Сөз таптарын оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану үлгілері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе.

І тарау. Қазақ тілі пәнінде деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың ғылыми негіздері . . . 5

1. 1 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, зерттелуі және өзіндік ерекшеліктері . . . 5

1. 2 Қазақ тілі пәнінде деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың педагогика- психологиялық негіздері . . . 14

1. 3 Қазақ тілі пәнінде деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың тәрбиелік мәні . . . 20

ІІ тарау.

Қазақ тілі пәнінде деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың әдістемесі . . . 23

2. 1 Мектеп оқулықтарындағы деңгейлеп саралап оқыту технологиясының алатын орны . . . 23

2. 2 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізі деңгейлік тапсырмалардың принциптері, талаптары, өзіндік ерекшеліктері . . . 29

2. 3 Сөз таптарын оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану үлгілері . . . 44

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Ғылым мен техниканың дамуы, қоғамның өсіп-өркендеуі, еліміздің өркениетті елдер қатарынан орын алуы оның білім беру жүйесінің даму дәрежесімен тығыз сабақтасады. Осыған байланысты білім беру жүйесінде жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің технологиясын жаңартуға бағытталған көптеген міндеттер жүзеге асуда.

Қазақ тілі сабағында оқушылардың білімін тереңдетудің бір жолы - оқу процесінде жаңа технологияны ұтымды пайдалана білу. Педагогикалық технология үлгілері соңғы жылдары оқу процесінде тиімді рөл атқарып келеді. Сабақ беру барысында жаңа технологияның түрлерін жан-жақты іске асыру оқушылардың материалды тез әрі терең меңгеруіне игі ықпал етеді. Сондықтан жұмыс қазақ мектептерінің 6-сынып оқушыларына морфологияны (сөз таптарын) жаңа технологияның бір түрі деңгейлеп саралап оқыту технологиясы арқылы оқыту әдістемесіне арналған. Осы айтылған мәселелердің барлығы зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.

Зерттеу нысаны. Қазақ тілінің сөз таптарын деңгейлеп саралап оқыту технологиясы арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері; деңгейлік тапсырмалардың түрлері, олардың тілді оқытудағы ерекшеліктері. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізу, біріншіден, оқушының жеке қабілетін ашуға, екіншіден, өзіне деген сенімін жетілдіруге, үшіншіден, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, төртіншіден, сабақтың тиімді, сапалы әрі қызықты өтуіне жағдай жасайды.

Зерттеу пәні. Қазақ тілінің сөз таптарын деңгейлеп саралап оқыту технологиясы арқылы 6- сынып оқушыларына меңгерту.

Зерттеудің мақсаты. Қазақ тілі әдістемесінде қолданысқа енгізіліп жатқан жаңа технологиялардың ерекшеліктерін аша отырып, деңгейлік тапсырмалардың өзіне тән белгілерін, әр деңгейде орындалатын тапсырмалардың мақсаты мен міндетін анықтау.

Зерттеудің болжамы. Қазақ тілінің сөз таптарын 6-сыныпта деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту, біріншіден, әр деңгейде берілетін білім көлемін анықтауға жағдай туғызады. Екіншіден, берілетін білім көлемі әр деңгейде орындалатын тапсырмаларды іріктеп, таңдап алуға әсерін тигізеді. Үшіншіден, әр деңгейде қамтылатын түрлі тапсырмалар оқушының білім сапасын арттыра отырып, пәнге деген қызығушылығын жетілдіреді.

Жетекші идея. Қазақ тілінің сөз таптарын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту сабақтағы белгілі бір теориялық мәселенің бірнеше жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі арқылы пысықталып, оқушының түрлі тапсырмамен жұмыс жасауына жол ашады. Сөз таптарын оқытудағы тапсырмалар желісі оқушының танымын кеңейтіп, шығармашылық қабілетін жетілдіреді, қазақ тілінен алған білімін тереңдетіп бекітеді.

Зерттеудің әдістанымдық негізі. Зерттеуге қазақ тілін оқыту әдістемесі, әр түрлі ғылым салаларында жарық көрген жаңа технологиялар жайлы әдебиеттер, оқулықтар мен оқу құралдары негізге алынды.

Зерттеу әдістері. Еңбекте жаңа педагогикалық технологиялар, оны меңгертуге арналған теориялық әдістер, сонымен қатар баяндау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, талдау, қорыту әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • 6-сыныпта сөз таптарын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың әдістемесі ұсынылды;
  • сөз таптарын оқытуда жүзеге асатыноқушылық, алгоритмдік, ізденімдік, ерекшеліктері, мақсаты мен міндеттері айқындалды;
  • қазақ тілінің сөз таптарын 6-сыныпта деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытуға арналған кешенді жұмыстар жүйесі жасалып, берілетін тапсырманың қызықтылығы, жүйелілігі, жетекшілігі, танымдылығы анықталды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  • қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы, соның ішінде сөз таптарын деңгейлеп саралап оқыту технологиясы арқылы оқытудың тиімділігі;
  • оқушылық, алгоритмдік, ізденімдік, шығармашылық деңгейлердің сөз таптарын оқытудағы ерекшеліктері мен міндеттерін айқындаудың тиімділігі;
  • деңгейлік тапсырмаларды іріктеп алудың басты ұстанымдарын айқындай отырып, сөз таптарын түсіндірудің ұтымдылығы.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Қазақ тілі пәнінде деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың ғылыми негіздері

1. 1 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, оның өзіндік ерекшеліктері

Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Жаңа талпыныс жаңа ашылған жолдардың бірі - білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендерге көшу, т. б. ) жаңаша ойлау қалыптасады. Қазір дәстүрлі білім беруде оқушыларға тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгертуге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр.

Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті - оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.

«Технологияң - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы.

М. В. Кларин: «Педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу ретің, - деп жазады.

«Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жағдайға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер, оның құрамды бөлігі ғанаң, - деп В. П. Беспалько анықтама береді.

Педагогикалық жүйе ретінде ол оқушының жан-жақты қалыптасуына ықпал ететіндей оқытудың әдіс, құрал, үрдестердің мақсатты жиынтығын қарастырады.

В. В. Воронов: “ Педагогикалық технология - бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт”, - деп есептейді.

В. М. Шепель: «Технология - бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруің, - десе, М. Чошанов: «Технология - бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігің деп анықтамасын береді.

Жоғарыда аталған авторлардың пікірі бір-біріне онша ұқсамайды.

Дидактикалық процесті В. П. Беспалько мотив, танымдық қызмет және басқару компоненттерінің бірлігіне тұратын жүйе ретінде қарастырады. Ол ұсынған педагогикалық технологияның анықтамасын толықтырып тұрған педагогикалық жүйені жобалауға қойылатын мына шарттардың жиынтығы.

  1. Педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспроттарды жоюы қажет. Оқу процесінің болуына 100% кепілдігі беру қажет .
  2. Әрі оқушының өз бетімен жасайтын оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет.
  3. Оқу мақсатын диагностикалық түрде нәтиже беретін жолмен анықтап оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп, объективті түрде бағалау қажет.
  4. Дидактикалық процестің толықтығы қамтамасыз етілуі тиіс.

Оқу процесі оқушылардың денсаулығына зиян келтіруі үшін Ресей ғылымдары М. М. Поташкин, А. М. Моисеев т. б. оқушының денсаулығын қорғайтын оқыту технологияларын енгізуді ұсынды. Мұндай технологиялар жоғарыда келтірілген дидактикалық талаптарға қосымша мынандай 4 шартты қанағаттандыруға тиісті .

  1. Оқушының жеке бас ерекшеліктерінің (интелекті, мотивациялық, эмоциялық, т. б ескерілу, оқу материалын қабылдау сипатының, темпераментінің, еске сақтау қабілетінің) ескерілуі.
  2. Оқу материалын меңгеру кезінде жүйкеге күш түсіретін интеллектуалдық, эмоциялық әскерлерден аулақ болу, оқушының уақытты аз жұмсап, тиімді нәтижелер алуына жағдай жасау.
  3. Сабақтың сынып ұжымына жайлы моральдық - психологиялық климат жағдайында өтуін қамтамасыз етіп дөрекі қатынастарға жол бермеу.
  4. Оқу процесінде оқушы денсаулығына зиян келтірмейтін тәсілдерді қолданумен қатар оларды өзін-өзі психологиялық қорғауға үйрету.

Практикаға енгізілген педагогикалық технологияларға жасалған талдау - олардың құрлымының төмендегідей компоненттерден тұратынын көрсетті.

1) Оқу материалын оқушылардың меңгеруін байқау мақсатында алдын-ала жүргізілетін диагностика және оқушыларды қабілеттеріне қарай іріктеу. Мысалы, 1-сыныпқа келген оқушылар оқи, санай, жаза білу қабілеттеріне қарай дайындық деңгейлері әр түрлі сыныптарға бөлінеді.

2) Мотивация және оқу танымдық қызметті ұйымдастыру. Қай технология болмасын оқушының осы технологияға сәйкес дайындалған оқу құралы мен өз бетінше ізденіс жұмысын жасауды қажет ететін болғандықтан, оқушының қызығушылығын, ынтасын туғызу - танымдық қызметті ұйымдастырудағы аса маңызды шаралардың бірі болып табылады.

3) Оқу құралдарымен жүргізілген іс-әрекет. Бұл компонент оқыту технологиясымен жүзеге асырылатын оқу процесінің негізгі бөлігін құрайды. Оқу-таным процесі оқушының қолданылып отырылған технология талаптары негізінде жасалған дидактикалық құралдармен ( пәнді оқытудың календарлық жоспары, танымдық әрекеттердің бағдарлық негізін салуға арналған нұсқаулар, әр модуль бойынша өздік жұмыс тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған және бақылау жұмысына арналған тестер жүйесі, т. б. ) жүргізілген танымдық қызметі арқылы жүзеге асады.

Жалпы технологиялық негізде құрылған сабақта, негізінен, оқушы дидактикалық құралдармен ғана жұмыс істеп, ал мұғалім ізденіс - таным процесін ұйымдастырушы рөлін атқарады.

Оқу материалын меңгеру сапасын бақылау. Технологиялық негіздегі оқу процесін бақылау мен іс-әрекетке қажет болған жағдайда түзету (коррекция) енгізуге аса үлкен мән беріледі. Оқушының әр модульді (бөлімді) меңгеруі сәйкесті бақылау жұмысын (әр түрлі формадағы) жүргізу арқылы бағаланады. Оқу материалын меңгере алмаған оқушылар үшін қосымша нұсқаулар беріліп, қайта бақылау жұмысы жүргізіледі. Оқушының оқу материалын меңгере алмауы себептері қаралады және қажетті коррекциялық әрекеттер жасалады. Оқу мақсаттары диагностикалық түрде қойылған жағдайда жаңа квалиметриялық негізде білім сапасын бағалауға болады.

Толық меңгерту технологиясы. Бұл технологияның авторлары - американдық ғылымдар Б. Блум мен Дж. Кэрролл. Аталмыш технологияның дәстүрлі сынып-сабақ жүйесінен басты айырмашылығы - оның міндетті түрде көзделген нәтижеге жеткізуінде. Толық меңгеру технологиясында барлық оқушыларға бірдей деңгейдегі білім, білік, дағды қалыптастыру көзделсе де, әр оқушыға жұмсалатын уақыттың, оқыту әдістері мен формаларының олардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес болуы қарастырылған.

Бұл технологияны ерекшелейтін басты анықтауыш - толық меңгертудің эталоны саналатын барлық оқушылар меңгеруге тиісті оқытудың жоспарланған нәтижелері болып табылады. Толық меңгерту эталоны мақсаттар таксономиясы арқылы беріледі. Таксономия дегеніміз -иерархиялық түрде өзара байланысқан педагогикалық мақсаттар жүйесі.

Әр деңгейлі оқыту технологиясы (В. Фирсов) . Бұл технология әрбір оқушының өзінің «жақын даму аймағындаң танымдық қызмет жасауына негізделген.

Ол дәстүрлі сынып - сабақ жүйесіндегі орта қабілеті бар оқушыға ғана арналған оқу процесінің кемшілігін жоюға бағытталып құрылған.

Оқушылардың сабаққа ынтасы, сұранымы, қарқыны темпераменттерінің және ойлау мен еске сақтау қабілеттерінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеріп, технология авторлары оларды аталған көрсеткіштеріне сәйкес топтарға (жоғары, орташа, төмен) бөлуді ұсынады.

Оқушыларды саралау төмендегідей 3 түрде жүргізіледі.

А) Оқушылар оқу жылының басында білім, білік деңгейлері мен жеке тұлғалар қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтайтын диагностика негізінде әр түрлі деңгейде дәстүрлі немесе тереңдетіле оқытылатын сыныптарға бөлінеді.

Б) Сынып ішіндегі саралау мектептің орта буында жүргізіледі, мұнда оқушылардың қабілетіне сәйкес және олардың ұйғарымдарын ескере отырып, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту топтары құрылады.

В) Оқушылардың өз ұйғарымы, ата-аналар мен мұғалімдердің ұсынысы, эксперттік бағалау, психодиогностикалық негізінде ұйымдастырылған негізгі және жоғары сыныптардағы дейінгі оқыту арқылы саралау.

Сараланған әр деңгейлі оқыту мыналарды қарастырады:

  • оқушылардың танымдық мотивациясын қалыптастыру және танымдық қызметке жетелеу;
  • оқу материалының мемлекеттік стандарт талабына кем емес білім, білік деңгейін оқушының өзінің таңдауы;
  • оқушының әр деңгейіндегі өз бетімен танымдық қызметін ұйымдастыруы;
  • жұптық, топтық және ұжымдық формалардағы оқу процесін ұйымдастыру;
  • оқу материалы меңгерілуінің ағымдағы тексерілуі;
  • оқу материалын әр модель бойынша кіріспе және қорытында тексеру (басты тапсырмаларды орындай алмаған оқушылар үшін толық меңгергенге дейін түзету жұмысы жүргізіледі) ;
  • жеке жоспар бойынша оқушыларды өзара оқыту;

Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану берілген модульдерді толық оқытып шығуға қажет уақыт болуын талап етеді.

Оқытылу мерзіміне, сондай-ақ оқытылатын пәннің ерекшеліктеріне туындайтын сабақтардың құрылымдық, мазмұндық ерекшеліктері де әсер етеді.

Оқушылардың танымдық қызметін іске асыруға дайындық кезеңі оқу мақсатын айқындауды талап етеді. Бұдан соң негізгі анықтамаларды, ережелерді, алгоритмдерді оқушылардың меңгеру деңгейін байқау мақсатына тест, диктант түрінде кіріспе бақылау жұмысы жүргізіледі. Бұл жұмыс анықталған кемшіліктердің түзетілуімен аяқталады. Танымдық қызметтің бағдарлық негізін толық қамтамасыз ету үшін оқушыларға міндетті және нормадан тыс жұмыс көлемі, бағалау критерийлері және үй тапсырмалары туралы мәлімет беріледі.

Жаңа материалды меңгеру кезеңі оны оқушылардың басым көпшілігінің өз бетімен игеруін бағытталуы, ықшам түрде өтіледі. Әр оқушы оқу материалын меңгерген сайын пікірсайысқа қосылады, жолдастарының сұрақтарына жауап береді, өз сұрақтарына қояды. Бұл жұмыс жұппен де, топпен де жүргізіледі. Алған білімді бекіту кезеңі тапсырмалардың міндетті бөлігінің меңгерілуін оқушының өз бетімен және өзара тексеру түріндегі бақылау жұмысын қажет етеді.

Танымдық қызметтің нормадан тыс бөлігінің нәтижесіне мұғалім бағалайды, оның маңызды бөліктері қалған оқушыларға баяндалады. Сабақтар қорытынды тестлік бағалаумен аяқталады. Өзін-өзі тексеру және өзара тексеруден соң оқушылар сабақтағы өз жұмысын бағалайды.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы (Ж. А. Қараев) .

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы В. П. Беспалько ұсынған педагогикалық технология ұғымына, оған негіз болатын концептуальдық көзқарасқа сәйкес және Б. Блумның толық меңгеру технологиясының басты идеяларына сүйеніп жасалынған. Бұл технология да басқа технологиялар тәрізді оқу процесінің құрылымына, дидактикалық құралдарға қойылатын жалпы технологиялық талаптардың орыдалуында. [12; 1-2 б]

Дегенмен аталмыш технологиясының басқа технологиялардан, әсіресе, атаулары ұқсас. «Әр деңгейлі оқытуң технологиясынан көптеген айырмашылықтар бар.

1. Оқушылар алдын-ала жүргізілген диагностика негізінде шағын топтарға бөлінбейді. Оның себебі:

а) ізгілендіру принципіне сәйкес әр оқушының танымдық қызмет субъектісі, жеке тұлға деп қарай отыра және олардың өзінің «жақын даму аймағындаң жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып оқушыларды алдын-ала қабілет деңгейлеріне қарай топқа бөлу қажет емес деп саналады. Оның үстіне деңгейлік тапсырмалар орындау үстінде оқушылардың өздері-ақ сараланады, бірақ тәжірибе көрсеткендей белгілі бір мерзімнен кейін, технологияның басты компоненттері - оң мотивация қалыптастыру және табысқа жетелейтін бағалау тәсілін пайдалану негізінде оқушылар төменгі деңгейде жоғары деңгейге ауыса алады. Алғыр топтың оқушылары сабақ үстінде жетекшілік рөл атқарып мұғалімнің көмекшілеріне айналады.

б) Тәжірибе сондай-ақ оқушыларды алдын-ала әлсіз, орташа, жоғарғы топтарға бөлудің зиянды жақтары да бар екенін көрсетіп отыр. Өйткені бұл оқу мақсатының диагностикалық түрде анықталып, бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы иерархиялық жүйе құрайтын болмысына қайшы.

Базалық білім қалыптастыратын (ұғым, ереже, факт, заңдылықтар) репродуктивті таным қызметін қажет ететін, күрделілігі төмен тапсырмаларды орындамай, бірден күрделілігі орташа немесе жоғары тапсырмаларды орындау оқушылардың тіректік, базалық білім алуан нұсқан келтіретіні дәлілденген факт.

в) Оқушылары өз ауыл мектебі, әсіресе, шағын комплектілігі мектептер жағдайында саралап оқыту, тіпті тереңдетіліп оқылатын пәндері бар сыныптар құру мүмкін емес. Бұл жағдайда деңгейлік саралап оқыту технологиясын пайдалану тиім.

Ескерту. Деңгейлік саралап оқыту технологиясы оқу жоспарының жылжымалы бөлігі арқылы оқытылатын таңдау, факультативтік курстардың болуын, жоғарғы кластарға енгізілгелі отырған бейімді оқытуды, жаңа типті мектептер - лицей, гимназиялардың болуы құптайды. Бұл жердегі шешімін таппай жүрген мәселе - оқытудың мұндай сыртқы саралауы мен ішкі саралаудың (мақсаттар деңгейінен туындайтын) үйлесімді жұмыс істеуі.

2. В. П Беспалько ұсынған оқытуды технологиялық негізде ұйымдастыруға қойылатын 4 басты шарттар оқытудың методикалық жүйесі (мақсат, мазмұн, әдіс, түр, құрал) және дидактикалық процесте (мотив+танымдық, қызмет+басқару), яғни педагогикалық жүйені тұтас осы шарттар талабы тұрғысынан жетілдіруді талап етеді. Педагогикалық жүйені мұндай түрлендірусіз технолгия құрып, пайдалану мүмкін емес. Әсіресе, мақсаттар таксономиясын пайдалану, оқу мақсатын иерархиялық жүйе тұрғысында анықтау методикалық жүйенің қалған элементтеріне де сәйкес өзгерістер енгізуді талап етеді. Осы себепті деңгейлік саралап оқыту технологиясының авторы оқу процесін осы технологиялық негізде жобалаудан бұрын методикалық жүйе мен дидактикалық процестері аталған талаптар тұғысынан қайта қарауды ұсынады. [12; 4 б]

Жалпы дидактикада да, әлемдік әдістеме ілімінде де, бұрыннан қалыптасқан «деңгейлік оқытуң ұғымы бар. Деңгейлік оқыту мәселесінің негізгі қағидалары, заңдылықтары оны жүзге асыру жолдары аталған ғылым салаларында қарастырылған.

«Деңгейлікң сөзі термин ретінде алғаш математика ғылымында пайда болған. Математикада бұл термин «өлшеу құралынң, «шаманың белгілейді. Деңгейлік идеясы шет елдерде педагогика ғылымына 1920 жылдың басына енген. Ал кеңестік педагогикада оқыту мәселесін

О. Б. Лошкова (деңгейлік саралап оқыту) енгізген.

Мектеп міндеті - әр оқушыға терең білім беру. Сонымен қатар оқушының ойлау қабілеттілігін арттыру. Міне, осы мақсаттарды іске асыру үшін көптеген ғалымдар ұзақ уақыт талмай еңбек етде. Еңбектерінің нәтижесі - орта білім беру жүйесінде оқытудың жаңа жетілдірген «Ата мұраң бағдарламасының жасалуы. Жаңа бағдарламада, ең алдымен, оқушының білім алуға деген ынтасын, жауапкершілігін арттыру, берілетін оқу материалының күрделі, ірі басты рөлде теориялық білімінің болуы, материалдың жоғары жылдамдықпен оқытылуы, баланың білім алуы үрдісін сезінуі қамтылған. Жаңа оқулықтағы тапсырмалар жаңа технологияларға негізделіп берілген. Білім беру саласындағы осындай оңды өзгерісте әрбір мұғалімнің өз ісіне мұқияттылығын талап етеді. Үйреншікті дайын әдіс-тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткен де баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіру мақсат етіп қою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру - бүгінгі қажеттілік. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы шәкірттерін бағалауы орын алады.

Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы балалардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі, біріншіден, оқушының әлеуметтік-психологиялық танымы, екіншіден, оқушының ынтасы, үшіншіден, теориялық дайындығы есепке алуы тиіс.

В. В Фирсов (міндетті нәтижеге негіздеп деңгейлеп оқыту) В. П Беспалько (тапсырмалардың «қиыншылығын есепке алуң әрекетінің төрт деңгейі), т. . б ғалымдар қарастырған.

Педагог ғалым В. П Беспалько зерттеу еңбектерінде деңгейлеп саралап оқытуға кеңірек тоқталып, оның ең тиімді әдістерін, тың жолдарын, озық үлгілерін жаңашылдықпен дәлелдеп береді. Ғалым оқу материалдарын меңгерудің төрт деңгейін ұсынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақтарында деңгейлеп оқыту тапсырмаларын қолданудың ерекшеліктері
Орыс сыныптарында қазақ тілі сабақтарындағы деңгейлік тапсырмалар жүйесі
Шығармашылық ойлау дағдысы
Омонимдес морфемаларды оқытудың жолдары
Зат есімнің жалғауларын оқыту
Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы
Инновациялық педагогика
Бастауыш сыныпта «Қазақ тілі» мен «Әдебиеттік оқу» сабақтарында қолданылатын инновациялық технологиялар
Септіктер Септіктердің жалғаулары
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz