Информатика хрестоматиясына қойылатын талаптар
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Білім беруді ақпараттандыру және информатика мамандарын даярлау
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Информатика мен информатика пәні туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2. Информатика пәнінің оқу - әдістемелік кешендеріне сипаттама ... ... ... 12
1.3. Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... 18
1.4. Информатиканың философиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ІІ. Орта мектепте информатика пәнін оқыту жолдары
2.1. Информатика мұғалімдерінің біліктілігін көтеру және қайта
даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.2. Информатика пәнін жаңа технологиялармен оқытудың тиімді
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
2.2.1. Сыни тұрғысынан ойлау
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
2.3. 9 – сыныпқа арналған сабақ
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
2.4. Интерактивті сабақ
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 51
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазақстан дамудың индустриялдық кезеңінен ақпараттық
кезеңіне біртіндеп аяқ басуға бет бұрды. Адам өмірінде компьютерлердің
белсенді орын алуы осыған байланысты. Сондықтан, жаңа технологияларды
игеруге қажетті білім мен дағдының жаңаруы өндіріс құрылымын өзгертудің
маңыздылығын арттыра түсті. Мұндай жағдайда елдің одан ары дамуы
үздіксіз білім беру жүйесін тиімді ұйымдастырумен тығыз байланысты.
Үздіксіз білім беру қоғамның әрбір мүшесінің білімін көтеруге немесе
мамандығын арттыруға жағдай жасап, оны ақпараттық қоғамда өмір сүруге
дайындайды. Бұл орайда информатика және ақпараттық технология мамандарын
даярлаудың ролі зор. Олар, бір жағынан, халық шаруашылығының түрлі
салаларындағы жаңа технологияларды игеруге жағдай жасайды, екінші
жағынан, білім таратушы ретінде жаңа мамандарды даярлайтын және қайта
даярлайтын оқытушылар болып шыға алады. Сонымен бірге информатика
саласынан жан-жақты даярлығы бар әрі информатика мен ақпараттық
технология әдістерін халық шаруашылығы салаларында қолдана алатын
мамандар қажеттілігі туады. Осындай мамандарды республикамыздың
университеттерінде табысты даярлауға болады.
Бұл мәселе егемен еліміздің қалыптасуна және жуық арада
информатика саласында білім берудің ұлтық жүйесін құру қажеттігіне
байланысты маңызды бола түсті.
Қазіргі уақытта Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарында
білім беруді ақпараттандыру және информатика саласының болашақ мамандары
үшін информатикалық цикілдегі оқу пәндерін оқытудың бірегей тәсілі
жасалған жоқ. Ондай тәсіл Қазақстан халықтарының менталитеті мен тілдік
орта ерекшеліктерін ескеруі тиіс.
Информатика-экономика, Информатика- шетел тілі тағы сол
тәрізді қосарланған мамандықтарға даярлау еліміздің бірқатар
университеттерінде жүзеге асырылады. Онымен екі міндет шешім табады:
Информатика және есептеу техникасы пәнінің оқытушысын даярлау және
информатика мен ақпараттық технология әдістерін халық шаруашылығының түрлі
салаларында қолданатын мамандарды қалыптастыру. Даярлық профильдерін бұлай
біріктіру жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту мазмұнын барынша
саралауды, пәнаралық байланыстарды тиімді жүзеге асыруды, информатика
аралас пәндермен кірістіре оқытуды талап ететіні анық. Сонымен қоса,
Қазақстанның жоғары оқу орындарының көпшілігінде информатика бойынша
даярлықтың іс жүзіндегі мазмұны инвариантты әрі, негізінен, ақпарттық
технология құралдарының дәстүрлі құрамын игерумен байланыстырылған.

мәселелері
Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарында, тіпті
университеттерінде информатика оқу пәнінің түпкі негіздері оқытылмайды.
Нәтижесінде информатика курсы айқын түрде технологиялық және қолданбалы
бағыт алады. Технологиялық бағытты шексіз тереңдету мүмкін емес, ол қайтсе
іргелі негіздің аздығынан немесе жоқтығынан шығатын табиғи шектеулерге
тіреледі. Оның үстіне, іргелі білімнің көпке шыдайтыны белгілі, сондықтан
жастарға білім беру бағдарламасында іргелі білім басым болуы тиіс.
Информатика маманын даярлаудың қолданбалы жағы іргелі теориялық даярлыққа
негізделуі керек.
Информатика және ақпараттық технология негіздерін игерген түрлі
деңгейдегі мамандар қазір өте тапшы, оларды оқу орындарына ғана емес,
тікелей өндірісте де даярлауға тура келуде. Кез-келген адамның кәсіби
қызметінде ақпарат құрамының үнемі өсуі бұл жағдайдың таяу жылдарда күшейе
түсетіні білдіреді. Информация және ақпараттық технология саласының
мамандарын қайта даярлау міндеті жоғары оқу орындарынан осы сала бойынша
жүйелі дайындық алған мамандарға жүктелетіні сөзсіз. Алайда, олардың
көпшілігі (педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектерін қоспағанда)
ешбір педагогикалық және әдістемелік дайындықсыз, сабақты өздері білетін
мен сияқты істе дидактикалық ұстанымы бойынша жүргізеді (жүргізіп те
жатыр). Бұл университет студенттерінің информатикалық даярлығын әдістемелік
даярлықпен ұштастыру, тиісті манмандықтарды енгізу қажеттігін көрсетеді.
Информатикамен ұштастырылған профиль мамандарын даярлаудың қазіргі
ерекшеліктерінің бірі осыдан көрінеді, мұны университеттегі даярлық мазұнын
жетілдіруде ескеру қажет.
Информатика мамандарын қазақ тілінде даярлауға байланысты шешімін
күтіп жатқан, арнайы қарастыруды тілейтін маңызды ерекшеліктер бар. Бұл
екі негізгі фактормен анықталады. Біріншіден, мемлекеттік тіл туралы заңның
қабылдануы, ол бір жағынан қостілдікті орнықтырса, екінші жағынан қазақ
тілін білім беру жүйесіне неғұрлым кеңірек қанат жайдыру қажеттігін
білдіреді. Екіншіден, информатика және ақпараттық саласы мамандарын
жаппай қайта даярлау ісіне еңбеккке жарамды қалың қауым, соның ішінде
қазақ тілін ғана білетін маңызды бөлігі де тартылмақ. Информатиканы қазақ
тілінде оқыту оқу-әдістемелік құралдар мен бағдарламаларды әзірлеуде
терминологиялық мәселелерді ғана емес, арнайы ғылыми - әдістемелік
зерттеулерді де жолға қоюды талап етеді. Әлі күнге қазақ тілінде ақпарат
өңдеудің, ішінара интернет арқылы байланысудың ыңғайлы бірегей
(лицензияланған) жүйелі бағдарламасы болған жоқ, бұл ақпараттандыруды
қазақ тілінде толық жүзеге асыруға кедергі болды. Рас, қазіргі уақытта
жасалған Windows Svr 2000 Russian AE операциялық жүйесінде ондай
мүмкіндіктер бар. Бұл жүйе білім беру мекемелеріне таратылса дұрыс болар
еді.
Сонымен, еліміздің университеттеріндегі информатика саласының
болашақ мамандарын даярлаудың бүгінгі жай-күйін талдау арқылы біз мұндай
даярлықты жетілдіру мен дамытудың төмендегідей негізгі бағыттарын бөліп
көрсетеміз:
- университетте информатиканы оқыту мазмұнын іргелі ету, яғни,
информатиканың қолданбалы аспектіелері мен технологиясынан оның ғылыми
негіздеріне көшу;
- университетте информатиканы туыстас пәндермен кіріктіруге
негізделген мандықтарға даяралауды дамыту;
- информатика және ақпараттық технологиямен баланысты мамандықтар
бойынша студенттерді оқыту жүйесіне әдістемелік даярлықты енгізу;
- студенттерді информатика саласында қазақ тілінде даярлауды
жетілдіру .
Осы көрсетілген үлгімен информатика және (сәйкес пән),
Информатика және білім беруді ақпараттандыру мамандықтары бойынша
мамандар (мұғалімдер) даярлауға болатыны айқын. Білім беруді ақпараттандыру
ісіне жоғары сапалы мамандар қажеттілігін негіздеуге көшейік.
Ақпараттандыру және бұқаралық телекоммуникацияларды ғаламдастыру
кезеңінде қазіргі қоғам ақпаратты нақты тұтынушының ұсыныстары мен
қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптастыруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық
жағынан шектеусіз қол жеткізуді, сондай-ақ кез-келген қашықтықтағы ақпарат
көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайда ақпаратты қоғамдық өнім
ретінде белсенді пайдалану мен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты зор
ақпараттық демократиялық қоғам мен зиялы қарым-қатынасқа оқытып,
тәрбиелеуге жағдай жасайды.
Қазіргі ақпараттық және телекомуникациялық өзара ықпал
технологияларының мүмкіндіктерін іске асыру оқу ісін байытады,
информатиканы ғана емес, басқа да көп пәндерді оқытудың ұйымдық түрлері мен
тәсілдерін жетілдіруге жаңартуға мүмкіндік беретіні дәлелденген. Бұл жерде
оқу материалының мазмұнын іріктеу критерийлері өзгереді – олар оқушы
тұлғасының өзін-өзі дамытудың және ақыл ойының қарқынды дамуының
қажеттілігіне: дүние туралы білім алу, өздігінен іздену, заңдылықтар арқылы
шағын жаңалықтар ашу, қазіргі ақпараттық технологияларды заттық әлемді
өлшеу, бейнелеу және оған әсер ету құралы етіп пайдалануға негізделеді.
Сонымен бірге жаңа ақпараттық технологияларды қолдану үрдісін бағдарламалық
техникалық қамтамасыз ету саласына да, оның психологиялық-педагогикалық,
физиологиялық-гигиеналық, эргономикалық және технолгиялық аспектілеріне де
өзгеріс әкеледі. Бұл салалардағы өзгерістердің жылдамдығы бұрынғы оқыту
тәжірибесінде болған емес, осыған байланысты ақпараттық және
коммуникациялық технологияның білім беруге тиімді әрі қауыпсіз пайдалануға
қатысты ғылыми зерттеулер, өкінішке орай, білім беруді ақпараттандыру
саласындағы іргелі зерттеулерге тиісті дәрежеде табан тіремейді. Олар
әдетте жеке әдістемелік және эмпирикалық сипатта болады. Осылайша, қазіргі
отандық педагогика ғылымында қайшылық туды: бір жағынан педагогикадағы жаңа
бағыт – білім беруді ақапараттандыру қарқынды дамуда, ол қазіргі ақпараттық
технология құралдары базасында әзірленген бағдарламалық оқу құралдарын
пайдаланып, жалпы білім беретін және арнайы оқу пәндерін оқытуды
ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі мәселелерін қамтиды, екінші
жағынан ақпараттық және телекоммуникациялық технология құралдарын тиімді
қолдануды бағдарламалық – техникалық және педагогикалық- эргономикалық
қамтамасыз ету; оқу-әдістемелік мәліметтер базалары мен банктерін,
интеллектуалдық оқыту жүйелерін пәндік толықтыру, ғылыми-педагогикалық
мазмұн жасау және білім беру мекемелерінің бірлескен ақпараттық жүйелері
мен желілерін, білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарын
толықтыру, оқыту нәтижесін бағалауды, білім беруді ұйымдық басқаруды,
ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етуді автоматтандыру мәселелері жетіп
артылады. Бұл мәселелер тізбесі, біріншіден жартылай функционалдық және
интеграциалық сипатта, екіншіден – жүйелі, ал олар басқа да бір қатар
ғылымдардың мүмкіндігін пайдаланғанда шешімін табады. Бұл қайшылықты шешу
үшін қоғамда білім беруді ақпараттандырудың әдістемесі мен технологиясын
меңгерген жоғары сапалы мамандар болу қажет. Бірақ ғылыми мамандықтардың
қазіргі номенклатурасында ақпараттандыру және қарым-қатынас құралдарын
әзірлеп, білім беру мақсатында қолданудың психологиялық-педагогикалық,
бағдарламалық-технологиялық, физиологиялық - гигиеналық және эргономикалық
мәселелер, яғни білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі
лайықты көрініс таппай отыр, бұл сөз жоқ отандық педагогикалық зерттеулер
ауқымын шектейді. Бұл мәселе шешімін күтуде.
Білім беруді ақапараттандырудың теориясы мен әдістемесі мынандай зерттеу
бағыттарынан тұрады:
- қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық телекоммуникация жағдайында
оқушы тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдық түрлерімен
әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудық әдіснамасы мен стратегиясын
жетілдіру;
- оқушының ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өңдеу,
сақтау, беру, өндіру ісіндегі әр түрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра
білуді қалыптастыруды, сондай-ақ білім алу мен түсіну үрдістерін
қалыптастыру бойынша оқу әрекетін қамтамасыз ететін педагогикалық
технологияны, оқытудың әдістемелік жүйесін жасау; бірлескен ақпараттық
желілер мен ғаламдық коммуникациалар базасында жұмыс істейтін вертуальдық
білім беру мекемелерін дүниеге әкелу, телекоммуникацияға қол жететін ашық
білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарының әлеуетін
пайдалану;
- оқу-тәрбие ісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін және
оқу орнын (оқу орындары жүйесін) ұйымдық басқаруды автоматтандыру негізінде
білім беру жүйесін басқару механизмдерін жетілідру, ғылыми-педагогикалық
ақпараттық мәліметтер базалары мен банктерін, ақапараттық әдістемелік
материалдарды, телекоммуникациалық желілерді пайдалану;
- есептеу техникасы, ақпараттандыру және телекоммуникация
құралдарын білім беру саласында тиімді қауіпсіз қолданудың педагогикалық –
эргономикалық шарттарын анықтау;
- оқушының ақыл – ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі
мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші,
диагностикалаушы әдістемелерін жасап, пайдалану;
- нақты түрде немесе бейнелі түрде өтетін оқу тәжірибесінің
(зертханалық, демонстрациялық) нәтижелеріни өңдеу үрдісін автоматтандыру
құралдарына сүйеніп, ғылыми-зерттеу және тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру.
1.1. Информатика мен информатика пәні туралы
Информатиканың негізгі ұғымдарына кіріспес бұрын информатиканың
өзінің және информатика пәнінің не екендігін және оның құрылымын анықтап
алған жөн.
Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі
жоқ құбылыс саналады. Әдетте, ғылыми пәннің пайда болуынан бастап оның
жалпыілімдік мәнін ұғынуға (егер солай болып жатса) немесе оның негіздерін
мектептің білім беру жүйесіне енгізуге дейін кемінде бірнеше он жыл, қала
берді бірнеше жүз жыл кетеді. Осы уақыт аралығында ғылыми ақпарат
тұрақтандырылады, әдістаным анықталынады, жалпы әдістемелік жолдар
қалыптасады, яғни берілген пәнге әлде бір жүйелі көзқарас орнықтырылады.
Бір жағынан, бұл үрдіс жиырма жыл шамасы дерлік жалпыілімдік пәндер
құрамына міндетті түрде еніп келе жатса да информатика үшін әлі де аяқтала
қойған жоқ. Бірақ пәнге деген жүйелі көзқарастың болмауы, оған үзіп-жұлып
қарау қазіргі кезде информатиканы оқытудағы басты мәселе болып табылады.
Егер оқу пәнінің жалпы сүлбесіне жүгінер болсақ, онда толық қажетті оқу
пәні болуы үшін оған не жетіспейтіндігін түсінуге болады:
- пән саласының айқын сипаттамасы;
- информатикаға ғана тән қызметтің жалпыланған түрлерінің
тұжырымдамасы.
Өткен 1985 жылдан бастап информатика пән ретінде өзгеріске түсті.
Ол автоматикадан шын мәнінде алыстай бастады. Таза техникалық сала-
computer science (компьютерлік ғылымдар) атты жеке ғылыми бағытқа бөлініп
шықты. Ақпаратты қорғау мен ақпарат қауіпсіздігі, деректер мен
мағлұматтардың (білім инженериясы) тұрпаттала өрнектелуі, әлеуметтік
информатика және т.б. осы сияқты бағыттар пайда болды. Бүгінгі күні қай
бағыттың басым екендігі туралы айту қиын,бірақ соның қажеті де жоқ шығар.
Бірақ, информатиканың барлық жетекші бағыттарының негізгі қағидалары оқу
курсында да (әрине, тәптіштеудің әртүрлі деңгейінде) бейнеленуге тиіс
екендігі анық. Оның үстіне, осы бағыттардың пайда болуы информатиканың саны
күн сайын барынша өсіп келе жатқан өзге пән мәселелерімен байланыстыруға
мүмкіндік береді. Мысалы, информатика енгізген виртуалдандыру феномены
қазіргі қоғамның айқындауыш сипаттарының бірі болып табылады.
Жоғары оқу орнындағы информатика курсының зерттеу тақырыбын
белгілеп, сонымен қатар оның пән саясын айқындауға әрекет жасайық.
Қазіргі оқудың бірінші септі түйткілі оның іргелілі болып
келеді. Оқудың іргелілі, атап айтқанда, жеке тұлғаның шынайы еркіндігінің
қажетті шарты болып табылады. Ол дайын өнімдерді пайдалана ғана емес, оны
жасай да біледі. Бұл, сонымен қатар, ақпараттық өркениетті тану сайманы
болып табылатын информатика ғылымын игеруді де ескереді. Осы игерудің
іскерлік сипаты информатиканың “ақпараттық үрдістер” атты жалпылауыш
ұғымын оқып- үйренудің іскерлік логикада өрістетілетіндігімен анықталады.
Ол ақпараттық өнім шығаратын ақпараттық технолгияларға ұмтылу сатылары
бойынша жүзеге асырылады.
Информатика туралы бүгінге дейінгі түсінігімізді жалпылай келе,
мынадай жұмыстық анықтаманы тиянақтауға болады:
- Информатика дегеніміз табиғаты әртүрлі жүйелердегі ақпараттық үрдістер
ағымының заңдылықтары туралы, ақпараттық үрдістерді автоматтандыру
әдістері, құралдары мен технологиялары туралы, ақпараттық жүйелердің
жасалуы мен жұмыс істеу заңдылықтары туралы ғылым.
Информатика ғылымының іргелілігінен туындайтын маңызды нәрсе –
оның оқып – үйрену нысаны, атап айтқанда, заңдылықтар болып табылатындығы,
өйткені кезкелген ғылымның мақсаты түсіндіру ғана емес, сонымен қатар,
болжау да. Тек тәсілдерді немесе жүйелеуді білу арқылы болжам жасау аса
қиындық туғызады. Оқып-үйренудің негізгі пәні - ақпараттық үрдістердің
өзін ғана емес, “тұғырымен”–ақпараттық жүйелермен, бірге қарастырылатын
үрдістер. Информатика прагматизмі ақпараттық үрдістерді тиімді ұйымдастыру
мен олардың автоматты түрде орындалуына мүмкіндік туғызатын әдістер,
құралдар мен технологиялардың да оның зерттеу пәні болып табылатындығына
байланысты.
Ақпараттық үрдістерді оқып-үйрену сыртқы әлемнің кез келген феноменін
оқып- үйрену сияқты модельдеу әдістанымына негізделген. Информатиканың,
айталық, физикадан ерекшелігі, ол математикалық модельдерді ғана емес (және
тіпті олардың нешеуін емес), сонымен қатар әртүрлі тұрпаттар мен түрлердің
модельдерін де (мәтін, кесте, сурет, алгоритм, бағдарлама беріуі де
модельдер) пайдаланады. Атап айтқанда, ақпараттық модель ұғымы
қалыптастырылуы негізгі мектеп информатика курсының негізгі міндеттерінің
бірі болып табылатын пәнаралық байланыстардың осы курстағы кең спектрін
айқындайды. Ал ақпараттық модельді құрудағы іс-әрекеттің өзі, яғни
ақпараттық модельдеу тек информатиканы сипаттайтын қызметтің жалпыланған
түрі болып табылады. құрылған ақпараттық модельді ары қарай жаңа ақпарттық
нысан ретінде қарастыруға болады. Бұл нысанды қажетті ақпараттық үрдісті
басқара отырып, мақсатты түрде басқа нысанға түрлендіруге болады. Егер
ондай басқару компьютерде жүзеге асырылатын болса, онда сөз ақпараттық
үрдісті автоматтандыру туралы болғаны. Мұндай автоматтандырылған үрдіс
ақпараттық технология деп аталады.
Информатика әлемнің қазіргі дамуы жағдайында информатиканы мынадай
үш бөлім аясында қарастыруға болатын сыңайлы: теориялық информатика,
әлеуметтік информатика, ақпараттық технологиялар.
Теориялық информатика бөлімінде информатиканың философиялық
негіздері информацияның жалпы теориясының бастаулары, информатиканың
математикалық негіздері, ақпараттық пішімдеу (модельдеу) негіздері
информатиканың семантикалық негіздері қарастырылады.
Әлеуметтік информатика бөлімінде ақпараттық қоғамдағы адамның рөлі
сияқты мәселелер қарастырылады.
Ақпараттық технологиялар бөлімінде есептеу техникасының дамеу
тарихы, ЭЕМ архитектурасы, микропроцессорлар архитектурасы, қатынастар
(коммуникациялар) туралы түсінік, ақпаратты қорғау мәселелері
қарастырылады.
Информатика – бірегей ғылыми пән. Оның оқу нысаны тұтас бір өркениет-
ақпараттық өркениет болып табылады. Академик А.П.Ершов айтқандай,
ақпараттық өркениет-“адами өркениеттің дамуындағы жалпыға бірдей және
болмай қоймайтын кезең, әлемнің ақпараттық көрінісін игеруді, табиғат пен
қоғамдағы ақпарат қызметі заңдарының бірлігін түйсінуді, олардың іс жүзінде
қолдаданылуы мен ақпарат өндірісі мен өңдеу индустриясын түзеу кезеңі”.
А.П.Ершов ерекше көңіл аударған негізді нәрсе-
әлеуметтік – техникалық революция, атап айтқанда, ақпараттық
технологиялардың кең таралуы – ақпараттық өркениеттің сырт жағы болып
табылатындығында. Оның басты мазмұны “табиғи әлеуметтік үрдістердегі
ақпарат ролін философиялық және нақты ғылыми пайымдау ” жүріп жатқан
кездегі интеллектуалдық дамудың жаңа кезеңінен тұрады. Ал, ақпараттың
бүгінде қоғамның стратегиялық ресурсы екендігі және оның басқа да ресурстар
түрлерін – энергетикалық, материалдық және адамзаттық түрлерін үнемдеуге
және дамытуға мүмкіндік беретіндігіне ешкімнің күмәні болмаса керек.
Қоғамды ауқымды ақпараттандыру жаңа геосаяси үрдістерді дамытуға белсенді
түрде әсер етеді. Ол үрдістердің ең маңыздысы экономиканы ауқымдандыру мен
мәдениетті ауқымдандыру болып табылады. Сонымен қатар, ауқымды ақпараттық
қоғамда өмір сүріп еңбек ету үшін оны барлық қажеттілермен толықтыру
мағынасында бейнесіндегі “өркениет ақыры” (Ф.Фукуяма) елесі пайда болып,
қолдау табуда. Басқаша айтқанда, мынадай қалыптасқан пікір бар: “Жаңадан еш
нәрсе жасаудың қажеті жоқ, тек оны тауып, пайдалану жеткілікті (атап
айқанда , интернет желісі арқылы)”. Егер осы тұрғыда қарайтын болсақ, онда
өмір сүру үшін “технологиялық қаймақтарды сылып алу” толық жеткілікті де,
басқа іргелі мәселелерді қарамай-ақ қойса да болады.
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды оқып-үйрену
информатиканың аса маңызды бөлімі болып табылады. Есептеу техникасының
жұмыс істеу негіздерін анық түсінбейінше информатиканың басқа да көптген
бөлімдерін шындап игеру мүмкін емес. Бұл түсініктің сізден талап етілетін
төмендегі деңгейі ретінде ЭЕМ архитектурасы алынады, бірақ ол да аса терең
және жаңа ұғымдар саласына енуді талап етеді. Бұны түсіну микропроцессор
командалары деңгейінде бағдарламалаумен таныспай мүмкін емес. Сонымен
бірге, ЭЕМ-нің қызмет ету негіздерін түсініп, оның көптеген сыртқы
құрылғыларымен жұмыс істей білу қажет.
Компьютерлік желілер мен коммуникациялар – қолданбалы
информатиканың бүгінде ең қарапайым бөлімі. Адамзат мәтіндік, кескіндік,
басқа да ақпаратты кез келген қашықтыққа қысқа уақытта тарату мүмкіндігін
ұғынып, осы үрдіске миллиондаған адамдарды қатыстырудың экономикалық
мүмкіндігін алды да компьютерлік желілер әлеміне жаппай бас қойды.
Сонымен, қорыта келгенде, информатика қазіргі кезде жаратылыстану
– техникалық ғылымдар мен гуманитарлық ғылымдар мен гуманитарлық ғылымдар
бағыттарының ретіне араластырыла дамитын ғылым ретінде еш ғылым тұрғысынан
түсіндіріліп нақтыланбайтын, өзіне тән ерекшеліктері бар ғылым. Сондықтан
да информатика ғылымының философиялық негіздеріне тоқталып өткен
информатикаға қызығушылардың бәріне де қажетті нәрсе болмақ.
1.2 Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама
Қазіргі мектептегі информатика курсының оқытылуы-әлемдік
педагогикалық практикада бұрын соңды болмаған құбылыс.
Әдетте ғылыми пәннің мектепке енуінен бастап оның жалпы білім
берудегі маңызын толық түсінуіне дейін кем дегенде бірнеше он жылдықтар
өтеді – бұл уақыт ішінде ғылыми аппаратты тұрақтанып, пәннің методологиясы
мен жалпы әдістемелдік тәсілдері қалыптасады. Ал информатиканың пән
есебінде мектепке енуі өте жылдам іске асып жатқаны белгілі.
Жалпы білім беретін мектептер мен жоғары мектептерде информатиканың
оқытылуы оның өз алдына жеке ғылыми сала есебінде танылуынан да бұрын
басталған. Сондықтан да мектептегі информатика пәнін стандарт негізінде
ғылыми-әдістемелік жағынан жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы “Мектеп және мектепке
дейінгі” білім институты базасында авторлар ұжымы дайындаған информатика
оқу пәні стандарты ғылыми - әдістемелік жағынан қамтамасыз етудің негізгі
бастапқы қадамы болып табылады. Бұл стандарт информатика пәні бойынша білім
мазмұнының мемелекеттік міндетті минимумы мен оқушының дайындық деңгейіне
қойылатын талаптарды тағайындайды.
Стандарт ережелеріне сәйкес оқушыларды информатика пәніне оқыту
Қазақстан Республикасының орта жалпы білім беретін мектептерінде, олардың
қай мекемеге тәуелді болғанына, ұйымдастыру- құқықтық нысанына және оқыту
түріне тәуелсіз жүзеге асырылады.
Информатика пәнін ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытына
сәйкес Информатика оқу - әдістемелік құралдарына (ОӘК-не) қойылатын
талаптарды анықтауда жалпы оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптар
басшылыққа алынды.
Информатика пәнінің ОӘК-нің өзіндік ерекшеліктері оларға қойылатын
дидактикалық талаптарды іріктеп жүйелеуде ескерілді.
Зерттеулерге сүйене отырып дайындалған материалдар жалпы білім
беретін мектептерде сынақ өтіп, сынақ нәтижесіндегі ескертулер мен
ұсыныстар негізінде түзетіліп өңделді. Информатика ОӘК-нің құрамы мен
құрылымына, мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды пәннің өзіне тән
ерекшелігін ескере отырып анықтау- осы пәнді оқытуды жетілдірудің негізгі
бағыттарының бірі деуге болады. Бұл бағыттағы мәселелерді зерттеуде жалпы
мектеп оқулықтарына қойылатын талаптарына сүйене отырып, зерттеудің
мақсат, міндеттері белгіленді.
Зерттеу міндеттеріне сәйкес оқулық пен оқу-әдістемелік құралдарға
қойылатын жалпы дидактикалық талаптар жөнінде материалдар жинақталып
жүйеленді.
Информатикадан ОӘК-нің әрқайсысының құрылымының компонентіне
қойылатын талаптар іріктеліп, төмендегіше жүйеленді:
-жалпы материалдардың ұсынылу реті оқу бағдарламалары мен оқулыққа
сәйкестігі қатаң сақталуы тиіс.
-кез-келген ықшамдау мен бейімдеулер қазіргі ғылыми білімге толық
сәйкестендіріліп берілуі керек.
-дилдактикалық материалдар, есептер мен жаттығулар жинағы оқушылардың
шығармашылық белсенділігіне сәйкестендіріліп, деңгейлік саралауды іске
асыруға бағытталуы қажет.
-пәнаралық және пәншілік байланыстың сақталуы қажет.
-ұсынылатын материалдар мектептердің қазіргі компьютерлік
технологиямен жабдықталу жағдайына сәйкес келуі керек.
- оқушылардың жеке қызығушылығын және түрлі қабілетін дамытуға
бағытталуы тиіс.
- программа құруға, программаны пайдаланып белгілі бір мәселені шешуге
арнап ұсынылатын материалдар программалау тілдерінің тез өзгеруін ескеріп,
бір тілден екінші тілге оңай көше алатындай етіп ыңғайланған болуы тиіс;
- ОӘК – де ұсынылатын материалдар толығымен оқушылардың болашақ
өмірінде пайдалана алатындай етіп, практикалық жағынан тиімді етіп
ұсынылуы қажет.
- әр сыныптарға ұсынылатын материалдар сол сынып оқушыларының
психологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне толығымен сәйкес келуі
керек.
- оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, өзіндік тану белсенділігін
арттыруға бағытталған болуы тиіс;
- ОӘК – дің ішкі мазмұнындағы материалдардың, сыртқы мұқабасының
безендірілуі де оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратындай болуы
қажет.
Осы талаптарға сай дайындалатын информатика пәні бойынша оқу
-әдістемелік кешен төмендегі құрамда ұсынылды.
1. Оқулық
2. Әдістемелік құрал
3. Дидактикалық материалдар (пысықтау сұрақтары, тест тапсырмалары,
есептер мен жаттығулар)
4. Хрестоматиялар
Осы ұсынылған кешендердің жоғарыда көрсетілген талаптарға сай
келетіндей болуы үшін олардың әрқайсысының функцияларын ескеріп отыру
қажет.
Жоғарыда айтылған жалпы талаптар негізінде информатикадан оқу
-әдістемелік кешендер талаптарына жеке –жеке тоқталайық.
Информатика оқулықтарына қойылатын талаптар
Информатика оқулығына қойылатын талаптарды анықтауда жалпы оқулыққа
қойылатын талаптар негізге алынды.
Оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптарды анықтап жүйелеуде оқулық
функциялары:
- білім мазмұнын тасымалдаушы;
- мазмұнды меңгеру процесін ұйымдастырушы;
- ақпараттық;
- трансформациялы;
- материалды бекітушілік;
- өзін - өзі бақылау;
- өз бетімен білім алу;
- дамытушы – тәрбиелеуші
басшылыққа алынып, негізінен ескеретін құжат болды десек те болады.
Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір
талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулыққа қойылатын талаптар жалпы
оқулыққа қойылатын талаптар негізінде төмендегіше іріктелді:
- ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;
- бағдарламаға сәйкестігі; мазмұнының ғылыми мәнділігі және
нақтылығы;
- әлеуметтік – мәдени құндылығы;
- ұсынылған материалдардың тарихилығы;
- оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің
ескерілуі;
- мазмұнының жүйелілігі; бірізділігі;
- сабақтастық принципінің сақталуы;
- еліміздің экономикалық даму ерекшеліктеріне сәйкестігі;
- мектептердің компьютермен жабдықталуының ескерілуі;
- практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестігі;
- компьютерлік оқытушы программалар пайдаланылуының ескерілуі;
- мазмұнды ұсынуда дамытушылық принципінің ескерілуі;
- тапсырмалардың жүйелі түрде таңдап алынуы;
- оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын пайдалануға ыңғайлылығы;
- оқушылардың жалпы оқу біліктерін және дағдыларын қалыптастыруға
мүмкіндік жасауы:
- деңгейлік тапсырмалардың болуы; т.с.с.
Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары
болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Информатиканы оқыту әдістемесі - әрбір сынып бойынша информатиканы
оқып үйренуге арналған оқу - әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып
табылады.
Бұл әдістемелік оқу - әдістемелік кешендерді құрайтын басқа құралдарды
үйлесімді пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдерге нақты көмек
көрсетуді көздейді.
Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы информатикадан
берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері,
сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары
қарастырады.
Әдістемеде информатикадан білім мазмұнынының сипаттамасы беріледі.
Оқулық пен оқу құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану,
экономикалық білімді игерудегі білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік
жұмыстарды орындау біліктілігін қалыптастыру,теориялық материалдарды
қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында
әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі.Есептердің шығару үлгілері
үсынылады.
Информатикадан дидактикалық материалдарға қойылатын талаптар
Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған
өзіндік, бақылау және тестік тапсырмалардың, пысықтау сұрақтарының ,қызықты
есептердің жиынтығы болып табылады.
Мұндағы жұмыстар әр сыныптағы информатиканы оқытудың жалпы
тақырыптық жоспарына сәйкес жазылуы тиіс.Оқу құралы мұғалімдерге жазба
жұмыстарын жүргізуде әдістемелік көмек көрсетуге және оқушылардың білім,
білік, дағдыларына қойылатын талаптардың бағдарын анықтауға мүмкіндік
жасауы тиіс.
Өзіндік бақылау және тестік жұмыстардың мазмұны оқулықтағы
теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты болуы
шарт.
Оқу құралының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық
деңгейін ескере отырып түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалды.
Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жұмыс тек оқыту
сипатында, жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып
беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын
қалыптыстыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады.
Бақылау және тестік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт
көлемі қатаң ескеріледі.
Дидактикалық материалдарда ұсынылатын тест тапсырмаларының
сұрақтары өте анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.
Тест тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесіне талдау жасай келе
мынадай қорытынды жасауға болады. Тест тапсырмалары оқушылардың қандай
материалды игеріп, қай материалды қандай тәсілмен түсіндіру қажет екендігін
де анықтауға мүмкіндік береді.
Информатика хрестоматиясына қойылатын талаптар
Информатика хрестоматиясында информатикадан стандарт
материалдарынан тыс оқушылардың білімін тереңдетуге, жан-жақты дамытуға
негізделеді, әрбір материалдың тарихи аспектілерінен, информатика саласын
дамытуға мол еңбек сіңірген ғалымдар туралы, оқыту программаларының жаңа
түрлерінен, информацияны қорғау жөнінде мәлімет береді. Бұндағы материалдар
да оқушылардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп
беріледі.
Жоғарыда аталған информатикадан ОӘК-дердің құрамы мен құрылымына
қойылатын талаптар дидактикалық негізделген жаңа буын оқулықтарының
әдістемелік кешендерін дайындаудың қажетті алғы шарты болады.
Информатикадан дайындалған жаңа буын оқулыққа және информатикадан
ОӘК-ге қойылатын талаптарға сәйкес өңделіп, жаңа оқу жылына мектептерге
пайдалануға ұсынылды. Бұл – осы зерттеулердің эксперименттік сынақтан өту
процесінің де жүйелі жүріп жатқанының кепілі.
Информатика пәнінің ОӘК-не қойылатын дидактикалық талаптардың
анықталуы бұл пән бойынша дайындалатын оқу-әдістемелік құралдардың сапасын
арттыруға үлкен көмегін тигізетіні байқалады.
Осыларға қосымша информатиканы оқыту процесінде пайдаланылатын
мультимедиялық үйрету программаларының, электрондық оқулықтарының өскелең
өмір талабына сай дайындалып компьютерді оқыту құралы арқылы пайдалана
алатындай деңгейде болуы керек. Бұл мәселе өз алдына үлкен ғылыми
ізденістерді талап ететін мәселе, сондықтан осы мәселе жөніндегі зерттеулер
одан әрі жалғасуда.
1.3. Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру
Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің
барлық буындарында білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс-
тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл информатика мұғалімдерінен
информатиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін, оны оқыту әдістемесін
жақсарта түсуді қажет етеді.
Ал, бұл мәселенің дұрыс шешілуі Қазақстандағы мектеп информатика
пәнін оқыту әдістемесін кешенді түрде тұтастай қарастыра отырып, оның
қалыптасу және даму тарихын тереңірек зерттеуді керек етеді.
Орта мектептерде информатика курсын оқыту мәселелері 1950 жылдары
Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершов және оның
қызметкерлері бағдарламалауды оқытты. 1960 жылдары Мәскеудің математикалық
мектептерінде бағдарламашыларды дайындады. 1970 жылдары Мәскеу, Ленинград,
Жаңасібір қалаларында компьютермен жұмыс істейтін мамандарды дайындады.
1970 жылдардың соңына қарай микро ЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына
сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногородский, Ю.А.Первин мектеп информатика курсы
тұжырымдамасын жасады. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін
мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгіленді. 1985 жылы
“Информатика және есептеуіш техника негіздері” пәні бағдарламасы түзілді.
1985-1986 жылдары А.П.Ершов, В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, Я.Э.Гольц,
М.П.Лапчик және т.б алғашқы информатика оқулығы шықты. 1958 жылы жаңа оқу
жоспары бойынша педагогикалық институттарда “информатика мұғалімін” даярлау
басталды. 1986 ж. “Информатика и образование” журналы шығып, 1986 ж.
Информатиканы оқулығына байқау жарияланды. 1987 ж. Информатиканы оқыту
әдістемесінен М.П.Лапчиктің кітабы жарық көрді. Байқау негізінде
информатикадан А.П.Ершов, А.Г.Кушниренко, В.Г.Житомирский, В.А.Кайманның
басқаруымен авторлар ұжымы алғашқы буын оқу құралдарын дайындады.
Сөйтіп, Қазақсатанда 1986 жылдары А.П.Ершов, В.Н.Монахованың
“Информатика және есептеуіш техника негіздері” атты оқулығы бойынша
жүргізілгендігі белгілі. Ал1998 жылдан бері 7-сынаптарға арналған
информатика оқулықтары мен мемлекеттік стандарты, типтік бағдарламасы
жазылып оқу процесіне кеңінен енгізілуде.
Енді информатика курсының тақырыптары оқыту әдістемесін қарастырайық:
Кіріспені оқыту әдістемесі. Кіріспе мақсаты пәнге деген
қызығушылықты қалыптастыру және бекіту, информатика жалпы мазмұнымен
таныстыру; компьютер сыныбындағы жұмыс ретімен, ережелермен танысу т.б.
Кіріспе бірінші рет информатиканың үш құрамдас тізбегі: Ақпаратты
компьютер, алгоритм айтылады. Ақпарат түсінігі мысалдармен түсіндіріледі.
Ақпараттық үрдістерді түсіндіру үшін де алдымен оларға мысалдар жүйесін
келтіріп, қорытындыда оның белгілеріне сүйене отырып анықтама беріледі.
Айта кететін мәселе ақпаратты тұтыну, қолдану бұл да ақпараттық үрдіс болып
табылады. Кіріспе бөлімі оқушыларға компьютер мүмкіндіктері туралы
информатика жайлы түсінік береді. Кіріспеден оқулық авторларының
концепсиясын көруге болады. Мұнда ақпарат, алгоритм, компьютер ұғымдары
беріледі.
Компьютер құрылысын оқыту әдістемесі. Компьютер құрылысы: негізгі үш
бөліктен тұрады. 1.жүйелік блок, 2.монитор, 3.пернелік тақта туралы,
олардың қызметі жөнінде айтылады. Пернелік тақтадан енгізілген әрбір әріп,
таңба т.б. басқа ешбір өзгеріссіз экранда белгіленеді. Пернелік тақтаның
жазу машинасына ұқсастығын айта келіп, мұндағы негізгі айырмашылық қосымша
пернелерінде және пернелердің біріккен қызметінде деп түсіндіру керек.
Алғашқы сабақтарда барлық пернелердің қызметін бірден айтудың қажеті жоқ,
әсіресе белгілі бір бағдарламаға қатысты өзгеріп отыратын перне қызметі
(Ғ1-Ғ10), өйткені олардың қызметі туралы экранның төменгі жағында қысқаша
анықтама беріледі.
Дискұяшықты өткенде, оның дискетті оқуға арналғандығын айтса
жеткілікті. Ең басты мәселе дискетті дұрыс енгізу және оны күтіп ұстау
туралы мағлұмат берген жөн.
Процессорда барлық іс-әрекеттер түрленіп, орындалады.
Компьютердің барлық жұмысын басқарады. Компьютер құрылысы бөлімі бірнеше
деңгейлерді қамтиды. Атап айтқанда: құралдар құрамы және олардың қызметі;
ол құралдардың өзара әрекеті, копьютер құрылысы және олардың жұмыс істеу
принциптері қарастырылады. Компьютердің ішкі, сыртқы, қосымша құрылғылары,
олардың физикалық тұрғыдан алғандағы жұмыс істеу тәртіптері, үрдістері
түгелімен баяндалады. Әсіресе оқушыларды қызықтыратын компьютер қалай жұмыс
істеейді? Файл қалай жазылады? т.б. сұрақтарға жауап беріледі.
Операциялық жүйені оқыту әдістемесі. Компьютер жұмыс істеуі үшін,
алғашқы бағдарламалар жүйесі-операциялық жүйе жүктелуі тиіс. Дербес
компьютер үшін Microsoft фирмасы Disk Operation System (MS DOS) операциялық
жүйесін жасаған. Оның атқаратын қызметі: дискідегі каталогтар тізімін
шығару (DIR), бағдарламаны көшіру (COPY), мәтіндік файлдың мазмұнын оқу,
қарап шығу (TYPE), бағдарламаны орындауға жүктеу. Дербес компьютердегі
операциялық жүйе файлдар жинағынан тұрады. Операциялық жүйемен жұмыс істеу
үшін ең алдымен. DEL, RENAME нұсқаларының қызметімен танысады. Операциялық
жүйелердің бұйрықтарын оқушылардың компьютерде орындайтын іс-әрекетіне
сәйкес келетіндей етіп, ретімен плакатқа жазып іліп қою керек. Оның реті:
бағдарламаны дискеттен жүктеу, нәтижені дискетте жазу, жұмысты аяқтау
т.с.с. жазылады. Егер оқушылар операциялық жүйе қызметін меңгерсе, онда
олар мұғалімге аса тәуелді бола қоймайды, өз бетінше жұмыс істеуге
кіріседі. Оқыту әдісі –мұғалім оқушы компьютерінде түсіндіре отырып,
демонстрациялап көрсетеді немесе плакат арқылы түсіндіреді.
Norton Commander қабық бағдарламасын оқыту әдістемесі.
Norton Commander көмегі арқылы операциялық жүйемен жұмыс істей алады,
өйткені NC-де экран мүмкіндігі толық пайдаланылады, панельде каталогтар мен
файлдар тізімі, мерзімі, өлшемі және т.б. түгелімен экранда беріледі.
Сонымен бірге, қажетті бұйрықтар арнайы пернелерге “бекітілген”. NC-дің MS
DOS-тан айырмашылығы қолдануға өте ыңғайлы етіп жасалған, сондай-ақ
нұсқауларды пернетақтадан теріп отырудың қажеті жоқ,тек арнайы пернені
бассақ (F1-F10) жеткілікті. Сондай-ақ грамматикалық қателерді болдырмайды.
Бұл бір жағынан нұсқауларды енгізуде жіберілетін қателіктерді болдырмайды,
әр уақытта үнемделеді. Оның үстіне ақпараттар тізімі (каталог,файлдар)
экранда алфавиттік ретпен беріледі.
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды оқыту әдістемесі. Информатика
курсының мақсаты-бағдарламаны пайдалана алатын қолданушыларды дайындау
екендігі белгілі. Қазіргі қолданушылар жұмысын дайын бағдарламада
(операциялық жүйе, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, берілгендер
базасын басқару жүйесімен) жұмыс істеуден бастайды. Бағдарламалық
қамтамасыздандыру мен жұмыс істеу және оны меңгеру күрделілігін,өзара
байланысын, оқушылардың дайындығын басқара келіп, оқыту ретін мынадай
тізбек бойынша жүргізу керек: графикалық редактор- мәтіндік редактор-
есептеу жұмыстары – электрондық кесте – берілгендер базасын басқару жүйесі.
Бұл адамзат тарихының әртүрлі іс-әрекеттерді меңгеруімен сәйкес келеді:
сурет салу, оқу, есептеу, басқару.
WINDOWS операциялық жүйесін оқыту әдістемесі. WINDOWS операциялық
жүйесін оқытқанда: программаны жүктеу,бумалар, файлдармен жұмыс, дискмен,
дискетпен жұмыс және де осы программаны орнату, қазақша қаріп енгізу және
т.б. көптеген іс-әрекеттер айтылуы тиіс.
Word мәтіндік редакторын оқыту әдістемесі. Word мәтіндік редакторы
– мәтін енгізу, оны өңдеуге арналған. Мектепте үйренуге жеңіл, мәтінді
жоғары сапалы етіп дайындау үшін Word редакторы қолданылады. Word – тың
мүмкіндігі өте көп. Қаріптердің өлшемін әртүрлі етіп өзгерту арқылы,
көркемдеуге болады. Жалпы, бұл соңғы жаңалықтардың бірі болып саналады.
Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту үшін басқа мәтіндік редакторлармен және
жазу машинасымен салыстырып, бұл редактордың мүмкіндігіне, ерекшеліктеріне
тоқталу керек. Монитор экрандағы әрбір символ әрбір әріп баспаға дәл сол
күйінде шығады, сол себепті жіберілген қатені алдымен экранда түзетіп
алған жөн. Сонымен мәтіндік редакторда жұмыс істегенде: мәтін енгізу,
түзету, сосын баспаға шығару керек. Бұны оқушы жұмыс үстелінде
демонстрациялап көрсеткен жөн. Нәтиженің нақтылығы қызығушылықты тудырады.
Мұғалім оқушыларға компьютерде мәтін енгізіп, оның қатесін түзетіңдер және
грамматикалық қателерін де табыңдар деген тапсырма берсе болады. Оқушылар
қателерді түзету барысында меңгеруге тиісті бұйрықтармен жұмыс істеуге тура
келеді. Әр мәтінді қатесіз, дұрыс енгізуге дағдыланады. Бұл өз кезегінде
оқушылардың грамматикалық сауатты болуына үлкен септігін тигізеді. Мұғалім
алдын-ала ішінде әріптері қалдырылған мәтін дайындап, бос орындарға дұрыс
әріптерін қойып шығыңдар десе де болады. Мұғалім компьютерді мәтін
енгізудің жетістіктерін әңгімелеп береді, сондай-ақ компьютерде жұмыс істеп
көрсетуі тиіс. Оқушылардың нұсқауымен жұмыс істеуі, сұрақтарға жауап беруі,
мәтіндік редакторды практикалық жұмыс істей отырып меңгеруі, өздерінің жеке
іс-тәжірибелерін жинақтауы, яғни теориялық алған білімдерін практикалық
қызметімен сабақтаса түседі. Оқушыларды компьютерге екеуден отырғызған
жағдайда, олар кезекпен жұмыс істеуі керек, өйткені тек бақылап отырып, бұл
редакторды меңгеру мүмкін емес. Негізігі мақсаты: Оқушылардың жұмысын
автоматтандыру. Мысалы, оқушылар кейбір қайталанатын сөздерді қайтадан
енгізіп отырады, оларға міндетті түрде көшіріп, автоматты түрде жұмыс
істеуін қадағалау қажет. Тағы бір айта кететін мәселе, оқушылар алғашқы
жұмыс істеген кезден бастап-ақ бірден екі қол саусақтарын пайдалануы
керек. Өйтпегенде олар тек бір қолмен, не бір саусақпен бір-бірлеп әріп
теріп отыруы мүмкін.Әрі олардың қолдары жаттығып, қай әріп қайда
орналасқандығына көздері үйрену үшін пернелік жаттығу ойынын берген жөн.
Paint – графиктік редакторын оқыту әдістемесі. Paint – графиктік
редакторын сурет салуға арналған. Мұның көмегімен әр түрлі бейнелерді,
көріністерді т.б. әсем етіп бейнелеуге болады. Paint – редакторы
пайдалануға өте жеңіл, мүмкіндігі жоғары. Қажетті сурет салуға арналған
құрал саймандар: түзу, сызық, дөңгелек, төртбұрыш, өшіргіш, әріп жазуға
арналған abc пернесі, түрлі түстер экранда жұмыс үстелінде орналасқан.
Бағдарламаны қоста, істей бер. Paint графиктік редакторында компьютер
көмегімен сурет салуды шектен тыс қолдануға болмайды, өйткені оқушыларда
сызба құраладры: сызғыш, циркульмен жұмыс істеу дағдыларын да
қалыптастыруымыз керек. Paint графикалық редакторы – графиктік бейне
түріндегі суреттер және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа.
Оқу мақсатында мыналар жатады: оқушыларды компьютерде сурет салуға
практикалық тұрғыда дайындық жұмыстарын жүргізу; жұмыс істеу үшін тұрақты
дағдыларын қалыптастыру; компьтерлік графика мүмкіндіктері мен
ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; қандай да бір сурет салу
үшін бұйрықтардың түрлі комбинациясын қолдана білуге үйрету; ойлау жүйесін
тәрбиелеу.
Тақтаға көп қадамнан тұратын бұйрықтар қызметін жазып, оқушыларға
редактормен жұмыс істеу нұсқаларын көрсету керек. Жұмыс істеудің қызық түрі
– суретті топ болып орындау, оны оқушы жұмыс үстелінде баспаға шығару.
Электрондық кестені оқыту әдістемесі. Excel кестесі экономикалық және
математикалық күрделі есептеулерді диаграммаларды және т.б. көптеген іс-
әрекеттерді орындауға арналған. Сабаққа қызығушылықты арттыру үшін алдын-
ала әзірленген тапсырманы демонстрациалап көрсетеді. Электрондық кестені
меңгерудің мынадай кезеңдері бар:
- дискідегі дайын файылмен жұмыс, яғни оқушылар кестедегі
берілгендердің мәндерін өзгерте отырып, нәтиженің өзгергендігін бақылайды.
Бұл әдіс бір жағынан мұғалімнің демонстрациялап көрсетуі арқылы да
орындалады. Нәтижеде оқушылардың кестемен жұмыс істеуге деген сенімділігі
артады, сондай-ақ осы тәріздес тапсырмаларды одан әрі қарай өздері орындай
алатындай дәрежеде сезінеді;
- бұйрықтарды меңгереді, яғни кесте ішінде орын ауыстыру,
жылжыту, ұяшықтарға сандарды еңгізу;
- формуланы түгелдей көруі үшін “формат” сияқты бұйрықтармен
жұмыс жасайды;
- кестедегі бір қатарды жою сияқты, яғни “жою” бұйрығымен жұмыс
істейді. Оқушылар әрбір өзгерісті дәптеріне жазып отырады. Қатарды не
болмаса бағанды жойған уақытта нәтиже (не формула) қалай өзгергендігіне
назар аударады. Сонымен бірге, қатарды, бағанды қою, көшіру тәсілдерін де
меңгереді. Бақылау нәтижесінде оқушылар дайын формулалар жүйесі үшін әрбір
ұяшыққа мәндерді еңгізуі, олардың өздерінің еңгізген формулалар жүйесін
жазуы керек. Оқытуды ұйымдастыру түрінің ең негізгісі әртрүрлі материалдар
бойынша жаппай зертханалық жұмыс орындау. Білімді жалпылауға арналған
сұрақтар беріледі.
Access- берілгендер базасын басқару жүйесін оқыту әдістемесі.
Access- берілгендер базасын басқару жүйесі кітапхана, мекемелердегі
қызметкерлер мәліметтерін еңгізу, жоғары оқу орындарындағы студенттер жайлы
мәліметтер жазу және т.с.с. орындарда кең түрде қолданылады. Берілгендер
базасын басқару жүйесін қолданғанда оқушыларға оның көптеген іс-әрекетті
орындай алатын мүмкіндігін және қуатын айту керек.Оқушылар берілгендер
базасын құруды, толтыруды білуі; оларды дұрыс толтырылғандығын бақылай
білуі; берілгендер базасын басқару жүйесі бұйрықтар жүйесі туралы түсінік
алу, мәзір арқылы жұмыс істеу ыңғайлылығын сезіну және бағалау, берілгендер
базасын қолдану аймағын анықтау және түсінікті кеңейту; алгоритм мен
орындаушы туралы түсінікті толықтыру; берілгендер түрі жүйесімен танысу;
оларды өңдеу тәсілімен танысу. Мұғалім бұл тақырыпты түсіндіруі үшін
алдымен өзі компьютерде демонстрациялап көрсетуі тиіс.
Алгоритмді оқыту әдістемесі. Алгоритмді және алгоритмдеуді
оқытқанда алдымен, алгоритм терминінің шығу тарихына тоқталған жөн.
Алгоритм программа құрудың әліппесі болып табылады. Алгоритмнің блок-
сүлбесіне мысалдар келтіріп, оқушыларға түсіндіру керек.
Программалау тілдерін оқыту әдістемесі. Бейсик тілі АҚШ-та 1960
жылдары алқғашқы үйренушілер үшін жасалынды. Мектеп информатика курсында
компьютерде Бейсик тілі қолданылады. Бұл үйренуге өте жеңіл тіл, өйткені 10-
15 нұсқаулар мен операторлардан тұрады. Мұғалім оқытушы бағдарлама жасауда
тиімді пайдалануына арналған, әрі бұл тіл арқылы сұхбаттық түрде жұмыс
істейді.
Паскаль тілін Н.Витром жазды. Бұл бағдарламалауды үйретуге арналған
мүмкіндігі мол тіл. Турбо Паскальдің 5.5, 6.0, 7.0 түрлері кәсіптік
бағдарламалау тілдері болып отыр. Паскаль тілі командалары мен операторлары
және программа жасау жолдары мен әдістері өтіледі.
Архивтеуші және компьютерлік вирус программаларын оқыту әдістемесі.
Бұл программалармен таныстырғанда олардың қызметтері мен қолдану
әдістеріне кеңірек тоқталған жөн.
Электрондық поштаны, интернетті оқыту әдістмесі. Электрондық пошта –
компьютер арқылы алыстағыларға хат, әртүрлі хабарлар жолдау мен оларды
қабылдауға арналған программа. Хабарды сервер арқылы таратып, қабылдауға
болатындығын көрсетіп, практикалық жұмыс жасауды үйрету керек. Интернет
(Inter- интернационал, халықаралық; network-желі), желісі көмегімен бүкіл
дүниежүзілік байланыс жасап, өзімізге қажетті ақпараттарды аламыз. Интернет
желісі арқылы компьютерде мәліметтер алу жолын көрсетуі тиіс.
Демек, информатика пәнін оқытуда жоғарыда келтірілген тақырыптарды
негізге ала отырып, оқыту әдістемесін жетілдіре түссек, онда ХХІ ғасыр жас
жеткіншектерін компьютерлік сауатты, білімді және мәдениетті етіп
шығарарымыз анық. Оның үстіне Біріккен Ұлттар Ұйымы “ХХІ ғасырды-
ақпараттандыру ғасыры” деп атағандықтан, осыған орай Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев ағамызды “Қазақстан ақпараттандыру-ХХІ ғасырға жасалған
қадам” деген тақырыпта ғылыми форум өткізгендігі де белгілі. Міне, осы
себептен де Қазақстандық информатика мамандары мен әдіскерлері
информатиканы оқыту әдістемесін бұдан да гөрі жетілдіре түсуі үшін көп
жұмыс жасауы тиіс.
1.4. Информатиканың философиялық негіздері
Материя - өздеріне ғана тән кез келген қасиеттері, байланыстары,
қатынастары мен қозғалыс түрлері бар дүниедегі барлық нысандар мен
жүйелердің ақырсыз жиыны.материалдық дүниенің жүйелі ұйымдастырылуы
материаның бар болуының негізін қалайды. Жүйе дегеніміз, мақсат немесе
қызмет тұтастығымен біріктірілген элементтер жиыны. Жүйеден тыс материя
жоқ. “Материя” ұғымы “жүйе” ұғымымен мағыналас. Осы тұрғыдан, материалдық
құрылымды 1- суреттегідей, құрамды элементері ретінде зат, энергия, білім,
ақпарат көрсетілген түрде беруге болады. Жүйелік тұрғысынан бұл элементтер
тең дәрежеде. Мұнда бірінші, екінші деген жоқ. Зат пен энергия білім мен
ақпараттың сәйкес тұғырлары ретінде көрінеді. Білім деп заттық тұрпатта
айқындалған жүйелі тәжірибені айтады. Зат- білім тұғыры немесе “өлі”
ақпарат. Ол білімді сақтаушы, сонымен қатар оны уақыт
бойынша таратушы генетикалық құрал қызметтерін атқарады. Энергия ақпарт
тұғыры ретінде зәру білімді көрсетеді. Ақпараттық өзара әрект тұйық (жабық)
жүйелердің қасиеті болып табылады. Тұйықтың өзі жүйедегі субъект–объект
өзара әрекеттестігі мақсатымен анықталады. Жүйеде білімнің болуы
(зәрулендірілмегн ақпарат) оның ашықтығын (тұйық
еместігін) куаландырады.
Ақпарат – материяның өзара әрекеттестікте көрініс беретін сол
материяның жалпы ортақ қасиеті. Ол жүйе құрайтын кибернетикалық құрал болып
табылады және сырттан енгізілмеген. Табиғи жүйелерде ақпарт үрдіс ретінде
көрінеді, ол жасалмайды, тек таратылады және қабылданады. Ал білім
жасалады, оның бір бөлігі мақсатты әрекеттер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz