Кірпіш жылтыр оюлы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

І ТАРАУ. XV - XVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ11

ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ11

ІІ ТАРАУ. XV-XVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘСІЛДЕРІ23

ҚОРЫТЫНДЫ41

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:43

КІРІСПЕ

Қай заманда болмасшын адамзат алдында тұратын мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Қоғам иелерін жан-жақты жетілдірген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғысым өресі озық азаматтар етіп тәрбиелеу мектептің де, тарих мұғалімінің қоғам алдындағы борышы. Ал білімді, мәдениетті азамат тәрбиелеу үшін адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игеру қажет. Жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруді қазақ халқының көне дәуірдегі мәдениетінің, халықтық салт-дәстүрлерінің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық ролі орасан зор.

Көшпелі қазақ халқының өткен ғасырлардағы (XV - XVІІғғ. ) мәдениетімен танысу үшін ең алдымен оның тарихына ерекше назар аударған жөн. Оны танып-білудің жолы қандай?

Енді мәдениет майданында не істеу керек? Осы сұрақтың жауабын қарастырайық.

Жалпы санасы бөлек жас ұрпақ тәрбиелемей мәдентеи көтерілмейді. Ал жас ұрпақты тәрбиелеу үшін мүлдем жаңа сапалы тарихи сананы қалыптастыруымыз керек. Бұрын өзгенің тарихын жете білсек те, өз төл тарихымызды, әдебиетімізді, салт-дәстүрімізді қадірлей алмай келдік. Ендігі жерде алдымен өз мәдениетімізді, тарихымызды, тілімізді бойымызға сіңіріп, содан кейін әрине, өзге дүниені игеруге ұмытпағанымыз жөн. Сөйтсе ғана ұлттық сананың қалыптасуын жүзеге асырамыз. Бүгінде жас білімді, тағылымды азамат болу үшін өз бесігінде, шаңырағында бекіген ізгі қошеметтерге, әрі бүкіл қоғамның рухани дамуыны мен қуаттылығына байланысты екені даусыз.

Халықтың тұрмыс-салты және әдет-ғұрыптары жастарға тәрбие беруде үлкен роль атқарады. Олар халықтың болмысымен, тұрмыс-тіршілігімен тікелей байланысты. Бірақ халықтар сияқты қазақ халқының да мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктері даму тарихы бар. Ол тарих сонау ерте заманнан, өз тұрмыс-тіршілігіне қажетті материалдық бұйымдар жасудан басталды. Табиғаттағы әртүрлі шикізаттарды тұрмыс-тіршілікке пайдалану атадан балаға жалғасып, дами келе өнер туындыларына айналып бүгінгі күнге жетіп отыр.

Ғасырлар бойы қалыптасқан мұраның қазіргі күнге жетуіне халық шеберлерінің қосқан үлесі өте зор. Шеберлер қолынан шыққан көз тартарлық өнер туындыларының эстетикалық, тәрбиелік мәні зор. Сонымен қатар олар табиғатпен, ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрмен байланысты болғандықтан әрқашанда адамға жақын әрі түсінікті.

Мәдениет туындылары жастарды әдемілікке, сұлулыққа, оны бағалай білуге тәрбиелейді, және эстетикалық талғамын халқына өмірге, айналадағы ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. ғасырлар бой қалыптасқан ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Бір арнамен үздіксіз ұласып кележатқан халықтың дәстүрлі өнерімен тұрмыс-салтымен мектеп оқушыларын таныстыру - әрбір ұстаздың міндеті.

Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан тарихына еркіндік тиді. Ол енді барлық оқу орындарында және пән болып оқытылатын болды. Қазақ халқы тарихын түбегейлі зерттеуге бет бұрылды. Қазақ қауымының төл тарихын білуі - ұлттық намысқа айналды. Білім ошақтарында оқуға ұсынар сапалы оқулық, бағдарлама, қосымша оқу материалдары жарық көрді.

"Рауан" баспасынан шыққан орта мектепке арналған тарих пәнінің бағдарламалары бұрынғы бағдарламалардан құрылымы мен мазмұны жағынан біраз өзгешеліктері бар.

Біріншіден, Қазақстан тарихын оқыту 5-кластан бастап 11-класпен аяқталады. Бұл, әрине, өзіміздің төл тарихымызды оқытудың қажеттілігінен туған.

Екіншіден, дүние жүзі тарихы мен Қазақстан тарихы ілеспелі (синхронды) қатар, линиялық принципті сақтай отырып оқытылады.

Әрине, жаңа бағдарламалар мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуін қажет етеді. Бағдарламаның құрылымы 5, 8 кластарда оқытылатын екі курстың да бағдарламасы сол класс оқушыларының меңгеруіне және оқу жоспарына, негізінен, сәйкес келеді.

Қазақстан тарихының мектеп бағдарламасында қазақ халқының тамаша әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, көшпелі шаруашылық жағдайына лайық жақсы дамыған ауыз әдебиеті, қолөнер, отырықшы аймақтардағы сәулет өнерінің өркен жаюы және Қазақстандағы іргелі қайталанбас ескерткіштері (Айша бибі, Бадан хатуын, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейлері және т. б. ) берік орын алған. Өйткені бұлар - қазақ жеріндегі халықтардың ғасырлар бойы жинаған құнды, бағалы қазынасы.

1993 - 1994 оқу жылында Қазақстан тарихының бірнеше жаңа оқулығы мектеп оқушыларының қолына тиді. Олар "Рауан" баспасынан шыққан 5-класқа арналған "Қазақ елінің қысқаша тарихы" (авторы Т. Тұрлығұлов) .

Өткен оқу жылында 5-класқа Қазақстан тарихын оқытуға небарі 15 - 17 сағат бөлінген. Қазақ ССР тарихы - әңгімелер орнына Қазақстан тарихының "Отанды тану" курсы оқытыла бастады. Осы бағдарлама бойынша жазылған "Қазақ елінің қысқаша тарихы" оқулығы баспадан шықты. 68-сағатқа лайықталған оқулық қазіргі Қазақстан жеріндегі халықтардың сонау ежелгі заман - алғашқы қауымдық құрылыстан бастап бүгінгі күнге дейін қысқа-қысқа әңгумелер арқылы баяндайды. Оқушылар сонау ерте заманда-ақ Қазақстан халықтарының өз кезіне лайық дамыған шаруашылығы мен мәдениеті болғандығымен танысады. Бұған "Алтын киімді адам", "Құм болған қалалар" сияқты әңгімелерді оқығанда көзі жетеді.

Оқулықта қазақ халқының ұлттық өнерінің эстетикалық үйлесімділік принциптерін тамашалау мен таныстыруға лайықты орын берілген.

"Рауан" баспасынан 8-класқа арналған Қазақстан рарихы (Д. Бабаев) оқулығы жарыққа шықты.

Оқулықтың құрылымы да, мазмұны да бұған дейінгі 8-класқа арналып шыққан оқулыққа мүлдем ұқсамайды. Оқулық XV - XVІІ ғғ. аралығын қамтиды. Автор қазақ халқының құрылуы мен қазақ хындығының құрылуы көрсетілген. Оқулықта халықтың кәсібімен, тұрмысымен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыратын материалдар орын алған. Сонымен қатар оқулықта ертедегі қалалар (Түркістан, Отырар, Тараз және т. б. ), тарихи-мәдени ескерткіштер (Айша бибі, Алашахан), Қазақстанның ертедегі ғалымдарымен кеңірек таныстыру мақсатында жаңа мәліметтер берілген.

Диплом жұмысының тақырыбына сәйкес қазақ жазушыларының ғалым-тарихшылардың еңбектері баспа беттерінде жарық көрген. Оларға жататындар: А. К. Марғұланның "Казахская юрта и ее убранство" және М. С. Мұқановтың "Казахская юрта" атты еңбектерінде қазақтың киелі қара шаңырағы киіз үй, оның құрылысы, жабдықтары, түрлері туралы мағлұмат береді.

Қазақтың этнограф ғалымы С. Қасымхановтың "Қазақ халқының қолөнері" атты кітабында ұлтымыздың қолөнері ою-өрнек, киіз басу, ши орау, ер қосу, зергерлік сияқты ата кәсібін жан-жақты қамтыған бірден-бір еңбек И. Қ. Захарова мен Г. Л. Ходжаеваның бірлесіп жазған "Казахская национальная одежда" атты еңбектерінде қазақ халқының ұлттық киімдеріне, яғни ерлер мен әйелдердің сырт киім, бас киім және аяқ киімдеріне, маусымдық киімдердің атауларына, олардың қалай және неден тігілетіні туралы жан-жақты талдау жасайды.

Ахановтың "Дін және еркін ойшылдық" кітабында автор көне түркі халықтарының діни нанымдары, ислам діні, оның қазақ жерінде таралуы, діннің тәрбиелік және әлеуметтік мәні жөнінже жүйелі баяндайды.

Н. Келімбетовтың "Ежелгі дәуір әдебиеті" атты кітабында түркі тілдес халықтардың барлығына ортақ болған әдеби мұраларға жан-жақты талдау жасайды. Автор сондай-ақ көне түркі тілінде жазылған көркем шығармалардың өзіндік ерекшеліктері мен тәрбиелік және әлеуметтік мәні жүйелі түрде баяндайды.

1958 ж. жарық көрген "Архитектура Казахстана" атты еңбекте Қазақстан жерінде орын тепкен материалдық мәдениетіміздің ең ғажайып, әсем ғимараттары туралысөз болған.

К. Байкаповтың "Средневековая городная культура Южного Казахстана и Семиречья" атты монографиясында қазақ мәдениетінің кемелденген, гүлденген кезі, яғни орта ғасырлық Қазақстандағы мәдениет ескерткіштерін баян етеді.

Сонымен қатар, мерзімді баспасөз материалдары. "Ана тілі", "Азия", "Қазақстан мұғалімі", "Егемен Қазақстан", "Қазақ әдебиеті", "Халық кеңесі", "Қазақстан әйелдері", "Мәдениет" сияқты газет-журналдарда XV - XVІІ ғғ. Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетіне кең орын берілген. Өкініштісі жоғарыда аталған авторлардың еңбектері орыс тілінде жазылса да диплом жұмысына үлкен үлкен көмегін тигізді.

Қазақ тілінде басылған авторлардың да кітаптары бар. Мәселен, С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайыловтың "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" (орта мектептің VІІІ - ІX кластарға арналған оқу құралы), Алматы, "Рауан" 1994; Ө. Қалбаев "Алаңқай батыр", Алматы, "Жазушы" 1993; Ж. Дәуренбеков "Айтыңыз құтты болсын", Алматы, "Өнер", 1993; Махмұд Қашқари "Түбі бір түркі тілі", Алматы, "Ана тілі", 1993; М. Ахметова "Ән өнері және уақыт", Алматы, "Өнер", 1993; Н. Нұрмұхамедов "Ахмет Яссауи сәулет ғимараты", Алматы, "Өнер", 1988.

Авторлар өздерінің еңбектерінде өткен дәуірлерде болған қазақтың материалдық және рухани мәдениеті саласындағы мәселелерді архив материалдарына сүйене отырып жазғандығын және олардың қазіргі кезде жастарға тәлім-тәрбие берудегі алатын орнын өте бай мысалдармен дәлелдей көрсеткен.

Халқымызбен бірге жасасын, өрісін тауып, өркенін жайып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің түрі өте көп. Бұл жоралғылар халқымыздың қадір-қасиетін, рухани болмыс-бейнесін, таным-табиғатын, өмірлік тәлімін өнеге өрісін, тұрмыс-тіршілігін, сонымен қоса адамгершілік қасиеттерін танып білуге көп әсерін тигізеді. Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра қалдырып отыру, сол мәдени мұраның алымдарын жастардың бойына дарытып, жүрегіне ұялатып ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру аға буынның қоғамдық азаматтық борышы.

Әлеуметтік мұра неғұрлым бай болса, алуан түрлі арнасы болса, өткен мен бүгінгі мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым өміріміздің мән-мағынасы терең, идеалымыз айқын, тарихи үлгі-өнеге тұтар парасатты ой толғаныстары күшті қауым тәрбиелейміз.

Осы тұрғыда алып қарағанда, орта ғасыр дәуіріндегі көшпенді қазақ халқының мәдениетін, оның тарихын оқып үйрену қажетті мәселе болып табылады. Бұл жалпы қауымды толғандыратын өткір мәселе.

Сондықтан бұл мәселелер диплом жұмысымның тақырыбын таңдай алуға көмегін тигізді. Диплом жұмысының тақырыбы " XV - XVІІ ғғ. Қазақстан мәдениетін Қазақстан тарихы сабақтарында оқыту" деп аталады. Бұл тақырыпты әры қарай зерттеуіне "Қазақстан мәдениетінің тарихы" (көне заманнан осы күнге дейінгі) деп аталатын арнайы курс себеп болды. Арнайы курсты оқу барысында қазақ халқының өзіндік ұлт дәстүрі мен салт ертеден-ақ қалыптасқанын және олардың бәрі дерлік осы күнге дейін сақталғанын оқып біліп, оны танып білу мақсатында "ІX - XVІІ ғғ. Қазақстан мәдениеті" тақырыбына баяндама жасадым. Бұл тақырып курс жұмысының да тақырыбы болды.

Арыстан-баб, К. А. Яссауи, Бабаша-хатун, Айша бибі, Қарахан мавзолейлерінде болуым. Тақырып төңірегінде материал жинау мақсатымен халық аспаптар орталық музейде болдым. "Жаңғырған дәстүр - салтымыз бар" атты альбом-папка жасадым.

Материал жинау барысында көптеген материалдық және рухани жаңалықтарыд өзіме азық еттім.

Диплом жұмысының мақсаты

  1. XV - XVІІ ғғ. Қазақстан мәдениеті тақырыбына жазылған тарихшы ғалымдардың, ақын-жазушылардың баспа беттеріндегі материалдарды басшылыққа алу, соның негізінде материалдарды жинап-сұрыптау, оларға талдау жасау.
  2. Қазақстан тарихына арналып жазылған оқу бағдарламасына жалпы сипаттама беру.
  3. Тақырыпты оқулықтар мен бағдарламаның шеңберінде зерттеу, қосымша әдебиеттерден қажетті материалды сұрыптап алу.

Диплом жұмысының міндеттері

  1. Қазақстан тарихы сабақтарында (7-8 кластар) мәдениет тақырыбына байланысты өтілетін тақырыптарды талдай отырып, XV - XVІІ ғғ. материалдық және рухани мәдениетті оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау.
  2. Газет-журнал беттерінде қазақ халқының мәдениетіне байланысты жарық көрген методист, мұғалімдердің әдістерімен танысу.
  3. Көшпелі қазақ халқының орта ғасырлардағы мәдениетін сабақ барысында оқушыларды таныстыру, олардың қазақ халқының өткен дәуірдегі бай мұраларымен таныстыру, қызығушылығын дамыту, өз елін, халқын, оның мәдениетін, дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу, сүйіспеншілік сезімін ояту.

Диплом жұмысының ғылыми-зерттеу әдістері

1. Баспасөз беттерінде жарияланған тарихи шығармаларды жинақтау, қорытындылау, соның негізінде диплом жұмысын жазу.

"XV - XVІІ ғғ. Қазақстан тарихы сабақтарында Қазақстан мәдениетін оқыту мәселелері" атты диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиет тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. XV - XVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ

ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ

Сабақта (бұдан бесжүз мың жыл) немесе одан да бұрын салынған және сол бастапқы қалпын сақтап тұрған көптеген мәдени-тарихи ескерткіштер таныстырылады. Мұғалім оқушыларға ежелгі Қазақстандағы сәулет өнерінің тамаша үлгілері жөнінде мәліметтер береді.

Мұғалім кіріспе әңгімесінде сәулет өнері, яғни мавзолейлер, мазарлардың неліктен салынатындығы туралы қысқаша айтады. Мүмкін болса осы тарихи ескерткіштердің суретін іліп қойып, оның сыртқы көрінісін де, ішкі құрылысын да әсерлі етіп сипаттап, барынша суреттеп айтқан дұрыс.

Тарихи-мәдени ескерткіштер (сәулет өнері, мавзолейлер мен мазарлар) туралы мұғалім өзінің сөзін былай деп бастайды:

Кең байтақ өлкемізде ғасырлар бойы ұрпақ өрбіткен ата-бабаларымыздан қалған қай дүниені алсақ та, әр дәуірге тән өз ерекшелігімен көз жауын алатын бай қазына. Оның бірі халқымыздың көне тарихи-сәулет құрылысы өнерінің сүбелі дамуына үлес қосқандығын растайтын ықылым заманнан бізге жеткен көптеген ғимараттар дәлел. Осындай озық мәдениет үлгілерін меңгерумен бірге қазақ халқы ертеден келе жатқан дәстүр бойынша зираттардың басына сәулеттерді, биік күмбездер сияқты шоқтығы биік құрылыстар салуды жап-жақсы-ақ меңгерген. Негізгі құрылыс материалы - шикі кірпіш пен күйдірілген балшық.

Бұдан кейін мұғалім оқушылардың назарын мазарларға аударады. Осылардың түрлерін айтуға кіріседі.

Айша бибі мавзолейі (XІ - XІІ ғғ. ) өзінің ішкі әрлеуінің әсемдігімен және айрықша үйлесімімен көзге түседі. Мавзолейде қазақ халқының ежелден келе жатқан ою-өрнектерінің бәрі кездеседі. Мазар қатты қираған, тек батыс жақ қабырғасының бір бөлігі мен бұрыштағы бағана ғана сақталған. Бұл - шаршы түрінде жоспарланған, іргелігіндегі аумағы 7, 6х7, 6 м күмбезді мавзолей. Батыс беті күйдірілген өрнекті текшелермен безендірілген, оның іргетасын арқалыққа дейінгі төменгі бөлігі геометриялық ою-өрнегі бар шаршы қаптарлармен қапталған. Қабырғалардың үстінгі жағында ою-өрнек көп тимпан, ромба бітімдес әртүрлі ұсақ құймалармен, ал бағаналар геометриялық өсімдек ою-өрнегі бар шығыңқы және ойық формадағы қаптамалармен безендірілген. Қасбеттің ойығында сүйірленіп шығарылған биік маңдайшасы бар. Әсіресе, жоғарылаған сайын сәл жіңішкеретін өсімдік тектес ою-өрнекпен белдеуленген, төрттен үш қабырғадан ұмсындыра әсер қалдырады. Архитектуралық мазар конструкциялық тіректі бөліктерін анық көрсетіп, кеңістік композициясындағы еңсілікті айқындай білген.

Бабаша-хатун (XІ ғ. ) мазары монументалды діни архитектураның кемелденгенін көрсетеді. Бұл арасына лай балшық құйылып, күйдірілген шаршы кірпіштен қаланған, айқын білінген басты қақпасы жоқ, текше тәрізді мазар. Мазардың дәл өзіндей барабанға орнатылған он алты қырлы күмбез бар.

Батыс жақ қабырғасынан басқа қабырғаларының бәрі бірдей. Кіретін есігі Шығыста. Қабырғаларында екі-екіден арналы терезенің орны белгіленген. Олардың арасында терең қуыстар қалдырылған. Терезе орындарының үстінен іилдіре қаланған кірпіштермен медальон жасалған. Терезелер де, қуыстар мен медальондар да қабырғадан қырлары шығып қаланған кірпіштермен қоршалған. Текше бітімдес негіздің жоғарғы жиегі қабырғадан бұрыштары ұмсындырылып іркес-тіркес қаланған кірпіштер арқылы иір тіс болып шығарылған. Маңдай алды қабырғасы өзге қабырғаларынан сәл биік және маңдайшасына жазу жазылған. Бұл қабырғаның үсті бір-бірінен алшақтатылып қаланған кірпіштермен жиектелген. Архитектурасының өте-мөте қарапайымдығы, сырты өрнектелген, кірпіштерінің және басты қақпасының болмауы, кірпіштердің неше түрлі қиюластыру арқылы ғана әсемдеуі Бабаша-хатун мавзолейінің өзіндік ерекшелігі болавп табылады.

Тараз территориясында ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші - Қарахан мавзолейі. Мавзолей ХХ ғ. қайта құрылған. Текше тәріздес іргесі бар бұл ғимарат күмбезбен көмкерілген. Сыртқы қабырғалары кірпіштен қаланып, ол кереге, шаршы ромбик және шаршы бітімдестіріліп қиюластырылған, ал әшекейлі портал-босағасы П тәріздес келтіріліп, кірпіштен әріліп жиектемелер жасалған. Кірпіш жылтыр оюлы. Қалау мәнері "қосарлы" кірпіштер, порталдарды безендіруге үш ширек бағандарды пайдаланған.

Дәуітбек мазары өзінің композициялық құрылымы жағынан жаңа архитектуралық үлгіні аңғартады. Ошақтың төрт бұтыра ұқсас төрт алып пион бір-бірімен биік жебе арналар арқылы жалғасып, оның үстінен күмбез орнаған. Жел кернеген желкендей көкке көтерілген күмбез ескерткішіне әсем де жеңіл сипат береді.

Көккесене мавзолейі текше негізге сегіз қырлы, оның үстінен он алты қырлы қинаумен күмбез тұрғызған, оның сыртын бирюза түсті плитамен қаптаған әсем құрылыс болған. Көлемдік композициялық элементтердің ұтымдығы, әрі архитектуралық көркемдеу ісінің жоғары сапалы болуы жағынан Көккесене ХІІІ ғ. аяқ кезіндегі таңдаулы архитектуралық ескерткіш қатарына жатады.

Белгілі бір құрылыстың бірі - Аяққамыр мазары. Бұл ескерткіш портал-күмбезді құрылыстың толық қалыптасқан түрін сипаттайды. Сырт пішіні шаршылып келген қасбетінде шығыңқы орналасқан порталы бар. Портал ортасындағы жебе арқылы терең қуыс "П" тәрізді сай жолақпен қоршалған. Қоршаудың маңдай жағында шаршыланып келген 3 ұя, ал сырт жағындағы қос қапталында тік тартылған 4 жол жолақ бар. Бұл жолақтарға керамикалық плита орнаған. Қалған фасадтары дөдегесінен бастап күмбезімен қоса бүлінген. Еңселі портал, ішінера терракот жолақтар, интерьеріндегі босаға қуыстары мен портал арнасын сыла қалау әдісімен жабу - ХІІ ғ. аяқ кезіндегі сәулет өнеріне тән архитектуралық шешілімдері айқын сипаттайды.

Сырдарияның төменгі бойындағы Іңкәрдария алқабындағы Сырлытам мавзолейі терракот каптарлармен әшекейленген, биік порталдары бар әсем күмбезді ғимарат. Мавзолей үй қабырғаларының өлшемі 10 см шаршы бітімдес. Қабырғалары мен күмбезі күйдірілген кірпіштен қаланған. Кіре беріс қақпа үшкіл арнамен безендірілген, қабырғаларында әртүрлі ойықтар бар, құйма қыш сылықтарда жазу таңбалары қалған.

Арыстан баб сағанасының ортасы ұзынша дәлізбен бөленген 2 бөлмесі, оның төбесі 2 жерден күмбезделіп көтерілген. Сағана іргесінен төбесіне дейін күйген қышпен өрілген ғимараттың ортасында биік қақпа, 2 қанатында үш-үштен алты терезе бар. Екі босағасында биік-биік 2 бағана орнатылған. Онда намаз күні азан айтылатын болған. Екі бөлменің бірі - көрхана. Онда Арыстан баб әулие жерленген. Бағананың екінші бөлмесі - мешіт болған. Онда шәкірттерге дәріс берілген, намаз оқылған.

Жошы қан күмбезі шамамен ХІІІ ғ. салынған. Маңдай бетінің биіктігі сегіз, күмбезінің биіктігі 8 м. Бір бөлмелі, бұл мазар іргетассыз қаланған. Портал күмбезді, текше пішінді. Құрылыс материалына күйген кірпіш балшық, лай қолданылған қос күмбезді. Сыртқы конус формалы күмбез көп қырлы, ал ішкі конструкциялық күмбез 16 қырлы барабанға орнаған. Күмбез бедері қалақ кірпішпен әшекейленген.

Алаша-хан күмбезі өзінің архитектуралық көлемдік шешімімен ерекшеленеді. Астынғы текше негізге 16 қырлы аласа барабан, оның үстіне жұмыр күмбез орнаған. Порталының үстінгі жағы қираған. Арналы терең қуыстың қос босағасында шағын қырлы бағана, ал портал қапталдарында төрткүл сай жолақ қалдықтары сақталған. Алып портал, биік тұғыр, барабаннан жоғары кірпішті шығыңқы қалау тәсілімен күмбезді айналдыра тартқан бедер белдеу, әрі ескерткіштік биік жерге орналасуы оған қомақты сипат береді. Қабырғаларын әртүрлі кірпішпен қиюластырып қалау арқылы барлық беттері түкті кілемнің түріндей өрнектелген. Мұнда таңдай, қиықша, үшкіл, жұлдыз және т. б. өрнек түрлері қолданылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
X-XII ғасырлардағы Қазақстан халықтары мен тайпаларының мәдениеті
Ірі өлшемді керамикалық және декаративті бұйымдар
Ортағасырдағы сәулет өнері
Әрлеу материалдары
Қыш - құмыра кәсіпшілігі
Архитектура мен өнер
Сәндік қолданбалы өнердің түрлері
Айша бибі кесенесі және тарихи орындар
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сызбасы
Қолданбалы өнердің негізгі шикізаты - тері өнімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz