Мультимедиалық жүйелік дыбыстар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Информатика және қолданбалы математика кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«» 2010 ж.

кафедра меңгерушісі,

тех. ғ. к., доцент

Г. И. Салғараева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

050602- Информатика мамандығы бойынша

( сырттай бөлім 3 жылдық 3-курс )

Орындаған Саимбетова Галия

Ғылыми жетекшісі,

тех. ғ. к., доцент. Г. И. Салғараева

Алматы, 2010 ж.


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШКЕНДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ . . . 5

1. 1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендер көмегімен информатика пәнін оқытудың өзекті мәселелері . . . 11

1. 2 Білім беру үдерісінде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану . . . 14

1. 3 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолданудың құрылымдық-мазмұндық моделі . . . 22

1. 4 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану - оқытудың тиімді құралы ретінде . . . 33

ІІ. МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 37

2. 1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы . . . 38

2. 2 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптар . . . 42

2. 3 Информатика пәнінен мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен жасау әдістемесі . . . 48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша 2007 жылғы 28-ші ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»-деп атап айтты.

Қазіргі мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендердің қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенлар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Бұл үдеріс білімнің жаңа аймақтарына енудің қажеттілігі мен оны жеке тұлғаның толық көлемде меңгеруінің қиыншылықтары арасындағы қарама-қайшылықтары ретінде белең алып отыр. Осыған орай, бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе болып табылады. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің көшбасшысы бола алады.

Мультимедиалық технологиялар мультимедиа өнімдерінің жасалу үрдісімен байланысты яғни, электрондық кітаптар, мүмкіндігінше энциклопедиялар, компьютерлік фильмдер. Бұл өнімдердің өзіндік ерекшеліктері мәтіндік, графикалық, аудио-бейне, ақпараттық анимацияның бірігуі болып табылады. Мультимедиа технологиясы компьютерді тең дәрежедегі әңгіме-дүкен құрушыға айналдырып қана қойған жоқ, оқушыға сыныптан үйден шықпай-ақ үлкен ғалымдар мен педагогтердің дәрістеріне қатысуына, өткен және қазіргі тарихи оқиғаларға куә болуына, әлемнің ең белгілі мұражайлары мен мәдени орталықтарына, жер шарының ең алыс және қызық түкпірлеріне сапар шегуіне мүмкіндік жасады.

Гипермедиялық технологиялар мәтінмен жұмыс істеудің және олрдың бір-біріне хабар жіберуін ұйымдастырудың ыңғайлы мүмкіндіктерін жасайтын гипермәтіндік технологияларды дамыту болып табылады. Барлық қазіргі заман ақпараттық-анықтамалық жүйелер гипермедиа технологиясында жүзеге асады. Оқу мақсатындағы гипермедиа өнімдері үлкен көлемді материалды оқуға ғана емес, тыңдау, көру, материалды іріктеу, керекті жерін жазып алу, қажет рефераттарды дайындауға да мүмкіндік береді.

Жүйелік технологиялау- жалпы қоғамды ақпараттық бүтіндей және жекелеп алғанда білім беруді ақпараттандыруда қарқынды дамып келе жатқан бағыт. Телеканалдық технологиялау оқушылар мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Компьютерлік жүйемен жұмыс оқушылардың әлеуметтік қоғамның мүшесі болу қажеттілігін арттыра түседі. Білім беруде телекоммуникацияны қолдану оқу үрдісіне электронды поштаны енгізуден басталды. Электронды поштаны қолдану арқылы оқу үрдісіне арнайы жоспарланған және ұйымдастырылған болуы тиіс, себебі, оны сыныптық-сабақтық жүйеге сыйғызу өте күрделі. Сондай-ақ электронды поштаны үнемі әдіс болып табылады, себебі, компьютер қашықтан оқыту формасы кезінде оқытушы мен оқушылар арасындағы байланыс үшін кең қолданылады.

Оқытудың компьютерлік әдіс-тәсілдердің тиімділігінің бағасы әдетте дәстүрлі әдіс- әдістермен салыстыру арқылы беріледі. Оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері пәндік білімнің жеткілікті түрде игерілуін қамтамасыз етуге жол ашады. Инновациялық әдіс-тәсіл алдыңғы орынға оқыту үрдісінде әр оқушының жеке ойлауын дамытуды қояды. Егер инновациялық оқытудың әр кезеңінде оқушының жоғары белсенділік деңгейі сақталатын өзара іс-қимыл формасы басты рөл атқарады. Сонымен «Кешегі, бүгінгі және ертеңгі Қазақстандағы білім беру» әр ұстаздың тәжірибесінде деп өз ойымды аяқтағым келеді.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу- әдістемелік мазмұнының өзгеруі- мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Ел президенті Н. Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты.

І. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШКЕНДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Мультимедиалық жобаларды құру. Жоба бастамалары.

Көбінесе мультимедиалық және Web-жобаларды бірнеше этаптарда орындау керек. Бір бөлімін басқасы басталғанға дейін дейін аяқтау керек, кейбіреуін жіберіп, біріктіруге болады. Мультимедиалық жобаны құрудың 4 негізгі этапын атап өтейік.

Өзіндік тұрақтылығы бойынша жоспарлау .

Жоба әрқашанда бір ойдан немесе құралдан басталады: жобаның мақсаты анықталады, ол пайдаланушыға дейін жету керек. Авторлық жүйе бойынша әр мақсатты анықтау керек. Біріншіден қандай жазушылық ғылымдар, суреттер, музыкалық және бейне-объектілер және басқа мультимедиялық құралдар және білім керек екенін жоспарлап, содан кейін жобаны жасауға кірісу керек. Пайдаланушыларға шығармашылық және графикалық түрден қарағанда, қандай жағдайды қажет ететінін, жаңашылдық жүйенің құрылымын құру, жобаның мәтіндік мазмұнын оқытуды қарастыру керек. Осыған қанша уақыт кететінін анықтау керек. Қысқа (prototype) макетін талдау немесе алғашқы жазбаны (proof-of-concept) талдау керек. Жаңадан құрылған жобалар жеңілдікпен жасалып, келеңсіздікке әкеліп туғызады. Жобаның мазмұнын дұрыс анықтаса, ол тез құрылып, аз өзгертулерді қажет етеді.

2. Талдау және өндірістік. Жоспарланған мәселелерді орындап соңғы бөлігіне дейін құру керек. Бұл бастамада тапсырыс берушілермен тығыз байланыста болу керек.

3. Тестілеу . Әрқашанда бағдарламаны тестілеуді ұмытпау керек және жобаның мақсаты өз дәрежесіне жеткенін, базалық платформаларда дұрыс жұмыс істейтінін анықтау керек.

4. Жеткізу . Жобаны қаптап оны пайдаланушыға жеткізу. Мультимедиалық объект құру үшін өңдеу, бағдарламалық қамтамасыздандыру, керемет ойлар қажет. Ал жақсы мультимедиалық жобаны құру үшін білім мен іскерлік қажет. Қарапайымнан басталатын мультимедиалық объекті талдау үшін команда қажет: суретті мамандар график бойынша салады, бейнені бейнелегіштер, дауысты дауыс режиссерлары, программалауды программалағыштар орындайды.

Өңдеу

Қазіргі кезде көптеген пайдаланушыларда графикалық интерейс арқылы компьютерлік платформалар және өңдеулер мультимедианы құру және таратылуда жасалған. Детальданған және анимацияланған мультимедиалық объектілер арнайы жұмыс станцияларында, фирмаларда, мейнфреймдерде құрылады, бірақта Macintosh және Windows PC олардың қатарында емес, олар материалдық жоспар-лауда, бағдарламалық жабдықтауда әр кезде қолданылады. Жөнелтудің тәуелсіздігіне байланысты - компьютерде және телеарнада көптеген бағдарламалық жабдықтар Macintosh және РС операциялық жүйелерінде қолданылады. 1995 жылдың август айында Microsoft Windows 3. 1-ді Windows 95 -ке, Windows 98, Windows МЕ, Windows 2000 Windows 98, Windows МЕ, Windows 2000 және Windows ХР жүйесіне ауысты. Өңдеу және қосымша құрылғылары: мониторлар, жүйеліблок, сканерлер және желілік құрылғылар, аудиоқұрылғылар, видео.

Компьютердегі Macintosh және РС жүйелерінде мультимедиалық элементтерді құру және редакторлеудің негізгі принцптері бірдей орындалады.

Графикалық бейнелеу - бұл графикалық бейнелеу, цифрлық дыбыс - бұл цифрлық дыбыс, қандай әдіс немесе құралдар оның құрылуына тәуелді емес.

Көптеген бағдарламаларда суретті өңдеу, дыбыс немесе басқа мультимедиалық файл Macintosh және Windows форматтарының файлдары және керісінше белгісіз форматтар немесе екілік кодтың файлдары ешқашан өңделмейді.

Шығармашылық қабілеттілік

Мультимедиалық жобаны бастау үшін, оның құрылымы мен мазмұнын дұрыс құрастыру қажет. Қандай әдістерді қолдану керектігін ойлану керек.

Шығармашылық қабілеттілік-мультимедиалық шеберліктегі ең үлкен құрал болып табылады.

Мультимедиа бойынша іздену жұмысы. Мультимедиалық қоректі құру үшін, білімнің әр-түрлі жағы қарастырылады: компьютерді дұрыс білу, мәтін, график, дыбыс, видео бойынша жұмыс істей білу керек. Осындай қажетті білімділікті бір адамнан, бірнеше адамнан немесе жұмысшы командасынан табуға болады. Қарапайым командада өздерінің әр түрлі қабілеттіліктеріне қарай мульти-медиалық компакт-дискілер немесе Web сайты түрлендірулер бойынша жұмыс істейді. Өте жиі кездесетіні команданың бір мүшесі бірнеше рольді ойнайды: графикалық дизайнерлер интерфейс бойынша жұмыс істей алады, бейнені сканирлеп өңдей алады. Жобаның менеджері немесе продюсері режиссер-қоюшы бола алады. Седарвилльск университетінің профессоры мультимедианы талдауда 18 әр түрлі рольдерге команда бойынша адамдарды бөлді:

- орындаушы продюсер

- продюсер /жобаның менеджері/

- креативті директор / мультимедиа дизайнері /

- суретші редактор / графикалық интерфейс дизайнері /

- суретші

- интерфейсті талдаушы

- ойын дизайнері

- жобаның тақырыбы бойынша эксперттеуші

- білімдік компонент жағынан талдаушы

- сценарист

- аниматор

- дыбыс режиссері

- композитор

- режиссер-қоюшы

- мультимедиа программисті

- HTML программисті

- заңгер

- коммерциялық директор.

Мультимедиалық жүйелік дыбыстар

Дыбыс - толқын тәрізді энергия. Өте қатты дыбыс жұқа қабылданған механизмді бұзады, барабанның қасындағы дыбыс 6 Гц болғанда естілмейді. Дыбыстың қаттылығы ырғағынан білінеді.

Акустика - ырғақтың қаттылығы және жоғарлауы емес, одан да үлкен болады. Windows жұйесінде дайын қолданылатын дыбыстар бар, операциялық жүйені орнатқаннан кейін дыбыстық сигналдар, ескертуге арналған дыбыстар орындалады. Windows Media-ның ішкі каталогы Windows жүйелік дыбыстық файл WAV болады. Кең таралған дыбыстар - start. wav, chimes. wav, chord. wav, ding. wav, logoff. wav, notifi. wav, recycle. wav, tada. wav sound. wav. Дыбыстарды Windows жүйесіндегі ақпаратпен байланыстыруға болады. Дыбыстық схеманы құрып және дайын схеманы көңіл-күйіңе қарай таңдауға, өзімізге керек дыбыстық файлды қосуға болады және оны жүйедегі ақпаратпен байланыстыру үшін мынандай әрекеттерді орындауға болады: WAV каталогындағы дыбыстық файлдарды Windows Media-ға орналастырып, басқару тақтасы бойынша дыбыстарды таңдау керек. Егер қандай да бір поатформамен жұмысты бастау керек болса, мультимедиалық дыбысты қолданудың бірінші тәжірибесі бойынша басқару тақтасында жүйелік дыбыстарды тестілеу керек.

Дербес компьютерде дыбыстық ақпаратты енгізу

Микрофон - бұл дербес компьютерде дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрал. Микрофонның жұмыс істеу принцпі дыбыстың өңделу кезінде орындалады.

Микрофон келесі талаптарға жауап береді:

- жұмыстық көрсеткіш кезінде микрофон электрлік сигналды орындап, өзіндік электрлік дыбысты жеткілікті өлшемде орындайды;

- орындалған сигнал пайда болған кедергілерді орындамау керек;

- микрофон дыбысты практика жүзінде өзгеріссіз аппарат ауқымына жеткізу керек.

Микрофон электрлік тербелістегі дыбыс қысымындағы дыбыстық тербелістің пайда болуына қарай ажыратылады. Осыған орай микрофонның мынандай түлері болады: электродинамикалық, электромагниттік, электростатикалық, бұрыштық және жартылай сымды микрофондар. Электродинамикалық микрофондар катушкалық және ленталық болып бөлінеді.

Кәсіби мақсатта қолданылатын электростатикалық микрофон-дардарға конденсаторлық және электреттік түрлері жатады. Соңғы екі тобы бұрыштық және жартылай сымды микрофондар талаптың кез-келген әрекеттерін орындайды. Әр типтегі мирафондардың әрекеттері дыбыстардың тербелуіндегі өңделу әдістерімен байланысады: микрофонның мембрана (диафрагма) элементтегі дыбыстық қысымның тербелуін қабылдап, тасымалдап, олардың өңделуін электрлік сигнал түрінде береді.

Бір контактілік белгісі бар дыбыстық картада микрофонды қосудың бір бөлімін табуға болады. Олай болса, дыбыстық картада бір ғана микрофон қосуға болады.

Дербес компьютерде дыбыстық ақпаратты шығару

Акустикалық жүйелер (колонкалар) - бұл дербес компьютердегі дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған қосымша құрылғылар. Акустикалық жүйелер белсенді және белсенді емес болады. Белсенді емес жүйеде ток күшейткіші пайдаланылмайды. Ол өзінің тоқ күшейткіші бар (4-ваттық, арнаға 2 ваттан) дыбыстық платаға жалғанады. Әдетте, белсенді емес акустикалық жүйе компьютерде энергияны, дыбыстың күштілігін, баяулығын қамтамасыз етеді.

Белсенді күшейткіш жабдығы дыбыстық платадан USB портына сызықтық шығу болып табылады. Соңғы кезде дыбыс колонкаға цифрлік түрде беріліп, оның дикодирленгені бойынша дыбыстық картаның орнына колонканың өзінде орналастырылған аздаған чип қолданылады.

Колонкадағы ток күшейткіштің ішіндегі қатарлардың қоректенуі болып ішкі акмулятор немесе қоректену блогы ішкі, сыртқы болып табылады. Дауыстың ырғағына қарай белсенді калонкалар қарапайым және 3 жолды эквалайзер болады. Дыбыстық платаның сызықтық шығуына байланысты аудиокомплекстің тоқ күшейткішіне сызықтық шығу қосылған. Колонканың негізгі сипаттамасы - ваттағы өлшенген қуат. Колонканың нақты қуаты 10-50 Вт аралығында болады. Сапалығына қарай өзіндік сипаттамалары болады. Әдетте дауыс ырғағы 40-60 Гц шамасында орындалады. Колонканың техникалық паспортында диапозон бойынша дыбыстың орындалуы 50 Гц аралығында орындалса жеткілікті болады.

Мультимедиалық жобаға дыбысты енгізу.

Macintosh, Windows жүйелерінде мультимедиалық жобаға дыбысты енгізу үшін, төмендегі әрекеттерді орындау керек:

  1. Жүйеде дыбысты өңдеудің қандай құралдары бар екенін анықтау керек.
  2. Дыбыстың қандай типі бар екенін анықтау (мысалы, түстік музыкалық құралдар, дыбыстық спецэффектілер және диалогтар) ;
  3. MIDI дегі мәліметтерді және дыбыстық дыбыс жазбаларды қалай қолдану керектігін анықтау;
  4. Дыбысты жазу үшін дыбысты редакторлеу керек;
  5. Дыбыстағы бейнені синхронизирлеу үшін, дыбысты тестілеу қажет. Ол үшін, 1-4 әрекеттерді қайталап орындау керек.

ХХІ - ғасырдың басы жоғарғы бiлiм берудi дамыту үшiн жаңа кезеңдi ашты. Бiлiм берудегі мультимедиалық оқу-әдістемелік кешеннің ролi соңғы уақытта сөзсiз өсіп, барлық бiлiм беру процесiне айтарлықтай ықпал етуде. Компьютерлiк технология оқу процесiнiң тиiмдiлiгiн және сапасын көтередi. Ол кез-келген ақпаратты жылдам әрi тиiмдi алуға, оқытудың жаңа әдiстерiн еңгiзуге, сонымен қатар зерттеу жұмыстары үшiн жаңа мәлiметтер бередi. 2004 жыл бiлiм беру саласындағы реформаның жаңа кезеңi болып табылады. Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудiң даму тұжырымдамасын жасап шығарды. ЕҰУ-де кредиттiк технологияға көшу жөнiндегi тұжырымдама жасалынды. Халықаралық тәжiрибе көрсеткендей, Ұлыбританияның бiлiм жүйесiнде қолданылып жүрген кредиттiк технология жүйесi бiзге қолайлы болып табылады.

Кредиттiк жүйе (credit system) АҚШ-та және көптеген Еуропа жоғарғы оқу орындарында соңғы 10 жылда үлкен орын алды. Педагог кадрларды ағылшын тiлi және инновациялық технология бiлiмiмен дайындауға үлкен мән берiлуде. Университетiмiзде кейбiр мамандықтар бойынша оқу пәндерiнiң ағылшын тiлiнде өте бастауы ағылшын тiлi оқытушыларына деген талапты күшейте түседi. Кредиттiк технологияға көшу жағдайында жоғарғы оқу орындарының оқытушылары тек студентке сабақ берiп ғана қоймай, онда терең түрде өздiк жұмыстары дағдыларын, аналитикалық ойлауды қалыптастыру, сонымен қатар кеңесшi, педагог-жетекшi болып табылуы керек. Қазiргi уақыттағы университеттерде ағылшын тiлiн оқыту барлық гуманитарлық және жаратылыстану салалары бойынша мамандарды дайындаудың приоритеттi бағыттарының бiрi болып табылады. Халықаралық бiлiм беру кеңiстiгiндегi интеграция процесi ағылшын тiлi бiлiмiнiң жоғарғы деңгейде жаңа ақпарат технологиясымен үйлесiмдi болуын талап етедi.

Электрондық кiтапхана, энциклопедия, сөздiктер және аудармашылар жан-жақты ақпараттық толықтыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Информатиканы оқытуда мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолдану тиiмдiлiгi үшiн бiздiң көзқарасымызша жан-жақты техникалық жабдықтау, компьютерлер (hardware), бағдарламалық қамтамасыз ету (software) және әлемдiк компьютерлiк сеть қажет. Кез-келген студентті ең ақпаратты және пайдалы кешендi лингвистикалық ресурстары бар сайттар, олар әртүрлi бөлiмдерде жүйеленген: бiлiм беру жаңалықтары, курстар, репититорлар, on-line сабақтары, сөздiктер, аудармалар, оқу материалдары, емтихандар, шетелде оқу, түжiрибе алмасу, форум, баспа және тағы басқаларымен қамтамасыз ету басты міндет болып табылады.

Үй компьютерi жалпы қауымға тек қана арман болған уақыт өттi. Қазiр бұл өмiрде де, iсте де маңызды көмекшi екендігі белгілі. Компьютердiң қолданылу шеңберi өте кең: ойыннан бастап әлемнiң кез-келген нүктесiмен Internet әлемдiк сетi арқылы байланыс жасауға болады. Компьютерлер әртүрлi мәселердi шешуде де маңызды құрал болып табылады. Компьютерлерде сонымен қатар бiлiм беретiн және энциклопедиялық бағдарламалар бар.

Мәлімет жинақтауыш CD-ROM - компакт-дискілерге арналған оптикалық дискіжетек

(CD) компакт дискілері - бұл, лазерлік сәуленің көмегімен жоғарғы жағына ақпарат жазылған оптикалық және лазерлік дискілер. Бұл дискілер жоғарғы жағынан жұқа алюминий қабатымен қапталған органикалық материалдан құралған. Қазіргі кезде лазерлік дискілер ақпаратты тасмалдауыш құрал ретінде кеңінен таралған. Габарит (диаметр-120мм) флоппи-дискілермен құралған (диаметр-89мм ) қазіргі компакт дискінің тығыздығы дискеттен 500 рет артық. Лазерлік дискінің тығыздығы 650 Мбайт-тан тұрады, бұл 450 кітап бойынша және 74 минуттық дыбыстық файлдың ақпаратына сәйкес келеді.

Ақпаратты лазерлік сәуленің көмегімен қолдану ұзақ мерзімге дейін сақталып, қолайлы түрде болады. Магниттік дискіден лазерлік дискінің айырмашылығы спираль бойынша бір жолдан тұрады. Ақпараттың орындалу кезінде әлсіз лазерлік сәулемен шағылып және (1) арқылы орындалып, (0) арқылы қабылданады.

Оптикалық дискілерде жадыны қолдану үшін, CD-ROM мәлімет жинақтауышына арналған дискіқозғағыш қажет.

Жақсы мәлімет жинақтауыш CD-ROM берілген форматтарды көп қамтамасыз етеді. Форматтың көптүрлілігі дискіде ақпараттың әр түрін сақтай алады: программа кодтары, мәтін, дыбыс, видео, графиктер, адам өзіне кездестіретін ақпараттың бірнеше түрлерін сақтай алады. 1990 ж. ұсақ Sony, Matsushita және Mitsumi фирмаларында, лазерлік дискілерде жазылған, мәліметтерді оқуға арналған біріңғай стандарт CD- ROM-құрылғылары жасалды.

CD- ROM түрлері мен типі

Оптикалық дискіқозғағыштар 4 түрмен ажыратылады: CD-ROM, CD-R, CD-RW, DVD-ROM.

CD-ROM - оқуға арналған компакт-дискі құрылғысы, олардың көмегімен ақпаратты жазуға болмайды. CD-ROM (ағылшын тілінен аударғанда Compact Disk Read Only Memory - оқуға арналған компакт-диск) . Ақпаратты жазбау себебі, әлсіз лазерлік сәуле орналасып, күштілігі ақпаратты оқуға арналған. Егер, ақпарат лазерлік дискісіден CD-RW-ға жазылса, CD-ROM оны оқымайды.

Дискіқозғағыш CD-R (Recordable) оқу үшін арналған емес, компакт-дискіге ақпаратты жазады. Дискіқозғағыштың осындай оптикалық жүйесі лазерлік сәуленің күшті түрін иелененіп, компьютердің дискіқозғағышының жазбасынан басқа, жоғарғы жағынан қапталған микроскоптық тереңдікті иеленеді.

CD-R -ге ақпаратты жазудың жылдамдығы 20 шамаға жетеді. Дискіқозғағыштың маркирленген жылдамдығы бойынша 4х, 8х, 10х, 12х, 14х, 16х дискілер таңдалынады. 8-шама бойынша жылдамдықта жазылған диск қолайлы болады. Ескерту: CD-R жазылған дискілері бір-бірінен сырт жағындағы түсі арқылы ажыратылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультимедиа технологиялары
Гипербайланыс пен гипермедиа
Delphi-дің мультимедиалық мүмкіндіктері туралы
Мультимедиа технологиясы
Растрларды векторлық графикаға түрлендіру
Шет тілдерін оқытудағы мультимедиялық құралдар
Электронды оқулық жасау
Access мәліметтер қорын сақтау жүйесі тақырыбында электронды оқулық құрастыру
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Мультимедиалық файлдармен жұмыс істеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz