Қазіргі жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру жолдары


Мазмұны
КІРІСПЕ . . .
1 ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . .
1. 1 Қазіргі жастарды рухани құндылықтар негізінде әлеуметтендіру
1. 2 Қазіргі жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру
жолдары . . .
1. 3. Рухани адамгершілік негізінде жастардың өзін-өзі дамытудың педагогикалық шарттары.
2 ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІН ІС-ТӘЖІРИБЕ АРҚЫЛЫ КӨРСЕТУ . . .
2. 1 Әртүрлі танымдық іс шаралар арқылы жастардың рухани құндылықтарын қалыптастыру
2. 2 Жастардың рухани құндылықтарын қалыптастыру деңгейін диагностикалау . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ТІРКЕМЕ . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты білім мен тәрбие жүйесінде мол өзгерістер туындап отыр.
“2010-жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы” ұсынылып, “Мәдени мұра” бағдарламасы талқыланып жатқан тұста, тәрбиеге жаңа қөзқарастармен қарау қажеттігі туындады.
Сондықтан да ХХІ ғасырдың жаһандану мен ұлттық тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текестірген елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік қасиет сапаларын, ар- намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр.
Өйткені жаңа ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы шиелене түсті. Бұл бір жағынан, барша саланың ғаламдануы, ал екінші жағынан рухани азғындаудың бас көтеріп, үдеу үрдісімен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда республикамызда күннен күнге нашақорлық, маскүнемдік, жұмыссыздық пен тастанды балалар санының көбеюі, Қазақстан сәбилерінің жер жүзіне таралып, қолды болуына, жалпы тәрбие процесін күрделенгенін байқатты.
Қазіргі жаһандану заманында әркімнің ісінің өнімді табысының толымды болуы, әлемдік бәсекеге төтеп беруі қай кіснің болса да өзінің қабілеті мен тапқырлығына, білім-біліктілігіне байланысты екендігі -ақиқат аксиомаға айналды. Осы ғаламдық үдеріске сай адам ресурс адам факторы, “адам капиталы” деген сияқты жаңа әлеуметтік - педагоикалық ұғымдардың пайда болуы да заңды құбылыс. “Адам капиталы” өркениетке өрлеудің, жаһандану бәсекеге қабілетті болудың шешуші факторына айналғаны мәлім. Қазіргі қарыштап қарқынды даму кезеңде адамның жай қабілеттілігі мен ебдейлігі әлемдік бәсекелестік жарыста, озып шығу үшін жеткілігсіз болып отырғаны белгілі. Мұндай «аламан бәйгеде» басқадан қалып қалмас үшін кәдімгі қазақы үйреншікті пысықтық пен ептілікті творчествалық және бәсекелестік қабілеттілікпен толықтырумыз тиіс. Сондықтан қабілеттіліктің мән-мағынасына, қабілетіңе қарай кәсіп таңдай білуге, творчествалық қабілеттіліктің сыр-сипатына, педагогикалық творчествалық қарекетке, кәсіпкерлік бәсекелестікке, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Демек, қоғамдық, әлеуметтік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын яғни адамгершілік құндылықтарының жоғары болуын қамтамасыз етіп, азамат тәрбиелеудің жаңа бағыттарын ойластырудың қажеттігі туындады.
Осы ретте, жастардың бойында адамгершілікке бағытталған жүйе қалыптастыруды, тәрбие жұмысын ұтымды жоспарлай білуді және жаңа технологиялық негіздерді оңтайлы ұйымдастыруды жүзеге асыру, тәрбие процесін жаңа ғылыми - педагогикалық тұрғыда зерттелуін де талап етеді.
Жастардың рухани құндылықтарының қалыптастыру мәселесі барлық кезеңдерде де өзектілігін жоймай, педагогика ғылымының зерттеу нысаны болудан тайған емес. Оның өнеге үлгілерін өскелең ұрпақ тәрбиесінде пайдалану қажеттілігі мен теориялық педагогикалық негіздері Аристотель, Сократ, Платоннан басталып, бұны алыс жақын шетел педагогтары Б. С. Гершунский, И. П. Подласый, Н. Е. Щуркова т. б жалғастырып, психологтар В. Франкл Л. И. Божович, С. Л Рубинштейн, Ж. Ы. Намазбаев, Қ. Б. Жарықбаев т. б. ғылыми теориялық тұрғыдан тереңдетті.
Қазақ даласының ойшылдары Әл-Фараби, Ж. Б. Баласұғын, М. Қашқари, ғұлама ағартушылар Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, ХХ-ғасырдың бірінші жартысындағы педагог ағартушылар тобы М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров ұлттық адамгершілік құндылықтарының негізін салған философтармен мәдениеттанушылар Ә. Нысанбаев, Л. Кішібеков, Ғ. Есім, Т. Ғабитов т. б. ары қарай жалғастырды.
Рухани құндылықтың қайнар көзі, алтын арнасы ұлттық байлықта, яғни, ұлттың рухани, мәдени байлығын ұлттық байлықпен ұштастыру, оның озық үлгілерімен байланыстыру-жас ұрпақты жан- жақты дамыту жеке тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы болып табылады.
Сонымен бүгінгі қоғам сұранысының талабына сай біз жұмысымыздың тақырыбын “Қазіргі жастардың рухани құндылықтарын қалыптастыру” деп таңдаумызға негіз болды. .
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазіргі жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру.
Зерттеу обьектісі :Жоғарғы оқу орындағы тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Жалпы жоғарғы оқу орынындағы жастардың рухани құндылықтарын қалыптастыру жүйесі.
Зерттеу міндеттері:
“Құндылық”, “рухани құндылық”, “Жалпы адамзаттық құндылық”ұғымдарының ғылыми-теориялық мәнін, әлеуметтік- педагогикалық маңызын ашып көрсету.
- рухани құндылық мазмұнына сипаттама беру;
-жастардың рухани құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;
-жастардың рухани құндылықтарын қалыптастырудың модульдік технологиясын жасап, оның тиімділігін тәжрибелік педагогикалық эксперимент арқылы көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер жастардың рухани құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері анықталса, сонда ғана өркениетті ортада жастардың рухани құндылықтарын қалыптастырудың мүмкіндіктері артып, қойылып отырған қазіргі заман талаптары жүзеге асады.
1 ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Қазіргі жастарды рухани құндылықтар негізінде әлеуметтендіру
ХХ -ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау айқындалуда.
Жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру-қазіргі қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл заңды да, өйткені, біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдік фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады.
Әрбір қоғам алдына қойған мақсаты-сол келешек қоғам иелерін жан- жақты жетілген, ақыл-парасаты мол мәдени ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу.
Ендеше жаңа дәуірде жаңашыл адамды қалыптастыру қажеттілігі туып отыр. Бұл кезеңде ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибелерімізге, бай мұраларымызға талдау жасалып, жіктеліп ойларымыз қорытылып, нәтижесінде белгілі бір жүйеге келу өмір талабы.
Заман ағымына лайықты қазіргі кезде алдымызда тұрған міндет- халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы-өзге елді де, өз елін де сыйлайтын жан -жақты азамат қалыптастыру қоғамның басты міндеті.
Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны рухани дамыту. Рухани даму дегеніміз - өзінің өміріндегі орынын жауапкершілігін түсініп, өзін- өзі жетілдіру. Қазақ даласының ойшылдары Әл-Фараби, Ж. Б. Баласұғын, М. Қашқари, ғұлама ағартушыларШ. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев,
ХХ-ғасырдың бірінші жартысындағы педагог ағартушылар тобы
М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М . Дулатов, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров ұлттық құндылықтарының негізін қарастырған.
Рухани даму жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Рухани дамыған тұлғаның көрсеткіштері басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін-өзі дамыту, жетілдіру.
Қазіргі уақытта халқымыздың әдет-гұрып салт-сана дәстүр, рухани және мәдениет мұраларын сақтау, қалыптастыру, жетілдіру жөнінде Елбасымыз ұдайы айтады. Бұл орайда іске асырылып жатқан нақты іс-шаралар баршылық болғанмен тоқмейілсуге әлі ерте. Егер жастарға ең алдымен саналы тәрбие керек десек, оны түбегейлі қалыптастыратын тағы да сол ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер ғана болмақ.
Біз зерттеу барысында қарастырып отырған мәселелерінің теориялық әдіснамалық негізін дәлелдеу мақсатында ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы “құндылық”, “рухани құндылық”, “адамгершілік құндылық”, “жалпы азаматтық құндылық” ұғымдардың өзара байланысына, олардың анықтамаларына, құрастырылған жүйелерге мазмұндық сипаттама беруге талпындық.
Сондықтан құндылықтарға теориялық тұрғыдан талдауды өзекті мәселесі деп қарастырамыз. Осыған орай, біз зерттеу тақырыбына байланысты аксиологиялық теориясына сүйендік. Бұл мәселені құндылықтар теориясы немесе аксиология (грек тілінде “ахіс” - құндылық және “Іоgоs” - ілім) қарастырады. Аксиология-құндылықтар жаратылысы туралы, оның нақтылықтағы орны мен құндылықтың әлемдегі құрылымы туралы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлғаның құрылымы арасындағы әр түрлі құндылықтар байланысы туралы ілім деп түсіндіріледі.
Қазақ тілінің терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде, жалпы адамзаттық құндылық-барша адамдарға, әлеуметтік асқын жүйе ретіндегі бүкіл адамзатқа ортақ, дүние жүзі халықтарының ғасырлар бойы тәжрибесін қорыту нәтижесінде тұжырымдалған, қазіргі заманғы өркениеттің дамуын анықтайтын мұраттар деп көрсетіледі. Осы мәселе бойынша педагог ғалымдар М. А. Гусаковский, М. В. Богуславский, Г. Б. Корнетов сияқты әдіснамалық зерттеуші ғалымдар мынандай ең жоғарғы құндылықтар иерархиясын ұсынады:Адам, Денсаулық, Өмір, Жанұя, Отан, Жер, Адамзат, Бейбітшілік, Еңбек, Білім, Мәдениет, Даму. Ресейлік ғалым Н. Е. Щуркова, педагогикада құндылықтар құндылықтары иерархиясын төмендегі пирамида түрінде ұсынды.
Сурет1- Н. Е. Щуркова ұсынған құндылықтар “пирамидасы”.
Осы жұмыс негізінде ғалысм Р. К. Төлеубекованың жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу тұжырымсдамасын қарастырдық. Қазақстан Республикасының қоғам дамуының жаңа кезеңіндегі адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негізін, ғалым өзіндік жаңа ұстанымға сүйене отырып, жалпы адамзаттық құндылықтардың ішінен, Адам, Жер, Ұлт, Отан, Білім, Бейбітшілік, Мәдениет, Еңбек, Білім, Отбасы деген құндылықтарды іріктеп жүйелеген.
Жоғарыда айтылған көзқарастардан байқағанымыз, берілген бұл жүйелер бірдей болмағанмен, олардағы құндылықтар тізіміне ортақ көзқарас бар және оларды біріктіріп тұрған - гуманистілік бағыттылық: үш жүйеде де “Адам” ең маңызды құндылық болып табылады.
Қазақстандық зерттеуші ғалым Г. К. Нұрғалиева 90-жылдардың басында, жеке адамның құндылық бағдар жүйесінің психологиялық-педагогикалық негізін анықтаған. Әлеуметтік- мәдени ортада тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеуге, олардың әлемдік өркениеттің субьектісі болатындығын жан-жақты көрсетеді.
Сондықтан, жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесін негізге ала отырып, адамгершілік құндылыққа өз анықтамамызды береміз. “Адамгершілік құндылық-жастарда адамгершілік құндылық қалыптастыруда ол дүние жүзілік адам баласы жасаған бағалы бағдарламалық білімін құндылық ретінде іс-әрекетте, қарым-қатынаста меңгерген өмірлік тәжрибесінде, өзінің табиғи болмысын байыта алатын, мәдени байлықтарды меңгерген, соған сәйкес әр түрлі іс-әрекеттер, сезім, сана, мінез-құлықта, қоғамдық қатынаста тұлғаға тірек болатын сенім”-тұжырымдаймыз.
Құндылықтар -жоғарыда аталған анықтаманың ең маңызды белгілері, ол адамдарды біріктіретін негізгі тірек. Адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасы. Адам болмысының әр түрлі формаларына деген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті болып табылады.
Сондықтан философиялық тұрғыдан қарастырғанда мынадай топтарға бөлуге болады. Қоғам және адам ең жоғарғы құндылық: табиғат, еңбек, т. б. материалдық қажетті өмір құндылығы; отбасы, ғылым, мемлекет т. б. әлеуметтік өмір құндылығы; ғылыми білім, норма, көзқарас, идеал, т. б. рухани өмір мен мәдениет құндылығы; шындық, толеранттық, жанашарлық, махаббат достық, қанағаттану-адамгершілік құндылық.
Демек біздің пайымдауымызша осы құндылықтардың жиынтығы “Жалпы адамзаттық құндылықтарды ”анықтайды. Адамның жеке басының тұлғалық құндылығы жалпы адамзаттық құндылықпен сәйкес келіп жатса, онда әлеуметтік болмыста үйлесімді ахуал қалыптасар еді.
Айтылған пікірлерді талдай отырып, жүйелей негіздеуге мүмкіндік бар. Бұл негізде шетел философы Р. Вильямстың еңбегіне ерекше көңіл бөлу керек. Ол құндылықтарды мақсат-құндылық (терминалды) , құрал- құндылық (инструментальды) болатынын, оларға бағынышты құндылықтар болады деген пікірді білдіреді де, мақсат құндылыққа-Ақиқатты, Еркіндікті, Әсемдекті, Әділдікті, Жақсылықты жатқызады. Ал құрал-құндылықтарға-Әлеуметтік, Саяси, Экономикалық құбылыстарды жатқызады. Бұлардың барлығы қоғамдық тарихи үрдістің жалпы адамзаттық құндылық кеңістігіндегі алдына қойған мәселелермен байланысты құндылықтар болып табылады.
Терминальды құндылықтардың ішінде интраперсональді, яғни адамның жеке басына байланысты (жанды құтқару, өмір мәні, т. б) және интерцерсональды, яғни әр түрлі топтарға бағытталған (әділдік, бауырмалдық) салалар бар. Біздің ойымызша осы терминальды құндылықтар қоғамдағы адамгершілік құндылықтар жүйесін құрайды.
Жоғарғыда айтылған ғалымның тұжырымынан біз, тұлғаға адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда жеке тұлғаның бойындағы ішкі мәдениетінің ірге тасы бола алады.
Бөбек қорының президенті С. А. Назарбаева “Адамгершілік-адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі ниеттілік құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, ”- деген ойды айтады. Осы орайда, гуманизмді адамға тән адамгершіліктің, парасаттылықтың және ой шабыттың ерекше жиынтығы ретінде қарастырып, адамды еркін ойлаудың, әділдік пен теңдік принциптерін құрметтейтін адамшылықтың шынайы белгісі деп қарастырамыз.
Адамның бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің пайда болуы, ізгілік мәдениеттің негізін құрайтын адамгершілік құндылықтар жүйесін меңгерумен тікелей байланысты.
Адам жер бетіндегі тіршілік әрекетінің жоғарғы формасы болғандықтан, жануарлардан ерекше. Адам “Мәдениет ” сөзімен тікелей байланыста.
“Мәдениет”- бұл адамның өмір-әрекетінің мазмұны, оның түрлі әдістері мен түрлерінің пайда болуы. Егер адам өмірдің осы түрін пайдаланбаса онда оның жануарлардан айырмашылығы болмайды.
Қазақтың ойшылы Абай Құнанбаев өз кезеңінде айтқан :“Егер адам білімге ұмтылмаса, онда ол жануарларға теңеседі, немесе егер бір адам өзге адамға қатыгездік, жаманшылық жасаса, онда ол адами қасиетін жоғлтып, жануардан айырмашылығы болмай қалады. Сондықтан адам болып дүниеге келу емес оның адами қасиеті, мәдениеті болуы қажет. Адамның пайда болуы мен қалыптасуына қажетті түсінік материалды мәдениет бұл пәндік шарттар- адам дамуы мен қалыптасуының физикалық биологиялық мәні негізінде, тамаққа, киімге, баспанаға және т. б материалдық қажетіліктерді қажетсінуі. Бұл затты өңдеудің негізгі міндеті адамдардың экономикалық, өндірістік әрекеті және адам өмірі онсыз мүмкін емес.
Материалдық мәдение - бұл тек қана өмірдің өндірістік тәсілі емес, сонымен бірге техникалық құрлыс, ғимарат, тарихи ескерткіштер және т. б.
Сонымен қатар адамның рухани адамгершілік мәдениеті пайда болады. Руханилық - адамгершілік екі түрлі көрініс, бірақ бір -бірімен байланысты. Адамгершілік бұл тек руханилықтың элементі, оның бір көрінісі.
Руханилық - бұл адамның өзіндік ашылуы және өзіндік дамуының әр түрлі түрлері, әдістері, адамзаттық өмірлік әрекетінің түрлері.
Философиялық, педагогикалық, психологиялық шолу жасай келе адами қасиеттерді белгілейтін, адамгершілікке бағытталған құндылықтарды жалпы талдау жасай отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарға анықтама беруге талпындық.
Сонымен, “рухани-адагершілік құндылықтар дегеніміз адамның өзінің табиғи жаратылысы мен өзін-өзі тану, қабылдау, сезіну арқылы түсіп дамыған сыртқы ортаның қалыптасқан, тұлғаның тұрақтылығы мен жетілу деңгейін, қоғамдағы орнын, даралық қасиеттерінің сипатын айқындайтын ішкі құрылымдық жүйе”-деп білеміз.
Руханилықтың бір көрінісі -қоршаған әлемді тану мәдениеті және өзін- өзі тану. Сондықтан адамның білімге құштарлығы жануарлардан айырмашылығын көрсетеді. Х. Шельски ХХ ғасыр жастарының тарихи үш толқынын даралап көрсетеді. Оның ойынша, біріншісі-романтикалық. Бар болмысы идиолистік философияға негізделген, бұл ұрпақта ең алдымен адамға тән ақыл-параст, ізгілік және түсініктілік қасиеттер басым болады. Екіншісі- уайымшыл деген шартты атқа ие болған ұрпақ.
Жастардың бұл толқыны әр түрлі саяси бірлестіктерде, қозғалыстарда, партияларда, өздерінің құқықтарын қорғау үшін саналы түрде бірігіп, алға қойған мұраттарын жүзеге асыруға ұмтылады. Соңғы үшіншісі - қоғамдық мұраттар мен құндылықтарға деген сенімділікті бойына сіңіріп өскен күдікшіл ұрпақ.
Қазіргі кезде теледидардан тұрпайы фильмдер шектеусіз көрсетіледі. Алдын артын танып үлгірмеген жастарымыз оған еліктейді. Ал кейбіреулер “демократияны” ойына келгенін істеу деп түсінеді. Жастарға“қазір жастар арасында жағымсыз істер көп, айтуға ұят, ондай қылықтар біздің қазаққа жалпы адамзат баласы ондай іс -әрекеттерден аулақ болу керек, ертең өздерің дейсіңдер”деп айтса, әп-әжептәуір, парасатты деген азаматтар “Қазір демократия, кім немен айналысам деседе өз еркінде, егер жаман болса киноларды бүкіл халыққа неге көрсетеді? ” деп айтады. Мұның өзі біздің рухани мәдениетіміздің азғындалып бара жатқанымызды байқатады. Сондықтанда соған тосқауыл қойатын уақыт жеткен сияқты.
Қазіргі кезде жастар бойындағы рухани байлығымыздың жоғалып бара жатқаны. Бәрінен де күшті осы. Себебі рухани бай адам елікпейді де, бәрін ақылмен ойлап, жүз толғанып өзіне қажеттісін ғана, керегін ғана бойына дарытады. Ұрпақ тағдыры дегеніміз-ұлт тағдыры. Әрбір ұлт болашағы, оның білімді де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Жалпы жастарды, салауатты өмір салтына тәрбиелемей ел мәдениеті көтерілмейді. Толық мәдениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды, бойымызға сіңіріп содан кейін өзге дүнйені игеруге ұмтылғанымыз жөн.
Сондықтан оп-оңай айта салатын жалаң сөздерге, үгіт насихатқа қарағанда маскүнемдік пен нашақорлықтың, жезөкшеліктің адам өміріне қандай азап әкелетіні, аз күнгі “қызық”ажалмен аяқталатыны жастар санасына жеткізу керек. Олай дейтін себебіміз, егер олар көретін азабын көз алдына елестете алатын дәрежеге жетсе, өз өмірлеріне балта шаппай, одан бойын аулақ салар еді, себебі кімнің тірі өлік болғысы келеді, көпшілік жастар соны білмей опық жейді ғой. Көптеген жастарымыз“Нашақорлық дегеніміз деген не ?”деген сұрақтарға, ол рахат кәйіп деп жауап бертіндерде аз емес.
Қазақ халқының қыз перезентін ерекше тәлім-тәрбиеде ұстағаны тарихтан белгілі. Сыпайылылық, ұялшақтық, әдептілік пен ұстамдылық қазақ қыздарының бойына тараған, қанына сіңген ұлттық қасиет. Бірақ қазір жезөкшелікті кәсіп айналдырып, арын аяққа басып, ақша үшін бәріне барып жүрген қыздар қаншама?Өкініштісі, олар оның зардабынан ұрпақсыз қалатынын, неше түрлі жазылмайтын, жан азабын тарттыратын жыныстық ауруға ұшырайтыны маңдайларына тигенде бір-ақ біледі. Бұл дегеніміз -келешек қоғамға ұлтқа ұрпаққа қауіп төнді деген сөз.
Біреулер жастардың жағымсыз әрекеттерімен айналысуын жұмыстың жоқтығынан, күн көрудің қиындығынан, тұрмыстың нашарлығынан деп ойлайды. Ал қазақ басынан талай небір қиын заманды өткізді, аштықты да, ашаршылықты да, тұрмыстың қйындығын да, жетіспеушілікті де, соғысты да небір зобалан заманды да. Сонда да арын сатып бала асырап, арақ ішіп қайғысынан азайып көрген емес. Қйындықтар мен қйыншылықтарды жеңу әр адамның дүние танымдық мүмкіндігіне, мұратына, рухани деңгейіне байланысты. Рухы күшті ұлт озады.
Рухы жоғары адам тіршіліктің қиыншылығымен тұйықталынып қалмай, өзгенің адамгершілігін құрметтеп, оған ілтипатпен қарап, көмектесуге бейім болады. Адамнның рухани сұлулығының басты белгілері-адамгершілік. Оған қайырымдылықпен бірге басқаның қайғысына ортақтасу, шыншылдық, адалдық, сияқты жалпы адам баласына тән жақсы қасиеттер жатады.
Рухани қажеттілік - адамның жеке тұлғалық, шұығармашылық тәлімдік -әлеуметтік қажетін қанағаттандыратын құндылықтарға ынталылық.
Руханилық ең жоғарғы құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті.
Руханилық ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезімі махаббат пен жанашырлық сананы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі. Руханилық- жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізі адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бдағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz