Информатикада интерактивті оқыту әдістерді қолдану


Мазмұны
КІРІСПЕ . . .
1. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТЕОРИЯСЫ
1. 1 Инновациялық әдіс түрлері, оларды таңдау ерекшеліктері . . .
1. 2 Білім беру жүйесіндегі жаңаша оқыту технологиялары . . .
2. ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ ҚҰРУДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ПРОГРАММАЛАР ОРТАЛАРЫ
2. 1 ActivStudio Professional Edition ортасы . . .
2. 2 Macromedia Flash бағдарламалық ортасы
2. 3 Объектілі- бағытталған Delphi бағдарламалық ортасы
3. «ИНФОРМАТИКАДАН ЭЛЕКТИВТІК КУРСТАР ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ »
- Әдістемелік жүйе құрылымы . . .
3. 2 Қолданушыға нұсқау . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША(ЛИСТИНГ) . . .
КІРІСПЕ
1. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТЕОРИЯСЫ
- Инновациялық әдіс түрлері, оларды таңдау ерекшеліктері
Информатиканы оқытудың тұжырымдамалық негіздері 1979 жылы А. П. Ершовтың ғылыми басшылығымен Новосибирск қаласында жасалған "Компьютерлендірудің ұлттық бағдарламасында" төмендегідей негізгі міндеттер айкындалған:
Оқушыларға ғылымның негіздерін терең меңгерту мен оларды практикалық іскерлікке дайындау мақсатында оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру және одан әрі дамыту.
Жаңа ақпараттық технологияның элементтерін есептеуіш техниканы мектептердегі барлық пәндерге және сыныптан тыс жұмыстарда кеңінен пайдалану негізінде білім беру және тәрбиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру.
Халыққа білім беруді басқару жүйесін жетілдіру мақсатында компьютерлік технологияны жан-жакты пайдалану. Бұған ғылыми-педагогикалық ақпараттың автоматтандырылған жүйесін жасау мен ғылыми-техникалық ақпараттың жалпы мемлекеттік жүйесі енеді.
Алайда, бағдарламада көрсетілген міндеттерді шешу мектептерде информатика пәнін енгізумен ғана шектелді, яғни бұл жоғарыда аталған 1-ші міндетті жартылай ғана шешуге жағдай жасады. Әрине, бұл істелген жұмыс басты бағыт болып саналмайды, себебі мектепте білім беру жүйесін қайта кұру екінші және үшінші міндеттердің орындалуына ғана байланысты.
Информатика курсын окытудағы мақсаттардың негізгі сипаттамасына компьютерлік сауаттылық ұғымы енеді. Бұл туралы академик А. П. Ершов былай деп жазған: "Информатиканы оқытудың жалпы мақсаты - "компьютерлік сауаттылыққа ұмтылу". "Компьютерлік сауаттылық" ұғымының мазмұны неден тұрады деген сауалға академик Е. П. Велихов былай деген: "Информатика пәнін оқытудың мақсатын оқушыларды компьютерлік сауаттандыру деп өрнектеуге болады. Компьютерлік сауаттылықка информатика курсының алғашқы түсініктері, қарапайым программаларды компьютерде орындай білу, ЭЕМ-ның мүмкіндіктері мен қолданылу салаларын үйрену, компьютерлендірудің әлеуметтік салалары туралы мағлұматтар енеді".
1985 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептерде "Информатика мен есептеуіш техника негіздері" пәнін енгізгендегі негізгі мақсат - ақпарат туралы алғашқы мағлұматтар беру, есептеуіш техникасының мүмкіндіктерімен және қолданылу саласымен таныстыру, ЭЕМ-ды пайдаланушыны дайындау болып табылды.
Бұл мақсатты іске асыру үшін мектептерді есептеуіш техникаларымен, сәйкес оқу-әдістемелік материалдарымен, педагогикалық программалық пакетімен қамсыздандыру қажет болды. Осы мақсатқа байланысты академик А. П. Ершов пәнді оқытудың теориялық тұжырымдамасын жасауда төмендегідей шарттарды ескеруді ұсынды:
1. Информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін оқытудың негізгі кұралы - ЭЕМ, ал ЭЕМ - бұл оқытудың техникалық кұралы ғана емес, сонымен қатар танымдық факторлардың кұралы ретінде қолданылуы қажет:
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде пернетақтаның пернелерін бас, нәтижесін ал деп айту жеткіліксіз. Программалап оқытуда үйрету программаларын пайдалану пәнді жан-жақты меңгеруге мүмкіндік бермейді. Ал, шын мәнінде компьютер оқушының шығармашылық іс-әрекеті мен белсенділігін арттыруға мүмкіндік беруі қажет;
ЭЕМ-мен оқушының жеке жұмыс жасағаны тиімді;
4. Мектеп информатикасы оқушыларды компьютермен жұмыс жасай білуге дағдыландырып қана коймай, оны басқа пәндерге (математика, физика және т. б. )
пайдалану икемділігін де қалыптастыруы қажет. Тұжырымдамада информатика пәнін компьютерлендіріп оқыту көзделген. Бірақ бұл пән алғаш мектептің оқу
бағдарламасына енгізілген кезде "машинасыз" вариантта оқытылуына байланысты А. П. Ершовтың жасаған теориялык тұжырымдамасы курсты оқытудың мазмұнын,
кұрылымы мен міндеттерін толыктай аша алмады және мектептегі оқыту үрдісіне айтарлыктай әсер ете алмады. Дегенмен де, тұжырымдаманың пәнді оқытудың болашағына тигізер ықпалы болды, атап айтқанда, ЭЕМ-мен танысуды бастауыш сыныптан бастау мен компьютерді барлық пәндерді оқыту үрдісіне пайдаланудың тиімділігін толықтай көрсетіп берді. Аталған мәселелер біздің жасайын деп отырған тұжырымдаманың негізгі бағыттарынын бірі болып енгізілді.
Осы айтылған мәселелермен қатар академик А. П. Ершов келешекте пәнді оқытудың төмендегідей нетізгі бағыттарын ұсынды:
Пәннің мазмұны ғылыми пән ретінде анықталуы керек. Оны оқыту іргелі білім деңгейін беруі қажет, яғни оқушылардың әр түрлі салалардағы болашақ кәсіби қызметіне дайындығын қамтамасыз етуі керек. Бұл мақсат пәннің практикалық мақсатын айқындайды.
Пәнді оқытудың түсініктілік және жалпы білім беру мақсатына сай информатика пәніндегі берілген материалдар оқушылардың ойлау қабілетінің денгейіне, білімдеріне, икемділіктері мен дағдыларына сай болуы қажет және де оларды одан әрі дамытуға жағдай жасалуы керек.
Тұжырымдамада информатика пәнінің негізгі мазмұны қазіргі заман ғылымының: ақпарат - алгоритм - ЭЕМ деген іргелі ұғымына негізделеді. Оқушылардың меңгеруіне міндетті болатын теориялык дайындықтың көлегей осы ұғымдар жүйесі арқылы анықталады.
Алғашқы кезеңде (1985-1986 оқу жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларда компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылды. Алайда шетелдік және отандық тәжірибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткіліксіз екенін көрсетті. Өйткені, біріншіден, компьютерлік сауаттылық (арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару) басқа пәндерді үйренуде оқушыда қалыптасатын жалпы сауаттылықтың кұрамды бөліктерінің бірі болып табылады, екіншіден, мұнда технологиялык дамытуға әкеліп соғатын "оқушының алгоритмдік даму парадигмасы негізге алынған еді.
Белгілі ғалым А. А. Кузнецов информатиканы оқытудың төмендегідей әдістемелік жүйесін ұсынды:
1. оқытудың мақсаты;
2. оқытудың мазмұны:
3. оқытудың әдістері;
4. оқытуда пайдаланылатын техникалық кұралдар мен көрнекі кұралдар;
5. оқытудың ұйымдастырушылық формасы.
Аталған жүйенің информатика пәні үшін қалай жүзеге асыруға болатынын атап көрсеткен.
А. А. Кузнецовтың пікірінше, информатика курсының түпкі мақсаты - оқушыларды компьютерлік сауаттылықты, яғни оқушының информатика пәнінен алған білімі, дағдысы мен икемділігін оқу үрдісінің барлық салаларында қолданумен қатар кәсіби мамандыққа баулу қызметтерінде де ЭЕМ-ды пайдалану мүмкіндіктерін қалыптастыру болып табылады.
Оның пікірінше, информатика курсының негізгі мазмұны бір-бірімен тығыз байланыстағы теория мен практика бөлімдерінен тұруы қажет.
Курстың теориялық бөлімі оқушыларда алгоритмдік мәдениеттіліктің калыптасуына, яғни есептерді талдау дағдысы, орындау алгоритмі, алгоритм құрылымы, шама түрлері және т. б. ұғымдармен танысуға бағытталған болса, ал курстың практикалық бөлімі дайын программалар пакетімен жұмыс жасауға және нактылы бір программалау тілдерінде (Бейсик, Паскаль және т. б. ) программа жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталғаны жөн.
Бұл аталған тұжырымдамада информатика пәнінің даму болашағы бірнеше кезеңдерге бөлінген:
1-кезең (1985-1990 жж. ) . Оқушыларда компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру. Бұл кезең 9-10 сыныптарда факультативтік сабақтарда және оқу-өндірістік комбинаттарында пәнді оқыту арқылы жүзеге асырылады.
2-кезең (1990-1995 жж. ) . Толык емес орта мектептердің 5-7 сыныптарына пәнді оқытуды көшірумен байланыстырылды. Информатиканы төменгі сыныпқа көшірудегі қажетті шарт, ол мектептерді жаппай компьютерлік техникамен және сәйкес программалар пакетімен қамсыздандыруға байланысты болды.
Жоғарғы сыныптарда (10-11) оқыту белгілі бір бағдарланған бағытта (физика-математика, химия-биология және т. о. ) жүретін болғандықтан бұл сатыда оқушылардың таңдап алуына тереңдетілген курстарды өткізу қажет болды. Атап айтканда, "Информатика мен есептеуіш техника негіздері" пәнінен ұйымдастырылған тереңдетілген курстардан оқушы программалаушы (белгілі бір дәрежедегі) кепілдемесін, "Информатика және экономика элементтері" курсынан экономика жөнінде білім алуы тиіс. Оқытудың осы сатысында терендетіліп оқытылатын математика және физика курстары да информатикамен тығыз байланыстырылуы қажет.
3-кезең (1995-2000 жж. ) . Бұл кезең жаңа ақпараттық технологияны пайдаланумен байланысты. Мұнда жай оқыту әдістемесін өзгертумен емес, бүкіл оқу үрдісін түбегейлі қайта құрумен сипатталды. Сонымен бірге, оқытудың әдістемелік жүйесіне елеулі өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, оқулықпен қосымша оқу кұралдарының және т. б. өзара үлестік қатынасы мәелесін маңызды етіп алды.
А. А. Кузнецовтың
жасаған тұжырымдамасында төмендегідей мәселелер:
пәнді орта буыннан бастап оқыту;
пәнді терендетіп оқыту;
пәнді экономика, математика, физика және т. о. басқа пәндермен байланыстырып оқыту;
окыту үрдісіне жаңа акпараттық технологияны пайдалану тиімділігін анықтай отырып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды түбегейлі кайта кұру және т. б. сипатталды.
Бірақ тұжырымдаманың мазмұнына үңіліп қарайтын болсақ, онда білім беруді ізгілендіру мен демократияландыруда, саралауда информатика курсын оқытудың мазмұнын, құрылымын және әдістерін қайта кұру мәселесі қарастырылмаған.
М. П. Лапчик тұжырымдамасында информатика пәнін оқытудың құрылымы мен болашақ осы курстың мұғалімдерін жоғары оқу орындарында даярлаудың үлгілері келтірілген.
Бұл тұжырымдама бойынша мектепте "Информатика мен есептеуіш техника негіздері" пәнін оқытудың құрылымы төмендегі көрсетілген кезендерден тұрады:
1-кезең. 1-4 сынып оқушыларына информатика курсының алғашқы мағлұматтарын үйрет. Мұнда компьютерлік техникамен жұмыс жасаудың алғашқы мағлұматтары, ЭЕМ-ның көмегімен нысандарды басқару мен бейнелеуді ойын формалары түрінде үйрету, математика, тіл, бейнелеу және т. б. пәндермен байланыстыра отырып, қарастырылады.
2-кезең. Негізгі мектептің 5-9 сыныптарында информатика пәнін оқыту. Бұл кезеңнің 5-6 сыныптарында компьютерлік техниканы оқу құралы ретінде қарастыра отырып, атқарушылармен - роботпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. 7-9 сыныптарда программалау элементтері курсы жүргізілді. Мұнда информатика курсының коғамдағы әлеуметтік аспектілері: ақпараттарды мемлекетгің қызметтеріне сәйкестендіріп, түрлендіру, компьютерге құқык бұзушылар тізімін енгізу және т. б. Осы кезеңде информатика курсын оқытудың негізгі міндеті - бұл компьютерлік техниканы барлық пәндердің оқытылуына пайдалана отырып, оқушылардың білімін жүйелеу.
3-кезең. Орта мектептердің 10-11 сыныптарында "Информатика мен есептеуіш техника негіздері" пәнін оқыту. Бұл кезеңде оқушыларға жоғарғы дәрежедегі программалау тілдері үйретіледі. Қоғамның кажеттілігіне байланысты қуатты программалық кұралдары пайдаланылған: экономикада, бизнесте және коммерцияда, мемлекеттік қамсыздандыру жүйелерінде, әлеуметтік салаларда және т. б.
И. П. Лапчик информатика пәнін оқытудың құрылымын ұсына отырып, пәнді оқушыларға жан-жақты меңгерту негізінде мұғалімдерден төмендегідей мәселелерді оқыту барысында жүзеге асыруды талап етті:
а) қазіргі талапқа сай информатика курсынан терең білімі бар жоғарғы дәрежелі маман болу;
ә) жаңа педагогикалык технологияны информатиканы оқытуға пайдалану. Бұл көрсетілген талаптар уақыттың өзгеруінен туындап отыр.
И. П. Лапчик информатика пәні мұғалімдерін жоғарғы оқу орындарында дайындаудың негізгі бағыттарын ұсынды:
Пәнді жаңа акпараттық технология негізінде оқыту.
Оқу-тәрбие үрдісінде компьютерлік техниканы пайдаланудың негізгі мәселелерін жүзеге асыру.
3. Информатика пәнін оқытудың әдістемесін қазіргі күннің талабына сәйкесті анықтап, оқу үрдісінде қолдану.
И. П. Латик жасаған тұжырымдаманың негізгі мақсаты - ол '"Информатика мен есептеуіш техника негіздері" пәнін оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз мамандығын терең білетін мүғалімдерді дайындау. Бұл өте орынды көтерілген мәселе. Ұсынылып отырған тұжырымдаманың басқа жоғарыда айтылған тұжырымдамалардан ерекшелігі де осында болып отыр.
Я. Марголис ұсынған тұжырымдаманың негізгі идеясы оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушыларды шығармашыпыққа, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін дамытуға бағытталған.
Тұжырымдамада оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты информатиканы үздіксіз оқытудың мазмұны, кұрылымы және программалық қамсыздандырылуын бейнелейтін кесте берілген.
Оқыту кезеңдері, мақсаты, мазмұны және программалық қамсыздандыру
№3- кесте
Табиғат кұбылыстарын
зерттеу кұралы -
компьютер.
Баскарудың әр түрлі
типтеріне пайдаланатын
кұралы - компьютер
РЗЬ
(перс, научи.
лаб. )
ТР, ЭТ: ЭП
ОМБ (СУБД)
1
Кестедегі көрсетілген деректерге талдау жасайтын болсақ, онда тек баланың жас ерекшелігі ғана ескерілген. Сонымен қатар баланың ойлау қабілетіне байланысты берілген есептер көрсетілген. Жалпы информатика курсын үздіксіз оқытудың мазмұны компьютерді практикалық қызметтің кұралы ретінде қарастыра отырып, оқушылардың компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға негізделген. Тұжырымдаманың жалпы кұрылымын жасауда С. Пейперттің идеясы мен шетел тәжірибелері негізге алынған. Қорыта айтканда, Я. Марголис информатика курсын үздіксіз оқытудың 1-11 сыныптарға арналған бағдарламасын ұсынды. Тұжырымдаманың өзіндік ерекшелігі осы мәселемен негізделді.
Аталған тұжырымдамаларды негізге ала отырып, Қазакстан Республикасының мектептерінде білім беруді ақпараттандыру тұжырымдамасы Ж. А. Қараевтың ғылыми басшылығымен жасалған болатын. Енді осы тұжырымдаманың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік. Тұжырымдамада информатика курсын 5 сыныптан бастап оқыту мәселесі қарастырылған. Сонымен бірге, информатика курсын 5-11 сыныптарда оқыту мазмұны мына түрде сипатталды:
1. курстың теориялық бөлімі оқушылардың, алгоритмдік және ақпараттық мәдениетін, өз бетінше белсенді жұмыс жасау қабілетін, пәндік міндеттерді талдай білу мен оларды модельдеу дағдыларын қалыптастыруға және ақпарат, аткарушы, алгоритм, ақпарат пен алгоритм кұрылымы, программалау тілі, компьютердің құрылысы сияқты түсініктермен таныстыруға бағыттау;
2. курстың практикалық бөлімі дайын программаларды пайдаланып жұмыс істеу дағдыларын дарытумен (мысалы, ЛОГО оқыту құралымен) . белгілі бір программалау тілінде программалар жазуды үйретумен сипатталды.
Бұл тұжырымдамада білім беруді ақпараттандыру мәселесі негізге алынған. Сонымен қатар, информатика мен математика пәндерін байланыстыра оқыту оқушының білімді жан-жақты меңгеруіне игі әсерін тигізетінін айта келіп, оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану барысында оқушының танымдық белсенділік іс-әрекетінің артатынына тоқталды.
Жоғарыда аталған тұжырымдамалардан Ж. А. Қараевтың ғылыми басшылығымен жасалған тұжырымдаманың ерекшелігі:
информатика пәнін 5 сыныптан бастап енгізуде оқыту мазмұны мен құрылымын басқа пәндермен сабақтастық негізде қарастырған;
информатиканы оқыту оқушылардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған;
оқыту құралы ретінде компьютер қарастырылған.
Аталған ерекшеліктермен қатар орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 1998 жылы профессор Ж. А. Қараевтың ғылыми басшылығымен информатика пәнін 7-11 сыныптарда оқытудың тұжырымдамасы жасалды.
Информатика пәнін 7 сыныптан бастап оқытудың қажеттілігін төмендегі берілген мәселелер төңірегінде түсіндіруге болады:
1. Іс-қимыл құрылымын жоспарлау, ақпаратты іздестіру. қарым-қатынас құрылымын жасау, ақпараттық модельдерді кұрастыру, қызметті кұралдармен жабдықтау ретінде іргелі дағдылар мен іскерліктердің жиынтығы түрінде қарастырылатын оқушылардың оперативті ойлау мәнерін қалыптастыру -информатика курсының маңызды міндеттерінің бірі. Ал жоғарғы сынып оқушыларының ойлау мәнері қалыптасып калғандыктан, олар жаңа формаларын қиындықпен қабылдайды.
2. Оқушыларды ЭЕМ-ды ақпаратпен практикалық жұмыс жасауға үйретуі тиіс. Төменгі сыныптарда компьютерде жұмыс жасауды меңгергеннен кейін, оны өз қызметтерінде құрал ретінде пайдалана білу икемділіктерін қалыптастыру. Жоғарғы сыныптарда мұндай жұмысқа икемделген оқушы әр түрлі курстарды өткенде алған білімдерін (ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдері, мәселелер шешуді жоспарлау т. с. с. ) шеберлікпен пайдалана алады.
Информатика пәнін оқытудың мақсаттары:
оқушыларға ақпаратты өңдеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімдерді меңгерту;
оқушылардың оқу үрдісінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру кұралы ретінде, сонымен бірге кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Информатика пәнін оқытудың міндеттері:
- оқушы санасында әлемнің ақпараттық келбетін қалыптастыру (бұл міндет информатиканы жаратылыстану ғылымдарының қатарына қояды) ;
- математика курсындағы алгоритмдік бағытты жүйелеу және аяқтау;
3. ақпарат түрлерінің қызметін ұғыну дағдыларын қалыптастыру;
- бірегей атқарушы ретінде компьютер туралы түсініктер қалыптастыру;
5. компьютерлік сезімталдықты қалыптастыру, әрекет кұралы ретінде компьютерді пайдаланудың мүмкіншіліктерін білу және оны тиісті жерлерде колдана білу;
- негізгі алгоритмдік құрылымдар білімін қалыптастыру және осы білімдерді есептердің математикалық модельдері бойынша алгоритмдерін кұруға қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
- ЭЕМ құрылысы мен жұмысы туралы түсініктерді және құрылган алгоритм бойынша жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірінде компьютерге бағдарлап қарапайым программа жаза білу дағдыларын қалыптастыру;
8. бағдарланған деңгейде күрделі алгоритмдер құрастырып, оған программалар жаза білу дағдыларын калыптастыру;
9. практикалық әрекет барысында туатын және ЭЕМ-ның көмегімен
шешугеарналған есептің сауатты қойылу дағдыларын қалыптастыру;
10. есептің құрылымдық дағдыларын қалыптастыру;
11. оперативті ойлау мәнерін қалыптастыру: есепті құрастыра білу; ондағы логикалык тәуелсіздік бөліктерді атап көрсету; осы бөліктердің өзара байланысын анықтау және компьютерде шыққан нәтижеге талдау жасауға үйрену;
12. компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың программаны
құрастыру, оны компьютерде редакторлеу және нәтижесін зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Біздің тұжырымдамамыз бойынша информатика мазмұны мынадай екі үлкен дидактикалық мәселені шешуге бағытталуы керек: 1) компьютер - оқыту объектісі; 2) компьютер - әмбебап таным құралы. Оқушы таным субъектісі болған кезде бұл екі мәселе бірін-бірі толықтыра отырып курстың негізгі мазмұнын құрайды.
Сонымен информатика курсының негізгі мектептегі мазмұнының құрылымы мынадай үш кешенді мәселелердің төңірегіне шоғырланған: біріншісі -компьютерлік техникамен танысу, оның негізгі элементтерінің құрылымы мен жұмыс істеу кағидаларымен танысу; екіншісі - алгоритмдеу және программалау негіздерін оқып, үйрету; үшіншісі - информатиканың қолдану шеңберін анықтау (бұған оқушылардың өз бетімен компьютер арқылы жүргізген танымдық
әрекеттері де енеді) .
Информатиканың мазмұнын анықтауда оны іріктеудің дәстүрлі талаптарымен қоса компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерін ескеру; оқытудың педагогикалық технологиясының талаптарын ескеру және ұлттық, аймактық ерекшеліктерді ескеру талаптары да қамтылды.
Мазмұнға қойылатын процессуалдық талаптан шығатын шарттар оқытудың компьютерлік технологиясын ендіруді қажет етсе, ол өз кезегінде деңгейлік саралауға қажет есептер мен тапсырмалар жүйесін құрудың, оқытудың жаңа моделімен жұмыс істеуді қажет етеді. Оқыту моделі оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған, мақсат - мотив - қызмет - рефлексия -теориялық білім өрнегімен анықталатын түрі таңдап алынды.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында информатиканың мазмұны мына бағыттарда өзгертілді.
1. Теориялық информатика. Ақпарат - материяның семантикалық қасиеті (ретінде) ақпарат тірі және өлі табиғатта. Информатика теориясының жалпы бастамасы. Ақпаратты өлшеу әдістері. Макро жөне микро ақпарат. Математикалық және ақпараттық модельдер. Алгоритмдер теориясы.
Информатикадағы стохастикалық әдістері. Есептеу эксперименті ғылыми зерттеу әдіснамасы ретінде. Информатика және білім. ' Ақпараттық жүйе және интеллектуалдық процестің семантикалық аспектісі жасанды ақпараттық жүйе. Білімді ұсыну (беру, көрсету) әдістері. Ақпараттық процесс. Таным және шығармашьшық. Технология және ақпараттық жүйені жобалау әдістері мен теориясы.
Құрал. Техникалық өңдеу, бейнелеу және деректер беру. Дербес компьютер. Жұмыс станциялары. Ақпаратты бейнелеу және енгізу-шығару кұрылғысы. Аудио-видео жүйелер, мультимедиа жүйелері. ЭЕМ желілері. Компьютерлік телекомуникациялық жүйелер және байланыс құралы.
Жүйелік. Программалау тілдері және операциялық жүйелер. Сервистік қоршам. Пайдаланушы интерфейс жүйесі. Компьютер аралық байланыс программалық құралдары (телеқатынау жүйесі), есептеуіш және информациялық орта.
Әмбебаптағы. Мәтіндік және графикалық редакторлар. Деректер базасын басқару жүйесі. Электрондық кестелер процессоры, нысандарды моделъдеу қүралы.
Кәсіптік бағдар. Баспа жүйесі. Деректерді өңдеу, жобалау, автоматтандырылған есептеу технологияларын жүзеге асыру жүйесі. (Есепке алу, жоспарлау, басқару, анализ, статистика және т. б. ) .
Ақпараттық технологиялар. Деректерді өндеу және сақтау, жинау, енгізу-шығару. Техникалық құжаттама, графикалық және мәтіндік кұжаттарды дайындау. Түрлі ақпараттық ресурстарды, ұжымдық пайдалану және интеграция. Ақпаратты қорғау. Программалау, жобалау, модельдеу, оқыту, диагностика, нысандарды, кұбылыстарды және жүйелерді басқару.
Әлеумеметтік информатика. Ақпараттық ресурстар қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының факторы (есебінде) . Ақпараттық қоғам - заңдылықтар, орнықтыру (тұрғызу) және даму мәселелері (проблемалары) . Қоғамның ақпарараттық құрылымы. Ақпаратты қауіпсіздендіру мәселесі. Ақпараттық қоғамда жеке тұлға дамуының жаңа мүмкіндктері.
Жолдары. Ақпараттық мәдениет және жеке тұлғаны ақпараттық жағынан қауіпсіздендіру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz