Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Мектептегі құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері.
1.1.Құқық тәрбие берудің мақсаты,
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-19
1.2. Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері ... 20-32
ІІ тарау. Оқыту-тәрбие үрдісінде оқушыларға құқытық тәрбие берудің жолдары.
2.1. Оқыту үрдісінде құқықтық тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33-48
2.2. Тәрбие үрдісінде құқықтық тәрбие беру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49-57
2.3. Тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстың нәтижесі ... ... ... ... ... ..
58-62
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 63-65
Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..66-70
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71-85

Кіріспе
Бүгiнгi таңда жас мемлекетiмiздiң өркениетке жету жолындағы
әр талабына тұғыр боларлықтай бiлiм жүйесiн құру алда тұрған маңызды
мiндеттер сан алуан.
Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң жаңаша даму үрдiсiнiң iшiнде жас
ұрпаққа берiлетiн бiлiм мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесi ерекше
орын алады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы білім беру саласындағы
мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын,
міндеттерін және оны іске асыру тетіктерін айқындайды.Бүгін де адамзат
өркениетінің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мың жылдыққа қадам басқан
кезеңде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып, Қазақстандағы
демократияны, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы, азаматтық парыз, ар
тазалығын жандандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, біздің бас
міндеттеріміздің бірі қазақстандық отансүйгіштікті, адамның құқықтары мен
бостандықтарын құрмет ететін азаматын тәрбиелеу. Мұндай іс-шараның басты
принциптерінің бірі – құқықтық білім берудің сапасын арттыру. Мұның өзі бұл
мәселенің көкейкестілігін айқындай түседі.
Тарихты ақтарар болсақ, жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлкен үлес
қосқан, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдар Т.Гоббс, Ш. Монтеське,
Ж.Ж. Руссо, И.Кант, Т.Джефферсон М.Т. Цицерон, Перикл, А.Ф.Кони т.б. олар
адам құқықтарының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап белгілеп берген.
Халықымыз өз ұрпағын тәрбиелеуде адам құқықтары мен бостандықтарын
қадағалап, келер ұрпақ өкілдерін адамгершілікке, әділдікке тәрбиелеп
отырғаны белгілі. Оған еліміздің ойшылдары Тәуке ханның Жеті жарғысын,
Төле би, Әйтеке би, Қазбек би, Абай. Ыбырай, Шоқанның т.б. қосқан үлестерін
атап көрсетуге болады.
Ө.Қоянбаевтың, Ғ.Сапарғалиевтің, Қ.Болатбаевтың, Д.Жарықбаеваның
Е.Нұрпейісов және орыстың ұлы педагогтары А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский
т.б. еңбектерінде мектептегі құқықтық тәрбие жұмысының мазмұны, формалары
және әдістері қарастырылған.
Сонымен қатар Қазақстанның шынайы дербестікке жетуіне жұмсап,
еңбек сіңіріп жүрген халқымыздың белгілі заңгерлері С.Сартаевтың,
Ғ.Сапарғалиеватің, М.Баймахановтың, Е.Нұрпейісовтың, Н.Өсеровтың және т.б.
ғалым-зерттеушілердің қомақты қызметтерін құқықтану тақырыптарын оқытқанда
мектеп ұстаздарының шеберлікпен пайдалануы жас ұрпақ үшін үлгі тұтар өнеге
болмақ.[61;67-69]
Қоғамда бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім және тәрбие беру, әлеуметтік –
экономикалық өзгерістер адам санасындағы күрделі жаңғыру үрдісімен астаса
жүріп жатыр. Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кіріскен уақытта, біздің
қоғамымызға жан-жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай алатын, егеменді
елімізге өз үлестерін қосатын нағыз отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар қажет.
Осыған орай қазіргі кезде әлеуметтік сұранысқа айналып отырған, құқықтық
тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру қажеттілігі мен педагогика теориясы
мен практикасында бұл мәселенің жеткілікті қарастырылмауы арасында қарама-
қайшылық тудырады.
Осыған орай, зерттеу проблемасы оқыту үрдісінде оқушыларға құқықтық
тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық негізін қарастыру, педагогикалық
жолдарын айқындау, осының негізінде ғылыми-әдістемелік нұсқау дайындау
қажеттілігінде болып отыр.
Бұл қайшылықты шешу зерттеу жұмысымның тақырыбын Мектеп
оқушыларына құқықтық тәрбие беру деп таңдауға мұмкіндік берді.
Зерттеудің мақсаты – мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие
берудегі педагогикалық ұжымның жұмысының тиімді жолдарын айқындау. Мектеп
оқушыларына құқықтық тәрбие берудегі олардың дағды белсенділігін
қалыптастыру жұмысының жүйесін негіздеу және тәжірибелік тұрғыдан
тексеру.
Зерттеу обьектісі –жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні – мекетептегі оқыту-тәрбие үрдісінде
оқушылардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру жүйесі.
Зерттеу болжамы - оқу-тәрбие процесінде оқушыларға құқықтық
тәрбие беру тиімді болуы мүмкін, егерде оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен
әдістемесі оқушылардың сана-сезімін, сенімін, еркін, қарым-қатынасын және
мінез-құлқын құқықтық тәрбие беру мақсаттылығымен бағытталған жүйемен
қамтамасыз етілсе.
Зерттеу міндеттері:
- құқықтық тәрбиенің қоғамдағы алатын орны, мәні мен құрылымын
педагогикалық, психологиялық тұрғыдан ашып көрсету;
- оқыту үрдісінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің теориясы мен
практикасын талдау;
- оқыту үрдісінде құқықтық тәрбие беру жолдарын қарастыру;
- сыныптан тыс уақытта оқушыларға құқықтық тәрбие беру жұмысында
қолданылатын формалар мен әдістерді белгілеу.
Зерттеудің әдіснамалық негізі. Таным теориясы, жеке тұлғалық
пен іс-әрекет теориясы; жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың
диалектикалық өзара бірлікте болуы туралы философиялық, әлеуметтік-мәдени
теориясы; оқыту үрдісінде құқықтық тәрбие беру теориясы, мәдениет теориясы.

Зерттеу көздері – философия, психология, педагогика ғалымдарының
еңбектері, Қазақстан Республикасының ресми құжаттары (Қазақстан
Республикасының Конституциясы (1995), Қазақстан-2030: ел Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы (1998), Білім туралы Заңы (1999), Білім
мемлекеттік бағдарламасы (2000); зерттеу мәселесі бойынша жазылған ғылыми
педагогикалық еңбектер; жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің
озат тәжірибесі; автордың педагогикалық тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық және оқу
- әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, әңгімелесу, бақылау, тәжірибелік
жұмыстар, мұғалімдердің оқытушылық іс - әрекетін зерттеу, оны қорытындылау.
Зерттеудің кезеңдері. Зерттеу негізінен үш кезеңде жүргізілді:
І айқындаушы кезеңде () қазіргі мектептердегі зерттеу мәселесінің
педагогика теориясы мен практикасындағы жағдайы анықталды; тақырыпты
анықтау, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау
жасалды; зерттеу мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері анықталып, тақырыптың
ғылыми теориялық негізі қарастырылды.
ІІ қалыптастырушы кезеңде () ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде,
мектеп тәжірибесіне талдау жүргізілді, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар
өткізілді.
ІІІ қорытынды кезеңде () оқыту үрдісінде тәжірибелік-эксперименттік
жұмыстың нәтижелері сыннан өтті. Эксперимент жұмысының нәтижелері
жинақталып, талқыланып, педагогикалық әдістемелік ұсыныстар жасалды.

I тарау. Мектептегі құқықтық тәрбиенің теориялық негіздері.
1.1. Құқықтық тәрбиенің мақсаты, мазмұны
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі кезде демократиялық,
құқықтық мемлекет орнату жолында ауқымды қадам жасады. Қоғамдағы
экономикалық, саяси, әлеуметтік саладағы өзгерістер құқықтану ісіне айрықша
көңіл бөлуге мүмкіндік туғызды.[15;8]
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстанның
болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде еңбегінде елімізде мемлекеттік
бастауларды нығайту, яғни болашақта құқықтық қоғам орнату маңызды ұлттық
міндет екеніне баса көңіл аударды. Қоғамның өрге басуы, Қазақсаттның
тәуелсіздікке толық ие болуы республикамыздағы құқық мәдениеті мен құқықтық
реформаларға тығыз байланысты. Қоғам мүшелерінің құқықтық мәдениеті мен
санасы неғұрлым жоғары болса, ол мемлекеттің демократиялық сипаты да, күш-
қуаты да әлеуметтік жарасымдылығы да артатыны ақиқат.[48;2]
Еліміздің құқықтық мемлекет құруға бағыт алуына байланысты, жас
ұрпаққа құқық және құқықтық тәрбие берудің түсінігін кеңейту қажеттігі
қоғамдық тәжірибе көрсетті. Қазіргі қоғамдық даму үрдісіне сай құқықтық
мемлекет құруда әр адам құқық түсінігін және өз құқығын түсініп, біліп,
соған сай әрекет жасауы қажеттігі туып отыр. [15;25]
Ежелден белгілі мемлекеттің пайда болуына әкеліп ұластырған
себептер (рулық құрылыстың ыдырауы, жеке меншіктің пайда болуы, адамдардың
мүліктік және әлеуметтік теңсіздігі) құқықтың қалыптасуына негіз болды.
Мемлекет, оның органдары адамның мінез-құлқының бұрын болмаған жаңа
ережелерін белгіледі. Құқықтық ғұрыптар және мемлекетпен оның органдарының
қабылдаған құқықтық нормалар негізінде құқықтық жүйе қалыптасты. Құқықтық
жүйенің мақсаты- мемлекетік құрылысты, қалыптасқан экономикалық
қатынастарды, мемлекеттік және жеке меншікті қорғау болып табылады. Ұлы
ойшыл Платонның көзқарасы бойынша, өрекениетті мемлекет ақыл-ой ұштасуынан
дамиды.[59;5]
Құқықтық мемлекет құру үшін азаматтық қоғам орнату қажет. Азаматтық
қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасуы
керек. Жеке тұлғаның дамуы ∕ құқықтану, құқыққа көзқарасын қалыптастыру,
құқықтық қатынасты жақсарту және т.б. ∕ - құқықтық тәрбиенің арнайы
мақсаты.
Сонымен, құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық
құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттік үлгілердің,
мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар
ерекеше орын алатыны белгілі.[59;8]
Тарихты ақтарар болсақ, жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлкен
үлес қосқан, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдар Т.Гоббс, Ш.
Монтеське, Ж.Ж. Руссо, И.Кант, Т.Джефферсон т.б. олар адам құқықтарының
негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап белгілеп берген. Олар барлық
мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуі тиіс дейді. Ежелгі Рим
саяси қайраткері Марк Тулли Цицерон Мемлекет барлық еркін адамдардың
келісімімен және құқықтық қатынастардан тұрады деп түсіндіреді. Ежелгі
дәуір ойшылдарының тұжырымдарыннан олар азаматтардың құқықтық жағдайларын
жақсартуға, әрі демократиялық құқықтық мемлекет құруға талпыныс жасағанына
көз жеткізуге болады.[12;9] Қазақ халықтарының ойшылдары да адам құқықтары
мен бостандықтарын қорғады. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би бабаларымызбен
бірге Абай атамыз да адам құқықтарын қорғады. Ол 1885 жылы Шарда өткен
билердің төтенше сьезіне қатысып адам құқықтарын қорғаған. Шоқан Уәлиханов
Сот реформасы еңбегінде адам бостандықтарын жазған болатын.
Көшпенді өмір салтында талас-тартыссыз, қиыншылықсыз сәттерсіз
болмаған. Олардың кең көлемдерін билер шешіп беріп отырған. Бидің шешімі
кінәлі жазасын алып, жазықсыз жапа шекпейтіндей әділ болуы тиіс.
Әділетсіздік жіберген билерге екінші рет басқа да дау жанжалға шешім
айтқызуға ешкім келмеген. Билер халықтың әдет-ғұрпын бес саусақтай білуі
тиіс.
Билерді ешкім сайламайды, олар халық қалаулары болған. Мысалы,
Абай т.б. таңдап ақын еткен жоқ, олар да халықтың таңдауымен, қалауымен аты
шықты. Халық арасында жастайынан, бала кезден-ақ би атанғандар көп.
Мәселен, Шорман қартайған шағында да Бала би деп аталып кетті, себебі,
алғаш 13 жасында дауды шешіп берген. Оның ата тегінде би болмаған екен.
Ондай есімдер аз емес; Мөңке би, Жобалай би, Досбол Балабиев. Батыр Сырым
Датов әрі би-шешен болған. Ол көптеген дауларды ақылмен, шешендігімен
бітістіріп отырған.
Билер соты әр уақытта ауызша жүргізілетін және арашасының
(адвокат) қатысуына жол берілетін. Билер шешімі егер де екіжақтың біріне
ұнамаған жағдайда қайта қаралатын. Бұл мәселе дамыған елдердің сот
процесіне де бергісіз еді. Жеті жарғыда : Егер жауапкер билердің бірінен
күмәнді болса, оны істен аластатуға құқылы делінген. Халықта бір рудан
шыққан адамдар бір отбасының адамындай болғандықтан, жауапкер мен би бір
рудан болмауы тиіс. Мысалы, Қоңырат руынан шыққан талап етуші мен Арғын
жауапкері арасындағы дауды шешуге де бүкіл аймақ билерін қатыстырмағандығы
туралы деректер бар. Өйткені бұлар бір жүздің адамдары. Дегенмен бұл
жағдайда жауапкерге биді өзі таңдау құқы беріледі. Қазақ халқында би-көп
жағдайдаталқыға салып, демократиялық түрде шешім шығарушы болып есептелген.
Би сонымен қатар адам жан дүниесін, мінез-құлқын бір көргеннен танып,
білетін психолог болған. Билер – тәрбиешілер, көкірегінде сәулесі, көзінде
оты бар жастарды тәрбиелеген.
Қазақ хандығының ішінде ұлы билердің бірі-Төле би. Ол қазақ
халқының ішінде жоңғарлармен бірге соғыста үш жүздің басын біріктіріп, әділ
шешімдерді қабылдап отырған. Төле бидің мынадай даналық сөзіне көңіл
бөлмеске болмайды.
Қолыңда болса бір билік,
Қарғаға залым болмаңыз.
Алдына келсе бітпес дау,
Әділін айтып, қорғаңыз.
Халқымыздың құқықтық тәрбие берудегі ұлттық тағылымдардың бірі-
халықтық мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру. Мысалы, Жазасын
тартпайтын жамандық болмайды, Жамандарға рақым қылу- жақсылыққа жәбір
көрсетумен бірдей, Жамандық қылсаң, пәле күт – бәріне де зауал бар,
Қолыңда Сүйелмендей қуат болса да, қылдырықтай құмырысқа қиянат қылма,
Өш алғаннан гөрі кешірген жақсы. Бұл даналық сөздердің барлығы адамның
міндеті мен құқын ажыратып, өмірде дұрыс азамат болып қалыптасуына
көмектеседі. [1;43-44]
Тұлғаны жан жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі-құқықтық
тәрбие. Құқықтық тәрбие беру- қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік
заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты.
Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық құқықтық және зайырлы қоғам
орнату үрдісімен байланысының маңызы ерекше . Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық
білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда
құқықтық оқуды мектептерде неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап
көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі–халықаралық құқықтық жүйенің
құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидалары мен
нормаларын құрметтейді және олардың негізі қағидаларын іс жүзінде
басшылыққа алады.
Ендеше адам құқықтары мен бостандықтарына арналған қағидалар
мен ережелердің ерекше жүйесі болып табылатын халықаралық құқық
құжаттарыдың маңызы ерекше.
БҰҰ-ның Жарғысында Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
сөзсіз сақтау және тану әрбір мемлекеттің құрметті борышы мен міндеті болып
табылады деп жазылған. Осы Жарғыға сәйкес әрбір мемлекет өз аумағында
тұратын барлық адамдардың құқықтар мен бостандықтарының жүзеге асырылуын
қамтамасыз етуге, адамды кемістушілікке жол бермеуі тиіс.
БҰҰ-ның Бас Асссмблеясы 1948 жылы Адам құқықтарынң жалпыға
ортақ Декларациясын қабылдады. Декларация мазмұндағы адам құқықтарының
сипатына қарай үш топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа адамдардың табиғи
және айырғысыз құқықтары жатады. Екінші топқа азаматтыққа байланысыты
құқықтар мен бостандықтар жатады. Үшінші топқа экономикалық, әлеуметтік
және мәдени құқықтары жатады. 1966 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы
эконмикалық, саяси және мәдени құқықтар туралы шарттар қабылдады. Бұл
шарттар Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясының ережелері
негізінде қабылданып, оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін қарастыратын,
адам құқықтарының сақталуын бақылап отыратын арнайы комитет құрылды.
Адамның құқықтары мен бостандықтарына арналған халықаралық құқықтық
құжаттар жекелеген мемлекетердің заңдарын игі ықпалын тигізіп отырды. БҰҰ-
ның Жарғысында Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сөзсіз сақтау
және тану әрбір мемлекеттің борышы мен міндеті болып табылады. Осы жарғыға
сәйкес әрбір мемлекет өз аумағында тұратын барллық адамдардың құқыққтары
мен бостандықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, ешқандай да
кемсітушілікке жол бермеуі тиіс.[7;16] Ұлы ғұлама Аристотель адамдардың
құқытық жағдайларын жақсрату мақсатында азаматық қоғам құру – құқықтық
мемлекеттің негізгі нысаны деп, өзіндік бағдарын айтқан болатын.
1995 жылдың тамыз айында бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде
қабылданған жаңа Конституция жаңа мемлекетік органдарды заңдастырып қана
қойған жоқ, сонымен бірге әбір жеке адам мен азаматтың кең көлемді
демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баян етті. Сонымен бірге
Конституцияда азаматтардың міндеттері туралы да айтылған.
Біздің өз мемлекетімізді, оның органдарының құрылымы мен
атқаратын қызметтерін білу өзіміздің қандай мемлекетте тұратынымызды, ол
мемлекет өзінің алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай
қызмет ететіні айқын түсінуіміз үшін қажет. Дербес өмір сүруге әзірленіп
жүрген жас адамға осының бәрін біліп қана қоймай, өзін мемлекеттік және
қоғамдық өмірге белсене қатысатын қайраткер етіп қалыптастыру үшін де өте
маңызды. Ол үшін Республиканың заңдарын оқып, үйрену қажет. Өйткені, ол
заңдарда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жарияланып
қана қойған жоқ, сонымен бірге сол құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың,
пайдаланудың жолдары мен тәсілдері де көрсетілген. Әлбетте, мемлекет, оның
органдары, лауазым иелері халықтың игілігіне қызмет етуге, азамттардың
құқықтары мен бостандықтарын пайдалануда, оларды қорғауда өзінің септіген
тигізуге тиіс. Сол үшін ерекше құқық қорғау органдары – сот, прокуратура,
тәртіп қорғау органдары құрылды.
Азамттарға кең көлемде құқықтары мен бостандықтар
беріледі.Сонымен бірге оларға зор міндеттер де жүктеледі. Азаматтар
Конституцияны, мемлекет заңдарын сақтауға тиіс. Азаматтың өзі кім болса да,
қандай қызмет атқарса да, мемлекетке, оның органдарына, басқа адамдардың
заңды мүдделеріне зиян келтіруге қақысы жоқ.
Заңдарды біліп қана қою жеткіліксіз, оған қоса заңдарды
шығарғандағы мақсат - қоғамда құқықтық тәртіп орнату, адамдардың өміріне,
оқуына, жұмысына, демалысына, қауіпсіздігіне қалыпты жағдай туғызу
екендігін шын мәнінде ұғыну керек. Заңдарды шығарғандағы мақсат – адамдар
өздерінің бір-бірімен қарым-қатынасын құқықтық негізде құра алтын болуы
үшін,өздерінің құқықтары мен бостандықтар бұзылған жағдайда азаматтар заңды
мүдделерін қорғай алатын болуы үшін, сондай-ақ өздеріне қорғау жөнінде
мемлекеттік органдарға өтініш білдіре алатын болуы үшін мүмкіндік туғызу.
Азаматтардың саяси, мәдени, тұрмыстық мүдделерін қанағаттандыру үшін
олардың бірігуі тек заң негізінде ғана мүмкін бола алады. Адамгершілікті,
демократиялық қоғам заңға сәйкестендіріліп, сол негізде құрылады. Бұл
талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын
дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен
мемлекеттік заңдарды жетілдіру үрдісінде жандандыру айырқша міндетті
іс.[59;8-9]
Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын
айқындауда А.С.Макаренко, В.А.Сухомллинский қандай да бір құқықтық тәрбие
болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырлып, жеке адамның
мұқтаждығына негізделсе, екіншіден ұжымдық жұмыстарға оқушылар
шығармашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-
құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құлықтарына
қалыптастырады деп осы мәселеге тәжірибесінде кең түрде басшылыққа алудың
маңызы ерекше.[4;102]
Сондықтан, бүгінгі қоғамның талабына сай оқушыларды жан-жақты
тәрбиелеу үрдісінде үйелмен, мектеп т.б. қоғамдық орындардың маңызы ерекше.
Олардың алдында тұрған маңызды міндеттірдің бірі-тәрбие жұмысының барлық
құрылымында құқықтық тәрбиеге айырқша мән беріп, оны ұйымдастырудың тиімді
жолдары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Сол үшін де, ол
бүгінгі жаңарған қоғамның құқықтық тәрбиеге қатысты талаптарын айқындап,
соған сай баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап сана
сезімдерін қалыптастыру, мінез-құлық ережелерін меңгерту, адамгершілік
қасиеттерін дамыту және келеңсіз жат қылықтардан аулақ болуына, салауатты
әрі дені сау өмір сүруіне қызмет етуі тиіс. Оқушының мектептегі өмірі
тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары
адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылығы, тәртіптілігі, өзіне
және басқаға талап қоюы, адалдығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы
қалыптасады. Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру
ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам өаңдылықатарын бұзуға төзімдік, қоғамдық
тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапалары болашақ еңбек қоғамы
азаматының құқықтық мәдениетінің мәнін құрайды. Жоғары дамыған құқықтық
мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеттерді орынды шешу мүмкін емес.[4;103]
Еліміз құқықтық мемлекет деп жариялағаны баршаға белгілі.
Құқықтық мемлекет құру үшін қоғамның құқықтық мәдениеті болуы керек.
Құқықтық мемлекет құру жас жеткіншектерден басталады, өйткені болашақ
қоғам солардың қолында. Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің
қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Әрбір адам өзі үшін жауапкершілігі
жаратушының алдындағы жауапкершілікпен бірдей екені сөзсіз. Білімді адам
санатына қосылуы үшін қазіргі жасөспірімдерге негізгі пәндерді игеру және
талдау қабілетінің сауаттылығы аздық етеді.Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп,
тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажает деп жазды С.Назарбаева Өмір
әдебі кітабында.[49;6]
Жас жеткіншектердің соған даярлауда мектептің алатын орны,
рөлі өте зор. Себебі, жас жеткіншек көп уақытын мектеп қабырғасында
өткізеді. Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының
шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы,
сенімдері, ұжымшылығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы,
адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен
батылдығы қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру
ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімділік, қоғамдық
тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапарлары болашақ еңбек қоғамы
азаматының құқықтық мәдениетінің мәнін құрайды. Жоғары дамыған құқықтық
мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеттерді орындап шешу мүмкін емес.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық өзгерістер мемлекеттің ішкі даму
жағдайыларын, қайта құрудың көптеген міндеттерін нәтижелі шешу қоғамның
әлеуметтік-экономикалық, материалдық-техникалық, идеологиялық және
психологиялық ахуалына байланысты екені мәлім. Оқушылардың қоғамның жаңа
тұжырымдамасын жете ұғынып, оның қозғалыс күшіне, үрдісі мен қатынасына
жаңа көзқарасты қалыптастыру тәрбие мен білім берудің жаңа моделін жасауды
қажет етеді.
Жалпы алғанда мәдениет ұғымын адамдар қауымы жасаған.
Сондықтан оны дамудың белгілі бір деңгейін анықтап, сипаттайтын материалдық
және рухани құндылық деп түсінеміз. Ал құқықтық мәдениет дегеніміз-өзінің
құрамы, ерекшелігі бар қоғамдық мәдениеттің бір бөлігі.
Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда құқықтық
мәдениет ұғымының тар және кең мағыналарын есепке алынып отыруы қажет. Тар
мағынасы: заңдылықтың, құқық шығармашылық және құқық қолдану органдарының
жалпы жағдайын, құқықтық даму деңгейін бейнелейтін жеке азаматтар мен
барлық халықтардың құқытық санасы, оның қоғам өміріндегі орны мен рөлі. Кең
мағынасында құқытық мәдениет заң мамандарын даярлау және құқықтық
мәртебелік, заң қызметінің мемлекттік жүйедегі рөлі, құқық мәселелері
бойынша ғылыми басқармалардың дамуы, адвакатура жағдайы, т.б.
Құқытық мәдениеттің басты элементтері құқықтық сауаттылық пен
азаматтардың заңды сыйлап, оны орындауы болып табылады.
Құқықтық мәдениет адамгершілік санаттарымен байланысты.
Академик Д. Лихачевтың айтуынша: Қоғамда мәдениетсіз адамгершілік
болмайды. Адамгершілік нышандарсыз әлеуметтік, экономикалық заңдар жүзеге
аспайды, шешімдер орындалмайды,қазіргі ғылым өмір сүрмейді.[18;20]
Талантты педагог В.АСухомлинскийдің қоғамды
мазасыздандырып отыпған құбылыстардың басты себебі мектептегі оқу
жылдарындағы зиялылық мұраттарының бишаралығы және қуыс кеуделігінің
негізінде дамып отырған жас өспірімдер мен жастар арасындағы маскүнемдік,
бұзақылық, уақытты мағынасыз өткізу деген тұжырымды айтуға болады.[37;146]
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында
тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттық рухани
мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан
да құқықтық тәрбиені адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды
бөлігі ретінде қарастырамыз.
Күнделікті өмірде көптеген жарамсыз құбылыстар болып жатады. Ол
құбылыстарға қатынастарының көмескелігі, бағалаудың анық болмауы олармен
күресті қиындатады. Мысалы, мектеп оқушыларының арасында жеке немесе топ
болып төбелесу көп кездесетін жай. Нәтижесі кейде қайғылы оқиғаларға да
душар етеді.
Құқық бүкіл қоғам және сол қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл
өмірін қамтып жатады. Егер біз оны көре білсек, тұрақты сезінсек, әрине өте
жақсы. Ал, құқықтық мәдениетін нашар дамыған адам тек заңның өрескел
бұзылған жағдайына ғана зейін аударады да, ал құқықтық талаптары
мойындалмаған көп жағдайларды байқамайды.
Заңдарды білмеу-құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Әрине
қоғам өмірінде қабылданған заңдылықтардан хабардар болу құқықтық ұғынудың
жоғары деңгейі, соған сәйкес мінез-құлық пен тәртіпті қамтамасыз ете
бермейді. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершілігінен құтқармайды.
Абамның құқықтық мәдениеті-күрделі психологиялық құбылыс. Бұл
құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды жағын бейнелейді.
Яғыни, құқықтық мәдениет- саяси, адамгершілік нанымға негізделген,
терең, жан-жақты жәнеқұқықтық білім мен дағдыны ажырамас бірлігі, заңды
сыйлау, белсенді құқық қорғау әрекеттері.
Қалыпты жағдайдағы адамның тәртібі, іс-әрекеті саналы түрде
қабылданған шешімдер арқылы жүзеге асырылады. Бір жерде сананың деңгейі,
сезімдік дамудың адамның әрекетіне әсері бар екенін мойындау шарт. Сананың
өзі белсенді әлеуметтік іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Мұның өзі сана
және әрекет мәдениеті мен адамдар қатынасы мәдениетінің бір мағынаға
саятынын көрсетеді.
Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде-бұл тұлғаның күрделі,
кешенді қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқықтық мазмұны бар әрекеттер мен
қылықтарының орынды бағытын анықтайды.
Адамның құқықтық мәдениеті-күрделі. Әңгіме адам, оның санасы,
мінез-құлқы, жүріс – тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды.
Шындығына келсек, бұл сұрақтарға педагогика, психлолгия, социология,
медицина, заң т.б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.
Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті,
межелері, мәдени дәстүрінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей
ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан
қоғамның еш жерінде жасырынып қалуға болмайды.
Өкінішке орай, күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз
ар ожданын, ұлтын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап,
сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы
құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр
адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және
еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.[37; 148-149]
Үш қабаттан тұратын үйді көз адымызға елестетейік. Бірінші
қабатына құқықтық білім және оны меңгере алу икемдігін орналастырамыз.
Екінші қабатта құқыққа деген қатынас орын алсын. Ал үшінші қабатта құқықтық
мазмұндағы сияқты біздің үйдің де іргетасы бар. Адамның құқықтық
мәдениетінің іргетасы болып оның саяси және адамгершілік көзқарасы мен
ішкі нанымы саналады. Төмендегі аталған жағдайлар іргетастың қалай
қалағынына байланысты болады:
-құқықтық білімнің сапасы және оны қолдана алу;
- заңға қатыстылық сипат ( заңды сыйлау сезімі, заңдылықты сезіну)
-құқық нормасын орындауға дайын тұрушылық, заңдылық пен құқықтық
тәртіпті нығайтуда белсенділік көрсету.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары құқық бұзушылықты
алдын алып қана қоймайды, жас жеткіншкетердің берік моральдық қағидаларын
қалыптастырады, қоғамдық нормаларды ұғынып, қабылдауға бейімдейді.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүргізу барысында
мыналарға мән берілуі керек. Демек, демократия негіздерін оқып қоймай,
бостандық, тұлға, құқықтық мемлекет деген ұғымдармен таныс болуы керек.
Қайырымдылық және зұлымдылық, әдемілік және
көркемсіздік,т.б. құқық нормасымен байланысты елестетіп оырулары қажет.
Құқықтық тәрбие адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байланысты болуы
міндетті.
Заң туралы аса қызыға білгені ләзім. Өйткені, құрғақ ақпарат
оқушылардың миына жетпейді, жүреген елеңдетпейді. Жас жеткіншектердің
ерекшеліктерін ескере отырып олардың құқықтық жаңаруы мақсатында әр түрлі
шығармашылық нысандарды қолдану қажет.
Демократияны жетілдіру мемлекттің және қоғамдық өмірдің
құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің
құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге
асыруды қажет етеді.
- заңдылықтытарды үздіксіз жетілдіру;
- заңның орындалуын бектіу;
- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы
қажет;
- жеке адамның бүкіл жұртшылықтың мәдениетін көтеру;
- заң қызметкерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасының кіршіксіз
таза болуы.
Сонымен ,адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз орынды тәртіп пен
мінез-құлық сенімдеріне негізделген терең және жан-жақты құқықтық
білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі
болып табылады.[18,20-21]

1.2. Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
Құқық саласындағы білім беру бойынша Қазақстан Республикасы
ұзақ мерзімді айқын саясат жүргізіп отыр.
1995 жылы 21 маусымда Қазақстан Республикасында жалпыға
бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасының Президентінің қаулысы қабылданды. Үкіметтің 2004 жылғы 24
желтоқсандағы қаулысымен құқытық түсіндіру жұмысы, құқытық мәдениетті
қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007
жылдарға арналған жаңа бағдарламасы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғы 11
қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім
алушылардың құқықтық дайындығын нығайту арқылы адам құқықтары мен
бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу негізігі міндеттердің бірі болып
табылады.[44;76]
Жастарға құқықтық тәрбие беруде орта білім беру мекемелері
жетекші орын алады. Онда жастарға құқық туралы ғылым негіздерімен
қаруландырады, адамның іс-әрекетіне қоғамның қоятын талаптарымен
таныстырады, нені жасауға болады, нені болмайды, қандай іс-қылықтары заңды,
әділетті, қандай заңсыз екенін түсіну, алған білімдарін практикалық өмірде
пайдалана білу дағдыларын, жамандық пен заңсыздықпен күресте қажет болатын
психологиялық қасиеттерін қалыптастырады.
Мектептердің құқықтық тәрбие берудегі жоғары ролі бірнеше
факторлармен анықталынады.
Олар педагогикалық технологиялармен қаруланған кәсіби
мамандармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, орта білім беретін мекемелерде
тәрбиелік ықпал ету жинақтылық сипатқа ие. Онда тәрбие беру ісін ағарту
ісімен біріктіретін тамаша мүмкіндіктер бар. Мектептердегі тәрбие беру ісі
бұл тек оқушыларды құқықтық біліммен байыту,құқықтық жағдайларға оқыту ғана
емес, сондай-ақ балалардың мектепке алғашқы қадамынан басталып колледж,
лицейді бітіргеннен кейін жалғасатын қоғамдық ұзақ әсердің ықпалымен
дамиды.
Оқушының әлеуметтік-құқықтық тәжірибесін қалыптастыру проблемасы
мектеп практикасында әлі терең шешеімін таба қойған жоқ десе де болады.
Жеке тұлғаның мінез-құлқын, іс-әрекетін ауқымын анықтайтын заңды
құқықтарын,бостандықтары мен міндеттерін білу оқушылар үшін үстірт, әрдайым
маңызды болып есептелмей отырғанан да жасырмау қажет. Өйтекні бұл
білімдерді оқушылар шынайы өмірде қолдана алмайды, берілген құқықтары мен
бостанықтарын пайдалана алмайды, кейде олардың өздерінің міндеттерімен
табиғи байланысы барын көрмейді.
Мектеп практикасында оқушылардың өзіндік белсенділігін
тежейтін репродуктивті іс-әрекет кең тараған, құқықтық тәрбие берудің
сабақтан, тыс түрлері нашар дамыған, оқушылардың сабақтағы және сабақтан
тыс іс-әрекетінің байланысы жоқ деуге болады, білімнің рөлі жоғары қойылып,
жасөспірімдердің өмірі жете бағаланбайды, бұл жеке тұлғанаң тәжірибесінің
дамуына кері әсер етеді.
Әлемдік практика көрсетекендей оқушыларға құқықтық тәрбие беру
бірінші сыныптан басталу керек. Өйткені, құқықтық білім беру – орта білім
беру мекемелеріндегі құқықтық тәрбие берудің өзегі.
Орта білім беру мекемелерінде құқықтық тәрбие берудің негізі
оқушылардың құқықтық шындықты түсінуге жетелейтін, жалпы қоғамдық
адамгершіоік түсініктерден олардың саналарына құқықтық құбылыстарға көшуді
қалыптастыратын, олардың сезімдеріне белсенді әсер етіп, құқыққа ынталы
қатынасты тудыратын құқықтық білім беру болып табылады.
Негізгі мектептің бастауыш сыныптарында оқушылар адамгершілік
мінез-құлықтарды,жақсылық пен жамандықты ажырата білетін болады.
Ал одан жоғарлаған соң, құқықтық саналары, құқық пен қабілеттілік
туралы түсініктері қалыптасады, жас адамның еңбек іс-әрекетіне кірісуге
дайындығы белсенді жүреді.
Оқушылардың мемлекет пен құқық туралы білімдерін терең
дамытуға география, биология, химия, физика негіздерін білу табиғи аймақтық
кешендер және олардың өзгеру жоспарлары, қоршаған ортаның экологиялық жай-
күці туралы түсінік беріп, құқықтық тәрбие мен табиғатқа деген дұрыс
қатынас мінез-құлқын қалыптастыруды үйлестіруге мүмкіндік береді.[43;5]
Құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-
құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға
сай келуін талап етеді. Сондықтан да осы талаптарға сай өмір сүру, еңбек
ету және т.б. әрекеттерге бару үшін, оларды білу әрбір азаматтың
борышы,міндеті.
Олай балса, оқушыға жастарға құқықтық білім беріп, олардың
жеке тұлғасын қалыптастыруда мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:
1.Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай
орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу.
2.Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз
Отанын қорғауға әрқашанда дайын болуға жаттықтыру.
3. Өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға
қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Оқушыларға мемлекет, мемлекетік құрылым және құқықтық нормалар
жайында жан жақты білімдерді меңгерту.
Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері
құқықтық білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың құқықтары мен
міндеттері туралы нормалары бар. Міне, осы қарапайым құқықтық
нормалар төменгі сыныптан бастап жоғары сыныптарға дейін оқу тәрбие
процесінің барлық құрылымында түсіндірілуден, білім беруден, оқытудан
басталады.
2. Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін
тәрбиелеу. Мұндағы маңызды мәселе- бүгінгі таңдағы елімізді қайта құру
кезеңінде парламентте қабылдап жатқан заңдарды таныстыру, олардың қоғамдағы
демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде атқаратын қызметі мен
ерекшеліктеріне көңіл бөлу, соның негізінде оқушылардың сана-сезімдерін
және қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерін тәрбиелеу.
3. Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс тұрыстарын заң
талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілік әдет-дағдыға тәрбиелеу. Демек,
құқықтық тәрбие арқылы оқушыларды күнделікті өмірде өздерінің жүріс-
тұрысына басшылық жасауына дайындауы тиіс. Еліміздің өндіріс құралдары мен
қорын қоғамдық меншік ретінде көздің қарашығындай сақтап, Отанымыздың
қуатын арттырып, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарта түсуге талпынатын
талапкерді тәрбиелеу.
4. Біздің қоғамымыз гуманист-ұжымшыл, ол халық үшін қызмет жасайтын
жан болуы керек. Ата-заңның 14-бабаында Заң мен сот алдында жұрттың бірі
тең деп атап көрсеткен. Олай болса, адам баласы ҚазақстанРеспубликасының
азаматы болған жерде бір-біріне қамқор болып, ел байлығын халық игілігіне
жұмсауға ат салысуы тиіс.
5. Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін
тәрбиелеу. Мұндағы маңызды мәселе- бүгінгі таңдағы елімізді қайта құру
кезеңінде парламентте қабылдап жатқан заңдарды таныстыру, олардың қоғамдағы
демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде атқаратын қызметі мен
ерекшеліктеріне көңіл бөлу, соның негізінде оқушылардың сана-сезімдерін
және қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерін тәрбиелеу.
6. Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс тұрыстарын заң
талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілік әдет-дағдыға тәрбиелеу. Демек,
құқықтық тәрбие арқылы оқушыларды күнделікті өмірде өздерінің жүріс-
тұрысына басшылық жасауына дайындауы тиіс. Еліміздің өндіріс құралдары мен
қорын қоғамдық меншік ретінде көздің қарашығындай сақтап, Отанымыздың
қуатын арттырып, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарта түсуге талпынатын
талапкерді тәрбиелеу.
7. Біздің қоғамымыз гуманист-ұжымшыл, ол халық үшін қызмет жасайтын
жан болуы керек. Ата-заңның 14-бабаында Заң мен сот алдында жұрттың бірі
тең деп атап көрсеткен. Олай болса, адам баласы ҚазақстанРеспубликасының
азаматы болған жерде бір-біріне қамқор болып, ел байлығын халық игілігіне
жұмсауға ат салысуы тиіс.
Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері
құқықтық білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың құқықтары мен
міндеттері туралы нормалары бар. Міне, осы қарапайым құқықтық
нормалар төменгі сыныптан бастап жоғары сыныптарға дейін оқу тәрбие
процесінің барлық құрылымында түсіндірілуден, білім беруден, оқытудан
басталады. Ол үшін құқықтық тәрбиенің міндеті - жас өспірімдердің азаматтық
белсенділігін қалыптастыру, заңды бұзушылықа қарсы күресу. Әртүрлі
әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.
Жоғарда аталған міндеттер (талаптар), біріншіден, мектеп
практикасында іске асырылған жағдайда ғана құқықтық тәрбие дұрыс жолға
қойылады деп атауға болады.
Сонымен қатар, екіншіден ,жалпы білім беретін мектеп әлеуметтік
мекемелердің бірі ретінде оқушыларға заман талабына сай, лайықты құқықтық
білім біру, олардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда шынайы
ағартушылық орны болған жағдайда ғана іс жүзіне асады. Себебі, балалардың
мектепте оқитын шағы - адамның сана–сезімінің қалыптасуының ең бір нәтижелі
кезеңі. Сондықтан, мектеп оқушыға алғашқы күннен бастапқоғамның қатаң және
шүбәсіз талаптарын қойып, оны лайықты мінез-құлық ережелерімен ұштастыру
қажет. [37;107-108]. Бұл жұмыс қоғамдық сананың сол
жеткен табыстарын, оқушылардың жас ерекшеліктерін, ой-саналарының дәрежесін
т.б. жағдайларды ескеріп жүргізілуі керек.
Қазіргі жағдайда жас ұрпақтардың сана-сезіміне, әрекет-қылығына
әсер ететін жағдайлар сан алуан. Сондықтан да, құқықтық тәрбие жұмысын
жүргізгенде оның түрлерін, амал-тәсілдерін, ұйымдастыру жолдары алдын-ала
анықтап, белгілеп алу қажет.
Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру, тек қана
құқықтық тәрбие жұмысы арқылы ғана жүзеге асырылмайды. Мектепте кінделікті
жүріп жатқан барлық оқу тәрбие қызметін ұйымдастыру жұмысының да тікелей
немесе жанамалап қатысы бар.
БҰҰ 1989 жылы қазанда Бала құқығы туралы Конвенцияны
қабылдады. 1900 жылы қаңтар айынан бастап БҰҰ-на мүше болып табылатын дүние
жүзі елдерінің өкілетті өкілдері Бала құқығы туралы Конвенцияға қол қоя
бастады. 1990 жылы 2 қыркүйекте өз күшіне енді. 1995 жылы Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Нью-Йоркте ЮНИСЕФ-тің атқарушы
директоры Джеймс Грантпен бірге Бала құқығы туралы Конвенцияға әлемнің
156-шы ел болып қол қойды. Біздің мемлекетіміз осы шартқа қол қоя отырып,
Қазақстан балаларының бақытты өмірін қамтамасыз етуге және шартта аталған
барлық құқықтарды қамтамасыз етуге міндеттеме алды.[44;76] Қазақстан
Республикасының баланың құқықтары туралы заңдарында: Қазақстан
Республикасының баланың құқықтары туралы Заңдары Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының бала
құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінен
тұрады [30;5] Сондықтан Қазақстан Республикасында өмір сүруші барлық бала
осы Конвецияда көрсетілген құқықтарды білуі шарт.
Бала құқығының білім саласында қолдануының нормативтік-
құқықтық негіздері болып табылатын Балалар құқығының Декларациясы, Бала
құқығының Конвенциясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Қазақсатн Республикасының баланың құқықтары туралыЗаңы, Неке және отбасы
туралы Заң, Білім туралыЗаң, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі
сияқты құқытық құжаттар.
Білім беру саласындағы құқытық оқыту мен тәрбие беру
жұмыстарыныңда аталған құжаттарды кеңінен пайдалану, оқушылардың оны терең
түсінуі, ең бастысы әр адаманың өз құқықтары мен міндеттерін білуі негізгі
міндеттердің бірі.
2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы баланың
құқықтары туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Заңның негізігі мазмұны балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік
саясаттың мақсаттары, баланың негізі құқытары мен міндеттері, мүгедек
баланың құқықтары, бала және қоғам, бала құқықтарын және заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау, бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер
етудің ерекшеліктері деп аталатын тараулардан тұрады. Заңның негізгі
мазмұнын меңгертудің жолдары:
-Адам,Қоғам. Құқық, тарих, әдебиет, Құқық негіздер пәндерінің
аясында;
-интеграциялық сабақтар ұйымдастырғанда;
-тәрбиелік іс-шараларды жүзеге асырғанда;
-құқықа байланысты факльтативтік, сыныптан тыс оқу сабақтарын
жүргізгенде басшылыққа алынуы тиіс.
Әдеп пен құқықтың тығыз байланысты екенін түсіндіріп,
ізгілік,әдептілік, ар-ұят, жауаптылық, намыс, қайырымдылық, адамгершілік,
өнегелік ұғымдарының мән-жайын оқушылардың санасына жеткізу қажет.
Құқықтар мен міндеттердің тұтастығына балалардың көзін жеткізіп,
міндеттерді орындау жеке тұлғаның игілігіне, қоғамға қажетті екенін
түсіндіру керек.
Ата-аналар оқушыларға құқықтық білім берудің белсенді
субьектісі болуы үшін олардың азаматтық-құқытық білім алуына іс жүзінде
жағдай жасау қажет. Ата –аналармен жұмыс жүргізгенде құқықтық –нормативтік
актілермен таныстыру, білімдік қорын молайтуды негізі мақсатқа айналдыру
қажет.
Білім беру жеке адамның жан-жақты дамуына бағытталуы және адам
құқықтары мен бостандығын сыйлауды арттыруы керек.[44;76-77]
Жас ұрпақтың құқықтық (праволық) білімін жетілдіруге мұғалім
тәрбиесі ғана жеткілікті десе, кем өлшегеніміз болар еді. Олардың өмір
тәртібіне көзқарасы ата-анасы арқылы қалыптасып, өзге тәрбие жүйесі арқылы
әсер етеді. Оқыған әдебиеті, баспасөз материалдары, теле-радио хабарлары,
көрген фильмдері білім қоын молайта түседі.
Адамзатты адал жолға салу, тәрбиелеу үлесі тиесілі болған және
онда ата-ананың рөлі маңызды орын алады.
Ата-анасының тілін алмаған бір пәлеге ұрынары сөзсіз. Ана
алдындағы құрмет, ата алдындағы қызмет, Анасына орын ұсынбаған, әкесіне
қолын ұсынбас, Ана сүтін ақтамағанды –ешкім де мақтамайды. Ондайлар
төңірегінде сыйымсыз, бұзақы болып келеді де қорлық пен жазадан көз
ашпайды. Яки Анасының қарғысын алған ағайынның алғысын алмас. Бұл
мақалдардан байқап отырғанымыз ел заңының алғашқы (тәй-тәй) қадамы, тұсау
кесері-шаңырақтан басталады.
Біріншіден, ұл мен қызды тіршілікке бейімдеп, еңбекке ерте
араластырған. Себебі, адам баласы сотқарлық дегенге көбіне бала кезден-ақ
кездеседі. Абайдың: тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын
деген сөздері дәлел.
Екіншіден, қазақтың Он бесте отау иесі деген сөзінде мән
бар. Мұндағы мақсат - құтты орнына абыройлы қонуына қамқорлық, сақтық.
Балалықпен бұзақылыққа баруға уақыты да, зауқы болмайды. Бұл-қазақтағы
ұрпақты қылмысқа жібермеудің бір адымы. Егер, қызды уағында ұзатпаса, ұлды
ата сақалы иегіне түскенше аяқтандырмаса, күнде думан, күнде тойдың үйіріне
жүген-құрығын сыпырып қоя берсе, балаларының табиғи түрде қылмысқа баратыны
қазақ күні бұрын көре білген. Сонымен бірге, ата-ана көзі тірісінде бала
қызығын көру.
Ертедегі қазақта әкенің бетіне келу, ананың тілін алмау,
үлкенге қарсы шығу мүлде болмаған. Мұндай қазақ ата-ана тілін алмағандар
мен үлкенге қарсы шыққандарды көргенсіз деген сөзбен жазалаған. Бұл үкім
бейбастыққа барған адамға ғана емес, арғы-бергісін, жер-жебірін қазбалап,
оны тексіз де танитын, тіпті, жеті атаны қозғайтын қатал айып. Одан сақтау-
бүкіл ауылға, руға міндет. Ең жауаптысы-шаңырақ иесі.
Қазақтық шаңырақта туыстық шекара күшті. Әке-шеше, ата-
әже,т.б. шаңырақта өз мәртебесі бар. Тыңдаушы үлкеннің айтқанымен жүру заң
саналған. Өйткені, үлкен айтты болды-өмірді көрген, өзін де өзгені де
біледі деп сыйлаған. Үлкендер отырған төрге бала-шағаның жылжуы қазаққа
ұят. Ал, қазіргі кезде, ата салтымызды дұрыс сақтай алмай келеміз.
Қарапайым ғана мысал, қоғамдық транспорттарда өзінің әке-шешесіндей, керек
десеңіз, ата-әжесіндейадмдар тұрғанда жастар орын беруді білмейді. Кезінде
мұндай жастарға бүкіл ауыл-аймақ қарсы шығып, тәрбиелеп отырған. Әкесі
тұрып ұлы, шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без деген мақал дәлел.
Қазақта әдептіліктің көп үлесі шаңыраққа бөлінген. Қазақ
шаңырағындағы заңдылық өз ішінде мәртебеге және сатыға бөлінеді. Мысалы,
бала талабын әкеге батып айта алмаса, жеңгеге (жеңге ағаға қарағанда тонның
ішкі бауындай, қайнысына туған бауырыннан да етене жақын), жеңге ағасына,
ағасы шешесіне, шешесі отағасына баптап түсіндіреді. Үй иесі үкім айтады.
Әке шаңырақта төрга қожа. Шаңырақтағы төр дейтін тақтың кішігірім
патшасы. Тәртіп бұзылса әке теріс батасын берген, шеше ақ сүтін көкке
сауған – ол ең қатал үкім. Мұндайда балаларды көрмеген. Ақылды бәйбішесі
отағасына, отбасының берекесін сақтау үшін, кей мәселелерді жеткізе
бермеген. Олар бар жұмысты ақылмен, айламан адамгершілікпен басқарған-ау.
Оған мысал, ақылдығымен Домалақ ана елге шапқалы келе жатқан жауды
қайтарған.
Міне, халқымыз бала құқығының тәрбиесіне көңіл аударуды
үлкенге құрмет, кішіге ізет ету арқылы тәрбиелеп, қылмыстың алдын алған
болатын.[1;42-43]
Қазіргі кезде де құқықтық тәрбиенің негізі үйелменде ерекше
орын алатыны белгілі. Адам табиғатындағы жақсының бәрі ең алдымен үйелмен
ауқымына жұмсалады. Туысқандарымызға, жақындарымызға қатынасымыз неғұрлым
адамгершілікті болса, соғұрлым еңбек және қоғамдық өміріміздегі
қылықтарымыз берік және жоғары болады. Өкінішке орай, елімізде қылмыс саны
күннен –күнге артып барады, әсіресе ауыр қылмыстардың үлес салмағы артуда.
Сол себепті құқық қорғау органдары барлық күш-жігерін осы қылмыстарды ашуға
жұмылдыруда. Бір қарағанда қарақшылық, адам өлтіру, ұрлықтың қасында
жезөкшелікпен айналысуда таратуды елеусіз қылмыстар қатарына жатқызуға
болады десек те, оның әлеуметтік мәні бар.
Балалардың мінез-құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі
жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы болып есептеледі.
Өйткені тұлғаның жеке басының жаман-жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан
қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары-ең алдымен
өздерінің ата-аналары.
Жасөспірімдер аса еліктегіш келеді. Әке, шеше және отбасының
басқа да мүшелері жеткіншектерге тек сөз арқылы ғана емес, жеке бастарының
өнегесімен, іс-әректттерінің үлгісімен де ықпал жасайды.
А. С. Макаренконың сөзімен айтқанда, тәлім-тәрбие, кең түрде
адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагоггтар
бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса құқықтық тәрбиені нәтижелі
ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан-жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда
бұл жұмысты табысты жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың
мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы,
түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.
Кейде отбасының көп жыл бойы балаға жасаған ықпалы, оны
қоршаған ортаның жағымды әсерінен басым түсуі әбден ықтимал. Сондықтан,
отбасы тәрбиесінде теріс ықпал ететін жағдай жеткіншектің бойында ұнамсыз
қасиеттердің болуына, қоғамға жат ой-пиғылдардың қалыптасуына әсер ететін
басты себептердің бірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары негізінде оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Құқықтық білім беруде адам құқығын оқыту мәселесі
Тәрбие үрдісінде құқықтық тәрбие беру
Балалар ұжымының жұмысын ұйымдастыру
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ТҰЛҒАДА ӘСЕМДІК СЕЗІМІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсi
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Отбасылық тәрбие стилдері
Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері
Пәндер