Танымдық бейнелеу теориясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Қ. Жұбанов Атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті

Сырттай оқу бөлімі

Тарих-филология факультеті

«Психология және педагогика» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

3-4 жас аралығындағы балалардың танымдық әрекетін дамыту

Орындаған : сырттай оқу бөлімнің

«Педагогика және психология»

мамандығының 3- курс

Ғылыми жетекші: педагогика ғыылымдарының кандидаты,

Ақтөбе-2008 жыл

Мазмұны

Кіріспе 3

1
І тарау Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің теориялық аспектілері
9
1: 1. 1
І тарау Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің теориялық аспектілері: Танымдық іс-әрекеттің мәні, маңыздылығы, мазмұны
9: 9
1: 1. 2
І тарау Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің теориялық аспектілері: 3-4 жастағы баланың танымдық іс- әрекетін дамыту ерекшеліктері
9: 18
1: 1. 3
І тарау Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің теориялық аспектілері: Ойын - танымдық іс-әрекет дамуының негізі
9: 22
1:
І тарау Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің теориялық аспектілері:
9:
1:
І тарау Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің теориялық аспектілері: І тарау бойынша тұжырым
9: 32
1: 2
І тарау Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің теориялық аспектілері:

ІІ тарау. 3-4 жастағы балалардың таным әрекетін психология-педагогикалық дамыту шарттарын тәжірибелік-эксперименталдық тексеру

3 -4- жастағы балалардың танымдық іс-әрекетті дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі

9: 33
1: 2. 1
І тарау Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің теориялық аспектілері: 3-4 жастағы балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту әдістемесі
9: 44
1: 2. 2
І тарау Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің теориялық аспектілері: 3-4 жас аралығындағы балалардың танымдық іс-әрекетін дамытатын ойындар. Тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстар нәтижелері
9: 55
1:
І тарау Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің теориялық аспектілері:
9:
1:
І тарау Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің теориялық аспектілері: ІІ тарау бойынша тұжырым
9:
1:
І тарау Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің теориялық аспектілері: Қорытынды
9: 56
1:
І тарау Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің теориялық аспектілері: Пайдаланылған әдебиеттер
9: 57
1:
І тарау Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің теориялық аспектілері: Қосымшалар
9: 59

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі : Қазіргі кезде еліміздің экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайына сай, қоғам өмірінің барлық салаларында өзін-өзі жетілдіріп, өзін жан-жақты дамытатын, білімді, барлық іс−әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлғаны тәрбиелеу өзекті мәселе болып отыр.

Мұндай адамның қалыптасу шарты - оған табиғатпен берілген танымдық әрекетін дамыту болып табылады. Таным әрекетінің дамуында тұғырнамалық саты болып табылатын мектепке дейінгі жаста-ақ көрінеді. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің оны дамыту процесін ұйымдастыру қызметін жетілдіру қажеттігін шарттайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным әрекетін дамыту ақпараттық кеңістіктің кеңеюімен сипатталатын қазіргі кезеңде ерекше маңызға ие. Ақпараттардың ұлғаюы балада өзіне қойылған талаптар шеңберінен асып, өз ойын жүзеге асыруда ерекше шешімдер табуға мүмкіндік беретіндей қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді.

Еліміздің болашағы саналатын ұрпақ тәрбиесінде, оқу-тәрбие процесінде өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің, нарықтық экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілетін, шығармашылық, кәсіби біліктілігі мен білімділігін керек ететіні белгілі.

Мектепке дейінгі ұйым алдында заман, қоғам талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді тұлға қалыптастыру мәселесі тұр. Сонымен қатар әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оның танымдық іс-әрекетін, белсенділігін дамыту мәселесі алға қойылады. Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық іс-әрекетін зерттеу мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Өйткені, сол кезеңде ғана баланың алдағы дамуын анықтайтын көптеген психикалық процестер (зейін, қабылдау, ес, қиял, ойлау, сөйлеу), қасиеттер, қабілеттер қалыптасады.

Танымдық іс-әрекет - ерекше психологиялық құбылыс. Бұнда баланың танымдық процестері қалыптасады, дамиды, жетіледі. Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде таным іс-әрекеті, белсенділігі тұлғаның қоғамдық белсенділігі ретінде былай анықталады:

-Интеллектуалды есептерді шешудегі бейнеленетін психикалық қалып (Д. В. Вилькеев)

-Білімдерді игерудегі дайындық, ұмтылыс (Н. А. Половникова)

-Ақыл-ой әрекеті, яғни белгілі бір танымдық нәтижеге жетуге бағытталған және танымдық қажеттіліктердің арқасында пайда болған жоғары интеллектуалды бағдарлау реакциясы (Т. И Шамова)

-Таным объектісіне бағытталған тұлғаның шығармашылық қатынасы (Л. Н. Аристова)

-Әрекет құрылымының ішкі сипаттамасы (А. Н. Леонтьев, А. К. Маркова)

Танымдық іс-әрекет мәселесін зерттеуге өздерінің үлкен үлестерін қосқан: Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, В. С. Мухина, Ж. Пиаже, Н. Н. Подьяков, Л. А. Венгер, Т. И. Шамова, Дж. Брунер, А. М. Матюшкин, С. М. Жақыпов және басқалар.

Мектепке дейінгі 3-4 жастағы баланың таным әрекетін дамытудың танымдық қырына жоғары талап қоюдың басты себебі осы жас аралығындағы баланың дамуының қарқынды жүруі болса, екінші жағынан мектепке оқуға дайындаудың алдыңғы сатысы болып табылады. Ой-сана тұрғысынан әрекет ету қабілеті ретінде баланың әрекетінде танымдық шығармашылықтың пайда болуы мектепке дейінгі 3-4 жаста-ақ басталады. Дегенмен, таным әрекетін ойдағыдай дамыту шарты мектепке дейінгі мекемеде 3-4жастағы балалардың педагогикалық процесінде әлі де толық айқындалмаған күйде қалып отыр.

3-4 жастағы балалардың таным әрекетін дамыту жағдайына жасалған талдау мектепке дейінгілер ішкі тұрғыда әрекет етуге тырыспайтынын, өзінің таным қызметінің тәсілдерін барлық кезде бірдей жеткізе алмайтынын, ойлауда өзгешеліктері жеткіліксіздігін көрсетті. Осыған орай, мектепке дейінгі мекемелерде 3-4 жастағы балалардың таным әрекетінің психологиялық-педагогикалық проблемаларын зерттеу осы процестің ерекшеліктерін түсініп қана қоймай, оны дамытуға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыруда болатын күрделі әрі өзекті проблемаларды шешуге де мүмкіндік береді.

Таным әрекетін дамыту проблемасына философияда, психологияда және педагогикада біраз жұмыстар арналған.

Қоршаған ақиқатты танудың методологиялық негіздері философтар және психологтар Г. С. Батищев, Л. С. Выготский, А. М. Коршунов, С. Л. Рубинштейн, В. Н. Филипповтың еңбектерінде көрсетілген. Г. С. Батищев танымның қызметтік-әрекеттік қырын анықтады. Л. С. Выготский сананы бір нәрсе арқылы дамыту теориясын жасады. А. М. Коршунов жүйкеде ақиқатты бейнелеу белсенділігі қағидасына назар аударды. С. Л. Рубинштейн адам жүйкесін дамытуға қызмет етуге шартталған ұстанымды негіздеді. В. Н. Филиппов интеллекттің білім қайшылықтарымен беттесуінің бастапқы қағидатын әзірледі.

Оқу әрекеті, оқу-танымдық әрекет, таным әрекеті проблемаларының теориялық негіздері жетекші философтар, психологтар мен педагогтардың (К. А. Абулханова-Славская, С. В. Герасимов, М. И. Лисина, А. М. Матюшкин, Я. А. Пономарев, Т. И. Шамов, Г. И. Щукин) еңбектерінде берілген. А. М. Матюшкин таным белсенділігі мен оның құрылымдарының түрлерін анықтады. К. А. Абулханова-Славская мен М. И. Лисина таным белсенділігі мен таным қызметі ұғымдарының арақатынасына талдау жасады. С. В. Герасимов қызмет пен белсенділіктің ажырамас байланысын көрсететін таным белсенділігі мен ұғынудың өзара байланыс түрлерін айқындады. Т. И. Шамова мен Г. И. Щукина таным белсенділігі таным қызметіне қатысты пайда болатынына назар аударды. Я. А. Пономарев адамның шығармашылық белсенділігін дамыту тетігін жасады. 3-4 жастағы балалардың таным әрекетін дамыту ерекшеліктерін біз Р. Буре, Д. Б. Годовикова, Л. Р. Голубева, С. А. Козлова, В. А. Петровский, Н. Н. Подъяковтың еңбектерінен таптық, оларда мектепке дейінгілердің таным әрекетіне тән негізгі сипаттар, оның өту қарқыны мен бағыттылығы суреттелген. 3-4 жастағы баланың таным әрекетін зерттеуде ойлауды дамытудың бір нәрсе арқылы болу (опосредование) және бейнелік сипат идеясы айқын байқалады, бұл Л. С. Выготский, Л. А. Венгер, С. А. Лебедева, Н. Н. Подъяков, Е. Е. Сапогова еңбектерінде көрсетілген. Сонымен бірге, Я. А. Пономарев, Н. А. Менчинская еңбектерінде мектепке дейінгі жастағы бала танымдық міндет шешімін ішкі тұрғыда жүзеге асыруға қабілетті екені көрсетіледі. Балалардың танымдық әрекетін дамыту шарттарын зерттеу отандық та, шетелдік те әдебиеттерде берілген. Қазақстандық ғалымдар балалардың танымдық әрекеті осы жас кезеңіне тән саналуан қызмет түрлерінде: ойын, оқу дамитындығын көрсетеді. Л. С. Выготский, Л. В. Занков, И. Я. Лернер, Г. П. Щедровицкий еңбектерінде дамыту мен оқыту ұғымдарының арақатынасы талданады. Л. С. Выготский, В. В. Давыдова, В. А. Лефевр, М. В. Кларин, В. А. Петровский, В. И. Слободчиков, Г. А. Цукерман, Р. Бернс зерттеулерінде таным рефлексиясын, оның мәнін, міндетін, процестерді, жастық пайда болу ерекшеліктерін қарастыратын авторлар идеялары берілген.

Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде танымдық іс-әрекетін зерттеу мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Танымдық іс-әрекет -ерекше психологиялық феномен, оның негізінде танымдық процестер қалыптасады, дамиды, жетіледі.

Танымдық іс-әрекет мәселесін зерттеуде үлкен үлестерін қосқан психолог-ғалымдар: Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Ж. Пиаже, Н. Н. Подьяков, Л. А. Венгер, Т. И. Шамова, Дж. Брунер, А. М. Матюшкин, С. М. Жақыпов, т. б. [18, 79, 109, 98, 11, 57, 27] .

Сонымен бірге, ғылыми әдебиеттер талдауы көрсеткендей, мектепке дейінгі мекемелерде 3-4 жастағы балалардың таным әрекетін дамыту проблемасы, ғылыми әдебиеттерде қозғалса да, жан-жақты және тұтас арнаулы зерттеуге алынбаған. Атап өткеніміздей 3-4- жасар балалардың танымдық әрекеті мәселелерін жеке ғалымдар қарастырғанымен әлі де болса шешімін таппаған келелі проблемалар баршылық бұл мәселенің көкейкестілігін айқындай түседі. Өйткені соңғы уақытқа дейін ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде мектепке дейінгі мекемеде 3-4 жастағы балалардың таным әрекетін дамыту мәселесіне әдейі арналған зерттеулер іс жүзінде болған емес, егер болса, таным әрекетін білім мазмұнын игеру және осы мазмұндарды игерту тәсілдерін құру арқылы дамытудың педагогикалық шарттары, ойын арқылы дамыту жолдары толық анықталмаған. Осы аталғандардың барлығы біздең зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «3-4- жасар баланың танымдық іс-әрекетін дамыту» деп алуымызға негіз болды. Осылайша, баланың таным әрекетін дамытудың төмен деңгейі мен оны дамытудың педагогикалық шарттарының жеткіліксіз әзірленуі арасында пайда болған қайшылық байқалды.

Көрсетілген қайшылық зерттеу проблемасын айқындады, 3-4 жастағы балалардың таным әрекетін дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау қажеттілігі ашылды. Осыған байланысты зерттеу мақсаты аталған қайшылықтың шешімін табу үшін 3-4 жастағы балалардың таным әрекетін дамытудың моделін әзірлеу және соның негізінде әдістемелік ұсынымдар жасау болып саналады.

Зерттеу объектісі - мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогикалық процесі.

Зерттеу пәні - 3-4 жастағы балалардың таным әрекетін дамыту процесі.

Зерттеу мақсаты, объектісі мен нысанасына сәйкес келесі міндеттер қойылды:

1. 3-4 жастағы балалардың таным әрекетін дамытудың теориялық негіздері мен практикалық алғышарттарын теориялық көздер мен практикалық тәжірибеде талдау және тұжырымдау;

2. 3-4 жастағы балалардың таным әрекетін дамытудың моделін құрастыру;

3. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шығармашылық таным белсенділігін дамытудың ұсынылған моделіне олардың ұтымдылық өлшемдеріне сәйкестігі тұрғысынан тәжрибелік-сынақтық тексеру жүргізу;

4. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шығармашылық таным белсенділігін дамыту жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлеп, практикаға енгізу.

Зерттеу болжамы , егер:

- 3-4 жастағы баланың танымдық іс-әрекетті ойын арқылы жүзеге асырылса; таным әрекетін дамытудың міндеті, әдістері, формалары мен күтілетін нәтижелері дәл айқындалса, педагогикалық өзара әрекет тиімді ұйымдастырылса, таным әрекетін дамыту процесі неғұрлым табысты жүреді. Зерттеудің методологиялық негізі:

Танымдық бейнелеу теориясы; жалпы ғылыми деңгейде: ғылыми зерттеу әдісі ретінде модельдеудің теориялық негіздері; жүйелік ұстаным;

- жеке тұлғалық ұстаным; ұстаным;

Зерттеу әдістері зерттеудің мақсаттарымен және міндеттерімен айқындалған. Олардың ішінде психологиялық-педагогикалық фактілер мен құбылыстардың теориялық талдауы елеулі орын алды. Философиялық, психология-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу мен теориялық талдау, модельдеу, педагогикалық эксперимент, сұхбаттасу, тестілеу, математикалық статистика әдістері.

Зерттеудің тәжірибе-сынақтық базасы : Ақтөбе қаласының «Бұлбұл» балабақшасы (мектепке дейінгі білім беру мекемесі) .

Зерттеуді ұйымдастыру. Зерттеу бірнеше кезеңдермен өткізілді.

Бірінші кезеңде, зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психология-педагогикалық әдебиеттерді талдау; зерттеудің теориялық және методологиялық ережелерін зерделеу; зерттеу объектісі мен нысанын айқындау; гипотезалар мен міндеттерді әзірлеу; тәжірибе-сынақтық бөлігінің бағдарламасын әзірлеу; зерттеу әдістерін іріктеу; айқындаушы сынақ жүргізу; айқындаушы сынақ материалдарын талдау.

Екінші кезеңде, -3-4жастағы балалардың таным әрекеті моделін эксперименталдық әзірлеу, оны әдістемелік қамтамасыз ету, сынақтан өткізу, тіркеу, практикада тексеруді қарастырды. Қалыптастырушы кезеңде алынған деректердің бақылау диагностикасы мен коррекциясы; нәтижелерді компьютерлік-статистикалық өңдеу. Суреттеу-қорытындылау- тәжірибе-сынақтық жұмысты талдау, алынған нәтижелерді тұжырымдау және жүйелеу, өткізілген зерттеуді дипломдық жұмыс түрінде ресімдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы сол, онда 3-4 жастағы балалардың таным әрекетін дамыту моделі жасалып, осы процестің өтуін қамтамасыз ететін сыртқы және ішкі шарттар; модельді әдістемелік қамтамасыз етудің негізгі сатылары, олардың міндеттері, әдістері, формалары мен көзделетін нәтижелері анықталды.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы онда таным әрекетінің мәні, оның 3-4 жастағы балаларда даму ерекшеліктері таным әрекетін дамыту жолдары айқындалады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы : 3-4 жастағы балалардың таным әрекетін дамыту жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, сынақтан өткізілген «Бұлбұл» бала бақшасының оқу процесіне енгізілді. жастағы балалардың шығармашылық таным белсенділігін дамыту диагностикасына арналған әдістеме жасалған.

Алынған нәтижелердің шынайылығы мен сенімділігі бастапқы методологиялық тұғырдың теориялық және практикалық негізделуімен; зерттеу нысанасы мен міндеттеріне бара-бар әдістер кешенін қолданумен; іріктеу көлемінің ; эксперименталдық мәліметтердің математикалық статистика және статистикалық маңыздылық әдістерін қолданумен шартталады.

Қорғауға ұсынылған ережелер :

- жеке тұлғалық-бағдарланған білім мазмұнын игеру тек әлеуметтік тәжірибені меңгеруге ғана емес, таным әрекетін дамытуға алып келеді;

- дәйекті ширығу, ізденіс басымдығы, ішкі әрекет жоспары негізінде, осы операциялардың үстінен рефлексия құру арқылы білім мазмұнын игеру процесін құру таным әрекетін даму деңгейін арттыруға әкеледі;

- оқу әрекет: дәйектілік, баланың сезім өрісін байыту, проблеманы қою және шешу, рефлексивті, бұлардың әрқайсысында мақсаттар, әдістер, формалар өзіне тән бейнеленеді, процесінде таным белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелерін сынап, байқау және енгізу.

Зерттеудің негізгі нәтижелері баяндалды.

Диплом жұмысының құрылымы зерттеу логикасын, мазмұны мен нәтижелерін көрсетеді. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, тараулар бойынша тұжырымнан, қорытындыдан, және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, зерттеу мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, әдістері мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық құндылығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар берілді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.

Зерттеу жұмысымыздың нәтижелері туралы мәліметтер көрнекті бейнеленген.

"Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің теориялық аспектілері" аталатын бірінші тарауда қаралып отырған проблеманың қазіргі күйі әдебиеттер негізінде талданып, таным әрекетінің психологиялық - педагогикалық проблема ретіндегі ерекшеліктерінің болмысы ашылды, Қазақстанда, Ресейде, ТМД елдерінде 3-4- жасар баланың таным әрекетін дамыту мәселелерінің зерттелуі сөз болды. Танымдық әрекеттің ұйымдастырылуындағы ойынның ролі айқындалды. Зерттеу барысында танымдық әрекетін дамытудың негізгі тәсілі ретінде ойын түрлері, мазмұны мен әдістемесі келтіріледі. Екінші тарау танымдық әрекетті дамытудың педагогикалық негізі сипатталды, әрекетінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік ойын, жұмыс түрлері көрсетілді. Айқындаушы және қалыптастырушы эксперимент қорытындылары мен оның мазмұны, міндеттері баяндалды.

Қорытындыда зерттеу нәтижесі бейнеленді, ұсыныстар берілді.

І. ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1. Танымдық іс-әрекеттің мәні, маңыздылығы, мазмұны

Танымдық іс-әрекет арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде құрылады, күрделі психологиялық білім бола отырып, оқыту процесінің өзімен қоса өріледі. «Танымдық іс-әрекет» түсінігін «таным», «әрекет», «іс-әрекет» ұғымдары анықтайды. Оларды жеке қарастырайық.

Ақыл-парасат, сана-сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі -өзін қоршаған ортаны танып білуге деген ерекше ұмтылыс. Дүниені танып білудің негізінде құбылыстардың адам санасында бейнеленуі жатады. Түйсіктердің, қабылдаудың, ақыл-ойдың арқасында біз заттарды, олардың қасиеттерін танып-білеміз. Түйсіктер, қабылдау, ақыл - ой заттардың өзі емес, олардың субъективті образы, бейнесі, алайда олар заттардың санаға әсерінсіз тумайды, пайда болмайды. Осы тұрғыдан алғанда, таным дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі.

Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.

Таным адамның объективті құбылыстармен байланысына, оларға тигізетін әсеріне және оларды өзгертуіне байланысты дамып отырады. Таным болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық қызметі барысында іске асады. Таным заттардың адаммен практикалық байланысының мәні мен қасиеттерін ғана көрсетіп қоймай, заттардың өзара объективтік байланысын және заңдылықтарын қоса анықтайды.

Психологтардың көзқарастары бойынша, таным бұл - қоршаған орта жайындағы кез келген ой, бағдар, сенім. (Майк Кордуэлл)

Таным- белгілі бір ақпаратты алу оны өңдеу жолымен алынатын, білімнің барлық формаларын қамтитын жалпы термин. (А. Л. Свеницкий)

Таным бұл- сараланған суреттің, әлемнің құрылымын, адамның қоршаған ортаданы бағдарлауын қамтамасыз ететін тұжырымдаманың, ұғымның, категорияның жасалуын, әлеуметтік болмыстың формаларының қайта жаңғыртылуын және түрлендірілуін керек ететін ерекше іс-әрекет түрі. (Ф. Р. Филатов)

Таным бұл- танымдық белсенділіктің түрлері немесе білім алу мен оны өңдеуге бағытталған белсенділік. (Р. С. Немов)

Таным - адамның жаратылыс сырын, өмірдің мәнін, ақиқат әлемді, объективті шындықты білу қабілеті. Таным адамның шығармашылық ізденісімен тығыз байланыста дамып, оның білімі, адамгершілік мақсаттарының қалыптасып, қоғамдық-тарихи процестегі өз орнын айқындауына ықпал етеді. Таным - адамның жан құмары. А. Құнанбаевтің жетінші қара сөзінде «білсем, көрсем, үйренсем» деген талпыныс жан құмары деп анықтап айтып, «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырларын түгелдеп, ең болмаса дендеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай хайуан жаны болғандығы» - деп, адамның адамгершілік қасиетін де, адамдығының мәнін де танымға құмарлықпен анықтайды. Адамның бала күніндегі жан тазалығымен тығыз байланыстағы жан құмары, яғни танымға құштарлықтың, сәбилік шақтағы күштілігі мен есейген шақта әлсіретіп алатындығын мысалға келтіріп, танымды дұрыс бағыттап, жаңа деңгейде дамыта алмайтындығы адамның басты кемшілігі деп біледі. Адамның жиған терген білімі мен рухани қазынасы - жанды өсіріп, байытатын азығы. Сондықтан адам сәбилік шақтағы әр нәрсені білуге құмарлықты жоғалтпай, ақылы толысқасын да таным көзін байламай, оны ғылым табуға, ақиқатты танып білуге бағыттағаны абзал. Көрген нәрсенің сыртын көргенге ғана қанағаттанып, ішкі сырына жаратылыс мәніне үңілмейтін, «Көкіректе сәуле, көңілде сенім жоқ» адамды Абай хайуаннан артықшылығы жоқ десе, тіптен білмегенін білемін деп, «надандығын білімділікке бермей таласуды» хайуаннан төмендік деп сөгеді.

Тән көретін бастағы көз,

Байқамайды жан сырын.

Көр де ақылға сал деген сөз.

Көз керек қой ойлырақ.

Хақиқатты дәл көруге,

Жан көретін көз керек.

Бас көзімен сенделуге,

Бізге рұқсат жоқ шырақ. .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным, шығармашылық және интуиция арақатынасы
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Таным және ғылым философиясы
Философиядағы таным мәселесі
Ғылыми зерттеу әдістері пәнінің лекциялары
БАЛАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ РӨЛІ
Бейнелеу өнері пәнін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту
Таным теориясы немесе гносеология
Психологиядағы іс-әрекет категориясы жалпы және нақты-психологиялық мазмұн
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz