Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмыс

Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

І тарау. Отбасы мен сынып жетекшісінің балаларды тәрбиелеудегі бірлескен жұмысының теориялық негіздері _ 6

1. 1. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны 6

1. 2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының міндеттері мен мазмұны 14

ІІ тарау. Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата-аналармен ынтымақтастық жолдары 22

2. 1. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері22

2. 2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен бала тәрбиесіндегі бірлескен тәжірибе жұмысы 36

Қорытынды 50

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 52

Кіріспе

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мектептік бағдарламасында негізгі міндеттердің бірі ретінде - оқушыларға қазақстандық патриотизмге, жоғары мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу көрсетілген. Осы міндеттерді орындау мектеп өміріндегі басты тұлға - мұғалімге. Соның ішінде сынып жетекшілеріне жүктеледі.

Мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол - сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалыссына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі.

Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.

Сынып жетекшісі әсіресе ата-аналармен бірлесіп атқаратын жұмыстарға көп мән береді.

1994 жылда БҰҰ Халықаралық отбасы жылы деп белгілеп әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге мән беруін көздеген еді. Осы шараның нәтижесі ретінде қазіргі күні Қазақстанда «Отбасы және демография», «Отбасы әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және бала денсаулығы» секілді ұйымдар қызмет етуде.

Баланың отбасынан қашықтан, оның ықпалынан сырт қалуының психикасына әсерін Т. В. Лодкина, А. Н. Захаров, В. С. Мухина т. б. атап көрсеткен. А. Н. Леонтьев, С. А. Козлова балаға отбасы жылулығының ықпалын атап өткен.

Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әл-Фараби еңбектерінде, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов т. б. мұраларында да елеулі орын алған. Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты Г. А. Уманов, К. А. Оразбекова, Ж. Қоянбаев т. б. еңбектері бар.

Отбасында бала тәрбиелеу күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Өкінішке орай, отбасы бала тәрбиесінде әлі де көптеген кемшіліктер бар.

Осыны ескере отырып дипломдық жұмыстың тақырыбын «Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысы» таңдап алдық.

Зерттеу нысаны - сынып жетекшісі мен ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалы.

Зерттеу пәні - сынып жетекшісі мен ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педегогикалық жағдайлары.

Зерттеу мақсаты - сынып жетекшісі мен ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық жағдайларын қарастыру.

Зерттеу міндеттері:

  • Отбасында ата-ананың тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету;
  • Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының міндеттері мен мазмұнын қарастыру;
  • Сынып жетекшісі мен ата-аналардың бала тәрбиесіндегі бірлескен жұмысының формалары мен әдістерін айқындау.

Зерттеудің теориялық негіздері: педагогика және психология ғылымындағы педагогикалық ұжым мен отбасының бірсесіп бала тәрбиесі жайлы ғылыми қағидалар.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Неке және отбасы туралы» заң, педагогика, психология ғылымындағы педагогикалық ұжым, отбасыға қатысты еңбектер. «Білім туралы» заң, тәрбие туралы тұжырымдама.

Зерттеу әдістері - педагогикалық және психологиялық еңбектерді талдау; бақылау, байқау; ата-аналар және ұстаздармен әңгіме, сұхбат.

І тарау. Отбасы мен сынып жетекшісінің балаларды тәрбиелеудегі бірлескен жұмысының теориялық негіздері

1. 1. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны

Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.

Балалардың күн ырғағы И. П. Павловтың іліміне негізделеді. Ол жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрсетті. Күн ырғағы баланы жинақтылыққа, тіл алғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн ырғағын жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн ырғағының негізгі элементтері - еңбек демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т. б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Күн ырғағын сақтау негізінде мидың үлкен жарты шарының қабында рефлекстер жүйесі (динамикалық стереотил) пайда болады. Мысалы: бала белгілі бір уақытта ұйықтауға үйренсе, оның ми қабатында тежелу процесі басым болады да тез ұйықтауға кіріседі. Сондықтан ата-аналар балалардың белгілі бір уақытта сабаққа дайындалуға, тұруға үйретулері, яғни ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс.

Сонымен, дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады, ал әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.

Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата-аналар түрлі еңбек іс-әрекеттеріне үйретулері қажет. Бала отбасы мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы қажет. Бала отбасы мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы зор қуаныш. Отбасының бала еңбегіне артық салмақ түсірмей, парасатты ұйымдастырғаны жөн. Үйге берілген оқу тапсырмаларын үнемі орындап отыруға бақылау жасау, көмектесу, балаларды өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету.

Балалардың бос уақыты - бұл шығармашылық елігу, қызығу дүниесі. Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильмдерге, спектакльдерге қатысады.

Көптеген отбасыларында ата-аналардың балаларымен бірігіп серуендеуі ізгі дәстүрге айналады. Егер ата-аналар қоршаған табиғат және өз өлкесінің көз тартарлық көрнекі орындары жөнінде әңгіме өткізсе, мұндай серуендердің танымдық маңызы зор болады.

Отбасылық тәрбиенің басты жағдайларының бірі - бұл ерлі- зайыптының өзара махаббатына, көзқарасының, мүдделерінің, сенімділіктерінің және ұжымдық іс-әрекеттерінің бірлігіне негізделген татулық. Мұндай ортада қиыншылықты жеңе білетін қабілетті, байсалды, ақжарқын адамдар өседі. Олар ұжымды жеке басының қамын ойламайды, басқа адамдар үшін де өмір сүре алады.

Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаевтардың пікірінше, оларға мына мәселелер жатады:

  1. Отбасының этикалық құрамы және құрамы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы;
  2. Тіршілік әрекетінің және орталық жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, селолық және қалалық отбасы;
  3. Отбасының мәдени потенцияллы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті; күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік дәстүрлік мерекелер;
  4. Ішкі отбасылық қатынастар отбасы микроклиматтарының сипаттамасы, үйелменде көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы;
  5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы;
  6. Отбасының тәрбиелік потенциялы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі (20, 194) .

Отбасының осы көрсетіліп отырған ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.

Отбасының өзіне тән ерекше функциялары бар. Олар: халық санының өсуі; адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік - шаруашылық функциясы, отбасының тәрбиелік функциясы отбасы мүшелерінің өзара және туған- туысқандарымен қарым- қатынас жасау функциясы.

Отбасылық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі - үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады.

Біріншіден: отбасында болатын өктемдік баланы өзін-өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жәй-күйі төмен болады.

Екіншіден: баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік, ата-аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп, еркіне жіберушілік өзімшілікке тәрбиелейді.

Үшіншіден: әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата-аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдаланып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.

Төртіншіден: ата-аналар балаларды еркімен қарым-қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.

Бесіншіден: егер әке мен ана өз баласының іс-әрекетіне немқұрайлы, жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.

Осымен бірге тәрбие процесінде жалған беделдерде кездеседі. А. С. Макаренко олардың бірнеше түрін көрсетті: «Басу беделі», «Мейірімділік беделі», «Сатып алу беделі», «Тақуалық беделі» т. б.

Отбасы тәрбиесінде халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірбиесін, ұлттық ерекшелігін есепке алу өте қажет. Отбасына қатысы бар адамдардың әлеуметтік орны біздің халықта өте терең жіктелген. Мысалы, ата мен әже, әке мен шеше, аға мен апа, іні мен қарындас, немере, шөпшек, жиен, жиеншар, құда мен құдағи, құда бала мен құдаша, қайын мен қайынсіңілі, жезде, бажа, т. б. жеті ата мен одан тарайтын шаңырақтар ру, жүз, т. с. с.

Адамдардың ара-қатынасын белгілейтін ұғымдар сырына терең үңілсек, адамгершілікті адамның тұлғалық жан дүниесінен орыналатын рухани байлықты байқауға болады. Адамның өмір салтын құрайтын іс-әрекет пен тұрғысынан қарасақ, біздің халықта бұл мәдениет әр адамның әлеуметтік орнына қарай қалыптасқан қарым-қатынастың іс-әрекеттік байлығы адам тұлғасының орынды сапалық қасиеттерінің қайнар көзі болып табылады. Отбасында, мектепте бұл қатынастар тәрбиенің пәрменді құралына айналуы қажет.

Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын ата-әже іс-әрекетінің төңірегіне шоғырланған. Себебі, отбасында әке мен шеше негізгі еңбек иелері, отбасы қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесінде даналық ақыл-ойдың, орынды дүниетанымының, талғамның, денсаулық бағбанының, орынды тәртіп пен мінез-құлықтың мектебі болып табылады.

Қорыта айтқанда, күнделікті ертемен маңдайынан иіскемеген, әже бауырының ыстығын сезбей өскен бөбектің рухани жан дүниесіне нұсқан келе береді.

Өскелең жас ұрпақ қазақ шаңырағының берік болғандығын өмірінің арқауы еткені, аға ұрпақ дәстүрінен аттамаған жөн.

Отбасы - туысқандық байланыста болатын (күйеуі, әйелі, ата-анасы, әкесі, т. б. ), бірлесіп, әлеуметтік тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Онда мынадай функциялар жүзеге асырылады. Репродуктивтік, яғни балалардың тууы, шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеушілік, адамгершілік-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету; отбасыішілік қарым-қатынасты ұйымдастыру; бос уақытты тиімді ұйымдастыру.

Отбасы - қоғамның алғашқы ұяларының бірі. Отбасында баланың айналасын қоршаған дүние жайлы алғашқы түсінігі, көзқарасы, сезімі, әдет- дағдылары бой көрсетіп қалыптасады.

Баланың дұрыс өсуіне қажетті жағдайлар жасау, оның орта білім алуына, мамандық, кәсіп таңдауына көмектесу, еңбекке дағдыландыру, қоғам мен өз мүлкіне ұқыпты қарауға үйрету ата-ананың басты борышы.

Баланы бүгінгі өмір талабына сай азамат етіп өсіру үшін оған жас кезінен дұрыс тәрбие қажет. Ата-ана өз баласының неге қызығатының, нені жақсы көретінін, неден қорқатынын, қандай іс-әрекеттерге ынта-ықыласы барын, қандай іске бейім екенін біліп отыруға тиіс.

«Ел болу үшін бесігіңді түзе» деген ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар: білімді, парасатты, ұл-қыз, немере тәрбиелеу бәріміздің ұлы парызымыз.

«Неке және отбасы» туралы Заңда ата-аналардың балалары алдындағы міндеттері айқын көрсетілген. Мысалы, 62-бапта мыналар көрсетілген.

  • ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті;
  • ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті;
  • ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар;
  • бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.

Міне осы заң арқылы қоғам ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттырып отыр.

Ата-аналардың бала тәрбиесіне қатынасы әртүрлі болатыны белгілі. Зерттеу барысында ата-аналардың бала тәрбиесіндегі білім-іскерліктерінің қалыптасуының мынандай өлшемдері (критерийлері) анықталды: ата-аналардың балалары, мектеп, қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара байланысы, бала тәрбиесі туралы білімді меңгеру; ондағы ата-аналардың мінез-құлқы бала тәрбиесін жақсартуға бағытталған іс-әрекеттер; балаларды тәрбиелеудегі белсенділік, ынталылық және дербестік; бала тәрбиесінде жауапкершілік қарым-қатынасын көрсету; отбасындағы тәрбиеге қызығушылық; отбасы тәрбиесіндегі іскерліктері мен дағдылары; бала тәрбиесінің қажеттігін және маңызын түсінуі.

Осы аталған өлшемдер негізінде ата-аналардың бала тәрбиесіндегі білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының үш деңгейі белгіленді:

Жоғары деңгейі. Бала тәрбиесінде сапалы қолданылатын, терең педагогикалық білімі бар ата-аналар жатқызылады. Оларда мінез-құлық пен іс-әрекеттің балаларына дұрыс тәрбие берудегі бағыттылығы айқын көрінеді. Отбасындағы тәрбиеге оң қарым-қатынаста болады, оған деген жоғары саналылығымен ерекшеленеді.

Педагогикалық іскерлігі мен дағдылары мол болады, бала тәрбиесі жұмыстарына белсенді қатысады, өз бетімен білімін көтереді, көп оқиды, мұғалімдердің белсенді көмекшілері, бала тәрбиесіндегі белсенділігі, дербестік көрсетіп, оған қызығушылық танытады.

Орташа деңгей. Ата-аналардың бала тәрбиесіне байланысты білімі үстірт, жеткіліксіз, нашар ұғынады және бар педагогикалық білімін отбасы тәрбиесінде сирек қолданылады. Отбасындағы бала тәрбиесіне қызығушылығы тұрақсыз, жағдайлық, сезімдік қарым-қатынасын жасайды, баланың дұрыс дамуына, қалыптасуына жол береді. Жалпы алғанда бала тәрбиесіне байланысты іскерліктері мен дағдысы қалыптасқан, бірақ қолдануда ыждағаттылық танытпайды.

Төменгі деңгей. Ата-аналардың бала тәрбиесіне байланысты білімдері жоқ, балаларын жан-жақты тәрбиелеуге талпынбайды, ол процесті жүргізуге қызығушылығы жоқ, бала тәрбиесіне байланысты іскерлігі мен дағдысы қалыптаспаған. Балаларына немқұрайды қарым-қатынасын жасайды, оларды дұрыс тәрбиелейді.

Біздің зерттеуімізде ата-аналарды бала тәрбиесіне байланысты білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының қалыптасу деңгейінің диагностикасы әрбір ата-ана туралы алғашқы деректер жинаудан басталды. Тәжірибелік жұмыс барысында бақылау, әңгімелесу, сауалдама жүргізу, ата-аналардың іс-әрекеттерінің нәтижесін зерттеу білу сияқты педагогикалық әдіс-тәсілдер қолданылды.

1. 2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының міндеттері мен мазмұны

В. А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Қазіргі мектепте жағдай көптен өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары, олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш - мұғалім - оқушы - ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым-қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым-қатынасты реттеп отыратын әкімшілік-бақару жүйе де ендігі жерде келмеске кетті.

Бүгінде мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекториясы мен университеттері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т. с. с.

Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді. Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасына кері әсерін тигізуде.

Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр.

Сондықтан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл-күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егер де тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.

Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата-аналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуге міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың отбасына бару
Отбасы тәрбиесінің негіздері.
Тәрбие отбасы өзегі
Бала тәрбиесі және отбасы
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі
Оқушылар тәрбиесінде халық педагогикасын қолдану
Балаға ата ана үлгі өнегесінің ролін анықтау
Отбасы тәрбиесінің мазмұны
Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны туралы
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz