Курсты оқыту әдістемесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … . . . 4

I-бөлім. Мектеп информатикасының базалық курсы . . . 6

1. 1. Информатика бағдарламасы . . . 6

1. 2. Тақырыптық үлгі жоспар . . . 7

1. 3. Курстың негізгі мақсаттары . . . 8

1. 4. Тәжірибелік зерттеу жұмысының нәтижесі . . . 10

Тұжырым . . . 19

II- бөлім. Курсты оқыту әдістемесі . . . 21

2. 1. Оқыту әдістемесі . . . 22

2. 2. Тест тапсырмалары . . . 91

2. 3. Бақылау сұрақтары . . . 91

Тұжырым . . . 95

Қорытынды . . . 96

Әдебиеттер . . . 98

Кіріспе

«Информатика» жалпы орта білім берудегі негізгі пәндердің бірі. Орта білім беру жүйесіндегі оның ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы, сондай-ақ оның әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Информатика пәнін ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытына сәйкес Информатика пәнінің оқу-әдістемелік құралдарына қойылатын талаптарды анықтауда жалпы оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптар басшылыққа алынады. Зеттеулерге сүйене отырып дайындалған материалдар жалпы білім беретін мектептерде сынақтан өтіп, сынақ нәтижесіндегі ескертулер мен ұсыныстар негізінде түзетіліп өңделеді. Информатика оқу-әдістемелік құралдарының құрамы мен құрылымына, мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды пәннің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып анықтау - осы пәнді оқытуды жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі деуге болады. Бұл бағыттағы мәселелерді зеттеуде жалпы мектеп оқулықтарына қойылатын талаптарға сүйене отырып, зерттеудің мақсат, міндеттері белгіленді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін ауыр міндет” деген болатын [18. Б. 9] . Қазіргі заманғы мұғалімнен тек өз пәнін терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық талап етілуде.

Зерттеудің көкейтестілігі : Информатика пәнін мектепте оқытудың әдістемесін дамыту, ақпараттық орта мен оқушының өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету.

Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған әдістеме ұсыну. Соған байланысты Информатиканың базалық курсы бойынша электронды оқу құралын жасақтау. Мұндай электронды оқу құралына күмәнсіз мұқтаждық бар, ал осы түрдегі оқулықтар тіпті жоқ немесе болса да мемлекеттік тілде емес, аударма жасау кезінде көптеген психология-педагогикалық факторлар ескерілмейді, оқытудың жергілікті, ұлттық ерекшеліктері есепке алынбайды. Сондықтан, зерттеу мақсаты - мектеп «Информатикасының» базалық курсын оқыту әдістемесін көрсету бойынша электрондық құрал жасақтау арқылы алған білімімді жүйелендіру деп есептеймін.

Зерттеу объектісі - мектеп информатикасының базалық курсы.

Зерттеу пәні - информатиканың базалық курсын оқыту әдістемесі.

Болжам жасау: Бұл әдістемелік құрал мектеп информатикасының базалық курсы бойынша материалды меңгеру және материалды беру көрнекілігі дәрежесін, танымдық белсенділікті көтеруге мүмкіндік береді, әдебиет, оқулықтарды іздеу шығынын азайтады, тәжірибелік тапсырмаларды шешу дағдысын меңгеру және алынған білімді уақытында тексеріп отыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу әдістерін анықтау : оқушылардың информатика курсы бойынша білімін зерттеу, мұғалім жұмысын бақылау, сауалнама, проблемалық әдіс.

Зерттеу көздері : Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 8- сыныпқа арналған «Информатика» курсының бағдарламасы

Дипломның құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және жұмыстың компакт дискіге жазылған электрондық құралынан тұрады тұрады.

Мектеп информатикасының базалық курсы

1. 1. Информатика бағдарламасы.

Информатика бағдарламасы

(34 сағат, аптасына 1 сағат)

  • Ақпарат. Ақпараттық процесс. Ақпараттың қасиеттері. Ақпарат мөлшері. Ақпаратты кодтау. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат және оны басқару. Информатика ғылым ретінде. Тірі табиғаттағы, техникадағы, қоғамдағы ақпараттық процестер.
  • Компьютер. Компьютердің арифметикалық негіздері. Компьютерде пайдалынылатын санау жүйелірінің типтері. Санаужүйелері: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық. Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару.
  • Компьютердің логикалық негіздері. Элементар логикалық операциялар. Ақиқаттық кестесін құру. Компьютердің логикалық элементтері және функциялары.
  • Дербес пайдаланылатын компьютердің техникалық сипаттамаларының орындайтын міндеттерімен өзара байланысы.
  • Компьютердің құрылымдық ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі. Программалық басқару принципі.
  • Компьютердің қолданбалы программалық етілуі туралы түсінік. Қолданбалы программалық қамтамасыз ету түрлері.
  • Операциялық жүйе. Дербес пайдаланылатын компьютердің операциялық жүйелерінің түрлері. Сервистік қабықшалар. Операциялық жүйе жұмысы. Ақпаратты қорғау. Антивирустық бағдарламалар. Ақпаратты сығу. Архивтеу бағдарламалары.
  • Графикалық ақпаратты өңдеу. Графикалық деректерді бейнелеу әдістері. Графикалық обьектілерге амалдар қолдану. Түстер мен палитра. Графикалық редакторлар.
  • Компьютерде мәтіндік ақпаратты өңдеу. Мәтіндік ақпаратты өңдеу технолоиясы: құру, өңдеу, сақтау, оқу, қорытынды. Кестелермен жұмыс істеу. Мәтіндік құжатқа графикалық обьектілер енгізу. Мәтіндік редакторлар. Гипермәтін ұғымы.
  • Компьютерде сандық ақпараттың кескінделуі. Деректерді кескіндеудің кестелік түрі. Электрондық кестелер кітабы, электрондық кестелердің жұмыстық парақтары туралы ұғым, оқу, жазу, формулаларды пайдалану, диаграммалар құру.
  • Компьютердің жадында кестелік түріндегі үлкен көлемді ақпарат сақтау және өңдеу. Дерек базасы. Дерек базасының құрылымы. Дерек базаларын басқару жүйесі. Дерек базаларын толтыру, ақпаратты берілген үлгі бойынша сұрыптау және іздестіру.

1. 2. Тақырыптық үлгі жоспар

8- сынып

Информатиканың базалық курсы

Аптасына бір сағат. Барлығы 34 сағат.

Тақырып
Сағат
№:
Тақырып: Қауіпсіздік техникасы. ЕТ кабинетінде жұмыс істеу ережелері
Сағат: 1
№:
Тақырып: Ақпарат. Ақпараттық процесс. Ақпараттың қасиеттері. Ақпарат мөлшері. Ақпаратты кодтау. Санау жүйелері. Сандарды санау жүйесінен басқа жүйесіне аудару. Екілік сандарға амалдар қолдану
Сағат: 3
№:
Тақырып:

Логика. Логика пән ретінде. Формальды, математикалық логика.

Логикалық операциялар. Ақиқаттық кестелер. Орындау кестелері. Компьютердің логикалық негіздері.

Сағат: 3
№:
Тақырып: ЭЕМ-де деректерді кескіндеу түрлері. ЭЕМ-нің техникалық сипаттамалары мен ондағы орындалатын міндеттердің өзара байланысы. ЭЕМ-нің буындары және элементтік базасы.
Сағат: 2
№:
Тақырып: Операциялық жүйе. Операциялық жүйе түрлері. Операциялық жүйе ядросы. Қапшық, файл, дискілермен жұмыс істеудің негізгі командалары. Қолданбалы программалар
Сағат: 3
№:
Тақырып: Windows қосымшалары. Графикалық және мәтіндік редакторлар.
Сағат: 10
№:
Тақырып: Электрондық кестелер. Электрондық кестелердегі деректерді өңдеу. Кесте құрудың және толтырудың құрылымы
Сағат: 8
№:
Тақырып: Деректер базасы және деректер базасын басқару жүйелері. Іздестіру операциялары. Деректер базасын құру және өңдеу
Сағат: 4
№:
Тақырып: Барлығы:
Сағат: 34

1. 3. Курстың негізгі мақсаттары

8- сыныпқа арналған информатика бағдарламасының мазмұны оқушылардың оқу-танымдық қызметінде компьютерлік техниканы еркін пайдалану дағдысын қалыптастыруға қажет материалдарды қамтиды және ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану жағдайындағы оқуға даярлайды. Курстың мақсатына оқушылардың ойында ақпарат үғымы мен оның өңдеу тәсілдері туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың компьютердің мүмкіндіктері туралы көзқарастарын қалыптастыру, күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды қолдануға қызығушылығын туғызу, мәтіндік және графикалық редактормен жұмыс жасау дағдыларын, компьютерді аспап ретінде еркін игеру кіреді.

8-сыныптың информатика курсының негізгі мақсатын төмендегіше анықтауға болады:

1. Информатиканың негізгі ұғымдары, есептері және оның қоғам өміріндегі орны туралы мұғалім әңгімесі;

2. Есептеуіш техника кабинетімен, дербес ЭЕМ-мен, оның құрылымы және жеке құрылғыларының қызметімен танысу, қауіпсіздік техникасы бойынша инструктаж;

3. Дербес ЭЕМ-де жұмыс істеудің бастапқы тәжірибесін қалыптастыру.

4. Компьютер құрылғылары, олардың жұмыс принциптерімен танысу;

Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс кезінде оқушыларды зерделі көзқарасқа тәрбиелеу және олардың жұмысты дұрыс әрі қауіпсіз орындауы үшін қауіпсіздік техникасының ережелері оқытылады. Оқушылар осы оқу процесі барысында есептеу техникасын қолдану алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайындағы әрекеттер ережелерімен, электр тогымен зақымданғанда алғашқы медециналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда көз талғанда, дем алу үшін орындалатын жаттығулармен танысады.

Есептеуіш техника кабинеттегі инструктажды жүргізудің мақсаты оқушыларды жұмыс орнын дұрыс орналастыруға, оны күтуге қойылатын талаптармен таныстыру, қосымша құралдармен, жұмысты қауіпсіз ұйымдастыру әдістерімен таныстыру. Сонымен қатар әрбір жұмыс орнында жұмыс істеушілер міндеттерімен, қауіпті жағдайларымен және ондай жағдайлардағы іс-әрекеттермен таныстыру.

Информатика ғылымы ақпарат жинаудың, оны берудің, өңдеудің заңдары мен әдістерін зерттейді. Сондықтан оның дамуы мен қолданылуы электрондық есептеуіш машиналарға байланысты. ЭЕМ-ді пайдалану үшін оның жұмысының программасын бере білу, яғни қойылған есепті шешу үшін ЭЕМ қандай әркеттерді және қай ретпен орындау керектігін көрсете білу керек. ЭЕМ-ге арналған прорамманың негізінде алгоритм алынады, ол арнаулы алгоритмдік тілде жазылған қатал ережелер жиынтығы және ол есептің шартына сай қажетті мақсатқа жету үшін не істеу керектігін көрсетеді [5. Б. 12] . .

Графикалық редакторды оқыту мақсаты:

- компьютерді пайдалану тәсіліне - сурет салуға, әртүрлі сызуға оқушыны тәжірибелік дайындау, тиянақты жұмыс істеу тәртібін қалыптастыру;

- суретті компьютерлік өңдеудің тиімділігі жөнінде түсінік қалыптастыру;

- суретті жоғары деңгейде салуға өзінің іс-әрекетін ойша реттей білу, яғни алгоритмдей білу іс-әрекетін қалыптастыру;

- суретті түрлендіру үшін әртүрлі бұйрықтарды қолдана білуге үйрету;

- салынған суретті дискіге жазу, фрагментін өшіру, т. б. әрекеттерді орындауға үйрету.

WordPad мәтіндік редакторын оқыту мақсаттарына мыналар жатады:

-Оқушыларды ЭЕМ-ді пайдаланудың қарапайым әдісі - мәтінмен жұмыс істеуді орындауға дайындау, тиянақты жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;

-Мәтіндерді компьютерлік өңдеудің артықшылықтары жайлы болжам қалыптастыру;

-Мәтінмен жұмыс жасау барысында өзінің әрекетін ойша реттеу ісін, яғни алгоритмдеуін қалыптастыру;

1. 4. Тәжірибелік зерттеу жұмысының нәтижесі.

Қазіргі кезде оқушының оқу әрекетінің жемісті, нәтижелі болуына, танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс - тәсілдері мен нысандарын іздестіру аса маңызды міндет.

Белсендірудің қандай да бір тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушылар ғана тапсыра алады. Оқушыға оның таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.

Ж. Қараевтың «Танымдық белсенділік деңгейлері» атты кітабында жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігі дамуының деңгейлері анықталған [19. Б. 17] . Оны тағайындау үшін мынадай көрсеткіштер пайдаланылған: танымдық ұмтылыс, ынталығы, білім деңгейі, дербестігі, ізденімпаздығы, шығармашылығы.

Танымдық белсенділігі төмен оқушылар - білімдерінің төмен екендігін көрсетеді: игерілетін материалдың негізгі мәнін ашып бере алмайды; логикалық байланысты таба алмайды, танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындай алмайды, мұғалімнің көмегін қажет етеді, өздігінен жұмыс істеуді қажетсінбейді (тақтадан, сыныптасынан көшіреді), танымдық істің қандай да бір түріне қабілетінің болмау, тапсырманы үлгі бойынша баяу орындайды. Танып - білуде белсенділік танытпайды, қиыншылықты жеңу ниеті төмен.

Оқу - танымдық белсенділіктің орта деңгейі қалыптасқан оқушылар -білімдерді игергендігін көрсетеді, қорытындылауға қабілеті бар. Танымдық іс - әрекет тәсілдерін қолданады. Үлгі бойынша және біраз қиындығы бар тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындай алады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындауда олар едәуір күш жұмсайды және үнемі көмек қажет етеді.

Қалыптасудың жоғары деңгейіне ие оқушылар өз білімін тәжірибеде қолданады. Қалыптасқан белсенді танымдық ұмтылыстың болуы, құбылыстың маңыздылығына қызығушылық танытады. Тапсырмаларды шешудің жолдарын болжап. дербес орындайды, білімін шығармашылық тұрғыда қолданады, кейде мұғалімнің көмегін қажет етеді, белсенді іс - әрекет дербестігі сақталады, өз әрекеттерін бақылап, өздігінен бағалайды. Бұндай оқушылар олимпиадаларға, әр түрлі білім сайыстарына қатысады, сабақтарда баяндама, реферат жазып, зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, танымдық белсенділік - адамның өз бетінше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден, танымға деген тұрақты құлшынысынан көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады. Сондықтан мен дипломдық жұмысты жазуда информатиканың 8-сыныпқа арналған курсын оқытуда оқушылардың танымдық белсенділігін, яғни өз бетіндік жұмыстарды орындау белсенділігін арттыру мақсатын қойдық.

Біздің тәжірибелік зерттеу жұмысымыз Ақтау қаласының №20 орта мектебінде, 8а және 8г сыныптарында жүргізілді.

Тәжірибе барысында оқушылардың оқу үрдісіндегі информатиканың базалық курсы бойынша танымдық белсенділігін, әрекетін анықтау мақсатында әдіс - тәсілдер қолданылды (үлгерім тексеру, бақылау, өзіндік бақылау, әңгімелесу, сауалнама алу) .

8-сынып оқушыларының информатикадан өзіндік жұмыс істеу белсенділігі 1- кестеде көрсетілді .

1 кесте - Сауалнама жауаптары

Оқушылардың

жауаптары

Бақылау

сыныптары

8а (22)
8г (25)
Оқушылардыңжауаптары: 1. Өз бетінше білім ала аламын және белсенді әдістерін білемін
Бақылаусыныптары: 25%
28%
Оқушылардыңжауаптары: 2. Өз бетіндік жұмыс кезінде оқу әдебиеттерін пайдаланамын
Бақылаусыныптары: 21%
27%
Оқушылардыңжауаптары: 3. Ғылыми әдебиеттерді пайдаланамын
Бақылаусыныптары: 5%
7%
Оқушылардыңжауаптары: 4. Мерзімді баспасөзбен жұмыс жасаймын
Бақылаусыныптары: 30%
32%
Оқушылардыңжауаптары: 5. Интернетті пайдаланамын
Бақылаусыныптары: 3%
5%

Мектептегі 8- сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижелерін талдай отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білмеуі және оқу материалын талдау, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білмеуі байқалды. Алынған мәліметтерді талдай отырып, оқушылардың танымдық білігі, өзіндік білім алуы төмен дәрежеде екенін көрдік .

Сауалнаманың сұрақтары:

  1. Информатика пәнін оқуға қызығушылығыңыз, танып білу ынтаңыз бар ма?
  2. Өз ойыңызды, пікіріңізді дәлелдей аласыз ба?
  3. Өз біліміңізді әр түрлі тапсырмаларды орындауда үнемі қолданасыз ба?
  4. Негізгіні бөліп көрсете аласыз ба?
  5. Қорытындылап, жалпылай білесіз бе?
  6. Тапсырманы үнемі өз бетінше орындайсыз ба?
  7. Қандай тапсырманы орындауда қиналасыз?үлгі қиындығы бар.

8. Өзіндік жұмыс істеуді қажетсінесіз бе?

Орта мектепте жоғары 8-сынып оқушыларымен жүргізілген зерттеулеріміздің қорытындысы мынадай болды:

  • Оқуға қызығушылығы төмен - 56%
  • өз ойын, пікірін дәлелдеу білігі қалыптаспаған - 43%
  • өз білімін іс жүзінде қолдана алмайды - 40%
  • негізгіні бөліп көрсете алмайды - 30%
  • қарапайым жалпылауды білмейді - 51%
  • күрделі емес тақырыпты өз бетінше орындай алмайды - 55%
  • өзіндік жұмысқа мән бермейді - 38%

Тәжірибе барысында 8-сынып оқушыларының арасында сауалнама,

пікір алысу ұйымдастырылды.

Оқушылардың 41, 2% өздерінің өзіндік жұмыстарды орындауда қиналатындықтарын айтса, 25, 3 %- «жоқ» десе, 35 % « әр кезде әрқалай» деген жауаппен шектелді.

Көптеген оқушылар өзіндік жұмысқа мән бермейді. 38 % - і өзіндік жұмысты мүлдем жоспарламайды, 32 % - і жоспар құрғанмен оны орындамай тастайды.

Оқушы өз тарапынан таным әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесін бағаламаса жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын. Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, оқушы өз білім деңгейіне, біліктері мен дағдыларына сын көзбен қарап, бақылау жасау, оның білімді сапалы меңгеруіне септігін тигізеді.

8а және 8г сыныптары оқушыларының танымдық білігі, өзіндік жұмыстарды орындау белсенділігін осылайша зерттей келе төмендегіні байқауға болады (2 сурет)

2 сурет- оқушылардың тәжірибелік зерттеуге дейінгі өзіндік жұмысты орындау белсенділігі нәтижесі

Дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына көмектесетін деңгейлік саралау технологиясы, яғни деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту [19. Б. 11] .

  • білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттері;
  • оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт;
  • білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте - бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасауы тиіс;
  • оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру;
  • оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті.

1 - деңгей - “міндетті, оқушылық”,

2 - деңгей - алгоритмдік,

3 - деңгей - шығармашылық.

Саралап - деңгейлеу:

-жаңа ұғыммен таныстыруда;

  • жаңа ұғымды игертуге арналған тапсырмалар жүйесінде;
  • өзіндік тапсырмаларда;
  • практикалық жұмыстарда;
  • қайталауда;

- білімді бекітуде;

  • білімді бақылап - бағалауда қолданылатын әмбебап педагогикалық жүйе.

Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат - оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету[6. Б. 12]

Модульдік оқытудың өзегі - оқу модулі. Оқу модулі ақпараттарының аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс - әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқыудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Аталған жаңа педагогикалық технологиялардан басқа келешегі мол ақпараттық - компьютерлік технологиялар, ойын - тренинг технологиялары, диалогтық, жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту технологияларын атап өтуге болады.

Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты - оқушының білім сапасын, өз бетінше ізденуін, белсенділігін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

Жаңа технология, дәстүрлі емес әдіс тәсілдердің маңызы жоғары, бірақ, қазіргі кезеңде орта мектептерде бүгінгі күні әлі де болса өз мәнін жоймаған, оқу үрдісінде пайдаланып жүрген, қазіргі қалыптасқан оқыту жағдайында жеке оқыту ( репетитор, тьюторлық, менторлық, отбасылық оқыту, өз бетімен білім алу, алыстан білім алу), ұжымдық сабақтар (шығармашылық сабақтар, семинарлар, мектеп лекциясы, конференция, олимпиада, экскурсия, іскерлік ойын т. б. ), жеке - ұжымдық жұмыстар арқылы (шығармашылық, пәндік және ғылыми апталықтар, жобалар, т. б, ), оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға болады.

Дәстүрлі оқыту әдістері арқылы бұл мақсатқа толық жету мүмкіндіктері аз болғандықтан, пәндерді оқыту әдісін дамыту керек. Сондықтан дипломалды тәжірибеде зерттеуге қатысқан 8а-сыныпқа өз әдістемемді пайдаланып сабақ жүргізуді жоспарладым. Алға қойған мақсатым- оқушыларға топтық, жекеше оқыту, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар ұсыну, көрнекіліктерді тақтада емес интерактивті тақтада көрсету арқылы өз әдістемемді ұсыну.

Осы мақсатқа байланысты тақырыпқа байланысты деңгейлік тапсырмалардан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс, деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы, шығармашылық жұмыс жоспарлары дайындалды. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі. Орта мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше.

Мысалы, сол сабақтарымның бірі ретінде оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамыту үшін Microsoft Word мәтіндік редакторын пайдаланып оқушыларға қазақтың ою-өрнектері туралы мағлұмат беретін сабақ жоспары ұсынылды

Сабақ тақырыбы: Мәтіндік редакторда сурет салу құралдар тақтасын пайдалану

Мақсаты: Рисования құралдар тақтасын пайдалану дағдысын қалыптастыру, қазақ ұлттық ою-өрнек өнері бойынша толық білім сапасын және іскерлігі мен қабілетін дамыту, эстетикалық, эмоционалдық, интелектуалдық тұрғыда әсер ету.

Курстың үш тарауы 8а сыныбында дипломдық жұмыста ұсынылған әдістемені пайдаланып өткізілді. Тоқсан аяғында осы үш тарау қорытындысы бойынша тәжірибелік зерттеу екі сыныпқа қайта жүргізілді.

Тәжірибе нәтижесі (3-сурет) :

3 сурет- оқушылардың тәжірибелік зерттеуден кейінгі өзіндік жұмысты орындау белсенділігі нәтижесі

Кестеден 8а сынып оқушыларының танымдық белсенділігінің нәтижесі зерттеуге дейінгі нәтижеден өскендігін байқауға болады.

8а сынып оқушыларының нәтижесін жеке қарасақ:

4 сурет- 8а сынып оқушыларының тәжірибелік зерттеуге дейінгі және кейінгі өзіндік жұмысты орындау белсенділігі нәтижесі.

Тәжірибелік зерттеу нәтижесін талдай келе мынадай қорытынды жасадым: орта мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесін жетілдіріп, оқыту үрдісіндегі әдіс - тәсілдерді арнайы ұйымдастыру, оқыту формасын жетілдіру (дәстүрлі емес, шығармашылық сипаттағы сабақтар, сабақтан тыс шаралар өткізу, сайыстар, диспут, шығармалар, танымдық тапсырмалар, жеке, ұжымдық оқыту формаларын қолдану және т. б) -оқу үрдісін жетілдірудің негізгі жолдары болып табылады. Осындай жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, дүниетанымын кеңейтеді, білім мен қабілетін шыңдауға мүмкіндік береді, алған білімдерін тәжірибеде еркін пайдалануға т. б. дағдыланады.

Тұжырым

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХИ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Интерактивті оқыту әдістерінің тиімділігі
Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы жаратылыстану пәндерінің мәселелері
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Компьютерлерді программалық қамсыздандыру курсын оқыту әдістемесі
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
Биологияны оқытуда элективті курстарды пайдалану
Математиканы оқытудың жалпы әдістеріне шолу
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz