Демеулік шылаулардың семантикалық түрлері


Қазақстан Республикасы Білім жӘне Ғылым министрлігі
Е. А. БӨкетов атындАғы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
ф. ғ. д., профессор
Ш. М. Мажитаева
«» 2008 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Демеулік шылаулардың логика-
грамматикалық түрлері
Ғылыми жетекшісі:
ф. ғ. к., доцент Пірімбетов Т. Т.
Орындаған:
КОу-53 тобының
студенті Тоқсанбаева Ж.
ҚАРАҒАНДЫ-2008
Қазақстан Республикасы Білім жӘне ғылым министрлігі
Е. А. БӨкетов атындАғы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
Тоқсанбаева Жеңісгүл
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Демеулік шылаулардың логика-
грамматикалық түрлері
Мамандығы: 030740 - қазақ тілі мен әдебиеті
ҚАРАҒАНДЫ-2008
МАЗМҰНЫ
I Кіріспе. ШЫЛАУ СӨЗ ТАБЫ ТҰРАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ
МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 3-6
IІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Демеулік шылаулар . . . . 7-9
2. 2. Демеулік шылаулардың семантикалық түрлері . . . 9-10
а) Сұраулық демеуліктері . . . 11-15
ә) Шектік демеуліктер . . . 16-19
б) нақтылау демеуліктері . . . 19-21
в) Күшейткіш демеуліктер . . . 21-34
г) Салыстыру, қомсыну демеуліктері . . . 34-36
ғ) Күдіктік демеулігі . . . 36-37
ж) Болжалдық, сенімсіздік, кекесін демеулігі . . . 37
з) Тілектік демеуліктері . . . 37-39
2. 3. Демеуліктердің кейбір грамматикалық ерекшеліктері . . . 39-49
ҚорЫтынды . . . 50-51
Пайдаланылған Әдебиеттер . . . 52
І КІРІСПЕ
Шылау сөз табы тұрасындағы жалпы мәселелер
Филология ғылымдарының докторы, профессор Н. Оралбай: « . . . шылаулар деп сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге әр түрлі грамматикалық мағына қосатын, сөздің грамматикалық тұлғасын түрлендіретін көмекші сөздердің бір түрі аталады. Шылаулардың мағынасы да сөзге тіркесу қабілеті де, атқаратын қызметі де алуан түрлі. Осымен байланысты шалаулар үш түрге бөлінеді: 1) септеуліктер, 2) жалғаулықтар, 3) демеуліктер» -деп көрсетеді [1:350] .
Демеулік шылауларын арнайы зерттеген ғылым. Ф. Кенжебаева бұл мәселе жөнінде мына сенімді пікір қосады: «қазіргі қазақ тілінде «шылау сөздер» деп аталып, сөз таптарының бірі боп саналып жүрген септеулік, демеулік, жалғаулық категориялары орыс тілінде және біздің тілімізге туыстас түркі тілдерінде бұл категориялардың әрқайсысы өз алдына жеке-жеке алынып, жеке сөз тобы ретінде қаралып жүр. Мысалы, қарақалпақ тіліндегі көмекші сөздер грамматикалық мағыналарына, сөйлемдегі қызметіне қарай: 1) демеулік, 2) септеулік, 3) жалғаулық болып дербес үш көмекші сөз табына бөлінеді. Орыс тілінде бұл үш көмекші сөздердің ішінде предлог (біздің септеулік) пен жалғаулықты ерекше қалыптасқан сөздер деп қарап, демеуліктерді бір жағынан үстеу мен модаль сөздердің екінші жағына жалғаулықтардың аралығындағы, жартылай грамматикалық. жартылай лексикалық дәрежедегі сөздер деп көрсетіледі де үшеуі көмекші сздердің тобымен бөлінген үш түрлі сөз табы ретінде қаралады», - дейді [2:82] .
Қазақ тіліндегі «шылау сөздер» деп аталып жүрген көмекші сөздердің ішіндегі жалғаулық категориясы өз алдына щерттеліп, сипатталынған болатын [3:95] . Септеулік пен демеуліктердің жалғаулықтардан айтарлықтай айырмашылықтарының бар екенін аңғарылады. яғни септеулік пен демеуліктердің дербес сөздерге тіркесе келулері шартжәне жай ғана тіркесіп қоймай, оның септеулік түрі сол тіркескен сөзінің белгілі бір септік тұлғада келуін тілеп меңгереді де, сол септік тұлғаны жетілдіріп, негізгі сөздің мағынасын да сөйлемдегі қызметін де анықтайды. Сол тіркескен сөзін сөйлемдегі келесі сөзбен грамматикалық байланысқа келтіреді. Сол сияқты демеуліктер де дербес қолданылмайды. Жеке лексикалық мағынасы бар сөздердің құрамына еніп, оны күрделендіріп, сол сөзге үстеме ұғым қосады. Осы қасиетті ескерген Ф. Кенжебаева былай дейді: «Олай болса, септеулік те, демеулік те өздері тіркескен сөздердің шылауында жүрмейді, қайта сол сөздердің мағыналарына өң беріп, оларды мағыналық жағынан сүйемелдеп демеп тұрады. Сондықтан әр нәрсені өзінің ұғымына, атқаратын қызметіне сәйкес атайтын болсақ, септеулік пен демеуліктерді «шылау сөздер демей, «демеу сөздер десек жөн болар еді дегіміз келеді де, «шылау сөздердің» тобында қаралып жүрген жалғаулықтарда бөліп алып жеке қарау керек. Өйткені «жалғаулықтар» деп жүрген сөздеріміз өзінің қызметі жағынан да, басқа сөздерге қатысы жағынан да септеуліктер мен демеуліктерден мүлдем басқаша» [3:84] .
Септеулік пен демеуліктер жай сөйлемнің ішіндегі бір сөзге ғана қатысты болса, жалғаулықтар жеке сөзге емес, жай сөйлемнің ішіндегі бірыңғай мүшелерге және күрделі сөйлемдерге қатысты болып келеді және қатысты сөздерді мен сөйлемдерінің соңынан емес, аралығынан немесе алдынан орналасады. Мысалы: Сондай қағаздардың саны жиырмадан артық және әр уақытта жазылған қағаздар (С. М. ) . Боранбектің жер бауырлап жатқан шекпені мен тымағын ол аяғымен теуіп жіберді (С. С) . Ілгері жүруге болмады. Сондықтан қарт мұғалім бірнеше жерлестерімен жеріне қайта оралған еді (Ә. Ш. ) .
Сонда шылаулар деп өзінің шыққан сөз табынан байланысын жоғалтқан, грамматикалық дамудың нәтижесінде лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық мағынаға көшкен, түрлі грамматикалық қызметі атқаратын тілдік бірліктер аталады [1:550] . Мысалы: Аса қадірлес ағасы Абай оның алдынан шықпайды және ешкімге бетінен қақтырмайды (М. Ә. ) . Жігіттің әдепсіздігі үшін қызарып кетті (М. Ә. ) . Келе ғой күнішегім, - деді әжем (С. М. ) . Бұл сөйлемдердегі және жалғаулықты шылауы екі сөйлемді байланыстырып тұр. Үшін шылауы атау септіктегі сөзге тіркесіп, оған себеп мәнін қосып тұр. Ғой шылауы тілек мағынасын қосқан. Бұдан шылау байланыстыру, түрлі грамматикалық мағына қосу қызметін атқаратыны анықталды.
Шылаулар - грамматикалық мағынаны білдіруі жағынан, дыбыстық құрамы жағынан көмекші сөздердің ішінде қосымшаларға жақын тілдік бірліктер.
- Бірсыпыра шылаулар қосымшалар сияқты дыбыстық вариантқа түрленіп қолданылады. Мысалы:да, де, та, те, ма, ме, па, пе, ба, бе; қой, ғой, ды, ді, ты, ті; қана, ғана; құрлы, ғұрлы, ғұрлым; бойы, бойымен; әйтсе де, әйткенмен, әйткенде, әйтпегенде; я, яки, яғни; бірде, біресе; не, немесе; болмаса, не болмаса, мен, бен, пен, менен, пенент. б.
- Шылаулардың біразы тіркесетін лексикалық мағыналы сөздің тұлғасын таңдайды. Яғни олардың бірсыпырасы тіркесетін сөзінің тұлғасын таңдап, белгілі грамматикалық категорияның көрсеткіштерімен ғана қолданылып, сол категорияға қызмет етеді. Мәселен сетік шылаулар септік категориясына ғана қызмет етеді [4:557-559] .
Жинақтай айтқанда, ғалымдар пікірінше шылаулар жеке қолданылмайды, себебі олардың дербес мағыналары жоқ. Дегенмен лексикалық дербес мағыналары болмағанымен - сөйлемде грамматикалық қызметтері ерекше. Олар сөзбен сөзді және сөйлем мен сөйлемді байланыстыра алады. біз жұмысызда шылаулардың демеулік түрін ғана сөз етпекпіз.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Демеулік шылаулар
Демеулік шылаулар деп тіркесетін сөздеріне әр түрлі грамматикалық мағына қосатын шылаудың түрі аталады. Мысалы: Алданғанын сезіп, кейін қайтса да, есі әлі кірген жоқ. Содан бергі атағы үшін де қарыздарсың (Ә. Ә) . Бұл мысалдардағы бірінші демеулік шылау шартты райлы етістікке тіркесіп, оған қарсылық мән қосөан, екінші мысал дербес сөзге үшін септеулік шылауынан кейін тіркесіп, күшейту мәнін қосқан [1:365] .
Демеулік шылаулар мыналар: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше, ай, да, де, та, те, қой, ғой, ды, ді, ты, ті, қана, ғана, ақ, мыс, міс, ау, түгіл, тұрсын, тұрмақ, екеш, құрлым . Мысалы: келе ме? айтса ше? жақсы - ау, құдай - ай, кетті де, бала ғой, білетін - ді, кеше ғана, мықты - ақ, батыр - мыс, келді - ау, ол түгіл, апаң тұрсын, туыс тұрмақ, бала екеш, сен құрлым .
Демеулік шылаулардың бірсыпыра өзіндік ерекшелігі бар: 1) Демеулік шылаулардың дыбыстық құрамы өте шағын, көбі бір буынды, екі буынды демеуліктер өте аз, олар - ғана, екеш, түгіл, тұрсын, тұрмақ.
2) Демеулік шылаулардың қосымшаларының дыбыстық варианттары бар. Олар - да, де, та, те, ма, ме, ба, бе, па, пе, ғана, қана, қой, ғой .
3) Сзден бөлек жазылмай дефис арқылы жазылатын демеуліктер бар. Олар - ды, ді, ты, ті, тын, тін, мыс, міс .
4) Басқа шалауларға қарағанда, демеулік шылаулар қолданыста мағыналық түрленіске бейім. Күшейткіш мәнді -ау демеулігі қолданыста таңдануды да білдіреді. Мысалы: Ғажап-ау, мен кімді көріп тұрмын ?! (Ә. Ә. ) . Бұл сияқты қолданыстағы мағыналық түрленіс демеулік шылауда жиі кездеседі.
5) Демеулік шылаулардың дербес лексикалық сөзге тіркесуінде де өзіндік ерекшелік бар. Демеулік шылаулар негізінен түрлі сөз таптарына сөзтұлғасын таңдамай тіркесе береді. Мысалы: оқытушы да, жақсы да сен де, кім де, бүгін ше, келген-тін, ойпырым-ау, сен ғой, Асқар ма? көрсе-дағы. Алайда -мыс, міс демеулік жіктік жалғаулы етістікпен тіркеседі: біліпті-мыс, айтыпшы-мыс, көріпті-міс, жазыпты-мыс.
6) Одағайлармен тіркесте қолданылатын демеулік шылаулар азғантай. Мысалы: Ойбай - ай, құдайым - ау, бәрекелді -ай, япырым - ау, ойпырым - ай, құдай - ай, әттеген - ай.
7) Демеулік шылаулар түрлі сөйлем мүшесімен тіркесе береді. Мысалы: Құнанбайға ғана тіл бітті (М. Ә. ) . Осыны да үнсіз, жауапсыз тыңдап шыққан - ды (М. Ә. ) . Сен ғой Кереймін дедің (С. М. ) . Осы мысалдарда демеулік шылау бастауышқа (сен ғой), толықтауышқа (Құнанбайға ғана, осыны да), баяндауышқа (шыққан - ды) тіркескен.
«Қазақ грамматикасында» демеулік шылаулардың мына сенімді ерекшеліктері аталып көрсетілген:
Демеулік шылаулардың ішінде белгілі сөйлем мүшесімен қолданылатын, басқа сөзбен тіркеспейтін демеуліктер де бар. Олар баяндауышпен ғана тіркесетін -ды, -ді, -ты, -ті, -мыс, -міс, -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе демеуліктері. Олар сөз талғап қолданылады. Мысалы: Жел қуған қаңбақ бөгелсін бе? (Ертегіден) . Әкем заводта түрлі техника құралдарын сақтайтын қоймада істейтін-ді (З. Ш. ) . Сол кезде қайық аударылып кетіп, үстіндегі адамдар суға батады-мыс (З. Ш. ) .
Жалпы шылаулар қосымша қабылдамайтыны белгілі. бірақ демеуліктердің ішінде кейбіреулері сөйлемде қосымшамен түрленіп те қолданылады. Мысалы: ауылдан ертерек келген мен ғанамын. Ал инженер - мелиоратор жалғыз сіз ғанасыз (З. Ш. ) . Үндемей жүргенде жақсы-ақсың. Мен оның қамқоршысыдамын, баласы-дамын (С. С. ) .
Бұл мысалдарда -ғана, -ақ демеулік шылаулар жіктік жалғауын қабылдап қолданылған [4:559-564] .
- Демеулік шылаулардың семантикалық түрлері
Демеуліктер - семантика-грамматикалық жағынан адам ойының әр түрлі логикасына байланысты сезім жайытарын нақтылайтын көмекші сөздер: Айтып-айтпай не керек, Құсалықпен етті ғой Махамбеттің көп ісі (Мах. ) . Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, - деді ол (Ы. А. ) . Туысқан ол түгіл , бетен жәркеге де жазығым жоқ (М. Ә. ) . Мақтандық кісідей- ақ көріп келген (Ақан) . Ұрандап жауға тигенде, кім женері талай-ды (Мах. ) . Бет бергенде шырайың сондай жақсы. Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың (А. Қ. ) . Бауырымы тым болмаса Қысып қана кетейін (С. Мәу. ) . Тегі Алексей айта барған- ау деймін (С. М. ) . - Ит-ай, жастың шаруа қоры- ау ! - деп, Әлжан анадайдан сүйсіне-сүйсіне. Сыздықтың қасына келді (Ғ. Мүс. ) . Жүрген шығар алысып, Шұнақ ала қарменен (С. С. ) .
Осы жоғарыда келтірілген сөйлемдерде ұшырасатын әр түрлі демеуліктердің әр қилы логикалық мәні бар. Мысалы, бірінші сөйлемдегі «ғой» демеулігі өкінішті білдірсе, екінші сөйлемде сол «ғой» сөзі таңырқай мақылдауды білдіріп тұр. Үшінші сөйлемде «түгіл» демеулігі сілтеу нұсқау, бағыттауды білдірсе, осы сөйлемдегі «де», төртінші сөйлемдегі «ақ» демеуліктері ерекше эмоциялық күшейту ұғымын істейді. Бесінші сөйлемдегі «ды» көмекшісі күмәнділік мән білдіреді. Алтыншы сөйлемде «ғана» - таңырқауды. Жетінші сөйлемдегі «қана» сөзі сәл болмашы әрекетті бейнелейді. Сегізінші сөйлемдегі «ау» - күмәнділікті, тоғызыншы сөйлемдегі «ай», «ау» демеуліктері сүйсінуді, онышы сөйлемде «шығар» күмән дана топшылауды білдіріп тұр.
Адамның осындай әр қилы көңіл күйін нақтылауына қарай демеуліктер өзара бірнеше топқа бөлінеді. Мұны біз ғалымдар пікірлерін ескере отыра төмендегіше жіктеп отырмыз.
- Сұраулық демеуліктер: ма - ме, ба - бе, па - пе, ше.
- Шектік (мөлшерлік) - тежеу демеуліктері: қана - ғана (ау, ақ) .
- Нақтылау демеуліктері: қой - ғой (ды - ді, ты - ті) .
- Күшейткіш демеуліктері: -ақ, -ау, -ай, да - де, та - те.
- Болымсыздық - салыстыру демеуліктері: түгіл, тұрсын, тұрмен, құрлы, ғұрлы, екеш (сымақ) .
- Күдіктік демеулігі: шығар, болар (ау), -ды, -ді, -ты, -ті.
- Болжалдық, кекесін демеуліктері: -мыс, -міс (-ау), сымақ.
- Тілектік - өтініш демеуліктер: шы -ші, «қой, ғой) .
Бұлайша бөлгеннің өзінде де демеуліктердің семантикалық түрлерін түгелдей қамтылды деуге болмайды. Себебі демеуліктер өздері қатысты сөздерімен біріге отырп тудыратын ұғымдарына орай алуан түрлі нәзік мәнде қолданылады. Бірақ осы демеуліктердің осы алуан түрлі нәзік ұғымдарын түгелдей қамту оңай да емес. Сондықтан демеуліктердің түрлерін жоғарыда көрсетілгендей біз шартты түрде ғана бірнеше топқа бөліп отырмыз.
Демеуліктердің осы жоғарыда көрсетілген топтарының өзінде кейбір демеуліктер (-ақ, -ау) өзді өзінің бірнеше түрлеріне ортақ болып оты. Олай болуы: сол демеуліктердің мағына өрістерінің кеңдігіне және сол демеулікті қоршап тұрған өз маңындағы сөздердің мағыналарының грамматикалық формалары өзгешелігіне, жалпы сөйлем логикасына байланысты - деген пікірі өте орынды [5:12] .
Демеуліктердің логика-грамматикалық мағынасын оның әрбір топтарына жеке-жеке бөліп анықтағанда төмендегідей талдау жасауға болады.
а) Сұраулық демеуліктер
Тіліміздегі сөйлемдер мақсаты мен айтылу сазына қарай хабарлы, лепті, бұйрықты және сұраулы болып бөлінетіні мәлім. Сұраулы сөйлем жасауға белсенді қатысатын көмекші құралдың бірі - сұраулық демеулік шылаулар. Олар: ма - ме, ба - бе, па - пе, ше / ші кейде ғой «демеулігінің де қатысы бар. Мысалы: Бойыңдай боп білімің де өсті ме ? (М. Ә. ) - Шын тани алмадың ба ? (Ғ. Мұс. ) . Ақыл айтпай ма ағасы? (А. Қ. ) - Завод пен фабрика дегенді естіп пе ең? (С. М. ) - Атым Қайырғали, өзіннің атың ше ? (Ғ. Мұс. ) . Оқу бөліміне отырғызасың ғой? (Б. М. ) .
Бұл мысалдардағы сұраулық демеуліктер тыңдаушыдан жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемдерді жасауға қатысып тұр. Мұндай жағдайда олар көбінесе баяндауышты тиянақтап тұрады. бірақ сұраулық демеуліктермен құралған сөйлемдер тек басқа біреуден жауап алу үшін ғана айтыла бермейді [6:371] . Сұраулық демеуліктермен келген сөйлемдер, жалпы сұраулы сөйлемдердің сұрақ түріне бөлінетіні тәрізді, бірнеше ұғымда айтылады. Соған орай сұраулы демеуліктермен келетін сөйлемдердің өзін сол сөйлемдердің сұраулық мәні мен мағынасына қарай бірнеше жікке бөліп қарауға болады. Олар мыналар:
1. Ашық сұрақ. Сұраулық демеуліктер тыңдаушыдан жауап алу мақсатымен айтылатын сұраулы сөйлем жасауға қатысады. Мысалы: Балтабек деген жігіттікін білесіз бе ? (С. М. ) . Барлық байлау осы болғаны ма ? (М. Ә. ) .
2. Қарсы сұрақ. Сұраулық демеулікпен келген сөйлем жауап түрінде беріледі. Мысалы: - Білсем әлдеқашан айтпайым ба ? (Ғ. Мұс. ) . Бас-басына би болған өңкей қиқым. Мінекей, бұзған жоқ па елдің сиқын? (А. Қ. ) - Кімге айтасын? - Саған ше ?!» (Б. М. ) .
3. Құманды сұрақ. Сұраулық демеулікпен келген сөйлем, сөйлеушінің өзіне өзі құмандана сұрау қоюын білдіреді. Мысалы: Бүгін хат-мат бар ма екен деп, Кенжетайға еріп қалаға келген еді (С. М. ) . Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп. Кесені қолыма алып қарай бердім: Ішінде нақақ көзден қас бар ма деп (С. Тор. ) .
4. Таңырқаулы сұрақ. Сұраулы сөйлем сөйлеушінің әлде неге таңырқануын білдіреді. Мысалы: Жаным-ау, мынау біздің төреміз бе ? Шынымен ақтық көрмей өлеміз бе ?! (С. Д. ) . . . Түйенің өркеші төртеу болған шақта, мең-зең болған басқа білім қона қоя ма екен, балам-ай? (М. Ә. ) .
5. Өкінішті сұрақ. Сұраулы сөйлем адамның өкінішті көңіл-күйін білдіреді. Мысалы: оқылай болар деп ойлап па едім? (Б. М. ) . Бишара-ай, шырт түкірініп жатпас па едіңі Қымызды ішіп, насыбайды атпас па едің (С. Тор. ) .
6. Талғаулы сұрақ. Сұраулы сөйлем белгілі бір нәрсені саралап, талғап, қадағалап көрсетеді. Мұндай жағдайда сөйлемге «кім, білсін, айтеуір» сөздері қатысады. Мысалы: қарағаның түсіпті әбден жүрісіне Кім білсін шыны сол ма , күн үшін бе ? (С. Д. ) . Дөңгелек, қараторы, сұлу беті, Кім білсін қоныр ма , ақ па қандай еті (С. Тор. ) . Шыны ма , тас па , әйтеуір осылардың тегі өзі (Ғ. Мұс. ) .
7. Тілекті сұрақ. Сұраулы сөйлем адамның арман-тілегін білдіреді. Мысалы: Қартаймайтын, өлмейтін өмір тауып, Шат қылар ма кетпестік бақыт қонып? (С. Тор. ) .
8. Риторикалық сұрақ. Ма - ме, ба - бе, па - пе демеуліктерімен жасалған сөйлемдер кейде риторикалық-шешендік ме әлде ненің жайын хабарлау, алыстан орағыта шолу үшін де айтылады [6:372] . Мысалы: Драма ма , құрама да , Сөз осылай құрала ма ? Сен жазушы болса екен деп, Өмір бетін бұра ала ма ? (С. Д. ) . Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек? Адалдық, арамдықты кім теңгермек?! (А. Қ. ) . . . Басын шайқады ма , жоқ әлдеқалай қозғалды ма , әйтеуір Олжабектің тымағының құйрығы шошаң еткенін Жамал анық көрді (Ғ. Мұс. ) .
Сұраулық демеуліктердің осы жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерінен өзге де әр қилы көптеген көңіл-күйі құбылыстарын білдіруге логика-грамматикалық қатыстықтары бар екені сөзсіз. Сұраулық демеуліктердің адамның әр алуын қуаныш, күйініш сезімін білдіретін, талғам-қалау сезімдерін, әзіл қалдыңын өзінің үнімен, әуенімен ғана нәзік сездіретін жәйттері де болады.
Сұраулық демеуліктер сөйлем ішіндегі сөздерге өзінің қатысына қарай, көбінесе баяндауыштың құрамында келеді: кейбір жағдайда баяндауышты тиянақтап тұрады да, кейбір жағдайда күрделі баяндауышқа енген сөздердің аралығында келеді. Сұраулық демеуліктер сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің аралығында да келеді. Мұндай жағдайда өзара ыңтайласып тұрған сөйлем мүшелерімен бірге айтылып келіп, оларды талдап-саралап көрсетеді. Осы айтылған жайттардың қай түрінде болса да бұл сұраулық демеуліктер өзі қатысты сөздерінің құрамына еніп, сол сөздердің семантика-грамматикалық мағыналарына ортақтас болып отырады. Сондықтан олар сол сөздің мүшелік құрамына да енеді. Мысалы: - Қалай, құлағың ашылды ма? (М. Ә. ) . - Балтабек деген жігіттікін білесіз бе? (С. М. ) . Көз алдымда жасыл көктем жаз жатыр. Әлде мұнар, әлде тұман елес пе ? (Ас. Т. ) . Тумағанда сен анадан, Сарғаяр ма еді күткен таң (С. Дөн. ) . Ағайын айдыныңа ермес пе еді. Жиылып жыпылдақтар көлмес пе еді? (С. Тор. ) . білмей таң боп отырсың. Алтыны ма, жезі ме . . . (С. Дөн. ) - Ремонт бітті ғой ? - Бітті, - Тұқым ше ? (Ғ. Мұс. ) .
Демеулік шылау сөздер тіркесетін сөздерін талғамайтыны сияқты, сұраулық демеуліктер де сөзді және сөз тұлғаларын талғамайды, бірақ демеуліктердің өзін талғайды, яғни сұраулық демеуліктер тек «қана, -ақ, да, де» түрлерінен кейін келеді. Мысалы: Өмір шіркін осы-ақ па? деп керек емес уайым (С. С. ) . Әлтиден тепкі көрген сибан мен Нұралы ғана ма? (С. М. ) . Ал, «ше» сұраулық демеулігі көбінесе атау тұлғалы есім сөздерден кейін келеді [6:355] . Мысалы: Көл ше?! Алуа ше?! Алуаның арғы жағы ше?! (С. М. ) .
«Ма - ме, па - пе, ба - бе» демеуліктері қолдану барысында морфологиялық өзгеріске ұшырайды. Бұл шылаулар кейде 2-жақ жіктік жалғауынан бұрын келіп, «мы - мі, бы - бі, пы - пі» түрінде айтылады [8:5] . мысалы: Соны көрмей отырмысың? (М. Ә. ) - Абайжан, осы сен түн бойы ұйықтамағанбысың? (М. Ә. ) - Неге көрмейін, қарағым?! Алтын айдарым емеспісің? (Ғ. Мұс. ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz