Бастауыш мектепте оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруда өлкетану материалын пайдаланудың жолдары


Құлықтық тәрбие және еңбекке баулу
Мазмұны
Кіріспе3
I-тарау. Бастауыш мектепке өлкетану материалдарын оқушылардың құлықтық тәрбиенің құралы ретінде пайдаланудың маңызы6
1. 1. Педагогика тарихында құлықтық тәрбиенің қалыптасуы және дамуы6
1. 2. Бастауыш мектепте оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруда өлкетану материалын пайдаланудың жолдары. 15
ІІ - тарау. 4-сыныптың еңбекке баулу сабақтарында өлкетану материалдарын, оқушылардың құлықтық тәрбиесінің құралы ретінде пайдалану. 21
2. 1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 4-сыныптың жаңа еңбекке баулу бағдарламасы мен оқулығына шолу жасау21
2. 2. 4-сыныптың еңбекке баулу сабақтарында өлкетану материалдарын оқушылардың құлықтық тәрбиесінің құралы ретінде пайдалану28
Қорытынды41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі42
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі .
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасып, егемендігінің нығая түсуі еліміздің білім беру жүйесінде жарқын болашаққа бастайтын жаңа серпін туғызды. Келешекте Республикамыздың тізгінін ұстап, халқымыздың қадір қасиетін, жерінің байлығын, тілінің шұрайлылығын, тарихы мен мәдениетінің асыл мұрасын қастерлеп жалпы адамзаттың рухани әлемде терезесі тең түсетін ұлттық лайықты перзенті бола алатын ұрпақ тәрбиелеу мәселесі көтерілуде.
Бұл мәселелер өкіметтің қаулы қарарларында басты орын алып отыр. «Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы этикалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы Білім заңының жобасында» бүгінгі қоғамдық қатынастарға еркін араласа алатын және тұлғаны қалыптастыру мәселелері қарастырылады.
Адам тәрбиесі-жалпыға қатысты әрі мәңгі категория. Тәрбиенің сан - саланы күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын алғашқы білім баспалдағы -бастауыш мектеп болып табылады.
Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру бастауыш сынып мұғалімінің міндеті .
Құлықтық тәрбиенің пайда болуы және оның ұғымы жөніндегі мсәселелер адамзат тарихымен бірге айтылып келе жатыр .
Тарихқа көз жіберсек, құлықтық ұғымы көп ғасырлар бойына діни көзқарас негізінде, одан біртіндеп таптық негізде, ал қазіргі ғылым құлықтылық ұғымын рухани, мәдени негізде түсіндіреді.
Тәрбие теориясының негізгі саласы жастарға ұлттық педагогика негізінде құлықтық тәрбие беру мәселелері ұлы педагогтар Я. А. Коменский, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Ал осы саланың отандық классиктер Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев сынды ғалымдардың құнды пікірлері өзінің мәнін жойған жоқ.
Қазақ этнопедагогикасының тәлімділік тағылымдары, құнды идеялары, әдіс-тәсілдері, құралдары М. Ғабдуллин, Б. Адамбаевтың, Т. Шонановтың, Қ. Жарықбаевтың, С. Қалиевтің еңбектерінде жан-жақты баяндалады.
Ғалым педагогтар Ш. Н. Нағымановтың, Ж. Садірмекованың, Р. М. Қоянбаевтың, Р. К. Төлеубекованың бала тәрбиесіндегі құлықтық тәрбиесінің алатын орнын оның педагогикалық заңдылықтарын теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қарастырған ғылыми жұмыстарын атап өтуге болады.
Дегенменде, бүгінгі күннің талабына сай бастауыш мектепке адамзат қоғамында бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйені меңгеруге жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу мәселелері әлі де болса шешімін таба алмауда.
Жер мен ел тағдырының, табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең сезінетін жер, су, ауа, ғарыш, әлемінің қадірін бағалай білетін, аялап, оы қорғай алатын азаматты тәрбиелеу педагогика теориясы мен практикасында әлі де болса зерттеуді қажет етеді.
Өлкетану материалдарын оқушылардың құлықтық тәрбиенің құралы ретінде бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде дұрыс қарастырылмауы, мектеп тәжірибесінен көруге болады. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын айқындауға және тақырыпты 4-ші сыныптың “еңбекке баулу сабақтарында өлкетану материалдарын оқушылардың құлықтық тәрбиесінің құралы ретінде пайдалану” деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты:
Бастауыш мектепке өлкетану материалдарын оқушылардың құлықтық тәрбиесінің құралы ретінде пайдалануының мән мағынасын сипаттау және оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін айқындау.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Құлықтық тәрбиеге түсінік беру және өлкетану жұмыстары арқылы жүзеге асырудың шарттары мен мүмкіндіктерін анықтау.
2. Бастауыш сыныптың еңбекке баулу сабақтарында өлкетану материалдарын оқушылардың құлықтық тәрбиенің құралы ретінде пайдаланудың тиімді жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі-Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні - Еңбекке баулу сабақтарында өлкетану материалдарын құлықтық тәрбиенің құралы ретінде пайдалану.
Зерттеу әдістері:
- Педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқып пайдалану.
- Озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, талдау .
- Бақылау, әңгіме.
I-тарау. Бастауыш мектепке өлкетану материалдарын оқушылардың құлықтық тәрбиенің құралы ретінде пайдаланудың маңызы
1. 1. Педагогика тарихында құлықтық тәрбиенің қалыптасуы және дамуы
Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілетімен шығармашылығын, кәсіби, біліктілігі мен білімділігін талап етеді. Жас ұрпақтың құлық тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мінез ерекшеліктерінің алатын орны зор.
Бүгінгі күн талабыа орай тәрбиенің мазмұны, мақсаты, қағидалары, міндеттері қайта қарастырылып, түбегейлі жаңаруда. Тәрбиені жаңартудың мәні - адамның табиғаты мен ішкі мүмкіндіктері арқылы жеке тұлға ретінде дамуына және жалпы адамзаттық, ұлттық қазыналардан нәр алуына жағдай тудыру.
Қоғамымыздың іргесін нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық арқылы құлықтық тәрбиесін көркейту қажет.
Құлықтық тәрбиенің пайда болуы және оның ұғымы жөніндегі мәселелер адамзат тарихымен бірге айтылып келе жатыр.
XVI ғасыр мен XVII ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы ұлы чех педагогы Я. А. Коменский “Ұлы дидактика” еңбегінде балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайылық салаларды талап етті. Ұлы ойшыл адамгершіліктің аса тамаша ерекшеліктерінің бірі эгоизмнен арылу, көпшілік ісінің сәтілігі және әділеттілік үшін әрекет ету деп есептеді.
XVIII ғасырда Иоганн Гейрох Пестолоцци “құлықтық тәрбиенің нәтижесінде баланың еркі дамуы ұстамдылыққа үйренеді - дейді”. Неміс халқының ұлы педагогы Иоганн Гербарт “Тәрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика” деген еңбегінде адамгершілік тәрбиесінің мақсаты мінез құлықты қалыптастыру деп мінез-құлықтың нақты ережелерін ұсынды.
Қазақ халқы мәдениетінің тарихынан көрнекті орын алатын халқымыздың мақтанышы, тұңғыш педагог Ы. Алтынсарин жастарды өнер-білімге, мәдениетке үндеуде өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мұра қалдырды.
Қазақ халқының ұлы ойшылы А. Құнанбаев адамның ең жақсы қасиеттері табандылық, тұрақтылық, әділеттік және шыншылдық, сыпайгершілдіік және ақылдылыққа ерекше мән берді. Жастарды үнемі әділеттік, достық, татулық сияқты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге шақырды.
Ұлттық рухани қорына зор үлес қосып, ұлттық санасын оятуға түрткі болардай ой тастап, тарихи сананы дұрыс қалыптастырудың қажеттілігін тәрбие барысында ұлтымыздың мәдени-тарихи, жалпы адамзаттық мұра мен сабақтастығын сақтауда А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Х. Досмұхамедұлының өзіндік пікір қалдырған дана ойлары құлықтық тәрбиесіне қосатын таптырмас асыл қазына - мұра.
Тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттердің жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз және күрделі процесс.
Бүгінгі таңда құлықтық тәрбие мәселелері педагогикалық процестің әр қырынан зерттелуде. Мәселен: ТМД ғалымдары Е. Е. Ақолжанованың, Н. Ф. Бугаеваның, А. Сизыйдың еңбектерінде құлықтық тәрбиені қалыптастыру мәселелері қарастырылады.
Қазақстан Республикасында құлықтық тәрбие мәселелері көптеген ғалымдар мектебінің зерттеу объектісі болып отыр. Атап айтсақ, Ж. Сидырменованың, Р. М, Қоянбаевтың, Р. К. Төлеубекованың, С. Әбділдиннің, А. Аманжоловтың, Г. А. Умановтың, Қ. Жарықбаевтың, С. Қалиевтің еңбектерінде қарастырылып келеді.
Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз және күрделі процесс. Мұнда балаға табиғатынан берілген тума қасиеттері, қоғамды саяси-әлеуметтік жағдай, іс -әрекет пен қарым-қатынас сияқты негізгі күштердің өзара ұтымды байланысы және сәйкестілігі саналы көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере отырып, төмендегі міндеттерді жүзеге асыру көзделді.
- Құлықтық тәрбие арқылы жас жеткіншектің ұлттық сана сезімін, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыру.
- Балалар мен жастардың білімге ғылымға деген ықыласын арттыруда олардың ақыл-ойы қабілетін диалектикалық дүниетанымын қалыптастыруда, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауда құлықтық тәрбиесін дамыту.
Бастауыш мектеп педагогикасында тұңғыш рет қазақ тілінде педагогикалық сөздік жасаған педагог Р. М. Қоянбаев.
“Құлық тәрбиесі - адамгершілікті тәрбиелеудің құрамды бөлігі. Мұның міндеті моральдық межелер мен талаптарды қоғамның әрбір мүшесінің игілігі ету: оларды терең құлықтық сенімдеріне, жоғары құлықтық қылықтарына және шын мінез-құлқына айналдыру. Құлық тәрбиесінің шеңберінде тұлғаның құлықтық санасы, оның қоғамдық борышқа өз міндеттеріне қатынасы қалыптасады” - дейді қысқаша педагогикалық сөздігінде.
Құлықтық тәрбие беру арқылы жас жеткіншектердің бойында құлықтық сананы, құлықтық құндылықтар мен құлықтық сезімдерді қалыптастыруға болады.
Енді осы айтылған терминдерге жеке-жеке тоқталайық:
Құлықтық сана - адамдардың көзқарастарында және елестетулерінде шындықты, қоғамдық болмысты бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі. Өзінде құлықтық іс-әрекетті, құлықтық қатынастарды бейнелейді және белгілейді. Ал бұлар құралудан бұрын адамдар санасынан өтеді.
Құлықтық сана құрамына мұраттар, моральдық межелер, құлықтық құндылықтар, моральдық сылтаулықтар, бағалаулар енеді.
Құлықтық құндылықтар - әлеуметтік құбылыстарды, адам әрекеттері мен мінез- құлықтарын, олардың моральдық жағынан қарағандағы жақсылық пен зұлымдық жөніндегі түсініктеріне бағалауға мүмкіндік беретін адамның мінез-құлқындағы бағдарлары.
Құлықтықтық қатынастар шеңберінде адамдар қылығының моральдық маңызы болатын себебі олар қоғамдық өмірге, қоғамдық құлықтың негізіне оң не теріс әсер етеді. Моральдық санада құлықтық құндылықтар адам басшылыққа ала отырып, лайықты әрекет жасайтын моральдық мұраттар, принциптер, межелер ретінде көрініс береді. Қайырымдылық пен зұлымдық жөніндегі құлықтық талаптар мен түсініктерге сәйкес келетіндігі ретінде бұл әрекеттерге қоғам баға береді. Бұл жағдайда адам қоғам алдында өзнің моральдық қалауы үшін жауап береді.
Құлықтық құндылықтар мұғалімнің, оқушылардың көзқарастары арқылы өтіп, құлықтық санасында қатысу мен мінез құлықтың жеке қабылданған межелерінде бекіп, олардың бүкіл іс-әрекеттерінің өн бойын алып жатады.
Құлықтық сезімдер - тұлғаның рухани құлықтық өмірінің көңіл күйді сезіну жағы. Адам іс-әрекетінде маңызды орын алады.
Құлықтық сезімдерге - намыс, ар -ұят, абырой, мақтаныш, махаббат, өшпенділік, жек көру, қызғаныш, менмендік, өзімшілдік, атаққұмарлық және т. б. жатады. Құлықтық сезім адамның түрлі жағдайларға өзіндік тұрғыда жауап беруі.
Өзінің әлеуметтік мазмұны жағынан олар қоғамдық болмысқа, өмірінің түрлі жағына субъективтік қатынас болып табылады. Мысалы, басқа адамға, өзінің өзіне, жеке қоғамдық өмір құбылыстарына, толық алғанда қоғамға тағы. с. с. қатынасы. Құлықтық сезімнің әлеуметтік сипаты болады, олардың көбі адамның моральдық бейнесін сипаттайтын, оның салаларына сәйкес келетін құлықтық санамен бағаланады. Моральдық сезімдер түйсіктер, қабылдау, елестетулер, ойлар сияқты танымдық барыстардан туындайды және адамның түрлі іс-әрекетімен тығыз байланысты.
Құлықтық сезімдер адамның бүкіл өмірлік іс-әрекетінің барлық түрлеріне ықпал жасайды, оның әлеуметтік, танымдық және басқа белсенділіктеріне қуаттандырады, тұлға оянуын күшейтеді.
Құлық тәрбиесі дегеніміз - шәкірттердің саналы тәртібі, байыпты мінезі туралы түсінігін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.
Құлықтық тәрбиесі - адамгершілікті тәрбиелеудің бөлігі.
Мұның міндетті моральдық межелер мен талаптарды қоғамның әрбір мүшесінің игілігі ету: оларды терең құлықтық сенімдеріне, жоғары құлықтық құлықтарына және шын мінез-құлқына айналдыру. Құлық тәрбиесінің шеңберінде тұлғаның құлықтылық санасы оның қоғамдық борышқа, өз міндеттеріне қатысты қалыптасады. Құлықтық тәрбие әсемдікке көзқарас қалыптастыруда әлеуметтік тәрбие институттарының тәжірибелік жұмыстарын қамтиды. Құлық тәрбиесінде тәрбиешінің беделінің үлкен мәні бар. Тәрбиешінің өзінің тәрбиелі болуы құлық тәрбиесіндегі, өзекті мәселе.
Жас ұрпақтың құлық тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мнез ерекшеліктерінің алатын орны зор. Ұлттық қадір - қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отыр.
Тәртіп пен мінез ерекшеліктері өзгеріп отырады. Олар халқымыздың өмір сүру жағдайына әлеуметтік экономикалық және географиялық ортасының шарттарына байланысты қалыптасады.
Ұлттық мінез-құлықты халықтың бай тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан әдетінің, жалпы немесе ерекше қасиеттерінің бірлігі деп ұғамыз.
Қазақ халқының мінез-құлқында орын алған өзара көмектесу, әсіресе басқа түскен қуаныш пен қайғыда бір-біріне көмектесу, баға жетпес моральдық сүйемелдеу кезінде байқалады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету өшпес дәстүрге айналған.
Құлық тәрбиесінің міндеттері:
- Оқушыларды қоғамның моральдық нормасын орындауда қалыптастыру;
- Оқушыларды тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру;
- Балалардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың бірлігін қамтамасыз ету;
- Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке балалардың жауапкершілігін сезімін тәрбиелеу;
Бұл міндеттерді жүзеге асыру; біріншіден, тәрбие процесінің объективті және субъективті жақтарының бірлігіне, яғни оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптарға - бұл объективті жағына: ал, жеке адамның қоғамдық норманы меңгеруі - бұл тәртіп пен мінез - құлық тәрбиесінің субъективті жағына байланысты: екіншіден, тәрбие шараларының мазмұнына, идеялық деңгейіне байланысты.
Құлық тәрбиесінің мазмұны, оған қойылатын талаптар тәрбие бағдарламасында көрсетілген. Осы бағдарламаға сәйкес мектептің, класс жетекшілерінің, қоғамдық балалар ұйымдарының іс-жоспарларында оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаты, мазмұны, формасы анықталады, іс-жүзіне асырылады.
Құлық тәрбиесі балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілді. Бастауыш кластарда оқушылардың тәртіп, құлық, достық, жолдастық және Отан туралы ұғымы қалыптасады, ата-аналарын, үлкен адамдарды құрметтеуді үйренеді, еңбекке сүйсініп қарайды, ізеттілік сақтайды.
Әр түрлі іс-әрекеттерінің барысында бастауыш класс оқушылары, тәртіпке, жолдастық өзара көмек беруге, өзара түсінуге дағдыланады. Олар оқу еңбегіне өзінің қатынасын, мектептегі үйдегі және қоғамдық орындарындағы өзінің мінез-құлқының қандай болу керектігін біледі.
Сонымен, оқу және тәрбие барысында бастауыш класс оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлық туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны баийды.
Орта мектеп жасындағы балалардың ішкі дүниеснде, сыртқы дүниеге көзқарасында, үлкендер арасындағы өз орнын түсінуінде елеулі өзгерістер болып отырады. Бұл өзгерістер оқушылардың ғылым негіздерін оқып білуіне және ой-өрісінің дамуына, байқағыштығына, мектепте әр түрлі тапсырмаларын орындауларына байланысты.
Демек, қорытып айтқанда, әдет баланың тәртібінің, мінез-құлқының тәрбиелк өлшеміне айналуы керек.
Тәртіп мойындау мен еркіндіктің диалектикалық бірлігін көрсетеді.
Тұрмыстың әдеттегі формаларында бекіген тәртіп ережелері қылықты еркін тыңдап алуға, адамның еңбек, оқу, бос уақыт тәртібін сақтауына іштей даярлығын анықтайды.
Тәртіптілік, болымды қылық және мінез негізінде адамның тұлғалық мәнінің еркін дамуы, өз тәртібін қоғамдық мүддеге бағындыра білуі, мақсатты жүзеге асыру жолында қиындықтарды жеңе білуі жатады.
Адам тәртібінің ішкі өлшемі қазіргі кезде оның тек жеке еңбегінде ғана емес, ұжымның, тұтасынан алғанда, қоғамның іс-әрекетінде елеулі ықпал жасайды. Былай қарағанда, бір жағынан, белгіленген моралъдық шамалар мен ережелерді мұқият сақтау, екінші жағынан, ертеден қалыптасқан іс-әрекет түрлерінен бас тарту, үйреншікті ырғақты бұзатын ұшқыр ой-қарама-қайшылық, саналы тәртіптің диалектикасы. Бұл жаңалыққа, бастамаға, жасампаздыққа, адамның тұлғалық мәнінің еркін және жан-жақты дамуына кең жол ашады. Бойында мұндай қасиеті бар адам өз өмірінің кез келген шеңберінде және іс-әрекетінде жалпыға бірдей қабылданған тәртіп шараларын орындауды рухани қажет тұтады.
Ал оны бұзған уақытында, тіпті еріксіз болғанда да, ұялады, кінәсін сезінеді, өз қатесін жөндеуге ұмтылады.
Сонымен құлық тәрбиесін тәрбиеніің басқа түрлерімен қабыстыру тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуына шешуші үлес қосады.
Құлықтық тәрбиенің ең жоғарғы түрі - бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, интернационалдық қасиетті қастерлеу.
Ал бұл пікірде халықтың асыл ойының түйіні мақал-мәтелден өзекті орын алған. ” Отан от басынан басталады”, ”Атаңның баласы болма, адамның баласы бол” т. б.
Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушыларының бізге қалдырған еңбектерінен қазіргі кезде қоғамымызды толғандырып отырған жалпы адамзаттық мұраттар мәселесіне жауап табамыз.
Мысалы, ұлы Абайдың ”Әсемпаз болма әрнеге”, “Ғылым таппай мақтанба”, “Сегіз аяқ” т. б. адамгершілік, сырға толы өлеңдері мен поэмалары, қара сөздері.
Шәкәрім Құдайбердиевтің “Жастарға”, “Анық пен танық”, “Талаппен ақыл“, “Насихат”, “Адамшылық“ т. б. өлеңдері, дастандары мен қара сөздері. Ахмет Байтұрсыновтың “Анама хат”, “Қазақ салты”, “Адамдық диқаншысы”, “Тарту”, сондай-ақ Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін”, “Бесік жыры”, “Жан сөзі” т. б. өлеңдері мен қара сөздері, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов сынды алып ақындарымыздың дана ойлары мен өсиеттері бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің бай қазынасы болмақ.
Халық бала тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асырып келді. Оған айқын айғақ, елінің бостандығы мен ар намысы үшін құрбан болған Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, Жақыпбек Майкөтов, т. б. азамат соғысының ардагер батырлары мен кешегі ұлы Отан соғысындағы Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Н. Әбдіров, М. Мәметова, Ә. Молдағұлова сияқты мыңдаған қазақтың батыр ұл-қыздарының ерлік істері айғақ бола алады. Міне, қиын-қыстау кезеңде оларды алға ұмтылдырған күштің қайнар көзі - алтын бесігінен жастайынан алған тәрбиесінде, бойына ана тілі, туған елінің асыл қазынасы ауыз әдебиеті арқылы сіңген батырлық, өжеттік, Отан сүйгіштік қасиеттерде еді. Осы пікірді тебірене сезініп, терең топшылаған халық: “Ерлік тәрбиеден туады” - деп текке айтпаған.
Адам бойына жақсы мінез - құлық қасиеттердің сіңісуі тәрбиеге, өскен ортаға да байланысты. Оқу-білім, тәлім-тәрбие мәселесіне байланысты “Тәрбиесін тапса адам болады, оқуын тапса білім қонар”, “Қарағайға қарап тал өсер, қатарына қарап бала өсер” деген мақалдың мағынасында үлкен мән жатыр.
Мәдениетті мінез-қулықтың ережелері алуан түрлі және әр қилы. Олардың бәрі де адамның күнделікті өз жайын және өзінің қамын ғана көздемей басқа адамдардың жайы, талғамы мен көңіл-күйі жайын да қам жеуі керек екенін ең алдымен есте тұту міндетін көздейді.
Балаларды жас кезінен-ақ жақсы әдет-ғұрыпқа дағдыландыру, оларды адамдарға жақсылық жасауға үйрету, үй тұрмысындағы жоғары мәдениетке деген сүйіспеншілік өте маңызды.
Мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жолдары өте көп: мысалы, мәдениетті болу тақырыбына өткізілетін түрлі әңгімелер, оқушылар конференциясы, пікір таластыру, көркем әдебие шығармаларынан үзінді, халық мақал-мәтелдері, өлеңдер, газет-журналдарға жарияланған және өмірден алынған қызықты фактілер т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz