Информатиканы тұлғаға - бағытталған оқыту


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Садуақасов Р. С.
Информатиканы жеке-тұлғаға бағытталған технологиялық достық әдісін қолданып оқыту
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050111 - «Информатика» мамандығы
Қарағанды 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
ф. -м. ғ. к., доцент
Д. Б. Алибиев.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Информатиканы жеке-тұлғаға бағытталған технологиялық
достық әдісін қолданып оқыту»
050111 - «информатика» мамандығы
Орындады Р. С. Садуақасов
Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы А. Б. Серикбаева
Қарағанды 2010
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 6
1 Информатиканы тұлғаға-бағытталған оқыту 8
1. 1 Білім беру - тұлғаның даму негізі 8
1. 2 Информатикада тұлғаға-бағытталған оқыту технологиясы 13
1. 3 Сабақ - білім беру ортасының элементі ретінде 19
1. 4 Білім беру процесінде оқушыны тұлғалылыққа үйрету 29
2 Достық әдісін қолданып оқыту 32
2. 1 Достық әдісін қолданып оқыту деген не 32
2. 2 Оқыту әдістерінің нұсқалары 34
2. 3 Шағын топтарда оқытуды ұйымдастыру 39
Қорытынды 40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 44
Қосымша 45
Кіріспе
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай Қазакстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» делінген. Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады. Нәтижелі білім алудың мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке басының әлеуметін іске асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді.
Сондықтан оқытушылардың алдында өмірге жан - жақты дайындалған, еңбек сүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу қажеттігін дамыту мәселесі тұр.
Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым бағыттардың бірі - жеке тұлғаға бағытталған білім беру.
Тұлғаға бағытталған білім беру дегеніміз педагогикалық іс әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін- өзі тануын, өзін - өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер және іс - әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезеңдегі қоғамды ақпараттандыру процесі педагогикалық ғылымның алдына оқушыларды сапалы түрде қалай дайындау және олар өзінің кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды, шығармашылықты пайдалана білулері туралы мәселелерін қойып отыр. Мұндай дайындықты жүзеге асыру үшін, баланың тұлғалық дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау керек.
Информатиканы осындай жағдайларды жүзеге асыру үшін қолдануға болады, яғни, оның құрамында көптеген білім беру аймақтары (физика, математика сонымен қатар шығармашылық зерттеу (сурет салу, әдебиет) және т. б. (информатиканы қай бағытта оқытуына байланысты) ) . Бала өзінің мүмкіндіктерін білмейді, оның өзіндік даму траекториясы оған әлі белгісіз. Бұл жөнінде асығыстық жасау қажет емес. Баланың тұлға ретінде ашылуына информатиканың фундаменталды негіздерін оқу көп көмек береді (теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар және әлеуметтік информатика) .
Ұстаздың негізгі және жауапты мәселесі баланың тұлғасының ашылуына көмек беру, өз-өзін көрсетуге, түсінуге, таңдауының дамуына және әлеуметтік жерлерге тұрақтылығын дамытуға көмектесу. Сондықтан талаптары бойынша таңдаудан емес, әрбір оқушыны тұлға ретінде кәсіби педагогикалық оқытудан бастау керек. Педагог пен оқушының тұлғалық даму ерекшеліктері белгілі болғанда оқушыны әрі қарай оқыту формаларын анықтауға болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - информатика сабағында «тұлғаға бағытталған оқытудың» құрылу технологиясын ашу, тұлғаға бағытталған сабақта баланың қабылдауы қаншалықты тұрақты және әсерлі екенін көрсету. Нақты мысалда практикада тұлғаға бағытталған сабақтың жүзеге асу мүмкіндігін сипаттау.
Бұл жұмыста ең алдымен баланың тұлғасымен, оның құрылуымен, жүзеге асумен қызығатын психологтың көзқарасы бойынша жалпы білім беретін мектептегі информатика сабағында тұлғаға бағытталған оқыту қарастырылған, сонымен, информатиктің көзқарасы бойынша оқушыларды толық әлемнің көрінісінің, әдістемелік білімді игеру бағытының дамуында, мазмұнды есептерді шешуді қалыптастыруында, формализация және модельдеу принциптерімен танысуда үлкен қосымша инструмен болып табылады.
Жұмыстағы мәселелердің актуалдығы білім беру мазмұнында ғана емес, сонымен, білім беру процесінің технологиясында информатика білім аймағындағы, сабақтарды жүргізу қажеттіліктерімен негізделген.
Бұл жұмыста информатикаға, тұлғаға-бағытталған оқытуды түсіну үшін, яғни оның мектепте практика жұмысында жобалануын, жүзеге асуын түсіну үшін маңызды позициялар тізімі бар.
Бұл позициялар келесілер болып табылады:
- тұлғаға бағытталған оқыту жеке ерекшеліктерінің пайда болуын ескере отырып баланың тұлғасының дамуы мен өзіндік дамуын қамтамассыз етуі керек;
- информатиканы тұлғаға-бағытталған оқытудың білім беру процесі әрбір оқушыға оның қабілетіне, көзқарасына, бағалау бағытына және субъектілік тәжірибесіне сүйене отырып өзін-өзі тануда, оқуда, тәрбиеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- информатика мазмұны, оның әдістері мен құралдары оқушы пәндік материалға, оның түріне, формасына шығармашылығын көрсете алатындай ұйымдастырылады және таңдалады; (информатикада оқытылатын материалды әр түрлі интерпретацияда көрсететінде мүмкіндіктері бар) ;
- информатиканы тұлғаға-бағытталған оқытудың критериалды бағасы жиналған білім, дағды, шеберлік деңгейін ғана емес сонымен белгілі интелекті құруды (оның қасиеті, сапасы, пайда болу сипаты) ескереді.
1 Информатиканы тұлғаға-бағытталған оқыту
1. 1 Білім беру - тұлғаның даму негізі
Соңғы кездері барлық әлемдегі білім беру жеке тұлға ретінде тұлғаның дамуы мен құрылуының негізгі факторы ретінде қарастырылды. Бұл адам өмір сүретін күрделі әлеуметтік-мәдени ортаның негізгі бөлігі болып табылады. Мұндай ортадағы адам бір жағынан оның құндылықтарын, талаптарын игереді, осы ортаға үйренеді, екінші жағынан - өзіне қоғамның мәдениетіне тұлғасының ерекшелігімен, тұлғалық құрылымымен кіруге қажетті жағдайлар жасайды.
Білім әлемді ғана тануды ғана емес, сонымен оның жеке тұлғасының дамуын қамтамассыз етеді. Бұл білім беру процесімен қамтамассыз етілуі керек, оның негізгі функциясы - таныммен жеке дамудың жалғыз кеңістігін ұйымдастыру.
Информатиканы оқытудағы тұлғаға-бағытталған жүйесі дегеніміз не? Осы жүйені жобалаудағы инновациялық жақындау не болып табылады? Осылардың түсінігін қарастырайық.
Кез келген оқыту тұлғаны дамыту үшін құрған шартының мәні бойынша дамитын, тұлғаға-бағытталған болып табылады. Мәселе басқасында болып табылады: тұлғаны қалай түсіну керек, оның даму көздерін қайдан табу керек.
Мектеп пен ұстаздар тұлғаның дамуын мақсат етіп қойған жоқ деп есептеуге болмайды. Керісінше, бұл мақсат жан-жақты гармоникалық даму мәселесі ретінде әрдайым декларацияланып отырған. Бұл дамудың модельдері болған, олар игеруді талап ететін әлеуметтік мәдени үлгілер түрінде сипатталған. Тұлға осы үлгілердің құраушысы, олардың мазмұнының көрсеткіші ретінде түсінілген.
Тұлғаға-бағытталған педагогика оқыту және тәрбиелеу процесін құра отырып сыртқы әсерлердің жетекші ролін қабылдаумен негізделген. Ол негізінен қатысушыларды күштілерге, орташаларға, әлсіздерге бөлуге негізделген; педагогикалық коррекцияға оқу материалдарының арнайы ұжымы арқылы объективті күрделі дәрежесі бойынша, осы материалдарды игеру талаптарының деңгейі (программалау, проблемалық (мәселелік) оқыту) . Мұндай жеке жақындау шеңберінде пәндік дифференциациясы жүргізілді, мұнда бұл жалғыз әлеуметтік институтқа ЖОО-ға қажет болады. Адам өмірінің басқада аймақтарында мұндай дифференциацияның маңызы болмады. Жалпы білім беретін мектеп негізінде ЖОО дайындады, бұл әлеуметтік сұраныс пәндік дифференциация арқылы орындады, бұдан рухани дифференциация жойылды (жеке ерекшеліктер, отбасылық дәстүрлерге байланысты, өмірдің орналасуына, дінге деген қатынасқа және т. б. байланысты) .
Тұлғаға-бағытталған оқытудың модельдері танымдық (интелектуалды) қабілеттердің даму мәселелеріне бағынған. Осы қабілеттердің дамуы туралы өзіндік мазмұны мен құрылымы бойынша құрылатын оқу қызметі болып табылады.
Жеке қабілеттілік білімді игеру қабілеттілігі ретінде анықталатын оқу арқылы қарастырылған. Жүйедегі білім жақсы ұйымдасуына қарай, оқу да жоғары ұйымдасады. Мазмұнына байланысты оқу материалын арнайы құрылымдау, сонымен қатар оқу жеке қарастырылған жоқ. Бұл модельдер келесілерді біріктіреді.
- тұлға дамуының негізгі қайнар көзін оқу кезінде анықтайтын түсінік.
- алдын ала белгіленген (жоспарланған) қасиеттермен, қабілеттіліктермен тұлғаның қалыптасуы;
- түсініктер, идеалдар тәрбиенің үлгілері түрінде дамуды білімнің, біліктіліктің, дағдылардың және әлеуметтік маңызды эталонды игерудің өсуі ретінде түсіну;
- тұлға сипатын «ұжымдық субъекті» өнімі ретінде белгілеу және өңдеу;
- оқытатын әсерлердің механизмін игеруді, тұлға дамуының негізгі қайнар көзі ретінде анықтау.
Қазіргі уақытта тұлғаға-бағытталған оқытуды ұйымдастырудың және түсінудің басқа да жолдары бар. Оның негізінде әрбір адамның жекешелігін, өзара тұрмыстығын, өзін-өзі бағалауын, түсіну жатыр. Субъективті тәжірибені жеке, меншікті, тұлғалық, өткен, тұрмыстық, стихиялық және т. б. деп атайды. «Субъективті тәжірибе» терминін қолдана отырып өзіндік өмір баяны бар нақты адамға негізделгенін ескеру керек.
Осы әдіс шеңберінде оқушы жеке және қоғамдық тәжірибесімен бағалы болады. Келесі жағдайларға сүйенейік.
- білім беру - бұл оқу (тәрбие) ғана емес, сонымен оқушының ерекше жеке қызметі ретінде уйрену;
- үйрену оқудың тура проекциясы емес;
- оқушы оқудың субъектісі болмайды, ол бастапқыдан субъектілік тәжірибені қолданушы болады;
- субъектілік (жеке тұлғалық) әлемді танудағы таңдаушылықта, осы таңдаудағы тұрақтылықта, объектілік танымға деген эмоцияналдық тұлғалық қарым-қатынаста көрінеді.
« Оқығандық» және «білімділік» . Таным процесі кезіндегі субъектілік тәжірибенің жүзеге асуы «оқығандық» және «білімділік» сияқты түсініктердің ерекшеліктерін анықтайды. Кез-келген адамды, кез-келген нәрсеге үйретуге болады. Ал білімді болу үшін оқыған кезде әрбір адам өз қызметін ұйымдастыру жолымен оқу жұмысының жеке тәсілдерін қолдану керек және оған деген жеке қатынасымен жетекшілік ету керек.
Білім мен ақпаратты білім мен ақпаратты айыра білу керек. Ғылыми ақпарат оқу материалының мазмұны арқылы беріледі. Оқушы осы ақпараттарды игерген кезде оны өзінің «субъективті тәжірибесі» арқылы тексереді және тұлғалық білімге айналдырады. Кейде білімнің қалыптасу жолдары болмайды. Бірақ ұстаз да ғылыми ақпаратты хабардар ете отырып оның мазмұнына деген өзінің қатынасын білдіреді, өзіндік субъективті әдісін қолданады. Осы кезде оқушы мен ұстаздың арасында білімдерінің күрделі сәйкес келуі пайда болады.
Сонымен оқығандық пен білімділік өзара байланысты, бірақ тең емес. Мазмұны арқылы оқыған кезде танымның, барлығына бірдей тәрбиенің әлеуметтік-мәдени үлгілері беріледі.
Үйрену кезінде баланың табиғи белсенділігіне қарай ерте қалыптасатын жеке танымдық қызметі жүзеге асады. Бала мектепке барған кезде өзіндік танымдық тәжірибенің қолданушысы болып табылады. Мұғалімнің негізгі мақсаты баланың тәжірибесін көрсетуге, қолдануға көмектесуболып табылады.
Тұлғаға-бағытталған оқытуды жүзеге асыру педагогикадағы «векторларды» ауыстыруды талап етеді, яғни, оқудан оқушының тұлғалық қызметі ретінде үйренуден, оның коррекциясы мен педагогикалық мүмкіндігінен ауыстыруды талап етеді.
Оқыту барлық қажетті жағдайларды құрғандай даму векторын құрмайды. Сонымен бірге оқыту функциясы өзгереді. Оның мақсаты барлығы үшін психикалық даму түзуін жалпы міндетті және жалпы түрде жоспарлау болып табылмайды, керісінше, бойында таным тәжірибесі бар әрбір оқушыға өзінің тұлғалық қажеттіліктерін, тұлға ретінде дамуын жүзеге асыруға көмектесу болып табылады. Бұл жағдайда оқытудың бастапқы моменттері - жоспарланатын нәтижелерді жүзеге асыру емес, әрбір оқушының танымдық мүмкіндіктерін ашу және оларды қанағаттандыруға қажет болатын педагогикалық жағдайларды анықтау болып табылады. Оқушының қабілеттілігінің дамуы - тұлғаға-бағытталған оқытудың негізгі мәселесі және даму «векторы» оқытудан үйренуге дейін құрылмайды, ал керісінше, оқушыдан оның дамуына көмек беретін педагогикалық әсерлерді анықтаумен құрылады. Бұған информатиканы оқудағы барлық білім процесі бағытталуы керек.
Тұлғаға-бағытталған оқытудың «негізсіз жобалауы» және «жобалауы». Нағыз модельді құру мүмкін емес, яғни, «материалдар кедергісін» ескерместен жалпы мақсаттарды және соңғы нәтижелерді белгілеу. Бұл жерде «негізсіз жобалау» (ойша бір нәрсені нақты құру) және жобалау (жобаның пайда болуы және практиканың жүзеге асуы) терминін ерекшелеуге болады.
Тұлғаға-бағытталған оқытумен құру және басқару әсері ұйымдастыруға ғана байланысты болмайды, сонымен, оқу процесінің негізгі субъектісі ретінде оқушының жеке ерекшеліктеріне байланысты болады. Бұл жобалауды, қолайлы, вариативті және көпфакторлы етеді.
Информатикаға оқытудағы тұлғаға-бағытталған жүйені жобалау келесілерді тұжырымдайды:
- оқушыны оқу процесінің негізгі субъектісі ретінде мойындау;
- оқушының жеке ерекшеліктерінің жобалану, даму мақсаттарын анықтау;
- оқушының субъектілік тәжірибесін құру және аша отырып қойылған мақсатты жүзеге асыруды қамтамассыз ететін құралдарды анықтау;
- оқушының информатикаға деген қызығушылығының жоғарылауы;
- тұрақты дамып отырған технологияларға байланысты қажетті техникалық және программалық қамтамассыз етумен оқу процесін жинақтау;
- оқушының тұлғасын зерттеген кезде компьютерлік технологияларды қолдану;
- қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар базасы негізінде оқу процесін жаңарту және т. б.
Информатикаға тұлғаға-бағытталған оқытуды жүзеге асыру құрамына ғылыми және мета білімдерді қосатын білімді өңдеуді талап етеді (танымның әдістемелері мен амалдары) . Ең маңыздысы болып оқу процесінің қатысушыларының өзара арнайы формаларын өңдеу болып табылады.
Сонымен қатар оқушының дамуының бағыттылығы мен мінезін бақылайтын ерекше тәсілдер қажет; оның тұлғасы мен қабылдауының дамуына қажет болатын қолайлы жағдайларды құру.
Информатика сабақтарында тұлғаға-бағытталған оқыту моделдерін жүзеге асыру. Мектепте информатика сабағында тұлғаға-бағытталған оқыту модельдерін жүзеге асыру үшін не қажет?
Біріншіден - информатиканың білім беру процесін оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру ретінде емес, оқыту мен тәрбие бір болатын қабілеттің құрылуы, тұлғаның дамуы ретінде қабылдау қажет.
Екіншіден - білім беру процесінің негізгі қатысушыларының: басқарушылар, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар өзара қарым қатынас сипатымен көрсету.
Үшіншіден - білім беру процесінің әсерлілік критерийлерін анықтау. Білім беру терминдері және оқу процесі мағынасына қарай бірдей емес.
Тұлғаға-бағытталған оқыту теориясындағы оқу процесі. Оқу процесі толық дидактикалық жүйе ретінде білімді ұйымдастыруға және беруге, оларды игеру жағдайларын тиімді құруға бағытталған. Мазмұны, формасы, құралдары, оқыту әдістері бұл жерде өзара тығыз байланысты және негізгі білім беру мақсатқа оқушылардың қоршаған ортасын шынайы тануға бағынған. Осы мақсатқа байланысты оқу процесі танымдық, өз мазмұнында әлемнің ғылыми көрінісін көрсету сияқты құрылады.
Мектепте оқылатын «Информатика» оқу пәні өзінің мазмұнына қарай қандай да бір ғылыми білімнің (информатика, математика, физика, геометрия) өзіндік «проекциясы» болып табылады. Оның оқыту әдістемесі көбінесе логика заңдылығы бойынша құрылған оқушының ғылыми білім жүйесіндегі алға жылжығанын көрсетеді.
Тұлғаға-бағытталған оқыту теориясындағы информатиканың оқу бағдарламасы. Оқу бағдарламасы өз мазмұнында оқу мақсаттарында арнайы таңдалған және игеру үшін берілген ғылыми білімдер (түсініктер) жүйесін жүзеге асырады. Бұл барлық қатысушылар үшін жалғыз және міндетті болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептегі информатика бойынша оқу бағдарламасының құрамында осы пән бойынша білім берудің міндетті минимумы бар.
Білім беру процесі. Білім беру процесі - бұл тұлғаны жекеше дамуды қамтамассыз ететін оқу мен үйренудің өзара байланысын құру жүйесі болып табылады. Оның құрамы, әдістері, амалдары техникасы ең алдымен әрбір оқушының субъектілік тәжірибесін ашуға және қолдануға бағытталған және толық оқу қызметін ұйымдастыру арқылы танымның тұлғалық маңызды әдістерін құруға бағынған.
Білім беру процесінде мақсаттан білімді игеру өмірлік қажеттіліктерді, нақты тұлғалық мүмкіндіктерді ескере отырып оқушының даму құралына айналады.
Оқушының тұлғалық дамуын жобалау, білім беру процесінде адам қызметінің негізгі сфераларын ерекшелеуді тұжырымдайды; оларды игерудегі талаптардың құрылуы, жеке ерекшеліктерді (интеллектің сипаты мен түрі, даму деңгейі және т. б. ) ескеру және сипаттау.
Адам қызметінің аймағын анықтау олардың психологиялық мазмұнының, интеллектінің жеке ерекшеліктерін, белгілі қызмет түріне (біздің жағдайда информатикаға) адекваттылық (адекваттылық емес) дәрежесінің ерекшеліктерін тұжырымдайды.
Білім беру бағдарламасының оқу бағдарламасына қарағанда жеке сипаты бар, ең алдымен, оқушының тұлға ретінде білімнің ерекшелігіне негізделген. Бағдарлама оқушының мүмкіндігіне қолайлы болуы керек, сонымен оқудың әсері кезінде оның дамуының динамикалығына негізделген.
Білім беру процесінде оқушы мен ұстаздың арасындағы оқу диалогының құрылу формалары өзгеріп отырады.
Сонымен, егер оқу процесін құру білім мазмұнын өңдеуге бағынса, онда білім беру процесін құру ең алдымен оқушының жеке дамуына, яғни, тұлғаға-бағытты дамуына есептелген.
Тұлғаға-бағытталған оқыту әдісі . Тұлғаға-бағытталған оқытуды жүзеге асыру жаңа педагогикалық идеяларды өңдеуді тұжырымдайды. Қазіргі уақытта оқудағы тұлғаға-бағытталған әдіс қазіргі мектептердегі өзіндік көрініс болып табылады. Кейбіреулері оны тұлғамен теңестіреді, ал басқалары - дифференциялданған әдіспен теңестіреді.
Тұлғаға-бағытталған оқыту әдісі келесі бастапқы жағдайларға сүйенеді:
- тұлғаның, өзіндік бағалаудың, баланың өзіндік тұрмысының приоритеті (оқушы болып құрылмайды; ол бастапқыдан танымның субъектісі болып табылады) ;
- білім беру екі өзара байланысты құраушылардың: оқу және үйрену бірлігі болып табылады;
- білім беру процесін жүзеге асыру және игеру кезінде оқушының әлеуметтануының тәжірибенің пайда болуы бойынша ерекше жұмыс қажет болады; оқу жұмысының орналасу әдістерін бақылау; әр түрлі тәжірибенің мазмұнын алмастыруға бағытталған оқушы мен ұстаздың өзара серіктес болуы; барлық оқу процесстері арасындағы ұжымдық таралған қызметті арнайы ұйымдастыру;
- білім беру процесінде оқушы тәжірибесімен қоғамдық тарихи тәжірибені оқумен «кездесулер» жүреді;
- екі түрлі тәжірибенің өзара байланысы тұлғалық «толықтырғышты» түзумен ығыстыру бойынша емес, әрдайым келісу бойынша жүргізілуі керек;
- оқушының тұлға ретінде дамуы нормативті қызметті игеру бойынша ғана емес, сонымен, әрдайым толықтыру, субъектілік тәжірибенің өзіндік дамудың маңызды қайнар көзі ретінде түрлену арқылы жүруде;
- танымды (игеруді) қамтамассыз ететін оқушының қызметі ретінде үйрену процесс сияқты анықталу керек, табиғатын, психологиялық мазмұнын ашатын сәйкес терминдерде сипатталуы керек;
- үйренудің негізгі нәтижесі сәйкес білім мен үйренуді игеру негізінде танымдық қабілеттердің құрылуы болу керек;
Осы тұжырымдарға сүйене отырып оқу дамуды түзетеді дегенге негізделеміз, мұнда оқушының танымдағы өзін-өзі анықтауын және өзін-өзі дамуын мойындаймыз. Оқу жұмысының әдісі - бұл білім бірлігі ғана емес, сонымен, мативациялық қажеттілікті, эмоционалдық және операционалдық компоненттер біріктірілген тұлғалық білім болып табылады.
Үйрену әділ таным емес. Бұл оқушы үшін тұлғалық мәнімен, құндылықтарымен, қарым-қатынастарымен толықтырылған әлемнің субъектілік мәнді жетістігі. Бұл тәжірибенің мазмұны ашылу, максимальды қолданылуы, ғылыми мазмұнмен толықтырылуы және қажет болған жағдайда білім беру процесі кезінде түрлендірілуі керек.
Информатикадағы тұлғаға-бағытталған оқыту қандай болу керектігіне, оның негізінде қандай принциптер жатқанына көшейік.
1. 2 Информатикада тұлғаға-бағытталған оқыту технологиясы
Информатикада тұлғаға-бағытталған оқытуды өңдеудің негізгі принципі оқушының өзіндік қасиетін мойындау, оның дамуына қажетті және жеткілікті шарттарды құру болып табылады.
Жекелік (өзіндік қасиет) өз өмірін субъекті ретінде дамуда жүзеге асыратын әр адамның қайталанбас өзгешелігі қарастырылады. Бұл өзгешелік кез келген адамның психикалық, анатомо-физиологиялық ұйымдастыруын қамтамассыз ететін әр түрлі факторлардың әсері кезінде қалыптасатын психикалық қасиеттерінің жиынтығымен анықталады.
Жекелік - адам ерекшеліктерінің жалпыланған сипаттамасы, оның тұрақты көрінісі қызметтің жеке стилін тұлғалық білім беру ретінде анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz