылдаудың сезімдік кезеңі ерекше дамыған. Оқу мәдениетінің әсерлік мүмкіндіктерін есепке ала отырып, бастауыш мектеп оқушыларының оқу мотивтерін белсендіру, сол арқылы олардың оқу мәдениетін қалыптастыру тиімді болатыны белгілі.
Зерттеуге алып отырған проблема философиялық, қоғамдық және әлеуметтік ғылымдар жүйесінде жеке адамның танымдық белсенділіктерін күшейтуде олардың еңбектерінде жарық көріп зерттелген.
Педагогикалық зерттеулерде оқу мәдениеті педагогикалық техниканың элементтік бірлігі ретінде қарастырылады. Алайда оқушының оқу мәдениетін қалыптастыруда қажетті педагогикалық принциптері мен формалары зерттеу жұмысымыздың өте маңызды мәселе ретінде қаралуы проблеманың көкейкестілігін көрсетеді.
Республикамызда соңғы жылдары бастауыш мектептегі бастауыш сынып оқушылырының үлгерімін көтерудегі туралы дайындалған бірнеше еңбектер жарық көрген: М. Н. Сарыбеков, С. М. Төрениязова, Т. И. Қоқымбаева, А. М. Кенжанова, Р. Б. Үсембаева, Қ. М. Нағымжанова, Қ. А. Сарбасова, Н. М. Көшеров, Қ. Н. Сарыбекова, т. б. зерттелулерінде бастауыш мектеп мұғалімдері оқу сапасының арттырудың мазмұнын жаңарту арқылы оқушылардың оқу үлгерімін дамытудың маңызды екендігін көрсетеді.
Солай бола тұра бұл еңбектерде бастауыш сынып оқушылардың оқу үлгерімін көтеру қызметінің педагогикалық негіздері ғылыми тұрғыдан қарастырылып, жеке мәселе ретінде зерттелмегені айқындалды. Осы мәселе білім беру жүйесінің құрамына ендірілуін қажет ететін жаңалықтардың арасында әлеуметтік-педагогикалық қайшылықтардың және педагогикалық қауымның бұл жаңалықты игерудегі мүмкіндіктері мен шынайы жағдайының арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіншілік тудырады. Аталған қарама-қайшылықтарды шешу үлгерімі педагогикалық негіздерінің мәнін теориялық тұрғыдан түйіндеп, бастауыш сынып мұғалімінің бұл процеске дайын болу шарттарын анықтауды қажет етеді.
Бастауыш сынып мұғалімінің оқушылардың үлгерімін сабақта көтерудің педагогикалық негіздерінің түбегейлі түрде қарастырылмағандығы, оған негізделіп дайындалған ғылыми еңбектер мен теориялық, әдістемелік нұсқаулардың жасалынбауы, оның бастауыш мектептерінің оқу үрдісінде толықтай пайдаланбауы біз көтеріп отырған мәселенің көкейкестілігін айқындап зерттеу тақырыбымызды «Бастауыш сынып оқушылырының үлгерімін көтерудегі педагогикалық қатынастың рөлі» деген таңдауымызға негіз болды.
зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушылырының үлгерімін көтерудегі педагогикалық қатынастың рөлін ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептің оқу үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін көтерудегі тиімді педагогикалық шарттары.
Зерттеу болжамы: егер бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың оқуға деген ынтасын, мәдениетін теориялық және әдістемелік қағидаларын орынды оқыту үрдісінде пайдалана білсе және бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп, оқушылар мен оқутыушылардың арасындағы қарым-қатынастарын, оқу үдерісін жүйелі түрде ұйымдастырса, онда оқушылардың оқу сапасы, үлгерімі, өзін-өзі тәрбиелеуге, олардың адамгершілік мәдени қасиеттерін, қабілеттерін қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру мен оқу қызметінің сапасы арасындағы тәуелділіктің мәніне ғылыми-теориялық сипаттама беру.
2. «Үлгерім», «педагогикалық қатынас», «оқу мәдениетін ұйымдастыру және қалыптастыру», «қабілет», «әрекет» ұғымдарына ғылыми негізделген анықтамалар мен түсініктемелер беру.
3. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау.
4. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқушыларда оқу мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негізін эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің әдістері: философтар мен психологтардың жеке тұлғаның қалыптасуы проблемаларына арналған еңбектерді талдау, педагогика ғылымындағы классиктердің еңбектерін және ресми оқу әдебиеттерін зерттеп оны пайдалану, «Бастауыш мектеп» журналдарының мерзімді басылымдарындағы мақалаларға шолу жасау, педагогикалық экспримент жүргізу, эксперимент нәтижелерін қорытындылау.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларының оқу сапасын арттыру қызметінің компоненті ретінде педагогикалық қатынастың қалыптастырудың теориялық ұғымдарына қосымша ұсыныс жасалып, педагогикалық ғылыми зерттеулердің қорына үлес қосылды.
Зерттеудің құрылымы: Дилом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Зерттеу базасы: Лебяжі ауданы, Қазантай орта мектебі.
1-БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗІРГІ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бастауыш сыныпта қазіргі оқытудың педагогикалық, психологиялық, әдіснамалық негіздері.
- Қазіргі мектепте оқу жұмысын түгелдей қайта құру жұмысы жүріп жатыр. Бастауыш сыныптағы сабақ беретін мұғалімдердің міндеті- алдында отырған әр оқушысының психикалық- физиологиялық даму және қалыптасу ерекшелігін білумен бірге мұғалімнің оқушылармен қарым- қатынасының негіздерін де білу қажеттігі туып отыр [1] . Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердегі тұжырымдамасында / 1992 ж / : «Педагог кадрларды қазіргі заман талаптарына сай дайындау, әрі мамандығын үздіксіз жетілдіру - мұғалімнің шеберлігінің басты белгісі- оның психологиялық жоғарғы әзірлігі болып табылады» - делінген.
Психология, педагогика, әдістемені жетік білген шебер мұғалімдер оқытуда көп қателік жібермейді. Сондықтан бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалім- біріншіден, психолог болуы керек. К. У. Ушинский өзінің «Ана тілі» оқулығын жасауда баланың психикасын жете білуіне мән бергені соншалық, ол өзінің дидактикалық пікірлерін, сол кезде жаңа дамып келе жатқан психология ғылымының жетістіктеріне негіздей отырып жасаған[5, 8] .
Ушинскийдің осындай пікіріне сүйенген қазақтың тұңғыш педагогы Ы. Алтынсарин өзінің жазған «Хрестоматиясында» баланың жас ерекшелігі мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып былай деген : «Мұғалімнің жұмысы- балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін- өзі кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесу, шыдамдылық көрсетуі қажет. Әрбір нәрсені ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, мәнерсіз сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау керек», - деген болатын.
Бастауыш сыныпта сабақ беріп жүрген мұғалім үнемі үздіксіз ізденіс үстінде болатыны белгілі. Сондықтан еске салатын жай, оқушы психолоиясын терең зерттей білуде психология ғылымына еңбегі сіңген ғалымдарымыздың еңбектерін оқып, ойға тоқып отыру қажет.
Тілдік ұғымдарды психология ғылымы тұрғысынан зерттеу идеясына Қазақстанда тұңғыш рет құнды пікір айтқан тюрколог- ғалым С. Кеңесбаев болды[2] . Ол 50- жылдарда бастауыш сыныпты оқыту мәселелерін психологиялық тұрғыдан зерттеу игілікті іс екенін айтып дәлелдеген. Онан кейін оқытудың психологиялық жақтары М. Мұқановтың 1962 жылғы «Педагогикалық психология очерктері» еңбегінде айтылады.
Ә. Ситдықов, Т. Сабыровтың еңбектері, кейін «Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы» жайлы Ә. Алдамұратовтың / 1983 / зерттеу еңбектері жарық көрді.
үлгерімін көтерудегі Академик Т. Тәжібаевтың еңбектерін «Жалпы психология» оқып отыру бүгінгі таңда қажет- ақ. Т. Тәжібаевтың білім алуда жаттықтыру дағдыларына сүйенеміз. Ол дағдыға машықтанудың төрт түрлі жолын береді :
- Бірнеше рет қайталау арқылы дағдыландыруға кеткен уақыт біртіндеп азая береді.
- Дағдыланған сайын атқаратын жұмыстың сапасы арта түседі. Мысалы, бала хат танып, жазуға үйрену үстінде оның жазуының сапасы арта түседі, жазуы анық, ашық, көркем бола түседі.
- Дағдыланған сайын ұшырасатын қателердің саны бірте- бірте азаяды.
- Дағдылануда әдепкі кезде адамның күш - жігері көбірек жұмсалатын болса, бара- бара онысы бәсеңсиді.
Бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалім жаттықтыру барысында дағдыландыру әрекетін жақсы есте сақтауы керек. Мұғалім сонымен қатар индукциялық- дедукциялық тәсілді жақсы білуі қажет[3] .
Индукция тәсіл- мұғалімнің тақырып бойынша білім берудегі тілдік материалдардың ғылыми жүйесін, мазмұнын түсіндіруге дара фактілер, дара ұғымдар арқылы дәлелдеп, содан оқушының өзіне жинақтатып, қорытындылау. Мысалы, жер, кісі аттары т. б. нақты ерекшелігін көрсете отырып, жалпы зат есім екенін оқушының өзін іздендіре отырып, дарадан жалпыға немесе нақты дәлелден жалпы ұғымға қарай түсініп, білім алуға үйретеді. Сөйтіп, индукция - ойлаудың тәсілі. Латынша indyctio - жеке пікірден жалпы ой қорытындысын шығару жолы / қазақша- дара, жеке /.
Дедукция тәсілі- мұғалім тілдегі жалпы фактілерді оқушылардың өздерін іздендіру жолымен жинақтай отырып, нақты ой қорытындысын шығарады.
Дедукция - латын сөзі dedyctio жалпы ой қорытындысын шығару. Бұл ойлау тәсілі өздерін ойландыра отырып, алдыңғы айтылған жалпы пікірлерден жаңа ой қорытындысын шығару. Алғашқы грамматикалық ұғымдардың жалпы қорытынды ереже шығарту тәсілі. Мұғалім индукциялық- дедукциялық тәсілді жаңа тақырыпты түсіндіргенде де, бұрынғы өтіліп кеткен материалдарды қайталау кезінде де қолданады.
Бастауыш сынып мұғалімі үшін сыныптағы әр оқушының психологиясын жете біле отырып, педагогикалық тактімен жұмыс істеу шеберлігі ұштасқанда табысқа жеткізеді[4] . Белгілі ақын, педагог, ана тілі жайында бірнеше еңбек жазған Мағжан Жұмабаев : « . . . ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады . . . Қазақтың қаны бір жаны бір жолбасшысы - мұғалім. Оның табансыздығын сезсе, бала онымен сөйлесуден, тілін алудын қалады» деп, тәлімгер шәкірттерінің жан жүйесін /зейін, ес, қиял, сөйлесу, ойлау, т. б / ерекшеліктерін ескермесе, педагогикалық шеберлікті ұштастыра алмайтынын ескертеді.
Әдепті ұстаздар балаларға барынша жақсылық жасауды көздейді. Былайша айтқанда педагогтық әдеп - мұғалімнің өзіне тән этикасы.
Шебер ұстаз - оқушының бар ықыласын өзіне аударып, 45 минут оқуды қызықты ұйымдастырады. Сондықтан мұны - педагогикалық техника дейді. Оған әдеп, шек, сақтық, ұстамдылық қажет. А. С. Макаренко еңбектерінде педагогиклық техникаға үлкен мән береді. Ол қалай тұру, қалай отыру, қалай сөйлеу, т. б. болуын талап етеді.
Бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалімдер осындай педагогикалық қасиеттерді жақсы меңгеруі қажет. Яғни, мұғалімге қажетті қасиеттер :
- өз ойын көркем жеткізе білу;
- анық және түсінікті сөйлей білу, өз сөзінің де, оқушының сөзіндегі де қателіктерді байқау, қиялдай білу;
- айтайын деп тұрған әңгімесін толық, ұғымды түсіндіру;
- жазбаша сауатты сөзді игеру;
- оқушылармен еркін сөйлесіп, жақсы қарым- қатынаста болу;
- оқушыға деген сүйіспеншілік, адамгершілік, қамқорлықтың болуы;
- ұлттық мәдениеттің болуы, әдет-ғұрып, салт- дәстүрді өзінің де, оқушының да бойына сіңіру, құрметтеу, әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып әрқайсысымен жұмыс істеуді дағдыға айналдыру қажет.
Психология, педагогика ілімін меңгерумен бірге, мұғалім әдістеме жөнінде көп білуі керек[5] .
Оқыту теориясының даму принциптері, оның ішінде қазақ тілі әдістемесінің педагогика- психологиялық негіздері қоғам өмірімен тығыз байланысты.
Біздің қоғамымыз ілгері дамыған сайын, оқыту процестерінің де мазмұны жаңарып, әдістері жетілдіріліп келеді. Оқыту процесінде кездесетін себептілікті, байланыстылықты, бір- біріне тәуелділікті, даму жолдарын нақты ажырату үшін таным заңдылықтарын жете білудің маңызы зор.
Мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған талап- жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеп, келешек өмірге жан- жақты даярлап шығару. Мұндай талапты орындау мұғалімге әр сабаққа шығармашылық жұмыстар атқаруды, ұтымды және орынды әдіс-тәсілдерді пайдалануды және оқытудың жаңа технологияларын қолдануды жүктейді[6] .
Сондықтан, оқыту үрдісінде қандай әдістерді пайдалану арқылы балаларды дамыта аламыз және оны қалай жетілдіреміз деген проблемалық мәселелер жалпы қоғамды, әсіресе мұғалімдерді толғандырмай қоймайды.
Мұндай проблема бастауыш сыныпта әдістемесін де айналып өтпейді.
Бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесінің алдында тұрған міндет- оқушылардың дұрыс сөйлеуіне, тілін дамытуға, сөздік қорын байытуға, оқу мәдениетін қалыптастыруға арналған оқытумен қатар қазақ тілінің грамматикалық құрылымы құпиясына үңілдіру, ұғындыру. Мұнсыз оқушы кез- келген грамматикалық ереженің сөйлеуде, жазуда, оқуда қолдану заңдылықтарын түсіне алмайды, дұрыс сөйлеу механизмдерін меңгермейді.
Сабақта теориялық негіздерімен түйінделмеген, қуаттандырылмаған оқыту, үстіртін даярлауға айналып кетеді. Сапалы көлемде тілдік теорияны меңгерту- баланың сөйлеуі жазу тәжірибелеріне негізделе оқытылып отырған фонетикалық, лексикалық және грамматикалық мәселелерді терең ұғынуға көмектеседі, сөзден сөйлем құрау механизмін түсінуге, дұрыс жазылу ережелерін, сөйлеу түрлерінің болуын, әртүрлі құрылымдарды және т. б. меңгертеді.
Осы айтылғандарды бастауыш сынып оқушыларына терең меңгерту үшін әртүрлі ойын түрлерін қолдану қажет. Бұл жайында төменгі тарауларда толығырақ тоқталамыз.
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен жеке қасиеттерін жақсы білу керек.
Мысалы, бастауыш сыныптағы бірінші сынып оқушысы- алты жасар баланың зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе де болғандай, көлемі өте шағын болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау (әріптерден сөз құрау) арқылы тәрбиеленеді[7] .
Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс- әрекеттің нәтижелі түрлері, іс- әрекет формаларын жиі өзгерту- балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі.
Бірінші сынып оқушыларының ес ерекшеліктері логикалық сөздік байланыстардан гөрі көрнекі бейнелердің басым болуынан көрінеді. Сөздік материалды олар механикалық түрде мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерекшеліктерге де көңіл аударуы тиіс [8] .
Оқытудың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуға тиіс. Алайда оқылатын материал үнемі оңай, жеңіл- желпі орындалатындай болуы қажет деген ұғым тумаса керек. Оқыту үрдісінде шамасы жететін қиыншылықтарды өз күштерімен жойып отыруға оқушыларды мәжбүр жасаған жөн. Өйткені, қиындыққа кездеспейінше, ойлау белсенді қызмет атқара алмайды. Ал, екінші жағынан, шамасы жетпейтін қиындыққа кездессе, ой межелеуге ұшырайды, ерік күші мұқалады. Ендеше, бұдан шығатын қорытынды - сабақтың түсінікті болуы шарт.
Материалды оқушыға ұғындыру, оларды білім алуға дағдыландыру көп жағдайда оқыту тәсілдеріне байланысты. Тәсілдерді түрлендіру, сабақтың көрнекілік жағына баса назар аудару сияқты талаптар, міне, осыған орай туады.
Мектепке барған бірінші сынып оқушысы оқып үйренетін «әліппе» кітабында жекелеген суреттер, сюжетті суреттер, түрлі түсті бояумен әдемі салынған сызбалар, жұмбақтар мен жаттығулар берілген. Бұл кезде балалар, сөз, дыбыс, буын, сөйлем деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымдардың мәнін нақтылап түсіндіру үшін көрнекі құралдардың (кесте, сурет, кеспе әріптер, сызба т. б. ) пайдасы мол. Көрнекіліктерді ойын ретінде де пайдалануға болады. Оның барлығы сабақтың нақты мақсатына байланыстырылып беріледі[9] .
Мұнда тағы да ескерілетін жай- бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын- болмасын кез- келген көрнекілікті (олар тіпті ашық түсті бояулармен боялған, әдемі әшекейленген болса да) ұсына берудің реті жоқ. Себебі: басы артық тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керісінше, алаңдатып, зиянын тидіруі мүмкін.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қарым қатынас жасау барысында олардың жауап беру ерекшелігін, белсенділігін көрсету қарқынын, жүріп- тұру қалпын, қиналған жерлері мен жіберген қателерін есепке ала жүріп, әрқайсысына сұрақ қойғанда жігерлендіретіндей, өз күшін байқай алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс болу жағын мұқият іздестіреді.
Оқыту барысында сөз бен сөйлемдерді, сапалы, дұрыс оқуға дағдыландырумен қатар әріп элементтері мен жекелеген әріптерді түзу жазып дағдылану барысында балаларға табиғат, адамдардың өмір сүруі жөнінде мағлұматтар беріліп, олардың айналадағы заттар мен құбылыстар туралы түсінігі кеңейе түседі.
Мектепке оқу жоспарын жасағанда да, пәннің бағдарламасы мен оқулықтардағы оқу матеиалдарын іріктеуде де оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріліп отырады.
Әрбір сабақтың мазмұнына қарай әдістерді қолдануда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне айрықша мән беріледі. Әсіресе, оқушының логикалық ойлау әрекеттерін дұрыс тәрбиелеудің маңызы зор. Демек, оқушы оқу материалын терең түсініп, сапалы меңгеру үшін, оның ішкі заңдылығы мен өзара байланысын дұрыс анықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет.
Оқушылардың материалды меңгере алуының психологиялық негізі сабақтың әрі әсерлі, әрі қызықты өткізілуіне байланысты. Сабақ психологиялық жағынан неғұрлым әсерлі болса, оқу материалын олар соғұрлым терең түсінеді. Бұл- мұғалімнің шеберлігіне де қатысты мәселе. Сабақты психологиялық жағынан өте тартымды етіп құру үшін, негізгі үш жағдайдың болуы шарт. Ол жағдайлар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz