Орта мектепте информатика пәнін оқытудың негіздері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық университеті
Физика-математика факультетi
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: “ИНФОРМАТИКАДАН 10-11 СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА БУЫН ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ”
Қорғауға жiберiлдi
" " 2009ж.
кафедра меңгерушiсi
тех. ғ. к., доцент
Г. И. Салғараева
Орындаған: .
3-курс (3-жылдық)
Информатика мамандығы
сырттай бөлiмнiң студентi
Ғылыми жетекшiсі: тех. ғ. к., доцент Г. И. Салғараева
Алматы, 2010ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I. Орта мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемесі мен теориялық негіздері
- Орта мектепте информатика пәнін оқытудың негіздері
- Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11 сыныптарына арналған бағдарламасы
- Орта мектепте оқытылатын 10-11 сыныпқа арналған информатика пәнінің оқулығына талдау жасау
ІІ. Жалпы білім беретін орта мектепте 10-11 сынып информатика пәнін оқыту технологиясы
2. 1. Информатикадан 10-сыныпқа арналған практикалық жұмыстар жасау технологиясы
2. 2. Информатикадан 11-сыныпқа арналған практикалық жұмыстар жасау технологиясы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Бүгінгі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып қарастыру мүмкін емес. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру, даму жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясының бағыттарына сәйкес, халықаралық білім кеңістігіне кірігу және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттарын модернизациялау жалпы орта білімнің мазмұнды және процессуалды жақтарын ұйымдастырудың жаңа әдіснамалық негізіне көшуі нәтижеге бағдарланған білім моделі арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген.
Осыған орай, мектепте білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі - дарынды балаларды тәрбиелеп жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу. Еліміздегі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкелді. ХХІ ғасырда адамдар жаңа технологияның тасқынының куәгері болды. Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдарын, жаңа материалдар мен қызмет көрсетулер, жаңа ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой-өрісіне әсерін тигізді және таң қалдырды. Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр: білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену, білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану, электрондық оқулықтар, мультимедиалық технологияларды пайдалану, теллекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтықтан басқару және т. б. Бүгінгі байланыс құралдары қатты жетілді. Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, адам қоғамының барлық саласына еркін кіріп, кең қолданыс табуда. Жаңа ақпараттық технология оқу процесінде пайдалану, мектептерінде білім сапасының деңгейін көтеру сөзсіз. Мектептерде компьютерді қойған кезде, міндетті түрде жаңа ақпараттық технология негізінде жасалған программаларды пайдалану, жаңа бір деңгейге көтеруі хақ. Бүгінгі күні дүниежүзілік кеңістікте барлық мектептердің білім деңгейін арттыру үшін, негізгі бір жол бар екені белгілі болды. Ол - білім саласын ақпараттандыру жолы.
І. ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
"Информатика" пәнін оқыту үдерісінде оқытушы "Қазақстан Республикасы орта жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын (ГОСО ҚР 2002-2003) " басшылыққа алуы тиіс. Аталған стандарт "Информатика" пәні бойынша білім берудің міндетті минимум мазмұнына және оқушының дайындық деңгейіне талаптарды белгілейді және мына төмендегілерді айқындайды:
Информатиканы оқып-үйренудің негізгі мақсаты:
- Оқушы дүниетанымының ғылыми негіздерін қалыптастыру;
- оқушының ойлауын және қабілеттерін дамыту;
- оқушының ақпараттандыру кұралдарын, ақпараттық технологияларды меңгеруі;
- оқушыны өмірге, еңбекке және білімін жалғастыруға дайындау.
Информатиканы оқып-үйренудін негізгі міндеттері:
• Ғылымның үш негізгі үғымдарының бірі ретінде ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру: зат, энергия және ақпарат, осылардың негізінде әлемнің қазіргі кездегі көрінісі құрылады;
- табиғат аясында, қоғамда, техникада қоршаған болмысты зерттеуге жаңа - ақпараттық тәсілді үдерістерісаласын қарастыру;
- қоғамның дамуында, адам еңбегінің сипаты мен мазмұнының өзгеруінде жаңа ақпараттық технологиялардың рөлін айқындау, қоғамның постиндустриальдық, оның ақпараттық даму сатысына өтуінің алғышарттары мен шарттары;
- оқушының теориялық, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту;
- ойлаудың жаңа типін - оңтайлы шешімдерді. Таңдауға бағыттталған операциялық ойлауды қалыптастыру;
- ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар саласында білімді, дағдыларды және тәжірибелерді қалыптастыру және дамыту;
- формалдылық, модельдеу, компьютерлік төжірибе және т. б. тәрізді ғылыми танымның қазіргі заманғы әдістерін меңгеру;
- оқушыны еңбекке, кәсіптік өзін-өзі бағдарлауға баулу. . ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ НЕГІЗДЕРІ
"Информатика" оқу пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны. Информатиканы мектепте оқыту мақсатына орай окушының оқу үдерісінде информатиканың негіздерін меңгерудің және ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың бірнеше сатылары белгіленген.
Бірінші саты (7-9-сыныптар) - информатика бойынша оқушьшың міндетті жалпы білім беру минимумы дайындығын қамтамасыз ететін базалық курс. Ол оқушының ақпараттық технологаяның міндеттерін шешудің әдістері мен кұралдарын меңгеруінде, компьютерді оқуда, содан кейін кәсіби қызметте саналы және ұтымды пайдаланудың дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Екінші саты (10-11-сыныптар) - жоғары сыныптарда профильді оқу ретінде, оқушының қызығушылығына байланысты көлемі мен мазмұны бойынша саралап жіктелген, және информатика саласындағы алдын ала кәсіптік даярлыққа бағытталған білімді жалғастыру.
"Математика" білім беру саласьшдағы базистік оқу жоспарында "Информатика" пәні орта мектептің 7-11-сыныптарында оқу үшін міндетті оқу пәні ретінде үсынылған.
"Информатика" оку пәні бойынша білім беру бағдарламаларының түрлері. "Ақпарат" жалпы білім беру мектебінің негізгі (7-9-сыныптар) және жоғары сатыларыңда (10-11-сьшыптар) оқытылатын пән ретінде қарастырылады. "Информатика" оқу пәні шеңберінде төмендегідей бағдарламалар жүзеге асырылады:
Білім беру негізгі бағдарламасы - информатиканың базалық курсы (7-9-сыныптар) - 3 жыл.
Білім беру профильдік бағдарламасы - қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыс-математикалық бағыттар бойынша информатиканың профильді курсы (10-1 1-сыныптар) -2 жыл.
Білім беру қосымша бағдарламасы - осы мемлекеттік стандарттың аясынан шығатын информатика жөніндегі оқушының білім алуға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін факультативті және (немесе) арнайы курс - 2 және одан көп жыл.
"Информатика" пәні бойынша оқыту үлесінің көлемі. Жалпы білім беру бағдарламаларына (негізгі, профильді) сәйкес "Информатика" пәні бойынша оқыту үлесінің көлемі темеңдегідей болады:
- жалпы білім беру мектебінің негізгі сатысында (7, 8, 9-сыныптар) - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат, барлығы 102 сағат;
- бағдарға байланысты оқудың жоғары сатыларында:
а) қоғамдық-гуманитарлық бағыт (10-11-сыныптар) - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат, барлығы 68 сағат;
б) жаратылыстану-математика бағыты (10-11-сыныптар) - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат, барлығы 68 сағат.
Өкінішке орай "Информатика" пәніне сағаттарды осылай бөлудің өзі әсіресе оқудың жоғары сатысында стандарттың талаптарын сапалы түрде игеру үшін жеткіліксіз болады. Сондыктан 10-11 сыныптарда оқу жоспарының өзгермелі (вариативтік) бөлігінен "Информатика" курсын жүргізуге тағы бір сағатты қосқан жөн. Осы сияқты ұсынысты 10-11 сыныптарға арналған ақпарат жөніндегі бағдарламаның авторлары да айтқан болатын.
Осы оқу құралында жаратылыстану-математикалық бағытқа арналған мектептің жоғарғы сатысындағы информатика бойынша білім берудін мазмұнын оқып-үйренуге әдістемелік тәсілдер қарастырылады. Бірақ алдымен стандартпен ұсынылған білім берудің мазмұнына тоқталатын боламыз.
Жаратылыстану-математикалық бағытқа арналған білім берудің мазмұны бойынша мемлекеттік стаңдарт информатиканың төмендегідей бөлімдерін қамтиды: ақпараттандыру құралдары, акпараттық технологиялар, бұл орайда техникалық және жаратылыстану-ғылыми қызмет салаларында оларды қолдану мүмкіндіктерін үғыну үшін неғұрлым тиянақты окып-үйрену алға қойылады.
Окудың мазмұны. Қазіргі заманғы программалық қамтамасыз ету. Компьютер. Операциялық жүйелердің қосымша мүмкіндігі. Операциялық жүйелердің және өзге де программалық өнімдердің параметрлерін орнату, конфигурация, ретке келтіру (настройка) .
Программалаудың әдістері: кұрылымдық, модульдік, объектілік-бағдарлық, визуальдық. Программалардың жүйелері.
Визуальдық прогаммалаудың жуйесі. Пішіндер, басқарушы элементтер, модульдер мен кластар, мәліметтердің түрлері, диалогтық терезе, қосымшаларды реттеу, компиляция және қосымшаларды тарату.
Компьютерлік графика. Негізгі графикалық рәсімдер және функциялар, константалар, айнымалылар. Анимация, мультипликация. Дыбыстық басымдықтар, дыбыстық файлдарды құру. Мультимедиалық программаларды әзірлеудің технологиясы. Программаларды жасау.
Презентация. Презентацияның құрамдары. Презентацияның құралдары. Бейнелерді сканирлеу және өңдеу. Шаблондар мен дизайн. Шебер (Мастер) . Слайд. Безендіру. Басып шығару, ретке келтіру (настройка) және көрсетілім (демонстрация) . Презентацияны құру.
Үлкен көлемдегі ақпаратты өндеу. Ақпаратты жүйелендіру, сақтау және іздеу. Ақпараттық-логикалық модельдер. Ақпараттық-логикалық модельді әзірлеудің технологиясы. Мәліметтер моделі, реляциялық модель. Мәліметтер базаларымен жұмыс: мәліметтер базасының құрылымы, мәліметтер базасының кестелерін жасау. Сауалдармен, пішіндермен, есептермен жұмыс. Оқуға пайдаланылатынн МБ-ын құру.
Ақпараттық жүйелер: мәліметтер банктері, білім базасы, жасанды интеллектінің жүйелері, сараптау жүйелері.
Іnternet желісі: Web-бетшелерді құру және қарап шығу, олардың дизайны. Іздестіру жүйелері.
2007-2008 оқу жылында информатиканың профильдік курсың оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілген Н. Т. Ермековтің, С. Т. Мұхамбетжанованың, Н. Ф. Сгафутинаның "Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған информатика жөніндегі бағдарламасы" (Алматы, 2006) авторлық үжым бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды. Төменде аталған бағдарламаның қысқаша мәтіні үсынылған.
Еліміздегі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкелді. ХХІ ғасырда адамдар жаңа технологияның тасқынының куәгері болды. Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдарын, жаңа материалдар мен қызмет көрсетулер, жаңа ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой-өрісіне әсерін тигізді және таң қалдырды. Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр: білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену, білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану, электрондық оқулықтар, мультимедиалық технологияларды пайдалану, теллекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтықтан басқару және т. б.
Бүгінгі байланыс құралдары қатты жетілді. Жаңа ұрпақты жаңа өмірге бейімдеуге ақпаратты жүйелерді компьютер, интерактивті тақта, интернет оқытуда информатика пән мұғалімі еңбегі өте зор. Мұғалім - ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл информатика пән мұғалімнен ақпараттық құзырлықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе «Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуымен және білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудан негізгі құрал- компьютер болып табылады. Компьютер - білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал. Информатика пән мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлығы мен ақпараттық мәдениеті - жоғарғы деңгейде болуы керек. Соңғы жылдарда білім беру жүйесіне енген «құзырлық» немесе «құзыреттілік» ұғымы жеке қасиеттері мен білім, білік, дағды, іс тәжірибесі, түсінігінің бірлігін сипаттайды. Қазіргі уақытта құзырлықтың бірнеше түрі бар, соның бірі - ақпараттық коммуникациялық құзырлылық. Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын оқу, тұрмыстық, кәсіби міндеттерді ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегімен шеше білу қабілеттілігі.
Ақпараттық мәдениет дегеніміз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатысуға және ол кеңістікте еркін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара іс-әрекетке түсуге мүмкіндік беретін білім деңгейі. Ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бір бөлігінің ақпараттармен жұмыс істеу- дің барлық түрлері - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негізінде сапалы жаңа ақпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетілу деңгейі. Болашақ ХХІ ғасыр мектебін көптеген қиыншылықтарға қарамай өркендету, оның сапасын арттыру - қазіргі мұғалімдердің басты міндеті. Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін, қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығарудағы басты тұлға - қазіргі заман талабына сай информатика пән мұғалімі, жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны.
Қазіргі мектепте шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол бір уақыт педагог-психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар, оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады. Соңғы кездегі мектептерде, түрлі мекемелерде және жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Біздің қоғамымыздағы болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды. Информатика пәнін оқытуда кез - келген сабақ - ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде - оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс.
Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, адам қоғамының барлық саласына еркін кіріп, кең қолданыс табуда. Жаңа ақпараттық технология оқу процесінде пайдалану, мектептерінде білім сапасының деңгейін көтеру сөзсіз. Мектептерде компьютерді қойған кезде, міндетті түрде жаңа ақпараттық технология негізінде жасалған программаларды пайдалану, жаңа бір деңгейге көтеруі хақ. Алайда информатика пәнін жоғары деңгейде өткізуге компьютер мүмкіндігін толық дәрежеде пайдаланып жұмыс істеуге мұғалімдер біліктілігі жетіспей жататындығы жасырын емес. Информатика пәнінің мұғалімі программист-методист деңгейіне көтерілсе, оқушыларға сапалы білім беруімен қатар, әріптестеріне компьютермен жұмыс істеудің қыр - сырын толық түсіндіре алар еді. Бүгінгі күні дүниежүзілік кеңістікте барлық мектептердің білім деңгейін арттыру үшін, негізгі бір жол бар екені белгілі болды. Ол - білім саласын ақпараттандыру жолы. Әр мұғалім өз пәнінде ақпараттандыру технологиясын пайдалану - ол компьютерлік сауат ашу. Ол үшін: барлық пән мұғалімдерінің жедел түрде компьютерлік сауатын ашу; пән мұғалімдерінің сауатын ашқан соң ізін суытпай өз пәндерінде ақпараттық технологияны (интерактивті тақта, мультимедиа, зертхана жұмысы, электронды оқулықтармен жұмыс істеу, керекті ақпараттарды интернеттен шығарып алу, т. б. ) пайдалануға іс жүзінде үйрету; аталған іс-шаралар жүзеге асқан соң, мектеп пәндерін ақпараттандыру үшін қажетті компьютерлік техникаларымен жабдықтау.
Бұл аталған пунктерден шығатын қорытынды: пән мұғалімдердің компьютерлік сауаты мен ақпараттандыру технологиясын игермей, білім деңгейін көтеру мүмкін емес.
Жаңа технологиялар - педагогтің мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютердің мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдануы керек.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарына пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.
2009-2010 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде информатиканы 7-11 сыныптарда оқытудың міндеттері ҚР БжҒМ-нің 24. 09. 2002 ж. № 693 бұйрығымен бекітілген ҚР орта жалпы бiлiм берудің «Информатика» пәні бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты (ҚР БжҒМ-нің 24. 09. 2002 ж. № 693 бұйрығымен бекітілген) негiзiнде жүзеге асырылады.
Базистiк оқу жоспарында мектептiң негiзгi сатысында (7-9 сыныптарда) информатиканы оқытуға аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 102 сағат, оның iшiнде:
7 сыныпта - аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат,
8 сыныпта - аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат,
9 сыныпта - аптасына 1сағаттан, оқу жылында 34 сағат бөлiнген.
Еліміздегі білім беруді жаңарту үрдістерінің басты бағыттарының бірі бәсекелестікке қабілетті білім беру өрісін құруды меңзейтін мектептің жоғары деңгейіндегі бағдарлы оқыту болып табылады. Оның нормативті бағыттары білім берудің Мемлекеттік стандартында белгіленіп көрсетілген (2002 ж. ) және де онда 11 жылдық мектептің жоғары сыныптарында бағдарлы бағытта оқытуға кезеңмен көшу ескерілген болатын. 2009-2010 оқу жылында бағдарлы оқыту оқушылар қалаулары бойынша қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттарының бірін таңдай алады.
Базистiк оқу жоспарында 10-11 сыныпта жаратылыстану-математикалық бағытта информатиканы оқытуға аптасына 1 сағат (10-11 сыныптарда информатиканы 2 жылда оқытуға барлығы 68 сағат), қоғамдық-гуманитарлық бағытта аптасына 1 сағат (10-11 сыныптарда информатиканы 2 жылда оқытуға барлығы 68 сағат) бөлінген. Кез келген бағдарлап оқытуда информатикаға және оның қолданыстарына қызығушылық танытқан оқушыларға мектеп таңдау курстарын ұйымдастыру арқылы информатикаға бөлінген сағат санын арттыра алады.
7-9 сыныптарда информатиканы оқытуда 7-сыныпқа арналған «Информатика» бағдарламасы - Алматы: РОНД, 2003 (ҚР БжҒМ-нің 11. 03. 2003 ж. № 148 бұйрығымен бекітілген) ; 8-9-сыныптарға арналған «Информатика» бағдарламасы - Алматы, 2004 (ҚР БжҒМ-нің 12. 05. 2004 ж. № 405 бұйрығымен бекітілген) пайдаланылатын болады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18. 10. 2005 ж. № 672 бұйрығымен бекітілген информатиканы 10-11 сыныптарда оқыту үшін келесі бағдарламалар қолданылады:
Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық бағытта информатиканы 10-11 сыныпта оқыту бағдарламасы. Ермеков Н., Мұхамбетжанова С. Т. // Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарына арналған Информатика. Бағдарламалар. - Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006.
Жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық бағытта информатиканы 10-11 сыныпта оқыту бағдарламасы. Ермеков Н., Мұхамбетжанова С. Т. // Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарына арналған Информатика. Бағдарламалар. - Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006.
Бағдарламаға ескерту . Бағдарламада техникалық қате жіберілгендіктен, 3-бетте берілген сөйлемді былайша түзетіп оқу керек: «10-11 сыныптарда информатиканы оқыту әр сынып бойынша аптасына 1 сағаттан барлығы 68 сағатқа есептелген».
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады:
7 сынып. Информатика. Ермеков Н., Стифутина Н. - Алматы: Атамұра, 2007
8 сынып. Информатика. Е. Шевчук, Н. Кольева - Алматы: Мектеп, 2008
9 сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту. Б. Нақысбеков, А. Мұхамеди, Г. Мадиярова - Алматы: Мектеп, 2009
Информатика. Ермеков Н., Криворучко В. А., Ноғайбаланова С. Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 10 сыныбына арналған оқулық (жаратылыстану-математикалық бағыт) . - Алматы: Жазушы, 2006.
Информатика. Ермеков Н., Криворучко В. А., Ноғайбаланова С. Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 10 сыныбына арналған оқулық (қоғамдық-гуманитарлық) . - Алматы: Жазушы, 2006.
Информатика. Ермеков Н., Криворучко В. А., Ноғайбаланова С. Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 11 сыныбына арналған оқулық (жаратылыстану-математикалық бағыт) . - Алматы: Жазушы, 2007.
Информатика. Ермеков Н., Криворучко В. А., Ноғайбаланова С. Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 11 сыныбына арналған оқулық (қоғамдық-гуманитарлық) . - Алматы: Жазушы, 2007.
7-11 сыныптарда мектептерге сәйкес келесі оқу-әдістемелік кешендерін қолданылу ұсынылады:
7-сынып. Информатика. Әдістемелік құрал. Н. Ермеков, С. Давиденко, С. Пилипенко. - Алматы: Жазушы, 2008.
7-сынып. Информатикадан практикум. Н. Ермеков, С. Давиденко, С. Пилипенко. - Алматы: Жазушы, 2008.
8-сынып. Информатика. Әдістемелік құрал. Е. Шевчук, Н. Кольева, Н. Завертунова. - Алматы: Мектеп, 2008
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz