Ойлау қабілетіне анықтама



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде ойлау
қабілеттері мәселелерінің зерттелуі 6
1.1 Ойлау ұғымы. Ойлау қабілетіне анықтама 6
1.2 Төменгі сынып оқушыларының ойлау процестері 14

2. Дүниетану сабақтарында ойлау қабілетін арттыру жолдары 21
2.1 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибесінен 21
2.2 Дүниетану сабақтарында ойын элементтері арқылы,
оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру 25
2.3 Дүниетану пәні бойынша 1-сыныпқа арналған
бағдарламаны талдау 32
2.4 1-сыныпта дүниетану сабағында ойлау қабілеттерін
арттыру мақсатында ойын элементтерін қолдануға
байланысты эксперимент 40

Қорытынды 50

Әдебиеттер тізімі 52

Түсіндірме сөздік 55

Тіркеме 57

КІРІСПЕ

Балалар біздің болашағымыз. Бала – адамның бауыр еті деген мақал,
тегіннен тегін айтылмаса керек. Баланың қырық қылығы, тәтті тілі болмаса,
бұл өмірде одан артық қызық та, бақыт та болмас сірә. Баланың әрбір қылығы,
әрбір жүріс-тұрысы үлкен бақыт, асқан қуаныш дер едім. Баланың өсіп, адам
болып, өмірден өз орнын табуы, ата-ананың тәрбиесіне байланысты дейміз. Бұл
туралы қазақтың ұлы данышпаны Абай атамыз: Адам ата-анадан туғанда есті
болмайды, есті көріп, ұстап, татып ескерсе ғана дүниедегі жақсы жаманды
таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады, -
деп тегін айтпаса керек [16.36].
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы – егемендіктің кілтін ұстар жастардың
жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу. Таптаурын болған ескі сүрлеуден бұл
сүрлеудің арасы жер мен көктей.
Жас ұрпақ – ел тірегі, ертеңіміздің кепілі. Президентіміздің халыққа
Жолдауында айтқандай, мектепте оқушыларды отан сүйгіштікке, шығармашылыққа
баулу, сапалы білім, саналы тәрбие беру, ойлау қабілеттерін жан-жақты
дамыту міндеті көзделген.
“Қазақстан – 2030” даму стратегиясында да балаларды сауатты етіп
шығару бағыты баса айтылған. Осыған орай, балаларды мектепке тартып,
оларға көптеген жағдайлар жасалуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996
жылғы 26 маусымындағы 1173 қаулысына сәйкес республика мектептерін
өзіміздің төл оқулықтарымызбен, жаңа буын оқулықтарымен, оқу-әдістемелік
кешендерімен қамтамасыз етудің мақсатты бағдарламасы қабылданып,, осыған
сәйкес 1997-1998 оқу жылынан бастап республиканың барлық мектептері жаңа
буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріне көше бастады.
“Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен
білім қажет” деген еді ұлы ғұлама Шоқан Уәлиханов. Ахмет Байтұрсынов: “Біз
өзіміздің елімізді сақтау үшін – мәдениетке, білімге ұмтылуымыз керек”, -
деген. Кез келген қоғамдағы білім беру жүйесінің түпкі мақсаты – жас
жеткіншектің біліктігі мен білімін, мәдени деңгейін көтеру, сол арқылы
халықты өмірлік мұратқа жетелеу [6. 11].
Оқушыларға жүйелі және күрделі оқытудың тиімді үлгілерін үйрете
отырып, жан-жақты дамытып, ойлау қабілеттерін арттыру – бүгінгі күннің ең
көкейтесті мәселелерінің бірі.
“Білімдіден шыққан сөз – талаптыға болсын кез” – деп, халқымыздың ұлы
ғұлама-ойшылдарының айтқан сөздері мен мемлекет басшыларының бастамасына
сай, білім саласындағы әріптестерімді еліміздің дамуына белсенді іс-
әрекетпен үлес қосып, жас ұрпақты тәрбиелеуде жан-жақты жұмыс жүргізуге
шақырамын.
Бұл тақырыптың басты мақсаты-бастауыш сынып оқушыларының, дүниетану
сабақтарында, ойын элементтерін қолдану арқылы, ойлау қабілеттерін арттыру
жолдарын анықтау.
Зерттеу нысанасы: Оқушылардың ойлау іс-әрекеті.
Зерттеу пәні: 1 сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту үрдісі.
Зерттеу міндеттері:
1 Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде ойлау ұғымына анықтама
беру.
2 Ойлау ұғымы, ойлау түрлерін ажырату мәселесінің әдебиеттерде
жіктелуін анықтау.
3 Әдебиеттер мен мұғалімдер тәжірибесіне сүйене отырып, 1-ші сыныптың
дүниетану пәніне арналған жұмысы бойынша, дүниетану сабақтарында ойлау
қабілеттерін арттыру мақсаттарында, ойын элементтерін қолдануға нұсқау
жасау.
Зерттеу әдістері:
1 Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау.
2 Бастауыш мектеп мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерімен танысып,
зерттеп байқау.
3 Педагогикалық эксперимент жүргізу, әңгіме, сауал-сұрақтар бойынша
жұмыс жүргізу.
Зерттеу болжамы:
Егер мұғалім дүниетану сабақтарында ойын элементтерін қолданса, онда
оқушылардың ойлау қабілеттері артады деп ойлаймыз.
Тәжірибенің маңыздылығы:
Бастауыш мектеп мұғалімдеріне, студенттерге методикалық құрал, нұсқау
ретінде пайдалануға болады.
Апробация: Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы Оң-Жақ-Қалжыр ауылы
Халық Мұғалімі Құмаш Нұрғалиев атындағы көп салалы орта мектебінің бастауыш
сыныбында (1 сынып) жүргізілді.
2001-2002 жылы осы зерттеу бойынша студенттердің ғылыми
конференциясында баяндама оқылып, мақала жарық көрді.
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен, түсіндірме сөздіктен, тіркемелерден тұрады.
Көлемі 73 бет.
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘДЕБИЕТТЕРДЕ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІ
МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

1.1 Ойлау ұғымы. Ойлау қабілетіне анықтама

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз
болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы
ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен
құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым
қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның
қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-
әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте
жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау, қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның
бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау
сезім мүшелері арқылы мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың
негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол
болғанымен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың
қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге
пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ол толық сөз
күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп дәлелдене түседі. Ойлау
мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс
емес.
Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз- ойды басқа
адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам
өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алады,
ойды, өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы
дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл
түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы
үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін
болады.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам
баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір
психологтардың (Л.Леви-Брюль т.б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта
қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы шарқақ дейтін теориялар ғылыми
жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы
өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен өзгеріп отырады.
Ойлау - өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы, аса күрделі
психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші
сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау – ми
қабығының күрделі формадағы анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі,
мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша нерв байланыстары жетекші рөл
атқарады [8,144].
Ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз
байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің
жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелеу адам ойының талдау және
біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау сыртқы
дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы
бейнесі.
Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері
нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып
түседі.
Дүниетану тікелей сезімдік процестер – түйсіну, қабылдау, пайымдаудан
басталып, одан әрі ойлануға қарай өрбиді [1;224].
Ойлау – баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы
оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі
себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау, сөйлеу әрекеті роқылы
іске асады. Ойлау – нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден
басталады. Ойлау – белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық
мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен-өзі
қалыптаспайды. Ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді тәсілдер
қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет [24;25].
Ұлы ойшыл – ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби: “Ойлау дүниені әр қырынан
тануға, мәселені тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Ойлау сөйлеумен тығыз
байланысты, ол жалпы адамзатқа тән құбылыс” – дейді [9;90]
Аристотель, Декарт, әл-Фараби тағы басқа ойшылдар да ойлауға, ой-ға
ден қойған.
Декарт: “Мен ойлансам ғана бармын” дейді.
Әл-Фарабише: “жазу-тілге, тіл-ойлануға, ойлау-объектілердің сырын
ашуға меңзейді [25;166]
Бастауыш мектептегі балаларды оқыту үрдісіндегі интеллектуалдық
құрылымын анықтауда, бірінші орында олардың танымдық іс-әрекеті, оның
ішінде ойлау мен есте сақтау алады. Психологтар Л.С.Рубинштейн,
Н.А.Менчинская, З.М.Калмыкова еңбектерінде ойлау іс-әрекеті мынадай ойлау
үрдісінен құралады: жалпылау мен талдап қорытудан, жаңа материалдың ережесі
мен негіздерін ашудың заңдылықтарын ашудан тұрады. Сонымен, зерттелуші үшін
ойлау іс-әрекет ретінде қолданылады, зерттеуші ойлауды үрдіс ретінде
оқиды.
Теориялық ойлауды талдауға байланысты С.Л.Рубинштейн былай деп
бекітті. “Ойлау, жоспарлау функциясын өзіне қабылдайды”.
Психологтардың пікірін қолдай отырып, ойлауға маңызды мінездеме
берген В.С.Библер болды: “Ойлау бұл дегеніміз “ақылда” шындықтағы заттың
жобасын құрастыру және ойлап табу: Ал бастауыш мектептегі ойлау іс-әрекеті
оқыту үрдісінде бірнеше зерттеу мақсатын қояды. Оны мынадай негізгі түрге
бөліп қарастырамыз. Оқыту үрдісінде есте сақтау мен ойлау әрқашанда бірге
әрекет жасайды. Оқыту әсерінен дамыған ойлау әрекеті танымдық міндеттерді
шешуге негіз болады. Оқушылар әрекетінің жалпылануы және олардың танымдық
іс-әрекетінің нәтижелері ақыл-ой әрекетінің жалпыланған тәсілдерін жасауды
жеделдетеді, жаңа танымдық міндеттерді шешу шеберліктерін арттырады [7;26]
Оқыту ақыл-ой тәрбиесінде жетекші болып табылады, өйткені
интеллектуалдық және белсенді танымдық қызмет үшін керекті ақыл-ойдың бірде-
бір бағалы қасиеті жүйеге келтірілген білімдердің қорынсыз дами алмайды
[13;58].
Ойлау деп – мәселені шешудегі толғану процесін айтады. Ойлану –
дамушы құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде кездеседі. Ойлану
процесінің жүзеге асу шартына адамның бұрынғы тәжірибесі мен бағыты және
ойлануға итермелеуші себебі жатады.
Адамның ойлану процесін тұңғыш тәжірибе жасап зерттеген. “Вюрцбург
мектебінен”шыққан француз психологтары (Ах Л.Секей т.б.) болған [2;73].
Ойлау процесінің айналасындағы мәселеде софистер алғашқы болып пікір
қозғағанымен, олар өздеріне дейінгі, әсіресе Демокрит философиясының
деңгейінде қалып қойды. Сондықтан грек философтары Сократ пен Платон
ойлаудың диалектикалық даму негізін аша отырып, оның жалпы қоғамдық мәнін,
адамдардың іс-әрекетін, алдымен адамгершілік, ізгілік категориясымен
анықтап берді, осыдан келіп ойдың, ойлаудың қоғамдық, әлеуметтік негізі
айқындала бастады [4;70].
Б.Спиноза: “Ойлау – табиғат субстанциясының атрибуты. Ойлаудың
табиғаты белгілі бір дененің, оның іс-әрекетінің өзгешелігінде ғана емес,
керісінше, оның нақты түрде іс-қимыл қабілетінде жатыр. Ендеше, дененің
ойлау қабілетіне ие болуы оның іс-әрекетінің дүниедегі денелер жиынтығының
әмбебап қажеттілігінен келіп шығатынын бейнелеуінде” – дейді [4;155].
Ойланудың физиологиялық негізі-үлкен ми сыңарлары қыртысында құралатын
уақтылы нерв байланыстары (шартты рефлекстер).
Бұл шартты рефлекстер екінші сигналдардың (сөздер мен ойлаудың)
әсерінен туады, екінші сигналдар реалдық шындықты бейнелейді, бірақ сөзсіз
бірінші сигнал системасы (түйсіктер, қабылдаулар, ұғымдар) негізінде пайда
болады. И.П.Павлов былай деп жазды: Сөйлеу органдарынан ми қыртысына
баратын кинестезиялық тітіркендіргіштер екінші сигналдар болып табылатын,
сигналдардың сигналы. Олар шындықтан дерексіздену, қорытынды жасалу, мұның
өзі біздің артық, арнаулы, адамдық жоғарғы ойлау болып табылады [23;2].
Анализ бен синтез ойлаудың аса маңызды әдістері. Ойлаудың көптеген
әдіс үрдістері оларды қолданады.
Адамның ой әрекеті, академик Павлов айтқандай, аналитикалық-
синтетикалық әрекет. Заттардың жеке сапаларын ойша бөлектеп бөлу (анализ),
сондай-ақ жеке элементтерді бір бүтінге біріктіру (синтез) заттарды және
құбылыстарды бірімен-бірін салыстыруға мүмкіндік береді. Ойлау үрдісінде
салыстырудың маңызы зор.
К.Д.Ушинский: “Салыстыру-барлық ұғынудың, барлық ойлаудың негізі,
дүниедегінің бәрін біз тек салыстыру арқылы ғана білеміз”-деді [24;1].
Ойлаудың таным сатысы ретіндегі айрықша ерекшелігінің бірі-оның сөзге
қатысы болып табылады. Бала ойлаудан бұрын сөйлеуге үйренеді, деген жалған
пікір. Педагог бұл пікірдің дұрыс еместігін білу қажет. Баланың алғашқы
ойлауын, алғашқы былдырлап сөйлеуімен байланыстырады. Оның ойлану әрекеті
екінші болады. Бұл жөнінде Л.С.Выготский былай деген: Первое мышление
ребенка связывается с его первыми нечленораздельными еще звуками. Его
мышление имеет вторичное происхождение [7;1].
Ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады. Мәселені шеше отырып,
адам бір нәрсені білгісі, түсінгісі келеді деген пікірді Л.С.Выготский де
айтқан.
Ойлаудың мәселе шешуге бағытталуы оған проблемалық, ізденгіштік сипат
береді. Бұл-ой үрдісінің ең елеулі белгісі. Егер адам одан сұрайтын нәрсені
білетін болса, онда ол ойланбайды. Ол есіне сақталған, бұрыннан бар білімін
пайдаланады. Ойлау үрдісі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен
немесе бірден түсіну, тану, түсіндіру керектігінен басталады. Бұл-ойлау
әрекетінің бірінші кезеңі. Ол адамның түрлі материалдық, рухани
қажеттіліктерінен тууы мүмкін. Тіпті, адам қанағаттандыруға ұмтылатын
табиғи қажеттіліктер де ойлау үрдісін тудыра алады.
Н.А.Менчинская: “Ойлау операциялары орындалуының жоғарғы дәрежесін
меңгеру-оқушылар ақыл-ойы дамуының маңызды бір жағын құрастыра отырып, оның
дамуын тікелей сипаттайды деп санауға негіз бар”-деп жазды [17;2].
Ойлауды мынадай жүйемен топтастыруға болады (сурет 1.1).
Творчестволық ойлау-бұрын орындалмаған, жаңа міндетті жүзеге асыру,
жаңа ой айту үшін толғануды айтады.
Абстрактылы ойлау-елеулі емес екінші дәрежелі белгілерден
аулақтануға, жалпы және елеулілерін бөліп алуға, сөйтіп осы негізде
абстрактылы ұғымдарды тұжырымдауға, адамның іскерлігін көздейді.
Индуктивтік ойлау-жеке пәндер немесе құбылыстар туралы білімдер
негізінде осы кластың барлық пәндері немесе құбылыстары туралы жалпы
қорытындыға келе білуді көздейді.
Дедуктивтік ойлау-бұрын белгіленген мәлім жалпы ережені жеке
фактілерді, немесе жеке құбылыстарды зерттеп үйрене білуге қолдануды
көздейді (сурет 1.1) [13;58].
Қабілеттілік-табиғаттың әрбір адамға сыйлайтын ғажайып сыйы. Біреуге
көбірек, біреуге азырақ. Ал ұзақ уақыт бойы “өз басында ешбір қабілеттілік
жоқ”-деп санап жүрген үшінші біреу өз бойынан ерекше қасиетті байқайды
[21;143]
Қабілеттілік-бұл оқушының жеке психологиялық ерекшелігі.
Қабілеттіліктің қалыптасуына адамның өзінің позициясы, тәртібі, алған
бағыты әсер етеді [18;58]
Кей адамның өнертапқыштық қабілеті, не сурет салуға бейімділігі, не
ақылдың, не ойлау дарыны болуы мүмкін.
Қабілет деп-әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін
айтады немесе қабілет дегеніміз-мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына
байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны
нәтижелі етіп атқаруы.
Қабілеттілік-адамдағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның
екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат.

Сурет 1.1 Ойлауды топтастыру жүйесі

Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы:
саусақтарының салалы болуы-көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу-
баскетболшы-спортшыларға тән қасиет, ерекшелік.
Кез-келген адамның 2-3 түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады.
Бұл-адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі
және әрекетшіл көрінісі. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен
байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның
арнаулы қабілеті де аңғарылады.
Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген
ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді. Бір сөзбен айтқанда,
адам қабілеті мен оның түрлі деңгейде дамып өрістеуінің негізгі факторы-
еңбек [1;224].
Қабілеттілік-кісінің жинақталған бірнеше істі меңгеру шамасын
байқататын бір қасиеті. Қабілеттілігінің артуына қарай кісінің дарындылығы
мен данышпандылығы айқындалады. Мысалы: Юлий Цезарь мен Александр
Македонский 20000 солдаттың атын білген, түсін таныған. Парсы патшасы Кир
де сондай қабілетке ие болған. Аты шулы Фемистокл грек астанасының 20000
тұрғынының түрін, түсін білген. Дарынды математик Леонард Эйлер есепті есте
сақтауда, Сенека бір-біріне байланысы жоқ, бір рет қана айтылған 2000 сөзді
қайталап айтуда елді таңқалдырған екен.
Қабілет деген-асыл мұра, бойымызға біткен зор қасиет қой. Әркімде бір
ерекше көзге түсетін қасиет болады [22;13].
“Ал ойлау қабілеті – тек жалпы адамзаттық мәдениетті, білімді
меңгерумен бірге пайда болады”-деп атап көрсетті совет философы
Э.В.Ильенков [12;48].
Ойлау қабілеті-бала ойынында да, еңбекте де дамиды. Көптеген нәрсе
адамның өзіне, оның белсенділігіне байланысты. Ойлауға ерінбеудің, күрделі
міндеттерді шешуде бейнеттен қаймықпаудың мәні бар [20;30].

Сурет 1.2 Қабілеттің құрылымы

1.2 Төменгі сынып оқушыларының ойлау процестері

Балалық шақта ойлаудың дамуы шектелуді көтермейтін, өзара тығыз
байланысты бірнеше сатыдан тұрады.
Оқушының жас кезінде көрнекі образды ойлау және ойланып сөйлеу басым
бола бастайды.
Мұнда заттар мен олардың бейнелері сөзбен байланыста болады. Мектеп
оқуының басталуымен, оқушының жұмыс процесінде тиесілі ұғымдарға
негізделген ұғымдық ойлауы тез дами бастайды.
Ойлау процесінің дамуында оқытудың алар орны ерекше, ол оқушының
елестете алуы мен білімін кеңейтеді. Оқушының ойлау процесінде әрекетпен
(ойын, сурет салу) байланысты нақтылы тапсырманы шешу бағыты басым түседі.
Оқушы оқи бастағанда, алғашқы кезде құбылыстардың көптеген байланысу
себептері түсінікті болғанымен, оның бұл түсінігі азғантай өмір
тәжірибесінен көбіне ұзап шыға алмайды.
Мектепке дейінгі балалардың ой-қызметінің ерекшелігі мынада: олардың
білімі заттар мен құбылыстардың өзара қатынасы мен байланысын білуден емес,
айналадағы болмыс объектілеріне қызығушылықтан жинақталады. Мектепте жүйелі
түрде оқып, білім алуы бала іс-әрекетінің ерекше түріне жатады.
Төменгі сынып оқушыларының ойлау процесі әдетте әрекетпен тығыз
байланысты. Олардан тікелей алатын әсердің орны ерекше, бұл кейде нақтылы
көрінгеннен көңіл аударуды, абстракциялық ұғымдарды түсінуді қиындатады.
Жазушы В.Г.Красенконың айтуына қарағанда: Оқушылар кейбір әсерлердің бір-
бірімен байланысын аңғару үшін, олар тікелей әсерге шын беріліп кетеді.
Төменгі сынып оқушыларының пікірі мен ой қорытындылауы бірте-бірте ақылға
қонымды бола түседі. Балалар мектепке дейін бір нәрсе дұрыс емес деп
турасын айтуы мүмкін. Оқу процесінде олар мұндай қылықтан бірте-бірте
арылады. Олардың сөзінде мектепке дейінгі балаларға тән емес, шартты,
болжамды пікірлер пайда бола бастайды.
Мектептегі оқу дәрежесіне қарай және өмір тәжірибесі молая келе,
оқушылардың ұғымы да, ойлау қабілеттері де дамып, ол неғұрлым дұрысырақ
бола бастайды. Бұған қазіргі кездегі ғылыми жетістіктер, прогресс үлкен
ықпалын тигізеді.
Төменгі сынып оқушыларының, біздің айналамыздағы болмыс құбылысының
себебін түсінуі жыл сайын өсе түседі.
Төменгі сынып оқушыларының түсініктері едәуір мол, бірақ олар ғылыми
емес, күнделікті тұрмыстан алынған сөздер болып табылады.
Дерексіз абстракты ұғымдарды түсіну төменгі сынып оқушыларына оңай
емес. Олар сөз бен сөйлемнің астарын, алигорияны көбінесе түсіне алмайды.
Міне, сол себепті, олар мақал-мәтелдерді, мысал өлеңдерді дұрыс түсіне
бермейді.
Оқушылар, мектептен тыс кезеңде көптеген хабарлар алып отырған кезде,
мұғалім төменгі сынып оқушыларына сабақ берген кезде, оқулықта жазылғанмен
ғана шектеліп қоймауы керек. Кейде орасан дамыған заманымызда ғылым мен
техниканың біздің өмірімізге не әкелетінін, оқушылар дұрыс ұғып,
түсінетіндей етіп, әңгіме өткізген де жөн [23;133].
Білімі молайған сайын адамның танымы, ойлау қабілеті дамитындығын
есте ұстау керек.
Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы, ойлауы тек жас ерекшелігіне
ғана байланысты емес, сонымен бірге тұрған, өскен ортасына (ауыл, қала
т.б.), балабақшада болу-болмауына, тұрмыстық жағдайына, табиғи ортаға,
әлеуметтік ортаға, т.б. жағдайларға байланысты.
Бастауыш мектеп кезеңінде бала, ойлаудың ішкі жоспарға көшуі арқылы
ізденіс, негізгі сипаттағы практикалық әрекетті орындауды үйренеді. Оқу
үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс,
әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы ұғымдарды салыстыру байқалады.
Логикалық ойлауының даму ерекшелігінде ой қорытындысын жасай алу, себеп-
салдар анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне бастайды [5;18].
Бастауыш сынып оқушылары сабақта ойын элементтерін көп керек етеді.
Және бұл жастағы балалар өздерінің істеген жұмыстарының қорытындысын тез
білгісі келіп тұрады.
Міне, дәл осы кезеңді тиімді пайдаланған жөн. Сондықтан қай сабақты
болмасын талапқа сай дайындалған көрнекілікпен, жұмбақ, ребус т.б.
араластыра отырып, ойын элементтерін кеңінен пайдаланған дұрыс. Бұл
оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Орынды ұйымдастырылған ойын
үстінде балалар сергіп, тапсырманы тез, нақты орындайды. Егер біз
оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра алсақ, олардың сапалы
білім алуына, жан-жақты дамуына, ойлау қабілетінің артуына ықпал
жасағандығымыз [3;28].
Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:
1) жаңа, әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу.
2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға, түсінуге, сырын ашуға
ұмтылу [17;238].
Баланың белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген қажеттілігі, әрине,
өзінен-өзі пайда болмайды. Ол адамның практикалық әрекеті, еңбегі, оның
қоғам өміріне белсене араласу әсерінен пайда болады.
Төменгі сынып оқушыларын оқыту мен дамытудағы салыстырудың
маңыздылығына баға жетпейді.
“Салыстыру дегеніміз-ол, оқу үрдісінде оқушылар үнемі жүзеге асыратын
ойлау қызметі”-деп жазады Н.А.Менчинская мен М.И.Моро [17;1].
Дүниетану оқу құралы бойынша бірқатар табиғат нысаналарын сызба
арқылы, мысалы былайша салыстыруға болады [кесте 1.2.1]

Кесте 1.2.1 Салыстыру кестесі

қыс көктем жаз Күз
Ауа райы
өсімдіктер
жануарлар
адамдар
құстар

Балалар салыстыру тәсілдерін біршама дәрежеде мектепке келгенге дейін
меңгереді, бұл тәсілді оқудың тура алғашқы күндерінен бастап пайдаланады.
Балаларды салыстыру тәсілдеріне оқыту оларды оқу қызметінің әр-алуан
түрлерінде күнделікті пайдаланғанда жүзеге асырылады.
Жаңа түсініктер мен ұғымдардың осы түсініктердің немесе ұғымдардың
негізіндегі мәнді белгілерді, зерттелетін нысаналардың мәнін анықтайтын
кейбір жақтарын анықтауға көмектеседі. Салыстыру оқылатын пәндердің
қасиетін білуге мүмкіндік береді.
Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов бірнеше жылдарға созылған
іргелі зерттеулерінде төменгі сынып оқушысының танымдық қасиетін, оның
ішінде ойлау қасиетін жандандыру арқылы жалпы және ақыл-ой дамуын
жетілдіруді, соның негізінде білімнің теориялық деңгейін көтеру мәселелерін
ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Д.Б.Эльконин бастауыш сынып оқушыларының көрнекі-
бейнелік ойлау қасиетіне байланысты оқу барысында, көрнекіліктерді кеңінен
қолдану керектігін тұжырымдады.
Ш.Амонашвили, М.Г.Щетинин, Л.В.Занков тағы басқа ғылым-педагогтар,
балалардың ойлау қабілеттерін үнемі дамытып отыру керектігін дәлелдеген.
“Баланың ақыл-ой қабілетінің бірте-бірте көріне сөнуіне жол бермеу керек”-
деген В.А.Сухомлинский [25;201].
И.П.Павлов сөздік-белгілік ойлаудың бейнелік ойлау тарапынан “ұдайы
қуаттап отыруды” керек ететінін, ал бейнелік ойлау, өз кезегінде, сезім
органдарының айналадағы өмір шындығымен тікелей байланыс жасауы арқылы,
“қуатталуды”-сезім органдарының қорек беріп отыруын, белсенді қызметін
керек ететінін айқын көрсетіп берді. Ойлаудың (сөздік белгілік және
бейнелік ойлаудың) дұрыстығы мен белсенділігіне байланысты болады деген
сөз. Ойлау қабілетін дамытып, жетілдіру дегеніміз-бұл ең алдымен олардың
түп-тамырын қабылдаудың сезімдік формаларын дамытып, жетілдіру деген сөз.
Мұның мәнісі сезімдік қабылдаудың барлық формаларын, ең алдымен көру,
қимылдау және есту арқылы қабылдау формаларын белсенді қызметке тарту, ал
мектеп жағдайында-оқу-жаттығу арнасына тарту деген ұғым. Бұлай болмаған
жағдайда сыртқы әсерді бейнелеу қабілеті сөніп, сезім органдары солғын,
енжар күйге түседі. Сөйтіп ойлаудың белсенділігі төмендейді.
Мектептегі оқыту-тәрбиелеу ісін түбегейлі жаңартуда сүйенетін басты
принциптердің бірі-оны ізгілендіру. Ал ізгілендіру әр тәрбиеленушіні,
оқушыны өз интеллектуалын қалыптастыруда белсенді ат салысып, оқу-тәрбие
қызметінде басты рөл атқарушы ой иесі деп қарауды талап етеді. Сондықтан да
қазіргі кезде бастауыш мектептердің алдындағы маңызды міндеттердің бірі-
баланың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту, оның өз бетімен
ізденушілік, ұмтылушылық дағдыларын қалыптастыру. Логикалық ойлауда басты
жетекші рөл атқаратын оқыту, үйрету.
Бұл жағдайды эксперимент-тәжірибе жасағанда көреміз. Тәжірибе
нәтижесіне сүйенсек: мысалы, оқушыларды сөзге тиісті суреттерді таңдап
алып, сонан соң сол суреттер арқылы сөздерді еске түсіру. Бұл жағдайда
балалар сөздер мен суреттер арасындағы логикалық байланысты тез табу
әрекеті 1,5 есе өсті. Ал осы тапсырманы үйретпеген басқа топта нәтиже өте
төмен болды.
Балалардың логикалық ойлауына, зерттеу жұмысына керекті дағдылардың,
шығармашылық қуаттың қалыптасуына көп ықпал ететін, қазіргі кезде
балалардың өте жақсы көретін, қызығып жұмыс істейтін нысанасы-компьютер.
Балалардың компьютерге, компьютерлік ойындарға деген қызығушылық
қажеттіліктерін таным үрдісіне, оның ішінде өз бетінше шешім қабылдап,
іздене білу, икемді ойлай білу дағдыларын қалыптастыру-ұстаздардың қазіргі
кезеңдегі басты міндеттердің бірі. Ойлау әрекеттері бала үшін өте қиын,
күрделі іс. Бұл жөнінде Мағжан Жұмабаев былай деген: “Ойлау жанның өте бір
қиын, терең ісі” [8;1].
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бастауыш сынып оқушыларының ойлау
түрлерін дамыту ерекше назар аударатын басты мәселе. Төменгі сынып
оқушылары, мектеп алды даярлық тобының балалары ойлау түрінің-әрекетті
немесе практикалық түрін көп қолданатынын байқадық. Ойлаудың бұл түрі-
олардың алғашқы ойлау әрекеті болғандықтан осы түрін көп қолданады. Бала
машинасының дөңгелегі түсіп қалса, ол оны жөндемекші болып әрекет жасайды.
Бейнелік ойлау да жиі қолданылатын ойлау түрі. “Ойлаудың бұл түрін
қолданғанда бала ойлауы практикалық іс-әрекеттен бөлініп жеке үрдіс болып
шығады”-деді ғалым-психологтар Я.Л.Коломинский және Е.А.Панько [14;1]
Ойлаудың тағы бір түрі-теориялық немесе сөздік-ұғымдық (логикалық)
түрін талдап көрдік. Оқытудың, дамыта оқытудың маңыздылығын көріп отырмыз.
Дамыта оқытуда-логикалық ойлау түрін кеңінен қолдану орын алып отырғанын,
ғалым-педагогтардың М.П.Щетининнің, Ш.Амонашвилидің, Л.В.Занковтың
еңбектерінен де көріп, талдадық.
Сонымен, ойлаудың қандай түрін қолдансақ та, оны тиімді, баланың жас
ерекшеліктеріне қарап, баланың даму ерекшеліктеріне де көп көңіл аудару
қажет. Бейнелік ойлаудың барысында заттардың көпжақты қасиеттері толық
көрінеді. Бұл жөнінде ғалым-педагог Н.Н.Поддьяков былай деген: “В ходе
наглядно-образного мышления более полно воспроизводится многообразие
сторон, предмета, которые выступают пока не в логических связях. Другая
важная особенность образного мышления заключается в возможности отображения
в чувственной форме движения, взаимодействия сразу нескольких предметов”
[23;1].

Сурет 1.3 Ойлаудың түрлері
2. ДҮНИЕТАНУ САБАҚТАРЫНДА ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибесінен

Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің, оқушылардың оқу әрекетін
дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне
байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі-оқу. Ол
алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен
жүйелі түрде іске асырылып отырылады. Сондықтан, оқу басқа іс-әрекеттерге
қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік
көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Оқу-баланың өзінің танымдық белсенді
әрекеті.
Ғалым-педагог Л.В.Занков: “Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын
қамтамасыз етуі қажет”-дейді. Көрнекті психолог Л.С.Выготский: “Жақсы оқыту
деп, ол баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқуды айтады”-
деп тұжырымдайды. Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі
мен танымдық белсенділігін арттыру-қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын
толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабаққа оқыту жүйесіне жоғары
талап қоюды қажет етеді.
Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Осы танымдық
үрдістердің ішінде ой ең күрделі болып табылады.
Бала айналасындағыны біліп қана қоймайды, соларды ұққысы келеді.
Яғни, солар туралы ұғым жасауға, ой шығаруға ұмтылады.
Бала кішкентайынан дамылсыз: мынау неге жарайды?, мына зат не үшін
керек? деген сықылды сұрауларды бере береді. Бала айналасында болып жатқан
құбылыстарды білгісі келеді.
Н.С.Лейпстің пікірінше, бастауыш мектеп кезеңінде оқушыларда ғажайып
өзгерістер болып жатады, яғни ойдың күрделі қасиеттері қалыптасады және
олардың даму деңгейлері ойдың даму барысының бала кезеңдерімен салыстыруға
болмайтындай жылдамдықпен дамиды.
Цивилизацияның ең басты міндеті-адамды ойлауға үйрету-деп философ-
ғалым Т.Эдисон айтқандай адамды, ең алдымен баланы, ойлауға үйрету, ойлау
қабілеттерін арттыру болып табылады. Оқу үрдісіне белсенді әсер ететін
негізгі фактор-оқушының ойлау қабілеті. Балабақша, бастауыш мектептің
алдында тұрған үлкен мәселенің бірі-оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.
Қазақстан Республикасы Білім Заңы мен Қазақстан Республикасының жалпы білім
беретін мектептердің тұжырымдамасына орай, мектеп құрылымы мен оның
қызметіндегі өзгерістер, оқушыларға сапалы білім беруді талап етеді.
Бұл талаптарды орындауда балалардың ойлау қабілеттерін арттыру,
дүниетанымдарын қалыптастыру негізгі мәселе болып табылады.
Оқушылар алған білімдерін жадында сақтап қана қоймай, оны өмірмен
байланыстыра білуге, жан-жақты ойлауға қабілетті болуы тиіс. Баланың түрлі
іс-әрекеттерінің нәтижесінде ойлау қабілеті үнемі дамып, мазмұны жағынан
өрістейді. Оқушылар іс-әрекеті негізінде басқа пәндерден алған білімдерін
еске түсіру арқылы логикалық ойлау қабілетін арттырады. Оқушылардың ой
белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру-мұғалімнің міндеті.
Сабақ барысында ойын элементтерін қолдануға болады. Баланың ойлау қабілетін
ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер, ойын элементтерін қолданып, арнайы
жұмыстар жүргізу қажет [11;60].
Сөзімізді тәжірибемен байланыстыру үшін, оқу әрекетін, Батыс
Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ орта мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі Асылзада Ерғалиеваның, дүниетану пәнінен бір сабағын қарастырамыз.
Сабақтың тақырыбы: Құстардың қысқы тіршілігі.
Сабақтың мақсаты:
1білімділік: оқушы білімін тексеру. Әр түрлі тапсырмалар орындату.
2 дамытушылық: оқушы ойын, сөздік қорын, белсенділігін,
қызығушылығын, қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3 тәрбиелік: экологиялық тәрбие беру, аңдарды, құстарды қорғауға,
қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету.
Өткізу әдісі: сұрақ-жауап. Көрнекілікпен жұмыс, баяндау, түсіндіру,
ойын элементтерін қолдану.
Көрнекілік: техникалық құрал. Құстар дауысы. Суреттер, аңдар, құстар.
Тазша бала.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, ән.
Сабақ мазмұны: ұйымдастыру.
Үй тапсырмасы: аңдар қалай қыстайды?
-Балалар! Біздің бүгінгі сабағымызға сонау ертегілер елінен Тазша
бала келіп, сендердің білімдеріңді байқамақ ойда. Жай келген жоқ, қоржыны
бар. Онда әртүрлі тапсырмалар бар. Сол тапсырмаларды орындасақ, сендердің
араларыңда жиі боламын,-дейді,
“Орамал тастау ойыны” арқылы сол сұрақтарға жауап берейік,
тапсырмаларын орындайық.
1 Аңдар туралы әңгімеле. Олардың қысқы тіршілігі туралы не
білесіңдер? Орамал алған бала осы сұрақтар бойынша өз білгендерін айтты.
Келесі ойын: “тапқыр болсаң-тауып көр”.
Тақтаға ілінген аңдар мен тамақтар суреттерінен қай аң немен
қоректенетінін тауып, әр аңның тамағын өзінің алдына қойды, қайсысы қысқы
ұйқыға кететінін айтты, мекендерін атады.
“Кім жылдам?” ойыны.
Қасиетін оқығанда, оқушылар бұл қандай аң екенін тапты.
Сонымен, Тазша баланың тапсырмалары арқылы, үй тапсырмасын орындадық.
Жаңа сабақ: құстардың қысқы тіршілігі.
Сұрақтар қою: -балалар, қазір сіздер жәндіктерді (шыбын, көбелек,
қоңыз т.б.) көріп жүрсіздер ме?
-Жоқ.
-Неге, олар қайда кетті?
-Ағаш қуыстарына тығылып қалды.
-Ал құстар (қарлығаш, аққу, үйрек т.б.) біздің жақта қазір бар ма?
-Жоқ.
-Олар қайда?
-Жылы жаққа ұшып кетті.
-Ендеше, балалар, табиғаттың өзгерісі құстар тіршілігіне де әсерін
тигізді. Біздің жақта қандай құстар қыстап қалды?
-Сауысқан, торғай, тоқылдақ т.б.
Құстар туралы әңгіме өтті.
Сұрақ: құстарға тән ортақ қасиет қандай?
-Ұшады, қанаты бар, тұмсығы бар, жұмыртқалайды.
-Айырмашылықтары қандай?
-Тұмсықтары, дене пішіні, түсі, дыбысы әртүрлі.
Кітаппен жұмыс: оқып, құстардың қысқы тіршілігіне түсінік беру. Үй
құстарынан айырмашылығын айту.
Сергіту сәті.
Бекіту мақсатында: Құстарға жем шашайық ойыны ойналды. Құстардың
суреттері таратылды. Суреттің артындағы сұрақтарға жауап берсе, құстарға
жем шашқаны.
-Қане, енді құстардың дауысына құлақ түрейік. Техникалық құралдан
құстардың дауысын тыңдап: Кім тапқыр? ойыны ойналды. Балалар қай құстың
дауысы екенін тапты.
Қорытынды:
Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа.
Ән: Торғай. Бағалау.
Үй тапсырмасы: Құстардың қысқы тіршілігі тақырыбын оқу. Ұнаған
құстарыңның бейнесін сал.
Күршім ауданының Боран ауылы, Халық Мұғалімі Құмаш Нұрғалиев атындағы
көп салалы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айылбаева Сара да өз
сабақтарында ойын элементтерін көптеп қолданады. Мысалы: Орман және дала
аңдары тақырыбын өткен кезде, Менің үйім қайда?, Кім шапшаң?, Ақ
сандық-көк сандық ойындарын ойнату арқылы, мұғалім оқушылардың пәнге деген
қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық-тарын, ойлау қабілеттерін дамытты.
Балалардың тез ойланып, дұрыс жауап беруін, логикалық ойлау
қабілеттерінің артуына - ойын элементтерін қолдану үлкен көмек береді.

2.2 Дүниетану сабақтарында ойын элементтері арқылы,
оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру

Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге, оқушының оқу
белсенділігін, ойлау қабілетін дамытады. Ол ешқашан формальді, жаттанды
өтпейді. Бұл жөнінде психолог А.Н.Лук: В игре нет принуждения, а так же
нет непосредственно жизненной, так называемой утилитарной необходимости.
Это чистая добровольная деятельностьЛукА.Н. Эмоций и личность. М. 1982
с.75 деген.
Ойын оқушының сөйлеу әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді [10;14].
Балалық шақтың мектепке дейінгі кезеңінде бала іс-әрекетінің негізгі
түрі ойын болып табылады. Ойын үстінде баланың ой-өрісі кеңейеді, мінез
белгілері мен адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ойлау қабілеттері арта
бастайды. Ойынмен бірге мектеп жасына дейінгі кезеңінде бала іс-әрекетінің
өмірінде, еңбек әрекетінің белгілі бір маңызы болады. Ересек адамдар баланы
өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне тартады, оны бастапқы дағдылар мен әдеттерге
баулиды, адамгершілік және ерік қасиеттерін қалыптастырады.
Баланың еңбек әрекеттеріне ойын элементтерін енгізу, олардың еңбекке
деген ықыласын арттырады, белсенділігін, ойлау қабілетінің артуына демеу
болады.
Н.К.Крупская: “Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі
оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін
берілетінін”-айтқан болатын [14;130].
А.С.Макаренко: “Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету
қандай орын алатын болса-балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды.
Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады.
Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады”-
дейді. Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы ол қоғамдық
тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады
[15;153].
Мұхтар Омарханұлы Әуезов ойындарға зор көңіл бөле отырып, мынандай
пікір айтқан: “Халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған
алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінігімше, көңіл көтеру, жұрттың
өзін қуантып, көңіл шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары
болған” [19;78].
Мектепке келісімен баланың ойын әрекеті үзіліп қалмайды, бірақ
басқаша сипат алып, белгілі бір бағытқа түседі.
Бастауыш сынып оқушыларының оқуға, білімге деген қызығушылықтарын
арттырып, ойлау қабілеттерін дамыту үшін ойын элементтерін қолданудың,
пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді қолданылған ойын элементтері, мұғалімнің түсіндіріп отырған
материалын берік меңгеріп, ойлау қабілеттерінің артуына көмектеседі.
Мұғалім сабақ кезінде қолданған ойындар қызықты болса, баланың сол сабаққа
деген қызығушылығы да арта түседі. Басқа сабақтардағыдай дүниетану
сабақтарында да ойынның неше түрін қолдануға болады, оларды мынадай жүйемен
топтастырдық (сурет 2.2.2).
Дүниетану пәні өзінің атында тұрғандай балаларға “дүниені таныту”,
яғни, таныстыру деген мағынаны білдіреді. Дүниетану оқулығы үш бөлімнен
тұрады. Олар: “Адам”, “Табиғат”, “Қоғам”. Осы үш бөлім бір-бірімен тығыз
байланысты. “Адам” бөлімінде, табиғаттың ең негізгі бөлігі ретінде
қаралатын адамның бізді қоршаған дүниені танудағы орны, оның еңбегі мен бір-
біріне қарым-қатынасы талданады. Адамның сезім мүшелері, дүниетанудағы
олардың маңызы баяндалады. Былай қарағанда, оқушыларға таныс, күнделікті өз
өмірімен тығыз байланысты мәселелер сияқты. Ал шынында 6-7 жасар бала үшін
адамның басты ерекшелігі (сезім мүшесінің) дүние танудағы қабілетін талдау
үлкен ой тастайды. Оқушының өз қабілетін, мүмкіндігін білуге жетелеп, өз-
өзіне деген сенімі артады. Осы тараудағы тақырыптарды оқыту барысында үнемі
оқушының өмір тәрбиесіне сүйену жағы ескерілуге тиіс.
“Табиғат” тарауы бірінші сынып оқушыларын өлі және тірі табиғатпен
таныстыра отырып, олардың бір-бірімен байланысын және осы байланыс жыл
мерзіміне қарай өзгеріп отыратындығын ұғындыруға арналған.
Өсімдік, жануар дүниесінің ең негізгі ерекшеліктері: тұқымнан көбею,
ұрпақ өргізу, өсу т.б. жеңіл түрде берілгенмен ғылыми негізінде баяндалады.
“Қоғам” бөлімі оқушының өз үйінен бастап, ауылы, Отаны туралы ұғым беруге
арналған. Қоғам жайында жеңіл түсінік бере отырып, оқушылардың жеріне,
еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазіргі кездегі адамдар арасындағы
қарым-қатынас, экономикалық жағдайға байланысты ұғым беру қамтамасыз
етіледі. Міне дүниетану оқулығы осындай 3 бөлімнен тұрады. Дүниетану
сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру мұғалімнің педагогикалық
талантына, іскерлігіне байланысты.
Тәрбиеші – ұстаз баланың дұрыс-ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керек.
Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Оқушыларды
ойлауға үйрету, жеңілден қиынға қарай таным қабілетін арттыру үшін сабақты
тартымды, қызықты қазіргі өмір талабына сай етіп өткізу қажет. Оқушылардың
ойлау қабілеттерін дамыту, оқуға ынтасын арттыру үшін сабақты қызықты,
уақытты үнемді пайдаланып отырып өткізу керек.
Оқу үрдісінде оқушының ақыл-ой қасиеттерін тәрбиелеп, ойлау
қабілеттерін арттыруда мына міндеттер жүзеге асырылуға тиіс.
1) баланың әр алуан ақыл-ой әрекетін, проблемалық, шығармашылық
ізденістерін дұрыс ұйымдастыру
2) баланың ақыл-ой жұмысына деген дұрыс мотивтерін (білімге құмарлық,
айнала қоршаған дүниедегі, қоғамдық өмірдегі жаңаны байқай білуге, оны
түсінуге ұмтылу т.б. қалыптастыру
3) баланың ақыл-ой мәдениеті дағдыларын меңгеруін қамтамасыз ету;
4) әр оқушының өзінің ақыл-ой ерекшелігін білу
5) оқу материалдарын баяндауда оқушылардың бұрынғы білім қорларын,
фактілерді әр жолы жаңаша көре білуін ұйымдастыру.
Ойлау қабілеттерін арттыруда жұбақтар, сөзжұмбақтар, кроссвордтар,
ребустар, ойындар, түрлі тақырыптық тестер, бақылаулар, тәжірибелер, топ-
саяхаттар, сайыстар, лото ойындары тағы басқа жұмыстарды қолдануға болады
(Сурет 2.2.1).

Сурет 2.2.1 Дүниетану сабақтарында оқушылардың ойлау қабілеттерін
арттыру жолдары

Ойлау қабілеттерін арттыруда ойын элементтерін көп қолдануға болады.
1-сынып оқушылары бәрімізге белгілі Ойын баласы болғандықтан сабақта
көбірек ойын түрлерін қолдансақ, соғұрлым оқушының сабаққа деген
қызығушылығы, ынтасы, білуге құмарлығы артады.
Бастауыш білім беру саласындағы ірі әдіскер, ұлы педагог К.Д.Ушинский
кіші мектеп жасындағы балалардың логикалық ойы мен тілін дамыту үшін
жаратылыстануды, географияны оқып-үйренуге үлкен мән береді. Ол балаларды
оқыту, сөзге негізделмей, оларды тікелей қоршаған әлемнен алған әсерлеріне
негізделуі керек деп есептелінеді.
Жоғарыда айтылғандай дүниетану сабақтарында оқушылардың пәнге деген
қызығушылықтарын, ойлау қабілеттерін арттыру үшін өте көп ойын элементтерін
қолдануға болады.
Мысалы Табиғаттан үйрене біл тақырыбын өткен кезінде Кім көп
біледі? ойынын ойнауға болады.
Ойынның мақсаты – балаларды тез ойлап, дұрыс жауап беруге логикалық
ойлауын арттыруға көмек береді.
Ойынның жүру барысы – балалардан табиғаттың қандай құбылыстарын
білетіндерін сұрау. Ұшақ, тік ұшақ неге ұқсайды деген сұрақ қою. Яғни, қай
бала табиғат құбылыстарын көбірек біледі, қай бала табиғаттан нені үйренуге
болады? деген сұраққа жақсы жауап берсе, сол балаға сыйлық беріліп,
мадақталады. Айналадағы дүние тақырыбын алатын болсақ, бұл тақырыпқа
байланысты қандай ойын элементтерін қолдануға болады?
Бұл тақырыпта қазақтың ұлттық ойыны асық алу ойынын қолдануға
болады. Ойынның мақсаты – табиғат заттарын және табиғат құбылыстарын
жіктеуді, топтай білуді меңгерту.
Ойынның жүру барысы: сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу
қажет. Бір топтағы оқушылар табиғат заттарын екінші топ құбылыстарын
атайды. Атап тұрып, тақтада ілінген қоржынға, егер бала дұрыс жауап берсе,
қоржынның бір жақ дорбасына асық түсіреді. Осылай кім көп асық жинаса, сол
топ жеңеді.
Келесі тақырыбымыз, осы тараудағы Табиғаттан үйрене біл. Бұл
тақырыпта Кім көп біледі? ойынын қолдану тиімді деп ойлаймыз.
Адам дегеніміз мен және басқалар тақырыбында өте көп ойын
элементтерін қолдана отырып, тақырыпты меңгертуге, ойлау қабілеттерін
арттыруға болады.
Мысалы: Кім болам? ойыны.
Әр баладан қай мамандық иесі болғысы келетінін, неге оны қалағанын
сұрау. Адамның сезім мүшелері тақырыбы балалар үшін ең оңай тақырыптың
бірі дер едім. Бұл тақырыпты өту барысында Кім тез табады? Кім шапшаң?
деген ойын элементтерін қолданса оқушылардың шығармашылық, ойлау
қабілеттері артады.
Кім шапшаң? ойынында – екі бала екі топтан шығады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Матеметика сабағында жеке тұлғаның білім,білік дағдысын қалыптастыру
Бастауыш метеп оқушыларының таным белсенділігін арттыруда дамыта оқыту технологиясының рөлі
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу жайлы ақпарат
Сыни ойлау психологиясы
Дарынды балаларды дамытудың маңызы
Мектеп оқушыларының оқу қызметінің әдістері мен тәсілдері
Дарынды балалармен жұмыстың стратегиясы
Инновациялық білім беру технологиялары
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерінің базалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістері
Бастауыш сыныпта математикадан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер