Әрбір оператордан кейін



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Информатика және қолданбалы математика кафедрасы

Қорғауға жіберілді
____ ___________ 2010 ж.
кафедра меңгерушісі,
тех.ғ.к., доцент
_____________ Г.И.Салғараева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Информатика пәнін оқытудың электрондық ортасын құру

050111- Информатика мамандығы бойынша
(сырттай бөлім 5 жылдық 5-курс)

Орындаған А.Б.
Ахметова

Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы
Ө.Ә.Әуелбеков

Алматы, 2010 ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I ТАРАУ. Си тілінде
программалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..4
1. Си тілінде жазылған программаның
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Си тілінде жиымдарды
пайдалану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3. Си программасын орындау
ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..53
II ТАРАУ. Электронды қызмет көрсету
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
2.1. Электронды оқыту ортасы деген
не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 63
2.2. Мақсаттын
қойылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 64
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...66

Кіріспе

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің
даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім
беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық
білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді
етудегі басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін
қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
ИнтернетИнтранет дамуына байланысты ақпаратты таратудың стандартты
қағаз технологияларына қарағанда желілі құралдар арқылы таратудың
артықшылығы едеуір анық бола бастады. Қазіргі кезде, әр-түрлі саладағы
(білім беруде, іскерлікте, үкіметте және т.с.с.) электронды қызметтерді
қолдану күн сайын артуда. Бұл құбылыс Интернеттің біздің өмірімізге енуіне
және түрлі программалық өнімдер құруда қолданылатын сенімді және қауіпсіз
технологиялардың тез дамуна алып келетін халықтың интернет-технологияларын
кеңінен пайдалануына байланысты туындап отыр. Сонымен қатар, маңызды
міндеттердің бірі болып жарияланған материалдардың жүйелі түрде мүлтіксіз
жеткізу, жүйені сырттан ену қауіпінен қорғау болып табылады. Жүйедегі
иерархиялық және аралас ақпаратты көрсету мүмкіндігін беретін
технологиясының бірі болып Электронды орта табылады.
Кешенді Web-жүйе болып келетін, электронды қызмет көрсету жуйесінен
тұратын электрондық орта, парақты толтыруды қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Білім беру мекемесінде электронды ортаны пайдалану жұмыс істеудің
негізгі шарты болып табылады. Сонымен қатар, үнемі ақпаратты жаңарып
отыратын мүлтіксіз құрылған электронды орта мекеменің үздік жұмысын
көрсетеді. Электронды ортаны қолдану барлық пайдаланушылардың қажетті
ақпараттарды, электронды оқулықты және есептер жинағын пайдалануға
мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып берілген
тақырыптың өзектілігіне көз жеткізуге болады.
Менің қарастырып отырған дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты ретінде,
жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қазіргі кездегі білім берудің
мамандандырылған мектептің 10 сыныптарына арналған электронды жүйесін құру
болып табылады.

СИ ТІЛІНДЕ ПРОГРАММАЛАУ

Си тілі өткен ғасырдың 70-жылдары басында АҚШ-та Bell Telephon
Laboratories компаниясының қызметкері Дэннис Ритчидің бастауымен дүниеге
келді. Бұл тілдің негізі Алголдан басталып, Паскаль және ПЛ1 тілдерімен
қатар пайда болды.

Си тілінің шығуы UNIX операциялық жүйесінде программалаумен тығыз
байланысты, өйткені бұл жүйе ассемлерде және осы Си тілінде жазылып шыққан
болатын. UNIX жұмыс істеу ортасы Си тілін жүйелік программалау тілі ретінде
елге таныстырды, ол компиляторлар мен операциялық жүйелер жазу үшін қолайлы
деп саналды, кейіннен Си тілі кез келген салада программалар жазуға да өте
қолайлы тіл болып табылатыны анықталды.

Алғаш рет UNIX 1969 жылы Нью-Джерси штатындағы Bell фирмасының
лабораториясында PDP-7 мини-ЭЕМ-інде жасалып шықты. UNIX PDP-7
компьютерінің ассемблер тілінде жазылды. Бұдан соң сол лабораторияның
жетекшісі Кен Томпсон 1970 жылы В деп аталған жаңа тілге арнап компилятор
жасап шықты. Осы тілді Си (ағылшынша С) тілінің негізі деп атауға болады.

Жалпы Си тілінің тез дамуына 1983 ж. оның стандартын жасау мақсатында
Америка ұлттық стандарттар институтында (ANSI) Техникалық комиссияның
құрылуы себепші болды. Комиссия жұмысына сол кездегі алдыңғы қатарлы
мамандардың көпшілігі араласып, олар тек программалау мәселелерін ғана
қарастырмай, кең таралып келе жатқан IBM PC компьютерлеріне арналған
компиляторлар жасауды да осы стандартқа енгізді.

Си тілінің негізінде 1983-жылы Си++ тілі жасалып шықты, сол кезден бері
тілдің бірнеше нұсқалары пайда болып, ол қазіргі ең көп тараған тілдердің
біріне айналды. Біздің елде Си тілінің алғашқы нұсқасы орыс тілінде
Б.Керниган мен Д.Ритчидің “С программалау тілі” деген кітабы арқылы бірнеше
рет жарық көрді (1985-1991 жж.).

Бірсыпыра фирмалар осы тілге арнап компиляторлар жазды, мысалы, Borland
International фирмасы 1989 ж. жасаған біріктірілген программалау ортасы
TurboC++ жүйесін дүниеге келтірді. Ол DOS ортасында жақсы жұмыс істеді. Ал
1992 ж. жасалған Borland C++ жүйесі Windows ортасында да жұмыс істейтін
жақсы компилятор болып табылады.

Сонымен СиСи++ программалары Паскаль тілінің біріктірілген
(интегралданған) ортасы сияқты DOS ортасында да және Windows жүйесінде де
жұмыс істей береді.

Біз қарастырғалы отырған Си тілінің негізгі ұғымдары мен операторлары
кез келген мектептің немесе жоғары оқу орнының компьютерлерінде жүре
беретін біріктірілген ортаның редакторы арқылы теріліп жұмыс істей береді.

1.1. Си тілінде жазылған программаның құрылымы
Кез келген программа бір немесе бірнеше функциялардан тұрады. Олар
программа құруға керекті негізгі модульдер болып табылады. Кез келген
программаның жазылған алғашқы мәтіні бастапқы код деп аталады. Оны
біріктірілген программалау ортасында теріп, сонан соң компилятор арқылы
машиналық кодқа түрлендіріп орындаймыз.
Келесі суретте Си программасының жалпы құрылымы көрсетілген.

Сонымен, Си программасы бірнеше функциялардан (main, f1, f2...) құралады
және олардың біреуі міндетті түрде main() болуы қажет.
Қарапайым программаның мысалын қарастырайық. Жалпы кез келген функция
оның тақырыбы мен тұлғасынан (денесінен) тұрады.
Алдымен программа препроцессор арқылы өңделіп, оның директиваларын
(командаларын) орындайды. Мұнда программаға тақырыптық файлдар –
программаға қосымша элементтер енгізетін мәтіндік файлдар жазылады. Олар
мәліметтерді енгізушығару операцияларын немесе экран сипаттамаларын
өзгерту үшін қажет.
Программадағы кез келген функция тақырыбы препроцессордың директивасынан
және функция атынан тұрады. Функция атына жалғасып, жақша ішіне параметрлер
жазылуы мүмкін, кейде параметрлер болмайды, ондайда жақша ішіне ешнәрсе
жазылмайды.
Функция тұлғасы операторлардан тұрады, олар жүйелі жақшалармен шектеледі.
Әрбір оператордан кейін ; таңбасы қойылады.
Енді бір программа мысалын келтірейік:

* Герон формуласы арқылы үшбұрыш ауданын табу  *
#include stdio.h * енгізушығару директивасы *
#include math.h * математикалық функциялар директивасы *
main() * басты функцияны қолдану *
{
int a,b,c; * бүтін айнымалыларды сипаттау *
float p,s; * нақты айнымалыларды сипаттау *
printf("\n‚ үшбұрыш қабырғаларын енгіз : \n");
scanf("%f%f%f",&a,&b,&c);
p=(a+b+c)2;
s=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
printf("s=%f",s);
}

Программада түсініктемелер беру үшін * және * таңбалары қолданылады,
олардың ішіне қазақша, орысша, ағылшынша сөз тіркестерін жазуға болады.
Препроцессор директивалары #include сөзінен кейін жазылады, stdio.h
тіркесі енгізушығару операциялары орындалатынын білдіреді. Ал math.h сөз
тіркесі программада математикалық функциялар пайдаланылатынын көрсетеді
(2.2-сурет).
Басты функция main() аргументсіз жазылған, сол себепті жақша ішінде
ешнәрсе көрсетілмеген. Ал функция тұлғасы операторлардан (немесе басқа
функциялардан) тұруы тиіс. Int түйінді сөзі a,b,c айнымалыларының бүтін мән
қабылдайтынын, float түйінді сөзі p,s айнымалыларының нақты мән
қабылдайтынын сипаттап тұр.
Келесі жол үшбұрыш қабырғаларын енгізуді талап ететін сөз тіркестерін
экранға шығарады, мұндағы \n таңбалары сөз тіркесі алдында және одан кейін
курсор бір жол төмен түсетінін көрсетеді. Scanf сөзінен басталатын жол
a,b,c мәндерін пернелерден қабылдайды, сонан кейін жарты периметр
есептеліп, аудан мәні анықталады да, соңғы нәтиже экранға шығарылады.

СИ тілінің қарапайым элементтері

СИ тілінің символдарын бес топқа бөлуге болады.

1. Тілдегі түйінді сөздер (ключевое слово – keyword) мен
идентификаторларды құрастыру үшін қолданылатын символдар (1.1 кесте). Бұл
топқа ағылшын алфавитінің бас және кіші әріптері мен астын сызу символы
кіреді. Басқа Паскаль, Бейсик тілдеріндегі тәрізді бір символды өрнектеу
үшін қолданылатын бас әріп пен кіші әріп бірдей болып саналмайды, мысалы, А
және а айнымалылары екеуі екі түрлі болып есептеледі.

1.1 кесте
Латын A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z
алфавитінің бас
әріптері
Латын a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z
алфавитінің кіші
әріптері
Астын сызу _
символы

2. Қазақ (орыс) алфавитінің бас және кіші әріптері мен араб цифрлары
(1.2 кесте) сөз тіркестері мен түсініктеме мәтін жазуда пайдаланылады.
1.2 кесте
Қазақ А Ә Б В Г Ғ Д Е Ж З И К Қ Л М Н Ң О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ц
алфавитінің Ч Ш Щ Ъ Ы І Ь Э Ю Я
бас әріптері
Қазақ а ә б в г ғ д е ж з и к қ л м н ң о ө п р с т у ұ ү ф х ц
алфавитінің ч ш щ ъ ы і ь э ю я
кіші
әріптері
Араб 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9
цифрлары

3. Операциялар таңбалары, айыру белгілері, қатынас таңбалары және арнайы
символдар (2.3 кесте).
1.3 кесте
Символ Атауы Символ Атауы
, үтір } оң жақтағы жүйелі жақша
. нүкте { сол жақтағы жүйелі жақша
; нүктелі үтір кіші
: қос нүкте үлкен
? сұрақ белгісі = кіші немесе тең
' апостроф = үлкен немесе тең
! леп белгісі [ сол жақтағы тік жақша
тік сызықша ] оң жақтағы тік жақша
қиғаш сызық # нөмір белгісі
\ кері қиғаш сызық% қалдық табу (пайыз) белгісі
~ тильда & амперсанд
* жұлдызша “ қостырнақша
+ плюс = теңдік белгісі
– минус = = тең (қатынас таңбасы)
^ логикалық “емес”!= тең емес (қатынас таңбасы)
таңбасы
) оң жақтағы жай && конъюнкция (ЖӘНЕ)
жақша
( сол жақтағы жай дизъюнкция (НЕМЕСЕ)
жақша

4. Басқару және айыру символдары. Бұл топқа: босорын, табуляция символы,
жаңа жолға көшу, жаңа бетке көшу таңбалары жатады. Бұлар тұтынушы анықтаған
объектілерді – константтар мен идентификаторларды бір-бірінен айыру үшін
қолданылады.
5. Көрсетілгендерден басқа Си тілінде басқару тізбектері деп аталатын
мәліметтер енгізу мен шығаруда қолданылатын арнайы символдар тіркесі бар.
Басқару тізбектері кері бөлу сызықшасы белгісінен (\) басталатын латын
әріптері мен цифрлар тізбегінен тұрады (2.4 кесте).
1.4 кесте
Басқару Атаулары Он алтылық кодтары
тізбектері
\a Қоңырау 007
\b Бір орынға кері қайтару 008
\t Горизонталь табуляция 009
\n Жаңа жолға көшу 00A
\v Вертикаль табуляция 00B
\r Сырғыманы (каретканы) 00C
қайтару
\f Форматты жылжыту 00D
\" Қостырнақша 022
\' Апостроф 027
\0 Нөл-символ 000
\\ Кері қиғаш сызық 05C
\ddd Сегіздік жүйедегі кодтар
жиыны
\xddd Он алтылық жүйедегі кодтар
жиыны

Кестеде көрсетілген \ddd и \xddd (мұндағы d цифр тұрғанын көрсетеді)
түріндегі тізбектер компьютердегі кодтар жиыны арқылы өрнектелетін символды
сәйкесінше сегіздік және он алтылық цифрлар тізбегімен бейнелей алады.
Мысалы, каретканы қайтару символы бірнеше тәсілмен өрнектеле алады:
\r – жалпы басқару тізбегі,
\015 – сегіздік сандардан тұратын басқару тізбегі,
\x00D – он алтылық сандардан тұратын басқару тізбегі.
Мысалы, жеке мынадай \n (жаңа жолға көшу) басқару тізбегін \010 немесе \xA
түрінде де жазуға болады.

Тілдің қарапайым объектілері

Тілдің қарапайым объектілеріне сан, идентификатор, константа, айнымалы
және функция, өрнек ұғымдары кіреді.
Программадағы негізгі амалдардың орындалуына керекті мәліметтердің
сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады. Олармен жұмыс
істеу қолайлы болуы үшін алгебра курсындағы белгілеулерге ұқсас шартты
атаулар пайдаланылады. Бұл атаулар әр түрлі мәндерді (сандық мән, символдық
мән, т.с.с.) қабылдауы мүмкін, сондықтан оның типі деген ұғым енгізіледі.
Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып екіге бөлінеді.
Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 т.с.с. Қазіргі дербес компьютерлер үшін
қолданылатын бүтін сандар (ағылшынша ІNTEGER) -32768 бен +32767 аралығында
ғана жазылады, бұдан үлкен сандар нақты сандарға айналдырылады.
Нақты сандар кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның бүтіні мен
бөлшегін нүкте арқылы бөлген күйде жазылады. Мысалы: 2.65, 0.5, -0.862,
-6.0. Ал өте үлкен немесе өте кіші нақты сандар көрсеткіші бар экспоненциал
сандар ретінде mЕ(р түрінде жазылады да, олардың диапазоны әлде қайда кең
болады, мұндағы m – санның мантиссасы деп аталады, Е – онның дәрежесі
дегенді білдіреді, ал р – дәреженің өз мәні. Мысалы:

Кәдімгі жазылуы Си тілінде жазылуы
145 145
147,125 147.125
-6,045 -6.045
12*1014 12Е+14
-0,52*104 -0.52Е4
5,2*10-12 5.2Е-12
-45*106 - 45Е6

Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері
өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тіл ережесі бойынша бірнеше констант
типтері болады, мысалы, символдық, бүтін, нақты константтар, т.б.
Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді
қабылдай алатын шамаларды айтады. Әрбір айнымалы мен констант программа
алдында сипатталуы тиіс. Олардың компьютер жадында алатын орны типтеріне
байланысты болады. Константтар мен айнымалылар идентификатормен
белгіленеді.
Атау – идентификатор (іdentіfіcatіon – объектінің белгілі бір символдар
тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және программадағы тұрақтыларды,
типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды және тағы басқаларды
белгілеп жазу үшін қажет. Идентификаторлар тұрақтыларды, айнымалыларды,
олардың түрлерін, функцияларды, программаларды, файлдарды, т.б. программа
объектілерін белгілеу үшін қолданылады. Оның ұзындығын өте үлкен етудің
қажеті жоқ, өйткені атауларды теру және кейіннен сақтау біраз уақыт керек
етеді.
Идентификатор – латын әрпінен басталып, әріптер мен цифрлардан тұратын
тізбек. Мысалы, a, beta, b5, baga, т.с.с. Айнымалыны сипаттау мынадай
нұсқада орындалады:
char f;
long z, t;
int a, beta, baga;
float b5, k, n;
int y = 10;
Қолданылатын негізгі типтерге мыналар жатады:
char short int long float double
Алғашқы төрт тип бүтін сандарды, соңғы екеуі – нақты сандарды өрнектейді,
char типі компьютерде бір символды (байт) бейнелейді.
Идентификаторлар латын алфавитінің бас және кіші әріптерінен және
цифрлардан құралады. Әріп ретінде астын сызу символын (_) қолдануға рұқсат
етілген. Бас әріп пен кіші әріп бірдей болғанымен әр түрлі идентификаторлар
болып саналады, мысалы, abc, ABC, A128B, a128b төрт түрлі идентификатор
болып есептеледі.
Идентификатор ұзындығына шек қойылмайды, бірақ оның алғашқы 31 символы
ғана мағыналы болып саналады. Идентификатор сипаттау кезінде анықталады да,
кейінгі операторларда қолданыла береді. Сипатталатын идентификатор Си
тілінің түйінді сөздерімен сәйкес келмеуі тиіс.
Константалардан, айнымалылардан, функциялардан және операциялар
таңбаларынан өрнектер құралады. Әрбір өрнек арифметикалық операциялар
таңбаларымен қажетті жақшалар көмегімен біріктірілген бірнеше операндтардан
(сан, айнымалы, константа) тұрады. Математикадағы формулалар, алгебрадағы
көпмүшеліктер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы беріледі.
Егер өрнек мәні бүтін немесе нақты сан болатын болса, ол арифметикалық
өрнек болып саналады. Арифметикалық өрнектерде мынадай операциялар: + - *
% болады. Жалпы өрнектер бір жол бойына жазылады және олардағы операция
реттілігі жақшалармен анықталады. Өрнектерді жазу мысалдары:
і = і+1; k = 5.35; x1= (-b+sqrt(b*b-4*a*c))(2*a) ;
y = sqrt(sin(x)+1); c = 2*pі*r; R = 19.36;
Қатынас таңбасы арқылы біріктірілген екі арифметикалық өрнек мәні басқа
тілдердегідей ақиқат (0-ге тең емес) немесе жалған (0-ге тең) деп айтылады.
Бірақ Си тілінде логикалық тип түсінігі айтылмайды, ол Си++ тілінде бар.
Түйінді сөздер – мағынасы алдын ала анықталған идентификаторлар, олардың
саны шектеулі. Тұтынушы айнымалы, констант, өз функциялары аттарында тілдің
түйінді сөздерін пайдаланбауы тиіс, олар тек өз мағынасында ғана
қолданылады.
Бірсыпыра түйінді сөздер тізімін келтірейік.
auto double int struct break else long switch
register tupedef char extern return void case float unsigned default for
signed union do if sizeof volatile continue enum short while
Бұған қоса операторлар мен стандартты функциялар аттары да түйінді сөздер
тізімі секілді басқа мағынада қолданылмайды.
Стандартты функциялар. Си тілінде алдын ала программалары жасалып
стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын
объектілердің бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі
кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін
қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде функцияның аты
және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет. Стандартты функциялар:
fabs(x), sіn(x), cos(x), asin(x), acos(x), tan(x), exp(x), log(x),
sqrt(x), atan(x), т.с.с. Функцияны есептеу барысында аргумент пен функция
типтерінің әр уақытта сәйкес келе бермейтінін есте сақтаған жөн. Си
тіліндегі стандартты функцияларды пайдалану үшін math.h тақырыптық файлы
(прототипі) қолданылады.
Комментарий – түсініктеме ретінде қолдануға болатын символдар тізбегі.
Олар ұлттық алфавиттерді де пайдалана береді. Комментарий басы мен аяғы
* ...* осындай таңбалармен шектелуі тиіс. Олар бір немесе бірнеше
жолдардан да тұра алады. Си++ тілінде жол соңында тұратын комментарийлер
сиволдарынан кейін орналасады. Си және Си++ тілдерінде құрастырылған
есептерді бір компилятор арқылы шығаруға болатындықтан, көбінесе
түсініктемелердің жоғарыдағы екі түрін де пайдалана беруге болады.
* программа ішіндегі комментарийлер осылай орналасады *
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты
мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі оператор болып табылады. Тіл
объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің атаулары мен
типтерін, олардың алғашқы мәндерін алдын ала тағайындау программаның
сипатталуы болып саналады.

Си тіліндегі мәліметтер типтері

Мұнда мәліметтердің бірнеше негізгі типтері қолданылады. Олар:
• char (8 бит) – символдық, яғни таңбалық тип,
• short – қысқа бүтін сан,
• int – бүтін сан типі,
• long – екі еселенген бүтін сан,
• unsigned – таңбасыз бүтін сан,
• float – нақты сан типі, яғни жылжымалы нүктелі сандар,
• double – екі еселенген нақты сан типі,
• long double – ұзартылған, әрі екі еселенген нақты сан типі.
Алғашқы төрт тип бүтін сандарды сипаттау үшін қолданылады. Төмендегі
кестеде әр түрлі типтердің ұзындықтары көрсетілген (2.5 кесте).

1.5 кесте
Си тілінің ішкі құрамындағы мәліметтер типтері мен олардың
ені (ұзындығы)
Мәлімет типі Ұзындығы Сандар диапазоны
(бит – байт)
char 8 бит – 1 байт -128 ... +127
unsigned char 8 бит – 1 байт 0 ... 255
short int 16 бит – 2 байт -32768 ... 32767
unsigned short16 бит – 2 байт 0 ... 65 535
int 16 бит – 4 байт -32768 ... 32767
unsigned [int]32 бит – 4 байт 0 ... 4294967295
long 32 бит – 4 байт -2 147 483 648 ... 2 147 483 647
unsigned long 32 бит – 4 байт 0 ... 4 294 967 295
float 32 бит – 4 байт 3.4(10-38 ... 3.4(1038
double 64 бит – 8 байт 1.7(10-308 ... 1.7(10308
long double 80 бит – 10 байт 3.4(10-4932 ... 3.4(104932

Бүтін сан түріндегі мәліметтерді сипаттау
Int бүтін сандар типі
Int типін стандарт бекітпеген, ол компьютерге немесе компиляторға
байланысты өзгеріп отырады. 16-разрядты процессорде ол 2 байт, ал 32-
разрядтысында – 4 байт.
Егер int алдында short спецификатор сөзі тұрса, онда ол әрқашан 2 байт,
ал егер спецификаторы long болса, 4 байт болады. Санға компьютер жадында
берілген орынға қарай олардың мәндері өзгереді.
short int – 2 байт, оның диапазоны –32768 ..+32767;
long int – 4 байт, оның диапазоны –2 147 483 648..+2 147 483 647.
Int типі 16-разрядты компьютер үшін short int типімен бірдей, ал 32-
разрядты компьютер үшін long int типімен бірдей.
Signed және unsigned модификаторлары да сандар шамасына әсер етеді,
олар:
unsigned short int – 2 байт, оның диапазоны 0 ..65536;
unsigned long int – 4 байт, диапазоны 0..+4 294 967 295.
Айнымалыларды сипаттау кезінде бүтін тұрақтылар – костанталар мәндерін
де көрсетуге болады. Мысалы:
int k=0; (бір ғана сан сипатталған және оған мән берілген)
int k1,k3=0; (біреуі сипатталған, екіншісіне мән берілген)
Unsigned типі int, long, short түйінді сөздерімен сипатталатын типтердің
модификаторы ретінде қолданылады. Мысалы:
unsigned int sum=0;
char типін 0–255 аралығындағы таңбасыз бүтін сандарды сипаттауда
қолдануға болады, ДК жадында бұларға бір байт орын бөлінген. Мысалы:
char c1;
char ck=’k’;
Char типі
Бұл тип мәндері реттелген символдар жиыны болып табылады. Әрбір символға
бір бүтін сан сәйкес келеді, ол символ коды деп аталады. Символдық тип
ені – 1 байт. Char типі де signed және unsigned спецификаторларымен
қолданылады. Signed char типі диапазоны –128 .. 127. Unsigned char типін
қолданғанда, оның мәндер диапазоны 0 .. 255 болады. Символдарды кодтау
үшін ASCII (American Standard Code for International Interchange)
стандарты негізге алынған. Символдардың 0 .. 31 кодтары басқару кодтарына
жатады, олар тек енгізу-шығару кезінде ғана қолданылады.

Сhar типі символдарды олардың бүтін сан түріндегі кодтары арқылы сақтап,
басқа шамалардың көрсетілген диапазоны сандарын да көрсету үшін де
қолданыла алады.

Float және double жылжымалы нүктелі
нақты сандар типтері
Нақты сандар компьютерде 2 бөліктен – дәреже мен мантиссадан тұрады.
IBM-РС компьютерлерінде float типінің ені – 4 байт, оның бір разряды – сан
таңбасы, 7 разряды – дәреже, 24 бит3 – мантисса.
Егер double типі аты алдында long сөзі тұрса, онда оған 10 байт орын
беріледі.
Программалау практикасында көбінесе жылжымалы нүктелі нақты (аралас)
сандар пайдаланылады.
Double типті сандар екі еселенген дәлдікпен 64 бит арқылы өрнектеледі.
Double типінің ені – 8 байт, 1 бит – таңба, 11 бит – дәреже және 52
разряд – мантисса. Мантисса ені – санның дәлдігін, ал дәреже ені – оның
диапазонын анықтайды.

Кейбір ЭЕМ-дерде мантисса үшін қосымша 32 бит беріледі де, санның дәлдігі
артады. Ал кейде санның таңбасы мен дәрежесі үшін 32 бит беріліп, ол санның
кескінделу диапазонын арттырады.
Мысалдар:
float s1, s2;
float sum=1.5;
Си тілінде объектілердің мәндерін байт арқылы анықтау үшін sizeof
стандартты операторы қолданылады. Мысалы:
printf(“double типіндегі мәліметтер ені %d байт\n",
sizeof(double));

Символдық тіркестер (жолдар, қатарлар)
Си тілінде символдық тіркестерді сипаттау үшін арнайы тип жоқ, олар
көбінесе char типтегі элементтерден тұратын жиым (массив) ретінде
қарастырылады. Жолдық немесе тіркестік символдар ЭЕМ жадында көршілес
ұяшықтарда сақталады да, олардың соңында ‘\o’ символы тұрады. Символдар
тіркесінің ұзындығын анықтау үшін strlen() функциясы қолданылады.
#define – символдарды немесе солардан тұратын константаларды анықтау
мақсатында қолданылады. Мысалы:
#define NULL ‘o’
#define VNAME “КазНУ”

Printf және scanf функциялары

Си тілінде сыртқы ортамен мәліметтер алмасу stdio.h енгізу-шығару
функциялары кітапханасын пайдалану арқылы орындалады. Ол тақырып файлы
ретінде былай жазылады:
#include stdio.h
printf() функциясы мәліметтерді экранға шығару үшін қолданылады. Оның
жалпы жазылу түрі:
printf(формат тіркесі,аргументтер тізімі);
(формат тіркесі – қостырнақшамен (”) шектеліп, аргументтердің қалай
бейнеленетінін көрсетіп тұрады, экранға (баспаға) шығару алдында барлық
аргументтер формат спецификациясына сәйкес түрлендіріледі, спецификация %
символымен басталады және мәліметтер типін, оларды түрлендіру тәсілін
көрсететін бір әріп жазылады. Объектілер ретінде айнымалылар, константалар,
өрнектер қолданылуы мүмкін. Мысалы:
printf (“ Пи санының мәні = %f\n”, pi);
Формат тіркесінде мыналар болады:
1) мәтін ретінде шығарылатын символдар тіркесі;
2) түрлендіру спецификациялары;
3) басқару символдары.
Әрбір аргументке өз спецификациясы сәйкес келуі тиіс, олар:
%d – бүтін ондық сан шығарылуы тиіс,
%i – бүтін ондық сан шығарылуы тиіс,
%f – жылжымалы нүктелі нақты ондық сан ([-]dddd.dddd ) жазылып шығады,
%e – жылжымалы нүктелі экспоненциалды сан ([-]d.dddde(dd) шығарылады,
%E – жоғарыдағы сияқты, тек е орнына Е ([-]d.ddddE(dd) шығарылады,
%c – бір символ шығарылуы тиіс,
%s – символдар тіркесі (қатары) шығарылуы тиіс,
%g – нақты сан, сан ұзындығына қарай %e немесе %f қолданыла алады,
%u – таңбасыз ондық бүтін сан жазылып шығады,
%o – таңбасыз бүтін сегіздік сан шығады,
%x – таңбасыз бүтін он алтылық сан шығады.
\n – келесі жаңа жолға көшуді атқаратын басқару символы.
Мысалы:
%9i – бүтін сан ені 9 цифрдан тұрады, сан ені аз болса, оның сол жағында
бос орындар орналасады.
%9.3f – нақты сан ені 9 цифрдан тұрады, оның 3 таңбасы бөлшекке беріледі,
сан ені аз болса, оның сол жағында бос орындар орналасады.
Әрбір спецификация % символынан басталып, түрлендіру символымен
аяқталады. Ол екеуінің ортасында мыналар тұруы мүмкін:
- минус таңбасы, аргумент мәні сол жақ шетке ығыстырылып жазылады.
- цифрлар, бүтін санның жалпы орналасу енін анықтайды. Сан осы енге
немесе одан артық болып шығарылады. Егер аргумент ені көрсетілген еннен аз
болса, онда ол бос орындармен толтырылып жазылады.
- нүктеге дейін санның жалпы ені, нүктеден соң бөлшек сандар ені
көрсетіледі.
- L модификаторы, сәйкес аргумент мәні INT емес LONG екенін білдіреді.
scanf() енгізу функциясы жоғарыда қарастырылған түрлендіру
спецификациясының көбін пайдаланады.
scanf (формат тіркесі,аргументтер тізімі);
Аргументтер ретінде адрес нұсқауыштары пайдаланылады. Мысалы:
scanf("%d%f", &x,&y);
Кейбір айырмашылықтарын атап өтейік.
1) %е және %f спецификациялары енгізу кезінде бірдей болып табылады;
2) short типті бүтін санды енгізу кезінде %h спецификациясы қолданылады.
ЕСКЕРТУ. Айнымалы адресін беру үшін адрестерді жазғанда, айнымалы адресін
анықтау үшін & символы қолданылады. Ал тіркестік (жолдық) айнымалыны
енгізгенде, & символы жазылмайды.
Енді санның дәрежесін есептейтін программа құрайық.
* Санды дәрежелеу *
#include conio.h
#include stdio.h
#include math.h
main()
{
float x,y,s;
clrscr();
printf("\n х-ті және оның дәрежесін-у енгізіңіз:\n");
scanf("%f%f",&x,&y);
s=pow(x,y);
printf("\nНәтижесі s=%9.2f",s);
}

СИ ТІЛІНДЕГІ НЕГІЗГІ ОПЕРАТОРЛАР

Арифметикалық операциялар символдар арқылы жазылады. Си тілінде
мынадай операциялар бар:

* – көбейту, – бөлу, % – модуль бойынша бөлу (қалдықты анықтау),
+ – қосу, - – азайту.

Модуль бойынша бөлу бүтін санды бүтін санға бөлген кездегі қалдықты
анықтайды. Мысалы: 20 % 3 = 2.

Меншіктеу операторы
Меншіктеу операторы символдар арқылы жазылады. Кез келген ; таңбасымен
аяқталатын өрнек меншіктеу операторы болып табылады. Өрнектің бір түріне
бос оператор жатады, ол жай ; операторы.
Си тілінде меншіктеу операторының бірнеше түрі бар. Жалпы меншіктеу
операторының жазылу форматы мынадай болады:

айнымалы = айнымалы операция өрнек;

Мұны Си тілінде қысқаша былай жазуға болады:

айнымалы операция = өрнек;

Төменде бірнеше мысал келтірілген.

a=a+b; ( a+=b; a=a*b; ( a*=b;

a=a-b; ( a-=b; a=ab; ( a=b;

Си тілінде тізбектеле жазылған меншіктеу операцияларын да қолдануға
болады. Мысалы:

sum = a = b;

Мұнда меншіктеу операторы оңнан солға қарай орындалады, яғни b-ның
мәні a-ға меншіктеледі, ал а-ның мәні sum-ға меншіктеледі.

Меншіктеу операторын былай да жазуға болады:

1) a = (b = 1) +2;

мұнда a=3, b=1.

2) a = b = 1 + 2;

ал мұнда a = 3, b = 3.

Дөңгелек жақшаға алынған кез келген меншіктеу операторы анықталған
мәні бар өрнек болып табылады, мысалы:((s=13+12)=30) деген өрнек ақиқат
мәнді болып табылады.

Арттыру немесе кеміту (инкремент және декремент) операциялары ++ және
– – түрінде жазылады. Бұлар кез келген операндтың мәндерін бірге
арттыруға немесе кемітуге мүмкіндік береді.

Инкремент, яғни арттыру операциясы (++) және декремент (--), кеміту
операциясы айнымалы (тек айнымалы мәнін) мәнін бірге арттырады немесе
кемітеді. Олар айнымалы мәнін өзгертеді, яғни жасырын түрдегі меншіктеу
амалы болып табылады. Кейде олар жеке оператор түрінде жазылады:
i++; немесе ++i;
Бұл екеуі де мынадай амалмен бірдей болып саналады
i = i + 1;
Бұл екеуін өрнектерде жиі қолданады. Мысалы:
sum = sum + х * --i;
Инкремент пен декремент екі формада жазылады: префикстік және
постфикстік. Постфикстік арттыру былай жазылады: х++ , ал префикстік
арттыру былай жазылады: ++х . Префикстік амалдар негізгі операция
алдында, ал постфикстік амалдар негізгі амалдан кейін орындалады.

Постфикстік формада х айнымалысының мәні оны қолданғаннан кейін
өзгереді, ал префикстік формада – айнымалы мәні оны қолданғанға дейін
өзгереді, яғни бір деген санға артады. Мысалы:

k=10;

x=k++; * x=10 k=11 *

x=++k; * x=12 k=12 *

Арттырукеміту операцияларын өрнек ішінде де орындау мүмкіндігі бар.
Мысалы:

sum=a+b++;*алдымен a,b қосылады, сонан соң b 1-ге артады *

sum=a+ ++b;*алдымен b 1-ге артады, сосын барып a,b қосылады *

Арттырукеміту операцияларының приоритеттері өте жоғары, тек жақша
ішіндегі операциялардың приоритеті олардан жоғары болады.

Құрама оператор бірнеше операторды жүйелік жақшаға алып біріктіру үшін
қолданылады. Ол шартты және циклдік операторларда жиі қолданылады. Мысалы:
#include stdio.h
#include conio.h
main()
{
int a = 5, b = 6, c = 7, d;
clrscr();
d = (a++ - (--b)) + (c - a--); d=2 a=5
printf("d=%i a=%d",d,a);
getch();
}
Типтерді түрлендіру

Егер өрнекте әр түрлі типтегі сандар мен айнымалылар қолданылса, онда
олар жалпы бір типке түрлендіріледі. Біз қарастырған барлық негізгі
типтер ішінде төменнен жоғары қарай бағытталған түрлендірілу реттілігі
бар. Егер оларды оңған солға қарай реттеп орналастырсақ, мынадай болып
шығады:

char ( short ( int ( long ( float ( double

Оң жақтағылары сол жақтағылардан гөрі жоғары дәрежелі болып табылады.

Егер char мен short типтері араласса, нәтижесі – chort болады,

ал short пен int типтері араласса, нәтижесі – int болады,

ал int пен long типтері араласса, нәтижесі long,

ал long пен float типтері араласса, нәтижесі float,

ал float пен double типтері араласса, нәтижесі double болады.

Егер екі-үш тип араласып, ең үлкен дәрежелісі – float болса, әрқайсысы да
және нәтиже де осыған келтіріледі.

Компилятор типтерді автоматты түрде түрлендіру үшін төмендегі негізгі
ережелер жиынын пайдаланады:

1. Егер операция екі түрлі типтегі мәліметтер үшін орындалатын болса, онда
олар осы мәліметтер типтерінің арасындағы “жоғарғы” типке келтіріледі.
2. “Жоғары” типтен бастап, “төмен” типке дейін реттелген типтер аттарының
тізбегі келесідей түрде көрсетіледі:
double

float

long

int

short

char

Меншіктеу операторында оң жақта орналасқан өрнектің есептелген
нәтижесі осы оператордың сол жағына жазылған айнымалының типіне
келтіріледі. Осындай процесс типтің “жоғарысына” немесе “төменіне”
келтірілуі мүмкін.

Келтіру операциясы. Жоғарыда көрсетілген типтердің түрлендірілуі
автоматты түрде орындалады. Мәліметтердің көрсетілген қажетті типіне
келтіру үшін Си тілінде арнайы бір тәсіл бар. Бұл тәсілде типтерді
бірыңғайлау үшін, айнымалының алдында дөңгелек жақшада қажетті типтің аты
жазылады. Жалпы түрге келтіру операциясы мынадай болып жазылады:
(тип)өрнек. Мысалы:

int m;

float x,y;

y=pow(x,2)+sqrt((double)m);

Программа жұмысын басқару операторлары
Программа жұмысын басқару операторлары программаның басқарушы
конструкциясы деп аталады. Олар:

құрама операторлар;
таңдау операторлары;
цикл операторлары;
көшу операторы.
Құрама операторларға жай құрама операторлар және блоктар жатады. Екеуі де
жүйелі жақшаға алынып жазылады. Блокта жай құрама операторларға қарағанда,
айнымалыларды сипаттау жолдары болады. Мысалы:
{ n++; жай құрама оператор
summa+=n;
}
{
int n=0;
n++; бұл блок
summa+=n;
}
Қатынас операциялары. Қатынас операциялары екі мәнді салыстыру үшін
қолданылады. Си тіліндегі қатынас операциясының тізбегі мынадай: ==,
!=, , =, , = .

Егер қарастырылатын қатынас нәтижесі ақиқат болса, шарттық өрнектің
мәні 1-ге тең болып саналады. Егер ол жалған болса, шарттық өрнек мәні 0-
ге тең болады. Қатынас операциясының приоритеті арифметикалық
операцияларға қарағанда, төмен және меншіктеу операторымен салыстырғанда
жоғары болады. Ал қатынас операцияларын приоритеттеріне сәйкес етіп екі
топқа бөлуге болады. Мұнда соңғы 4 операцияның приоритеті 1-ші және 2-ші
операциялар приоритетімен салыстырғанда жоғары болады.

Логикалық оператор. Екі немесе бірнеше шарттық өрнектерді біріктіру
үшін логикалық оператор қолданылады. Си тілінде келесі логикалық
операторлар бар:

1) және (&&) операциясы; f1 && f2
2) немесе ( ( (or) операциясы; f1 ( ( f2 ( коды - 124 )
3) терістеу ! (not) операциясы. !f1
Терістеу (емес, қарсылық) операциясының приоритеті өте жоғары, одан
тек жақша ішіндегі мәндердің проритеті жоғарылау болады. && операциясының
приоритеті (or) операциясымен салыстырғанда жоғары, ал осы екеуінің
приоритеттері қатынас операцияларымен салыстырғанда төмен, меншіктеу
операциясынан жоғары болады.

Таңдау операторлары – бұлар шартты оператор
және ауыстырғыш.
Шартты оператор

Шартты оператордың орындалу

схемасы (1.3 сурет) мен жалпы жазы-

лу түрі мынадай:

if (шарт)

1-оператор;

else

2-оператор;

Мұнда жақшадағы шарт түріндегі өрнек ақиқат болса, 1-оператор орындалады,
әйтпесе 2-оператор атқарылады. Операторлар қарапайым немесе құрама болып
жазыла береді. Оператордың қысқаша жазылу түрі (1.4 сурет):

if (шарт)

1-оператор;

Кейде қабаттасқан шартты операторлар

кездеседі (3.3 сурет), мысалы:

if (1-шарт)

1-оператор;

else if (2-шарт)

2-оператор;

else

3-оператор;

Мұнда егер 1-шарт ақиқат болса, 1-оператор орындалады, егер 1-шарт жалған
болып, 2-шарт ақиқат болса, 2-оператор орындалады, ал 1-шарт және 2-шарт
жалған болса, 3-оператор атқарылады.

Ондағы кез келген else түйінді cөзі (keyword) оның алдында ең жақын
тұрған if операторына қатысты болып саналады.

Мысалы, берілген х, у – екі санның үлкенін анықтау үшін жазылған
шартты операторды былай жазуға болады:

if (xy) max=x;

else max=y;

Ал х, y, z сияқты үш санның үлкенін табу үшін, қабаттасқан шартты
операторлар жазылады (3.4 сурет).

if (xy)
{if (xz) max=x;
else max=z;}
else if (yz) max=y;
else max=z;

Логикалық ЖӘНЕ операциясын пайдалана отырып, бұл есепті мынадай түрде де
жаза аламыз.
if ((xy)&&(xz)) max=x;
else if ((yz)&&(yx)) max=y;
else max=z;

Шартты операция
Шартты операция (? :) шартты өрнек жазуға мүмкіндік береді, яғни берілген
шартқа байланысты әр түрлі мән қабылдайтын шартты өрнектер құрады. Бұл
операция үшорынды болып табылады. Егер оның шарты (бірінші операнд) ақиқат
болса, өрнек мәні екінші операндқа тең; егер жалған болса, онда – үшіншіге
тең. Мысалы:
max_ab = a b? a : b;

3.5. Switch көп нұсқалы таңдау операторы

Программада кездесетін бірнеше нұсқаның бірін таңдап алу керек болған
жағдайда, switch ауыстырғыш операторы қолданылады. Оператордың орындалу
схемасы төмендегі 3.6 суретте келтірілген. Оның жалпы жазылуы:

switch бүтін типті өрнек;

{

case белгі1: операторлар;

case белгі2: операторлар;

... ... ... ...

[default: операторлар;]
}

Мұнда switch сөзінен кейінгі өрнек мәні есептеледі, ол бүтін санды
(char типі де) типте болуы тиіс. Сол мән case сөздерінен кейін жазылған
константалар мәндерімен салыстырылады. Егер олардың біріне тең болса, сол
жол орындалады, жол соңында көшу операторы болмаса, келесі жолдар толық
орындалады. Ал бір жолды орындап болған соң, switch операторынан шығу үшін
break операторы қолданылады. Егер switch сөзінен кейінгі өрнек мәні ешбір
константамен сәйкес келмесе, онда default сөзінен кейінгі операторлар
атқарылады. Кейде default сөзі болмауы да мүмкін.
Default сөзі болмаса, онда switch операторынан кейінгі келесі операторлар
орындала береді. Switch операторындағы өрнек түрінде нақты типтегі
мәліметтерді, сөз тіркестерін (жолдарды) пайдалануға болмайды. Кейде бүтін
мәндермен үйлестірілген мәліметтердің құрылымдық (структуралық) элементтері
қолданылуы мүмкін.

Switch орындалуы кезінде цикл аяқталмай-ақ одан шығып, қалған
операторларды аттап өтіп, осы цикл параметрінің келесі мәніне көшу үшін
continue операторы қолданылады, яғни циклдің келесі итерациясына –
қадамына басынан бастап ауысу жүзеге асырылады.

ЦИКЛ ОПЕРАТОРЛАРЫ

FOR цикл операторы

For операторы айнымалы ретінде берілген цикл параметрінің алғашқы,
соңғы мәні мен өзгеру қадамы белгілі болғанда, соған сәйкес бір немесе
бірнеше операторларды қайталап орындау кезінде қолданылады. Бұл оператор
параметрлі цикл операторы немесе арифметикалық цикл деп аталады.

Параметрлі циклдің орындалу схемасы:

For цикл операторының жалпы жазылу түрі:

for (x=x0; x=xk; x=x+dx)

{

1-оператор;

2-оператор;

. . .

n-оператор;

}

Мұнда x=x0 – цикл айнымалысының бастапқы мәні, x=xk – циклдің орындалу
шарты, x=x+dx – цикл айнымалысының қадамы. x=x0 цикл операторы
орындаларда бір рет есептеледі, x=xk ақиқат болса немесе 0-ге тең
болмаса, цикл тұлғасы ретіндегі операторлар атқарылады. Содан соң x=x+dx
есептеледі және x=xk мәні қайта анықталады. x=xk мәні жалған болса
немесе жалпы жағдайда ол 0-ге тең болса, for операторының жұмысы
аяқталады. Сонымен цикл тұлғасының келесі орындалуы немесе орындалмауы
оның атқарылуы алдында анықталады.

For цикл операторындағы жақша ішіндегі соңғы өрнек ретінде жалпы дұрыс
жазылған кез келген өрнекті пайдалануға болады.

Мысалы:

for (d=0.1; d50; d*=5)

printf(“%f”,d);

For цикл операторындағы жақша ішіндегі бір немесе бірнеше өрнектерді
жазбауға да болады, бірақ мұндайда ; символын міндетті түрде өз
орындарына жазып отыру керек, мысалы:

x=2; for(n=4; x=100;)

x=x*n;

For цикл операторында құрама өрнектерді , операциясы арқылы жазуға
да болады.

, операциясы – құрама өрнекті ұйымдастыру үшін қолданылады. Осы
операцияны қолданғанда, үтір арқылы бөлектенген өрнектер сол жақтан оң
жаққа қарай есептеледі. , операциясы цикл операторының тиімді болуы
үшін жиі пайдаланылады. Мысалы:

main ()

{

int x,y;

for (x=1,y=9;x=10; x++,y--)

printf(“%d%d\n”, x,y);

}

Мұнда алғашқы ; белгісіне дейін және соңғы өрнек арқылы осы цикл
операторында екі параметр мәні беріліп (x=1,y=9;), олар x,y айнымалыларын
өзгерту үшін қолданылып отыр.

While операторы

Орындалу саны алдын ала белгісіз болатын циклдер құру кезінде шарттары
алдын ала немесе соңынан тексерілетін екі цикл түрі бар. Шарты алдын ала
тексерілетін цикл операторының орындалу схемасы 1.9-суретте көрсетілген.
Оның жазылуы:
while (шарт-өрнек)

оператор;

Мұнда шарт ретінде шартты өрнек немесе кез келген типтегі өрнек
пайдаланылуы мүмкін. Опера

тор қарапайым немесе құрама болуы мүмкін. Ол құрама оператор болса, онда
операторлар жиыны жүйелі жақшаға алынып жазылады. While операторы
орындалғанда, алдымен жақша ішіндегі өрнек есептеліп тексеріледі. Егер
өрнек мәні ақиқат болса немесе жалпы жағдайда 0-ге тең болмаса, онда
оператор атқарылады. Содан соң жақшадағы өрнек тағы да есептеледі. Егер
өрнек мәні жалған болса (немесе жалпы жағдайда 0-ге тең болса), онда
while цикл операторы өз жұмысын аяқтайды.

Мұнда шарт-өрнек құрамына кіретін айнымалы цикл ішінде өзгеріп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы
Циклдік құрылымды алгоритмді программалау
Жалпыға бірдей қызмет көрсету жүйелерін модельдеу
Web-құжат туралы түсінік
JAVA тілінін негізгі ұғымдары
Турбо Паскаль тілінің операторлары
ТАРМАҚТАЛҒАН АЛГОРИТМДЕРДІ ПРОГРАММАЛАУДЫ ОҚЫТУ
Робот манипуляторын жинақтау
Паскаль тілі туралы ақпарат
Паскаль программалау тілі. Шығу тарихы
Пәндер